Қазақстан Республикасының
Заңы
Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы
(2014.03.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2014 жылғы 7 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы:
ҚР 2014 жылғы 3 шілдедегі № 227-V Заңын қараңыз (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
Осы заңның Конституцияға сәйкестігі туралы Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2009 жылғы 20 тамыздағы № 5 нормативтік қаулысын қараңыз
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Осы Заң қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздерін, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы қаржы мониторингі субъектілерінің, уәкілетті органның және Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарының құқықтық қатынастарын айқындайды.
1-тарау. Жалпы ережелер
2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен ; 2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) тармақша ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі
1) ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен күдiктi операция (бұдан әрi - күдiктi операция) - клиенттің операция жасау үшін пайдаланылатын ақша және (немесе) өзге мүлік қылмыстық әрекеттен түскен кіріс болып табылады деп не операцияның өзі қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) немесе терроризмді не өзге қылмыстық әрекетті қаржыландыруға бағытталған деп күдік туындататын операциясы (осындай операцияны жасауға ұмтылысты, жасалу процесіндегі операцияны немесе жасалған операцияны қоса алғанда);
2) ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен операциялар - олармен байланысты азаматтық құқықтарды және мiндеттердi белгiлеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған, оларды жүзеге асыру нысаны мен тәсiлiне қарамастан жеке және заңды тұлғалардың ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен әрекеттерi;
3) тармақша ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі
3) бенефициарлық меншік иесі - клиент-заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не орналастырылған акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) жиырма бес пайызынан астамы тікелей немесе жанама түрде тиесілі жеке тұлға, сол сияқты клиентті өзгеше бақылауды жүзеге асыратын не оның мүддесінде клиент ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жасайтын жеке тұлға;
4) клиент - қаржы мониторингі субъектісі көрсететін қызметтерді алатын жеке немесе заңды тұлға;
5) корреспонденттік қатынастар - банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың банктік қызмет көрсетуді жүзеге асыруға байланысты операциялар жасау мақсатында басқа банктерге корреспонденттік шоттарды ашуы кезінде туындайтын шарттық қатынастар;
6) қалқа-банк - банктің тіркелген мемлекетте (аумақта) шоғырландырылған қадағалауға жататын банктік холдингтің тікелей немесе жанама иелігінде болуын қоспағанда, банк ретінде тіркелген және (немесе) банктік қызметті жүзеге асыруға лицензия алған мемлекетте (аумақта) іс жүзіндегі қатысуы жоқ резидент емес банк;
7) қаржы мониторингі - осы Заңға сәйкес уәкілетті орган және қаржы мониторингі субъектісі жүзеге асыратын, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты жинау, өңдеу, талдау және пайдалану жөніндегі шаралар жиынтығы;
8) қаржы мониторингiне жататын операциялар - осы Заңға сәйкес оларға қатысты қаржы мониторингі белгіленген ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен операциялар;
9) қылмыстық жолмен алынған ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыру - ақшаны заңдастыруға (жылыстатуға) бағытталған жалған мәмiле жасау кезiнде құжаттарды пайдалану арқылы қолма-қол ақшаны алу мақсатында жеке немесе заңды тұлғалар жасайтын әрекеттер;
10) қылмыстық жолмен алынған кірістер - қылмыс жасау нәтижесінде алынған ақша және (немесе) өзге мүлік;
11) қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыру (жылыстату) - қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлiктi мәмiлелер жасау арқылы заңды айналымға тарту, сол сияқты көрсетiлген ақшаны және (немесе) өзге мүлiктi пайдалану;
12) тармақшаға өзгерістерді қараңыз - 2014.03.11. № 244-V ҚР Заңы (2015 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
12) терроризмдi (террористiк әрекетті) қаржыландыру - террористiк әрекетті жүзеге асыру үшiн террористерге және (немесе) террористiк ұйымдарға ақша және (немесе) өзге мүлiк беру немесе жинау не қаржылық қызметтер көрсету;
13) уәкiлеттi орган - осы Заңға сәйкес қаржы мониторингiн жүзеге асыратын және қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл жөнiндегi өзге де шараларды қолданатын мемлекеттiк орган;
14) шетелдiк жария лауазымды адам - шет мемлекеттiң заң шығарушы, атқарушы, әкiмшiлiк немесе сот органына тағайындалатын немесе сайланатын, онда қандай да бiр лауазымды атқаратын адам, сондай-ақ шет мемлекет үшiн қандай да бiр жария функцияны орындайтын кез келген адам;
15) шет мемлекеттің құзыретті органы - шет мемлекеттің өз заңнамасына сәйкес қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимылды жүзеге асыратын органы;
16) іс жүзіндегі қатысуы - банктің басқару органдары мен персоналы бар, банктік қызметке қатысты құжаттарды есепке алу және сақтау жүргізілетін және резидент емес банкке банктік қызметті жүзеге асыруға лицензия берген уәкілетті органның тексерулері жүргізілетін, тұрақты мекенжай бойынша (пошта жәшігінің мекенжайынан немесе электрондық мекенжайдан басқа) орналасқан, банк қызметін жүргізу орны;
17) іскерлік қатынастар - қаржы мониторингі субъектісінің кәсіптік қызметті жүзеге асыруы процесінде туындайтын клиенттермен қатынастар.
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 2-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
2-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 2-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
2-тарау. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың алдын алу
3-бапқа өзгерістерді қара - 2014.10.06. № 206-V ҚР Заңы (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі)
3-бап. Қаржы мониторингінің субъектілері
1. Осы заңның мақсаттары үшін қаржы мониторингінің субъектілеріне:
1) банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар;
2) биржалар;
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері;
2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары;
5) бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары, орталық депозитарий;
6) ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен нотариаттық іс-қимылды жүзеге асыратын нотариустар;
2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7) адвокаттар, заң мәселелері бойынша басқа да тәуелсіз мамандар мынадай қызметтерге:
жылжымайтын мүлiктi сатып алуға-сатуға;
клиенттің ақшасын, бағалы қағаздарын немесе өзге мүлкін басқаруға;
банктік шоттарды немесе бағалы қағаздар шоттарын басқаруға;
компанияны құру, қамтамасыз ету, оның жұмыс істеуі немесе оны басқару үшін қаражат жинақтауға;
заңды тұлғаларды құруға, сатып алуға-сатуға, олардың жұмыс істеуіне немесе оларды басқаруға қатысты олар клиенттің атынан немесе оның тапсырмасы бойынша ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларға қатысатын кездегі жағдайларда;
8) аудиторлық ұйымдар;
9) ойын бизнесі мен лотереяларды ұйымдастырушылар;
10) ақша аударымы қызметін көрсететін почта операторлары жатады.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары қаржы мониторингінің субъектілері болып табылмайды.
4-бапқа өзгерістерді қара - 2014.10.06. № 206-V ҚР Заңы (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі)
4-бап. Қаржы мониторингіне жататын, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасалатын операциялар
2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы баптың 2-тармағының 6), 7), 9), 11) және 18) тармақшаларында көзделген операцияларды қоспағанда, егер өзінің сипаты бойынша ол осы баптың 2-тармағында көзделген операциялардың бір түріне жататын болса және қолма-қол нысанда жасалса, ал оның сомасы:
осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген операция үшін - 1 000 000 теңге сомасына тең немесе одан көп не шетел валютасымен баламасы 1 000 000 теңге сомасына тең немесе одан көп болса;
осы баптың 2-тармағының 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген операциялар үшін - 2 000 000 теңге сомасына тең немесе одан көп не шетел валютасымен баламасы 2 000 000 теңге сомасына тең немесе одан көп болса;
осы баптың 2-тармағының 9) тармақшасында көрсетiлген операция үшiн - 6 000 000 теңге сомасына тең немесе одан көп не шетел валютасымен баламасы 6 000 000 теңге сомасына тең немесе одан көп болса;
осы баптың 2-тармағының 2), 3), 5), 11) - 14), 16) және 17) тармақшаларында көрсетілген операциялар үшін -7 000 000 теңге сомасына тең немесе одан көп не шетел валютасымен баламасы 7 000 000 теңге сомасына тең немесе одан көп болса;
осы баптың 2-тармағының 10) және 15) тармақшаларында көрсетiлген операциялар үшiн - 30 000 000 теңге сомасына тең немесе одан көп не шетел валютасымен баламасы 30 000 000 теңге сомасына тең немесе одан көп болса;
осы баптың 2-тармағының 18) тармақшасында көрсетiлген операция үшiн - 150 000 000 теңге сомасына тең немесе одан көп не шетел валютасымен баламасы 150 000 000 теңге сомасына тең немесе одан көп болса;
осы баптың 2-тармағының 19) тармақшасында көрсетiлген операция үшін - 45 000 000 теңге сомасына тең немесе одан көп не шетел валютасымен баламасы 45 000 000 теңге сомасына тең немесе одан көп болса, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операция қаржы мониторингіне жатады;
Егер ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасалатын операция шетел валютасымен жүзеге асырылатын болса, теңгеге балама сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған, осындай операция жасалған күнгі валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша есептеледі.
2. Қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларға:
2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) бәс тiгу, ойын мекемелерiндегi құмар ойындар мен лотерея өткiзу нәтижелерi бойынша ұтысты алу, оның iшiнде электрондық нысанда алу;
2) қолма-қол шетел валютасын айырбастау пункттері арқылы сатып алу, сату және айырбастау;
3) біржолғы операция ретінде чек немесе вексель бойынша ақша алу, сонымен бірге қатарынан күнтізбелік жеті күн ішінде жүзеге асырылатын операция;
4) 2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) біржолғы операция ретінде ақшаны клиенттің банктік есепшотынан алу немесе банктік есепшотына салу, сонымен бірге қатарынан күнтізбелік жеті күн ішінде жүзеге асырылатын операция;
6) біржолғы операция ретінде оффшорлық аймақта тиісінше тіркелген, тұрғылықты жері немесе орналасқан жері бар, сондай-ақ оффшорлық аймақта тіркелген банкте есепшоты бар жеке немесе заңды тұлғаның ақшаны клиенттің банктік есепшотына есептеуді немесе аударуды жүзеге асыруы не көрсетілген санаттағы тұлғалардың пайдасына клиенттің ақшаны аударуы, сонымен бірге қатарынан күнтізбелік жеті күн ішінде жүзеге асырылатын операция;
7) біржолғы операция ретінде жасырын иеленушіге арнап ашылған шетелдегі есепшоттарға (салымдарға) ақшаны аудару, жасырын иеленушіге арнап ашылған шетелдегі есепшоттан (салымнан) ақшаның түсуі, сонымен бірге қатарынан күнтізбелік жеті күн ішінде жүзеге асырылатын операция;
8) 2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) өтеусіз негізде басқа тұлғаның пайдасына клиент жүзеге асыратын төлемдер мен ақша аударымдары;
10) мәдени құндылықтарды сатып алу (сату), Қазақстан Республикасына әкелу не Қазақстан Республикасынан әкету;
11) мемлекеттік тіркеу сәтінен бастап үш айдан аз уақыт өткен заңды тұлғалардың жасаған операциялары;
2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, банктері мен Ұлттық почта операторы жүзеге асыратын әкелуді немесе әкетуді қоспағанда, қолма-қол валютаны, талап етушіге арналған құжаттандырылған бағалы қағаздарды, вексельдерді, чектерді Қазақстан Республикасына әкелу не Қазақстан Республикасынан әкету;
13) сақтандыру төлемін жүзеге асыру немесе сақтандыру сыйлық ақысын алу;
2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
14) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына ерікті зейнетақы жарналарын енгізу, аудару, сондай-ақ ерікті зейнетақы жарналары есебінен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру;
15) қаржы лизингінің шарты бойынша мүлікті алу немесе ұсыну;
2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен 16) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
16) қызмет көрсету, оның ішінде сейф ұяшықтарын мүліктік жалдау (жалға алу) бойынша сейф қызметтерін көрсетуді қоспағанда, мердігерлік, тасымалдау, көлік экспедициясы, сақтау, комиссиялар, мүлікті сенімгерлік басқару жөніндегі мәмілелер;
17) қымбат металдарды, асыл тастарды және олардан жасалған бұйымдарды сатып алу - сату және олармен өзге де операцияларды жүргізу;
18) міндетті мемлекеттік тіркеуге жататын жылжымайтын және өзге де мүлікпен жасалатын мәмілелер;
19) бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелер жатады.
3. Күдікті операциялар, олардың жасалған немесе жасалуы мүмкін сомасына қарамастан, қаржы мониторингіне жатады.
4. Күдікті операцияны айқындау критерийлері:
1) айқын экономикалық мәні жоқ мәміле жасау;
2) осы Заңда көзделген қаржы мониторингі рәсімдерінен жалтаруға бағытталған іс-қимыл жасау;
2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) осы операция терроризмді және (немесе) экстремизмді қаржыландыруға бағытталған деп жорамалдауға негіздер бар операция жасау;
2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
4) заңсыз жолмен алынған ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыруға бағытталған деп жорамалдауға негіздер бар операция жасау;
2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
5) резиденттің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, қорғалатын ақпаратты, зияткерлік қызмет нәтижелеріне айрықша құқықтарды, мүліктік жалдауға (жалға) берілген мүлікті) импорттауын (экспорттауын) көздейтін шарт бойынша тарап болып табылмайтын резидент емес ақшаны не тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, қорғалатын ақпаратты, зияткерлік қызмет нәтижелеріне айрықша құқықтарды, мүліктік жалдауға (жалға) берілген мүлікті) алушы болып табылатын операция;
2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
6) тараптарының бірі терроризмдi және экстремизмдi қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен адамдардың тiзбесiне енгізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар` болып табылатын операция болып табылады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі күдікті операцияны айқындау критерийлерінің белгілерін бекітеді.
5-бапқа өзгерістерді қара - 2014.10.06. № 206-V ҚР Заңы (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі)
5-бап. Қаржы мониторингі субъектілерінің клиенттерін тиісінше тексеруі
1. Қаржы мониторингінің субъектілері заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз клиенттерін тиісінше тексеру жөнінде шаралар қабылдауға тиіс.
2. Қаржы мониторингінің субъектілері мынадай:
1) клиентпен іскерлік қатынастар орнатылған;
2) қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жүзеге асырылған;
3) жеке және заңды тұлға туралы бұрын алынған деректердің шынайылығына күдік туғызған негіздер болған жағдайларда клиенттерін тиісінше тексеруді жүзеге асырады.
3. Қаржы мониторингі субъектілерінің өз клиенттерін тиісінше тексеруі мынадай шараларды жүзеге асыруды қамтиды:
2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операция жасайтын жеке тұлғаны сәйкестендіруге қажетті мәліметтерді: жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, салық төлеушінің тіркеу нөмірін, жеке сәйкестендіру нөмірін (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес клиентке салық төлеушінің тіркеу нөмірі, жеке сәйкестендіру нөмірі берілмеген жағдайларды қоспағанда), сондай-ақ заңды мекенжайын тіркеу;
2) ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операция жасайтын заңды тұлғаны сәйкестендіруге қажетті мәліметтерді: құрылтай құжатының деректерін, салық төлеушінің тіркеу нөмірін, бизнес-сәйкестендіру нөмірін (клиентке Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық төлеушінің тіркеу нөмірі, бизнес-сәйкестендіру нөмірі берілмеген жағдайларды қоспағанда), сондай-ақ тұрғылықты жерінің мекен-жайын тіркеу;
3) ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операция бойынша алушыны және оның өкілін сәйкестендіруге қажетті мәліметтерді, оның ішінде салық төлеушінің тіркеу нөмірін, алушының және оның өкілінің жеке сәйкестендіру нөмірін (ол бар болса) тіркеу, сондай-ақ алушының немесе өкілінің қойылған қолдарының (бар болса) салыстырылып тексерілгені туралы белгі қою;
4) іскерлік қатынастардың болжамды мақсаты мен сипатын анықтау;
5) қаржы мониторингінің аталған субъектісі арқылы клиент жүзеге асыратын іскерлік қатынастарды тексеруді және операцияларды зерделеуді тұрақты негізде жүргізу.
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды
3-1. Осы бапта көзделген шаралар мынадай жағдайларда:
1) электрондық ақшаны сәйкестендірілмеген иеленушілер-жеке тұлғалар «Ақша төлемі мен аударымы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2-бабының 4-тармағында көзделген сомадан аспайтын электрондық ақшаны сатып алу және пайдалану бойынша операцияларды жүзеге асырған кезде;
2) клиент-жеке тұлға қолма-қол ақшаны қабылдауға арналған жабдық (құрылғы) арқылы жеке тұлғаның банк шотына ақша салу бойынша операцияларды жүзеге асырған кезде, егер мұндай операцияның сомасы 500 000 теңгеден не 500 000 теңгеге балама шетел валютасындағы сомадан аспаса;
3) клиенттің күдікті операция жасау жағдайларын қоспағанда, клиент банк шотын пайдаланбай қолма-қол ақшасыз ақша төлемін немесе аударымын жүзеге асырған кезде, егер мұндай ақша төлемінің немесе аударымының сомасы 2 000 000 теңгеден не 2 000 000 теңгеге балама шетел валютасындағы сомадан аспаса;
4) клиенттің күдікті операция жасау жағдайларын қоспағанда, клиент-жеке тұлға айырбастау пунктінде қолма-қол шетел валютасын сатып алу, сату немесе айырбастау бойынша операцияны жүзеге асырған кезде, егер мұндай операцияның сомасы 2 000 000 теңгеден не 2 000 000 теңгеге балама шетел валютасындағы сомадан аспаса;
5) клиент-жеке тұлға осындай клиенттің банк шотына қол жеткізу құралы болып табылмайтын төлем карточкасын пайдалана отырып, операцияны жүзеге асырған кезде, егер мұндай операцияның сомасы 200 000 теңгеден не 200 000 теңгеге балама шетел валютасындағы сомадан аспаса, қолданылмайды.
4. Қаржы мониторингі субъектілерінің өз клиенттерін тиісінше тексеруі ішкі бақылау ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 6-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
6-бап. Клиентпен іскерлік қатынастар орнатқан жағдайда қаржы мониторингі субъектілерінің клиенттерді тиісінше тексеруі
Қаржы мониторингі субъектілері, осы Заңның 5-бабының 3-1-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, осы Заңның 5-бабы 3-тармағының 1) - 4) тармақшаларында көзделген шараларды клиенттермен іскерлік қатынастар орнатқанға дейін қолданады.
7-бапқа өзгерістерді қара - 2014.10.06. № 206-V ҚР Заңы (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі)
7-бап. Қаржы мониторингі субъектілерінің клиенттерді қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды жүзеге асыруы кезінде тиісінше тексеруі
1. Қаржы мониторингі субъектілері осы Заңның 4-бабына сәйкес қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды жүргізгенге дейін осы Заңның 5-бабы 3-тармағының 1) - 4) тармақшаларында көзделген шараларды қабылдайды.
2. Осы Заңның 5-бабы 3-тармағының 1) - 4) тармақшаларында көзделген шараларды қабылдау мүмкін болмаған жағдайда, қаржы мониторингі субъектілері клиенттермен іскерлік қатынастар орнатпайды және операциялар жүргізілмейді.
8-бап. Қаржы мониторингі субъектілерінің шетелдік жария лауазымды адамдарды тиісінше тексеруі
Қаржы мониторингі субъектілері осы Заңның 5-бабының 3-тармағында көзделген шаралардан басқа, шетелдік жария лауазымды адамдарға қатысты қосымша:
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) клиенттiң шетелдiк жария лауазымды адамға, оның отбасы мүшелеріне және жақын туыстарына жататынын және (немесе) қатыстылығын тексерудi жүзеге асыруға;
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру жағдайларына осы шетелдік жария лауазымды адамның қатыстылығына байланысты оның беделін бағалауды жүзеге асыруға;
3) осындай клиенттермен іскерлік қатынастар орнатуға, оларды одан әрі жалғастыруға ұйымның басшы қызметкерінің рұқсатын алуға;
4) қаражат көздерін анықтау үшін қолжетімді шараларды қабылдауға міндетті.
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9-бап. Шетелдік қаржы ұйымдарымен корреспонденттік қатынастар орнатылған кезде тиісінше тексеру
Осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қаржы мониторингі субъектілері осы Заңның 5-бабының 3-тармағында көзделген шаралардан басқа, шетелдік қаржы ұйымдарымен корреспонденттік қатынастар орнатылған кезде қосымша мыналарды:
1) респондент-шетелдік қаржы ұйымының беделі және қызметінің сипаты туралы, оның ішінде оны тіркеген елдің қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнамасын бұзғаны үшін оған санкция қолданылғаны туралы мәліметтер жинауды жүзеге асыруға және оларды құжаттық тiркеуге;
2) респондент-шетелдік қаржы ұйымы оны тіркеген елдің қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнамасына сәйкес қолданатын ішкі бақылау шаралары туралы ақпаратты құжаттық тіркеуге, сондай-ақ қолданылатын ішкі бақылау шараларының тиімділігін бағалауды жүзеге асыруға;
3) қалқа-банктермен корреспонденттік қатынастар орнатпауға және оларды сақтамауға;
4) респондент-шетелдік қаржы ұйымы өз шоттарын қалқа-банктердің пайдалануына рұқсат етпейтініне көз жеткізуге;