Қазақстан Республикасының
Заңы
Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы
(2015.16.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2015 жылғы 2 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі)
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
Осы заңның Конституцияға сәйкестігі туралы Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2009 жылғы 20 тамыздағы № 5 нормативтік қаулысын қараңыз
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Осы Заң қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздерін, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы қаржы мониторингі субъектілерінің, уәкілетті органның және Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарының құқықтық қатынастарын айқындайды.
1-тарау. Жалпы ережелер
2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен ; 2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) тармақша ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді
1) ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен күдiктi операция (бұдан әрi - күдiктi операция) - клиенттің операция жасау үшін пайдаланылатын ақша және (немесе) өзге мүлік қылмыстық әрекеттен түскен кіріс болып табылады деп не операцияның өзі қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) немесе терроризмді не өзге қылмыстық әрекетті қаржыландыруға бағытталған деп күдік туындататын операциясы (осындай операцияны жасауға ұмтылысты, жасалу процесіндегі операцияны немесе жасалған операцияны қоса алғанда);
2) ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен операциялар - олармен байланысты азаматтық құқықтарды және мiндеттердi белгiлеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған, оларды жүзеге асыру нысаны мен тәсiлiне қарамастан жеке және заңды тұлғалардың ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен әрекеттерi;
3) тармақша ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді
3) бенефициарлық меншік иесі - клиент-заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не орналастырылған акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) жиырма бес пайызынан астамы тікелей немесе жанама түрде тиесілі жеке тұлға, сол сияқты клиентті өзгеше бақылауды жүзеге асыратын не оның мүддесінде клиент ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жасайтын жеке тұлға;
4) клиент - қаржы мониторингі субъектісі көрсететін қызметтерді алатын жеке немесе заңды тұлға;
5) корреспонденттік қатынастар - банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың банктік қызмет көрсетуді жүзеге асыруға байланысты операциялар жасау мақсатында басқа банктерге корреспонденттік шоттарды ашуы кезінде туындайтын шарттық қатынастар;
6) қалқа-банк - банктің тіркелген мемлекетте (аумақта) шоғырландырылған қадағалауға жататын банктік холдингтің тікелей немесе жанама иелігінде болуын қоспағанда, банк ретінде тіркелген және (немесе) банктік қызметті жүзеге асыруға лицензия алған мемлекетте (аумақта) іс жүзіндегі қатысуы жоқ резидент емес банк;
7) қаржы мониторингі - осы Заңға сәйкес уәкілетті орган және қаржы мониторингі субъектісі жүзеге асыратын, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты жинау, өңдеу, талдау және пайдалану жөніндегі шаралар жиынтығы;
8) қаржы мониторингiне жататын операциялар - осы Заңға сәйкес оларға қатысты қаржы мониторингі белгіленген ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен операциялар;
9) қылмыстық жолмен алынған ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыру - ақшаны заңдастыруға (жылыстатуға) бағытталған жалған мәмiле жасау кезiнде құжаттарды пайдалану арқылы қолма-қол ақшаны алу мақсатында жеке немесе заңды тұлғалар жасайтын әрекеттер;
2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 10) тармақша жаңа редакцияда
10) қылмыстық жолмен алынған кірістер - қылмыстық құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған ақша және (немесе) өзге мүлік;
2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11) қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыру (жылыстату) - қылмыстық құқық бұзушылықтардан түскен табыстар болып табылатын мүлікті конверсиялау немесе ауыстыру түрінде мәмiлелер жасау арқылы қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлiктi заңды айналымға тарту, егер мұндай мүліктің қылмыстық құқық бұзушылықтардан түскен табыстар болып табылатыны белгілі болса, оның шынайы сипатын, көзін, орналасқан жерін, оған билік ету, оны ауыстыру тәсілін, мүлікке құқықтарды немесе оның тиесілігін жасыру немесе жасырып қалу, сол сияқты осы мүлікті иелену және пайдалану немесе қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлiктi заңдастыруға делдалдық ету;
2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды
11-1) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясат - қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін төмендетуге бағытталған құқықтық, әкімшілік және ұйымдастырушылық шаралар және осы Заңға сәйкес өзге де шаралар;
2014.03.11. № 244-V ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.16.11. № 403-V ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
12) терроризмді қаржыландыру - жеке тұлғаның не адамдар тобының не заңды тұлғаның іс-әрекетінің террористік сипатын не берілген мүліктің, көрсетілген ақпараттық, қаржылық және өзге де қызмет түрлерінің террористік іс-әрекетті жүзеге асыру не террористік топты, террористік ұйымды, заңсыз әскерилендірілген құралымды қамтамасыз ету үшін пайдаланылатынын көрінеу ұғынып жасаған адамның оларға ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті, мүлікке құқықты немесе мүліктік сипаттағы пайданы беруі немесе жинауы, сондай-ақ сыйға тартуы, айырбастауы, қайырмалдық жасауы, қайырымдылық көмегі, ақпараттық және өзге де қызмет түрлерін көрсетуі не қаржылық қызметтер көрсетуі;
13) уәкiлеттi орган - осы Заңға сәйкес қаржы мониторингiн жүзеге асыратын және қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл жөнiндегi өзге де шараларды қолданатын мемлекеттiк орган;
2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
14) шетелдiк жария лауазымды адам - шет мемлекеттiң заң шығарушы, атқарушы, әкiмшiлiк, сот органына немесе қарулы күштеріне тағайындалатын немесе сайланатын, онда қандай да бiр лауазымды атқаратын адам;
шет мемлекет үшiн қандай да бiр жария функцияны орындайтын кез келген адам;
халықаралық шарттар мәртебесі бар келісімдер негізінде елдер құратын ұйымдарда басшы лауазым атқаратын адам;
15) шет мемлекеттің құзыретті органы - шет мемлекеттің өз заңнамасына сәйкес қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимылды жүзеге асыратын органы;
16) іс жүзіндегі қатысуы - банктің басқару органдары мен персоналы бар, банктік қызметке қатысты құжаттарды есепке алу және сақтау жүргізілетін және резидент емес банкке банктік қызметті жүзеге асыруға лицензия берген уәкілетті органның тексерулері жүргізілетін, тұрақты мекенжай бойынша (пошта жәшігінің мекенжайынан немесе электрондық мекенжайдан басқа) орналасқан, банк қызметін жүргізу орны;
17) іскерлік қатынастар - қаржы мониторингі субъектісінің кәсіптік қызметті жүзеге асыруы процесінде туындайтын клиенттермен қатынастар.
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 2-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
2-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 2-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
2-тарау. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың алдын алу
3-бап. Қаржы мониторингінің субъектілері
1. Осы заңның мақсаттары үшін қаржы мониторингінің субъектілеріне:
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) банкаралық ақша аудару жүйесінің операторын қоспағанда, банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар;
2) биржалар;
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері;
2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары;
5) бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары, орталық депозитарий;
6) ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен нотариаттық іс-қимылды жүзеге асыратын нотариустар;
2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7) адвокаттар, заң мәселелері бойынша басқа да тәуелсіз мамандар мынадай қызметтерге:
жылжымайтын мүлiктi сатып алуға-сатуға;
клиенттің ақшасын, бағалы қағаздарын немесе өзге мүлкін басқаруға;
банктік шоттарды немесе бағалы қағаздар шоттарын басқаруға;
компанияны құру, қамтамасыз ету, оның жұмыс істеуі немесе оны басқару үшін қаражат жинақтауға;
заңды тұлғаларды құруға, сатып алуға-сатуға, олардың жұмыс істеуіне немесе оларды басқаруға қатысты олар клиенттің атынан немесе оның тапсырмасы бойынша ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларға қатысатын кездегі жағдайларда;
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8) бухгалтерлік есеп саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын бухгалтерлiк ұйымдар мен кәсiби бухгалтерлер, аудиторлық ұйымдар;
9) ойын бизнесі мен лотереяларды ұйымдастырушылар;
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
10) ақша аударымы қызметін көрсететін пошта операторлары;
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 11) және 12) тармақшалармен толықтырылды
11) микроқаржы ұйымдары;
12) банктер болып табылмайтын электрондық ақша жүйелерінің операторлары жатады.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары қаржы мониторингінің субъектілері болып табылмайды.
4-бап. Қаржы мониторингіне жататын, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасалатын операциялар
2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы баптың 2-тармағының 6), 7), 9), 11) және 18) тармақшаларында көзделген операцияларды қоспағанда, егер өзінің сипаты бойынша ол осы баптың 2-тармағында көзделген операциялардың бір түріне жататын болса және қолма-қол нысанда жасалса, ал оның сомасы:
осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген операция үшін - 1 000 000 теңге сомасына тең немесе одан көп не шетел валютасымен баламасы 1 000 000 теңге сомасына тең немесе одан көп болса;
осы баптың 2-тармағының 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген операциялар үшін - 2 000 000 теңге сомасына тең немесе одан көп не шетел валютасымен баламасы 2 000 000 теңге сомасына тең немесе одан көп болса;
осы баптың 2-тармағының 9) тармақшасында көрсетiлген операция үшiн - 6 000 000 теңге сомасына тең немесе одан көп не шетел валютасымен баламасы 6 000 000 теңге сомасына тең немесе одан көп болса;
осы баптың 2-тармағының 2), 3), 5), 11) - 14), 16) және 17) тармақшаларында көрсетілген операциялар үшін -7 000 000 теңге сомасына тең немесе одан көп не шетел валютасымен баламасы 7 000 000 теңге сомасына тең немесе одан көп болса;
осы баптың 2-тармағының 10) және 15) тармақшаларында көрсетiлген операциялар үшiн - 30 000 000 теңге сомасына тең немесе одан көп не шетел валютасымен баламасы 30 000 000 теңге сомасына тең немесе одан көп болса;
осы баптың 2-тармағының 18) тармақшасында көрсетiлген операция үшiн - 150 000 000 теңге сомасына тең немесе одан көп не шетел валютасымен баламасы 150 000 000 теңге сомасына тең немесе одан көп болса;
осы баптың 2-тармағының 19) тармақшасында көрсетiлген операция үшін - 45 000 000 теңге сомасына тең немесе одан көп не шетел валютасымен баламасы 45 000 000 теңге сомасына тең немесе одан көп болса, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операция қаржы мониторингіне жатады;
Егер ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасалатын операция шетел валютасымен жүзеге асырылатын болса, теңгеге балама сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған, осындай операция жасалған күнгі валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша есептеледі.
2. Қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларға:
2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) бәс тiгу, ойын мекемелерiндегi құмар ойындар мен лотерея өткiзу нәтижелерi бойынша ұтысты алу, оның iшiнде электрондық нысанда алу;
2) қолма-қол шетел валютасын айырбастау пункттері арқылы сатып алу, сату және айырбастау;
3) біржолғы операция ретінде чек немесе вексель бойынша ақша алу, сонымен бірге қатарынан күнтізбелік жеті күн ішінде жүзеге асырылатын операция;
4) 2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) біржолғы операция ретінде ақшаны клиенттің банктік есепшотынан алу немесе банктік есепшотына салу, сонымен бірге қатарынан күнтізбелік жеті күн ішінде жүзеге асырылатын операция;
6) біржолғы операция ретінде оффшорлық аймақта тиісінше тіркелген, тұрғылықты жері немесе орналасқан жері бар, сондай-ақ оффшорлық аймақта тіркелген банкте есепшоты бар жеке немесе заңды тұлғаның ақшаны клиенттің банктік есепшотына есептеуді немесе аударуды жүзеге асыруы не көрсетілген санаттағы тұлғалардың пайдасына клиенттің ақшаны аударуы, сонымен бірге қатарынан күнтізбелік жеті күн ішінде жүзеге асырылатын операция;
7) біржолғы операция ретінде жасырын иеленушіге арнап ашылған шетелдегі есепшоттарға (салымдарға) ақшаны аудару, жасырын иеленушіге арнап ашылған шетелдегі есепшоттан (салымнан) ақшаның түсуі, сонымен бірге қатарынан күнтізбелік жеті күн ішінде жүзеге асырылатын операция;
8) 2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) өтеусіз негізде басқа тұлғаның пайдасына клиент жүзеге асыратын төлемдер мен ақша аударымдары;
10) мәдени құндылықтарды сатып алу (сату), Қазақстан Республикасына әкелу не Қазақстан Республикасынан әкету;
11) мемлекеттік тіркеу сәтінен бастап үш айдан аз уақыт өткен заңды тұлғалардың жасаған операциялары;
2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, банктері мен Ұлттық почта операторы жүзеге асыратын әкелуді немесе әкетуді қоспағанда, қолма-қол валютаны, талап етушіге арналған құжаттандырылған бағалы қағаздарды, вексельдерді, чектерді Қазақстан Республикасына әкелу не Қазақстан Республикасынан әкету;
13) сақтандыру төлемін жүзеге асыру немесе сақтандыру сыйлық ақысын алу;
2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
14) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына ерікті зейнетақы жарналарын енгізу, аудару, сондай-ақ ерікті зейнетақы жарналары есебінен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру;
15) қаржы лизингінің шарты бойынша мүлікті алу немесе ұсыну;
2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен 16) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
16) қызмет көрсету, оның ішінде сейф ұяшықтарын мүліктік жалдау (жалға алу) бойынша сейф қызметтерін көрсетуді қоспағанда, мердігерлік, тасымалдау, көлік экспедициясы, сақтау, комиссиялар, мүлікті сенімгерлік басқару жөніндегі мәмілелер;
17) қымбат металдарды, асыл тастарды және олардан жасалған бұйымдарды сатып алу - сату және олармен өзге де операцияларды жүргізу;
18) міндетті мемлекеттік тіркеуге жататын жылжымайтын және өзге де мүлікпен жасалатын мәмілелер;
19) бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелер жатады.
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Күдікті операциялар, олардың жүзеге асырылу нысандарына және олардың жасалған не жасала алатын немесе жасалуы мүмкін болған сомасына қарамастан, қаржы мониторингіне жатады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі күдікті операцияны айқындау белгілерін бекітеді.
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Осы Заңның 5-бабына сәйкес қаржы мониторингі субъектісінің клиент жасайтын операцияларды зерделеуі және осындай зерделеу нәтижелерін тіркеуі үшін:
1) клиенттің ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен күрделі, ерекше ірі не айқын экономикалық мәні немесе анық қойылған заңды мақсаты жоқ операцияны жасауы;
2) клиенттің осы Заңда көзделген, тиісінше тексеруден және (немесе) қаржы мониторингiнен жалтаруға бағытталған әрекеттер жасауы;
3) клиенттің қылмыстық жолмен алынған ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыруға бағытталған деп жорамалдауға негiз болатын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операция жасауы;
2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен қатысушысы Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын және (немесе) жеткілікті түрде орындамайтын мемлекетте (аумақта) тіркелген (тұратын) тұлға болып табылатын операциялар жасау, сол сияқты осындай мемлекетте (аумақта) тіркелген банктегі шотты пайдалана отырып операциялар жасау міндетті негіздер болып табылады.
Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын және (немесе) жеткілікті түрде орындамайтын мемлекеттердің (аумақтардың) тізбесін уәкілетті орган Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобы (ФАТФ) басып шығаратын құжаттарды ескере отырып жасайды, тізбе уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады.
5-бап. Қаржы мониторингі субъектілерінің клиенттерін тиісінше тексеруі
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қаржы мониторингi субъектiлерi Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес өз клиенттерiн (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиiсiнше тексеру жөнiнде шаралар қолдануға тиiс.
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Қаржы мониторингi субъектiлерi мынадай:
1) клиентпен iскерлiк қатынастар орнатылған;
2) қаржы мониторингiне жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен операциялар, оның ішінде күдікті операциялар жүзеге асырылған;
3) клиент (олардың өкілдері), бенефициарлық меншік иесі туралы бұрын алынған деректердiң анықтығына күмән туғызған негiздер болған жағдайларда клиенттерiн (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиiсiнше тексерудi жүзеге асырады.
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Қаржы мониторингі субъектілерінің өз клиенттерін (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеруі мынадай шаралардың жүзеге асырылуын қамтиды:
2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) жеке тұлғаны сәйкестендiру үшін қажеттi мәлiметтердi: оның жеке басын куәландыратын құжаттың деректерiн, жеке сәйкестендiру нөмiрiн (жеке тұлғаға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке сәйкестендiру нөмiрi берiлмеген жағдайларды қоспағанда), сондай-ақ заңды мекенжайын тiркеу;
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) сәйкестендiру үшін қажеттi мәлiметтердi: заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың деректерін, бизнес-сәйкестендiру нөмiрiн (заңды тұлғаға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бизнес-сәйкестендiру нөмiрi берiлмеген жағдайларды қоспағанда) не резидент емес заңды тұлға шет мемлекетте тіркелген нөмірді, сондай-ақ орналасқан жерiнiң мекенжайын тiркеу;
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) бенефициарлық меншік иесін анықтау және, заңды мекенжайын қоспағанда, осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес оны сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтерді тіркеу.
Қаржы мониторингі субъектісі клиент-заңды тұлғаның бенефициарлық меншік иесін анықтау мақсатында осындай клиенттің құрылтай құжаттары және акцияларын ұстаушылардың тiзiлiмі не басқа көздерден алынған мәліметтер негізінде оның меншігі мен басқару құрылымын белгілейді.
Егер осы тармақшада көзделген шараларды қолданудың нәтижесінде клиент-заңды тұлғаның бенефициарлық меншік иесі анықталмаған жағдайда, клиент-заңды тұлғаның жеке-дара атқарушы органын не алқалы атқарушы органының басшысын бенефициарлық меншік иесі деп тануға жол беріледі.
Бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтерді тіркеу клиент (оның өкілі) ұсынатын не өзге де көздерден алынған ақпараттың және (немесе) құжаттардың негізінде жүзеге асырылады.
3) 2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) іскерлік қатынастардың болжамды мақсаты мен сипатын анықтау;
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) жасалатын операцияларды қаржыландыру көзі туралы мәліметтерді қажет болған кезде алуды және тіркеуді қоса алғанда, iскерлiк қатынастарды тексерудi және осы қаржы мониторингi субъектiсi арқылы клиент жүзеге асыратын операцияларды зерделеудi тұрақты негiзде жүргiзу;
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды
6) клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтердің анықтығын тексеру және оларды жаңарту.
Клиентті (оның өкілін), бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтердің анықтығын тексеру тиісті құжаттардың түпнұсқаларының немесе нотариат куәландырған көшірмелерінің деректерімен салыстыру арқылы не қолжетімді көздерден алынған деректермен салыстыру арқылы жүзеге асырылады.
Клиенттің өкіліне қатысты осындай тұлғаның клиенттің атынан және (немесе) оның мүддесінде әрекет етуге өкілеттігі қосымша тексеріледі.
Мәліметтерді жаңарту клиент, бенефициарлық меншік иесі туралы бұрын алынған мәліметтердің анықтығына күмән тудыратын негіздер болған кезде, сондай-ақ ішкі бақылау қағидаларында көзделген жағдайларда жүзеге асырылады.
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды
3-1. Осы бапта көзделген шаралар мынадай жағдайларда:
1) электрондық ақшаны сәйкестендірілмеген иеленушілер-жеке тұлғалар «Ақша төлемі мен аударымы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2-бабының 4-тармағында көзделген сомадан аспайтын электрондық ақшаны сатып алу және пайдалану бойынша операцияларды жүзеге асырған кезде;
2) клиент-жеке тұлға қолма-қол ақшаны қабылдауға арналған жабдық (құрылғы) арқылы жеке тұлғаның банк шотына ақша салу бойынша операцияларды жүзеге асырған кезде, егер мұндай операцияның сомасы 500 000 теңгеден не 500 000 теңгеге балама шетел валютасындағы сомадан аспаса;