Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының профессор-оқытушылар құрамының жылдық оқу жүктемесі жұмыс уақытының жылдық нормасы шегінде белгіленеді және оны жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының басшысы алқалы басқару органының шешімі негізінде бекітеді.
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 8-тармақ жаңа редакцияда; 2019.21.02. № 227-VІ ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр.ред.қара); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8. Мемлекеттік білім беру тапсырысын айқындау кезінде Сот төрелігі академиясын, әскери, арнаулы оқу орындарын, мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарын қоспағанда, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары профессор-оқытушылар құрамының жалпы санын есептеу үшін білім алушылар санының оқытушыларға орташа арақатынасын ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
53-бап. Әлеуметтік кепілдіктер
2019.27.12. № 294-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтер мынадай:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үй, оның ішінде қызметтік үй және (немесе) жатақхана;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді; 2019.27.12. № 294-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) ұзақтығы күнтізбелік 56 күн жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын алудың әлеуметтік кепілдіктерін иеленеді.
2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 294-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Ауылдық жерде жұмыс істейтін, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтерге:
1) жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша қала жағдайында педагогтік қызметті жүзеге асыратын педагогтердің ставкаларымен салыстырғанда айлықақылар мен тарифтік ставкалар кемінде жиырма бес пайызға арттырылып белгіленеді;
2) жергілікті өкілді органдар бекіткен тәртіппен және мөлшерде бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетіледі.
2008.24.12 № 111-IV ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды; 2019.27.12. № 294-VІ ҚР Заңымен 2-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2-1. Ауылдық жерде жұмыс істейтін, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтерге Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қосымша әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылады.
2008.24.12 № 111-IV ҚР Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылды; 2019.27.12. № 294-VІ ҚР Заңымен 2-2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2-2. Ауылдық жерде жұмыс істейтін, жеке меншігінде малы бар, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтерге жергілікті өкілді және атқарушы органдардың шешімі бойынша жемшөп, мал жаю және шөп шабу үшін жер учаскелері беріледі.
2019.27.12. № 294-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтерге жыл сайын тиісті бюджет қаражаты есебінен:
2019.27.12. № 294-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) оларға кезекті еңбек демалысын беру кезінде мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасымен айқындалған мөлшерде күнтізбелік жылда бір рет сауықтыруға жәрдемақы;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 294-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді
2) «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын иеленушіге жұмсау бағытын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын айлық есептік көрсеткіштің 2000 еселенген мөлшерінде мемлекеттік грант төленеді.
3) 2019.27.12. № 294-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
8-тарау. Білім беру саласындағы мемлекеттік реттеу
54-бап. Білім беру саласындағы мемлекеттік реттеудің мақсаты мен нысандары
1. Білім беру саласындағы мемлекеттік реттеу білім алуға конституциялық құқықтарды іске асыруды қамтамасыз ететін жағдайларды жасауға және білім беру ұйымдары ұсынатын білім беру қызметтерін көрсетудің жоғары сапасын қамтамасыз етуге бағытталған.
2. Білім беру саласындағы мемлекеттік реттеу құқықтық қамтамасыз ету, білім сапасын басқару, стандарттау, бақылау жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
55-бап. Білім беру сапасын басқару
1. Білім беру сапасын басқару білім беру саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға бағытталған және білім сапасын бағалаудың бірыңғай ұлттық жүйесін құрайтын мемлекеттік және институционалдық құрылымдарын, білім беруді қаржыландыруға бөлінетін қаражатты пайдалану ұтымдылығын және білім беру жүйесі жұмыс істеуінің тұтастай тиімділігін қамтиды.
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.08.01. № 410-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Білім беру сапасын басқару білім беру мониторингінің нәтижелері негізінде, білім берудің барлық деңгейлерінде басқарушылық шешімдерді қабылдау арқылы жүзеге асырылады.
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Бiлiм беру мониторингi бiлiм беру жүйесінің сапасын сырттай және iшкi бағалау үшін әкімшілік деректер мен талдамалық бағалау көрсеткіштерінің кешені көмегімен жүзеге асырылады.
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды; 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді; 2021.08.01. № 410-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі білім беру ұйымдарынан тәуелсіз, оқыту сапасын жүйелі байқау болып табылады.
Бастауыш және негізгі орта білім беру ұйымдарында білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі білім алушылар білімінің сапасын бастауыш және негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкестігіне бағалау мақсатында жүзеге асырылады.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі жалпы білім беретін пәндерді және (немесе) кәсіптік модульдерді немесе жалпы кәсіптік, арнайы пәндерді меңгеру деңгейін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкестігіне бағалау мақсатында жүзеге асырылады.
5. 2021.08.01. № 410-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды; 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді; 2021.08.01. № 410-VI ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізілетін орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды; 2021.08.01. № 410-VI ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асыратын ұйым:
1) 2021.08.01. № 410-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2024.23.02. № 64-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 27 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) білім алушылардың білім жетістіктерін бағалау әдіснамасын және мониторингілеу құралдарын әзірлейді;
2024.23.02. № 64-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 27 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) білім алушылардың жауаптарын мониторингілеу мен өңдеуді жүргізеді;
2024.23.02. № 64-VIII ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 27 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
4) білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингілеу нәтижелеріне кешенді талдау жүргізеді.
56-бап. Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары
1. Қазақстан Республикасында әрбір білім беру деңгейі бойынша:
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып, білімнің мазмұнына;
2) білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу жүктемесінің ең көп көлеміне;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) білім алушылардың даярлық деңгейіне;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды
4) оқу мерзіміне қойылатын жалпы талаптардың жиынтығын айқындайтын білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары белгіленеді.
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Тиісті білім беру деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары, үлгілері мен түрлеріне қарамастан, барлық білім беру ұйымдары үшін міндетті.
2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
3. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары инклюзивті білім беру ескеріле отырып әзірленеді.
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 57-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 57-баптың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
57-бап. Білім беру саласындағы қызметті лицензиялау
2022.03.05. № 118-VII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Заңды тұлғалардың (бұдан әрі - лицензиат) білім беру қызметі осы Заңға және Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензиялануға жатады.
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.21.02. № 227-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр.ред.қара); 2021.08.01. № 410-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.03.05. № 118-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара), 2022 ж. 4 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді (бұр.ред.қара); 2024.23.02. № 64-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 27 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім беру саласындағы қызметін лицензиялау - білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген мамандықтар бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтардың топтары бойынша жүргізіледі.
Білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензияға қосымшада:
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру үшін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтары мен біліктіліктерінің сыныптауышына сәйкес мамандықтың коды, атауы көрсетіледі;
әскери, арнаулы оқу орындары үшін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтары мен біліктіліктерінің сыныптауышына сәйкес мамандықтың коды, тобы көрсетіледі;
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім беру саласындағы қызметін лицензиялау кадрлар даярлаудың бағыттары және оқыту нысандары бойынша жүргізіледі.
Бұл ретте білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензияға қосымшада кадрларды даярлау бағыттары және оқыту нысандары бойынша сыныптауышқа сәйкес кадрларды даярлау бағытының коды, қолданылу мерзімі (осы баптың 3-1-тармағы қолданысқа енгізілген кезге дейін берілген лицензия қосымшасын қоспағанда) және атауы көрсетіледі.
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.03.05. № 118-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Лицензиар білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру, тоқтату, сондай-ақ осы баптың 3-1-тармағының төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде көзделген жағдайларда білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу мәселелерін алқалы және жария қарау үшін консультативтік-кеңесші орган құрады.
2022.03.05. № 118-VII ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 4 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
3-1. Білім беру қызметімен айналысуға лицензиялар және (немесе) лицензияға қосымшалар бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін, сондай-ақ Сот төрелігі академиясы, әскери, арнаулы оқу орындары үшін олардың қолданылу мерзімі шектелмей беріледі.
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім беру қызметімен айналысуға лицензиялар және (немесе) лицензияға қосымшалар бес жыл қолданылу мерзімімен беріледі.
Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылу мерзімі берілген күнінен бастап есептеледі.
Лицензиат лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін олардың қолданылу мерзімі өткенге дейінгі төрт айдан ерте емес, бірақ отыз жұмыс күнінен кешіктірмей мыналармен қоса өтініш береді:
1) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 3-тармағында көзделген құжаттар;
2) білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер мен құжаттар.
Лицензиар өтініш берушінің құжаттары тіркелген күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде:
1) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының лицензиясын және (немесе) лицензияға қосымшасын қайта ресімдеу туралы өтінішті қарайды;
2) білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігіне рұқсаттық бақылауды жүзеге асырады;
3) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының лицензиясын және (немесе) лицензияға қосымшасын қайта ресімдейді не оларды қайта ресімдеуден бас тартады.
Лицензиар білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны мынадай негіздер бойынша қайта ресімдеуден бас тартады:
1) осы тармақтың төртінші бөлігі талабының сақталмауы не құжаттардың тиісінше ресімделмеуі;
2) өтініш берушінің білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына сай келмеуі.
2015.21.07. № 337-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2024.23.02. № 64-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 27 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Білім беру қызметін халықаралық мектептер мәртебесі бар филиалдар арқылы жүзеге асыратын лицензиатты қоспағанда, білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданысы лицензиаттың тіркелген жері бойынша (заңды мекенжайына сәйкес) әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде шектеледі.
Лицензияға қосымша білім беру ұйымының әрбір объектісіне рұқсаттық бақылау жүргізіле отырып, қызмет жүзеге асырылатын нақты мекенжай көрсетіліп, лицензия берілген немесе берілетін қызметтің кіші түріне (кіші түрлеріне) беріледі.
2015.21.07. № 337-V ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды; 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 4-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4-1. Коммерциялық емес ұйымдардың халықаралық мектептер мәртебесі бар филиалдары лицензиялауға жататын білім беру қызметін осы коммерциялық емес ұйымға берілген лицензия және (немесе) лицензияға қосымша негізінде жүзеге асыруға құқылы.
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.08.01. № 410-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді; 2022.03.05. № 118-VII ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Лицензиардың білім беру қызметімен айналысуға лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданысын Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген тәртіппен алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруға құқығы бар.
Білім беру қызметімен айналысуға лицензияның (және) немесе лицензияға қосымшаның қолданысы тоқтатыла тұрған кезеңде лицензиат:
1) оқу процесін жалғастырады;
2) білім туралы құжатты бере отырып, оқытудың оқу жылын аяқтайды;
3) білім беру қызметімен айналысуға лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданысын тоқтата тұруға алып келген бұзушылықтарды жояды.
Білім беру қызметімен айналысуға лицензияның (және) немесе лицензияға қосымшаның қолданысы тоқтатыла тұрған кезде лицензиат:
1) мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға арналған конкурсқа қатысуға;
2) білім беру қызметімен айналысуға лицензиясымен және (немесе) лицензияға қосымшасымен әрекеттер жасауға (білім беру қызметімен айналысуға лицензиясын тоқтату, қайта ресімдеу, тоқтатыла тұрғанына жаңа қосымшалар алу);
3) оқуға, оның ішінде басқа білім беру ұйымдарынан ауыстыру және қалпына келтіру арқылы қабылдауды жүзеге асыруға құқылы емес.
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Білім беру ұйымы оның түрін өзгерту жолымен қайта ұйымдастырылған жағдайда, қайта ұйымдастыру нәтижесінде жаңадан пайда болған білім беру ұйымының білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі расталған жағдайда, оның қолда бар білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы және (немесе) лицензиясының қосымшасы қайта ресімделуге жатады.
Бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын бiлiм беру ұйымдары қайта ұйымдастырылған жағдайда, лицензиар қайта ұйымдастыру жүргізілгенге дейін қайта ұйымдастырылатын білім беру ұйымының білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізеді.
Қайта ұйымдастыру жүргізілгеннен кейін лицензиат білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияның қосымшасын қайта ресімдеуге өтініш береді, ал лицензиар өзі бұрын жүргізген, білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру негізінде білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияның қосымшасын береді.
Білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияның қосымшасын қайта ресімдеу үшін лицензиат білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша өтінішті, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжатты, сондай-ақ:
1) лицензияны және (немесе) оған қосымшаны қайта ресімдеуге негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың көшірмелерін;
2) білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігі туралы мәлiметтер мен құжаттарды береді.
Лицензиар осы тармақта көзделген негіз бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияның қосымшасын қайта ресімдеуден:
1) осы тармақтың төртінші бөлігінде көрсетілген құжаттар ұсынылмаған немесе тиісті түрде ресімделмеген;
2) өтініш беруші білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, бас тартады.
Білім беру қызметімен айналысуға лицензия және (немесе) лицензияның қосымшасы тиісті құжаттармен қоса өтініш ұсынылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қайта ресімделеді.
Білім беру қызметімен айналысуға лицензия және (немесе) лицензияның қосымшасы қайта ресімделгенге дейін лицензиат қызметті қайта ресімделуге жататын лицензияның негізінде жүзеге асырады.
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 57-1-баппен толықтырылды
57-1-бап. Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту саласындағы қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымының қызметі Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес хабарлама жасау тәртібімен жүзеге асырылады.
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім беру саласындағы қызметін лицензиялау біліктіліктер бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтардың топтары бойынша жүргізіледі.
Бұл ретте білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензияға қосымшада техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтары мен біліктіліктерінің сыныптауышына сәйкес біліктіліктер бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтардың топтары бойынша шифр, атауы, оқыту мерзімі көрсетіледі.
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім беру саласындағы қызметін лицензиялау кадрлар даярлаудың бағыттары бойынша жүргізіледі.
Бұл ретте білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензияға қосымшада кадрларды даярлау бағыттары бойынша сыныптауышқа сәйкес кадрларды даярлау бағытының коды және атауы көрсетіледі.
58-бап. 2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
59-бап. Білім беру жүйесіндегі мемлекеттік бақылау
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.08.01. № 410-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Бiлiм беру жүйесiндегi мемлекеттiк бақылау мемлекеттiң бiлiм алуға құқықты қамтамасыз етуіне және жалпы білім беретін оқу және білім беру бағдарламаларын iске асыратын заңды тұлғалардың, сондай-ақ заңды тұлға құрмай дара кәсіпкерлердің өздерi жүзеге асыратын бiлiм беру қызметiнiң Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы заңнамасының және Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасының талаптарына сәйкестігін сақтауға бағытталған және оны білім саласындағы уәкілетті орган, оның ведомствосы және ведомствоның аумақтық бөлімшелері, жергiлiктi атқарушы органдар өз құзыретi шегiнде жүзеге асырады.
Білім беру жүйесіндегі мемлекеттік бақылау жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауына да бағытталған және оны білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.
2. Білім беру жүйесіндегі мемлекеттік бақылау объектілері:
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) жалпы білім беретін оқу және білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім беру қызметі;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.08.01. № 410-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді
2) білім алушылардың тиісті жалпы білім беретін оқу және білім беру бағдарламаларын меңгеру деңгейі;
2021.08.01. № 410-VI ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды
3) жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасының талаптарын сақтау жөніндегі қызметі болып табылады.
2021.08.01. № 410-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Білім беру жүйесіндегі мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес мынадай нысандарда жүзеге асырылады:
1) Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасының сақталуын жоспардан тыс тексеру;
2) Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасының және білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарының сақталуын бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау;
3) осы Заңда айқындалатын тәртіппен бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау.
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді; 2021.08.01. № 410-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Мемлекеттік аттестаттауды білім беру саласындағы уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, профилактикалық бақылау арқылы бес жылда бір рет Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне, осы Заңға сәйкес жүргізеді.
Денсаулық сақтау саласында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне, осы Заңға сәйкес жүзеге асырады.
Сот төрелігі академиясын мемлекеттік аттестаттауды Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне, осы Заңға сәйкес жүзеге асырады.
Сот төрелігі академиясында, әскери, арнаулы оқу орындарында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің, сондай-ақ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін мемлекеттік аттестаттау мамандықтар немесе даярлау бағыттары бойынша жүзеге асырылады.