37. Егер банк қарыз алушысы жағдай туындаған сәтте банкпен айрықша қатынастармен байланысты тұлға болып табылмаса, бірақ кейіннен сондай болса, онда осындай қарыз алушыға қатысты тәуекел осы Нұсқаулықтың 35-тармағының екінші абзацында белгіленген мөлшерден асып кеткен жағдайда, көрсетілген асып кету мынадай талаптарға сәйкес келген жағдайда:
банк осы Нұсқаулықтың 34-тармағының 6) тармақшасына сәйкес қарыз алушының қосымша қамтамасыз етуді ұсыну немесе норматив мөлшерін сақтау үшін қажетті мөлшерге дейінгі банк талаптарының бөлігін орындау жөніндегі қабілеттілігін растай отырып және уәкілетті орган белгілеген мерзімдерде осы тәртіп бұзуды жою жөнінде міндеттемелер қабылдай отырып осындай асып кету туралы уәкілетті органға дереу хабарласа, тәртіп бұзу ретінде қарастырылмайды.
38. Осы Нұсқаулықтың 37-тармағының шарттары сондай-ақ мына жағдайларда, егер заемшылар мiндеттемелер пайда болған сәтте бір заемшы ретiнде қаралмай, соңынан солай болған жағдайларда қолданылады.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.26.02. № 20 Қаулысымен 4-тарау жаңа редакцияда (қолданысқа енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.28.04. № 172 Қаулысымен 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Өтімділік коэффициенттері
2008.29.12. № 233 Қаулысымен 39-тармақ өзгертілді (қолданысқа енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
39. Өтімділік мынадай коэффициенттермен сипатталады:
банктің ағымдағы өтімділік коэффициентімен;
к4-1, к4-2 және к4-3 мерзімді өтімділік коэффициенттерімен;
к4-4, к4-5 және к4-6 мерзімді валюталық өтімділік коэффициенттерімен.
k4 - 0,3;
Мерзімді өтімділік пен мерзімді валюталық өтімділік коэффициенттерінің барынша төмен мәні мынадай мөлшерде белгіленеді:
К4-1 - 1;
К4-2 - 0,9;
К4-3 - 0,8;
К4-4 - 1;
К4-5 - 0,9;
К4-6 - 0,8.
2008.29.12. № 233 Қаулысымен 40-тармақ жаңа редакцияда (қолданысқа енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.27.02 № 31 Қаулысымен ( бұр. ред. қара) (2009 жылғы 1 сәуірде қолданысқа енгізілді); 2009.05.08. № 171 Қаулысымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) 40 тармақ өзгертілді
40. Банктің k4 ағымдағы өтімділік коэффициенті банктің орташа айлық жоғары өтімді активтерінің есептелген сыйақыны ескергендегі талап етуге дейінгі міндеттемелердің орта айлық мөлшеріне қатынасы ретінде есептеледі.
Ағымдағы өтімділік коэффициентін есептеу кезінде талап етуге дейінгі міндеттемелердің мөлшеріне барлық талап етуге дейінгі міндеттемелер, оның ішінде есеп айырысуды жүзеге асыру мерзімі белгіленбеген міндеттемелер, банктің еншілес ұйымдарының, банкпен аффилиирленген заңды тұлғаларының сыртқы заемдарды тарту кезінде, сондай-ақ банктің секьюритилендіру бойынша мәмілелері аясында берілген кредитордың осы заемдар бойынша борышкер міндеттемелерін мерзімінен бұрын өтеуді талап ету құқығымен банктің қамтамасыз етілмеген кепілдіктері мен кепілдемелері, оның ішінде:
өтеуге дейінгі қалған мерзімі үш жылдан кем емес, 50% тең конверсия коэффициентіне және банктің меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициентінің ең төменгі мәніне (к2) көбейтілгендер;
k4 нормативінің есебіне енгізілетін заемдарды тарту кезінде берілген банктің кепілдіктері мен кепілдемелерін қоспағанда, өтеуге дейінгі қалған мерзімі үш жыл және одан астам, 100% тең конверсия коэффициентіне және банктің меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициентінің ең төменгі мәніне (к2) көбейтілгендер, сондай-ақ банктерден алынған «овернайт» зайымдары мен банкпен бір түнге тартылған салымдар және кредитордың міндеттемелерді мерзімінен бұрын өтеуді талап ету құқығымен мерзімді шартсыз міндеттемелер, оның ішінде жеке және заңды тұлғалардың мерзімді және шартты депозиттерін, тазартылған құнды металдарды қоспағанда банктердің мерзімді және шартты депозиттері кіргізіледі.
к4-1 мерзімді өтiмдiлiк коэффициентi жеті күнге дейін қоса алғанда өтелгенге дейінгі қалған мерзімімен мерзімді мiндеттемелердің орташа айлық мөлшерiне жоғары өтiмдi активтердiң орташа айлық мөлшерiнiң қатынасы ретiнде есептеледi.
к4-2 мерзімді өтiмдiлiк коэффициентi бір айға дейін қоса алғанда өтелгенге дейінгі қалған мерзімімен мерзімді мiндеттемелердің орташа айлық мөлшерiне жоғары өтiмдi активтердi қосып, бір айға дейін қоса алғанда өтелгенге дейінгі қалған мерзімімен өтімді активтердің орташа айлық мөлшерiнiң қатынасы ретiнде есептеледi.
к4-3 мерзімді өтiмдiлiк коэффициентi үш айға дейін қоса алғанда өтелгенге дейінгі қалған мерзімімен мерзімді мiндеттемелердің орташа айлық мөлшерiне жоғары өтiмдi активтердi қосып, үш айға дейін қоса алғанда өтелгенге дейінгі қалған мерзімімен өтімді активтердің орташа айлық мөлшерiнiң қатынасы ретiнде есептеледi.
(k4, k4-1, k4-2, k4-3) өтімділік коэфициенттерін есептеу кезінде талап етуге дейінгі міндеттемелердің мөлшерінен және жоғары өтімді активтердің мөлшерінен банк кастодиан шарты негізінде сақтауға қабылдаған инвестицияланбаған қаражаттардың қалдығы алынып тасталады.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2015.17.07. № 140 Қаулысымен 41-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
41. k4-4 мерзімді валюталық өтімділік коэффициенті шетел валютасындағы өтiмдiлігі жоғары активтердiң орташа айлық мөлшерiнiң осы шетел валютасындағы, өтелгенге дейін қоса алғанда жеті күнге дейінгі қалған мерзімі бар мерзімді мiндеттемелердің орташа айлық мөлшерiне қатынасы ретiнде есептеледi.
k4-4 мерзімді валюталық өтімділік коэффициентін есептеу кезінде шетел валютасындағы, өтелгенге дейін жеті күнге дейінгі қалған мерзімі бар мерзімді мiндеттемелердің мөлшеріне банктің шетел валютасындағы, өтелгенге дейін жеті күнге дейінгі қалған мерзімі бар, 100 (бір жүз) пайызға тең конверсиялау коэффициентіне көбейтілген мерзімді мiндеттемелері кіреді.
к4-5 мерзімді валюталық өтімділік коэффициентi өтiмдiлігі жоғары активтердi қоса алғанда, шетел валютасындағы, өтелгенге дейін қоса алғанда бір айға дейінгі қалған мерзімі бар мерзімді өтiмдi активтердiң орташа айлық мөлшерiнің осы шетел валютасындағы, өтелгенге дейін қоса алғанда бір айға дейінгі қалған мерзімі бар міндеттемелердің орташа айлық мөлшерiнiң қатынасы ретiнде есептеледi.
к4-5 мерзімді валюталық өтімділік коэффициентін есептеу кезінде шетел валютасындағы, өтелгенге дейін қоса алғанда бір айға дейінгі қалған мерзімі бар міндеттемелердің мөлшерiне банктің шетел валютасындағы, өтелгенге дейін бір айға дейінгі қалған мерзімі бар 90 (тоқсан) пайызға тең конверсиялау коэффициентіне көбейтілген мерзімді мiндеттемелері кіреді.
к4-6 мерзімді валюталық өтімділік коэффициентi өтiмдiлігі жоғары активтердi қоса алғанда, шетел валютасындағы, өтелгенге дейін қоса алғанда үш айға дейінгі қалған мерзімі бар өтімді активтердің орташа айлық мөлшерiнiң осы шетел валютасындағы, өтелгенге дейін қоса алғанда үш айға дейінгі қалған мерзімі бар мерзімді мiндеттемелердің орташа айлық мөлшерiне қатынасы ретiнде есептеледi.
к4-6 мерзімді валюталық өтімділік коэффициентін есептеу кезінде шетел валютасындағы, өтелгенге дейін қоса алғанда үш айға дейінгі қалған мерзімі бар мерзімді мiндеттемелердің мөлшерiне банктің шетел валютасындағы, өтелгенге дейін үш айға дейінгі қалған мерзімі бар, 80 (сексен) пайызға тең конверсиялау коэффициентіне көбейтілген мерзімді мiндеттемелері кіреді.
42. Мерзімді валюталық өтімділік коэффициенттері Standard & Рооr's агенттігінің «А»-дан төмен емес тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің жиынтықта шетел валюталары және «Еуро» бойынша есептеледі, оларда алдынғы есептік айдағы міндеттемелерінің орташа айлық мөлшері банктің алдынғы есептік айдағы міндеттемелерінің орташа айлық мөлшерінен 1пайыздан кем еместі құрайды.
Standard & Рооr's агенттігінің «А»-дан төмен тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар немесе тиісті рейтингтік бағасы жоқ елдердің шетел валюталары бойынша мерзімді валюталық өтімділік коэффициенттері әрбір шетел валютасы бойынша есептеледі, онда алдыңғы есептік айдағы міндеттемелердің орташа айлық мөлшері банктің алдынғы есептік айдағы міндеттемелерінің орташа айлық мөлшерінен 1пайыздан кем еместі құрайды.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.12. № 383 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.16.07. № 152 Қаулысымен (2014 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 43-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.24.12. № 242 Қаулысымен 43-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2015.17.07. № 140 Қаулысымен 43-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
43. Өтiмдiлігі жоғары активтердің есебіне мыналар кіреді:
1) қолма-қол ақша;
2) орталық депозитарийдің шоттарындағы меншікті ақша;
3) клирингтік ұйымның шоттарындағы кепілдік берілген, банктің маржалық жарналары болып табылатын меншікті ақша;
4) тазартылған бағалы металдар;
5) Қазақстан Республикасының Үкіметі және Ұлттық Банк шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы және «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы шығарған бағалы қағаздар;
6) Ұлттық Банктегі, Қазақстан Республикасының банктеріндегі және Standard & Poor's агенттігінің «ВВВ-»-тен төмен емес ұзақмерзімді борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент емес банктердегі талап етуге дейінгі салымдар;
7) Қазақстан Республикасының банктерінде, сондай-ақ Standard & Poor's агенттігінің «ВВВ-»-тен төмен емес ұзақ мерзімді борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент емес банктерде бір түнге орналастырылған салымдар;
8) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8594 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Рейтингтік агенттіктерді және банктер мәмілелерін жүзеге асыра алатын облигацияларға арналған ең төменгі талап етілетін рейтингіні белгілеу туралы» 2013 жылғы 28 маусымдағы № 141 қаулысында (бұдан әрі - № 141 қаулы) белгіленген деңгейден төмен емес шетел валютасындағы тәуелсіз ұзақмерзімді рейтингі бар елдердің мемлекеттік бағалы қағаздары;
9) «ВВВ-»-тен төмен емес (Standard & Poor's және (немесе) Fitch рейтингтік агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе «ВааЗ» төмен емес (Moody's Investors Service рейтингтік агенттігінің жіктеуі бойынша) рейтингі бар шетелдік эмитенттердің облигациялары;
10) Ұлттық Банктегі күнтізбелік 7 күнге дейінгі өтеу мерзімі бар мерзімді депозиттер;
11) Standard & Poor's рейтинг агенттігінің «ВВВ-»-тен төмен емес ұзақмерзімді борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент және резидент емес банктеріне берілген «овернайт» қарыздары.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.16.07. № 152 Қаулысымен 43-1-тармақпен толықтырылды (2014 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді)
43-1. Банк кері сатып алу талабымен сатқан немесе кепілге берілген немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге түрде ауыртпалық салынған бағалы қағаздарды қоспағанда, осы Нұсқаулықтың 43-тармағында көрсетілген бағалы қағаздар жоғары өтімді активтердің есебіне қосылады.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2015.17.07. № 140 Қаулысымен 43-2-тармақпен толықтырылды
43-2. Банктің баланстық шоттарында есепке алынған валюталық своп операциялары бойынша талаптардың сомасы, егер осы мәмілелер бойынша міндеттемелер банктің баланстық шоттарында есепке алынған және мерзімді өтімділік коэффициенттерінің есебіне енгізілген жағдайда, өтiмдiлігі жоғары активтердiң есебіне кіреді.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2011.31.01. № 8 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.30.09. № 117 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 44-тармақ өзгертілді; ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2013.25.02. № 74 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.26.07. № 204 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 44-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.16.07. № 152 Қаулысымен 44-тармақ өзгертілді (2014 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
44. Өтімді активтер есебіне халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына, оффшорлық аймақтар аумағында тіркелген, заңды тұлғалар немесе олардың азаматтары не Экономикалық ынтымақтастық және даму жөніндегі ұйыммен ақпарат алмасу жөнінде міндеттеме қабылдамаған оффшорлық аумақтар тізбесіне енгізілген мемлекеттердің аумағында тіркелген заңды тұлғалар немесе олардың азаматтары болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті еместеріне немесе аталған оффшорлық аумақтарда тіркелген заңды тұлғаларға қатысты еншілес болып табылатын ұйымдарға қойылатын талаптарға қалыптасқан резервтер шегеріле отырып, жоғары өтімді активтерді қоса алғанда барлық қаржылық активтер енгізіледі. Қарыздар қарыз шартына сәйкес өтеу кестелері бойынша енгізіледі.
Осы Нұсқаулықтың 43-тармағының 5), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген, жоғары өтімді активтердің есебіне енгізілмейтін бағалы қағаздар міндеттемелердің мөлшерін есептеуге енгізілетін міндеттемелердің қамтамасыз етуі болып табылады деген талаппен өтімді активтердің есебіне кіреді.
Осы бағалы қағаздарды өтімді активтердің есебіне енгізген кезде, өтегенге дейін бағалы қағаздар бойынша қалған мерзім ретінде қамтамасыз етуі осы бағалы қағаздар болып табылатын міндеттемелерді өтеуге дейінгі мерзім алынады.
44-1. Мерзімді міндеттемелердің есебіне есепті жүзеге асырудың мерзімі белгіленген барлық міндеттемелер енгізіледі.
Талап ету бойынша міндеттемелер, сондай-ақ банктерден алынған «овернайт» заемдар және бір түнге банктерден тартылған салымдар мерзімді міндеттемелердің есебіне енгізілмейді.
44-2. Өтімділік коэффициенттерін есептегенде жоғары өтімді активтерді қоса, өтімді активтер мен мерзімді міндеттемелер мөлшеріне есептелген сыйақы, дисконттар, сыйлықтар, әділ құнды оң/теріс түзетудің шоттары енгізіледі.
45. ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.02.10. № 146 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2013.26.07. № 204 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.25.12. № 294 Қаулысымен (2013 ж. 28 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.06.05. № 79 Қаулысымен (2014 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 45-1-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2015.19.12. № 222 Қаулысымен 45-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
45-1. Өтімділік нормативтері орташа айлық негізде айқындалатын өтімділік коэффициенттерінің есептік мәндеріне қарамастан, мынадай жағдайларда:
1) банкте есепті кезең ішінде кредиторлар мен салымшылар алдында мерзімі өткен міндеттемелер болған кезде;
2) банк жеке тұлғалардың жаңадан тартылған (теңгемен және шетел валютасымен) депозиттері бойынша депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның директорлар кеңесі белгілейтін және оларды сақтау үшін банктерге ұсынылатын ең жоғары (ұсынылатын) сыйақы мөлшерлемелерін асырған кезде орындалмаған болып есептеледі.
46. ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.17.06. № 135 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.28.04. № 172 Қаулысымен 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Ашық валюталық позиция лимиттері
ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.23.02. № 47 Қаулысымен (2007.01.04. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2011.30.09. № 117 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 47-тармақ өзгертілді; ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.12. № 383 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.25.02. № 74 Қаулысымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2014.06.05. № 79 Қаулысымен (2014 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 47-тармақ жаңа редакцияда
47. Ашық валюталық позиция - жеке шет мемлекеттің (шет мемлекеттер тобының) немесе тазартылған бағалы металдардағы валютасындағы банктің талаптарының (міндеттемелерінің) сол шетел валютасындағы немесе тазартылған бағалы металдардағы міндеттемелерінің (талаптарының) шегінен асып кетуі.
Ұзын валюталық позиция - бұл талаптар (активтер мен шартты талаптардың жиынтық сомасы) банктің сол шетел валютасындағы немесе тазартылған бағалы металдардағы міндеттемелерінің (міндеттемелер мен шартты міндеттемелердің жиынтық сомасы) шегінен асып кететін жеке шет мемлекеттің (шет мемлекеттер тобының) немесе тазартылған бағалы металдардағы валютасындағы ашық валюталық позиция.
Қысқа валюталық позиция - ірі міндеттемелер (міндеттемелер мен шартты міндеттемелердің жиынтық сомасы) банктің сол шетел валютасындағы немесе тазартылған бағалы металдардағы талап етулері (активтер мен шартты талаптардың жиынтық сомасы) шегінен асып кететін жеке шет мемлекеттің (шет мемлекеттер тобының) немесе тазартылған бағалы металдардағы валютасындағы ашық валюталық позиция.
Валюталық позициялар есебіне мөлшері валюталардың айырбас бағамының (тазартылған бағалы металдар құнының) өзгеруімен белгіленетін, теңгемен көрсетілген талаптар (активтер мен шартты талаптардың жиынтық сомасы), міндеттемелер (міндеттемелер мен шартты міндеттемелердің жиынтық сомасы) енгізіледі.
Мөлшері бір шетелдік валютадан артық айырбас бағамының өзгеруімен анықталатын, теңгемен көрсетілген талаптар (активтер, шартты және ықтимал талаптардың жиынтық сомасы), міндеттемелер (міндеттемелер, шартты және ықтимал міндеттемелердің жиынтық сомасы) осы Нұсқаулықтың 48-тармағында белгіленген ашық валюталық позицияның мейлінше төмен лимитін иеленетін шетел валютасындағы валюталық позициялар есебіне енгізіледі.
Әрбір шетелдік валюта бойынша және әрбір тазартылған бағалы металл бойынша ашық валюталық позиция жеке есептеледі.
Жекелеген шет мемлекеттердің (шет мемлекеттер топтарының) валюталары (тазартылған бағалы металдары) бойынша валюта ашық позицияларын есептеу кезінде бірінші кезекте активтер шоттарында халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес қалыптасқан резервтерді шегергенде және банктің міндеттемелері шоттарында ашылған әрбір шетел валютасы (тазартылған бағалы металы) бойынша шоттардың сальдосы есептеледі.
Одан кейін халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес қалыптасқан арнайы резервтерді шегергенде, шартты талаптар шоттарында және шартты міндеттемелер шоттарында ашылған осы шетел валютасы (тазартылған бағалы металы) бойынша шоттар сальдосы анықталады.
Міндеттемелерден (талаптардан) шетел валютасындағы (тазартылған бағалы металдағы) талаптардың (міндеттемелердің) асып кетуін көрсететін сальдо өзара жиынтықталады, ал алынған нәтиже банктің шетел валютасы (тазартылған бағалы метал) бойынша ашық позициясының мөлшерін және түрін анықтайды.
Шартты талаптар шоттарында және шартты міндеттемелер шоттарында ашылған жекелеген шет мемлекеттің (шет мемлекеттер тобының) валютасындағы туынды қаржы құралдары бойынша банктің ашық ұзын және (немесе) қысқа позициясы банктің меншікті капиталы мөлшерінің 30 (отыз) пайызынан аспауы тиіс.
Банктің ашық ұзын және (немесе) қысқа позициясын есептеу мақсаттары үшін туынды қаржы құралдарының тізбесіне банктер жасаған мәміле споты енгізілмейді.
Туынды қаржы құралдары бойынша банктің ашық ұзын және (немесе) қысқа позициясын есептеу мақсаттары үшін олар бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қарсы агенті болып табылатын туынды қаржы құралдарымен мәмілелер, екі күн және одан аз валюталау күнімен валюталық құралдармен операциялар, екі күн және одан аз валюталау күнімен валюталық своптар операциялары, базалық активтері ұлттық валютадан тұрмайтын валюталық жұп болып табылатын туынды қаржы құралдары енгізілмейді.
Банктің валюталық нетто-позициясы банктің барлық шетелдік валюталары бойынша ұзын позициясының жиынтық сомасы мен барлық шетелдік валюталары (тазартылған бағалы металдары) және барлық шетелдік валюталар бойынша қысқа позициясының жиынтық сомасы арасындағы айырма ретінде есептеледі.
Шетел валютасында көрсетілген талаптар және міндеттемелер осы талаптар және міндеттемелер көрсетілген (белгіленген) шетел валюталары бөлігіндегі валюта позициясы есебіне енгізіледі.
Мәмілені жасаған күн болып табылмайтын, болашақ валюталау күні бар валюталық операцияларды жүргізу кезінде осы сияқты валюталық операциялар осындай мәмілені жасаған күннен бастап валюталық позиция есебіне енгізіледі.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.27.05. № 120 (бұр.ред.қара); 2007.23.02. № 47 (2007.01.04. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) қаулыларымен 48-тармақ өзгертілді; ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2013.25.02. № 74 Қаулысымен 48-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.24.12. № 242 Қаулысымен 48-тармақ өзгертілді (2014 ж. 24 желтоқсаннан бастап туындаған қатынастарға қолданылады және 2015 ж. 30 маусымға дейін қолданылады) (бұр.ред.қара)
48. Осы Нұсқаулық ашық валюталық позицияның мынадай лимиттерiн белгiлейдi:
1) 2014 жылғы 24 желтоқсан - 2015 жылғы 30 маусым аралығында:
«Америка Құрама Штаттарының доллары» шетел валютасы бойынша қысқа валюталық позицияны қоспағанда, Standard & Poor's агенттiгiнiң «А»-дан төмен емес тәуелсiз рейтингi немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар елдердiң шетел валютасы және банктiң меншiктi капиталы шегiнiң 12,5 пайызынан аспайтын мөлшердегi «Еуро» шетел валютасы, сондай-ақ тазартылған қымбат металдар бойынша ашық валюталық позиция (ұзын және қысқа) лимитi;
«Америка Құрама Штаттарының доллары» шетел валютасы бойынша банктiң меншiктi капиталы шегiнiң 25 пайызынан аспайтын мөлшердегi қысқа валюталық позиция лимитi.
2015 жылғы 1 шілдеден бастап Standard & Poor's агенттiгiнiң «А»-дан төмен емес тәуелсiз рейтингi немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар елдердiң шетел валютасы және банктiң меншiктi капиталы шегiнiң 12,5 пайызынан аспайтын мөлшердегi «Еуро» шетел валютасы, сондай-ақ тазартылған қымбат металдар бойынша ашық валюталық позиция (ұзын және қысқа) лимитi;
2) Standard & Poor's агенттiгiнiң «А»-дан төмен емес тәуелсiз рейтингi немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар елдердiң банктiң меншiктi капиталы шегiнiң 5 пайызынан аспайтын мөлшердегi шетел валютасы бойынша ашық валюталық позиция (ұзын және қысқа) лимитi;
3) 2014 жылғы 24 желтоқсан - 2015 жылғы 30 маусым аралығында банктiң меншiктi капиталы шегiнiң 30 пайызынан аспайтын мөлшердегi валюталық нетто-позиция лимитi. 2015 жылғы 1 шілдеден бастап банктiң меншiктi капиталы шегiнiң 25 пайызынан аспайтын мөлшердегi валюталық нетто-позиция лимитi.
Осы Ашық валюталық позиция лимиттерін сақтау бойынша нұсқаулықтың талаптары «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қайта құрылымдауды жүзеге асыратын (жүзеге асырған) банктерге таратылмайды, егер уәкілетті орган мақұлдаған банктің қаржылық тұрақтылығын арттыру, банк қызметіне байланысты оның қаржылық жағдайын және тәуекелдерді ұлғайту бойынша ертерек ден қою шараларын көздейтін іс-шаралар жоспарында ашық валюталық позиция лимиттерінің мәні және ашық валюталық позиция лимиттерінің мәні қолданылатын мерзімі анықталса банк жүйесін құрайтын критерийлерге сәйкес келетін банктерге қолданылмайды.
49. ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.17.06. № 135 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.23.02. № 47 Қаулысымен 50-тармақ өзгертілді (2007.01.04. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2010.30.04. № 58 Қаулысымен 50-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
50. Ашық валюталық позицияның лимиттерi есептік апта бойы кез-келген шетел валютасы (тазартылған қымбат металл) бойынша шектен асып кеткен кезде содан кейiнгi үш апта iшiнде тәртiп бұзған банктiң бұзылған валюталары (тазартылған қымбат металдар) бойынша ашық валюталық позицияларының лимиттерi осы Нұсқаулықтың 48-тармағында белгiленген ашық валюталық позиция лимиттерiнiң 5 (бес) проценттiк тармаққа кемуiмен айқындалады.
Жекелеген шетел валютасының (тазартылған қымбат металл) ашық валюталық позициясының лимиттерін бұзыуы болып келесі жағдайлар есептелмейді:
банк белгіленген лимиттерді 0,09 проценттiк шектен;
сот шешімі бойынша банкке қатыссыз себептермен, банк берген займның валютасының өзгеру бөлігінде асыруы.
Егер банкке қатыссыз, сот шешімі негізінде банк берген займның валютасының өзгеру бөлігінде банк ашық валюталық позицияларының лимиттерін асырған болса, банк ол туралы тез арада уәкілетті органға хабарлап, көрсетілген шектен асып кетуді айқындаған күннен бастап үш ай ішінде жою бойынша міндеттемелер қабылдайды. Егер осы шектен асып кету аталған мерзiмде жойылмаған болса, онда валюталар бойынша ашық валюталық позиция лимиттерiнiң шектен асып кетуі осы шектен асып кету анықталған күннен бастап аталған нормативтің бұзылуы ретінде қарастырылады.
51. ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.17.06. № 135 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6. ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2015.17.07. № 140 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.23.02. № 47 Қаулысымен 6-1-тараумен толықтырылды (2007.01.04. бастап қолданысқа енгізілді); ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.28.04. № 172 Қаулысымен 6-1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6-1. Банктерді Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы міндеттемелерге капиталдандыру