12-тармақтың 1) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1) 1-бапта:
8) тармақша «аудит,» деген сөзден кейін «өзге ақпарат аудиті,» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 11-4) және 11-5) тармақшалармен толықтырылсын:
«11-4) өзге ақпарат аудиті - «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызмет туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылатын, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін бағалауға, оның ішінде стратегия мен бизнес модельге қатысты, корпоративтік басқару жүйесін бағалауға, ақпараттық технологиялардың тәуекелдерін басқару жүйесін бағалауға, ақпараттық қауіпсіздік жүйесінің тиімділігін, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін бағалауға қатысты процестерді және қаржылық есептілікпен байланысты емес ақпаратты тексеру;
11-5) өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық қорытынды - өзге ақпарат аудитінің нәтижелері бойынша жасалған қорытынды;»;
12-тармақтың 2) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2) 3-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 4-4) тармақшамен толықтырылсын:
«4-4) өзге ақпарат аудитін жүргізу және өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық қорытынды жасау;»;
3) 4-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы Заңның 5-бабы 2-тармағы бірінші бөлігінің төртінші, бесінші, алтыншы, сегізінші және он бірінші абзацтарында көрсетілген ұйымдарға аудит жүргізу кезінде аудиторлық ұйым қаржылық есептілікте қамтылған ақпараттың халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - Ұлттық Банк) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес әзірленген нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады.»;
12-тармақтың 3) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Өзге ақпарат аудиті Ұлттық Банктің талап етуі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.»;
4) 5-баптың 2-тармағында:
12-тармақтың 4) тармақшасының екінші абзацы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
бірінші бөліктің бесінші абзацындағы «инвестициялық портфельді басқарушылар» деген сөздер «акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың талаптары сот банкрот деп таныған акционерлік қоғамдарға, сондай-ақ Ұлттық Банк лицензиясынан айырған және (немесе) мәжбүрлеп тарату процесінде тұрған банктерге, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қолданылмайды.»;
5) 7-бапта:
1-2) тармақшадағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен (бұдан әрі - Ұлттық Банк)» деген сөздер «Ұлттық Банкпен» деген сөздермен ауыстырылсын;
12-тармақтың 5) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 1-3) тармақшамен толықтырылсын:
«1-3) Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актісінде айқындалатын өзге ақпарат аудиті шеңберінде тексерілуге жататын мәселелер тізбесін, өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық қорытындының мазмұнына, аудиторлық ұйымның оны ұсыну мерзімдеріне қойылатын талаптарды, өзге ақпарат аудитіне тартылатын аудиторлық ұйымның құрамындағы аудиторларға қойылатын талаптарды келіседі;»;
12-тармақтың 6) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
6) 17-бапта:
тақырып «аудит» деген сөзден кейін «, өзге ақпарат аудитін» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ «бойынша аудит» деген сөздерден кейін «, өзге ақпарат аудиті» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Аудиторлық ұйым клиенттердің келісуімен Ұлттық Банкке беретін мәліметтерді қоспағанда, өзге ақпарат аудитін жүргізуге арналған шартты орындау кезінде аудитор және (немесе) аудиторлық ұйым алған мәліметтер коммерциялық құпияны құрайды.»;
12-тармақтың 7) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
7) 21-бапта:
1-тармақта:
2) тармақша «мақсаттағы аудит» деген сөздерден кейін «, өзге ақпарат аудитін» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-2) тармақшамен толықтырылсын:
«2-2) өзге ақпарат аудитін жүргізуге арналған шарттың талаптарын орындау үшін ішкі саясат пен рәсімдер, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесі, ақпараттық технологиялардың тәуекелдерін басқару жүйесі, ақпараттық қауіпсіздік жүйесі, корпоративтік басқару жүйесі, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы ішкі бақылау жүйесі бойынша қажетті құжаттаманы сұратуға және тексеруге;»;
4) тармақша «мақсаттағы аудит» деген сөздерден кейін «, өзге ақпарат аудитін» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақта:
5) тармақша «коммерциялық» деген сөздің алдынан «Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, бағалы қағаздар нарығы кәсіби қатысушыларының өзге ақпаратының аудиті бойынша аудиторлық қорытындыны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде Ұлттық Банкке ұсынуға;»;
12-тармақтың 8) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
8) 24-бапта:
тақырыптағы «квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит, салықтар бойынша аудит» деген сөздер «салықтар бойынша аудит, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит, өзге ақпарат аудитін» деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші бөлікте:
екінші абзац «мақсаттағы аудитті» деген сөздерден кейін «, өзге ақпарат аудитін» деген сөздермен толықтырылсын;
жетінші абзац «мақсаттағы аудит» деген сөздерден кейін «, өзге ақпарат аудитін» деген сөздермен толықтырылсын;
сегізінші абзац «мақсаттағы аудит» деген сөздерден кейін «, өзге ақпарат аудитін» деген сөздермен толықтырылсын;
12-тармақтың 9) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
9) 25-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасы «мақсаттағы аудит» деген сөздерден кейін «, өзге ақпарат аудитін» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақта:
1) тармақша «мақсаттағы аудитті» деген сөздерден кейін «, өзге ақпарат аудитін» деген сөздермен, «құжаттаманы» деген сөзден кейін «, оның ішінде коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтерді» деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақша «мақсаттағы аудитке» деген сөздерден кейін «, өзге ақпарат аудитіне» деген сөздермен толықтырылсын;
12-тармақтың 10) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
10) 27-бапта:
1-тармақта:
«мақсаттағы аудит» деген сөздерден кейін «, өзге ақпарат аудитін» деген сөздермен толықтырылсын;
«басқа да ақпараттың» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ өзге ақпарат» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ «мақсаттағы аудит» деген сөздерден кейін «, өзге ақпарат аудитін» деген сөздермен толықтырылсын.
13. «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы» 2000 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 21, 382-құжат; 2003 ж., № 15, 139-құжат; 2005 ж., № 7-8, 22-құжат; 2007 ж., № 14, 102-құжат; 2011 ж., № 4, 37-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 12, 87-құжат; № 13, 91-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2017 ж., № 21, 98-құжат):
5-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) сенімгердің мүддесінде және тапсырмасы бойынша ипотекалық қарыздар бойынша талап ету құқықтарын басқарудың сенімгерлік операциялары;».
14. «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 22, 406-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; 2005 ж., № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; № 8, 52-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 15, 78-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 22-І, 143-құжат; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат):
1) 2-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес енгізілген ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметін жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, сақтандыру брокерлеріне және өзге де заңды тұлғаларға осы Заңның және осы Заңға сәйкес қабылданатын уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің нормалары ерекше реттеу режимінің шарттарында көзделген шекте қолданылады.»;
14-тармақтың 2) тармақшасы 2018 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
2) 5-1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымдарымен сақтандыру шарттарын жасасуға және оларды орындауға мынадай жағдайларда:
1) жұмыс істеу, оқу, емделу немесе демалу мақсатында Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде уақытша болатын Қазақстан Республикасының резидент-жеке тұлғаларына Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде осы тұлғалардың уақытша болған кезеңіне ғана;
2) Қазақстан Республикасының резиденттері теңіз көлігінің қызметтеріне (каботаж қызметтерін ұсынатын кемелерді қоспағанда), коммерциялық авиацияға, ғарыштық ұшуларды іске қосуға және оның фрахтына (спутниктерді қоса алғанда) байланысты тәуекелдерді, сондай-ақ тауарларды, көлік құралдарының өздерін тасымалдау және осыдан туындайтын жауапкершілік тәуекелдерін сақтандыру бөлігінде жол беріледі.».
14-тармақтың 3) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3) 15-1-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«15-1-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға жеңілдікті жағдайлар беруге тыйым салу»;
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға жеңілдікті жағдайлар беруіне тыйым салынады.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаға жеңілдікті жағдайлар беру мәні, мақсаты, ерекшеліктері мен тәуекелі бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзімен ерекше қатынастар арқылы байланысты емес тұлғамен жасамайтын мәмілені сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғамен немесе оның мүддесінде жасауды білдіреді, атап айтқанда:
1) басқа сақтанушыларға қарағанда сақтандыру тарифін төмендетіп қолдану не сақтандыру төлемін жоғарылатып жүзеге асыру;
2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаға сатып алынатын мүлікке және (немесе) көрсетілетін қызметтерге құны уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген мөлшерден асатын мәміле немесе мәмілелер жиынтығы бойынша үшінші тұлғаларға осыған ұқсас сатып алынатын мүлік және (немесе) көрсетілетін қызметтер ақысын төлеуге қарағанда жоғары бағамен ақы төлеу;
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаға мүлікті осыған ұқсас мүлікті үшінші тұлғаларға сатқаннан төмен немесе нарықтық құнынан төмен құны бойынша сату;
4) уәжді пайымдауды пайдалану жолымен бұрын уәкілетті орган жеңілдікті жағдайлары бар мәмілелерге жатқызған мәмілелерді жасау.
Мәмілелерді жеңілдікті жағдайлары бар мәмілелерге жатқызудың қосымша өлшемшарттары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар деп мыналар танылады:
1) осы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының лауазымды адамы немесе басшы қызметкері, филиалының бірінші басшысы және бас бухгалтері, сондай-ақ олардың жұбайы (зайыбы) және жақын туыстары;
2) осы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы болып табылатын жеке немесе заңды тұлға не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысының лауазымды адамы, сондай-ақ олардың жұбайы (зайыбы) және жақын туыстары;
3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында аталған тұлғалар орналастырылған акциялардың (артықшылықты және сатып алынған акцияларды қоспағанда) немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерінің он және одан көп пайызын иеленетін не лауазымды адамдары болып табылатын заңды тұлға;
4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының үлестес тұлғалары;
5) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты белгілеріне сәйкес келетін жеке немесе заңды тұлға.
Уәкілетті орган уәжді пайымдауды пайдалану жолымен жеке немесе заңды тұлғаны сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға жатқызуға құқылы. Бұл жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органның қадағалап ден қоюдың тиісті шарасын алған күннен бастап сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы осы жеке немесе заңды тұлғаны онымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлға деп таниды.
Тәуелсіз директор, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдинг және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) он және одан көп пайызы осындай ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалар, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тәуелсіз директор болып табылатын лауазымды адамы басқару органдарында тәуелсіз директор болып табылатын заңды тұлғалар, сондай-ақ уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған өзге де тұлғалар осы баптың мақсаттары үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар деп танылмайды.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғамен мәміле, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының директорлар кеңесі осындай мәмілелердің үлгі шарттарын бекіткен және үшінші тұлғалармен жасалған осыған ұқсас мәмілелерге қолданылатын жағдайларды қоспағанда, осы баптың 1-тармағының талаптары ескеріле отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы директорлар кеңесінің шешімімен ғана жасалуы мүмкін.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға берілген (тұлғаларда орналастырылған) активтерге қатысты талап ету құқықтарынан бас тарту акционерлердің жалпы жиналысын кейіннен хабардар ете отырып жүзеге асырылады.
Осы баптың 2-1-тармағында аталған тұлға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен:
оның өзі;
оның кез келген жақын туысы немесе оның жұбайы (зайыбы);
ол немесе оның жақын туыстарының бірі, оның жұбайы (зайыбы) лауазымды адамы (тәуелсіз директорды қоспағанда) немесе ірі қатысушысы болып табылатын кез келген заңды тұлға арасындағы кез келген мәміле бойынша шешімдерді қарауға және қабылдауға қатыспауға тиіс.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлға арасындағы кез келген мәміле бойынша директорлар кеңесінің шешімі директорлар кеңесі оның барлық шарттарын қарағаннан кейін ғана қабылдануы мүмкін.»;
4-1-тармақ алып тасталсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар туралы, сондай-ақ осы тұлғалармен жасалған барлық мәмілелер туралы ақпаратты уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен, мерзімдерде және нысандар бойынша беруге міндетті.»;
5-1-тармақ алып тасталсын;
14-тармақтың 4) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4) 18-1-баптың 5-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шарасын қоспағанда, сақтандыру агенті жасаған, Қазақстан Республикасы заңнамасының анықталған бұзушылықтары бойынша сақтандыру ұйымына уәкілетті орган қолданған қадағалап ден қою шарасы;»;
5) 20-бапта:
14-тармақтың 5) тармақшасының екінші - он тоғызыншы абзацтары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің және сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның аудитін Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес аудит жүргізуге құқықты және осы баптың 1-1-тармағының талаптарына сәйкес келетін аудиторлық ұйым жүргізеді.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Аудиторлық ұйымның:
тексерілетін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, оның акционерлеріне және басшы қызметкерлеріне тәуелсіз екенін;
тексерілетін сақтандыру брокеріне, оның акционерлеріне (қатысушыларына) және басшы қызметкерлеріне тәуелсіз екенін;
тексерілетін сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға, оның акционерлеріне және басшы қызметкерлеріне тәуелсіз екенін;
лицензияға сәйкес аудиторлық қызметті жүзеге асыруға уәкілетті және аудиторлық қызмет саласындағы мемлекеттік реттеу мен аудиторлық және кәсіби аудиторлық ұйымдардың қызметіне бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлеген, қаржы ұйымдарына міндетті аудит жүргізетін аудиторлық ұйымдарға қойылатын ең төмен талаптарға сәйкес келетінін не резиденті болып табылатын мемлекеттің құзыретті органының лицензиясына сәйкес аудиторлық қызметті жүзеге асыруға уәкілетті екенін растайтын құжаттар ұсынылған жағдайда аудиторлық есеп жарамды деп танылады.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның, сақтандыру холдингінің және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі ірі қатысушылары болып табылатын ұйымдардың, сондай-ақ сақтандыру тобына кіретін ұйымдар бір аудиторлық ұйымда қатарынан жеті жылдан аса не аудиторлық ұйымда жұмыс істейтін аудиторда қатарынан бес жылдан аса өзінің қызметіне аудит жүргізуге құқығы жоқ.
Осы тармақтың талабы банк конгломератының құрамына кіретін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қолданылмайды.»;
8-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Қаржы жылының қорытындысы бойынша аудит жүргізу сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары (сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясынан айырылған немесе мәжбүрлеп тарату процесінде тұрған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын қоспағанда), сақтандыру холдингтері және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі ірі қатысушылары болып табылатын ұйымдар, сақтандыру брокерлері, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйым үшін міндетті. Аудиторлық ұйымның аудиторлық есебі мен ұсынымдарының көшірмелерін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру холдингтері, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі ірі қатысушылары болып табылатын ұйымдар, сақтандыру брокерлері, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйым және аудиторлық ұйымдар уәкілетті органға осы құжаттарды алған немесе олар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, сақтандыру холдингтеріне және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі ірі қатысушылары болып табылатын ұйымдарға, сақтандыру брокерлеріне, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға ұсынылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде ұсынуға тиіс.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру холдингі, сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйым, сақтандыру брокері, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйым сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру тобының, сақтандыру брокерінің, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның қаржылық жағдайына әсер ететін, аудиторлық есепте көрсетілген кемшіліктерді уәкілетті орган айқындаған мерзім ішінде жоймаған жағдайда, уәкілетті орган кемшіліктер жойылғанға дейін:
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, сақтандыру брокеріне, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға - қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөнінде осы Заңның 53-3-бабында көзделген шараларды;
сақтандыру холдингіне, сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйымға - осы Заңның 53-4-бабының 2-тармағында көзделген қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.
Сақтандыру холдингі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру тобының қаржылық жағдайына әсер ететін, аудиторлық есепте көрсетілген кемшіліктерді аталған тұлғалар осы есепті алған күннен бастап бір жыл ішінде жоймаған жағдайда, уәкілетті орган кемшіліктер жойылғанға дейін сақтандыру холдингіне осы Заңның 53-4-бабының 3-тармағында көзделген қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.»;
мынадай мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын;
«11. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру холдингтерінің және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі ірі қатысушылар болып табылатын ұйымдардың, сақтандыру брокерлерінің, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның активтерін, міндеттемелерін және шартты міндеттемелерін тану бөлігінде аудиторлық есепте жазылған, қаржылық есептілік және (немесе) қаржылық есептілікке байланысты өзге де ақпарат туралы пікірлер мен тұжырымдардың уәкілетті орган жүргізген тексеру нәтижелерінен ауытқуы анықталған жағдайда, уәкілетті орган аудиторлық ұйымнан осындай ауытқу себептерін түсіндіруді талап етуге құқылы.»;
14-тармақтың 5) тармақшасының жиырма екінші - отыз жетінші абзацтары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 12, 13, 14 және 15-тармақтармен толықтырылсын:
«12. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметінде тәуекелдер мен кемшіліктерді анықтаған жағдайда, одан тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін бағалауға, оның ішінде стратегия мен бизнес-модельге қатысты, корпоративтік басқару жүйесін бағалауға, ақпараттық технологиялар тәуекелдерін басқару жүйесін бағалауға, ақпараттық қауіпсіздік жүйесінің тиімділігін, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін бағалауға қатысты өзге ақпаратқа аудит (бұдан әрі - өзге ақпарат аудиті) жүргізуді тексеруге жататын мәселелер тізбесін, аудиттелетін кезеңді және аудиторлық ұйымның уәкілетті органға өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық қорытынды ұсыну мерзімін көрсете отырып, талап етуге құқылы.