2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) ауылшаруашылық өнiмiн өндiруді басқару жүйелерiн дамыту;
7) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту;
8) 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен 8-1), 8-4) тармақшалармен толықтырылды
8-1) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алу кезінде халықтың табысы аз топтарын қолдау;
8-2) ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өсіру;
8-3) отандық ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу үлесін ұлғайту;
8-4) 2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 8-5) тармақшамен толықтырылды
8-5) қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 8-6) тармақшамен толықтырылды
8-6) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау;
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 8-7) тармақшамен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді және 2020 ж. 31 желтоқсанға дейін қолданылады)
8-7) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау;
2015.29.10. № 373-V ҚР Заңымен 8-8) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
8-8) ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығыстарын субсидиялау;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 8-9) тармақшамен толықтырылды
8-9) жеке және заңды тұлғаларға жеміс дақылдарының бактериялық күйігін жұқтырған жойылған жеміс-жидек дақылдарын отырғызу мен өсіру шығындарын өтеу;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 8-10) тармақшамен толықтырылды
8-10) ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды әзірлеуге және ендіруге арналған шығындардың құнын субсидиялау;
9) агроөнеркәсiптiк кешендi субсидиялаудың Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де бағыттары бойынша жүзеге асырылады.
3. 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды; 2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Агроөнеркәсіп кешенін субсидиялау:
2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
1) субсидия алушы мемлекеттік статистика органдарына алынған өнімнің жалпы түсімі және оның ай сайын жұмсалуы туралы дәйекті мемлекеттік статистикалық есептілікті беру туралы агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы және ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша міндеттеме қабылдаған жағдайда, агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
2) 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді және 2020 ж. 31 желтоқсанға дейін қолданылады); 2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді
5. Осы баптың 2-тармағының 8-7) тармақшасында көзделген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау тиісті тоқсанда не жылы мынадай ауыл шаруашылығы өнімдерін:
1) тірі ірі қара малды;
2) тірі жылқыларды және басқа да жылқы тұқымдас жануарларды;
3) тірі түйелерді және түйе тектілерді;
4) тірі қойлар мен ешкілерді;
5) тірі шошқаларды;
6) тірі үй құсын;
7) тауықтың шағылмаған жаңа жұмыртқасын;
8) ірі қара малдың, шошқалардың, қойлардың, ешкілердің, жылқылар мен жылқы тұқымдас жануарлардың жас немесе тоңазытылған етін;
9) сауын ірі қара малдың шикі сүтін;
10) үй құсының жас немесе тоңазытылған етін;
11) картопты;
12) сәбізді;
13) қырыққабатты;
14) баклажанды;
15) қызанақты;
16) қиярды;
17) сарымсақты;
18) пиязды;
19) қант қызылшасын;
20) алмаларды;
21) алмұрттарды;
22) айваны;
23) өріктерді;
24) шиені;
25) шабдалыны;
26) қара өрікті;
27) ірі қара малдың, жылқы тұқымдас жануарлардың, қойлардың, ешкілердің түтілген жүнін, терісін, иленбеген былғарысын өткізуден түскен кірісі өнімді өткізуден түскен кірісінің кемінде 90 пайызын құраған агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға қаржы жылының әрбір тоқсанының қорытындысы бойынша не күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша беріледі.
Осы тармақты қолдану мақсатында өнім түрлерін айқындау (осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген өнім түрінен басқа) техникалық реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнім сыныптауышына сәйкес жүзеге асырылады.
Осы тармақта көзделген субсидияны беру, сондай-ақ субсидия беру үшін белгіленген шарттар орындалмаған жағдайда, осындай субсидия шеңберінде алынған ақшаны қайтару тәртібі мен мерзімдерін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен және салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
12-бап. Аграрлық азық-түлiк нарықтарын мемлекеттік реттеу
1. Азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердi қолдау мақсатында аграрлық азық-түлiк нарықтарын мемлекеттік реттеу:
2012.10.07. № 33-V ҚР Заңымен (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда
1) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.08.06. № 317-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кедендік-тарифтік, тарифтік емес реттеу шараларымен ішкi нарықты қорғау, арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану арқылы жүзеге асырылады.
2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді; 2012.10.07. № 33-V ҚР Заңымен (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Азық-түлік тауарларының нарығын тұрақтандыру мақсатында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктері іске асырылады.
3. 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4. 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5. 2012.10.07. № 33-V ҚР Заңымен алып тасталды (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13-бап. Ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық қауiпсіздiктi қамтамасыз ету
1. Ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық қауiпсіздiктi қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Мемлекет ауыл шаруашылығы өнiмінің сапасы мен қауіпсiздігін халықаралық талаптарға сәйкес келтiру мақсатында:
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды, карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалауды, фитосанитариялық бақылауды жүргiзу;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда
2) ветеринария саласындағы уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы, диагностикасы және оларды жою;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыратын, мал шаруашылығы өнiмi мен шикiзатын дайындайтын мемлекеттiк пункттердi, сою алаңдарын (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарын), мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), пестицидтердi және олардың ыдыстарын арнайы сақтау орындарын (қорымдарды) ұйымдастыру;
4) Қазақстан Республикасының аумағын қорғауға және мал мен адамға ортақ аурулардың таралуына жол бермеуге бағытталған ветеринариялық iс-шараларды;
5) зиянды және аса қауiптi зиянды организмдердiң таралуына жол бермеуге, Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден қорғауға, сондай-ақ олардың таралу ошақтарын анықтауға, шектеуге және жоюға бағытталған фитосанитариялық iс-шараларды;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты алып қою және жою салдарынан агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiне келтiрiлген залалды өтеу;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды
7) жеке және заңды тұлғаларға жеміс дақылдарының бактериялық күйігін жұқтырған жойылған жеміс-жидек дақылдарын отырғызу мен өсіруге шығындарын өтеу іс-шараларын жүзеге асырады.
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 13-1-баппен толықтырылды
13-1-бап. Ауылшаруашылық өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету
1. Ауылшаруашылық өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсетуді Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мемлекеттік мекеме жүзеге асырады.
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік мекеменің функциялары:
топырақты агрохимиялық зерттеп қарауды жүргізу;
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің құнарлылығына мониторинг жүргізу;
топырақ құнарлылығы деңгейінің болжамы мен динамикасын жүргізу;
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің агрохимиялық жай-күйі туралы ақпараттық деректер банкін құру және жүргізу;
өсімдік шаруашылығы өнімінің және оны қайта өңдеуден алынған өнімдердің сапасын бағалау болып табылады.
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік мекеме:
топырақты агрохимиялық зерттеп қарауды жүргізу;
өсімдік шаруашылығы өнімінің және оны қайта өңдеуден алынған өнімдердің сапасын бағалау;
жер учаскелері меншік иелерінің және жер пайдаланушылардың өтініші бойынша топырақтың құрамындағы макро-, микроэлементтерді, ауыр металдарды, су сіріндісін қосымша зерттеп қарауды жүргізу;
сынақтан өткізу нәтижелері бойынша қорытынды бере отырып, аспаптар мен зертхана жабдығын, агрохимия саласындағы химиялық талдамалардың әдістемелерін байқаудан өткізу;
топыраққа, өсімдік шаруашылығы өніміне және оны қайта өңдеуден алынған өнімдерге химиялық талдаулар жүргізудің, тыңайтқыштар жүйесін жасаудың, жер учаскелерін пайдаланудың әдістері мен қағидалары жөнінде консультациялық қызметтер көрсету бойынша ақылы қызметтер көрсетуге құқылы.
4. Мемлекеттік мекемені қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 13-2-баппен толықтырылды
13-2-бап. Суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйін мониторингтеу мен бағалауды қамтамасыз ету
1. Суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйін мониторингтеу мен бағалауды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын республикалық мемлекеттік мекемелер жүзеге асырады.
2. Республикалық мемлекеттік мекемелердің функциялары мыналар болып табылады:
1) суармалы жерлерді агромелиорациялық зерттеп-қарау, олардың бар-жоғы мен пайдаланылуын мониторингтеу;
2) суармалы жерлердегі жерасты суларының деңгейлік-тұздылық режиміне гидрогеологиялық байқаулар ұйымдастыру және жүргізу;
3) суармалы жерлерде топырақ-мелиорациялық ізденістер мен зерттеп-қараулар жүргізу;
4) коллекторлық-дренаждық сулардың ағысын айқындау және суару, жер астындағы және коллекторлық-дренаждық сулардың химизмін байқау;
5) мемлекеттік байқау ұңғымаларының желісін бұрғылау мен жабдықтауды, топографиялық-геодезиялық, зертханалық және басқа да зерттеулер мен іздестіру жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
6) суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйін бағалау және оларды жақсарту мен ұтымды пайдалану жөнінде ұсынымдар әзірлеу;
7) суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйін мониторингтеу мен бағалауды жүргізу бойынша нормативтік және әдістемелік құжаттама әзірлеу.
3. Республикалық мемлекеттік мекемелер:
1) суармалы жерлердің топырақ-мелиорациялық және тұздылық түсірілімін жүргізу;
2) жерасты суларының деңгейіне гидрорежимдік байқаулар жүргізу;
3) топырақ пен суға олардағы тұздың мөлшеріне талдаулар жүргізу;
4) жер бетіндегі және жер астындағы суларға ирригациялық бағалау жүргізу және оларды суару үшін қолдану жөнінде ұсынымдар әзірлеу;
5) байқау ұңғымаларын жабдықтау және суға ұңғымаларды бұрғылау бойынша ақылы қызметтер көрсетуге құқылы.
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 14-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
14-бап. Агроөнеркәсiптiк кешендi техникалық және технологиялық қамтамасыз ету
Агроөнеркәсiптiк кешендi техникалық және технологиялық қамтамасыз етудi мемлекеттік реттеу:
1) машина-трактор паркiн және технологиялық құрал-жабдықтарды жаңартуды ұйымдастыру;
2) машина-технологиялық станциялар (сервис орталықтары) желісін дамыту және олардың қызметiнiң мониторингiн жүзеге асыру;
3) ауыл шаруашылығы машиналарын жасаудың отандық және шетелдiк өндiрiсi өнiмдерiн сынақтан және мiндеттi сертификаттаудан өткізу;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асыру;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды
5) технологиялар трансферті жөніндегі мамандандырылған ұйымның озық отандық және шетелдік технологияларды іздеуі, трансферті және ендіруі арқылы жүзеге асырылады.
14-1-бап. 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
15-бап. Агроөнеркәсiптiк кешендi ақпараттық-маркетингтiк қамтамасыз ету
1. Агроөнеркәсiптiк кешендi ақпараттық-маркетингтік қамтамасыз ету:
1) агроөнеркәсіптiк кешеннiң ақпараттық-маркетингтiк жүйесiн ұйымдастыру;
2007 жылғы 27 наурыздағы № 242-III ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) агроөнеркәсіптік кешенді агрометеорологиялық және ғарыштық мониторинг деректерімен қамтамасыз ету;
2) кемiнде он жылда бір рет ауыл шаруашылығы санағын жүргiзу;
3) ақпараттық материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау және мамандандырылған жинақтарды, журналдарды, тақырыптық басылымдарды басып шығару;
2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және ақпараттық жүйелердi құруға және дамытуға жәрдемдесу;
5) көрме-жәрмеңкелер ұйымдастыру және отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердің өнiмiне жарнамалық қолдау көрсету;
6) оқытып-үйрету семинарларын ұйымдастыру;
2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды
7) электрондық қызмет көрсету арқылы жүзеге асырылады.
2. Мамандандырылған ұйымдардың агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiне өтеусiз негiзде беруiне жататын ақпарат пен қызметтердiң тiзбесiн агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту саласындағы уәкiлетті орган айқындайды.
2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 33-V ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 16-бап өзгертіліді
16-бап. Агроөнеркәсiптік кешен саласындағы мамандандырылған ұйымдар
Мамандандырылған ұйымдарды құру тәртібі, олардың ұйымдық-құқықтық нысандары мен мiндеттерi Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады.
2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен мазмұн 16-1-баппен толықтырылды; 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 16-бап жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді және 2020 ж. 31 желтоқсанға дейін қолданылады) (бұр.ред.қара)
16-1-бап. Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы сервистік-дайындау орталықтары және дайындаушы ұйымдар
1. Агроөнеркәсіптік кешенді орнықты дамыту, ауыл шаруашылығы құралымдарының және жеке қосалқы шаруашылықтардың өндірістік әлеуетін неғұрлым тиімді пайдалану, қайта өңдеуші кәсіпорындармен тікелей орнықты байланыстар орнату мақсатында сервистік-дайындау орталықтары және дайындаушы ұйымдар құрылуы мүмкін.
2. Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйым мыналардан:
1) жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын тұлғадан;
2) шаруа немесе фермер қожалығынан;
3) ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді және өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлғадан сатып алынған, осы Заңның 11-бабының 5-тармағында көзделген ауыл шаруашылығы өнімін дайындауды, сақтауды, тасымалдауды және өткізуді жүзеге асыратын аккредиттелген заңды тұлға болып табылады.
3. 2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4. Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарында (әкімдіктерде) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде жүргізіледі.
5. Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдар тоқсаннан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына (әкімдіктерге) ауыл шаруашылығы өнімін сатып алу және мұндай өнімді өткізу жөніндегі мәліметтерді ұсынуға міндетті.
17-бап. Агроөнеркәсiптік кешенді ғылыми қамтамасыз ету және ол үшін кадрлар даярлау
Агроөнеркәсiптiк кешендi дамытуды ғылыми және кадрмен қамтамасыз етудi мемлекеттік қолдау:
1) ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) агроөнеркәсіптік кешен мен аграрлық ғылымды дамытудың басым бағыттары бойынша, оның ішінде ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарын дамыту бағдарламаларын әзірлеу мен іске асыруды ұйымдастыру, олардың инфрақұрылымын жаңғырту, профессорлық-оқытушылық құрамның біліктілігін арттыру және жаңа білім беру бағдарламаларын әзірлеу арқылы кадрларды даярлауды және қайта даярлауды, аттестаттауды;
3) өндiрiске ғылыми әзiрлемелердi тарату мен енгізудi;
4) өсiмдiктердiң жоғары бағалы сорттарының, ауыл шаруашылығы малының, құстардың және балықтардың жоғары бағалы тұқымдары мен түрлерiнiң тектiк қорларын сақтауды және дамытуды;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) агроөнеркәсiптiк кешенге кадрлар даярлауды жүзеге асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдары үшiн машина-трактор паркiн құруды және технологиялық жабдықты жаңартып отыруды;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды
6) ғылымды, білімді және өндірісті интеграциялауды ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.
2009.16.07. № 186-IV ҚР Заңымен 18-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
18-бап. Ауылдық аумақтарды дамыту
1. Ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу ауылдық аумақтардың әлеуметтік және инженерлiк инфрақұрылымын дамытуға және ауыл халқын қолайлы тұрмыс жағдайларымен қамтамасыз етуге бағытталған.
2. Мемлекет ауылдық аумақтарды дамытуды:
1) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) ауылдық елдi мекендердi әлеуметтiк-экономикалық даму деңгейi және экологиялық жай-күйi бойынша сыныптау;
3) ауылдық аумақтардың әлеуметтік және инженерлiк инфрақұрылым объектiлерiмен қамтамасыз етiлуiнің және ауылдық елдi мекендердiң экологиялық жай-күйінің нормативтерiн әзiрлеу;
4) мыналардың:
ауыл тұрғындарының ауылдық аумақтардың әлеуметтік және инженерлiк инфрақұрылым қызметтерiмен қамтылу жай-күйінің;
ауылдық елдi мекендердiң экологиялық жай-күйiнiң мониторингiн жүргiзу;
5) ауылдық аумақтардың әлеуметтiк және инженерлiк инфрақұрылымын құру және дамыту;
6) ауылды оңтайлы қоныстандыру;
2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.03.07. № 357-VI ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7) ауылдық елді мекендерге денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жұмыскерлерінің, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттары мемлекеттік қызметшілерінің тартылуын ынталандыру арқылы реттейді.
3. Экологиялық жағдайы қолайсыз және экономикалық әлеуетi төмен ауылдық елдi мекендерде тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарының, өздерiнiң келісімiмен қоныс аударған кезде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік қолдауға құқығы бар.
2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер жергiлiктi өкiлдi органдардың (мәслихаттардың) шешiмi бойынша белгiленуi мүмкiн.
2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау жергілікті өкілді органдар (мәслихаттар) бекіткен тәртіппен және мөлшерде көрсетіледі.
2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді
6. Ауылдық елдi мекендерге тартуға ынталандыру мақсатында денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандар жергілiктi атқарушы органдардың (әкiмдiктердiң) шешiмi бойынша қызметтiк тұрғын үймен не қызметтiк тұрғын үй болмаған жағдайда, жеке тұрғын үй қорында жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын жаймен қамтамасыз етіледi.
2008.24.12. № 111-III ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды; 2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді
7. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын және ауылдық елді мекендерде орналасқан мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың айлықақыларымен және тарифтік мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленеді.
2008.24.12. № 111-III ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды; 2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 8-тармақ өзгертілді; 2020.03.07. № 357-VI ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)