312-1-бап. Қаржы ұйымдарын және бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымдары болып табылмайтын ұйымдарды қайта құрылымдау туралы істерді қарау
Қаржы ұйымдарын және бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымдары болып табылмайтын ұйымдарды қайта құрылымдау туралы істерді осы Кодексте көзделген жалпы ережелер бойынша, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, ауданаралық экономикалық сот қарайды.
Осы тараудың ережелері бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымы болып табылмайтын ұйымның қайта құрылымдауды жүргізуіне қолданылады.
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.17.11. № 254-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 312-2-бап өзгертілді
312-2-бап. Қайта құрылымдау туралы өтініш беру
1. Қаржы ұйымын қайта құрылымдау туралы арызды қаржы ұйымы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа береді.
2. Қаржы ұйымын қайта құрылымдау үшін заңмен көзделген негіздеме көрсетілуге тиіс қайта құрылымдау туралы өтінішке:
1) қаржы ұйымы директорлар кеңесінің қайта құрылымдауды жүргізу туралы шешімі;
2) қаржы ұйымының қаржы ұйымын қайта құрылымдау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен жазбаша келісімі;
3) мынадай ақпарат:
қайта құрылымдауды жүргізудің тәртібі мен мерзімі;
қайта құрылымданатын активтер мен міндеттемелердің тізбесі;
қайта құрылымдау шеңберінде жүргізілетін іс-шаралар;
активтер мен міндеттемелерді қайта құрылымдаудан алынатын болжамды қаржылық нәтижелер;
қызметте қолданылатын шектеулер қамтылған қаржы ұйымын қайта құрылымдау жоспарының жобасы қоса тіркеледі.
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 312-3-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
312-3-бап. Өтінішті қарау
Сот қаржы ұйымын қайта құрылымдау туралы өтінішті ол соттың іс жүргізуіне қабылданған күннен бастап бес күн ішінде қарайды.
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 125-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.17.11. № 254-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 312-4-бап өзгертілді
312-4-бап. Соттың өтініш бойынша шешімі
1. Сот қаржы ұйымын қайта құрылымдау туралы өтінішті қарап, қаржы ұйымын қайта құрылымдауды жүргізу туралы шешім шығарады, онда:
1) мыналардың:
қайта құрылымдау көзделетiн мiндеттемелер бойынша талаптарды қанағаттандыру туралы соттардың, төрелiктің және аралық соттардың бұрын қабылдаған шешiмдерiнiң;
қайта құрылымдауды жүргiзу туралы соттың шешiмi күшiне енгенге дейiн және қаржы ұйымын қайта құрылымдау кезеңiнде мәлiмделген, кредиторлардың алдында мiндеттемелерді қайта құрылымдау көзделетiн қаржы ұйымы кредиторлары талаптарының орындалуы тоқтатыла тұрады;
2) қаржы ұйымын қайта құрылымдаудың мерзімі және қайта құрылымдауды жүргізуге, кредиторлар жиналысын шақыруға және өткізуге жауапты лауазымды адамдар белгіленген қаржы ұйымын қайта құрылымдауды жүргізу туралы нұсқау қамтылуға тиіс.
2. Қаржы ұйымын қайта құрылымдауды жүргізу туралы сот шешімі заңды күшіне енген кезден бастап:
1) мыналарды:
қайта құрылымдау көзделетін міндеттемелер бойынша талаптарды қанағаттандыру туралы соттардың, төрелік және аралық соттардың бұрын қабылдаған шешімдерінің;
қайта құрылымдауды жүргізу туралы соттың шешімі күшіне енгенге дейін және қаржы ұйымын қайта құрылымдау кезеңінде мәлімделген кредиторлардың алдындағы міндеттемелерін қайта құрылымдау көзделетін қаржы ұйымы кредиторлары талаптарының орындалуы тоқтатыла тұрады;
2) қаржы ұйымының мүлкін өндіріп алуға жол берілмейді.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3 бөлігі жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Қаржы ұйымын қайта құрылымдау жүргізу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің көшірмесін сот қаржы ұйымына, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және аумақтық әділет органдарына жібереді.
312-5-бап. Қайта құрылымдау жоспарын соттың бекітуі
Қаржы ұйымын қайта құрылымдау жоспарын кредиторлар мақұлдағаннан кейін қаржы ұйымы қайта құрылымдау жоспарын соттың бекітуіне ұсынуға міндетті. Қайта құрылымдау жоспарымен бірге қаржы ұйымы сотқа қаржы ұйымы кредиторлары жиналысының қаржы ұйымын қайта құрылымдау жоспарын мақұлдауы туралы хаттамасын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен ұсынады.
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 125-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 312-6-бап өзгертілді
312-6-бап. Соттың қайта құрылымдауды тоқтату туралы шешімі
1. Соттың қаржы ұйымын қайта құрылымдауды тоқтату туралы шешімі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өтінішімен:
1) қайта құрылымдауды жүргізу туралы сот шешімімен көзделген қаржы ұйымын қайта құрылымдау мерзімінің өтіп кетуі;
2) қайта құрылымдау жоспарында көзделген шаралар кешенінің жүзеге асырылуы;
3) қаржы ұйымын қайта құрылымдау:
қаржы ұйымын қайта құрылымдау қаржы ұйымы қызметінің қаржылық нәтижелерін жақсартуға алып келмейтініне жеткілікті негіздердің болуы;
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен алынған қаржы ұйымы кредиторлары мақұлдауының болмауы;
қайта құрылымдау жоспарында көзделген іс-шаралардың орындалмауы;
қайта құрылымдау кезеңінде уәкілетті орган қабылдаған нұсқамалардың орындалмауы жағдайында мерзімінен бұрын тоқтатылуы негіздері бойынша қабылданады.
Қайта құрылымдау жоспарында көзделген шаралар кешенiн жүзеге асыру, орындалуына орай, қайта құрылымданған мiндеттемелер бойынша талаптарды қанағаттандыру туралы соттардың, төрелiктің және аралық соттардың бұрын қабылдаған шешiмдерi бойынша мiндеттемелердiң тоқтатылуына әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өтінішін сот оны іс жүргізуіне қабылдаған күннен бастап бес күн ішінде қарайды.
2012.17.02. № 564-ІV ҚР Заңымен 35-тарау жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен 35-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
35-тарау. Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың банкроттығы, заңды тұлғаларды жеделдетілген оңалту рәсімі және оңалту туралы iстердi қарау
2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен 313-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
313-бап. Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың банкроттығы, заңды тұлғаларды жеделдетілген оңалту рәсімі және оңалту туралы iстердi қарау
Сот дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың банкроттығы, заңды тұлғаларды жеделдетілген оңалту рәсімі және оңалту туралы iстердi Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында белгіленген ерекшеліктермен осы Кодексте көзделген жалпы қағидалар бойынша қарайды.
36-тарау. Жылжымалы мүлікті иесіз деп тану және жылжымайтын мүлікке коммуналдық меншік құқығын тану
2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.17.11. № 254-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 314-бап өзгертілді
314-бап. Арыз беру
1. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген жағдайларда жылжымалы затты иесіз деп тану туралы арыз осы затты иеленуге кіріскен жеке тұлға тұратын жердегі немесе ұйым орналасқан жердегі сотқа жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында беріледі.
2. Жылжымайтын мүлікке коммуналдық меншік құқығын тану туралы арызды коммуналдық мүлікті басқаруға уәкілетті орган сол мүлік орналасқан жердегі сотқа жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында береді.
3. Егер коммуналдық мүлікті басқаруға құқық уәкілеттігі берілген орган жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органның осы мүлікті есепке алған күнінен бастап бір жыл өткенге дейін сотқа арызбен жүгінсе, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 242-бабы 3-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген жағдайды қоспағанда, сот жылжымайтын мүлікке коммуналдық меншік құқығын тану туралы арызды кері қайтарады.
315-бап. Арыздың мазмұны
1. Жылжымалы мүлікті иесіз деп тану туралы арызда қандай мүліктің иесіз деп тануға жататындығы көрсетілуге, оның негізгі ерекше белгілері сипатталуға, сондай-ақ мүлікке меншік құқығын сақтау ниетін көздемей, сол мүлікті меншік иесінің тастап кетуін куәландыратын дәлелдер және арыз иесінің мүлікті иеленуге кіріскенін куәландыратын дәлелдер келтірілуге тиіс.
2. Коммуналдық мүлікті басқаруға құқық уәкілеттігі берілген органның жылжымайтын мүлікке коммуналдық меншік құқығын тану туралы арызында қандай мүліктің иесіз деп танылатыны, оның иесіз мүлік ретінде қай уақытта есепке қойылғаны көрсетілуге, сондай-ақ осы мүлікке меншік құқығын сақтау ниетін көздемей, меншік иесінің осы мүлікті тастап кеткенін куәландыратын дәлелдемелер келтірілуге тиіс.
316-бап. Арызды қарау
Жылжымалы мүлікті иесіз деп тану туралы немесе жылжымайтын мүлікке коммуналдық меншік құқығын тану туралы арызды сот арыз берушінің және іс бойынша барлық мүдделі адамдардың қатысуымен қарайды.
317-бап. Арыз бойынша сот шешімі
1. Жылжымалы мүлік иесінің болмауын не иесінің оған меншік құқығын сақтау ниетін көздемей тастап кеткенін тани отырып, сот жылжымалы мүлікті иесіз деп тану туралы және оны иеленуге кіріскен адамның меншігіне беру туралы шешім шығарады.
2. Жылжымайтын мүлік иесінің болмауын не оның меншік құқығын сақтау ниетін көздемей тастап кеткенін және белгіленген тәртіппен есепке алынғандығын таныған соң сот жылжымайтын мүлікті иесіз деп тану және коммуналдық меншік құқығын тану туралы шешім шығарады.
ҚР 11.07.01 ж. № 238-II Заңымен 36-1-тараумен толықтырылды
36-1 тарау. Ұл (қыз) асырап алу туралы өтініштер бойынша іс жүргізу
2008.05.07. № 64-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.17.11. № 254-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 317-1-бап өзгертілді
317-1-бап. Өтiнiш беру
Жасы кәмелетке толмаған ұл немесе қыз асырап алу (бұдан әрi - бала асырап алу) туралы өтінішті бала асырап алғысы келетін азаматтар баланың тұрғылықты (жүрген) жеріндегі кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында бередi.
Ескерту. Егер тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот құрылмаса, оның соттауына жататын істерді баланың тұрғылықты (тұратын) жеріндегі аудандық (қалалық) сот қарауға құқылы.
317-2-бап. Өтініштің мазмұны
1. Баланы асырап алу туралы өтініште:
1) бала асырап алушылардың (бала асырап алушының) фамилиясы, аты, әкесінің аты, олардың тұрғылықты жері;
2) асырап алынатын баланың фамилиясы, аты, әкесінің аты, туған күні, айы, жылы, оның тұрғылықты (жүрген) жері, асырап алынатын баланың ата-аналары, аға-інілері мен апа-қарындастарының бар-жоғы туралы мәліметтер;
3) бала асырап алушылардың (бала асырап алушының) баланы асырап алу жөніндегі негіздейтін мән-жайлар және осы мән-жайларды растайтын дәлелдемелер;
4) баланы асырап алушылар (бала асырап алушы) баланың тууы туралы акт жазбасына тиісті өзгерістер енгізгісі келген жағдайда, асырап алынатын баланың фамилиясын, атын, әкесінің атын, туған күнін (баланы бір жасқа дейін асырап алған жағдайда), асырап алынатын баланың туған жерін өзгерту туралы, баланың тууы туралы акт жазбасына бала асырап алушыларды (бала асырап алушыны) ата-аналар (ата-ана) ретінде жазу туралы өтініш көрсетілуге тиіс.
317-3-бап. Судьяның өтінішті қабылдап алғаннан кейінгі іс-әрекеті
Судья істі сотта қарауға әзірлеу кезінде асырап алынатын баланың тұрғылықты (жүрген) жеріндегі қамқоршылық және қорғаншылық органдарын асырап алудың негізділігі туралы және асырап алудың баланың мүддесіне сәйкестігі туралы сотқа қорытынды беруге міндеттейді.
317-4-бап. Өтініштерді қарау
Баланы асырап алу туралы істерді сот баланы асырап алушылардың (баланы асырап алушының) өздерінің, қамқоршы және қорғаншы органдар өкілдерінің, сондай-ақ прокурордың міндетті түрде қатысуымен қарайды.
Сот қажет болған жағдайларда, іске қатысуға асырап алынатын баланың ата-аналарын (ата-анасын) немесе өзге заңды өкілдерін, оның туысқандарын және басқа мүдделі адамдарды, сондай-ақ он жасқа толған баланың өзін тарта алады.
Сот баланы асырап алу туралы істерді соттың жабық отырысында қарайды.
317-5-бап. Соттың өтініш бойынша шешімі
Баланы асырап алу туралы өтінішті қарап, сот өтінішті қанағаттандыру не оны қанағаттандырудан толық бас тарту немесе бала асырап алушылардың (бала асырап алушының) өздерін баланың ата-аналары (ата-анасы) ретінде оның тууы туралы акт жазбасына жазу туралы, сондай-ақ баланың туған күні мен жерін өзгерту туралы өтінішін қанағаттандыру бөлігінде бас тарту туралы шешім шығарады.
Баланы асырап алу туралы өтiнiш қанағаттандырылған жағдайда, бала асырап алушылардың (бала асырап алушының) және асырап алынған баланың өзара құқықтары мен мiндеттерi сот шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап пайда болады.
Соттың заңды күшiне енген шешiмi баланы асырап алуды мемлекеттік тiркеу үшiн сот орналасқан жердегi азаматтық хал актілерін жазу органына, сондай-ақ қорғаншы және қамқоршы органға жiберiледi.
2005.23.02 № 33-III ҚР Заңымен 36-2-тараумен толықтырылды; 2005.08.07 № 67-III (бұр.ред. қара) ҚР Заңымен тақырыбы жаңа редакцияда; 2010.08.04. № 266-IV ҚР Заңымен 36-2-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.03.11. № 244-V ҚР Заңымен 36-2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
36-2-тарау. Қазақстан Республикасының және (немесе) басқа мемлекеттiң аумағында экстремизмдi немесе террористiк іс-әрекетті жүзеге асыратын ұйымды экстремистiк немесе террористік деп тану туралы, соның ішінде оның өз атауын өзгерткенін анықтау туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін, онда басып шығарылатын, әзірленетін және (немесе) таратылатын ақпараттық материалдарды экстремистiк немесе террористiк деп тану туралы өтiнiш бойынша iс жүргiзу
2005.08.07 № 67-III ҚР Заңымен; 2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.08.04. № 266-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 317-6-бап өзгертілді; 2014.03.11. № 244-V ҚР Заңымен 317-6-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
317-6-бап. Өтініш беру
Қазақстан Республикасының және (немесе) басқа мемлекеттің аумағында экстремизмді немесе террористік іс-әрекетті жүзеге асыратын ұйымды экстремистік немесе террористік деп тану туралы, соның ішінде оның өз атауын өзгерткенін анықтау туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін, онда басып шығарылатын, әзірленетін және (немесе) таратылатын ақпараттық материалдарды экстремистік немесе террористік деп тану туралы өтінішті прокурор осындай талаптарды мәлімдеген прокурордың орналасқан жері бойынша немесе осындай материалдардың табылған жері бойынша сотқа жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында береді.
2005.08.07 № 67-III (бұр.ред. қара) ҚР Заңымен; 2010.08.04. № 266-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 317-7-бап өзгертілді; 2014.03.11. № 244-V ҚР Заңымен 317-7-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
317-7-бап. Өтiнiштiң мазмұны
Өтiнiште Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экстремистік немесе террористік деп танылуы мүмкiн іс-әрекетті ұйымның Қазақстан Республикасының және (немесе) басқа мемлекеттiң аумағында жүзеге асыруы фактiсiн не оның өз атауын өзгерткенінің, сондай-ақ ақпараттық материалдарда экстремизм немесе терроризм белгілерінің және (немесе) оған шақыру болуының фактісін растайтын мән-жайлар жазылуға тиiс.
Прокурордың ұйымды экстремистiк немесе террористiк деп тану туралы, соның ішінде оның өз атауын өзгерткенін анықтау туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін, онда басып шығарылатын, әзірленетін және (немесе) таратылатын ақпараттық материалдарды экстремистiк немесе террористiк деп тану туралы өтiнiшiнде қамтылған материалдар шет мемлекеттердiң құзыреттi органдарынан алынған нақты деректердi де, соның iшiнде халықаралық соттардың және шет мемлекеттер соттарының сот шешiмдерiн де қамтуы мүмкiн.
2005.08.07 № 67-III (бұр.ред. қара) ҚР Заңымен; 2010.08.04. № 266-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 317-8-бап өзгертілді; 2014.03.11. № 244-V ҚР Заңымен 317-8-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
317-8-бап. Өтiнiш бойынша соттың шешiмi
Сот ұйымды экстремистік немесе террористік деп және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін, онда басып шығарылатын, әзірленетін және (немесе) таратылатын ақпараттық материалдарды экстремистік немесе террористік деп танып, ұйымның іс-әрекетіне тыйым салу және оны тарату және (немесе) ақпараттық материалдарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, онда басып шығаруға, әзірлеуге және (немесе) таратуға тыйым салу туралы, сондай-ақ ұйымның мүлкін тәркілеу және мемлекет кірісіне өндіріп алу туралы шешім шығарады.
Қазақстан Республикасының және (немесе) басқа мемлекеттің аумағында экстремизмді немесе террористік іс-әрекетті жүзеге асыратын ұйымды экстремистік немесе террористік деп тану туралы, соның ішінде оның өз атауын өзгерткенін анықтау туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін, онда басып шығарылатын, әзірленетін және (немесе) таратылатын ақпараттық материалдарды экстремистік немесе террористік деп тану туралы сот шешімі бұл туралы мәліметтерді өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органның арнайы есепке алу жүйесіне енгізу үшін негіз болады.
2009.10.07. № 178-IV ҚР Заңымен кодекс 36-3-тараумен толықтырылды
36-3-тарау. Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын, Қазақстан Республикасының заңнамалық
актілеріне қайшы келетін ақпараты бар шетелдік бұқаралық ақпарат құралының өнімін заңсыз деп тану
туралы өтініштер бойынша іс жүргізу
2013.03.07. № 125-V ҚР Заңымен 317-9-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2014.17.11. № 254-V ҚР Заңымен 317-9-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
317-9-бап. Арыз беру
Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне қайшы келетiн ақпараты бар шетелдiк бұқаралық ақпарат құралының өнiмiн заңсыз деп тану туралы арызды шетелдiк бұқаралық ақпарат құралының өнімінде заңды мүдделері қозғалған азаматтар және заңды тұлғалар, прокурор немесе уәкiлеттi орган арыз берушiнiң орналасқан жерi бойынша жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында бередi.
317-10-бап. Өтініштің мазмұны
Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келетін ақпараты бар шетелдік бұқаралық ақпарат құралының өнімін заңсыз деп тану туралы өтініште қандай ақпараттың осылай деп танылуға жататыны көрсетілуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне ақпараттық өнімнің сәйкес еместігі туралы куәландыратын дәлелдемелер келтірілуге тиіс. Өтініште мазмұндалған ақпараттың таратылғанын растайтын фактілер өтініште мазмұндалуға тиіс.
317-11-бап. Соттың өтініш бойынша шешімі
Сот Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келетін ақпараты бар шетелдік бұқаралық ақпарат құралының өнімін заңсыз деп танып, шетелдік бұқаралық ақпарат құралының өнімін Қазақстан Республикасының аумағында таратуды тоқтата тұру не тоқтату туралы шешім шығарады.
Соттың шешімі тиісті мемлекеттік органға жіберіледі.
2011.22.07. № 478-ІV ҚР Заңымен 36-4-тараумен толықтырылды
36-4-тарау. Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу туралы өтініш бойынша іс жүргізу
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 317-12-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2014.17.11. № 254-V ҚР Заңымен 317-12-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
317-12-бап. Өтініш беру
Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жіберу туралы өтінішті ішкі істер органдары шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның болған және (немесе) тіркелген жеріндегі сотқа жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында береді.
317-13-бап. Өтініштің мазмұны
1. Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу туралы өтініште Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылғанын куәландыратын мән-жайлар жазылуға тиіс.
2. Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу туралы өтінішке шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғанын растайтын құжаттар қоса беріледі.
317-14-бап. Өтінішті қарау
1. Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу туралы өтінішті сот іс қозғалған кезден бастап он күн ішінде қарайды.
2. Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу туралы өтініш шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның, сондай-ақ прокурордың міндетті түрде қатысуымен қаралады.
3. Сот шығындарын, сондай-ақ шығарып жіберу бойынша шығындарды шығарып жіберілетін шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар не Қазақстан Республикасына шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды шақырған ұйымдар немесе жеке тұлғалар көтереді. Аталған адамдардың шығарып жіберу бойынша шығыстарды өтеуге қаражаты болмаған не жеткіліксіз болған жағдайларда, тиісті іс-шараларды қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 317-15-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
317-15-бап. Өтініш бойынша сот шешімі
1. Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу туралы сот шешімі қабылданған күнінен бастап заңды күшіне енеді және шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу үшін негіз болып табылады.
2. Шешімде шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасының аумағынан кетуге тиіс мерзім көрсетіледі.
3. Сот шешімі орындау үшін ішкі істер органдарына жіберіледі.
2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 317-16-баппен толықтырылды
317-16-бап. Шығарып жіберу туралы сот актісін орындауды тоқтата тұру
Сот көрсеткен, шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасының аумағынан кетуге тиіс болатын мерзімге дейін шағым немесе наразылық келіп түскен жағдайда, шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу туралы сот шешімі шағымды немесе наразылықты қарағанға дейін тоқтатыла тұрады.
37-тарау. Азаматтық хал актілері жазбаларының жаңсақтықтарын анықтау
2014.17.11. № 254-V ҚР Заңымен 318-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
318-бап. Арыз беру
Егер құқық туралы дау болмаған кезде азаматтық хал актілерін жазу органдары жасалған жазбаға түзетулер енгізуден бас тартса, сот азаматтық хал актілерін жазу кітаптарындағы жазулардың жаңсақтықтарын анықтау туралы істі қарайды. Азаматтық хал актілерін жазу кітаптарындағы жазбаның жаңсақтығын анықтау туралы арыз оны берушінің тұратын жеріндегі не азаматтық хал актілерін жазу органы орналасқан жердегі сотқа жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында беріледі.
319-бап. Арыздың мазмұны
Арызда азаматтық хал актілерін жазу кітабындағы жазудың жаңсақтығы неде екендігі, қашан болғаны және азаматтық хал актілерін жазудың қандай органы жасалған жазбаны түзетуден немесе өзгертуден бас тартқандығы көрсетілуге тиіс.
320-бап. Арыз бойынша сот шешімі
Азаматтық хал актілерін жазу кітабындағы жазбаның жаңсақтығын анықтаған сот шешімі азаматтық хал актілерін жазу органдарының мұндай жазбаны түзетуіне немесе өзгертуіне негіз болып табылады.
38-тарау. Нотариаттық іс-әрекеттерге немесе оларды жасаудан бас тартуға жасалатын шағымдар
2014.17.11. № 254-V ҚР Заңымен 321-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
321-бап. Шағым беру
1. Жасалған нотариаттық іс-әрекетті немесе нотариаттық іс-әрекет жасаудан бас тартуды дұрыс емес деп есептейтін мүдделі адам бұл жөнінде нотариус немесе нотариаттық іс-әрекет жасайтын орган орналасқан жердегі аудандық сотқа жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында шағым беруге құқылы.
2. Заңдарда аталған лауазымды адамдардың өсиеттер мен сенімхаттарды дұрыс куәландырмауына немесе оларды куәландырудан бас тартуына шағымдар тиісті аурухана, басқа да стационарлық емдеу-профилактикалық мекеме, халықты әлеуметті қорғау мекемесі, тиісті халықты әлеуметтік қорғау органы, экспедиция, госпиталь, әскери-оқу мекемесі, әскери бөлім, құрама, мекеме, ұйым, бас бостандығынан айыру орны орналасқан жердегі сотқа беріледі.
3. Қазақстан Республикасының жалауымен жүзіп жүрген теңіз кемесі немесе ішкі сулардағы жүзу кемесі капитанының өсиетті дұрыс куәландырмауына немесе оны куәландырудан бас тартуына шағымдар кеме тоқтайтын порт жеріндегі сотқа беріледі.