Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекеге қабілетті
кәсіпорындарды сауықтыру мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 21, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 4, 37-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 16, 129-құжат):
1) мазмұнында 54-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«54-бап. Оңалту рәсімдері»;
2) 54-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«54-бап. Оңалту рәсiмдерi
Төлемге қабілетсіз борышкерге оның таратылуын болғызбау мақсатында төлемге қабілеттілігін қалпына келтіруге бағытталған, заңнамаға қайшы келмейтiн кез келген шаралар қолданылуы мүмкiн.
Көрсетілген шаралар жеделдетілген оңалту рәсімі, оңалту рәсiмi шеңберiнде iске асырылады, оларды жүзеге асырудың тәртiбi мен мерзiмдерi банкроттық туралы заңнамада айқындалады.».
2. 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 14, 109-құжат; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 140-құжат; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 15-16, 62-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 127, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 3-4, 12-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 17-18, 111-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 151-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат, № 2, 28-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар):
1) мазмұнында:
35-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«35-тарау. Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың банкроттығы, заңды тұлғаларды жеделдетілген оңалту және оңалту туралы iстердi қарау»;
313-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«313-бап. Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың банкроттығы, заңды тұлғаларды жеделдетілген оңалту және оңалту туралы iстердi қарау»;
2) 289-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 5-1), 5-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«5-1) заңды тұлғаларды оңалту туралы;
5-2) заңды тұлғаларды жеделдетілген оңалту туралы;»;
3) 35-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
«35-тарау. Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың банкроттығы, заңды тұлғаларды жеделдетілген оңалту және оңалту туралы iстердi қарау
313-бап. Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың банкроттығы, заңды тұлғаларды жеделдетілген оңалту және оңалту туралы iстердi қарау
Сот дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың банкроттығы, заңды тұлғаларды жеделдетілген оңалту және оңалту туралы iстердi банкроттық туралы заңнамада белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, осы Кодексте көзделген жалпы қағидалар бойынша қарайды.».
3. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-І, 22-ІІ, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар, 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат):
3-тармақтың 1) тармақшасы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1) мазмұнында:
151-4-баптың тақырыбындағы «Ақпараттық технологиялар паркі» деген сөздер «Инновациялық технологиялар паркі» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың 2) тармақшасы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2) 150-баптың 2-тармағындағы, 151-4-баптың тақырыбындағы және 1, 2, 3-тармақтарындағы, 359-баптың 4-тармағындағы «Ақпараттық технологиялар паркі» деген сөздер «Инновациялық технологиялар паркі» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 535-баптың 1-тармағының 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«13) заңды тұлғаларды банкрот деп тану туралы, оңалту рәсімін қолдану туралы, жеделдетілген оңалту рәсімін қолдану туралы арыздардан - 500 пайыз.»;
4) 609-баптың 3-1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) салық төлеушіге қатысты оңалту рәсімі қолданылған жағдайда - соттың оңалту рәсімін қолдану туралы шешімі күшіне енген күннен бастап қолданылмайды.
Бұл ретте Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасында көзделген жағдайда сомасы кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілмеген салық міндеттемесі бойынша осындай салық төлеушілерге қатысты мұндай міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері қолданылады.»;
5) 614-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) салық төлеушіге қатысты оңалту рәсімі қолданылған жағдайда - соттың оңалту рәсімін қолдану туралы шешімі күшіне енген күннен бастап қолданылмайды.
Бұл ретте, Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасында көзделген жағдайда, сомасы кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілмеген салық берешегі туындаған жағдайда осындай салық төлеушілерге қатысты мұндай берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары қолданылады.».
4. «Банкроттық туралы» 1997 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 1-2, 7-құжат; № 13-14, 205-құжат; 1998 ж., № 14, 198-құжат; № 17-18, 225-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 4, 26-құжат; № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 57-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 13, 86-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14, 18-құжаттар, № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат, № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011ж., № 1, 2, 9-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат):
1) кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Заң жеделдетілген оңалту, оңалту рәсiмдерiн өткiзудiң, борышкерді банкрот деп танудың және оны таратудың, сондай-ақ сырттай байқау рәсiмiнiң шарттары мен тәртiбiн айқындайды.»;
2) 1-бапта:
4) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«4) әкімшілік шығыстар - осы Заңда белгіленген тәртіппен кредиторлар таныған, төленуі жөніндегі міндет банкроттық, оңалту немесе сырттай байқау рәсімі туралы іс қозғалған сәттен бастап және қозғалғаннан кейінгі кезең ішінде туындайтын, тартылатын мамандардың қызмет көрсетуіне ақы төлеу бойынша шығындарды, оңалтушы және конкурстық басқарушыларға, сондай-ақ сырттай байқау әкімшісіне ағымдағы төлемдер сомасын қоса алғанда, сырттай байқау рәсіміне, оңалту рәсiмiне, конкурстық iс жүргiзу рәсіміне, борышкердi конкурстық iс қозғамай тарату рәсiмiне бастамашылық жасаумен және оларды өткiзумен байланысты шығыстар.
Оңалту рәсімі, конкурстық іс жүргізу рәсімі қолданылған салық кезеңінен кейінгі салық кезеңдері үшін салық есептілігіне сәйкес салық төлеуші есептеген, салықтық тексерулер нәтижелері бойынша салық қызметі органы есепке жазған салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер де әкімшілік шығыстарға жатады;»;
«8) борышкер - төлемге қабілетсіздігі немесе дәрменсіздігі оған осы Заңда көзделген рәсімдерді қолдануға негіз болып табылатын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;»;
мынадай мазмұндағы 9-1), 11-1), 18-1), 19-1) және 21-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«9-1) біртекті кредиторлар тобы - борышкерге қоятын бірдей талаптары бар және оларды қанағаттандыруда бір-бірінің алдында артықшылығы жоқ кредиторлар тобы.
Біртекті кредиторлар топтарын:
өмiрге немесе денсаулыққа келтiрiлген зиянды өтету туралы талаптар бойынша кредиторлар;
еңбек шарттары бойынша еңбекақы және өтемақылар төлеу, сондай-ақ Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар мен жалақыдан ұсталған міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешектерді төлеу бойынша кредиторлар;
кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемелер бойынша кредиторлар;
салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша кредиторлар;
тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жеткізу шарттарынан туындайтын талаптар бойынша кредиторлар;
кепілмен қамтамасыз етілмеген кредит (микрокредит) алуға арналған шарттардан туындайтын талаптар бойынша кредитор - қаржылық ұйымдар құрауы мүмкін;»;
«11-1) жеделдетілген оңалту рәсімі - сотқа дейінгі тәртіппен кредиторлармен келісілген оңалту жоспары негізінде борышкерге қолданылатын сот рәсімі;»;
«18-1) кәдімгі коммерциялық операциялар - борышкердің күнделікті жұмыс істеуін сақтап тұру мақсатында өндірілетін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің айналымымен байланысты, тұрақты сипаты бар іс-әрекеттер;»;
«19-1) мемлекеттік қолдау шаралары - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен ұйымға қатысты қолданылатын, қаржылық сауықтыруға бағытталған шаралар;»;
«21-1) оңалту жоспары - оңалту рәсімін, жеделдетілген оңалту рәсімін қолдану кезінде борышкерді сауықтыруға бағытталған және жұмыс істеп тұрған кәсіпорынның төлемге қабілеттілігін қалпына келтіру және жұмыс орындарын сақтау мақсатында борышкер мен кредиторлардың, біртекті кредиторлар тобының арасындағы өзара келісім негізінде жүзеге асырылатын, кредиторлар талаптарын өтеу кестесін қоса алғанда, іске асырылу мерзімдері, сондай-ақ қол жеткізілетін нәтижелер, пайдаланылатын ресурстар және ықтимал тәуекелдер көрсетілетін өзара байланысты іс-шаралар кешені;»;
22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«22) оңалту рәсімі - сот рәсімі, оның шеңберінде төлемге қабілетсіз борышкерге борышкердің таратылуын болғызбау мақсатында оның төлемге қабілеттілігін қалпына келтіруге бағытталған қайта ұйымдастыру, ұйымдастыру-шаруашылық, басқарушылық, инвестициялық, техникалық, қаржылық-экономикалық, құқықтық және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де шаралар қолданылады;»;
мынадай мазмұндағы 25-1) тармақшамен толықтырылсын:
«25-1) сырттай дауыс беру - дауыс беру тәсілі, онда кредиторлар жиналысы уақытында оның өткізілу орнынан тыс жерде болған кредиторлар жиналысының қатысушысы қаралатын мәселе (мәселелер) бойынша хаттар, факсимильді немесе электрондық хабарламалар алмасу арқылы немесе жіберілетін хабарламалардың тең түпнұсқалығын қамтамасыз ететін өзге байланыс құралдарын пайдалана отырып, жазбаша дауыс беруге құқылы;»;
3) 2-бапта:
1-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Заң қазыналық кәсiпорындардан және мекемелерден, зейнетақы қорларынан, банктерден, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарынан басқа, заңды тұлғалардың банкроттығы, оларды жеделдетілген оңалту және оңалту туралы iстерге қолданылады.
Осы Заңда көзделген банкроттық немесе оңалту рәсімдерін үздіксіз өндіріс циклі бар ұйымдарға, сондай-ақ табиғи монополия субъектілері немесе тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілері болып табылатын ұйымдарға қатысты қолдану ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленуі мүмкін.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Банкроттық, оңалту немесе жеделдетілген оңалту туралы iстердi сот банкроттық туралы заңнамада белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, азаматтық сот ісін жүргізудің жалпы қағидалары бойынша қарайды.»;
4) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«4-бап. Банкроттық немесе оңалту рәсімдерін қолдану негіздері
1. Борышкердiң төлемге қабiлетсiздiгi кредитордың борышкердi банкрот деп тану туралы өтінішпен сотқа жүгінуіне негiз болып табылады.
Егер борышкер мiндеттемені орындау мерзiмi басталған сәттен бастап үш ай iшiнде орындамаса, ол төлемге қабiлетсiз деп есептеледi.
2. Борышкердiң қалпына келтірілу мүмкіндігі болмаған кездегі төлемге қабілетсіздігі оның өзiн банкрот деп тану туралы өтінішпен сотқа жүгінуіне негiз болып табылады.
3. Борышкердiң қалпына келтірілу мүмкіндігі болған кездегі төлемге қабілетсіздігі немесе борышкерге таяу он екі айда ақшалай міндеттемелерді орындау мерзімі басталғанда оларды орындайтындай күйде болмайтын төлемге қабілетсіздік қатерінің төнуі оның оңалту рәсімін қолдану туралы өтінішпен сотқа жүгінуіне негіз болып табылады.»;
5) 6-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Кредитордың (кредиторлардың) немесе уәкiлеттi органның қолдаухат беру жағдайын қоса алғанда, оңалтушы басқарушы, санацияға қатысушы сотқа мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы, сондай-ақ оңалту туралы iс қозғалғанға дейiнгi үш жыл кезең iшiнде борышкер берген, оның iшiнде жалға немесе бұдан бұрын жасалған мәмiлелер бойынша орындауды қамтамасыз етуге берген мүлiктi, бұл мүлiктi өтеусiз, нарықтық бағасынан төмен бағамен не негіздері болмаса да кредиторлардың мүдделерiне нұқсан келтiре отырып алған тұлғалардан қайтару туралы өтініш беруге міндетті.»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Кредитордың (кредиторлардың) немесе уәкiлеттi органның қолдаухат беру жағдайын қоса алғанда, конкурстық басқарушы сотқа мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы, сондай-ақ банкроттық және оңалту туралы iс қозғалғанға дейiнгi үш жыл кезең iшiнде бұл мүлiктi өтеусiз, нарықтық бағасынан төмен бағамен не негіздері болмаса да кредиторлардың мүдделерiне нұқсан келтiре отырып алған тұлғалардан қайтару туралы өтініш беруге міндетті.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Кредитордың (кредиторлардың) немесе уәкiлеттi органның қолдаухат беру жағдайын қоса алғанда, конкурстық және оңалтушы басқарушылар, санацияға қатысушы банкроттық және (немесе) оңалту туралы іс қозғалғанға дейінгі үш жылға дейінгі кезең ішінде берілген борышкердің мүлкін олардың алдындағы міндеттемелері орындалу мерзімі басталардан бұрын басқа кредиторлардың мүдделеріне нұқсан келтіріле отырып орындалған кредиторлардан қайтаруды сот тәртібімен талап етуге міндетті. Бұл жағдайда кредиторлардың құқықтары осы Заңның қағидаларымен қамтамасыз етіледі.»;
6) мынадай мазмұндағы 9-1-баппен толықтырылсын:
«9-1-бап. Оңалту рәсімінде борышкердің мүлкі мен істерін басқару
1. Борышкер мүлкінің меншік иесінің (ол уәкілеттік берген органның), құрылтайшылардың (қатысушылардың) өтініші бойынша, кредиторлар жиналысының келісімімен, оңалту жоспары бекітілген сәттен бастап сот борышкердің мүлкі мен істерін басқару құқығын борышкер мүлкінің меншік иесінде, құрылтайшыларда (қатысушыларда) сақтайды.
Борышкердің мүлкі мен істерін басқару құқықтарын сақтау туралы өтініш кредиторлар жиналысының шешімі қоса тіркеле отырып, оңалту жоспарын ұсынумен бір мезгілде сотқа жіберіледі.
Кредиторлар жиналысы борышкер мүлкінің меншік иесінің, құрылтайшылардың (қатысушылардың) борышкер мүлкі мен істерін басқару құқығының күшін жою туралы шешім қабылдаған жағдайда, кредиторлар жиналысы уәкілетті органда тіркелген тұлғалар арасынан өздерінің оңалтушы басқарушы кандидатурасын ұсынуға міндетті. Кредиторлар жиналысының борышкер мүлкі мен істерін басқару құқығының күшін жою туралы шешімі оңалту жоспарын ұсынумен бір мезгілде сотқа жіберіледі.
Борышкер мүлкінің меншік иесі, құрылтайшылар (қатысушылар) борышкердің мүлкі мен істерін басқарудан шеттетілген жағдайда да кредиторлар жиналысы оңалтушы басқарушы кандидатурасын ұсынуға міндетті.
Борышкердің мүлкі мен істерін басқару құқығы борышкер мүлкінің меншік иесінде, құрылтайшыларда (қатысушыларда) қалған жағдайда, осы Заңның 51-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларын қоспағанда, борышкердің органдарына заңнамада белгіленген құзырет шегінде өкілеттіктер және осы Заңда оңалтушы басқарушы үшін көзделген жауапкершілік қолданылады.
Кредитор (кредиторлар) органның осы Заңда көзделген міндеттерді бұзғанын анықтаған жағдайда, борышкер мүлкінің меншік иесі (ол уәкілеттік берген орган), құрылтайшылар (қатысушылар) кредиторлар жиналысының шешімі бойынша борышкердің басқару органдарының мүшелерін ауыстыруға міндетті.
2. Оңалтушы басқарушының кандидатурасын таңдаған кезде кредиторлар жиналысы уәкілетті органда есепте тұрған тұлғаларға қатысты ұсынымдарды дәрменсіз борышкердің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың кәсіптік бірлестіктерінен алуы мүмкін.
3. Уәкілетті орган кредиторлар жиналысы ұсынған кандидатураны оңалтушы басқарушы етіп тағайындауға міндетті.
4. Кредиторлық берешекті өтеу кестесі үш айдан астам мерзімде орындалмаған және (немесе) уәкілетті орган анықтағандарды қоса алғанда, осы Заңды бұзушылықтар анықталған жағдайларда, сот борышкердің мүлкі мен істерін басқару құқығын сақтаған борышкер мүлкінің меншік иесін, құрылтайшыларды (қатысушыларды) кредиторлар жиналысы уәкілеттік берген тұлғаның өтініші бойынша өтініш келіп түскен күннен бастап он бес күн ішінде басқарудан шеттетеді.
Сот ұйғарымында:
уәкілетті органға ұйғарым заңды күшіне енген күннен бастап бес күн мерзімде оңалтушы басқарушыны тағайындауды тапсыру туралы;
борышкердің есепке алу құжаттамасын, құрылтайшылық, сондай-ақ борышкер мүлкіне құқық белгілейтін құжаттарды, мөрлер мен мөртабандарды беруі туралы нұсқаулар қамтылуға тиіс.»;
7) 10-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Оңалту немесе банкроттық рәсiмдерiн қолданғаннан кейiн кредиторлардың талаптарын негiздi деп тануды тиiсiнше оңалтушы не конкурстық басқарушылар жүзеге асырады.»;
8) 10-2-бапта:
2), 5), 6), 7), 8), 11) және 17) тармақшалар алып тасталсын;
10), 12), 13) және 27) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«10) конкурстық басқарушының және сырттай байқау әкiмшiсiнiң қорытынды есептерiн келiседi;»;
«12) сырттай байқау әкiмшiсiнiң, оңалтушы және конкурстық басқарушылардың қорытынды есебiнiң нысанын, сондай-ақ сырттай байқау әкiмшiсi мен конкурстық басқарушының қорытынды есебiн келiсу тәртiбiн бекiтедi;
13) конкурстық іс жүргізу кезінде, сондай-ақ сырттай байқау рәсімі кезінде кредиторлар комитетінің құрамын бекітеді;»;
«27) осы Заңды бұзушылықтар анықталған жағдайда, сырттай байқау әкімшісінің, конкурстық және оңалтушы басқарушылардың шешімдері мен іс-әрекеттерін (әрекетсіздігін) сотта даулайды;»;
9) 11, 13 және 14-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«11-бап. Кредиторлар комитетін қалыптастыру
1. Сырттай байқау рәсімінде, жеделдетілген оңалту рәсімінде, оңалту рәсімінде, конкурстық іс жүргізуде кредиторлардың мүдделерін қамтамасыз ету және олардың қатысуымен шешімдер қабылдау мақсатында кредиторлар комитеті құрылады.
Кредиторлар комитетін қалыптастыру:
1) сырттай байқау кезiнде осы Заңның 41-2-бабымен;
2) конкурстық iс жүргiзу кезiнде осы Заңның 70-бабымен;
3) жеделдетілген оңалту рәсімі кезінде осы Заңның 14-3-бабымен;
4) оңалту рәсімі кезінде осы Заңның 46-1-бабымен реттеледі.
2. Кредиторлар комитетінің құрамына еңбекақы төлеу, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар бойынша кредиторлардың өкілі, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша кредиторлар, кредитордың - мемлекеттік материалдық резервті басқару жөніндегі уәкілетті органның өкілі, сондай-ақ борышкерге қоятын талаптарының сомасы неғұрлым көп конкурстық кредиторлар мен кепілді кредиторлар кіреді.
Кредиторлар комитетінің қалыптастырылатын құрамына талаптарының сомасы қойылған өсімақылар мен айыппұлдар сомасын есепке алмағанда, тиісті біртекті топ талаптарының жалпы сомасының елу пайызынан асатын біртекті топ кредиторынан (кредиторларынан) ұсынылған тұлға (тұлғалар) енгізілуге тиіс.
3. Кредитор сырттай байқау рәсіміне, оңалту рәсіміне, конкурстық іс жүргізуге кредиторлар комитетінің мүшесі ретінде қатысудан бас тартуға құқылы.
4. Сырттай байқау әкімшісінің, конкурстық басқарушының, конкурстық іс жүргізу кезінде кредиторлар комитетінің, борышкер кредиторларының өтініші бойынша уәкілетті орган кредиторлар комитетінің қалыптастырылған және бекітілген құрамына осы баптың талаптарын ескере отырып, өзгерістер енгізуі мүмкін.
5. Мыналар:
1) кредиторлар комитеті мүшесінің кредиторлар комитетінің отырыстарына екі реттен артық дәлелсіз себептермен келмей қалуы;
2) борышкерге қоятын талаптарының үлкен сомасына ие кредитордың анықталуы;
3) кредиторлар комитеті мүшесінің өзін кредиторлар комитетінің құрамынан шығару туралы өтініші;
4) кредиторлар комитетінің құрамына кіретін кредитордың алдындағы міндеттемелердің орындалуы;
5) кредитордың өзін кредиторлар комитетінің құрамына қосу туралы өтініші;
6) кредиторға кредиторлар комитетінің құрамында болуға кедергі келтіретін өзге де мән-жайлар (заңды күшіне енген сот актілері, кредитордың таратылуы не қайтыс болуы және басқалар) кредиторлар комитетінің қалыптастырылған және бекітілген құрамына өзгерістер енгізудің негіздері бола алады.»;
«13-бап. Кредиторлар комитетiнiң өкiлеттiктерi
1. Кредиторлар комитетi мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырады:
1) келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын конкурстық іс жүргізу рәсімін өткізу бойынша іс-шаралар жоспарын бекітеді;
2) оңалтушы немесе конкурстық басқарушының iс-әрекеттерiн бақылауды жүзеге асыру үшiн кредиторлар комитетi мүшелерiнiң арасынан кредиторлар өкiлiн сайлайды;
3) сырттай байқау әкімшісінен, оңалтушы немесе конкурстық басқарушыдан борышкердің қаржылық жағдайы және сырттай байқау рәсімдерін, оңалту рәсімін және конкурстық іс жүргізуді жүзеге асыру барысы туралы ақпарат беруді талап етеді;
4) оңалтушы немесе конкурстық басқарушының іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) уәкілетті органға және (немесе) сотқа шағымданады, сондай-ақ оларды атқаратын міндеттерінен шеттету туралы уәкілетті органға жүгіну жөнінде шешім қабылдайды;
5) банкроттың өндiрiп алынуы мүмкiн емес дебиторлық берешегінiң сомасын бекiтеді;
6) конкурстық басқарушы ұсынған конкурстық массаны сату жоспарын бекiтеді;
7) аудиторлық тексерудің және түгендеудің нәтижелерін назарға алады;
8) конкурстық іс жүргізуді өткізу үшін шығыстардың баптары мен сметасын бекітеді;
9) егер бұл кредиторлардың мүдделеріне нұқсан келтірмесе, конкурстық басқарушыға банкрот деп танылған кәсіпорынның өндірістік қызметін тоқтатпау жөнінде орынды болған жағдайда ұсыным береді;
10) борышкердің мемлекеттік қолдау шараларына жүгінуі және оңалту рәсімін тоқтата тұру туралы келісім береді;