42) мамандандырылған аккредиттеу - білім беру ұйымы іске асыратын жекелеген білім беру бағдарламаларының сапасын бағалау;
43) 2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
44) мемлекеттік атаулы стипендия - Қазақстан Республикасының Президенті және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын стипендия;
45) мемлекеттік білім беру тапсырысы - мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жөнінде, экономиканың қажеттілігін қамтамасыз ету, білікті жұмыс күші мен қоғамның зияткерлік әлеуетін молықтыру үшін білікті қызметкерлер мен мамандарды даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлау жөнінде, сондай-ақ білім беру жүйесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету жөнінде мемлекет қаржыландыратын қызмет көрсетулер көлемі;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 45-1) тармақшамен толықтырылды
45-1) мемлекеттік бітіру емтиханы - білім алушылардың жалпы орта білім беру курсын бітіргенін куәландыратын мемлекеттік үлгідегі құжатты алуы үшін қажетті талап болып табылатын, жалпы орта білім беру ұйымдарында оларды қорытынды аттестаттау нысандарының бірі;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 46) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
46) оқу бағдарламасы - әрбір оқу пәні (сабақ) бойынша меңгерілуге тиісті білімнің, шеберліктің, дағдылар мен біліктіліктің мазмұны мен көлемін айқындайтын бағдарлама;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 47) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
47) оқу жоспары - тиісті білім беру деңгейінде білім алушылардың оқу пәндерінің, сабақтарының (модульдерінің), практикаларының, өзге де оқу қызметі түрлерінің тізбесін, бірізділігін, көлемін (еңбекті қажетсінуін) және бақылау нысандарын регламенттейтін құжат;
48) оқу-клиникалық орталығы - медициналық жоғары оқу орнының қазіргі заманғы аппаратурамен, фантомдармен және муляждармен жабдықталған және білім алушылардың және (немесе) медицина қызметкерлерінің практикалық (клиникалық) машықтарды меңгеруіне және оларды бақылауға арналған құрылымдық бөлімшесі;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 48-1) тармақшамен толықтырылды
48-1) оқыту - білім алушылар мен тәрбиеленушілердің білімдерді, машықтарды, дағдыларды және құзыреттерді иелену, қабілеттерді дамыту, білімдерін күнделікті өмірде қолдану тәжірибесін иелену және бүкіл өмір бойы білім алуға ынталануын қалыптастыру жөніндегі қызметін ұйымдастырудың мақсатты бағытталған процесі;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 48-2) тармақшамен толықтырылды
48-2) оқыту-сауықтыру білім беру ұйымы - балаларға және оқушы жастарға тәрбие, білім беру, оларды сауықтыру, демалдыру жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын заңды тұлға;
49) орта білім - азаматтардың Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілдік берілген, білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеруі нәтижесінде алатын білімі;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 49-1) тармақшамен толықтырылды
49-1) «Орта білім беретін үздік ұйым» гранты - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік орта білім беру ұйымдарына рейтингілік көрсеткіштері негізінде конкурс қорытындылары бойынша жыл сайын бөлетін ақша;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 49-2) тармақшамен толықтырылды
49-2) орта білім беру ұйымы - бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiмнің жалпы бiлiм беретін оқу бағдарламаларын, мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымы;
50) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
51) резидентура - клиникалық мамандықтар бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі тереңдетілген медициналық білім алу нысаны;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 51-1) тармақшамен толықтырылды; 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 51-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
51-1) резидентура тыңдаушысы - клиникалық мамандықтар бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі тереңдетілген медициналық білімнің білім беру бағдарламаларын меңгеретін маман;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 52) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
52) рухани (діни) білім беру ұйымдары - дін қызметшілерін даярлаудың білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орындары;
53) стипендия - білім алушыларға олардың тамағына, күнелтуіне және оқу әдебиетін сатып алуына жұмсалатын шығындарды ішінара жабу үшін берілетін ақша сомасы;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 53-1) тармақшамен толықтырылды; 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 53-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
53-1) студент - техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымында оқитын адам;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 53-2) тармақшамен толықтырылды; 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 53-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
53-2) сынып жетекшілігі - педагог жұмыскерге сыныпта білім алушылардың қызметін оқу-тәрбие процесі шеңберінде үйлестіру бойынша жүктелетін функция;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 53-3) тармақшамен толықтырылды
53-3) техникалық және кәсіптік білім беру - білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарын даярлауға бағытталған білім беру;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 53-4) тармақшамен толықтырылды
53-4) тыңдаушы - білім беру ұйымында қосымша білімнің және дайындық бөлімінің білім беру бағдарламалары бойынша білім алып жатқан адам;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 53-5) тармақшамен толықтырылды
53-5) тiрек мектеп (ресурс орталығы) - шағын жинақталған мектеп оқушыларының сапалы бiлiм алуға қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында білім алушылардың қысқа мерзiмдi сессиялық сабақтарын, аралық және қорытынды аттестатталуын өткiзу үшiн базасында таяу маңдағы шағын жинақталған мектептердiң бiлiм беру ресурстары шоғырланатын орта бiлiм беру ұйымы;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 54) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
54) университет - мамандықтардың үш және одан да көп тобы бойынша жоғары білім берудің, магистратураның және докторантураның білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын, іргелі және қолданбалы зерттеулерді жүзеге асыратын, ғылыми және әдістемелік орталық болып табылатын жоғары оқу орны;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 55) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 55) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
55) училище - мәдениет пен өнер саласында негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 56) тармақшада орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді; 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 56) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
56) ұлттық бiрыңғай тест - орта бiлiмнен кейiнгi немесе жоғары бiлiмнің бiлiм беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына түсу емтихандарымен бiрiктiрiлетiн, жалпы орта бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушыларды қорытынды аттестаттау нысандарының бiрi;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 56-1) тармақшамен толықтырылды
56-1) ұлттық жоғары оқу орны - елдің жетекші ғылыми және әдістемелік орталығы болып табылатын, ерекше мәртебесі бар жоғары оқу орны;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 56-2) тармақшамен толықтырылды; 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 56-2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
56-2) ұлттық зерттеу университеті - ерекше мәртебесі және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен, бес жылға арналған даму бағдарламасы бар, даярлық (мамандықтар) бағыттарының кең спектрі бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің өз бетінше әзірленген білім беру бағдарламаларын іске асыратын, жаңа білімді жинақтау мен трансферттеу үшін іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеу нәтижелерін пайдаланатын жоғары оқу орны;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 57) тармақша жаңа редакцияда
57) философия докторы (РhD) - Қазақстан Республикасында немесе одан тысқары жерлерде ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша докторантураның бағдарламасын меңгерген және диссертация қорғаған адамдарға берілетін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен танылған дәреже;
2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен 57-1) тармақшамен толықтырылды; 2015.21.07. № 337-V ҚР Заңымен 57-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
57-1) халықаралық мектеп - дербес әзірленген интеграцияланған білім беру бағдарламаларын іске асыратын, Халықаралық Бакалавриат Ұйымында авторизациялаудан немесе халықаралық институционалдық аккредиттеуден өткен оқу орны;
58) шағын жинақты мектеп - білім алушылар контингенті шағын, сынып-жинақтары біріктірілген және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нысаны бар жалпы білім беретін мектеп;
2014.18.02. № 175-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 59) тармақша жаңа редакцияда
59) эксперименттік алаң - жаңа педагогикалық технологиялар мен білім берудің жаңа мазмұнын сынақтан өткізуге арналған эксперимент режимінде білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы;
2014.18.02. № 175-V ҚР Заңымен 60) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
60) экстернат - білім алушы сабаққа үнемі қатыспай-ақ тиісті білім беру бағдарламасының оқу пәндерін өз бетімен оқитын оқыту нысандарының бірі;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 61) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
61) элиталық білім - дарынды адамдарға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарында іске асырылатын мамандандырылған жалпы білім беретін оқу және білім беру бағдарламалары бойынша алынатын білім.
2-бап. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
3-бап. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың принциптері
1. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері мыналар болып табылады:
1) баршаның сапалы білім алуға құқықтарының теңдігі;
2) білім беру жүйесін дамытудың басымдығы;
3) әрбір адамның зияткерлік дамуы, психикалық-физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі білімге қолжетімділігі;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) білім берудің зайырлы, гуманистік және дамытушылық сипаты, азаматтық және ұлттық құндылықтардың, адам өмірі мен денсаулығының, жеке адамның еркін дамуының басымдығы;
5) адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу;
6) жеке адамның білімдарлығын ынталандыру және дарындылығын дамыту;
7) білім беру деңгейлерінің сабақтастығын қамтамасыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8) оқытудың, тәрбиенің және дамытудың бірлігі;
9) білім беруді басқарудың демократиялық сипаты, білім беру жүйесі қызметінің ашықтығы;
10) білім беру ұйымдарының меншік нысандары, оқыту мен тәрбиенің нысандары, білім беру бағыттары бойынша алуан түрлі болуы.
2. Білім беру ұйымдарында саяси партиялар мен діни ұйымдардың (бірлестіктердің) ұйымдық құрылымдарын құруға және олардың қызметіне тыйым салынады.
2-тарау. Білім беру жүйесін басқару
4-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің білім беру саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты әзірлейді және іске асырады;
2) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) еңбек нарығының кадрларға ағымдағы және келешектегі қажеттігінің тұрақты мониторингі жүйесін қалыптастырады;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4) тармақша өзгертілді
4) еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, әлеуметтік әріптестердің кәсіптік білім беру проблемаларын шешуге қатысуын қамтамасыз етеді және республикалық бюджеттен каржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережелерін бекітеді;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды
5-1) «Өркен» грантын беру қағидаларын және оның мөлшерін бекітеді;
6) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау қағидаларын бекітеді;
8) 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
9) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
10) халықтың тығыздығына және елді мекендердің қашықтығына қарай білім беру ұйымдары желісінің кепілдік берілген мемлекеттік нормативін бекітеді;
11) мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгілік штаттарын, сондай-ақ педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін айқындайды;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
12) Қазақстан Республикасының Президентіне жеке адамды тәрбиелеуге, оқытуға және кәсіптік қалыптастыруға аса зор үлес қосып келе жатқан жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы ұсыну енгізеді және жоғары оқу орындарының ерекше мәртебесі туралы ережені бекітеді;
2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттiк басқару органының ұсынысы бойынша бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарын құрады, қайта ұйымдастырады және таратады;
14) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 15) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
15) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісу бойынша «Болашақ» халықаралық стипендиясын беру үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын бекітеді және «Болашақ» халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттарын айқындайды;
16) мемлекеттік атаулы стипендияларды бекітеді;
17) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
18) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
19) тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары, оның ішінде балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік ережелерін бекітеді;
20) 2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 21) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
21) мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы ұстауға бөлінетін бюджет қаражатының кемінде бір пайызы мөлшерінде қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларын бекітеді;
22) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 22-1) тармақшамен толықтырылды
22-1) қаржы ұйымдары беретін білім беру кредиттерін кепілдендіру тәртібін айқындайды;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 22-2) тармақшамен толықтырылды
22-2) маманды жұмысқа жіберу, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған, осы Заңның 47-бабының 17-тармағында аталған азаматтарды жұмысын өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату тәртібін айқындайды;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 23) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
23) бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын жоғары оқу орындарының тізбесін және оларды тағайындау, аттестаттау және қызметтен босату тәртібін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыныс енгізеді;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 24), 25), 26), 27), 28), 29) және 30) тармақшалармен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
24) білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекітеді;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 24-1) тармақшамен толықтырылды; 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 24-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
24-1) білім беру саласындағы уәкілетті органның ұсынысы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекітеді;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 25) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
25) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекітеді;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 25-1) тармақшамен толықтырылды
25-1) осы Заңның 8-бабы 4-тармағының екінші бөлігінде аталған азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру тәртібін айқындайды;
26) - 29) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 29-1) тармақшамен толықтырылды
29-1) шетелде кадрларды даярлаудың, қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың халықаралық бағдарламалары, оның ішінде «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асыратын ұйымды (әкімшіні) айқындайды;
30) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-бап өзгертілді
5-бап. Білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Білім беру саласындағы уәкілетті орган мынадай өкілеттіктерді орындайды:
1) азаматтардың білім беру саласындағы конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтауды қамтамасыз етеді;
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) білім беру саласында жергiлiктi атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдiстемелiк басшылық жасауды жүзеге асырады;
2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) білім беру саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асырады, салааралық үйлестіруді жүзеге асырады, білім беру және ғылым саласындағы халықаралық бағдарламаларды әзірлейді және іске асырады;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды; 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 2-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2-1) мамандықтар бөлінісінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлуді бекітеді;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) білім беруді дамытудың жай-күйі туралы жыл сайынғы ұлттық баяндама әзірлеу және жариялау арқылы қоғам мен мемлекетті білім беру жүйесінің жай-күйі және оның қызметінің тиімділігі туралы нақты ақпаратпен қамтамасыз етеді;
4) білім беруді басқару жүйесінің білім беру мониторингін және оны ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесін ұйымдастыру және оның жұмыс істеу ережелерін бекітеді;
5) білім беру сапасын басқаруды, білім беру ұйымдары ұсынатын білім беру қызметін әдістемелік және әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) тиісті білім беру деңгейлерінің жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандарттарын әзірлеуді ұйымдастырады, сондай-ақ, әскери, арнаулы, медициналық және фармацевтикалық оқу орындарының үлгілік оқу бағдарламаларын және үлгілік оқу жоспарларын қоспағанда, барлық білім беру деңгейлерінің үлгілік оқу бағдарламаларын және үлгілік оқу жоспарларын бекітеді;
6-1) 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 6-2) және 6-3) тармақшалармен толықтырылды; 2015.19.05. № 315-V ҚР Заңымен 6-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6-2) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын әзірлеу тәртібін айқындайды;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 6-3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6-3) бiлiм туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру тәртібін айқындайды;
7) 2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 7-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 7-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7-1) балалар музыка мектептерінің, балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің үлгілік оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламаларын әзірлейді және бекітеді;
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 8) тармақша жаңа редакцияда
8) бiлiм беру қызметiмен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаларды:
бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын;
техникалық және кәсіптік білімнің, оның ішінде кәсіптер мен мамандықтар бойынша білім беру бағдарламаларын;
орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің, оның ішінде мамандықтар бойынша білім беру бағдарламаларын;
рухани білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғаларға береді;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 8-1) - 8-4) тармақшалармен толықтырылды; 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 8-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8-1) бiлiм беру мониторингiн жүзеге асыру тәртiбiн белгiлейдi;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 8-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8-2) мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту бойынша қызметтi жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асырады;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 8-3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8-3) «Алтын белгi» белгiсi туралы ереженi бекiтедi;
8-4) 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 8-1) - 8-3) тармақшалармен толықтырылды; 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 8-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8-5) мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту бойынша рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тiзiлiмiн жүргiзедi;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 8-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8-6) «Жоғары оқу орнының үздiк оқытушысы» және «Үздiк педагог» атақтарын беру қағидаларын бекiтедi;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 8-3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8-7) «Орта бiлiм беретiн үздiк ұйым» грантының мөлшерін және оны беру тәртiбiн белгiлей отырып, оны беруге арналған конкурсты өткiзу қағидаларын бекiтедi;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (2015 ж. 29 қарашадан 2017 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады) (бұр.ред.қара) 9) тармақша жаңа редакцияда
5-баптың 9) тармақшасының 2017 ж. 1 қаңтардан 2020 ж. 1 қаңтарға дейінгі және 2020 ж. 1 қаңтардан қолданылатын редакциясын қараңыз
9) ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, мыналарды:
мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын;
мамандандырылған білімнің мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын;
арнайы білімнің арнайы оқу бағдарламаларын;
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын;
жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан білім беру ұйымдарына мемлекеттік аттестаттау жүргізеді;