Тұрақты депозиттер «Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабында белгіленген кепілдікті өтеумен өтелетін мөлшерде кепілдік берілетін депозиттерді қамтиды.
Аздап тұрақсыз депозиттер «Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабында белгіленген кепілдікті өтеуден асатын мөлшерде кепілдікті болып табылатын не кепілдікті болып табылмайтын депозиттерді қамтиды.
Заңды тұлғалардың, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің алдындағы банктің активтерімен қамтамасыз етілмеген міндеттемелер бойынша ақшаның әкетілуі талаптарымен заңды тұлғалардың, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің бастамасы бойынша өтімділікті өтеу коэффициентін есептеу күнінен кейінгі күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде ақша қаражатын алып алу мүмкіндігі көзделген заңды тұлғалардың, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің алдындағы банктің қамтамасыз етілмеген міндеттемелерін және клирингтік, касстодиандық қызметпен, клиенттің өтімділігін басқару қызметімен байланысты салымдарды қамтиды.
Егер клирингтік, кастодиандық қызметпен, клиенттің өтімділігін басқару қызметімен байланысты салым шартында кем дегенде күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын шарттың бұзылуы туралы алдын ала хабардар ету талабы көзделетін болса, не осы талап болмаған жағдайда шартты бұзу салым мөлшерінің 2 (екі) пайызынан асатын мөлшерде айыппұл төлеуге әкеп соқтыратын болса, клирингтік, кастодиандық қызметпен, клиенттің өтімділігін басқару қызметімен байланысты салымдар ақша әкетілуінің есебіне енгізіледі.
Клирингтік, кастодиандық қызметпен, клиенттің өтімділігін басқару қызметімен байланысты салымдар бойынша міндеттемелер клиенттің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жеткілікті шоттағы ақшаның ең аз қалдығына тең мөлшерде айқындалады. Клиенттің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жеткілікті шоттағы ақшаның ең аз қалдығын айқындау әдістемесін банк дербес қолданады.
Заңды тұлғалардың алдындағы банктің активтерімен қамтамасыз етілмеген міндеттемелер бойынша, сондай-ақ бағалы қағаздар қарызының шарттары бойынша ақшаның әкетілуі бірінші және екінші деңгейлердегі сапасы жоғары өтімді активтермен қамтамасыз етілген банктің міндеттемелерін, Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес Салымдардың кредиттiк тәуекел дәрежесi бойынша мөлшерленген банк активтерiнiң кестесiне сәйкес 20 (жиырма) пайыздан аспайтын кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленетін Қазақстан Республикасының жергілікті билік органдарының және халықаралық қаржы ұйымдарының алдындағы міндеттемелерді және қамтамасыз етілуі және екінші деңгейлердегі сапасы жоғары өтімді актив болып табылмайтын өзге де міндеттемелерді қамтиды.
Шартты және ықтимал міндеттемелер бойынша қосымша ақшаның әкетілуі Нұсқаулыққа 15-қосымшаға сәйкес Банктің ақша әкетілуі мен келуінің кестесінде көзделген шартты міндеттемелер, туынды қаржы құралдарымен мәмілелер және өзге де операциялар бойынша әкетілу сомасын қамтиды. Шартты міндеттемелер, туынды қаржы құралдарымен мәмілелер және өзге де операциялар бойынша қосымша ақшаның әкетілуі мыналарды қамтиды:
егер шарттың талаптарында 3 (үш) сатыға дейін қоса алғанда банктің ұзақмерзімді немесе қысқамерзімді кредиттік рейтингі төмендеген кезде қосымша қамтамасыз ету, ақша төлемі, шарт бойынша міндеттемелерді мерзімінен бұрын орындау түрінде қосымша өтімділікті ұсыну көзделген жағдайда, шартты міндеттемелер, туынды қаржы құралдарымен мәмілелер және өзге де операциялар бойынша өтімділіктегі қосымша қажеттілік;
нарықтық құны өзгерген кезде ақша аударымы болжанатын туынды қаржы құралдары мен өзге де операциялар бойынша позицияларды нарықтық бағалаудың өзгеруіне байланысты өтімділіктегі қосымша қажеттілік. Ақшаның әкетілу есебінде алдыңғы 24 (жиырма төрт) айдағы көрсетілген кезеңде ақшаның келуін шегергендегі ақшаның әкетілуіне тең ең көп 30 (отыз) күндік ақшаның нетто әкетілуі есептеледі;
бірінші деңгейдегі сапасы жоғары өтімді актив болып табылмайтын, Нұсқаулыққа 14-қосымшаға сәйкес Банктің сапасы жоғары өтімді активтерінің кестесінде белгіленген есептеу коэффициенті қолданыла отыра және алынған қамтамасыз ету шегеріле отырып есептелген актив құнының 20 (жиырма) пайызы мөлшерде банк ұсынған қамтамасыз етуді не туынды қаржы құралдарымен мәмілелер және өзге де операциялар бойынша ұсынылуға жататын қамтамасыз етуді бағалаудың (әлеуетті құнының) өзгеруіне байланысты өтімділіктегі қосымша қажеттілік. Егер қамтамасыз ету бірінші деңгейдегі сапасы жоғары өтімді актив болып табылса, өтімділіктегі қосымша қажеттілік талап етілмейді;
клиенттің туынды қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша банкке ұсынылған қамтамасыз ету бөлігін дереу қайтаруды талап ету құқығымен байланысты, ұсынылған қамтамасыз ету көлемінің қажетті көлемнен толық асып кету көлемінде асуымен негізделген ақшаның әкетілуі;
банктің қамтамасыз етуді ұсынуы көзделетін операциялар бойынша өтімділіктегі қосымша қажеттілік және егер қамтамасыз ету ұсынылмаған жағдайда шарттың талаптарына сәйкес қарсы агенттің қамтамасыз етуді талап ету құқығы;
қамтамасыз етуді банкпен келісусіз сапасы жоғары өтімді активтер болып табылмайтын активтерге ауыстыру көзделетін операциялар бойынша өтімділіктегі қосымша қажеттілік;
активтер бойынша, оның ішінде банктің өзі шығарған және күнтізбелік 30 (отыз) күннен аз өтеу мерзімі бар ипотекалық бағалы қағаздар бойынша ақшаның келіп түсуімен қамтамасыз етілген бағалы қағаздар бойынша ақшаның әкетілуі;
банктің еншілес арнайы ұйымдары шығарған, күнтізбелік 30 (отыз) күннен аз өтеу мерзімі бар активтер бойынша ақшаның келіп түсуімен қамтамасыз етілген бағалы қағаздар бойынша ақшаның әкетілуі (ұстаушының толық немесе ішінара мөлшерде мерзімінен бұрын сатып алуға талап қою құқығы көзделетін туынды қаржы құралдарын есептегенде).
Банктің еншілес арнайы ұйымдары деп банктің кепілдігімен бағалы қағаздарды шығару және орналастыру мақсатында құрылған Қазақстан Республикасының резиденттері емес-еншілес арнайы ұйымдар және секьюритилендіру мәмілелері үшін құрылған арнайы қаржы компаниялары түсінілген жөн.
Қосымша ақшаның әкетілуін есептеу мақсатында шартты міндеттемелер көрсетілген міндеттемелердің қайтарып алынбайтын не шартты қайтарып алынатын болу талабымен пайдаланылмаған кредиттік желілер мен өтімділік желілерін қамтиды. Шартсыз қайтарып алынатын кредиттік желілер мен өтімділік желілері бойынша ақшаның әкетілуі Нұсқаулыққа 15-қосымшаға сәйкес Банктің ақша әкетілуі мен келуінің кестесіне сәйкес міндеттемелер бойынша өзге де ақшаның әкетілуі ретінде жіктеледі.
Өтімділік желілері деп банктің мынадай:
клиенттің бұдан бұрын шығарған бағалы қағаздарын өтеу үшін клиентке ақша ұсыну;
бағалы қағаздарды бастапқы орналастыру және (немесе) қайталама нарықта клиенттің бағалы қағаздарымен операциялар бойынша міндеттемелер шеңберінде клиенттің бағалы қағаздарын сатып алу міндеттемелері түсініледі.
Қосымша ақшаның әкетілуін есептеу мақсатында шартты міндеттемелер өтімділікті өтеу коэффициентін есептеу күнінен бастап кейінгі күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде орындалуға жататын шығарылған бағалы қағаздар бойынша клиент міндеттемесінің мөлшерінен аспайтын мөлшердегі өтімділік желілері ретінде енгізіледі. Пайдаланылмаған шартты міндеттеменің қалған бөлігі, сондай-ақ қаржылық емес ұйымдарға айналым қаражатын толықтыруға ұсынылған міндеттемелер кредиттік желілер ретінде шартты міндеттемелер бойынша қосымша ақшаның әкетілу есебіне енгізіледі.
Пайдаланылмаған кредиттік желілер мен өтімділік желілері қамтамасыз етуге ұсынылған не қамтамасыз етуге ұсынылуға жататын және мынадай талаптардың әрқайсысына сай келетін активтерді шегеру ескеріле отырып қосымша ақшаның әкетілу есебіне енгізіледі:
бірінші және екінші деңгейлердегі сапасы жоғары өтімді активтер болып табылады;
банктің сапасы жоғары өтімді активтерінің құрамына енгізілмеген;
қайтарымды негізде жасалатын операцияларды жүргізу үшін қолжетімді;
мерзімінен бұрын қайтару туралы талап қою құқығы жоқ.
Егер өтімділікті өтеу коэффициентін есептеу күнінен бастап кейінгі күнтізбелік 30 (отыз) күн ішіндегі жеке тұлғалардың және қаржылық емес ұйымдардың алдындағы міндеттемелер бойынша ақшаның әкетілуі өтімділікті өтеу коэффициентін есептеу күнінен бастап кейінгі күнтізбелік 30 (отыз) күн ішіндегі ақша келуінің 50 (елу) пайызынан асатын болса, асып кету сомасы 100 (жүз) пайыз ақшаның әкетілу коэффициенті қолданыла отырып ақшаның әкетілуінде есептеледі.
45-8. Ақшаның келуі банктің мынадай активтері бойынша Нұсқаулыққа 15-қосымшаға сәйкес Банктің ақша әкетілуі мен келуінің кестесінде белгіленген ақшаның келу коэффициенттері қолданыла отырып кейінгі күнтізбелік 30 (отыз) күн ішіндегі ақшаның келу сомасы ретінде есептеледі:
қайтарымды негізде жасалатын операцияларды (репо, своп операциялары және өзге де операциялар) қоса алғанда, қамтамасыз етілген қарыз операциялары;
негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша мерзімі өткен берешегі бар қарыздарды қоспағанда, жеке және заңды тұлғаларға берілген кредиттер;
туынды қаржы құралдары;
өзге ақшаның келуі.
Сапасы жоғары өтімді активтер бойынша ақшаның келіп түсуі ақшаның келуін есептеу кезінде ескерілмейді.
Қамтамасыз етілген қарыз операциялары бойынша ақшаның келуі өтімділікті өтеу коэффициентін есептеу күнінен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен аз өтеу мерзімі бар, бірінші және екінші деңгейлердегі сапасы жоғары өтімді активтермен және бірінші және екінші деңгейлердегі сапасы жоғары өтімді активтер болып табылмайтын өзге де активтермен қамтамасыз етілген қарыз операцияларын, сондай-ақ қамтамасыз етуге бағалы қағаздарды сатып алу-сатуды жасау үшін (маржалық мәмілелер) ұсынылған қарыздарды қамтиды.
45-9. Банктер 2016 жылғы 1 шілде - 2017 жылғы 30 маусым аралығында өтімділікті өтеу коэффициентін өтімділік тәуекелін бағалау мақсатында есептейді. Өтімділікті өтеу коэффициенті ай сайынғы негізде уәкілетті органға есептеулердің нәтижелерін ұсына отырып күн сайынғы негізде есептеледі. Өтімділікті өтеу коэффициентінің ең төменгі мәні мынадай мөлшерде белгіленеді:
2017 жылғы 1 шілде - 2018 жылғы 30 маусым аралығында - 0,6;
2018 жылғы 1 шілде - 2019 жылғы 30 маусым аралығында - 0,7;
2019 жылғы 1 шілде - 2020 жылғы 30 маусым аралығында - 0,8;
2020 жылғы 1 шілде - 2021 жылғы 30 маусым аралығында - 0,9;
2021 жылғы 1 шілдеден бастап - 1,0.
45-10. Нетто тұрақты қорландыру коэффициенті қолжетімді тұрақты қорландырудың талап етілетін тұрақты қорландыруға арақатынасы ретінде есептеледі.
Қолжетімді тұрақты қорландырудың мөлшері Нұсқаулыққа 16-қосымшаға сәйкес Қолжетімді тұрақты қорландыру міндеттемелерінің кестесінде белгіленген қолжетімді тұрақты қорландыру коэффициенттеріне көбейтілген бухгалтерлік баланс деректеріне сәйкес міндеттемелер және Нұсқаулықтың 4-1-тармағында көрсетілген инвестицияларды шегергенге дейінгі меншікті капитал ретінде есептеледі.
Талап етілетін тұрақты қорландырудың мөлшері жиынтығында Нұсқаулыққа 17-қосымшаға сәйкес Талап етілетін тұрақты қорландыру активтерінің кестесінде белгіленген талап етілетін тұрақты қорландыру коэффициенттеріне көбейтілген бухгалтерлік баланс деректеріне сәйкес активтер және Нұсқаулыққа 18-қосымшаға сәйкес Талап етілетін тұрақты қорландырудың шартты және ықтимал міндеттемелерінің кестесінде белгіленген талап етілетін тұрақты қорландыру коэффициенттеріне көбейтілген талап етілетін тұрақты қорландырудың шартты және ықтимал міндеттемелері ретінде есептеледі.
45-11. Нетто тұрақты қорландыру коэффициентінің ең төменгі мәні 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,0 мөлшерде белгіленеді.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.28.04. № 172 Қаулысымен 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Ашық валюталық позиция лимиттері
ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.23.02. № 47 Қаулысымен (2007.01.04. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2011.30.09. № 117 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 47-тармақ өзгертілді; ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.12. № 383 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.25.02. № 74 Қаулысымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2014.06.05. № 79 Қаулысымен (2014 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 47-тармақ жаңа редакцияда
47. Ашық валюталық позиция - жеке шет мемлекеттің (шет мемлекеттер тобының) немесе тазартылған бағалы металдардағы валютасындағы банктің талаптарының (міндеттемелерінің) сол шетел валютасындағы немесе тазартылған бағалы металдардағы міндеттемелерінің (талаптарының) шегінен асып кетуі.
Ұзын валюталық позиция - бұл талаптар (активтер мен шартты талаптардың жиынтық сомасы) банктің сол шетел валютасындағы немесе тазартылған бағалы металдардағы міндеттемелерінің (міндеттемелер мен шартты міндеттемелердің жиынтық сомасы) шегінен асып кететін жеке шет мемлекеттің (шет мемлекеттер тобының) немесе тазартылған бағалы металдардағы валютасындағы ашық валюталық позиция.
Қысқа валюталық позиция - ірі міндеттемелер (міндеттемелер мен шартты міндеттемелердің жиынтық сомасы) банктің сол шетел валютасындағы немесе тазартылған бағалы металдардағы талап етулері (активтер мен шартты талаптардың жиынтық сомасы) шегінен асып кететін жеке шет мемлекеттің (шет мемлекеттер тобының) немесе тазартылған бағалы металдардағы валютасындағы ашық валюталық позиция.
Валюталық позициялар есебіне мөлшері валюталардың айырбас бағамының (тазартылған бағалы металдар құнының) өзгеруімен белгіленетін, теңгемен көрсетілген талаптар (активтер мен шартты талаптардың жиынтық сомасы), міндеттемелер (міндеттемелер мен шартты міндеттемелердің жиынтық сомасы) енгізіледі.
Мөлшері бір шетелдік валютадан артық айырбас бағамының өзгеруімен анықталатын, теңгемен көрсетілген талаптар (активтер, шартты және ықтимал талаптардың жиынтық сомасы), міндеттемелер (міндеттемелер, шартты және ықтимал міндеттемелердің жиынтық сомасы) осы Нұсқаулықтың 48-тармағында белгіленген ашық валюталық позицияның мейлінше төмен лимитін иеленетін шетел валютасындағы валюталық позициялар есебіне енгізіледі.
Әрбір шетелдік валюта бойынша және әрбір тазартылған бағалы металл бойынша ашық валюталық позиция жеке есептеледі.
Жекелеген шет мемлекеттердің (шет мемлекеттер топтарының) валюталары (тазартылған бағалы металдары) бойынша валюта ашық позицияларын есептеу кезінде бірінші кезекте активтер шоттарында халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес қалыптасқан резервтерді шегергенде және банктің міндеттемелері шоттарында ашылған әрбір шетел валютасы (тазартылған бағалы металы) бойынша шоттардың сальдосы есептеледі.
Одан кейін халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес қалыптасқан арнайы резервтерді шегергенде, шартты талаптар шоттарында және шартты міндеттемелер шоттарында ашылған осы шетел валютасы (тазартылған бағалы металы) бойынша шоттар сальдосы анықталады.
Міндеттемелерден (талаптардан) шетел валютасындағы (тазартылған бағалы металдағы) талаптардың (міндеттемелердің) асып кетуін көрсететін сальдо өзара жиынтықталады, ал алынған нәтиже банктің шетел валютасы (тазартылған бағалы метал) бойынша ашық позициясының мөлшерін және түрін анықтайды.
Шартты талаптар шоттарында және шартты міндеттемелер шоттарында ашылған жекелеген шет мемлекеттің (шет мемлекеттер тобының) валютасындағы туынды қаржы құралдары бойынша банктің ашық ұзын және (немесе) қысқа позициясы банктің меншікті капиталы мөлшерінің 30 (отыз) пайызынан аспауы тиіс.
Банктің ашық ұзын және (немесе) қысқа позициясын есептеу мақсаттары үшін туынды қаржы құралдарының тізбесіне банктер жасаған мәміле споты енгізілмейді.
Туынды қаржы құралдары бойынша банктің ашық ұзын және (немесе) қысқа позициясын есептеу мақсаттары үшін олар бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қарсы агенті болып табылатын туынды қаржы құралдарымен мәмілелер, екі күн және одан аз валюталау күнімен валюталық құралдармен операциялар, екі күн және одан аз валюталау күнімен валюталық своптар операциялары, базалық активтері ұлттық валютадан тұрмайтын валюталық жұп болып табылатын туынды қаржы құралдары енгізілмейді.
Банктің валюталық нетто-позициясы банктің барлық шетелдік валюталары бойынша ұзын позициясының жиынтық сомасы мен барлық шетелдік валюталары (тазартылған бағалы металдары) және барлық шетелдік валюталар бойынша қысқа позициясының жиынтық сомасы арасындағы айырма ретінде есептеледі.
Шетел валютасында көрсетілген талаптар және міндеттемелер осы талаптар және міндеттемелер көрсетілген (белгіленген) шетел валюталары бөлігіндегі валюта позициясы есебіне енгізіледі.
Мәмілені жасаған күн болып табылмайтын, болашақ валюталау күні бар валюталық операцияларды жүргізу кезінде осы сияқты валюталық операциялар осындай мәмілені жасаған күннен бастап валюталық позиция есебіне енгізіледі.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.27.05. № 120 (бұр.ред.қара); 2007.23.02. № 47 (2007.01.04. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) қаулыларымен 48-тармақ өзгертілді; ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2013.25.02. № 74 Қаулысымен 48-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.24.12. № 242 Қаулысымен 48-тармақ өзгертілді (2014 ж. 24 желтоқсаннан бастап туындаған қатынастарға қолданылады және 2015 ж. 30 маусымға дейін қолданылады) (бұр.ред.қара); ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2016.29.02. № 67 Қаулысымен 48-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
48. Осы Нұсқаулықта ашық валюталық позицияның мынадай лимиттерi белгiленедi:
1) Standard & Poor's агенттiгiнiң «А»-дан төмен емес тәуелсiз рейтингi немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар елдердiң шетел валютасы және «еуро» шетел валютасы, сондай-ақ тазартылған қымбат металдар бойынша банктiң меншiктi капиталы шегiнiң 12,5 (он екі бүтін оннан бес) пайызынан аспайтын мөлшердегi ашық валюталық позиция (ұзын және қысқа) лимитi;
2) Standard & Poor's агенттiгiнiң «А»-дан төмен емес тәуелсiз рейтингi немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар елдердiң шетел валютасы бойынша банктiң меншiктi капиталы шегiнiң 5 (бес) пайызынан аспайтын мөлшердегi ашық валюталық позиция (ұзын және қысқа) лимитi;
3) банктiң меншiктi капиталы шегiнiң 25 (жиырма бес) пайызынан аспайтын мөлшердегi валюталық нетто-позиция лимитi.
Нұсқаулықтың ашық валюталық позиция лимиттерін сақтау жөніндегі талаптары «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қайта құрылымдауды жүзеге асыратын (жүзеге асырған) банктерге, сондай-ақ егер уәкілетті орган мақұлдаған банктің қаржылық тұрақтылығын арттыру, банк қызметіне байланысты оның қаржылық жағдайының нашарлауын және тәуекелдердің ұлғаюын болдырмау бойынша ертерек ден қою шараларын көздейтін іс-шаралар жоспарында ашық валюталық позиция лимиттерінің мәні және ашық валюталық позиция лимиттерінің мәні қолданылатын мерзімі анықталса, жүйе құраушы банк критерийлеріне сәйкес келетін банктерге қолданылмайды.
49. ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.17.06. № 135 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.23.02. № 47 Қаулысымен 50-тармақ өзгертілді (2007.01.04. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2010.30.04. № 58 Қаулысымен 50-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
50. Ашық валюталық позицияның лимиттерi есептік апта бойы кез-келген шетел валютасы (тазартылған қымбат металл) бойынша шектен асып кеткен кезде содан кейiнгi үш апта iшiнде тәртiп бұзған банктiң бұзылған валюталары (тазартылған қымбат металдар) бойынша ашық валюталық позицияларының лимиттерi осы Нұсқаулықтың 48-тармағында белгiленген ашық валюталық позиция лимиттерiнiң 5 (бес) проценттiк тармаққа кемуiмен айқындалады.
Жекелеген шетел валютасының (тазартылған қымбат металл) ашық валюталық позициясының лимиттерін бұзыуы болып келесі жағдайлар есептелмейді:
банк белгіленген лимиттерді 0,09 проценттiк шектен;
сот шешімі бойынша банкке қатыссыз себептермен, банк берген займның валютасының өзгеру бөлігінде асыруы.
Егер банкке қатыссыз, сот шешімі негізінде банк берген займның валютасының өзгеру бөлігінде банк ашық валюталық позицияларының лимиттерін асырған болса, банк ол туралы тез арада уәкілетті органға хабарлап, көрсетілген шектен асып кетуді айқындаған күннен бастап үш ай ішінде жою бойынша міндеттемелер қабылдайды. Егер осы шектен асып кету аталған мерзiмде жойылмаған болса, онда валюталар бойынша ашық валюталық позиция лимиттерiнiң шектен асып кетуі осы шектен асып кету анықталған күннен бастап аталған нормативтің бұзылуы ретінде қарастырылады.
51. ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.17.06. № 135 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6. ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2015.17.07. № 140 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.23.02. № 47 Қаулысымен 6-1-тараумен толықтырылды (2007.01.04. бастап қолданысқа енгізілді); ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.28.04. № 172 Қаулысымен 6-1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6-1. Банктерді Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы міндеттемелерге капиталдандыру
ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.02.10. № 146 Қаулысымен 53-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.05.08. № 171 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.03.09. № 126 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 53-1-тармақ өзгертілді; ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.12. № 383 Қаулысымен 53-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
53-1. Қазақстан Республикасының резиденті еместер алдындағы міндеттемелерге банктердің капиталдандырылуы к7, к8 және к9 коэффициенттерімен сипатталады.
к7 коэффициенті - Қазақстан Республикасының резиденті еместер алдындағы қысқа мерзімді міндеттемелердің ең жоғары лимиті 1 мөлшерде белгіленеді және Қазақстан Республикасының резиденті еместер алдындағы міндеттемелер сомасының банктің меншікті капиталына қатынасы ретінде есептеледі.
Осы коэффициентті есептеу мақсатында Қазақстан Республикасының резиденті еместер алдындағы міндеттемелер сомасына мыналар енгізіледі:
Қазақстан Республикасының резиденті еместер алдындағы талап етілгенге дейінгі міндеттемелер, оның ішінде есеп айырысуды жүзеге асыру мерзімі белгіленбеген міндеттемелер;
Қазақстан Республикасының резиденті еместер алдындағы мерзімді міндеттемелер, бастапқы өтеу мерзімі бір жылға дейін қоса алғанда;
кредитордың міндеттемелерді мерзімінен бұрын өтеуді талап ету құқығымен Қазақстан Республикасының резиденті еместер алдындағы мерзімді міндеттемелер, оның ішінде жеке және заңды тұлғалардың мерзімді және шартты депозиттерін қоспағандағы банктердің мерзімді және шартты депозиттері.
Осы коэффициентті есептеу мақсатында Қазақстан Республикасының резиденті еместер алдындағы міндеттемелер сомасынан мыналар алып тасталады:
өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын, «Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану және төлемдер бойынша оларға сәйкес мәліметтер ұсыну қағидаларын бекіту туралы» 1999 жылғы 15 қарашадағы № 388 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1011 тіркелген) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысына (бұдан әрі - № 388 қаулы) сәйкес экономиканың «басқа қаржы ұйымдары - коды 5», «мемлекеттік қаржылық емес ұйымдар - коды 6», «мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдар - коды 7» және «үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар - коды 8» секторларына кіретін шетел компанияларының филиалдары мен өкілдіктері алдындағы қысқа мерзімді міндеттемелер;
халықаралық қаржы ұйымдары болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті еместер алдындағы қысқа мерзімді міндеттемелер;
Оныншы абзац 2013 ж. 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады
халықаралық есеп айырысу жүйелері (ClearstreamBanking S.A. және EuroclearBankSA/NV) болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті еместер алдындағы қысқа мерзімді міндеттемелер;
банктің кастодиан шарты негізінде сақтауға қабылдаған қаражатының инвестицияланбаған қалдықтары;
Қазақстан Республикасының резиденті емес - бас банктің алдындағы реттелген борыштық міндеттемелер.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.28.05 № 149 Қаулысымен 53-2 тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара ); ҚР ҚҚА Басқармасының 2007 ж. 27 тамыздағы № 224 Қаулысымен 53-2 тармақ өзгертілді (2007 жылғы 1 қазанда қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.26.02. № 20 Қаулысымен (қолданысқа енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2008.29.12. № 233 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.05.08. № 171 Қаулысымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2010.03.09. № 126 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 53-2-тармақ өзгертілді
53-2. k8 коэффициенті банктің Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы жиынтық міндеттемелерінің сомасы, k8 номативінің есебіне енгізілетін заемдарды тарту кезінде берілген банктің кепілдіктері мен кепілдімелерінен бөлек, банктің еншілес ұйымдарының, банкпен аффилиирленген заңды тұлғаларының сыртқы заемдарды тарту кезінде, сондай-ақ банктің секьюритилендіру бойынша мәмілелері аясында берілген, кредитордың осы заемдар бойынша борышкер міндеттемелерін мерзімінен бұрын өтеуді талап ету құқығымен банктің қамтамасыз етілмеген кепілдіктері мен кепілдемелері банктің меншікті капиталға қатынасы ретінде есептеледі және осы Нұсқаулықтың 53-5-тармағында көрсетілген барынша жоғары нормативтік мәннен аспауы тиіс.