Салымдардың кредиттiк тәуекел
дәрежесi бойынша мөлшерленген
банк активтерiнiң кестесiне
қосымша
Салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленуге тиіс банк активтерінің есебіне
түсіндірме
1. Салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған бағалы қағаздар, банкте түзетілген құны аталған активтер көлемінің 50 (елу) пайызынан кем емес қамтамасыз етуі бар (салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген банк активтері кестесінің (бұдан әрі - Кесте) 1-3, 10-12, 15-18-жолдарында көрсетілген активтер түріндегі) қарыздар банктерде осы тармаққа сәйкес түзетілген қамтамасыз ету құнын анықтауға мүмкіндік беретін барабар есепке алу жүйесі болған кезде түзетілген қамтамасыз ету құнын шегергендегі тәуекел дәрежесі бойынша сараланған активтер есебіне енгізіледі.
Түзетілген қамтамасыз ету құны (Кестенің 1-3, 10-12, 15-18-жолдарында көрсетілген активтер түріндегі) мыналарға тең болады:
салымдардың 100 (жүз) пайыздық сомасы, оның ішінде осы банктегі қамтамасыз ету ретінде ұсынылғандары;
қамтамасыз етуге берілген бағалы қағаздардың нарықтық құнының 95 (тоқсан бес) пайызы;
қамтамасыз етуге берілген тазартылған бағалы металдардың нарықтық құнының 85 (сексен бес) пайызы.
Жоғарыда аталған салымдардың, дебиторлық берешектің, сатып алынған бағалы қағаздардың қамтамасыз етілмеген бөлігі салымдарға, дебиторлық берешекке, сатып алынған бағалы қағаздарға сәйкес келетін тәуекел дәрежесі бойынша Кестеге сай мөлшерленеді.
2. Қарсы агенттен төмен тәуекел дәрежесі бар ұйымдар кепілдік берген (сақтандырған) банк инвестициялары есебіне енгізілмеген салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған бағалы қағаздар, қарыздар, инвестициялар тәуекел дәрежесі бойынша сараланған (банк инвестициялары есебіне енгізілмеген салымдардың, дебиторлық берешектің, сатып алынған бағалы қағаздардың, қарыздардың, инвестициялардың кепілдік берген (сақтандырылған) сомасын шегергендегі) активтердің есебіне борышкердің тәуекел дәрежесі бойынша енгізіледі.
Банк инвестициялары есебіне енгізілмеген салымдардың, дебиторлық берешектің, сатып алынған бағалы қағаздардың, қарыздардың, инвестициялардың кепілдік берілген (сақтандырылған) сомасы тиісті кепілгердің (сақтандырылушының) дебиторлық берешегінің тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленеді.
3. Осы Түсіндірменің 1-тармағында көрсетілген салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған бағалы қағаздар және қарыздар Қазақстан Республикасының мынадай бейрезиденттеріне ұсынылады:
1) оффшорлық аймақ аумағында заңды тұлға ретінде тіркелгендерге;
2) жекелей алғанда жарғылық капиталдың 5 (бес) пайыздан астамын иеленуші оффшорлық аймақ аумағында тіркелген заңды тұлғаға тәуелді немесе оффшорлық аймақ аумағында тіркелген заңды тұлғаға қатысы бойынша еншілес болып табылатындарға;
3) оффшорлық аймақ азаматтары болып табылатындарға;
осы Түсіндірменің 1-тармағында көрсетілген қамтамасыз етудің болуына қарамастан, Кестеге сәйкес тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленеді.
4. Осы Түсіндірменің 1-тармағында көрсетілген салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған бағалы қағаздар және қарыздар Қазақстан Республикасының мынадай бейрезиденттеріне ұсынылған:
1) оффшорлық аймақ аумағында заңды тұлға ретінде тіркелген, бірақ Standard & Poor's агенттігінің «АА-»-тен төмен емес рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар немесе міндеттемелерінің барлық сомасының қамтамасыз етуі ретіндегі, аталған деңгейден төмен емес борыштық рейтингі бар бас ұйымның тиісті кепілдігі барларына;
2) оффшорлық аймақ аумағында тіркелген заңды тұлғалар немесе олардың азаматтары не Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы ақпарат алмасу жөнінде міндеттеме қабылдамаған оффшорлық аумақтар тізбесіне енгізген мемлекеттердің аумағында тіркелген заңды тұлғалар немесе олардың азаматтары болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне немесе жекелей алғанда жарғылық капиталдың 5 (бес) пайыздан астамын иеленуші не көрсетілген оффшорлық аймақ аумағында тіркелген заңды тұлғаларға қатысы бойынша еншілес болып табылатын ұйымдарға қойылатын талаптарды қоспағанда, жекелей алғанда жарғылық капиталдың 5 (бес) пайызынан астамын иеленуші, оффшорлық аймақ аумағында тіркелген заңды тұлғаға тәуелді немесе оффшорлық аймақ аумағында тіркелген заңды тұлғаға қатысы бойынша еншілес болып табылатындарға, бірақ аталған деңгейден төмен емес борыштық рейтингі бар немесе міндеттемелерінің барлық сомасының қамтамасыз етуі ретіндегі борыштық рейтингі аталған деңгейден төмен емес бас ұйымның тиісті кепілдігі барларына;
тәуекелдің нөл дәрежесі бойынша мөлшерленеді.
5. Салымдардың тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген банктің активтерін есептеу мақсатында:
жеке тұлғаларға тұрғын үй салу үшін не оны сатып алу және (немесе) жөндеу мақсатында берілетін ипотекалық қарыз ипотекалық тұрғын үй қарызын білдіреді;
жеке тұлғаларға кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуға берілген кредит тұтынушылық кредит дегенді білдіреді.
6. Егер бағалы қағаз шығарылымының арнайы борыштық рейтингі болса, онда тәуекел дәрежесі бойынша банк активтерін саралау кезінде бағалы қағаз рейтингін ескеру қажет.
7. Нұсқаулықтың 17-тармағына сәйкес нарықтық тәуекелді ескере отырып, активтердің, шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелердің есебіне енгізілген активтер валюталардың айырбастау бағамдарының және бағалы металдар бағамдарының өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелі бар қаржы құралдарының есебіне енгізілген активтерді қоспағанда, кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша сараланатын активтердің, шартты және ықтимал міндеттемелердің есебіне енгізілмейді.
8. Жылжымайтын мүлік кепілімен қамтамасыз етілген қарыздарды, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу шарттары, жылжымайтын мүлікті сатып алу мәні болып табылатын өзге де шарттар бойынша талап ету құқықтарын, қамтамасыз етілуі автокөлік болып табылатын қарыздарды, банктік салым шартына немесе ақша кепілі шартына сәйкес банкте орналастырылған, берілетін қарыз сомасын толығымен өтейтін ақша қамтамасыз етуі болып табылатын қарыздарды, білім беруді кредиттеу жүйесі шеңберінде берілетін қарыздарды және тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы жүйесінің шеңберінде берілетін қарыздарды қоспағанда, тұтынушылық қарыз салымдардың тәуекел дәрежесі бойынша сараланған банктің активтерін есептеу мақсаттары үшін қамтамасыз етілмеген тұтынушылық қарыздар ретінде түсініледі.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.27.05. № 97 Қаулысымен 1-1-қосымшамен толықтырылды; ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.24.12. № 242 Қаулысымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылды) (бұр.ред.қара); 2016.29.02. № 67 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-1-қосымша жаңа редакцияда
Екінші деңгейдегі банктер үшін
пруденциалдық нормативтер есеп
айырысуларының нормативтік мәні
мен әдістемесі туралы нұсқаулыққа
1-1-қосымша
Банк капиталының құрамындағы құралдарды жіктеуге арналған
критерийлер
№ | Негізгі капитал | Қосымша капитал | Екінші деңгейдегі капитал |
1 | банкті тарату кезінде соңғы кезекте қанағаттандырылатын талаптарды білдіреді; | шығарылған және төленген (сатып алынғандарды қоспағанда); | шығарылған және төленген (сатып алынғандарды шегергенде); |
2 | таратылу кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, басым талаптарды қанағаттандырғаннан кейін, қалған мүлікке өздеріне тиесілі акциялар санына пропорционалды талап ету құқығы бар; | банкті тарату кезінде мерзімсіз қаржы құралдары «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 74-2-бабында айқындалған сегізінші кезекте жай акциялардың меншік иегерлері-акционерлердің талаптарына дейін, қамтамасыз етілмеген міндеттемелер бойынша талаптарды қанағаттандырғанға дейін қанағаттандырылады; | банкті тарату кезінде қамтамасыз етілмеген міндеттеме «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 74-2-бабында айқындалған сегізінші кезекте жай акциялардың меншік иегерлері-акционерлердің талаптарына дейін қанағаттандырылады; |
3 | банкті тарату жағдайларын қоспағанда, сондай-ақ жай акцияларды сатып алу кезінде, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда номинал мерзімсіз болып табылады және төленуге жатпайды; | қамтамасыз етілмеген, банктің немесе байланысты тұлғаның кепілдігімен өтелмеген және қандай да бір азаматтық-құқықтық шарттардан және эмитент-банктің басқа кредиторларының алдында басымдығы бар өзге талаптардан туындайтын міндеттемелер көзделмейді; | қамтамасыз етілмеген, банктің немесе байланысты тұлғаның кепілдігімен өтелмеген және қандай да бір азаматтық-құқықтық шарттардан және эмитент-банктің басқа кредиторларының алдында басымдығы бар өзге талаптардан туындайтын міндеттемелер көзделмейді; |
4 | банк құралдарды шығару кезінде талаптарында (шығарылым талаптарында) банктің орналастырылған акцияларын сатып алу немесе күшін жою құқығы немесе міндеті көзделетін шарттарды жасамайды (туынды бағалы қағаздарды сатып алмайды); | мерзімсіз болып табылады, төлемдер (сыйақы) деңгейін көтеру талаптары және сатып алуға ниеттенуге алып келетін өзге де талаптар жоқ; | қамтамасыз етілмеген міндеттеме шығарылған не алынған мерзім кем дегенде 5 (бес) жылды құрайды; |
5 | дивидендтерді төлеу банктің таза кірісі есебінен (өткен жылдардың бөлінбеген пайдасын қосқанда) жүзеге асырылады. Бұл ретте дивидент мөлшері акцияларды орналастыру кезінде алынған ақша сомасына байланысты емес. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда дивидендтерді есептеу мен төлеуге жол берілмейді; | егер осы әрекет капитал жеткіліктілігі коэффициенттерінің ең төменгі мәндерінің Нұсқаулыққа 1-2-қосымшада белгіленген мәндерден төмен төмендеуге алып келмейтін жағдайда, мынадай талаптарды орындау кезінде 5 (бес) жыл өткен соң ғана банктің бастамасы бойынша мерзімінен бұрын қайтарып алынған (орындалған): уәкілетті органның оң қорытындысының болуы; капиталмен ауыстыру ретінде сондай немесе сапасы одан жақсысын беру; банкті капиталдандыруды мерзімсіз қаржы құралдарын қайтарып алуды жүзеге асыру салдарынан капиталдың ең төменгі талап етілетін деңгейінен жоғары жақсарту; | реттеуіш капиталдың құрамында айналыс мерзімінің соңғы бес жылында тану тура сызықты әдіспен амортизацияланады; |
6 | дивидендтерді төлеу міндетті болып табылатын талаптар жоқ және дивидендтерді төлемеу дефолт жағдайы болып табылмайды; | кез келген номинал төлемі (сатып алу немесе өтеу арқылы) уәкілетті органның алдын-ала рұқсатымен жүзеге асырылады; | төлемдер (сыйақы) деңгейін көтеру талаптары жоқ және сатып алуға деген ниет жоқ; |
7 | дивидендтерді төлеу Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, тек қана артықшылықты акциялар бойынша дивидендтерді төлеу жөніндегі барлық міндеттемелерді орындаған соң жүзеге асырылады; | мерзімсіз қаржы құралдары шығарылымының талаптарында егер дивиденд (сыйақы) есептеу капитал жеткіліктілігі коэффициенттерінің ең төменгі мәндерінің Нұсқаулыққа 1-2-қосымшада белгіленген мәндерден төмен төмендеуге алып келетін жағдайда банктің атқарушы органының мерзімсіз қаржы құралдары бойынша дивиденд (сыйақы) есептемеу құқығы көзделген; | егер осы әрекет капитал жеткіліктілігі коэффициенттерінің ең төменгі мәндерінің Нұсқаулыққа 1-2-қосымшада белгіленген мәндерден төмен төмендеуге алып келмейтін жағдайда, мынадай талаптарды орындау кезінде 5 (бес) жыл өткен соң ғана банктің бастамасы бойынша мерзімінен бұрын қайтарып алынған (орындалған): уәкілетті органның оң қорытындысының болуы; капиталмен ауыстыру ретінде сондай немесе сапасы одан жақсысын беру; банкті капиталдандыруды мерзімсіз қаржы құралдарын қайтарып алуды жүзеге асыру салдарынан капиталдың ең төменгі талап етілетін деңгейінен жоғары жақсарту; |
8 | шығындар туындаған кезде бірінші және соған теңбе-тең ең көп үлесті иеленетін капитал құралы болып табылады және банкке өзінің жұмыс істеуін тоқтатпастан және таратылуға немесе банкроттыққа ұшырамастан үздіксіз қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік береді; | осы құрал бойынша дискрециялық төлемдер төлеуді жою дефолт жағдайы болып табылмайды; | кредитордың қамтамасыз етілмеген міндеттемені оның туындау кезінен бастап 5 (жыл) бұрын қайтару (орындау) туралы талап қоюға құқығы жоқ; |
9 | төленген сома төлем қабілетсіздігін анықтау үшін меншікті капитал ретінде танылады (міндеттеме ретінде танылмайды); | банктердің міндеттемелердің орындалу мерзімі басталуына қарай оларды орындау мақсатында жойылған төлемдерге толық рұқсаты бар; | банк немесе сол арқылы банк бақылауды жүзеге асыратын немесе оның қызметіне қомақты түрде ықпал ететін банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлға тура банк сияқты осы құралды сатып алуды қаржыландыруды тікелей немесе жанама жүзеге асыра алмайтыны сияқты, құралды сатып алуға құқығы жоқ; |
10 | төленген сома Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес капитал ретінде жіктеледі; | төлемдерді жою негізгі акционерлерге дивидендтер төлемін жүзеге асыруды қоспағанда, банктің қызметіндегі шектеулерге әкеп соқтырмайды; | |
11 | толық шығарылған және акционерлер ақы төлеген. Бұл ретте банктерге өз акцияларын сатып алуға қарыздар беруге тыйым салынады; | бухгалтерлік есеп мақсатында міндеттемелер ретінде жіктелген құралдардың берілген және алдын-ала анықталған шартта (триггерде) айырбастау және (немесе) алдын-ала анықталған шартқа (триггерге) сәйкес шығындарды құралға бөлетін есептен шығару тетігі арқылы шығындарды жұтып қою мүмкіндігі бар. Есептен шығарудың мынадай тиімділіктердің бірі бар: тарату кезінде құралдың талап ету құқығын кемітеді; құралды қайтарып алған кезде төлем сомасын кемітеді; құрал бойынша дивидендтер (сыйақы) төлеуді ішінара не толық кемітеді; | |
12 | жай акциялар қамтамасыз етілмеген, эмитент-банктің немесе эмитент-банкпен ерекше қатынаспен байланысты тұлғаның кепілдігімен жабылмаған, сондай-ақ заңдық немесе экономикалық жағынан осындай жай акциялар бойынша эмитент-банк міндеттемелерінің эмитент-банктің басқа кредиторларына қатысты басымдығын арттыратын қандай да бір азаматтық-құқықтық шарттар жоқ; | банк немесе сол арқылы банк бақылауды жүзеге асыратын немесе оның қызметіне қомақты түрде әсер ететін кез келген басқа байланысты тұлға банктің осы құралдарының меншік иегері болып табылмайды немесе банк осы құралды сатып алуды қаржыландыруды тікелей немесе жанама жүзеге асырмайды; | |
13 | жай акциялардың жарияланған санын ұлғайту туралы шешімді тек қана акционерлердің жалпы жиналысы қабылдайды, бұл ретте жай акцияларды олардың жарияланған саны шеңберінде орналастыру банктің директорлар кеңесінің шешімі бойынша жүзеге асырылады; | құралдың белгілі бір уақыт кезеңі аралығында мейлінше төмен бағамен жаңа құрал шығарылған жағдайда эмитенттің инвесторларға өтемақы төлеуі үшін талап сияқты қайта капиталдандыруға кедергі жасайтын ерекшеліктері жоқ; | |
14 | банктің қаржылық есептілігінде нақты және бөлек-бөлек ашып көрсетілген. | | |
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.27.05. № 97 Қаулысымен 1-2-қосымшамен толықтырылды; ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2015.19.12. № 222 Қаулысымен 1-2-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Екінші деңгейдегі банктерге
арналған пруденциалдық
нормативтердің нормативтік мәні
және есептеу әдістемелері туралы
Нұсқаулықтың 1-2-қосымшасы
Капиталдың жеткіліктілік коэффициенттерінің мәні
Кезең | 2015 жылғы 01 қаңтардан бастап | 2016 жылғы 01 қаңтардан бастап | 2017 жылғы 01 қаңтардан бастап |
Талаптар |
Негізгі капиталдың жеткіліктілігі (k1) | 5% | 5% | 5,5% |
Бірінші деңгейдегі капиталдың жеткіліктілігі (k1-2) | 6% | 6% | 6,5% |
Меншікті капиталдың жеткіліктілігі (k2) | 7,5% | 7,5% | 8% |
Консервациялық буферді және жүйелі буферді ескергендегі,
капитал жеткіліктілігі коэффициенттерінің мәні
Кезең | 2015 жылғы 01 қаңтардан бастап | 2016 жылғы 01 қаңтардан бастап | 2017 жылғы 01 қаңтардан бастап |
Талаптар |
Негізгі капиталдың жеткіліктілігі (k1) | 6% | 6% | 7,5% |
Бірінші деңгейдегі капиталдың жеткіліктілігі (k1-2) | 7% | 7% | 8,5% |
Меншікті капиталдың жеткіліктілігі (k2) | 8,5% | 8,5% | 10% |
Жүйе құраушы банктер үшін негізгі капиталдың жеткіліктілігі (k1) | 7,5% | 7,5% | 9,5% |
Жүйе құраушы банктер үшін бірінші деңгейдегі капиталдың жеткіліктілігі (k1-2) | 8,5% | 8,5% | 10,5% |
Жүйе құраушы банктер үшін меншікті капиталдың жеткіліктілігі (k2) | 10% | 10% | 12% |
Ескертпе: уәкілетті орган меншікті капитал жеткіліктілігі нормативтерінің және меншікті капитал буферлерінің мәндерін 3 (үш) жылда бір реттен сирек емес қайта қарайды.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.27.05. № 97 Қаулысымен 1-3-қосымшамен толықтырылды
Екінші деңгейдегі банктерге
арналған пруденциалдық
нормативтердің нормативтік мәні
және есептеу әдістемелері туралы
Нұсқаулықтың 1-3-қосымшасы
Бөлінбеген таза кірісті шектеудің барынша төмен мөлшері
k1, k1-2 және/немесе k2 барынша төмен мәндерінен буфердің асып кетуінің қажетті мөлшерлі пайыздық сомасы | Шектелуге жатуы тиіс бөлінбеген таза кірістің барынша төмен деңгейі (пайызбен) |
[< 25%] | [100%] |
[25% - 50%] | [80%] |
[50% - 75%] | [60%] |
[75% - 100%] | [40%] |
[> 100%] | [0%] |
Шектелуге жатуы тиіс бөлінбеген таза кірістің барынша төмен деңгейі (пайызбен) мейлінше көп мәнмен пайдаланылады.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.23.02. № 47 Қаулысымен (2007.01.04. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.17.06 № 58 (бұр. ред. қара) ; 2008.29.12. № 233 Қаулысымен (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 2-қосымша өзгертілді; ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.24.12. № 242 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.17.07. № 140 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.29.02. № 67 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 2-қосымша жаңа редакцияда
Екiншi деңгейдегi банктер
үшiн пруденциалдық нормативтер
бойынша есеп айырысудың
нормативтiк мәнi мен әдiстемесi
туралы нұсқаулықтың 2-қосымшасы
Банктің кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген шартты және ықтимал міндеттемелерінің
кестесі
№ | Баптардың атауы | Конверсия коэффициентi пайызбен |
I топ |
1 | Міндеттемелері толығымен: Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Ұлттық Банктің, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының, Standard & Poor's агенттігінің «АА-» және одан жоғары деңгейдегі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтері мен орталық банктерінің қарсы кепілдіктерімен (кепілдемелерімен); банктің басқаруына берілген ақшамен немесе тазартылған бағалы металдармен; Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Ұлттық Банктің, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының, Standard & Poor's агенттігінің «АА-» төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтері мен орталық банктерінің бағалы қағаздарымен қамтамасыз етілген банк кепілдіктері мен кепілдемелері | 0 |
2 | Қазақстан Республикасының Үкіметі және Ұлттық Банк, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы шығарған мемлекеттік бағалы қағаздарды, «АА-» деңгейiнде және Standard & Poor's агенттiгiнен жоғары тәуелсiз рейтингi немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінiң осындай деңгейдегi рейтингi бар шет мемлекеттердiң орталық үкiметтерi шығарған, Нұсқаулықтың 17-тармағында көзделген өтiмдiлiгi жоғары басқа да бағалы қағаздарды сатып алу не сату бойынша шартты (ықтимал) мiндеттемелер | 0 |
3 | Банк аккредитивтерi: банктiң қаржы мiндеттемелерiнсiз; мыналар бойынша: Standard & Poor's агенттiгiнен жоғары және «АА-» деңгейiнде тәуелсiз рейтингi немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірiнiң осындай деңгейдегi рейтингi бар шет мемлекеттердiң орталық үкiметтерiнiң және орталық банктерiнiң, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң, Ұлттық Банктің, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының кепiлдiктерімен (кепiлдемелерімен); «АА-» деңгейiнде және Standard & Poor's агенттiгiнен жоғары тәуелсiз рейтингi немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірiнiң осындай деңгейдегi рейтингi бар шет мемлекеттердiң орталық үкiметтерiнiң және орталық банктерiнiң, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң, Ұлттық Банктің, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының бағалы қағаздарымен; банк иелігіне берiлген ақшамен немесе тазартылған қымбат металдармен қамтамасыз етiлген мiндеттемелер | 0 |
4 | Банктің талабы бойынша кез келген сәтте жойылуға жататын болашақта қарыздар мен салымдарды банктiң орналастыруы бойынша ықтимал (шартты) мiндеттемелер | 0 |
5 | Банктiң еншiлес компанияларының пайдасына олар арқылы сыртқы қарыздарды тартқан және банктiң борыштық мiндеттемелерiн орналастырған кезде берiлген банктiң мiндеттемелерi мен кепiлдемелерi | 0 |
6 | Банк берілген қарызды қамтамасыз етуге қабылдаған кепілдіктер | 0 |
II топ |
7 | Өтеу мерзiмi 1 жылдан кем болашақта қарыздар мен салымдарды банктiң орналастыруы бойынша ықтимал (шартты) мiндеттемелер | 20 |
8 | Мiндеттемелері мыналармен: Standard & Poor's агенттiгiнің «А-»-тен «АА-»-ке дейiнгі тәуелсiз рейтингi немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірiнiң осындай деңгейдегi тәуелсіз рейтингi бар шет мемлекеттердiң орталық үкiметтерiнiң және орталық банктерiнiң қарсы кепiлдiктерімен (кепiлдемелерімен); Standard & Poor's агенттiгiнiң «А-»-тен «АА-»-ке дейiнгі тәуелсiз рейтингi немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірiнiң осындай деңгейдегi рейтингi бар шет мемлекеттердiң орталық үкiметтерiнiң және орталық банктерiнiң бағалы қағаздарымен толық қамтамасыз етiлген банк кепiлдiктерi және кепiлдемелерi | 20 |
9 | Мiндеттемелері мыналармен: Standard & Poor's агенттiгiнiң «А-»-тен «AA-»-ке дейiнгі тәуелсiз рейтингi немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірiнiң осындай деңгейдегі рейтингi бар шет мемлекеттердiң орталық үкiметтерiнiң және орталық банктерiнiң кепiлдiктерімен (кепiлдемелерімен); «АА-» деңгейiнде және Standard & Poor's агенттiгiнен жоғары борыштық рейтингi немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірiнiң осындай деңгейдегi рейтингi бар банктердiң кепiлдiктерімен (кепiлдемелерімен); Standard & Poor's агенттiгiнiң «А-»-тен «АА-»-ке дейiнгі тәуелсiз рейтингi немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірiнiң осындай деңгейдегi рейтингi бар шет мемлекеттердiң орталық үкiметтерiнiң және орталық банктерiнiң бағалы қағаздарымен қамтамасыз етiлген банк аккредитивтерi | 20 |
10 | Банк шартты міндеттемелер шоттарында ұстайтын және Standard & Poor's агенттігінің «ААА»-дан «АА-»-ке дейінгі кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi немесе Standard & Poor's агенттiгiнің ұлттық шәкілі бойынша «kzAAA»-дан «kzAA-»-ке дейінгі рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар секьюритилендіру позициялары | 20 |
III топ |
11 | Өтеу мерзiмi 1 (бір) жылдан көп болашақта қарыздар мен салымдарды банктiң орналастыруы бойынша ықтимал (шартты) мiндеттемелер | 50 |
12 | Мiндеттемелері мыналармен: Standard & Poor's агенттiгiнiң «BBB-»-тен «А-»-ке дейiнгі тәуелсiз рейтингi немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірiнiң осындай деңгейдегi рейтингi бар шет мемлекеттердiң орталық үкiметтерiнiң және орталық банктерiнiң қарсы кепiлдiктерімен (кепiлдемелерімен); Standard & Poor's агенттiгiнiң «А-»-тен «АА-»-ке дейiнгі борыштық рейтингi немесе басқа рейтингтiк агенттiктердiң бірiнiң осындай деңгейдегi рейтингi бар банктердiң кепiлдiктерімен (кепiлдемелерімен); Standard & Poor's агенттiгiнің «АА-» деңгейiнде және одан жоғары борыштық рейтингi немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірiнiң осындай деңгейдегi рейтингi бар заңды тұлғалардың кепiлдiктерімен (кепiлдемелерімен) және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру полистерiмен; Standard & Poor's агенттiгiнiң «ВВВ-»-тен «А-»-ке дейiнгі тәуелсiз рейтингi немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірiнiң осындай деңгейдегi рейтингi бар шет мемлекеттердiң орталық үкiметтерiнiң және орталық банктерiнiң бағалы қағаздарымен; Standard & Poor's агенттiгiнiң «А-»-тен «AA-»-ке дейiнгі борыштық рейтингi немесе басқа рейтингілiк агенттiктердiң бірiнiң осындай деңгейдегi рейтингi бар банктердiң бағалы қағаздарымен; Standard & Poor's агенттiгiнің «АА-» деңгейiнде және одан жоғары борыштық рейтингi немесе басқа рейтингілiк агенттiктердiң бірiнiң осындай деңгейдегi рейтингi бар заңды тұлғалардың бағалы қағаздарымен толық қамтамасыз етiлген банк кепiлдiктерi және кепiлдемелерi | 50 |
13 | Мiндеттемелері мыналармен: Standard & Poor's агенттiгiнiң «ВВВ-»-тен «A-»-ке дейiнгі тәуелсiз рейтингi немесе басқа рейтингілiк агенттiктердiң бірiнiң осындай деңгейдегi рейтингi бар шет мемлекеттердiң орталық үкiметтерiнiң және орталық банктерiнiң қарсы кепiлдiктерімен (кепiлдемелерімен); Standard & Poor's агенттiгiнiң «А-»-тен «АА-»-ке дейiнгі борыштық рейтингi немесе басқа рейтингілiк агенттiктердiң бірiнiң осындай деңгейдегi рейтингi бар банктердiң кепiлдiктерімен (кепiлдемелерімен); Standard & Poor's агенттiгiнің «АА-» деңгейiнде және одан жоғары борыштық рейтингi немесе басқа рейтингілiк агенттiктердiң бірiнiң осындай деңгейдегi рейтингi бар заңды тұлғалардың кепiлдiктерімен (кепiлдемелерімен) және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру полистерiмен; Standard & Poor's агенттiгiнiң «BBB-»-тен «А-»-ке дейiнгі тәуелсiз рейтингi немесе басқа рейтингілiк агенттiктердiң бірiнiң осындай деңгейдегi рейтингi бар шет мемлекеттердiң орталық үкiметтерiнiң және орталық банктерiнiң бағалы қағаздарымен; Standard & Poor's агенттiгiнiң «А-»-тен «АА-»-ке дейiнгі борыштық рейтингi немесе басқа да рейтингілiк агенттiктердiң бірiнiң осындай деңгейдегi рейтингi бар банктердiң бағалы қағаздарымен; Standard & Poor's агенттiгiнің «АА-» деңгейiнде және одан жоғары борыштық рейтингi немесе басқа да рейтингілiк агенттiктердiң бірiнiң осындай деңгейдегi рейтингi бар заңды тұлғалардың бағалы қағаздарымен толық қамтамасыз етiлген банк аккредитивтерi | 50 |
14 | «Қазақстанның ипотекалық компаниясы» акционерлік қоғамынан ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша талап ету құқықтарын керi сатып алу бойынша ықтимал (шартты) мiндеттемелер | 50 |
15 | Банк шартты міндеттемелер шоттарында ұстайтын және Standard & Poor's агенттігінің «А+»-тен «А-»-ке дейінгі кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингілiк агенттiктердiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi немесе Standard & Poor's агенттiгiнің ұлттық шәкілі бойынша «kzA+»-тен «kzA-»-ке дейінгі рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілiк агенттiктердiң бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар секьюритилендіру позициялары | 50 |
IV топ |
16 | Қаржы құралдарын банкке және банктің керi сатып алу мiндеттемесiмен сату туралы келісім | 100 |
17 | Банктiң өзге кепiлдiктерi (кепiлдемелерi) | 100 |
18 | Банктiң өзге аккредитивтерi | 100 |
19 | Банк шартты міндеттемелер шоттарында ұстайтын және Standard & Poor's агенттігінің «ВВВ+»-тен «ВВВ-»-ке дейінгі кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингілiк агенттiктердiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi немесе Standard & Poor's агенттiгiнің ұлттық шәкілі бойынша «kzBBB+»-тен «kzBBB-»-ке дейінгі рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілiк агенттiктердiң бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар секьюритилендіру позициялары | 100 |
20 | Банктiң өзге шартты (ықтимал) мiндеттемелерi | 100 |
21 | Банк шартты міндеттемелер шоттарында ұстайтын және Standard & Poor's агенттігінің «ВВ+»-тен «ВВ-»-ке дейінгі кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингілiк агенттiктердiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi немесе Standard & Poor's агенттiгiнің ұлттық шәкілі бойынша «kzBB+»-тен «kzBB-»-ке дейінгі рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілiк агенттiктердiң бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар секьюритилендіру позициялары | 350 |