ҚР Үкіметінің 2009.25.12. № 2206 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.25.06. № 641 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.16.09. № 1067 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.29.12. № 904 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.19.08. № 491 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.26.09. № 707 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2020.16.10. № 668 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2021.13.05. № 318 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2021.23.07. № 511 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 84-тармақ өзгертілді
84. Жоспарда көзделген заң жобаларын ұсыну мерзімін ауыстыру туралы, сондай-ақ заң жобаларын ағымдағы жылдың Жоспарынан алып тастау немесе оған қосымша заң жобаларын қосу туралы мәселелер Үкіметтің тиісті қаулыларын қабылдау жолымен шешіледі.
Қабылданған Жоспарға заң жобаларын қосуға және Жоспарда көзделген заң жобаларын ұсыну мерзімдерін ауыстыруға:
1) Президенттің, Тұңғыш Президент - Елбасының не Президент Әкімшілігінің тапсырмалары, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесі мен Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалар;
2) Үкімет басшылығының тапсырмалары негіз болып табылады.
Қабылданған Жоспардан заң жобаларын алып тастауға:
1) Президенттің не Президент Әкімшілігінің тапсырмалары, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесі мен Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалар;
2) Үкіметі басшылығының тапсырмалары;
3) алып тастау ұсынылатын заң жобасы бойынша Республикалық бюджет комиссиясының теріс қорытындысы;
4) реттеудің бір нысаны бойынша бірнеше заң жобасын біріктіру негіз болып табылады.
Бұл ретте қабылданған Жоспарға заң жобалары енгізілген жағдайда осы заң жобасы тұжырымдамасының жобасын Ведомствоаралық комиссия мақұлдауға тиіс.
Мұндай қаулылардың жобалары заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік органның қолдаухаты бойынша Ведомствоаралық комиссияның отырысында алдын ала қаралады. Бұл ретте өтінішхатқа міндетті түрде Регламенттің осы тармағының бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген құжат қоса беріледі.
Ведомствоаралық комиссияның оң қорытындысы болған кезде әзірлеуші тиісті жобаны осы Регламентте белгіленген тәртіппен Кеңсеге енгізеді, бұл ретте жобаға түсіндірме жазбада міндетті түрде осы мәселе бойынша Ведомствоаралық комиссияның негіздемесі мен шешімі көрсетіледі.
Кейіннен заңнамалық қамтамасыз етуді көздейтін Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарын, тұжырымдамаларды, Үкіметтің іс-шараларын әзірлеу кезінде әзірлеуші осындай құжаттардың жобаларымен қатар Ведомствоаралық комиссияның қарауына тиісті заң жобаларының тұжырымдамаларын ұсынады.
Егер заң жобасының тұжырымдамасын әзірлеу басқа мемлекеттік органның құзыретіне жататын болса, ол кейіннен заңнамалық қамтамасыз етуді көздейтін Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарын, тұжырымдамаларды, Үкіметтің іс-шараларын әзірлеуші мемлекеттік органның сұрау салуы бойынша заң жобасының тиісті тұжырымдамасын ұсынады.
Мемлекеттік және өзге де бағдарламаларға қоғамдық қатынастарды заңнамалық реттеудің жаңа тетіктерін енгізу Жоспарға өзгерістер және толықтырулар енгізумен бірге жүргізілуге тиіс.
Мемлекеттік органның бастамасы бойынша жоспарда көзделген заң жобаларын алып тастаған не мерзімдерін ауыстырған жағдайда, бірінші басшысының заң жобасын әзірлеуге тікелей жауапты орынбасарынан төмен емес лауазымды адамның жауапкершілігі мәселесі қаралады.
Қабылданып қойған заң жобалау жұмыстарының жоспарларына енгізілетін өзгерістер және (немесе) толықтырулар Кеңсе Басшысының не оны алмастыратын адамның қолы қойылып, Президент Әкімшілігіне келісуге ұсынылады. Актінің жобасына заң жобалау жұмыстарының жоспарларына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар негізделген тиісті түсіндірме жазба, сондай-ақ тиісті хаттамалардың, Президенттің, Президент Әкімшілігі мен Үкімет басшылығы тапсырмаларының, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесі мен Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалардың көшірмелері міндетті түрде қоса беріледі.
ҚР Үкіметінің 2011.21.12. № 1575 Қаулысымен 84-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 84-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2016.29.12. № 904 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2020.16.10. № 668 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 84-1-тармақ өзгертілді
84-1. Премьер-Министрдің немесе Кеңсенің атына Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының жоспарында көзделмеген заң жобасын әзірлеу туралы ұсыныспен жүгінген жағдайда, заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган алдын ала тиісті заң жобасының тұжырымдамасы мен заң жобасының алдын ала мәтінін әзірлейді және оларды Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияда қарау үшін Әділет министрлігіне ұсынады.
Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның оң шешімі болмаған жағдайда, Кеңсе жоспардан тыс бастама жасалған заң жобасын әзірлеу туралы ұсынысты қарамай қайтаруы мүмкін.
ҚР Үкіметінің 2011.16.09. № 1067 Қаулысымен 85-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.30.12. № 1401 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.29.12. № 904 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.08.06. № 350 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.19.08. № 491 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 85-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2020.16.10. № 668 Қаулысымен 85-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2021.13.05. № 318 Қаулысымен 85-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
85. Ағымдағы жоспардың және заң шығару жұмысының тұжырымдамалық жоспарының орындалуын жалпы бақылауды Әділет министрлігі жүзеге асырады.
Заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган басым заң жобаларын, сондай-ақ Президенттің тапсырмаларынан, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесі мен Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалардан туындайтын заң жобаларын дайындау, заң жобаларының Үкіметте және Парламентте өтуі туралы ақпаратты, сондай-ақ Жоспардың орындалу барысы туралы есепті әр айдың 20-күнінен кешіктірілмейтін мерзімде Әділет министрлігіне береді.
Әділет министрлігі ай сайын Үкіметтің заң жобалау қызметінің барысын қорытады және есепті айдан кейінгі айдың 1-күніне қарай Кеңсеге ағымдағы Жоспардың орындалу барысы туралы есепті, басым заң жобалары мен Президент тапсырмасы, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесі мен Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырма бойынша әзірленетін заң жобалары жөніндегі, жоспарланған заң жобаларының мемлекеттік органдарда және Парламентте өтуі, сондай-ақ заң жобаларын әзірлеу мерзімінің ықтимал бұзылуы туралы ақпарат береді және заң жобаларын әзірлеу мерзімінің бұзылуына кінәлі лауазымды адамдарды жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс енгізеді.
Жоспарланған заң жобаларын әзірлеу мерзімі бұзылған кезде Кеңсе Әділет министрлігі ақпаратының негізінде Премьер-Министрге заң жобаларын әзірлеу мерзімінің бұзылуына кінәлі лауазымды адамдарды жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізе алады.
Заң жобаларын Үкіметке және (немесе) Парламентке ұсынудың Жоспарда көзделген мерзімдерін ауыстырудың объективті себептері туындаған жағдайда, әзірлеуші мемлекеттік орган Үкіметке және (немесе) Парламентке заң жобасын енгізу мерзімі басталардан бір ай бұрын заң жобаларын Үкіметке және (немесе) Парламентке енгізудің Жоспарда көзделген мерзімдерін ауыстыру себептерін баяндап, Премьер-Министрдің атына негіздеме-хат жолдайды.
Заң жобаларын Үкіметке және (немесе) Парламентке ұсынудың Жоспарда көзделген мерзімдерін ауыстыру туралы қаулы Үкімет басшылығы шешім қабылдаған күннен бастап бір ай ішінде қабылдануы тиіс.
Бұл ретте, егер заң жобасын Үкіметке және (немесе) Парламентке ұсынудың Жоспарда көзделген мерзімдері заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік органның кінәсінан ауыстырылса, Премьер-Министрдің атына жолданатын негіздеме-хатқа уәкілетті мемлекеттік органдағы заң жобасын әзірлеуге жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысына тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрықтың және Жоспарда көрсетілген заң жобаларын әзірлеуге және енгізуге жауапты лауазымды адамға жаза қолдану туралы ұсыныстың көшірмелері міндетті түрде қоса беріледі.
Заң жобалау жұмыстарының жоспарында көзделген заң жобаларын Үкіметке және (немесе) Парламентке ұсыну мерзімдерін ауыстыру туралы мәселеге қайтадан бастама жасалған кезде әзірлеуші мемлекеттік органның бірінші басшысының жауапкершілігі туралы мәселе қаралады.
Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының ағымдағы жоспарларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Үкімет қаулыларының жобаларын Кеңсенің жинақтауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі Үкіметтің Парламенттегі өкілдігімен келіседі.
86. ҚР Үкіметінің 2009.25.12. № 2206 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2011.16.09. № 1067 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2020.16.10. № 668 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 87-тармақ жаңа редакцияда
87. Заң жобаларының сапасын, уақтылы әзірленуі мен ұсынылуын жалпы үйлестіруді және бақылауды заң жобаларын әзірлеуші мемлекеттік органдардың бірінші басшылары жүзеге асырады.
Заң жобаларының сапасы, уақтылы әзірленуі мен ұсынылуы үшін Жоспарда көрсетілген лауазымды адамдар және заң жобаларын әзірлеуші мемлекеттік органдардың бірінші басшылары дербес жауапты болады.
ҚР Үкіметінің 2017.29.12. № 943 Қаулысымен 6.2-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6.2-бөлім. Заң жобаларын дайындау, ресімдеу, келісу, оларға дауыс беру тәртібі
ҚР Үкіметінің 2016.29.12. № 904 Қаулысымен 88-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
88. Заң жобаларын дайындау, ресімдеу, келісу, оларға дауыс беру, сондай-ақ олар бойынша келіспеушіліктерді қарау тәртібі «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен Сенатының регламенттерінде және осы Регламентте көзделген ерекшеліктермен Үкімет қаулыларының жобаларын енгізу үшін белгіленген тәртіпке ұқсас.
ҚР Үкіметінің 2011.05.04. № 359 Қаулысымен 88-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2013.12.02. № 126 Қаулысымен 88-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 88-1-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2014.11.08. № 910 Қаулысымен 88-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
88-1. Заң жобалары Конституцияға, заңнамалық актілерге сәйкестігі тұрғысынан заңдық сараптама жүргізуге жауапты Әділет министрлігімен, мемлекеттік басқару және жоспарлау, әлеуметтік-экономикалық және өңірлік саясат мәселелеріне жауапты Ұлттық экономика министрлігімен, сондай-ақ заң жобасын республикалық бюджет қаражатымен қамтамасыз етуге жауапты Қаржы министрлігімен міндетті түрде келісілуге тиіс. Әділет және/немесе Ұлттық экономика және/немесе Қаржы министрліктері теріс қорытынды берген жағдайда, егер Премьер-Министр өзгеше айқындамаса, заң жобасы Кеңсеге енгізілмейді.
Бұл ретте Ұлттық экономика, Әділет және Қаржы министрліктері заң жобалары барлық мүдделі мемлекеттік органдармен келісілгеннен кейін келіседі.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.12.11. № 1198 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.27.05. № 590 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.30.12. № 1401 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.29.12. № 904 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2021.08.06. № 386 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 89-тармақ өзгертілді
89. Халықаралық шарттарды ратификациялау мен олардың күшін жою туралы және оған қосылу туралы заң жобаларын әзірлеу және енгізу «Халықаралық шарттар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Парламент қарауына Үкімет енгізетін заң жобалары бойынша заң жобасында реттелетін құқықтық қатынастарға қарай тиісті ғылыми (құқықтық, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық және басқа да) сараптаманың жүргізілуі міндетті. Қабылдаудың болжамды салдары экологиялық, оның ішінде радиациялық қауіпсіздікке, қоршаған ортаны қорғауға қатер төндіруі мүмкін нормативтік құқықтық актілердің жобаларына міндетті экологиялық сараптама жүргізілуге тиіс.
Парламенттің қарауына Үкімет енгізетін халықаралық шарттарды ратификациялау туралы заң жобаларына «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізілген халықаралық шарттарға ғылыми сараптама нәтижелері бойынша сараптамалық қорытынды қоса беріледі.
ҚР Үкіметінің 2009.04.06. № 822 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.25.06. № 641 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.27.05. № 590 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.30.12. № 1401 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.29.12. № 904 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2020.16.07. № 451 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2021.23.07. № 511 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 90-тармақ өзгертілді
90. Заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган жобаға тиісті ғылыми сараптама (оның ішінде міндетті ғылыми лингвистикалық сараптама) жүргізуді қамтамасыз етеді, оның нәтижелері бойынша қорытынды ұсынымдық сипатта болады (барлық заңды және жеке тұлғалардың орындауы үшін міндетті мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын қоспағанда).
Әзірлеуші көрсетілген қорытындыларды заң жобасына басқа материалдармен бірге міндетті түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде Кеңсеге енгізеді. Ғылыми сараптаманың қорытындысы теріс болғанда (нәтижелері бойынша ескертулері заң жобасында міндетті түрде жойылуға тиіс мемлекеттік экологиялық сараптаманы қоспағанда) заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган сараптамалық қорытындының ұсыныстарына сәйкес заң жобасын пысықтау, сондай-ақ қайталама сараптама жүргізу туралы шешімді дербес қабылдайды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың қорытындысын қоспағанда, заң жобасы бойынша сараптамалық қорытындыда қамтылған ұсынымдар қабылданбаған жағдайда әзірлеуші заң жобасына анықтама парақта қабылдамау себептерінің дәлелді негіздемесін келтіруге тиіс.
Әзірлеуші сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың қорытындысымен бірге Кеңсеге заң жобасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптамасын жүзеге асыратын адамның немесе ұйымның атына ұсынымдарды қабылдамау себептерінің негіздемелері жазылған өз жауабының көшірмесін енгізеді.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.04.06. № 822 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.31.12. № 1524 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.24.04. № 288 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2018.04.12. № 804 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.26.09. № 707 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2020.16.10. № 668 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 91-тармақ өзгертілді
91. Әзірлеуші мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және сараптамалық кеңестерге кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын заң жобаларының, оның ішінде аталған жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен келесі әрбір келісу кезінде ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылғаны туралы хабарлама жібереді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және сараптамалық кеңестердің сараптамалық қорытындылары ұсынымдық сипатта болады және заң жобалары қабылданғанға дейін оларға міндетті қосымшалар болып табылады.
Жобаны әзірлеуші сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда заң жобасына анықтама парақта сараптамалық қорытындымен келіспеу себептеріне дәлелді негіз келтіруге тиіс.
Реттегіш құралды және онымен байланысты талаптарды енгізуді немесе жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты реттеуді қатаңдатуды жүзеге асыруды көздейтін заң жобалары кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен реттеушілік әсерге талдануы тиіс.
Реттеушілік әсерді талдау нәтижелері реттеуші мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылады.
ҚР Үкіметінің 2009.04.06. № 822 Қаулысымен 91-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2021.23.07. № 511 Қаулысымен 91-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
91-1. Егер Қазақстан Республикасы заңының қолданылуын қамтамасыз ету үшін заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажет болса, заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган заң жобасын жан-жақты пысықтау мақсатында мемлекеттік органдардың қарауына заң жобасын іске асыру үшін қажетті заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын бір мезгілде енгізеді.
Егер заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлеу басқа мемлекеттік органның құзыретіне жататын болса, онда ол заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік органның сауалы бойынша заңға тәуелді актінің тиісті жобасын ұсынады.
Заң жобаларының уақтылы енгізілуін қамтамасыз ету мақсатында әзірлеуші мемлекеттік орган заң жобасын мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жіберген кезде олардан өздері реттейтін қоғамдық құқықтық қатынастар саласында заңға тәуелді жаңа нормативтік құқықтық актіні әзірлеудің не заңға тәуелді қолданыстағы нормативтік құқықтық актіге өзгерістер мен толықтырулар енгізудің орындылығы туралы мәліметтерді (ақпаратты) міндетті түрде сұратуға тиіс.
Бұл ретте заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлеу құзыретіне жататын мемлекеттік органдар заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын тиісті сұрау салуды алған күннен бастап бір ай ішінде беруге тиіс.
Егер заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу талап етілмесе, заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің осындай жобаларын әзірлеу құзыретіне жататын мемлекеттік органдар әзірлеуші органнан келіп түскен сұрау салуға 5 жұмыс күні ішінде тиісті жауап жіберуге тиіс.
ҚР Үкіметінің 2011.21.12. № 1575 Қаулысымен 91-2-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2013.05.03. № 213 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.31.12. № 1524 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2018.04.12. № 804 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 91-2-тармақ өзгертілді
91-2. Әзірлеуші мемлекеттік орган заң жобасын мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жібере отырып, бір мезгілде өзінің интернет-ресурсында заң жобасын, түсіндірме жазбаны және оған қажетті басқа құжаттарды осы Регламенттің 95-тармағының талаптарын ескере отырып, мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырады, ол туралы заң жобасына түсіндірме жазбада көрсетіледі.
Әзірлеуші мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан және сараптамалық кеңестерден сараптамалық қорытындылар түскен күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде оларды өзінің интернет-ресурсында орналастырады, ал олармен келіспеген жағдайда, қабылдамау себептерінің дәлелденген негіздемесін орналастырады.
Әзірлеуші мемлекеттік орган әлеуметтік мәні бар заң жобасын әзірлеген күннен бастап өзінің интернет-ресурсында (веб-сайтында) мемлекеттік және орыс тілдерінде, ал қажет болған жағдайда, өзге тілдерде баспасөз релизін орналастырады.
Әлеуметтік мәні бар заң жобасы деп адам мен тұтастай алғанда, қоғамның құқықтары мен мүдделерін тікелей немесе жанама қозғайтын заң жобасын түсіну керек.
ҚР Үкіметінің 2017.29.12. № 943 Қаулысымен 6.3-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6.3-бөлім. Заң жобаларын Премьер-Министрдің Кеңсесіне енгізу тәртібі
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 Қаулысымен 92-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
92. Жоспар негізінде заң жобаларын әзірлеуші мемлекеттік органдар Кеңсеге заң жобаларын Үкімет қаулыларының Парламент Мәжілісіне осы заң жобаларын енгізу туралы жобаларымен бірге белгіленген тәртіппен енгізеді.
Заң жобасын Үкіметке енгізу мерзімі бұзылған жағдайда, әзірлеуші мемлекеттік орган заң жобасымен бір мезгілде заң жобасын әзірлеуге және Парламентке енгізуге жауапты тиісті саяси мемлекеттік қызметшіні жазалау туралы ұсыныс енгізеді.
ҚР Үкіметінің 2016.29.12. № 904 Қаулысымен 93-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
93. Заң жобаларын Кеңсеге енгізу тәртібі «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен Сенатының регламенттерінде және осы Регламентте көзделген ерекшеліктермен Үкімет қаулыларының жобаларын енгізу үшін белгіленген тәртіпке ұқсас.
94. Кеңсеге енгізілетін Қазақстан Республикасы заңдарының жобалары заңға бағынысты актілерді кейіннен қабылдауды көздейтін жіберілетін нормалардың ең аз санын қамтуы тиіс.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.25.06. № 641 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.05.04. № 359 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.27.05. № 590 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.16.09. № 1067 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.31.12. № 1524 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 95-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 95-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.30.12. № 1401 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.24.04. № 288 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.27.04. № 346 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.28.12. № 1088 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.29.12. № 904 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.19.08. № 491 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2018.04.12. № 804 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2020.16.07. № 451 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 95-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2021.23.07. № 511 Қаулысымен 95-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
95. Кеңсеге заң жобасы бойынша енгізілетін материалдарда мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындалған:
1) заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік органның бірінші басшысы не оның міндетін атқарушы адам қол қойған ілеспе хат. Бұл ретте тиісті заң жобасы туралы Үкімет қаулысының әрбір жобасы жеке ілеспе хатпен енгізіледі;
2) әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы әр парағын дәйектеген Үкімет қаулылары үшін осы Регламенттің 4.2-бөлімінде белгіленген тәртіппен келісілген (қолбелгі қойылған) заң жобасы (оның ішінде электрондық жеткізгіштерде) және осы заң жобасын (заң жобаларын) Парламент Мәжілісіне енгізу туралы Үкімет қаулысының жобасы;
3) Үкімет қаулысының жобасына осы Регламенттің 4.5-бөлімінің талаптарына сәйкес дайындалған түсіндірме жазба;
4) заң жобасының мақсаттары, міндеттері және негізгі ережелері егжей-тегжейлі сипатталған, жобаны қабылдау қажеттігі негізделген заң жобасына түсіндірме жазбаның жобасы;
5) қолданыстағы заңнамалық актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізуді көздейтін заң жобасына осы Регламентке 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың тиісті негіздемесімен қоса баптардың қолданыстағы және ұсынылатын редакцияларының салыстырма кестесі.
Бұл ретте негіздемелерде Комиссия отырысында мақұлданған тұжырымдаманың нақты тармағына немесе ережесіне сілтеме міндетті түрде келтіріледі;
6) заң жобасын (заң жобаларын) мүдделі мемлекеттік органдармен келісу парағы (парақтары);
7) келісуші мемлекеттік органдар арасында келіспеушіліктер болған жағдайда, өзге мемлекеттік органдардың қорытындылары, осы Регламенттің 4.2-бөліміне сәйкес келіспеушіліктер хаттамалары;
8) консультативтік құжат және заң жобасының мақұлданған тұжырымдамасы;
9) заң жобасын бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде интернет желісінде талқылау және қоғамдық пікірді ескеру нәтижелері туралы әр парағын заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы дәйектеген анықтама.
Заң жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару бастамасы тәртібімен әзірленген жағдайда анықтамаға консультативтік құжатты және заң жобасын жария талқылаудың қорытындылары бойынша ақпараттық сүйемелдеу, түсіндіру бағдарламасы мен есептер қоса беріледі;
10) егер заң жобасын іске асыру республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Ұлттық қордың түсімдерінің қысқаруына немесе шығыстарының ұлғаюына, халықаралық көздерден гранттарды, қарыздарды тартуға немесе демеушілікке әкеп соқса, қаржы-экономикалық есеп-қисаптар;
11) қабылданатын заңның қолданылуының ықтимал экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, экологиялық салдарының болжамдары.
Қабылданатын заңның қолданылуының әлеуметтік және экономикалық салдарын бағалау мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекітетін қабылданатын заң жобаларының қолданылуының әлеуметтік-экономикалық салдарын бағалау жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес ресімделеді;
12) заң жобасы реттейтін құқықтық қатынастарға қарай ғылыми (құқықтық, экономикалық, лингвистикалық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы және басқа) сараптамалардың нәтижелері бойынша қорытындылар.
Ғылыми сараптаманың қорытындысымен келіспеген жағдайда, заң жобасын әзірлеуші тиісті қорытындымен келіспеу себептерінің сараптама ұйымына жіберілген жазбаша дәлелді негіздемелерін қоса беруге тиіс;
13) егер заң жобасы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын болса, заң жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындылары;