14) «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында мемлекеттік органда қоғамдық кеңес құру көзделмеген жағдайларды қоспағанда, заң жобасы азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты болса, заң жобасын қоғамдық кеңестермен талқылау ұсынымдары;
15) осы Регламентке 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтама парақ.
Заң жобасы бойынша сараптамалық қорытындылардағы ұсынымдар қабылданбаған жағдайда, әзірлеуші анықтама парақта қабылдамау себептерінің дәлелді негіздемесін келтіруге тиіс;
16) республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттердің және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кірістерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін заң жобаларына қатысты Республикалық бюджет комиссиясының оң шешімінің көшірмесі;
17) тиісті заңнамалық актінің қабылдануына байланысты өзгертілуге немесе күші жойылды деп танылуға жататын заңнамалық актілердің тізбесі;
18) Үкіметтің заң шығару бастамасы тәртібімен әзірленген заң жобасының қолданылуын қамтамасыз ету үшін заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажет болса (егер мұндай қажеттілік болмаса, онда бұл заң жобасына түсіндірме жазбада көрсетіледі), оны іске асыру үшін қажетті заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобалары;
19) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына қатысты Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген жағдайларда реттеушілік әсерді талдау;
20) осы Регламентке 5-3-қосымшаға сәйкес заң жобасын Парламентте сүйемелдеуге жауапты адамдардың дербес құрамының тізбесі қамтылуға тиіс.
Бұл ретте осы тармақтың 8) және 12) тармақшаларында белгіленген талаптар оңайлатылған тәртіппен әзірленетін заң жобаларына қолданылмайды.
ҚР Үкіметінің 2013.02.05. № 450 Қаулысымен 95-1-тармақпен толықтырылды
95-1. Осы Регламенттің 95-тармағында санамаланған құжаттардан басқа республикалық бюджет туралы заң жобасын Парламентке енгізу туралы заң жобасына мынадай құжаттар мен материалдар ұсынылады:
республиканың әлеуметтік-экономикалық даму болжамы;
стратегиялық жоспарлар жобалары немесе орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына өзгерістер мен толықтырулар жобалары;
стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалар жобалары;
соңғы есеп беру күніне мемлекеттік және мемлекет кепілдендірген қарыздың жай-күйі туралы деректер;
бюджеттік бағдарламалардың кіші бюджеттік бағдарламаларының бөлінісінде бюджеттік қаражатты жұмсау бағыттарын нақтылайтын ақпарат және республикалық бюджет жобасында қарастырылған шешімдерді ашатын түсіндірме жазба.
96. Қазақстан Республикасы Президентінің арнайы жолдауымен
белгіленген басымды деп айқындалған заң жобаларын (бұдан әрі - басымды заң жобалары) әзірлеуші мемлекеттік органдар осы Регламентке сәйкес келісілген заң жобаларын Кеңсеге заң жобасы басымды деп айқындалған күнінен бастап 20 күнтізбелік күннен кешіктірмей енгізуге тиіс. Бұл ретте басымды заң жобаларын мемлекеттік органдардың келісу мерзімі олар түскен күнінен бастап 5 күнтізбелік күннен аспауға тиіс.
97. ҚР Үкіметінің 2017.08.06. № 350 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 97-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2017.08.06. № 350 Қаулысымен 97-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
97-1. Әділет министрлігі мемлекеттік органдардың ұсыныстары негізінде жыл сайын 1 тамызға басым деп айқындау көзделетін заң жобаларының тізбесі бойынша ұсыныстарды Кеңсеге енгізеді.
98. Осы Регламентте көзделген негіздемелер бойынша заң жобаларын Кеңсе әзірлеуші мемлекеттік органға заң жобасын пысықтауға, оның ішінде қажет болған кезде қосымша ғылыми сараптама жүргізу үшін қайтаруы мүмкін.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 6.3-1 бөліммен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2015.28.12. № 1088 Қаулысымен; 2017.29.12. № 943 Қаулысымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6.3-1-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда
6.3-1-бөлім. Нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің жобалары мен мемлекеттік бағдарламалар жобаларының тұжырымдамаларын таныстыруды жүргізу тәртібі
ҚР Үкіметінің 2017.19.08. № 491 Қаулысымен 98-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2021.13.05. № 318 Қаулысымен 98-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының жоспарын, Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын, сондай-ақ Президенттің тапсырмаларын, Қауіпсіздік Кеңесі мен Ассамблеяның, Үкімет басшылығының шешімдерінде қамтылған тапсырмаларды орындау үшін әзірленген заң жобалары таныстырылуға тиіс.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының жоспарын, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын, сондай-ақ Мемлекет басшысының және Үкімет басшылығының тапсырмаларын орындау мақсатында әзірленген заң жобалары таныстырылуға жатады.
Сондай-ақ:
1) Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобалары бойынша Үкімет қорытындысының жобалары;
2) Парламент палаталарының қарауындағы заң жобалары бойынша Парламент палаталары депутаттарының түзетулеріне Үкімет қорытындыларының жобалары;
3) Парламент палаталарының қарауындағы заң жобаларына мемлекеттік органдардың бастамашылық жасаған салыстырма кестелер түріндегі түзетулері міндетті таныстырылуға жатады.
Әдетте, халықаралық шарттарды ратификациялау мен күшін жою туралы және оларға қосылу туралы заң жобалары бойынша таныстырылым өткізілмейді.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 Қаулысымен 98-2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.12.02. № 126 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.11.08. № 910 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.19.08. № 491 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 98-2-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2018.21.07. № 444 Қаулысымен 98-2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
98-2. Таныстырылымға заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы және лауазымды адамдары, тиісті заң жобасын келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың басшылары, Үкіметтің Парламенттегі Өкілдігінің өкілі, заң жобасын әзірлеуге қатысқан коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ ғылыми сараптама жүргізуді жүзеге асырған сарапшылар шақырылады. Әділет, Ұлттық экономика және Қаржы министрліктерінің басшылары заң жобаларының таныстырылымына міндетті түрде қатысады.
Қажет болған жағдайда таныстырылымда мүдделі мемлекеттік органдардың, оның ішінде ақпарат және коммуникациялар (бірыңғай ақпараттық кеңістіктің қауіпсіздігін дамытуды және қамтамасыз етуді қалыптастыруға ықтимал әсер ету бөлігінде) және қоғамдық даму (ішкі саяси тұрақтылыққа, жастар саясатына және діни қызметке ықтимал әсер ету бөлігінде) саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың бірінші басшылары тыңдалады.
ҚР Үкіметінің 2017.19.08. № 491 Қаулысымен 98-3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
98-3. Заң жобаларын әзірлеуші мемлекеттік органдар осы Регламенттің 95-тармағында келтірілген құжаттардан басқа, Кеңсеге заң жобасын таныстыруға мынадай құжаттарды енгізеді:
1) қаралатын құқықтық қатынастарды реттеу және заң қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар бойынша шет елдердің тәжірибелерін қоса алғанда, заң жобасының негізгі ережелері бойынша қысқаша ақпаратты;
2) заң жобасы бойынша слайдтарды;
3) заң жобасы бойынша мемлекеттік органдар арасында бар келіспеушіліктерді;
4) қаржы-экономикалық есептерді;
5) заң жобасын таныстыруға шақырылатын адамдардың тізімін;
6) қаралатын заң жобасы қолданысының ықтимал әлеуметтік-экономикалық салдарының болжамдарын, сондай-ақ жария талқылау нәтижелерін.
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 98-4-тармақ өзгертілді
98-4. Кеңсенің Заң бөлімі құрылымдық бөлімшелердің ұсыныстары негізінде аталған тізбені, сондай-ақ Премьер-Министрмен не ол болмаған жағдайда оның міндетін атқарушы адаммен таныстыруды өткізу күні мен уақытын келісетін Кеңсе Басшысының (не оның міндеттерін атқаратын адамның) алдын ала қарауына таныстырылуы тиіс заң жобаларының тізбесін дайындауды және ұсынуды жүзеге асырады.
Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша таныстыруға өзге де нормативтік құқықтық және құқықтық актілер де енгізілуі мүмкін.
98-5. Кеңсенің құрылымдық бөлімшелері таныстыруға тиісті материалдарды дайындауды, сондай-ақ шақырылған адамдардың қатысуын қамтамасыз етеді.
Күн тәртібі бойынша нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің көп саны бекітіліп берілген Кеңсенің құрылымдық бөлімшесі материалдарды таныстыруға дайындауды, сондай-ақ Хаттаманың жобасын ресімдеуді жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 98-6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2017.19.08. № 491 Қаулысымен 98-6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
98-6. Таныстырылымға Премьер-Министр не оның тапсырмасы бойынша Премьер-Министрдің орынбасарлары не Премьер-Министрдің міндетін атқарушы адам төрағалық етеді, ол:
1) тиісті заң жобаларының әзірлеушілері болып табылатын орталық атқарушы органдардың басшыларын, оның ішінде қаралатын заң жобасы қолданысының ықтимал әлеуметтік-экономикалық салдары тұрғысынан, сондай-ақ жария талқылау нәтижелерін тыңдайды;
2) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша мүдделі мемлекеттік органдардың таныстырылатын заң жобасына байланысты ұстанымын, оның ішінде қаралатын заң жобасы қолданысының ықтимал әлеуметтік-экономикалық салдары тұрғысынан, сондай-ақ жария талқылау нәтижелерін тыңдайды;
3) мемлекеттік органдардың басшыларына тиісті тапсырмалар береді;
4) таныстырылатын заң жобалары бойынша тиісті шешімдер қабылдайды.
98-7. Заң жобасын таныстыруды әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырады:
1) заң жобасының негізгі ережелері, заң қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар жөніндегі баяндама;
2) заң жобасы нормаларының тиісті бюджет қаражатымен қаржылық қамтамасыз етілуі жөніндегі ақпарат;
3) мемлекеттік органдар арасында бар келіспеушіліктер туралы мәліметтер.
98-8. Кеңсенің Басшысы таныстыруда Премьер-Министрге заң жобасы бойынша қолда бар ескертулер мен ұсыныстар туралы баяндайды.
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.02.02. № 45 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 98-9-тармақ жаңа редакцияда
98-9. Таныстыру қорытындысы бойынша қабылданған шешімдер жинақтауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшенің меңгерушісі, бірлесіп орындаушы құрылымдық бөлімшелердің меңгерушілері, Заң бөлімінің меңгерушісі алдын ала бұрыштама қойған және Премьер-Министр немесе оның міндетін атқарушы тұлға қол қоятын хаттамамен ресімделеді.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.28.12. № 1088 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 98-10-тармақ өзгертілді
98-10. Мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар жобаларының тұжырымдамалары таныстырылуы тиіс.
Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша өзге де нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің жобалары (Президент Жарлықтарының, Үкімет қаулыларының жобалары, бағдарламалық және Мемлекеттік жоспарлау жүйесіне жатқызылған өзге де құжаттар тұжырымдамаларының жобалары) таныстырылуы тиіс.
Материалдар дайындау, сондай-ақ нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің жобаларын таныстыруды өткізу тәртібі заң жобаларына қатысты осы Регламентте белгіленген тәртіпке ұқсас.
ҚР Үкіметінің 2017.08.06. № 350 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.29.12. № 943 Қаулысымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6.4-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда
6.4-бөлім. Заң жобаларын Президент Әкімшілігімен келісу, сондай-ақ заң жобаларын қарау басымдығын айқындау тәртібі
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.08.06. № 350 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2020.16.10. № 668 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2021.13.05. № 318 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 99-тармақ өзгертілді
99. Парламент Мәжілісіне Үкімет енгізетін заңдардың жобаларын Президент Әкімшілігімен келісу»«Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалары жұмыстарының жоспарларын Қазақстан Республикасының Президентімен және Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне Үкімет енгізетін заң жобаларын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 17 мамырдағы № 873 Жарлығына сәйкес жүзеге асырылады.
Мыналар Президент Әкімшілігімен міндетті түрде алдын ала келісілуге тиіс:
1) Қазақстан Республикасының Президенті атынан Парламентте қаралуын басым деп жариялау жоспарланатын заң жобалары;
2) Президенттің тапсырмасы, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесі мен Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырма бойынша Үкімет әзірлеген және Парламент Мәжілісіне енгізуге жататын заң жобалары;
3) конституциялық заңдардың, кодекстердің жобалары, сондай-ақ қолданыстағы конституциялық заңдар мен кодекстерді өзгертуге және толықтыруға бағытталған заң жобалары;
4) жергілікті мемлекеттік басқаруды және жергілікті өзін-өзі басқаруды, елдің саяси және сайлау жүйелерін жетілдіруге бағытталған заң жобалары;
5) қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік саласындағы, құқық қорғау қызметі және сот төрелігін жүзеге асыру саласындағы құқықтық қатынастарды регламенттейтін заңдардың жобалары.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 6) тармақшамен толықтырылды
6) алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы, сондай-ақ тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін заңдардың жобалары
Президент Әкімшілігінің онымен келісілетін заң жобалары бойынша ескертулері толық ескерілмейтін жағдайда әзірлеуші мемлекеттік орган бұл туралы Премьер-Министрдің Кеңсесіне хабарлайды, соңғысы бұл туралы Президент Әкімшілігін хабардар етеді.
Ағымдағы жоспарда көзделген заңдардың жобалары Парламент Мәжілісіне енгізілетін мерзімге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей олар Президент Әкімшілігіне енгізілуі тиіс.
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 100-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2017.08.06. № 350 Қаулысымен 100-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
100. Заң жобаларын әзірлеуші мемлекеттік органдар оларды Үкіметке енгізу кезінде бір мезгілде нақты заң жобасын қарауды басым деп айқындау туралы ұсыныс енгізуге құқылы. Бұл ретте заң жобасына түсіндірме жазбада оны басым деп айқындау қажеттілігінің негіздемесі де қамтылуға тиіс.
Үкімет өзі әзірлейтін заң жобаларына қатысты Қазақстан Республикасының Президентіне нақты заң жобасын қарауды басым деп айқындау туралы ұсыныс енгізеді.
Бұл ретте Үкіметтің ұсынысына тиісті заң жобасы және заң жобасын басым деп қарауды Парламенттің айқындауы қажеттілігінің негіздемесін қамтитын және заң жобасының нақты мақсаттарын ашатын және ол шешетін міндеттерді қамтитын түсіндірме жазба қоса берілуге тиіс.
ҚР Үкіметінің 2017.29.12. № 943 Қаулысымен 6.5-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6.5-бөлім. Заң жобаларын Парламент Мәжілісіне енгізу тәртібі
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.25.06. № 641 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.27.04. № 540 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 101-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2013.12.02. № 126 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.11.08. № 910 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 101-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2017.19.08. № 491 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2020.16.07. № 451 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 101-тармақ өзгертілді
101. Үкіметтің бастамасы бойынша Парламент Мәжілісінің қарауына енгізілетін заң жобаларының төлнұсқаларына міндетті түрде: заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік органның, Әділет, Ұлттық экономика және Қаржы министрліктерінің басшылары, Кеңсе Басшысы және Премьер-Министр (оның міндетін атқарушы адам) бұрыштама қоюға тиіс. Үкімет бланкісіне шығарылған заң жобасына түсіндірме жазбаға Кеңсе Басшысы бұрыштама қояды және Премьер-Министр (оның міндетін атқарушы адам) қол қояды. Заң жобаларының төлнұсқалары Парламент Мәжілісіне қағаз және электрондық жеткізгіштерде (электрондық құжаттар форматында) енгізіледі.
Заң жобасын Парламент Мәжілісіне енгізер алдында Парламентте заң жобасын сүйемелдеуге жауапты адамдардың дербес құрамы айқындалады, бұл ретте тізбеге әзірлеуші мемлекеттік органның бірінші басшысы, оның заң жобасын әзірлеуге жауапты орынбасары, заң жобасына ғылыми сараптама жүргізген сарапшылар (келісу бойынша) және басқа да мүдделі адамдар (келісу бойынша) міндетті түрде қосылады.
Осы Регламенттің 109-2-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларына сәйкес лауазымды адамдар заң жобасын сүйемелдеуді жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 101-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.19.08. № 491 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2021.13.05. № 318 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2021.23.07. № 511 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 101-1-тармақ жаңа редакцияда
101-1. Заң жобаларымен бірге Парламент Мәжілісіне осы Регламенттің 95-тармағының 4), 5), 9), 10), 11), 12), 13), 14), 18) және 19) тармақшаларында көрсетілген материалдар енгізіледі.
102. Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігімен келісілгеннен кейін Үкімет Парламент Мәжілісінің қарауына басымдығын айқындау жоспарланған заң жобаларын 10 күнтізбелік күннен кешіктірмейтін мерзімде енгізеді.
103. ҚР Үкіметінің 2017.08.06. № 350 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 104-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.02.05. № 450 Қаулысымен 104-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 104-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2017.19.08. № 491 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2020.16.10. № 668 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 104-тармақ өзгертілді
104. Үкіметтің бастамасы бойынша Парламентке енгізілген заң жобасын Парламент Мәжілісінің Аппараты тіркемей Кеңсеге қайтарған жағдайда, егер тиісті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, жоба Кеңсеге келіп түскен күнінен бастап бір ай ішінде заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган оларды ресімдеуде анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі жұмыстарды жүргізеді.
Үкімет Парламент Мәжілісіне енгізген заң жобасына материалдарды толық жиынтықта ұсынбағаны үшін (заңнамалық актілерге сәйкес қажетті бір немесе бірнеше қосымшалар болмағанда) заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган, сондай-ақ заң жобасын Парламент Мәжілісіне енгізуге дайындаған Кеңсенің тиісті құрылымдық бөлімшесі және Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі жауапты болады.
Парламент Мәжілісіне Үкімет енгізген заң жобасының мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтінінің теңтүпнұсқалы болмағаны үшін жауапкершілік заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік органның бірінші басшысына жүктеледі.
Парламент Сенаты Үкімет енгізген заң жобасын ресімдеуде кемшіліктерді анықтаған кезде әзірлеуші мемлекеттік орган оларды осы Парламент палатасының конституциялық тұрғыдан айқындалған заң жобаларын қарау мерзімдерін ескере отырып жою жөніндегі жұмыс жүргізеді.
Заң жобасын ресімдеуде анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі жұмыс аяқталғаннан кейін әзірлеуші мемлекеттік орган түпнұсқаларын Кеңсе Басшысының қолын қойғызып бір уақытта қағаз және электрондық жеткізгіштерде (электрондық құжаттар форматында) Парламент Мәжілісінің Аппаратына, сондай-ақ қағаз және электрондық жеткізгіштердегі түпнұсқаларының көшірмелерін (электрондық құжаттар форматында) Парламент Сенатаның Аппаратына жіберу үшін аталған заң жобасы бойынша тиісті, тиісінше ресімделген материалдарды Кеңсеге енгізеді.
ҚР Үкіметінің 2017.29.12. № 943 Қаулысымен 6.6-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6.6-бөлім. Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобаларын қарау тәртібі
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 Қаулысымен 105-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.12.02. № 126 Қаулысымен 105-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.11.08. № 910 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 105-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2015.28.12. № 1088 Қаулысымен 105-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2016.07.11. № 672 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.29.12. № 904 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 105-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2017.19.08. № 491 Қаулысымен 105-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
105. Парламент депутаттары бастамашылық жасаған, Үкіметке келіп түскен, оның ішінде республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Ұлттық қордың түсімдерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін заң жобалары бойынша Үкімет Парламентке осы Регламентке 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде қорытынды ұсынады.
Парламент депутаттары бастамашылық жасаған, Үкіметке келіп түскен заң жобалары Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі - Ведомствоаралық комиссия) отырысында қаралуға тиіс.
Қорытынды дайындауға жауапты деп айқындалған мемлекеттік орган Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобасы бойынша алдын ала қорытындыны Ведомствоаралық комиссияның отырысына дейін күнтізбелік 5 (бес) күн бұрын Әділет министрлігіне ұсынады, сондай-ақ Ұлттық экономика және Қаржы министрліктерімен бірлесіп, Ведомствоаралық комиссияның қарауына республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Ұлттық қордың түсімдерін ықтимал қысқарту немесе шығыстарын ұлғайту бөлігінде алдын ала қаржы-экономикалық есептерді енгізеді.
Ведомствоаралық комиссия заң жобасы Кеңседе тіркелген күннен бастап 15 күн мерзімде не Премьер-Министрдің, оның орынбасарының не Кеңсе Басшысының тапсырмасында белгіленген неғұрлым қысқа мерзімде депутаттар бастамашылық жасаған заң жобасын оң не өзгеше бағалау жөнінде ұсыныстар әзірлейді.
Үкімет қорытындысының жобасын Ведомствоаралық комиссияның ұсыныстарын ескере отырып, заң жобасында реттелетін қатынастар құзыретіне кіретін мемлекеттік орган әзірлейді, ол мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындалады және келіп түскен күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде оны бірінші басшылардың ЭЦҚ қойылған электрондық құжат форматындағы хаттарды ұсыну не бірінші басшылардың бұрыштама қоюы арқылы міндетті түрде Әділет, Ұлттық экономика, Қаржы министрліктерімен келіседі. Қажет болған кезде әзірлеуші қорытынды жобасына республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Ұлттық қордың түсімдерін ықтимал қысқарту немесе шығыстарын ықтимал ұлғайту бөлігінде қаржы-экономикалық есептерді қоса береді.
Қорытынды жобасында республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Ұлттық қордың түсімдерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін нормалар туралы мәліметтер, осындай нормалар бойынша Республикалық бюджет комиссиясының қорытындысы, заң жобасында ұсынылатын нормалардың Конституцияға, қолданыстағы заңнамалық актілерге сәйкестігі туралы мәліметтер, оларды қабылдаудың орындылығы, сондай-ақ реттегіш құралды және онымен байланысты талаптарды енгізуді немесе жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты реттеуді қатаңдатуды жүзеге асыруды көздейтін нормалар, ықтимал теріс әлеуметтік-экономикалық салдар туралы мәліметтер қамтылады.
Осы Регламентке сәйкес дайындалған Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобаларына Үкімет қорытындыларының жобаларын Кеңсеге енгізген кезде әзірлеуші оларға Ведомствоаралық комиссияның электрондық құжат нысанындағы хаттамалық шешімінің көшірмесін, қорытынды жобасында олардың бұрыштамалары болмаған жағдайда, мемлекеттік органның бірінші басшысының қолы қойылған, Әділет, Ұлттық экономика және Қаржы министрліктері хаттарының көшірмелерін қоса береді, сондай-ақ қажет болған кезде әзірлеуші қорытынды жобасына республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Ұлттық қордың түсімдерін ықтимал қысқарту немесе шығыстарын ықтимал ұлғайту бөлігінде қаржы-экономикалық есептерді қоса береді.