3. Пестицидтерді (улы химикаттарды) тасымалдау үшін пайдаланылған көлік алдын ала тазартылмай және көлік құралы залалсыздандырылмай, басқа да тағамдық емес жүктерді тасымалдау үшін пайдаланылуға тиіс емес.
2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен 5-тараудың тақырыбы өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5-тарау. Өсімдіктерді қорғау саласындағы іс-шараларды қаржыландыру көздері және
Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
09.07.04 ж. № 584-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 20-бап өзгертілді
20-бап. Өсiмдiктердi қорғау жөніндегі iс-шараларды қаржыландыру көздерi
1. Бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын iс-шаралар:
1) зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдер мекендейтiн орындарды анықтау жөніндегі фитосанитариялық мониторинг жүргiзудi;
2) ерекше қауiптi зиянды организмдерге қарсы химиялық өңдеу жүргiзу үшiн пестицидтер (улы химикаттар) сатып алуды, сондай-ақ пестицидтердiң (улы химикаттардың) запасын қалыптастыруды, сақтауды және жаңартуды;
3) пестицидтердi (улы химикаттарды) кедендiк декларациялауды, сақтауды және жұмыстар орындалатын орындарға жеткізудi;
4) ерекше қауiптi зиянды организмдер зиян тигiзудiң экономикалық шегiнен көп мекендейтiн орындарға химиялық өңдеу жүргізуді;
5) бюджет қаражаты есебiнен сатып алынған пестицидтердi (улы химикаттарды) залалсыздандыруды жүргiзудi;
6) өсiмдiктердi қорғау саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргiзудi қамтиды;
7) арнаулы сақтау орындарын (көмiндiлердi) ұстау, салу және жөндеудi қамтиды.
2. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3. Мемлекеттік фитосанитариялық бақылауға жататын объектiлер иелерiнiң қаражаты есебiнен уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен мынадай фитосанитариялық iс-шаралар:
1) өз қаражаты есебiнен сатып алынған пестицидтердi (улы химикаттарды) өсiмдiктердi қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың нұсқамасы бойынша залалсыздандыру;
2) зиянды организмдерге фитосанитариялық iс-шаралар жүргiзу;
3) ауыл шаруашылық өнiмiнде пестицидтердiң (улы химикаттардың) қалдық мөлшерiнiң бар-жоғына талдау және сараптау жүргiзiледi.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ жаңа редакцияда
4. Пестицидтердiң (улы химикаттардың) тiркеу, өндiрістік сынақтары Қазақстан Республикасының уәкілетті органы белгілеген тәртіппен пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiрушiлердiң қаражаты есебiнен жүргiзiледi.
2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен 21-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
21-бап. Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Қазақстан Республикасының