1) зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдердiң фитосанитариялық мониторингiн;
ҚР 09.07.04 ж. № 584-II Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) фитосанитариялық болжамның жасалуын;
2) тiркеуге ұсынылатын пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiрiстiк жағдайларда байқаудан өткізу үшiн өндiру сынақтарын;
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) ауыл шаруашылық өнiмiнде пестицидтердiң (улы химикаттардың), нитраттардың, нитриттердiң және ауыр металдар тұздарының қалдық мөлшерiнiң бар-жоғын талдауды және сараптауды орындау мақсатында құрады.
2. 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. Өсiмдiктердi қорғау саласындағы қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдар фитосанитариялық есепке алуды жүргiзедi және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен уәкiлеттi органға есептiлiктi табыс етедi.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 3-тарау жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3-тарау. Өсімдіктерді қорғау жөніндегі талаптар
11-бап. Фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық іс-шаралар
Қолайлы фитосанитариялық ахуалды қамтамасыз ету мақсатында қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілерімен байланысты жеке және заңды тұлғалар өз аумақтарында фитосанитариялық мониторингті жүзеге асыруға және зиян тигізудің экономикалық шегінен көп зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдер анықталған жағдайда фитосанитариялық іс-шараларды жүргізуге міндетті.
2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен 12-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12-бап. Пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау, тасымалдау және қолдану
1. Пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау, тасымалдау және қолдану пестицидтердің (улы химикаттардың) адам денсаулығына және қоршаған ортаға зиянды әсерінің болмауын қамтамасыз ететін жағдайларда жүзеге асырылуға тиіс.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау, тасымалдау және қолдану жағдайларына қойылатын міндетті талаптар пестицидтер (улы химикаттар) айналымы саласындағы техникалық регламенттерде белгіленеді.
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (күшіне енетін мерзімін қара)
3. Тіркеу, өндірістік сынақтар мен ғылыми зерттеулер үшін әкелінген пестицидтердің (улы химикаттардың) көлемін уәкілетті орган айқындайды.
13-бап. Фитосанитариялық есепке алу және есептілік
1. Қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілерімен байланысты жеке және заңды тұлғалар фитосанитариялық есепке алуды жүргізеді және уәкілетті органға фитосанитариялық есептілікті табыс етеді.
2. Фитосанитариялық есептіліктің түрлерін, нысандарын және оларды табыс ету мерзімдерін уәкілетті орган айқындайды.
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 14-бап жаңа редакцияда
14-бап. Өсімдіктерді қорғау саласындағы қызметті лицензиялау
Өсімдіктерді қорғау саласындағы қызметті лицензиялау Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 14-1-бап өзгертілді; 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 14-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
14-1-бап. Пестицидтерді (улы химикаттарды) зиянсыздандыру
1. Тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтер (улы химикаттар) мен пестицидтердің (улы химикаттардың) ыдыстары зиянсыздандырылуға жатады. Пестицидтердi (улы химикаттарды) зиянсыздандыру тәртiбiн уәкiлеттi орган қоршаған орта және су ресурстары және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келiсу бойынша айқындайды.
2. Пестицидтердi (улы химикаттарды) зиянсыздандыру үшiн арнаулы сақтау орындары (көмiндiлер) пайдаланылады.
3. Арнаулы сақтау орындарын (көмiндiлердi) салуға, сондай-ақ пестицидтердi (улы химикаттарды) зиянсыздандыруға рұқсатты қоршаған орта және су ресурстары саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бередi.
4. Өңірлерде арнаулы сақтау орындарын (көмiндiлердi) орналастырудың орындылығын және олардың санын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары қоршаған орта және су ресурстары және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келiсу бойынша айқындайды.
14-2-бап. Пестицидтердің (улы химикаттардың) запасы
1. Пестицидтердің (улы химикаттардың) запасы дегеніміз пестицидтердің (улы химикаттардың) ұдайы жаңартылып отыратын белгілі бір көлемі және ол уәкілетті органның қарауындағы (билігіндегі) мемлекеттік меншік болып табылады.
2. Пестицидтердің (улы химикаттардың) запасы ерекше қауіпті зиянды организмдердің тосыннан жаппай таралуын жоюға арналған және қалыптасқан фитосанитариялық ахуалды ескере отырып, фитосанитариялық мониторинг негізінде бюджет қаражаты есебінен сатып алынған пестицидтер (улы химикаттар) көлемінен қалыптастырылады.
3. Пестицидтердің (улы химикаттардың) түрлері бойынша запастың нормативін және оларды пайдалану тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
14-3-бап. Фитосанитариялық нормативтер
1. Фитосанитариялық нормативтер фитосанитариялық ахуалды өсімдік шаруашылығы өніміне, ауыл шаруашылығы мақсатындағы объектілерге қауіпсіздігі тұрғысынан сипаттайтын көрсеткіштердің жол берілетін сандық және (немесе) сапалық мәнін айқындайды.
2. Фитосанитариялық нормативтер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізілетін зерттеулер негізінде белгіленеді.
3. Фитосанитариялық нормативтер фитосанитариялық іс-шаралар көлемін объективті және негіздеп жоспарлауды жүргізу, сондай-ақ зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдердің жаппай көбею, таралу және оларды жою мүмкіндігін болжау үшін негіз болып табылады.
4. Фитосанитариялық нормативтер өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды жүргізуі үшін негіз болып табылады.
14-4-бап. Өсімдіктерді қорғау саласындағы ғылыми зерттеулердi және өсімдіктерді қорғау жөніндегі мамандарды даярлау мен олардың біліктілігін арттыру жөніндегi қызметті үйлестіру
1. Уәкілетті орган өсімдіктерді қорғау саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізуді ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды, фитосанитариялық іс-шараларды жүзеге асырудың тәртібі мен тәсілдерін регламенттейтін зерттеулер нәтижесінде әзірленген әдістерді, әдістемелерді, ұсыныстарды бекітеді.
2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Өсімдіктерді қорғау жөніндегі мамандарды даярлау мен олардың біліктілігін арттыру жөніндегі оқу бағдарламалары уәкілетті органмен келісілуге жатады.
14-5-бап. Қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілеріне байланысты жеке және заңды тұлғалардың міндеттерi
Қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілеріне байланысты жеке және заңды тұлғалар:
1) фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық іс-шараларды жүргізуге және зиянды организмдердің зиян тигізудің экономикалық шегінен көп дамуы мен таралуына жол бермеуге;
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) пестицидтер (улы химикаттар) айналымы саласындағы техникалық регламенттерде белгіленген қауіпсіздік талаптарын сақтауға;
3) фитосанитариялық есепке алуды жүргізуге және уәкілетті органға есептілікті табыс етуге;
4) пестицидтердің (улы химикаттардың) тіркеу және өндіру сынақтарын ережелерге сәйкес жүргізуге;
5) пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыруға және арнаулы сақтау орындарын (көмінділерді) тиісті жағдайда ұстауға;
6) қызметтің лицензияланатын түрлеріне қойылатын талаптарды сақтауға;
7) Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасына сәйкес өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың ұйғарымдарын орындауға;
8) өсімдіктерді қорғау жөніндегі инспекторларға олардың Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасын орындауына жәрдемдесуге міндетті.
2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен 14-6-баппен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 14-6-бап өзгертілді; 2016.06.04. № 484-V ҚР Заңымен 14-6-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
14-6-бап. Пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарының қорытындылары бойынша жүргізіледі.
Мыналар:
1) тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын жүргізу үшін мәлімделген пестицидтің (улы химикаттың) химиялық құрамының, рецептурасының және өндіру технологиясының пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеуге ұсынылған пестицидтің (улы химикаттың) химиялық құрамына, рецептурасына және өндіру технологиясына сәйкес келмеуі;
2) пестицидтерге (улы химикаттарға) жататын өнертабыстарға патент иеленушілер құқықтарының бұзылуы пестицидтi (улы химикатты) мемлекеттiк тiркеуден уәжді бас тарту үшін негіздер болып табылады.
Мемлекеттік тіркеуден өткен пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдануға рұқсат етіледі және уәкілетті орган пестицидтер (улы химикаттар) тізіміне енгізеді.
Таралуы өсімдіктер мен өсімдік шаруашылығы өніміне айтарлықтай зиян келтіруге, фитосанитариялық жағдайдың нашарлауына алып келуі мүмкін жекелеген зиянды және аса қауiптi зиянды организмдерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет анықталған карантинді объектілерге қарсы күрес үшін уәкілетті орган айқындаған тәртіппен пестицидтерді (улы химикаттарды) екі жылдан аспайтын мерзімге уақытша тіркеуге жол беріледі.
2. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешіміне сәйкес тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын және (немесе) ғылыми-зерттеулер жүргізу үшін өсімдіктерді қорғаудың тіркелмеген құралдарының (пестицидтердің) үлгілерін әкелуге арналған қорытынды (рұқсат құжаты) негізінде тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтары және (немесе) ғылыми-зерттеулер үшін әкелінетін тәжірибелік үлгілерді қоспағанда, мемлекеттік тіркеуден өтпеген пестицидтерді (улы химикаттарды), сондай-ақ тіркелмеген пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіруге арналған бастапқы компоненттерді өндіруге (формуляциялауға), әкелуге, сақтауға, тасымалдауға, өткізуге және қолдануға тыйым салынады. Тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтары және (немесе) ғылыми зерттеулер үшін әкелінетін пестицидтердің (улы химикаттардың) санын уәкілетті орган айқындайды.
Пестицидтердің (улы химикаттардың) тiркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын жүргiзу жоспарларында тіркелмеген пестицидтердің (улы химикаттардың) болмауы тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын және (немесе) ғылыми-зерттеулерді жүргізуге арналған пестицидтердің (улы химикаттардың) тіркелмеген үлгілерін әкелуге уәжді бас тарту үшін негіз болып табылады.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 4-тарау жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
4-тарау. Мемлекеттік фитосанитариялық бақылау
15-бап. Мемлекеттік фитосанитарлық бақылауға жататын объектілер
Мемлекеттік фитосанитариялық бақылауға жататын объектілер:
1) зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдердің тіршілік ететін орындары болып табылатын ауыл шаруашылығына арналған объектілер, автомобиль жолдарының, темір жолдардың бөлінген белдеулері мен күзет аймақтары және өзге де аумақтар, сондай-ақ өсімдіктен алынатын өнім;
2) зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдер;
3) фитосанитариялық іс-шараларды жүргізу үшін пайдаланылатын арнаулы техника мен пестицидтер (улы химикаттар);
4) арнаулы сақтау орындары (көмінділер) болып табылады.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 15-1-баппен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 15-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
15-1-бап. Өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау (мемлекеттік фитосанитариялық бақылау)
1. Өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау (мемлекеттік фитосанитариялық бақылау) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
2. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды уәкілетті органның ведомствосы және (немесе) оның аумақтық бөлімшелері:
1) ақпараттық жүйелерден;
2) фитосанитариялық есепке алу мен есептіліктен;
3) Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау мемлекеттік жүйесіне кіретін ұйымдардан келіп түсетін;
4) ашық дереккөздерден, бұқаралық ақпарат құралдарынан алынатын деректер мен ақпаратты талдау, салыстыру арқылы жүргізеді.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары бұзушылықтардың дер кезінде жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша уәкілетті органның ведомствосы және (немесе) оның аумақтық бөлімшелері анықтаған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын бақылау субъектілеріне беру және оларға әкімшілік жүктемені азайту болып табылады.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау уәкілетті органда бар деректер мен ақпаратты және (немесе) ұйымдардан, бақылау субъектілерінен, мемлекеттік органдардан, басқа да мемлекеттердің уәкілетті органдарынан келіп түсетін мәліметтерді талдау, салыстыру жолымен жүргізіледі.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бақылау субъектісінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) бұзушылықтар анықталған жағдайда, бұзушылықтар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсыным ресімделеді және жіберіледі.
Ұсыным бақылау субъектісіне қол қойғызып, жеке өзіне немесе жөнелту және алу фактілерін растайтын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс.
Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген ұсыным мынадай жағдайларда:
1) қолма-қол - ұсынымға алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;
2) поштамен - тапсырысты хатпен;
3) электрондық тәсілмен - сұрау салынған кезде хатта көрсетілген бақылау субъектісінің электрондық мекенжайына жөнелтілген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген күнінен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.
Бақылау субъектісі ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ұсынымды жіберген уәкілетті орган ведомствосына және (немесе) оның аумақтық бөлімшелеріне ұсыным табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу жолымен бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындауға алып келеді.
16-бап. 2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен 17-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
17-бап. Мемлекеттік фитосанитариялық бақылаудың міндеттерi
Мемлекеттік фитосанитариялық бақылау:
1) фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық іс-шаралардың жүргізілуіне;
2) пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтауға, тасымалдауға және қолдануға;
3) фитосанитарлық есепке алу мен есептіліктің жүргізілуіне және табыс етілуіне;
4) пестицидтердің (улы химикаттардың) тіркеу және өндіру сынақтарының жүргізілуіне;
5) пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыру мен арнаулы сақтау орындарының (көмінділердің) жай-күйіне;
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6) тармақша жаңа редакцияда
6) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген талаптардың сақталуына бақылаудан тұрады.
18-бап. Фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық іс-шаралардың жүргізілуін бақылау
1. Фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық іс-шаралардың жүргізілуін бақылау зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдердің тіршілік ететін орындары болып табылатын ауыл шаруашылығына арналған объектілерде, автомобиль жолдарының, темір жолдардың бөлінген белдеулері мен күзет аймақтарында және өзге де аумақтарда, сондай-ақ өсімдіктен алынатын өнімдерде зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдердің болуын анықтау мақсатында жүзеге асырылады.
2. Фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық іс-шаралардың жүргізілуін бақылау жылына үш реттен аспайтын кезеңділікпен және ұзақтығы екі күннен асырылмай, зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдердің дамуы мен таралуының оңтайлы мерзімдері басталған кезеңде жүргізіледі.
19-бап. Пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау, тасымалдау және қолдануды бақылау
Пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау, тасымалдау және қолдануды бақылау пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау, тасымалдау және қолдану шарттарының технология мен қауіпсіздіктің міндетті талаптарына сәйкестігі нысанында тексеру жүргізу кезеңінде жүзеге асырылады.
19-1-бап. Фитосанитариялық есепке алу мен есептіліктің жүргізілуін және табыс етілуін бақылау
1. Фитосанитариялық есептілікті табыс етудің толықтылығы мен уақтылылығы тұрғысында фитосанитариялық есепке алу мен есептіліктің жүргізілуін және табыс етілуін бақылау ұдайы жүзеге асырылады.
2. Фитосанитариялық есепке алу мен есептіліктің жүргізілуін және табыс етілуін бақылау есептілікті табыс етудің белгіленген мерзімдерінде үш реттен аспайтын кезеңділікпен және ұзақтығы екі күннен асырылмай жүзеге асырылады.
2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен 19-2-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
19-2-бап. Пестицидтерді (улы химикаттарды) тіркеу және өндіру сынақтарының жүргізілуін бақылау
1. Пестицидтерді (улы химикаттарды) тіркеу және өндіру сынақтарының жүргізілуін бақылау әдістемелік орындылығын айқындау үшін жүргізіледі.
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Тiркеу және өндiру сынақтарын жүргiзу тәртiбiн уәкiлеттi орган қоршаған орта және су ресурстары және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу бойынша белгiлейдi.
3. Тіркеу және өндіру сынақтарының жүргізілуін бақылау оларды жүргізу кезеңінде екі реттен аспайтын кезеңділікпен және ұзақтығы екі күннен асырылмай жүзеге асырылады.
2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен 19-3-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
19-3-бап. Пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыруды және арнаулы сақтау орындарының (көмінділердің) жай-күйін бақылау
1. Пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыруды бақылау мемлекеттік фитосанитариялық бақылауға жататын объектілерде тыйым салынған, жарамсыз жағдайға келген пестицидтер (улы химикаттар) мен пестицидтердің (улы химикаттардың) залалсыздандыруға жататын ыдыстарын, сондай-ақ арнаулы сақтау орындарының (көмінділердің) жай-күйін анықтау үшін жүзеге асырылады.
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Пестицидтердi (улы химикаттарды) зиянсыздандыру тәртiбiн, сондай-ақ арнаулы сақтау орындарын (көмiндiлердi) тиiстi жағдайда күтіп-ұстау шарттарын уәкiлеттi орган қоршаған орта және су ресурстары және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу бойынша айқындайды.
3. Пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыруды бақылау жылына екі реттен көп емес кезеңділікпен және екі күннен көп емес ұзақтылықпен дала жұмыстары аяқталғаннан соң жүзеге асырылады.
19-4-бап. 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
19-5-бап. 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 4-1-тараумен толықтырылды
4-1-тарау. Пестицидтер (улы химикаттар) айналымы саласындағы қауіпсіздіктің жалпы талаптары
2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен 19-6-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
19-6-бап. Пестицидтерді (улы химикаттарды) буып-түю және олардың ыдысы жөніндегi талаптар
1. Пестицидтерді (улы химикаттарды) буып-түю және оларға арналған ыдыс өнімді сақтау, тасу және өткізу кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тиіс.
2. Буып-түю мен ыдысқа пайдаланылатын материалдар адамды, қоршаған ортаны пестицидтердің (улы химикаттардың) қауіпті қасиеттерінен қорғау үшін арнайы лайықталуға тиіс.
3. Буып-түю мен ыдысқа пайдаланылатын материалдар пестицидтердің (улы химикаттардың) құрама заттарының бұзылуына немесе өзге де зиянды әсеріне төзімді болуға және:
1) жану және (немесе) жылудың едәуір бөлігінің бөлінуін;
2) тез тұтанатын, уытты немесе тұншықтыратын газдардың бөлінуін;
3) басқа да химиялық белсенді және қауіпті заттардың түзілуін тудыратын реакцияға түсе отырып, олармен өзара әрекеттеспеуге тиіс.
19-7-бап. Пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану кезіндегi қауіпсіздік талаптары
1. Пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген пестицидтер (улы химикаттар) тізімінде белгіленген тиімді және қауіпсіз қолдану технологияларын сақтай отырып жүзеге асырылады.
2. Пестицидтерді (улы химикаттарды) техникалық регламенттердің талаптарын бұза отырып қолдануға тыйым салынады.
3. Пайдаланылмаған пестицидтерді (улы химикаттарды) уақытша сақтауға арнайы арналған орындардан басқа жұмыс орындарында қалдыруға тыйым салынады.
2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен 19-8-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
19-8-бап. Пестицидтердің (улы химикаттардың) буып-түйілуін таңбалау жөніндегi талаптар
1. Пестицидтердің (улы химикаттардың) буып-түйілуін таңбалау:
1) телефонның, факстың, телекстің нөмірін және электрондық мекен-жайды қоса алғанда, өтініш берушінің (жеткізушінің, дайындаушының, дистрибьютордың немесе импортердің) атауы және толық мекен-жайын;
2) пестицидтің (улы химикаттың) атауы мен оның нысаналы мақсатын;
3) пестицидтің (улы химикаттың) номиналды мөлшерін (салмағын немесе көлемін);
4) шығару партиясы нөмірінің белгіленуін;
5) дайындалған (шығарылған) күнін;
6) қауіптілік қасиеттерінің және адамға, қоршаған ортаға және мүлікке әсер ету сыныптарының белгілерін (пиктограммаларын);
7) өнімді қауіпсіз сақтау, тасымалдау, өткізу, қолдану және кәдеге жарату жөніндегі ұсыныстарды қамтуға тиіс.
2. Буып-түюді таңбалау өшірілмейтін анық әріптермен немесе нышандармен түсіріледі.
2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен 19-9-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
19-9-бап. Пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау кезіндегi қауіпсіздік талаптары
1. Пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау осы үшін арнайы арналған, құрылыс нормалары мен ережелерінің талаптарына, экологиялық талаптарға, санитариялық ережелер мен гигиеналық нормативтерге сай келетін арнайы қоймалық үй-жайларда жүзеге асырылуға тиіс.
2. Қоймалар үрлейтін және тартатын желдеткіштерімен жабдықталады. Тартатын желдеткіш құрғақ сүзгіш элементтермен жабдықталады.
3. Пестицидтерді (улы химикаттарды) қоймада сақтауға үй-жайды санитарлық-эпидемиологиялық және өрт қызметінің органдары зерттеп болғаннан кейін пестицидтерді (улы химикаттарды) алу және сақтау құқығына санитарлық паспорт жасалғаннан кейін ғана жол беріледі.
4. Сақталынатын пестицидтердің (улы химикаттардың) мөлшері қойманың жобалық құжаттамасында көзделген қойма сыйымдылығынан аспауға тиіс.
5. Пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау шарттары мен тәртібіне қойылатын талаптар әзірлеуді, сондай-ақ аталған талаптардың сақталуын бақылауды мемлекеттік санитарлық-зпидемиологиялық бақылау органдары жүзеге асырады.
19-10-бап. Пестицидтерді (улы химикаттарды) тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік талаптары
1. Пестицидтерді (улы химикаттарды) тасымалдау қауіпті жүктерді көлік құралдарымен тасу мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
2. Пестицидтермен (улы химикаттармен) бірге немесе бұрын пестицидтерді (улы химикаттарды) тасу үшін пайдаланылған көлік құралдарымен тамақ өнімдерін, жемшөп және ауыз су тасуға қатаң тыйым салынады.