2015.17.11. № 407-V ҚР Заңымен 10-2) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
10-2) Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын, шығу туризмі саласында қызметін жүзеге асыратын туроператорлар мен туроператорлар-әуе кемесімен жалданушылар үшін банктік кепілдіктермен қамтамасыз етуге жататын ақша сомасын, Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісі үшін арнайы ашылған банктік шотқа (бұдан әрі - арнайы шот) аударылуы тиіс ақша сомасын бекітеді;
2015.17.11. № 407-V ҚР Заңымен 10-3) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
10-3) Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің функциясын жүзеге асыратын заңды тұлғаны айқындауға арналған конкурсты өткізу қағидаларын бекітеді;
11) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен 11-бап жаңа редакцияда (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр. ред. қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 11-бап өзгертілді
11-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган:
1) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) туристік салаға инвестициялар тарту жөніндегі бірыңғай саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;
3) туристік қызмет, туризм және туристік индустрия саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
4) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді, заңнаманы қолдану тәжірибесін жинақтайды және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
5) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6) туристік қызмет саласындағы салааралық және өңіраралық үйлестіруді, туристік қызметті жүзеге асыратын отандық, шетелдік және халықаралық туристік, қоғамдық және басқа да ұйымдармен және тұлғалармен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асырады;
7) соттарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап-арыздар береді;
8) Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
9) 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10) өз құзыреті шегінде туристік қызмет саласындағы халықаралық шарттарды әзірлейді, жасасады және орындайды, сондай-ақ халықаралық ұйымдарда және халықаралық іс-шараларда мемлекеттің туризм саласындағы мүдделерін білдіреді және олардың жұмысына қатысады;
11) туристерді орналастыру орындарын сыныптау ережелерін бекітеді;
12) туристік қызмет саласындағы мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру ережелерін бекітеді;
13) туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекітеді;
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
14) стандарттау саласындағы уәкілетті органмен бірлесе отырып, туристік қызмет аясындағы стандарттау саласындағы қызметті реттейді;
15) Қазақстан мен оның туристік мүмкіндіктері туралы ақпаратты халықаралық туристік нарықта және мемлекет ішінде, оның ішінде туристік қызмет саласындағы республикалық және халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелер өткізу жолымен таратады;
16) - 20) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 20-1) - 20-4) тармақшалармен толықтырылды
20-1) туристік қызмет көрсетуге үлгілік шартты бекітеді;
20-2) туризм саласындағы мамандарды кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға қойылатын жалпы талаптарды айқындайды;
20-3) туроператорлық қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді;
20-4) туристік қызметтер көрсету қағидаларын бекітеді;
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 20-5) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 4 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
20-5) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңынасәйкес турагенттік қызметтің, Қазақстан Республикасында дара кәсіпкерлер ретінде қызметін жүзеге асыратын гид, экскурсовод және туризм нұсқаушысы қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама берген адамдардың мемлекеттік электрондық тізілімдерін жүргізеді;
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 20-6) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 4 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
20-6) турагенттік қызметтің, Қазақстан Республикасында дара кәсіпкерлер ретінде қызметін жүзеге асыратын гид, экскурсовод және туризм нұсқаушысы қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтердің нысандарын бекітеді;
2020.02.07. № 356-VI ҚР Заңымен 20-7) тармақшамен толықтырылды
20-7) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, туризм саласындағы білім беру ұйымдарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыруға қатысады;
2020.02.07. № 356-VI ҚР Заңымен 20-8) тармақшамен толықтырылды
20-8) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, туризм саласындағы білім беру ұйымдарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлуді және орналастыруды бекітеді;
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 20-9) тармақшамен толықтырылды
20-9) басым туристік аумақтарды қалыптастыру, олардың жұмыс істеу және оларды басқару қағидаларын бекітеді;
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 20-10) тармақшамен толықтырылды
20-10) туристендіру картасын бекітеді;
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 20-13) тармақшамен толықтырылды
20-13) туризм инфрақұрылымын салу және жетілдіру жөніндегі қызметті үйлестіреді;
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 20-21) тармақшамен толықтырылды
20-21) туристік саланы дамыту бойынша іздестіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады;
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 20-24) тармақшамен толықтырылды
20-24) салалық, субъектілік және объектілік қағидаттар бойынша Қазақстан Республикасындағы туризм бағыттарының сыныптауышын қалыптастырады және бекітеді;
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 20-25) тармақшамен толықтырылды
20-25) ұлттық туристік брендтер тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекітеді;
21) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен 12-бап жаңа редакцияда (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр. ред. қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 12-бап өзгертілді
12-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының (әкімдіктерінің) құзыреті
1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы:
1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады және үйлестіруді жүзеге асырады;
2) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6) туристік қызметтер көрсету нарығына талдау жасайды және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында туризмнің дамуы туралы қажетті мәліметтерді уәкілетті органға табыс етеді;
2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) туристік ресурстарды қорғау жөніндегі шараларды әзірлейді және енгізеді;
8) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында туристік индустрия объектілерін жоспарлау және салу жөніндегі қызметті үйлестіреді;
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
9) балалар мен жастар лагерьлерінің, туристер бірлестіктерінің қызметіне жәрдем көрсетеді;
10) туристік қызмет субъектілеріне туристік қызметті ұйымдастыруға байланысты мәселелерде әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;
11) халықты жұмыспен қамтуды ұлғайту шарасы ретінде туристік қызмет саласындағы кәсіпкерлікті дамытады және қолдайды;
12) туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпаратты береді;
13) туристік ақпарат орталығын құрады;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 13-1), 13-2), 13-3) және 13-4) тармақшалармен толықтырылды; 2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 13-1) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 4 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13-1) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес туроператорлық қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;
13-2) гидті кәсіптік даярлауды ұйымдастырады;
13-3) уәкілетті органмен келісу бойынша туристік саланы дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітеді;
13-4) туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімін жүргізеді;
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 13-5) тармақшамен толықтырылды
13-5) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында туризм инфрақұрылымын құрады, туристің қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын объектілерді салу мен дамыту бойынша шаралар қабылдайды;
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 13-6) тармақшамен толықтырылды
13-6) туризмді дамытуда туристік қызмет субъектілері үшін жағдайлар жасайды;
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 13-7) тармақшамен толықтырылды
13-7) туризм саласындағы бірлескен қызметті іске асыру шеңберінде тікелей шарт жасасу арқылы туристік ақпараттық орталықтарды қаржыландырады;
14) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы:
1) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында туристiк қызмет саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады және үйлестiрудi жүзеге асырады;
2) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында туризмді дамыту туралы ақпарат жинауды, талдауды жүзеге асырады және оны облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына береді;
3) аудандық туристiк ресурстарды қорғау жөнiндегi шараларды әзiрлейдi және енгiзедi;
4) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында туристiк индустрия объектiлерiн жоспарлау және салу жөнiндегi қызметтi үйлестiредi;
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) балалар мен жастар лагерьлерiнiң, туристер бiрлестiктерiнiң қызметiне жәрдем көрсетедi;
6) туристiк ақпаратты, оның iшiнде туристiк әлеует, туризм объектiлерi және туристiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат бередi;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды
6-1) аудандағы туристік маршруттар мен соқпақтардың тізілімін жүргізеді;
7) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
13-бап. Туризм жөніндегі кеңес
1. Туризм жөніндегі кеңес консультациялық-кеңесшi орган ретiнде Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан құрылады.
2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2. Туризм жөніндегі кеңестің құрамына уәкілетті органның және мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ туристік қызмет саласындағы қауымдастықтар мен өзге де бірлестіктердің өкілдері кіреді.
3. Туризм жөніндегі кеңес:
1) Туризмді дамыту, экономиканың осы саласына инвестициялар тарту, Қазақстан Республикасына келудiң қолайлы режимiн қамтамасыз ету және туристердiң шетелге шығуы үшiн жағдайлар жасау, республиканың туристiк имиджін қалыптастыру, туристік қызмет саласында мамандар даярлау мәселелері бойынша ұсыныстар әзiрлейдi;
2) туристiк қызмет көрсетудi тұтынушыларды қызмет көрсету сапасы туралы хабардар ету мақсатында өзi бекiткен тәртiп бойынша туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың рейтингін жүргізеді.
4. 2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен 14-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
14-бап. Туристік ақпарат орталығы
Туристік ақпарат орталығы Үкімет және (немесе) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімдігі құратын, Қазақстан мен оның туристік әлеуеті туралы ақпаратты қалыптастыру және тарату, туристік өнімді халықаралық туристік нарықта және мемлекет ішінде ұсыну үшін, сондай-ақ туристік қызмет саласында жаңа кәсіпкерлік субъектілерін дамытуға жағдай жасау және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету мақсатында құрылатын ұйым болып табылады.
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 14-1-баппен толықтырылды
14-1-бап. Басым туристік аумақтар
1. Туристендіру картасының республикалық деңгейдегі объектілері тізбесіне енгізілген, туристік дамытудың ерекше әлеуеті бар аумақ басым туристік аумақ болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар басым туристік аумаққа қатысушылар болып табылады.
3. Басым туристік аумақ:
синергетикалық әсер есебінен аумақтың туристік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
туристік қызмет субъектілері жұмысының тиімділігін арттыру;
туризмді дамытудың неғұрлым перспективалы нүктелерінде ресурстарды (материалдық, зияткерлік және басқаларын) шоғырландыру мақсатында құрылады.
4. Басым туристік аумақтарда туристің қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын объектілерді салу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 14-2-баппен толықтырылады (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 14-3-баппен толықтырылды
14-3-бап. Ішкі туризм мен келу туризмін дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған ұйымның өкілеттіктері
Ішкі туризм мен келу туризмін дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған ұйымға мынадай өкілеттіктер беріледі:
1) келу туризмі мен ішкі туризмді дамытуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыруды жүзеге асырады;
2) Қазақстан Республикасын және оның туристік мүмкіндіктерін халықаралық және ішкі туристік нарықтарда, оның ішінде ұлттық туристік порталды пайдалану мен дамыту арқылы ілгерілетуді жүзеге асырады;
3) ұлттық туристік брендтерді әзірлейді және халықаралық және ішкі туристік нарықтарда ілгерілетеді, бекітілген қағидаларға сәйкес олардың тізілімін қалыптастырады және жүргізеді;
4) туристік саладағы маркетингтік стратегияны әзірлейді, оның іске асырылу мониторингін үйлестіреді және жүргізеді;
5) туристік ресурстарды құруға және дамытуға қатысады;
6) Қазақстан Республикасының туристік әлеуетіне талдау жүргізеді;
7) тармақша 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
7) Қазақстан Республикасының аумағында кәмелетке толмаған жолаушыларды әуемен тасымалдау кезінде туристік өнімге қосылған билет құнын субсидиялауды әкімшілендіреді.
3-тарау. Туристік қызметті ұйымдастыру
2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен (қолданысқа енгізілген күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 15-бап жаңа редакцияда; 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 15-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 15-бап жаңа редакцияда
15-бап. Туристік қызметті жүзеге асырудың жалпы шарттары
1. Шығу туризмі саласындағы туроператор шығу туризмі саласындағы туроператорлық қызметті жүзеге асыру кезінде шетелге шығатын әрбір туриске қатысты туристі міндетті сақтандыру шартын жасасуға міндетті.
2-тармақтың бірінші - төртінші абзацтары 2021 ж. 4 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
2. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес:
шығу туризмі саласындағы туроператорлық қызмет лицензияланатын қызметтің кіші түрі болып табылады;
келу туризмі мен ішкі туризм саласындағы туроператорлық қызмет лицензияланатын қызметтің кіші түрі болып табылады;
турагенттік қызмет, сондай-ақ Қазақстан Республикасында дара кәсіпкерлер ретінде қызметін жүзеге асыратын гидтердің, экскурсоводтардың және туризм нұсқаушыларының қызметі хабарлама жасау тәртібімен жүзеге асырылады.
Туроператорлық қызметке арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру немесе тоқтату, бұрын жасалған шарттардан туындайтын міндеттемелерді қоспағанда, туристік қызметтер көрсетуге тыйым салуға алып келеді.
Туроператорлық қызметке арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру, туроператорлық қызметке арналған лицензияның қолданысын тоқтату Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Туроператор туристерге туристік өнімге кіретін барлық көрсетілетін қызметтерді дербес өзі немесе туроператор туристер алдындағы өз міндеттемелерінің бір бөлігін немесе барлығын орындауды жүктейтін үшінші тұлғаларды тарта отырып көрсетуді қамтамасыз етеді.
Шығу туризмі саласындағы туроператор туристік өнімді ұсынуды және өткізуді тек қана турагенттер арқылы жүзеге асырады. Турагент шығу туризмі саласындағы туроператор қалыптастырған туристік өнімді өткізу кезінде туристік ваучер беруге міндетті.
Қазақстан Республикасының бейрезиденті қалыптастырған туристік өнім шығу туризмі саласындағы туроператордың туристік өніміне енгізу арқылы ұсынылады және осы Заңға сәйкес өткізіледі.
3. Турагент туроператор қалыптастырған туристік өнімді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес туристерге ұсынады және өткізеді.
Турагенттің туристік өнімді ұсынуы және өткізуі туроператормен жазбаша нысанда жасалған туристік өнімді өткізуге арналған агенттік шарт негізінде жүзеге асырылады.
Туроператор мен турагент арасындағы туристік өнімді өткізуге арналған агенттік шартта мыналар қамтылуға тиіс:
туристік өнімді қалыптастырған туроператор туралы мәліметтер;
турагенттің туроператор атынан туристермен мәмілелер жасауға өкілеттіктері;
турист не туристік өнімге кіретін жекелеген туристік қызметтерді көрсететін үшінші тұлғалар талап қойған жағдайдағы туроператор мен турагенттің өзара іс-қимыл тәртібі;
туристік маршруттың сипаттамасы;
туристік өнім туралы анық ақпарат және туристік өнім туралы ақпарат бермегені немесе анық емес ақпарат бергені үшін тараптардың әрқайсысының турист алдындағы жауаптылығы.
Туроператор туристік қызмет көрсетуге арналған шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін (оның ішінде осы қызметтерді кімнің көрсетуге тиіс болғанына немесе кімнің көрсеткеніне қарамастан, туристерге туристік өнімге кіретін қызметтерді көрсетпегені немесе тиісінше көрсетпегені үшін) туристің алдында Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.
4. Діни қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған туроператорлық қызмет уәкілетті органмен келісу бойынша діни қызмет саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен 15-1-баппен толықтырылды;
15-1-бап. Туристерді орналастыру орындарының сыныптамасы
1. Туристерді орналастыру орындары туристер легін және барлық туризм түрлерінен түсетін кірістерді арттыруға жәрдемдесу мақсатында сыныпталуға тиіс.
2. Сыныптама жүргізу кезінде туристерді орналастыру орындарын сыныптау ережелерінің негізінде санаттардың біріне аттестаттауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін туристерді орналастыру орындарының сипаттамалары қаралады.
3. Туристерді орналастыру орындарын сыныптау ережелері негізгі мақсаттарды, ұйымдық құрылымды, ең төменгі талаптарды айқындайды және туристерді орналастыру орындарына санаттар беру тәртібін реттейді.
2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен 15-2-баппен толықтырылды
15-2-бап. Туристік өнімді қалыптастыру
1. Туристік өнімді қалыптастыру - туроператордың туристік өнімге кіретін жекелеген туристік қызметтер көрсететін үшінші тұлғалармен шарттарды жасасу және орындау жөніндегі қызметі.
2. Туроператор туристік өнімді өз қалауы бойынша туристік нарықтың конъюнктурасын негізге ала отырып немесе нақты тапсырыс бойынша қалыптастырады.
3. Туроператор кіретін қызметтер көрсетуге құқықты жекелеген туристік қызметтер көрсетуді ұсынатын тұлғалармен жасалатын шарттар негізінде алады.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 15-3-баппен толықтырылды; 2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 15-3-бап жаңа редакцияда (2021 ж. 4 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
15-3-бап. Туризм саласындағы хабарламалар
1. Қазақстан Республикасында дара кәсіпкерлер ретінде қызметін жүзеге асыратын гидтің, экскурсоводтың, туризм нұсқаушысының, турагенттің қызметін жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес беріледі.
2. Турагенттік қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама жіберетін өтініш берушілер уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша мәліметтерді қоса береді.
3. Қазақстан Республикасында дара кәсіпкерлер ретінде қызметін жүзеге асыратын гид, экскурсовод, туризм нұсқаушысы ретінде қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарламаны жіберетін өтініш берушілер хабарламаға уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша мәліметтерді және туризм саласында даярлықтан өткені туралы сертификатты қоса береді.
2007.12.07. № 222-III ҚР Заңымен 16-бап жаңа редакцияда (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 16-бап жаңа редакцияда
16-бап. Туристік қызмет аясындағы стандарттау
Туристік қызмет аясындағы стандарттау Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
17-бап. Туристiк қызмет көрсету шарты
2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Туристік қызметтер көрсету шарт негізінде жүзеге асырылады. Туристік қызмет көрсету шарты, гидпен және экскурсоводпен жасалатын шарттарды қоспағанда, жазбаша нысанда жасалады және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес болуға тиіс.
Туристік қызметтер көрсету шартының елеулі талаптары Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен үлгі шартта белгіленеді.
2. 2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
3. Шартты жасасу кезiнде басшылыққа алынған мән-жайдың елеулi түрде өзгеруiне байланысты тараптардың әрқайсысы шартты өзгертудi немесе бұзуды талап етуге құқылы.
4. Мән-жайлардың елеулi түрде өзгеруiне мыналар жатады:
1) саяхат жағдайларының нашарлауы, саяхат мерзiмiнiң өзгеруi;
2) көлiк тарифтерiнiң ойламаған жерден өсуi;
3) салықтар мен алымдардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң жаңа ставкаларын енгізу немесе олардың қолданыстағы ставкаларының артуы;
4) тараптардың келісімi бойынша белгiленетiн өзге де негiздер.
2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
5. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлға шартты орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған ретте турист Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда және тәртiппен шартты бұзуға құқылы.
2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
6. Турист туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғаға шартты орындаудан бас тарту туралы хабардар етiлгенге дейiн көрсетiлген қызметтерi үшiн олардың iс жүзiнде шығарған шығындарын төлеген жағдайда, саяхат басталғанға дейiн шартты орындаудан бас тартуға құқылы.
7. 2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
8. Турдың құрамына кiретiн туристiк қызметтер көрсетiлуiн сатып алған жағдайда туристiк ваучер туристiң тиiстi қызмет көрсетудi пайдалану құқығын растайтын құжат болып табылады.
9. Туристiң кiнәсiнен туристiк қызмет көрсету шартын орындау мүмкiн болмайтын жағдай туындаған ретте, егер заң актілерінде немесе өтелмелi қызметтер көрсету шартында өзгеше көзделмесе, көрсетiлген қызметтерге толық көлемде ақы төленуi тиiс.
10. Туристiк қызмет көрсету шартын орындаудың мүмкiн болмауы тараптардың бiр де бiрi жауап бермейтiн мән-жайлар бойынша туындаған жағдайда, егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, турист туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғаға iс жүзiнде шығарған шығындарын өтейдi.