4) концессия шарты күшіне енген;
5) әлеуетті концессионердің конкурстық (аукциондық) өтінімінің қолданылу мерзімі өткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарады.
2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен 18-2-баппен толықтырылды; 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 18-2-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
18-2-бап. Концессионер таңдау жөніндегі конкурсқа (аукционға) қатысуға байланысты шектеулер
1. Әлеуетті концессионер, егер:
1) осы әлеуетті концессионер басшыларының және (немесе) осы әлеуетті концессионердің уәкілетті өкілінің жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаттары концессионер таңдау туралы шешім қабылдау құқығына ие болса не конкурсты (аукционды) ұйымдастырушының өкілі болып табылса;
2) әлеуетті концессионер және (немесе) оның жұмыскері конкурсты (аукционды) ұйымдастырушыға өткізілетін конкурстарды (аукциондарды) дайындау жөнінде сарапшылық, консультациялық және (немесе) өзге де қызметтер көрсетсе, оның ішінде конкурстың (аукционның) нысанасы болып табылатын объектіні құруға арналған техникалық-экономикалық негіздемені және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы әзірлеуге бас жобалаушы не қосалқы жобалаушы ретінде қатысса;
3) әлеуетті концессионердің баланстық құны тиісті негізгі құралдар құнының он пайызынан асатын мүлкіне тыйым салынса;
4) әлеуетті концессионердің атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері болса және оны атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізсе;
5) әлеуетті концессионердің қаржы-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңдарына не Қазақстан Республикасы бейрезидент-әлеуетті концессионері мемлекетінің заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрған болса, өткізілетін конкурсқа (аукционға) қатысуға құқылы емес.
2. Әлеуетті концессионердің және әлеуетті концессионердің үлестес тұлғасының бір конкурсқа (аукционға) қатысуға құқығы жоқ.
3. Осы бап талаптарының бұзылуын конкурстық (аукциондық) комиссия, конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы, уәкілетті мемлекеттік органдар концессиялық жобаны жоспарлаудың және іске асырудың кез келген сатысында анықтай алады.
2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен 19-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 19-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
19-бап. Концессионер таңдау жөніндегі конкурсты (аукционды) өткізу
1. Концессионер таңдау концессиялық жобалар бойынша конкурс (аукцион) өткізу арқылы жүзеге асырылады.
2. Республикалық меншікке жатқызылған және осы Заңның 16-бабының 2-тармағында көзделген концессия объектілеріне қатысты тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы болып табылады.
Коммуналдық меншікке жатқызылған және тізбеде көзделген концессия объектілеріне қатысты облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) тиісті жергілікті атқарушы органы конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы болып табылады.
3. Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы конкурс (аукцион) өткізу туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде конкурс (аукцион) өткізілетін күнге дейін - кемінде күнтізбелік алпыс күн бұрын, ал конкурс (аукцион) қайта өткізген кезде кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын міндетті түрде жариялайды. Конкурс (аукцион) өткізу туралы ақпаратта концессия объектілері, конкурсты (аукционды) ұйымдастырушыға ұсыну үшін қажетті құжаттардың тізбесі туралы мәліметтер, конкурс (аукцион) жарияланған объектінің сипатына қарай әлеуетті қатысушыларға қойылатын талаптар; конкурс (аукцион) өткізілетін орын, уақыт және күн туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.
4. Концессиялық (аукциондық) өтінімдерді қарауды және іріктеуді ерекше маңызы бар концессиялық жобалар бойынша Премьер-Министрдің өкімімен құрылатын комиссия немесе қалған жобалар бойынша конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы жүзеге асырады.
Тиісті конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы комиссияның жұмыс органы болып табылады.
Осы Заңның 20-бабының 5-тармағына сәйкес ерекше маңызы бар жобалар бойынша конкурстың (аукционның) шарттарына, сондай-ақ концессиялық (аукциондық) өтінімнің бастапқы параметрлері мен сипаттамаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кезде тиісті шешімдер комиссияның хаттамалық шешімімен ресімделеді.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 20-бап өзгертілді; 2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 20-бап жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен 20-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 20-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
20-бап. Концессионерді айқындау және концессия шартын жасасу
1. Комиссия конкурстық (аукциондық) өтінімдер бар конверттерді конкурстық (аукциондық) құжаттамада көрсетілген мерзімде, уақытта және орында ашады.
Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға тиісті конкурстық (аукциондық) өтінімдердегі концессиялық өтінімдерді оларға сараптама жүргізу үшін жібереді.
Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы конкурстық (аукциондық) құжаттаманы, концессия шартының жобасын әзірлеу, тиісті конкурстық (аукциондық) өтінімдегі ұсынылған концессиялық өтінімдерді тәуелсіз бағалау үшін, сондай-ақ әлеуетті концессионерлермен келіссөздерге қатысу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы органдар айқындайтын концессиялық жобаларды консультативтік қолдап отыру бойынша заңды тұлғаларды тартады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы органдар айқындайтын концессиялық жобаларды консультативтік қолдап отыру бойынша заңды тұлғаларды тарту үшін конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға концессиялық жобаны консультативтік қолдап отыру бойынша көрсетілетін қызметтерді қаржыландыруға өтінім жібереді.
Бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган немесе бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган концессиялық жобаларды консультативтік қолдап отыру бойынша қызметтер көрсетуге арналған қорытындыны тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
Бюджет комиссиялары мақұлдаған әрбір концессиялық жобаны консультативтік қолдап отыру бойынша көрсетілетін қызметтерді қаржыландыру көлемдері бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган концессиялық жобаларды консультативтік қолдап отыру бойынша көрсетілетін қызметтердің тізбесін қалыптастырады, бұл мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Концессиялық жобаларды консультативтік қолдап отыру бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
2. Комиссия конкурсқа (аукционға) қатысушылар ұсынған барлық конкурстық (аукциондық) өтінімдерді конкурстық (аукциондық) құжаттама талаптарына сәйкестігін, концессиялық (аукциондық) өтінім және әлеуетті концессионерлердің біліктілік талаптарына сай келуін бағалау жөніндегі қорытындыларды ескере отырып қарайды.
Егер белгіленген мерзімдерде конкурсты (аукционды) ұйымдастырушыға конкурстық (аукциондық) өтінімдер келіп түспесе не ұсынылған барлық конкурстық (аукциондық) өтінімдер конкурстық (аукциондық) құжаттаманың талаптарына сәйкес келмесе, онда конкурс (аукцион) өткізілмеді деп есептеледі.
Бір ғана конкурстық (аукциондық) өтінім ұсынылған жағдайда, бұл өтінімді комиссия осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес қарайды.
3. Комиссия концессиялық өтінімі мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган белгілейтін өлшемшарттар негізінде үздік деп танылған конкурсқа (аукционға) қатысушымен концессиялық жобаны және концессия шартының талаптарын нақтылау жөнінде келіссөздер жүргізеді.
4. Комиссия келіссөздерді дайындау шеңберінде концессиялық жоба және концессия шарты бойынша ескертулер мен ұсыныстарды өтініш берушіге жазбаша нысанда жіберуге тиіс.
Келіссөздер жүргізудің қорытындысы бойынша олардың нәтижелері туралы комиссияның тиісті шешімі қабылданады.
Келіссөздер барысында, осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, конкурс (аукцион) шарттарына, сондай-ақ концессиялық (аукциондық) өтінімнің бастапқы параметрлері мен сипаттамаларына өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
5. Конкурс (аукцион) өткізу барысында ұлттық валюта бағамы айтарлықтай өзгерген жағдайда, ерекше маңызы бар жобалар бойынша конкурс (аукцион) шарттарына, сондай-ақ концессиялық (аукциондық) өтінімнің бастапқы параметрлері мен сипаттамаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол беріледі.
Конкурс (аукцион) шарттарына, оның ішінде құрылыс-монтаж жұмыстарының құны мен мемлекет төлемдері бойынша, сондай-ақ концессиялық (аукциондық) өтінімнің бастапқы параметрлері мен сипаттамаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім келіссөздер хаттамасы және комиссия шешімі негізінде жүзеге асырылады және Республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығарылады.
6. Егер концессиялық өтінімі үздік деп танылған конкурсқа (аукционға) қатысушы комиссияның ескертулері мен ұсыныстарына сәйкес концессиялық өтінімді және концессия шартының талаптарын талқылаудан және нақтылаудан бас тартса не оның ұсыныстары конкурс (аукцион) шарттары тұрғысынан пайдалануға келмейтін болып табылса, онда комиссия осы концессиялық өтінімді қарамайды және үздік концессиялық өтінімді жаңадан таңдайды.
7. Концессионер таңдау жөніндегі конкурстың (аукционның) қорытындысы бойынша комиссияның шешімімен үздік концессиялық өтінім айқындалады, ал өтінім беруші конкурстың (аукционның) жеңімпазы деп танылады.
8. Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы комиссияның шешімі негізінде конкурстың (аукционның) жеңімпазымен концессия шартын жасасады.
Ерекше маңызы бар концессиялық жобаларды іске асыру үшін конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы комиссияның шешімі негізінде, құрылатынын конкурс (аукцион) жеңімпазы конкурстық (аукциондық) өтінімде мәлімдеген, конкурстың (аукционның) жеңімпазы құрған заңды тұлғамен концессиялық жобаны іске асыру мақсатында (концедентке концессия шартында айқындалған көлемде және шарттарда осындай заңды тұлғаның міндеттемелерін орындаудың банк кепілдіктері ұсынылған жағдайда) концессия шартын жасасады.
9. Концессия шартын жасасу мерзімі конкурстың (аукционның) қорытындысы шығарылған күннен бастап күнтізбелік тоқсан күннен аспауға тиіс.
10. Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, концессионер таңдау жөніндегі конкурстардың (аукциондардың) нәтижелері туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды.
2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен 20-1-баппен толықтырылды
20-1-бап. Екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу ерекшеліктері
1. Мынадай:
1) концессиялық жобаны іске асыру үшін әртүрлі инновациялық, шығармашылық, сәулеттік-жоспарлау, ұйымдастырушылық-технологиялық шешімдерді, өнертабыстарды жинау мен зерделеу және туындаған мәселелер бойынша әлеуетті концессионерлермен келіссөздер жүргізу қажет болған;
2) эксперименттер, ізденістер немесе әзірлемелер жүргізу қажет болған жағдайларда екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау жөніндегі конкурс өткізіледі.
2. Екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау жөніндегі конкурс мынадай реттіліктегі кезеңдердің жиынтығын білдіреді:
2013.12. № 150-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) бірінші кезеңде мынадай іс-шаралар жүзеге асырылады:
конкурсты ұйымдастырушының мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысының қорытындысы негізінде техникалық тапсырманы қалыптастыруы, конкурсты ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманы әзірлеуі және бекітуі;
Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу туралы ақпаратты жариялау;
конкурсты ұйымдастырушының екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау жөніндегі конкурстың бірінші кезеңіне қатысуға мүдделі тұлғаларға техникалық тапсырманы және конкурстық құжаттаманы ұсынуы;
әлеуетті концессионерлерді біліктілік іріктеуді өткізу;
әлеуетті концессионерлермен техникалық тапсырманың техникалық, сапалық және (немесе) өзге де сипаттамаларына қатысты мәселелерді талқылау;
біліктілік іріктеуінен өткен конкурсқа қатысушыларға екі кезеңдік рәсімдер пайдаланылатын конкурстың екінші кезеңіне қатысу үшін конкурсты ұйымдастырушының шақыру жіберуі;
2013.12. № 150-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді
2) екінші кезеңде мынадай іс-шаралар жүзеге асырылады:
біліктілік іріктеуінен өткен конкурсқа қатысушылардың концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемелерімен не әзірленген жобалау-сметалық құжаттамамен бірге конкурстық өтінімдерді ұсынуы;
тиісті конкурстық өнімдерде қамтылатын концессиялық өтінімдерге сараптама жүргiзу үшiн конкурсты ұйымдастырушының оларды мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға жiберуi;
комиссияның концессиялық өтiнiм бойынша сараптамалардың қорытындыларын ескере отырып, конкурсқа қатысушылар ұсынған барлық конкурстық өтiнiмдердi қарауы;
осы Заңның 20-бабының 3, 4, 5, 6, 7, 8 және 9-тармақтарында көзделген іс-шараларды жүзеге асыру.
4-тарау. КОНЦЕССИЯ ШАРТЫ
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.29.12 № 233-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 21-бап өзгертілді; 2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен 21-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
21-бап. Концессия шартының мазмұны
1. Концессия шартында:
1) концессия объектiсi туралы мәлiметтер, оның сипатталуы, оның ішінде мүліктің құрамы, техникалық жай-күйі, қызмет мерзімі, берілетін концессия объектісінің бастапқы, қалдық және қалпына келтіру құны туралы мәліметтер;
2) концессионердiң концессия объектiсiне құқықтары туралы, оның ішінде концессия шарты тоқтатылған жағдайда құрылысы аяқталмаған концессия объектісіне құқықтары және (немесе) белгілі бір қызмет түрін жүзеге асыруға құқықтары туралы талаптар, концессия шартының талаптарын орындау кезінде пайда болған зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелеріне мүліктік құқықтар туралы талаптар;
3) концессионердің көрсетілетін қызметтердi қажеттi мөлшерде және сапада ұсынуы мақсатында объектiге реконструкция жүргiзудiң шарттары мен көлемi;
4) концессионер шығындарының орнын толтыру және табыс алу көздерi;
5) тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту тәртібі;
6) инвестициялардың, оның iшiнде негiзгi қорларға инвестициялардың мөлшерi туралы шартты, әзiрленген бизнес-жоспарға (жұмыс бағдарламасына) сәйкес концессиялық жобаны қаржыландырудың мерзiмдерi, көздерi мен шарттары;
7) қызмет түрлерi (концессия шартының талаптары бойынша орындалатын (ұсынылатын) жұмыстар (көрсетілетін қызметтер);
8) концессия шарты бойынша концессионер ұсынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң) сапа стандарттары;
9) концессия шартының қолданылу мерзiмi;
10) тараптардың құқықтары мен мiндеттерi;
11) қоршаған ортаны қорғау және жұмыстарды жүргiзу қауiпсiздiгі жөніндегі талаптар;
12) объектіні қабылдауға уәкілеттік берілген тұлғаларды қоса алғанда, тараптардың концессия объектісін беру тәртібі мен шарттары және оның сапасына қойылатын талаптар, сондай-ақ концессия объектісінің құрамына кірмейтін өзге де мүлікті беруге негіз болатын құқықты көрсете отырып, көрсетілген мүлікті берудің тәртібі мен шарттары;
13) тараптардың жауапкершiлiгi;
14) концессия шартын өзгерту және тоқтату талаптары;
15) тараптардың орналасқан жерi (заңды мекенжайы) және банктiк деректемелерi;
16) концеденттiң концессия шартының орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртiбi;
17) концессионердiң қабылданған мiндеттемелердi орындауын бағалау критерийлері, олар орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда тұрақсыздық айыппұлын төлеу және мемлекеттік концессиялық міндеттемелер көлемін азайту тәртiбi;
18) осы Заңның 14-бабына сәйкес мемлекеттiк қолдау ұсынылған жағдайда оның түрлерi, ұсынылу көлемi, мерзiмдерi мен шарттары;
2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен 19) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
19) елішілік құндылық жөнiндегi мiндеттемелер;
20) концессионердiң жыл сайын, сатып алуды жүргiзу үшiн жоспарланатын жылдың 1 ақпанынан кешiктiрмей тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi сатып алудың алдағы жылға арналған жылдық бағдарламасы мен сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты сауда қызметін реттеу саласындағы уәкiлеттi органға ол белгiлеген нысан бойынша және мерзiмдерде беру жөнiндегi мiндеттемелерi;
21) тәуекелдердің тараптар арасында бөлінуі;
22) концессия шарты бойынша берілетін мүлікті күтіп-ұстау ауыртпалығының, сондай-ақ көрсетілген мүліктің кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүліну тәуекелдерінің өту шарттары мен мерзімдері;
23) концеденттің мүдделерін білдіретін уәкілетті мемлекеттік органдар туралы мәліметтер;
24) концессия объектісін құру (реконструкциялау) жөніндегі жұмыстарды орындау, оны пайдалануға беру мерзімі, сондай-ақ осы мерзімді ұзарту тәртібі;
25) концессия шартын орындау, атап айтқанда, концессия шарты шеңберінде белгілі бір іс-қимылды орындауға, ақшаны жинауға және бөлуге, өзге төлемдерді концессия шартына сәйкес көлемде және тәртіппен жүзеге асыруға, сондай-ақ өзге де құқықтар мен міндеттерді орындауға келісім беру үшін тартылатын өзге де тұлғалардың құқықтары мен міндеттері;
26) концессия шартының талаптарын біржақты өзгертудің және (немесе) оны орындаудан біржақты бас тартудың айрықша жағдайлары;
27) концессия шарты бойынша дауларды шешу тәртібі;
28) концессия шарты мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, тараптар шығыстарының орнын толтыру тәртібі қамтылуға тиіс.
2. Концессия шартында, сондай-ақ:
1) концессия шарты тараптары міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері;
2) концессия шартында көзделген қызметті жүзеге асыруға байланысты табыстардың концедент пен концессионер арасында бөлінуі;
3) концессия объектісін пайдалануды жүзеге асыру үшін концессионер тартатын ұйымды және онымен жасалатын шарттың елеулі талаптарын келісу;
4) концессия объектісін құру (реконструкциялау) үшін концессионер тартатын мердігерді (бас мердігерді) және онымен жасалатын шарттың елеулі талаптарын келісу;
2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 4-1) тармақшаман толықтырылды
4-1) ерекше маңызы бар концессиялық жобаларды іске асыру шеңберінде концессионердің кредиторларымен тараптардың тікелей келісім жасасуының тәртібі мен талаптары;
2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 4-2) тармақшаман толықтырылды
4-2) ерекше маңызы бар концессиялық жобаларды іске асыру кезінде валюталық тәуекелдерді реттеу тетігі;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де шарттар көзделуі мүмкін.
3. Концессия шартына тараптардың келісуі бойынша өзгерістер енгізілетін жағдайларды қоспағанда, концессия шартының талаптары ол қолданылатын бүкіл мерзімде күшін сақтайды.
4. Концессия шартында концеденттің қоғам мен мемлекет мүдделерінде концессия шартының талаптарын біржақты тәртіппен өзгерту немесе концессия шартын бұзу жағдайы көзделуге тиіс, бұл ретте концессия шартында Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін, оның ішінде мұндай іс-әрекеттер ұлттық және экологиялық қауіпсіздікті, денсаулық сақтауды және имандылықты қамтамасыз ету мақсатында жасалатын осындай жағдайлардың толық тізбесі қамтылуға тиіс.
2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды
4-1. Ерекше маңызы бар концессиялық жобалар бойынша концессия шартында мынадай жағдайларда:
1) концессия шартында айқындалған, концессия шартының елеулі талаптарын концессионер бұзған кезде;
2) концессия шартында айқындалған, концесия шартының елеулі талаптарын концедент бұзған кезде;
3) еңсерілмейтін күш жағдаяттарының басталуы салдарынан концессия шартын біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын бұзу талаптары көзделуі мүмкін.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген оқиғалар туындаған кезде концессия шартын мерзімінен бұрын бұзу нәтижесінде туындаған шығыстарды және (немесе) шығындарды және (немесе) залалдарды концессионерге өтеу тәртібі, мерзімдері және талаптары концессия шартында айқындалады.
5. Концедент осы баптың 4-тармағында көрсетілген құқықты іске асырған жағдайда, концедент концессионерге концессия шарты талаптарының өзгеруіне байланысты қосымша шығындарды өтеуге, сондай-ақ концессия шартының бұзылуына байланысты концессионер шеккен залалдың орнын толтыруға міндетті.
2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді
6. Концессионер концессия шарты бойынша өз құқықтарын концеденттің жазбаша келісімімен ғана кепілге беруге құқылы.
Концессия шарты бойынша инвестициялық шығындардың өтемақысы түріндегі ақшалай түсімдер бойынша өзінің талап ету құқықтарын кепілге беру концессия шартының талаптарына сәйкес концессиялық жобаны іске асыру үшін қарыздық қаржыландыруды тарту мақсатында ғана жүзеге асырылады.
Концессионердің кредиторға концессия шарты бойынша өзінің құқықтарын кепілге беруі және аталған құқықтар құнын есепке алу Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Пайдалануға берілген концессия объектілері бойынша инвестициялық шығындарды өтеу концессия шартының талаптарында көзделген сомалар мен мерзімдер шегінде толық көлемде жүзеге асырылады.
Концессия шарты бойынша концессионердің талаптарын басқаға беруге немесе борышын ауыстыруға, өзіне (өздеріне) концессионердің құқықтары мен міндеттері өтетін тұлға (тұлғалар) осы Заңның 18-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда, концеденттің келісімімен жол беріледі.
Концессионер кредиторларының талабы бойынша концессионер ауыстырылған жағдайда, концессия шарты бойынша концессионердің талаптарын басқаға беру және (немесе) борышын ауыстыру тікелей келісімде айқындалатын тәртіппен конкурс (аукцион) өткізбей жүзеге асырылады.
2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен 21-1-баппен толықтырылды
21-1-бап. Концессия шартының түрлері
1. Концессия шарты мынадай түрлерде жасалады:
1) концессия объектісін кейіннен мемлекет меншігіне бере отырып, концессионердің концессия объектісін құруын көздейтін концессия шарты;
2019.26.12. № 287-VІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) концессионердің концессия объектісін құруын және концессионердің концессия объектісін «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес айқындалған функционалдық оператормен бірлесіп пайдалануын көздейтін денсаулық сақтау саласындағы концессия шарты;
2) концессионер мен концеденттің концессия объектісін құру (реконструкциялау) және пайдалану бойынша бірлескен қызметін көздейтін концессия шарты;
3) мемлекеттік меншіктегі концессия объектісін реконструкциялау және пайдалану мақсатында концессионерге сенімгерлік басқаруға не мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруді көздейтін концессия шарты;
4) концессионердің меншігіндегі концессия объектісін концедентке не ол уәкілеттік берген тұлғаға мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруді, оның ішінде концессия объектісін концеденттің сатып алу құқығымен беруді көздейтін концессия шарты.
2. Концессия шарты осы баптың 1-тармағында көзделген шарттардың бір немесе бірнеше түрінің элементтерін қамтуы, сондай-ақ концессия объектісін құруға (реконструкциялауға) және пайдалануға бағытталған, Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де шарттардың элементтерін қамтуы мүмкін.
3. Концессия шартында мемлекеттік меншіктегі концессия объектісін жеке меншікке иеліктен шығаруға бағытталған талаптар қамтылмауға тиіс.
22-бап. Концессия шартының нысаны
1. Концессия шарты жазбаша нысанда жасалады.
2. Концессия шарты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуге жатады.
23-бап. Концессия шартының қолданылу мерзімi
1. Концессия шарты отыз жылға дейінгі мерзімге жасалады.
2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Концессия шарты, орындалу мерзімі қосымша келісім жасалған күні басталған, тараптардың мiндеттемелерi орындалған жағдайда, қосымша келісім жасасу арқылы осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзім шегінде тараптардың келiсiмiмен айқындалатын қосымша кезеңге ұзартылуы мүмкiн.
Өз міндеттерін тиісінше орындаған концессионерге конкурссыз (аукционсыз) негізде жаңа келісім жасасу құқығы беріледі.
3. Жаңа мерзімге концессия шартын жасасу кезінде тараптар келісімі бойынша шарт талаптары өзгертілуі мүмкін.
24-бап. Концессия шартын тоқтату
Концессия шарты міндеттемелерді тоқтатудың жалпы негіздемелерімен қатар:
1) концессия шартының бұзылуына немесе қолданылу мерзімінің өтіп кетуіне;
2) концессионердің таратылуына;
3) 2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)