Эксперименттік білім беру бағдарламалары оқытудың жаңа технологияларын сынақтан өткізуге, білім берудің жаңа мазмұнын енгізуге бағытталған.
5-тарау. Білім беру қызметін ұйымдастыру
26-бап. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді білім беру ұйымдарына қабылдауға қойылатын жалпы талаптар
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда; 2019.21.02. № 227-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр.ред.қара)
1. Сот төрелігі академиясын, әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртібі тиісті үлгідегі білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгілік қағидаларында айқындалады.
1-1. 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Білім беру ұйымы қызмет көрсететін аумақта тұратын барлық балаларды, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар балаларды қабылдауды қамтамасыз ететін мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртібі тиісті үлгідегі оқу орындарына қабылдаудың үлгілік қағидалары негізінде жергілікті атқарушы органдар бекітетін қабылдау қағидаларында белгіленеді.
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды; 2015.21.07. № 337-V ҚР Заңымен 2-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2-1. Конкурстық негізде «Өркен» гранты берілген Қазақстан Республикасының азаматтарын оқуға қабылдауды «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы жүзеге асырады.
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау конкурстық негізде азаматтардың өтініші бойынша жүзеге асырылады. Конкурстың шарттары білім алу құқықтарын сақтауға кепілдік беруге және неғұрлым қабілетті және тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын меңгеруге даярлығы бар азаматтарды қабылдауды қамтамасыз етуге тиіс.
2011.19.01. № 395-IV ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды
3-1. Дербес білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау ұлттық бірыңғай тестілеу рәсімін қолданбастан, аталған ұйымдар айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жыл сайын бекітілетін мамандықтар тізбесіне сәйкес оқытудың күндізгі нысаны бойынша жетекші шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білімді алу үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жас шектеулері ескеріле отырып, конкурстық негізде «Болашақ» халықаралық степендиясын алу құқығы бар.
«Болашақ» халықаралық стипендиясы берілген Қазақстан Республикасының азаматтарымен «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуға арналған шарт жасалады.
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2018.16.05. № 155-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді
5. Бiлiм беру гранттарын алуға, сондай-ақ жоғары бiлiмдi кадрлар даярлауға мемлекеттiк білім беру тапсырысы бойынша бiлiм алушылардың құрамына қабылдауға конкурс өткiзу кезiнде баллдары тең болған жағдайда, келесі кезектілікпен:
1) «Алтын белгi» белгiсімен марапатталған адамдардың;
2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен наградталған адамдардың;
2) 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар адамдардың;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2016.09.04. № 501-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.16.05. № 155-VI ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) тiзбесiн бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган айқындайтын жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған), орындаушылардың халықаралық және республикалық конкурстарының және спорттық жарыстардың (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған) соңғы үш жылдағы жеңiмпаздарының, сондай-ақ өздерi таңдаған мамандықтары олимпиаданың, конкурстың немесе спорттық жарыстың пәнiне сәйкес келген жағдайда, жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша ағымдағы оқу жылында президенттік, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстары (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған) жеңімпаздарының;
2018.16.05. № 155-VI ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды; 2020.06.05. № 323-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастардың қатарындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының, бірінші және екінші топтардағы мүгедектердің, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдары ардагерлерінің, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлердің, медициналық қорытындыға сәйкес тиісті білім беру ұйымдарында оқуға қарсы көрсетілімдері жоқ бала кезінен мүгедектердің, мүгедек балалардың және үздік білімі туралы құжаттары (куәліктері, аттестаттары, дипломдары) бар адамдардың артықшылықты құқығы бар.
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды
5-1. Білім беру грантын иеленуші оны жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымына қабылдағанға дейін одан бас тартқан жағдайда, білім беру грантын беру туралы куәліктің күші жойылады, ал білім беру гранты белгіленген тәртіппен беріледі.
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға қабылдау білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған шарттармен жүзеге асырылады.
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді
7. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу үшін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен конкурстық негізде азаматтардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады.
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
8. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде:
1) І, ІІ топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек-балалар арасынан шыққан азаматтар үшін;
2020.06.05. № 323-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер үшін;
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын білім беру бағдарламалары бойынша оқуға ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін;
4) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) жетім балаларды және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасын жоғалтқан немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтарын;
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды; 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударған ауыл жастары арасынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары үшін;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды
7) кәмелетке толмаған төрт және одан көп бала тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар үшін;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды
8) кемінде үш жыл толық емес отбасы мәртебесі бар отбасылардағы балалар үшін;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды
9) бала кезінен мүгедек балаларды, І, ІІ топтағы мүгедектерді тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар үшін қабылдау квотасы көзделеді.
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9. Арнаулы және (немесе) шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары бойынша, оның ішінде білім беру және денсаулық сақтау саласындағы кадрларды даярлау бағыттары бойынша оқуға қабылдау арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихандардың нәтижелері ескеріле отырып жүзеге асырылады. Білім беру бағдарламаларының тізбесі мен арнайы және (немесе) шығармашылық емтихандарды өткізу тәртібі үлгілік қабылдау қағидаларында айқындалады.
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 9-1-тармақпен толықтырылды
9-1. Бірінші академиялық кезең аяқталғанға дейін білім алушыларды жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына қабылдау тәртібі үлгілік қабылдау қағидаларында айқындалады.
10. Рухани (діни) білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау орта білімі бар адамдар арасынан құрылтайшы белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 11-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
11. Мемлекеттік құпиялармен жұмыс істеу талап етілетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім берудің жекелеген мамандықтары немесе білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік білім беру тапсырыстарымен оқуға қабылдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес ұлттық қауіпсіздік органдарының рұқсаты бар білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады.
12. Білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртібін осы Заңмен және қабылдаудың тиісті үлгілік ережелерімен реттелмеген бөлігінде білім беру ұйымдарының құрылтайшысы немесе құрылтайшылары (мемлекеттік басқару органы) белгілейді.
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 294-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 13-тармақ жаңа редакцияда
13. Әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы оқу шарт негізінде жүзеге асырылады, оның үлгілік нысанын білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 27-бап өзгертілді
27-бап. Білім алу нысандары
Жеке адамның қажеттіліктері мен мүмкіндіктері ескеріле отырып, білім беру бағдарламаларының мазмұнына, білім берудің әрбір деңгейін алуға қол жеткізу жағдайларының жасалуына қарай оқыту күндізгі, кешкі, сырттай оқу, экстернат және ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдар (балалар) үшін қашықтықтан оқыту нысанында жүзеге асырылады.
28-бап. Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесі жұмыстық оқу жоспарлары мен жұмыстық оқу бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Білім беру ұйымдары жүзеге асыратын оқу және тәрбие жұмысын жоспарлау мен есепке алу оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың негізі болып табылады.
Оқу және тәрбие жұмыстарын жоспарлау оқу жоспарлары мен бағдарламаларының толық көлемде уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етуге тиіс.
Орта білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау бекітілген оқу-тәрбие процесінің оқу жылына арналған графигі мен бекітілген теориялық және практикалық сабақтардың кестесі негізінде жүзеге асырылады.
Орта білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие жұмысын есепке алу теориялық және өндірістік оқытудың есепке алу журналдарын және оқу бағдарламаларының оқу сағаттарында орындалуын есепке алу табельдерін жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау бекітілген оқу жылына арналған академиялық күнтізбе және бекітілген оқу сабақтарының кестесі негізінде жүзеге асырылады.
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Білім беру ұйымдарындағы тәрбие бағдарламалары білім беру процесінің құрамдас бөлігі болып табылады және білім алушылардың, тәрбиеленушілердің патриоттық, азаматтық, интернационалдық, жоғары моральдық және имандылық сезімін қалыптастыруға, сондай-ақ жан-жақты қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытуға бағытталған.
Білім беру ұйымдарында нәсілдік, этностық, діни, әлеуметтік ымырасыздық пен айрықшалықты насихаттауға, милитаристік және де халықаралық құқық пен ізгіліктің жалпыға танылған принциптеріне қайшы келетін өзге де идеяларды насихаттауға тыйым салынады.
2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
4. Оқу-тәрбие процесі білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, педагогтердің адамгершілік қадір-қасиетін өзара құрметтеу және мүгедектердің құқықтарына білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде құрметпен қарау негізінде жүзеге асырылады.
Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қатысты күш көрсету, моральдық және психикалық қысым жасау әдістерін қолдануға жол берілмейді.
5. Азаматтарды күндізгі бөлімдерінде оқыту уақыты мерзімді әскери қызметті өткеруге теңестірілетін білім беру ұйымдарындағы білім беру қызметін ұйымдастыру тәртібін олардың мемлекеттік басқару органдары айқындайды.
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді
6. Әскерге шақырылуға дейінгі және шақырылу жасындағы білім алушылардың негізгі орта білім беру базасындағы алғашқы әскери даярлығы - жалпы орта білімнің жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында (арнаулы білім беру ұйымдарынан басқа) жүзеге асырылады.
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Білім беру ұйымдары білім алушылардың білім беру бағдарламаларын игеруін бақылау мақсатында білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылауды жүзеге асырады және оларға аралық аттестаттау жүргізеді.
Білім беру ұйымдары білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды жүзеге асыру және оларға аралық аттестаттау жүргізу нысандарын, тәртібін және мерзімділігін таңдауда дербес болады.
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
8. Негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын меңгеру білім алушыларды міндетті қорытынды аттестаттаумен аяқталады.
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.09.04. № 501-V ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9-тармақ жаңа редакцияда
9. Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттау мемлекеттік оқу бітіру емтихандары нысанында жүзеге асырылады.
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 10-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 172-VI ҚР Заңымен 10-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
10. Жоғары оқу орнынан кейiнгi білімнің білім беру бағдарламаларын меңгерген бiлiм алушыларды қорытынды аттестаттау ерекшелiктерiн бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган айқындайды.
11. Білім беру ұйымдары кәмелетке толмаған білім алушылардың, тәрбиеленушілердің ата-аналарына және өзге де заңды өкілдеріне оқу-тәрбие процесінің барысымен және мазмұнымен, сондай-ақ білім алушылардың үлгерімімен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 29-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
29-бап. Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Білім мен ғылымды интеграциялау, оқу-тәрбие процесін қамтамасыз ету және жетілдіру, оқытудың жаңа технологияларын әзірлеу және енгізу, білім беру ұйымдарында және тиісті инфрақұрылымда педагогтердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету мақсатында оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыс жүзеге асырылады.
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 172-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.21.02. № 227-VІ ҚР Заңымен (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысқа басшылық жасау:
орта білім беру ұйымдарында - облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әдістемелік кабинеттеріне және аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдістемелік кабинеттеріне;
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында - облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім беруді басқару органдарының әдістемелік кабинеттеріне және бейіндер бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің оқу-әдістемелік бірлестіктеріне;
Сот төрелігі академиясын, әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында - кадрларды даярлау бағыттары бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктерге жүктеледі.
Кадрларды даярлау бағыттары бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктердің оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысына басшылық жасау жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің республикалық оқу-әдістемелік кеңесіне жүктеледі.
Бейіндер бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің оқу-әдістемелік бірлестіктерінің оқу-әдістемелік жұмысына басшылық жасау техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің республикалық оқу-әдістемелік кеңесіне жүктеледі.
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Білім беру ұйымдарында және тиісті инфрақұрылымда, оның ішінде оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету ұйымдарында оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметті үйлестіру білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 30-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
30-бап. Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту
2016.09.04. № 501-V ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда; 2019.27.12. № 294-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. 1-сыныпқа қабылданғанға дейін балаларды мектепке дейiнгi тәрбиелеу отбасында немесе бiр жастан бастап 1-сыныпқа қабылданғанға дейін мектепке дейiнгi ұйымдарда жүзеге асырылады.
2. Мектепке дейiнгi оқыту балаларды мектепте оқытуға мектепалды даярлық түрiнде бес жастан бастап жүзеге асырылады.
Мектепалды даярлық мiндеттi және отбасында, мектепке дейiнгi ұйымдарда, жалпы бiлiм беретiн мектептердiң, лицейлердiң және гимназиялардың мектепалды сыныптарында жүзеге асырылады.
Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарындағы мектепалды даярлық тегiн болып табылады.
2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Жоспарлы профилактикалық екпелерді алмаған балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
Жоспарлы профилактикалық екпелердің және оларды жүргізу үшін медициналық қарсы көрсетілімдердің бар немесе жоқ екендігі туралы ақпаратты тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызмет көрсету үшін бала бекітілген жердегі медициналық ұйым береді.
31-бап. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2016.09.04. № 501-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. 1-сыныпқа оқуға балалар алты жастан қабылданады.
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Орта бiлiм беру ұйымдарының негiзгi түрлерi жалпы білім беретін мектеп, шағын жинақталған мектеп, гимназия, лицей, бейiндiк мектеп болып табылады.
2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Он алты жасқа дейінгі балаларды орта білім беретін мемлекеттік ұйымдардан шығаруға құқыққа қарсы әрекеттер жасағаны, білім беру ұйымдарының жарғысын өрескел және бірнеше рет бұзғаны үшін білім беру ұйымы мемлекеттік басқару органының шешімі бойынша ерекше жағдайларда рұқсат етіледі.
Жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды шығару туралы шешім қорғаншы және қамқоршы ұйымдардың келісімімен қабылданады.
Пробация қызметінің есебінде тұрған кәмелетке толмағандарды орта білім беретін мемлекеттік ұйымдардан шығару туралы шешім пробация қызметінің келісімімен қабылданады.
32-бап. Техникалық және кәсіптік білім беру
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 172-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.01.04. № 240-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Техникалық және кәсіптік білім беру негізгі орта және (немесе) жалпы орта білім беру базасында училищелерде, колледждерде және жоғары колледждерде жүзеге асырылады.
Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы оқу процесі білім беру ұйымдарындағы теориялық оқытуды, сондай-ақ оқу-өндірістік шеберханаларда, оқу шаруашылықтары мен оқу полигондарында - өндірістік оқыту шеберінің, практика жетекшісінің басшылығымен, кәсіпорындар (ұйымдар) базасында тәлімгердің, өндірістік оқыту шеберінің, практика жетекшісінің басшылығымен орындалатын өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканы қамтиды.
Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқу күндізгі, кешкі және сырттай оқу нысандарында жүзеге асырылады.
Бұл ретте тізбелерін мәдениет, дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органдар айқындайтын халықаралық, республикалық конкурстар мен фестивальдардың, спорттық жарыстардың жеңімпаздары үшін мәдениет және өнер, дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша экстернат нысанында оқуға жол беріледі.
2. 2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары оқу-өндірістік шеберханаларда, оқу шаруашылықтарында және оқу полигондарында шығарылатын өз өндірісі өнімдерін өткізеді.
2018.04.07. № 172-VI ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламасын меңгеру бойынша қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыға жұмысшы біліктілігі және (немесе) «орта буын маманы» біліктілігі беріледі.
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 32-1-баппен толықтырылды
32-1-бап. Кәсіптік даярлық
1. Кәсіптік даярлық белгілі бір жұмыс түрін орындау үшін қажетті жаңа немесе өзгерген кәсіптік дағдыларды білім алушылардың жедел меңгеруіне бағытталған. Кәсіптік даярлық білім алушының білім деңгейін арттырумен байланысты емес.