14-тармақтың 6) тармақшасының бірінші - үшінші абзацтары 2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
8) 13-баптың 1-1-тармағының бірінші бөлігінде:
6-9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6-9) жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының, байланыс және электр беру арналарымен, желілерімен, мұнай құбырларымен, газ құбырларымен, су құбырларымен және теміржолдармен, басқа да инженерлік желілермен, коммуникациялармен қиылысуын жобалау үшін, сондай-ақ кірме жолдарды және жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына жалғасатын жолдарды салу үшін техникалық шартты беру;»;
14-тармақтың 6) тармақшасының төртінші - алтыншы абзацтары 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
мынадай мазмұндағы 6-12) және 6-13) тармақшалармен толықтырылсын:
«6-12) жол органымен келісу бойынша жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарында, елді мекендердің көшелерінде автоматтандырылған өлшеу станцияларын орнату;
6-13) автоматтандырылған өлшеу станцияларының жұмысын ұйымдастыру қағидаларында айқындалған тәртіппен жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарында, елді мекендердің көшелерінде автоматтандырылған өлшеу станцияларының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;»;
9) 14-баптың 4-тармағындағы «Ортақ пайдаланылатын бұрыннан бар автомобиль» деген сөздер «Автомобиль» деген сөзбен ауыстырылсын;
10) 15-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі «қабылдауды мемлекеттік қабылдау комиссиясы жүзеге асырады» деген сөздер «қабылдау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады» деген сөздермен ауыстырылсын;
14-тармақтың 11) тармақшасы 2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
11) 20-баптың 3-тармағында:
4) тармақшадағы «ақы алу пунктін кесіп өту кезінде» деген сөздер алып тасталсын;
5) тармақшадағы «төлемақы алу пункті арқылы» деген сөздер алып тасталсын;
12) 30-бапта:
мынадай мазмұндағы 2-2), 7-1) және 7-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«2-2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;»;
14-тармақтың 12) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтары 2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
«7-1) жол органымен келісу бойынша жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында автоматтандырылған өлшеу станцияларын орнату;
7-2) автоматтандырылған өлшеу станцияларының жұмысын ұйымдастыру қағидаларында айқындалған тәртіппен жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында автоматтандырылған өлшеу станцияларының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;»;
9-3) тармақшадағы «дамыту» деген сөз «дамытуды ұйымдастыруға жәрдемдесу» деген сөздермен ауыстырылсын.
15. «Теміржол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
15-тармақтың 1) тармақшасының бірінші - бесінші абзацтары 2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
1) 1-бапта:
14) тармақшадағы «орталықтан» деген сөз алып тасталсын;
43-4) тармақшада:
«рельстен шығып кету» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ жылжымалы құрамның бағдаршамның тыйым салатын сигналына өтіп кету не поезды қабылдау-жөнелту маршрутына кетіп қалу» деген сөздермен толықтырылсын;
«авария мен апат» деген сөздер «апат немесе авария» деген сөздермен ауыстырылсын;
15-тармақтың 1) тармақшасының алтыншы және жетінші абзацтары 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді және 2024 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
мынадай мазмұндағы 62-2) тармақшамен толықтырылсын:
«62-2) уақытша теңгерімдеу төлемақысы - Ұлттық жүк тасымалдаушының жолаушылар тасымалын қолдауға бағытталған шығыстары;»;
2) 8-бапта:
15-тармақтың 2) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары 2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
2-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1. Вагондар мен локомотивтерді сатып алуға кредит беру және қаржы лизингі кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға арналған шарттар уәкілетті орган бекітетін үлгілік шарт негізінде жазбаша түрде жасалады.»;
4-тармақтың екінші бөлігі «жүзеге асырылатын» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасының аумағымен, оның ішінде транзитпен және» деген сөздермен толықтырылсын;
15-тармақтың 3) тармақшасының бірінші - үшінші абзацтары 2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
3) 12-бапта:
2-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2-2. Вагондарды, локомотивтерді сатып алуға және теміржолдарды жаңғыртуға кредит беру және қаржы лизингі кезінде сыйақы мөлшерлемелері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кредиттеудің немесе қаржы лизингінің бүкіл мерзіміне бюджет қаражаты есебінен субсидияланады.»;
15-тармақтың 3) тармақшасының төртінші - оныншы абзацтары 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді және 2024 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Уақытша теңгерімдеу төлемақысын тиісті табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган локомотивтік тартқыштың көрсетілетін қызметтеріне бағалардың шекті деңгейлерін қалыптастыру кезінде белгілейді және ол:
1) жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш операторына;
2) Ұлттық инфрақұрылым операторына жіберіледі.
Уақытша теңгерімдеу төлемақысын есептеу және төлеу қағидаларын тиісті табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлейді және бекітеді.
Уақытша теңгерімдеу төлемақысын есептеу және төлеу қағидалары уақытша теңгерімдеу төлемақысын қалыптастыру кезінде есепке алынатын шығыстардың тізбесін қамтиды.
Ұлттық жүк тасымалдаушының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік қатынаста жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау жөніндегі қызметтен түсетін кірістері уақытша теңгерімдеу төлемақысының көзі болып табылады.»;
15-тармақтың 4) - 9) тармақшалары 2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
4) 14-баптың 2-тармағында:
31) тармақшадағы «тергеуге қатысу» деген сөздер «тергеп-тексеру» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 31-1) тармақшамен толықтырылсын:
«31-1) Қазақстан Республикасының аумағында жолаушылар поезында жылжымалы құрамның рельстен шығып кетуіне алып келген теміржол көлігіндегі оқиғаларды тергеп-тексеру;»;
34-27), 34-28) және 34-29) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«34-27) вагондар мен локомотивтерді сатып алуға кредит беру және қаржы лизингі кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
34-28) вагондар мен локомотивтерді сатып алуға кредит беру және қаржы лизингі кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға арналған үлгілік шартты әзірлеу және бекіту;
34-29) вагондар мен локомотивтерді сатып алуға кредит беру және қаржы лизингі кезінде сыйақының мөлшерлемелерін субсидиялау;»;
5) 65-баптың 4-1-тармағында:
бірінші бөлікте:
«жолаушы тасымалдауларын басқарудың автоматтандырылған жүйесі» деген сөздер «уәкілетті органмен келісу бойынша жолаушылар тасымалын басқарудың автоматтандырылған жүйелері» деген сөздермен ауыстырылсын;
«, Ұлттық теміржол компаниясы оған қол жеткізуді уәкілетті органмен келісім бойынша ұйымдастырады» деген сөздер алып тасталсын;
екінші бөліктегі «жүйесі» деген сөз «жүйелері» деген сөзбен ауыстырылсын;
6) 66-1-бапта:
тақырыптағы «поездарының жүру жолында» деген сөздер «поездарында» деген сөзбен ауыстырылсын;
1-тармақтағы және 12-тармақтың бірінші абзацындағы «поездарының Қазақстан Республикасы аумағымен жүру жолында», «поездарында Қазақстан Республикасының аумағымен жүру жолында» деген сөздер «поездарында» деген сөзбен ауыстырылсын;
7) 88-4-баптың 10) тармақшасындағы «тоқтатуға құқылы.» деген сөздер «тоқтатуға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
«11) жай-күйі жүру қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғаудың белгіленген талаптарына сай келетін магистральдық теміржол желісінің, теміржолдар мен жылжымалы құрамның объектілерін пайдалануды, сондай-ақ жолаушыларды, жүктерді және қауіпті жүктерді тасымалдауды қайта бастауға құқылы.»;
8) 88-7-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жолаушылар поезында жылжымалы құрамның рельстен шығып кетуіне алып келген оқиғаларды, сондай-ақ апаттарды және аварияларды тергеп-тексеруді уәкілетті орган құратын комиссия жүзеге асырады. Осы комиссияның құрамына уәкілетті органның лауазымды адамы болып табылатын тергеп-тексеру жөніндегі уәкіл, уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің өкілдері, тасымалдау процесіне қатысушылар және мүдделі тұлғалар кіреді.
Жолаушылар поезында жылжымалы құрамның рельстен шығып кетуіне алып келген жағдайларды қоспағанда, оқиғаларды және оқыс оқиғаларды тасымалдау процесіне қатысушылар тергеп-тексереді.»;
4-тармақтағы «Апаттарды» деген сөз «Жолаушылар поезында жылжымалы құрамның рельстен шығып кетуіне алып келген оқиғаларды, сондай-ақ апаттарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Тергеп-тексеру жөніндегі уәкіл жолаушылар поезында жылжымалы құрамның рельстен шығып кетуіне алып келген оқиғаларды, сондай-ақ апаттарды және аварияларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның жұмысын, оның ішінде олармен байланысты барлық аспектілерді жолаушылар поезында жылжымалы құрамның рельстен шығып кетуіне алып келген оқиғалар, сондай-ақ апаттар мен авариялар болған жерде ұйымдастырады және үйлестіреді.»;
7-тармақ «мемлекеттік органдар» деген сөздерден кейін «жолаушылар поезында жылжымалы құрамның рельстен шығып кетуіне алып келген оқиғаларды, сондай-ақ» деген сөздермен толықтырылсын;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Жолаушылар поезында жылжымалы құрамның рельстен шығып кетуіне алып келген оқиғаларды, сондай-ақ апаттарды және аварияларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссия жолаушылар поезында жылжымалы құрамның рельстен шығып кетуіне алып келген оқиғаларды, сондай-ақ апаттарды және аварияларды тергеп-тексеруді жеке және басқа да мемлекеттік органдар жүргізетін басқа тергеп-тексеру түрлерінен бөлек жүргізеді.»;
9-тармақ «кезінде» деген сөзден кейін «жолаушылар поезында жылжымалы құрамның рельстен шығып кетуіне алып келген оқиғаларды, сондай-ақ» деген сөздермен толықтырылсын;
9) 88-8-бапта:
тақырыптағы «Апаттарды» деген сөз «Жолаушылар поезында вагондардың рельстен шығып кетуіне алып келген оқиғаларды, сондай-ақ апаттарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақта:
бірінші абзацтағы «Апаттарды» деген сөз «Жолаушылар поезында вагондардың рельстен шығып кетуіне алып келген оқиғаларды, сондай-ақ апаттарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшада:
«апат» деген сөз «жолаушылар поезында вагондардың рельстен шығып кетуіне алып келген оқиға, сондай-ақ апат» деген сөздермен ауыстырылсын;
«бөлшектерді және» деген сөздерден кейін «жолаушылар поезында вагондардың рельстен шығып кетуіне алып келген оқиғаның, сондай-ақ» деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақша:
«персоналдан және» деген сөздерден кейін «жолаушылар поезында вагондардың рельстен шығып кетуіне алып келген оқиғаға, сондай-ақ» деген сөздермен толықтырылсын;
«сұрауға,» деген сөзден кейін «жолаушылар поезында вагондардың рельстен шығып кетуіне алып келген оқиғаның, сондай-ақ» деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақша «олардың» деген сөзден кейін «жолаушылар поезында вагондардың рельстен шығып кетуіне алып келген оқиғаны, сондай-ақ» деген сөздермен толықтырылсын;
6) тармақша «бойынша» деген сөзден кейін «жолаушылар поезында вагондардың рельстен шығып кетуіне алып келген оқиға, сондай-ақ» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтағы «Апаттарды» деген сөз «Жолаушылар поезында вагондардың рельстен шығып кетуіне алып келген оқиғаларды, сондай-ақ апаттарды» деген сөздермен ауыстырылсын.
16-тармақ 2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
16. «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 44-1) тармақшамен толықтырылсын:
«44-1) суға батқан мүлікті аластау - суға батқан мүлікті шығарып алуды не оны қайраңнан алуды немесе белгіленген теңіз дәліздерінің шегінен тысқары жерге ығыстыруды не оны жоюды қоса алғанда, суға батқан мүлік тудыратын қауіпті болғызбауға, азайтуға немесе жоюға бағытталған іс-қимылдар, сондай-ақ қажет болған кезде көрсетілген іс-қимылдардың жиынтығы. Суға батқан мүлікті аластау суға батқан мүлікті тасымалдау және сақтау жөніндегі ілеспе жұмыстарды да қамтиды;»;
2) 4-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 55-44), 55-45) және 55-46) тармақшалармен толықтырылсын:
«55-44) теңіз кемелерін куәландыру қағидаларын бекіту;
55-45) суға батқан кемелерді аластағаны үшін жауапкершілікті сақтандыру немесе өзге де қаржылық қамтамасыз ету туралы куәлік беру қағидаларын және оның нысандарын бекіту;
55-46) суға батқан мүлікті аластау қағидаларын бекіту;»;
3) 7-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасындағы «тәуекелі жатады.» деген сөздер «тәуекелі;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) суға батқан мүлікті аластағаны үшін кеменің меншік иесінің не кеме иесінің жауапкершілік тәуекелі жатады.»;
4) 39-баптың 2-тармағының 9) тармақшасында:
«теңізге» деген сөз «суға» деген сөзбен ауыстырылсын;
«көтеріп шығаруға» деген сөздер «аластауға» деген сөзбен ауыстырылсын;
5) 40-баптың 5-тармағының 4) тармақшасындағы «алып шығу» деген сөздер «аластау» деген сөзбен ауыстырылсын;
6) 44-1-бапта:
1-тармақ «Халықаралық» деген сөзден кейін «және аумақтық» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақтың екінші бөлігі «уәкіл» деген сөзден кейін «, уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері» деген сөздермен толықтырылсын;
7) 9-тарау мынадай мазмұндағы 49-1-баппен толықтырылсын:
«49-1-бап. Суға батқан мүлік туралы хабарлау, суға батқан мүлік жатқан жерді анықтау және оны белгілеу
1. Авариялық жағдайдың салдары болып табылатын суға батқан мүлікке мыналар жатады:
1) суға батқан немесе қайраңға отырған кеме;
2) Қазақстан Республикасының аумақтық суларында қайраңда тұрған, суға батқан немесе ығып ауытқыған кез келген объектіні қоса алғанда, суға батқан немесе қайраңға отырған кеменің кез келген бөлігі;
3) теңізде кемеден жоғалған және Қазақстан Республикасының аумақтық суларында қайраңда тұрған, суға батқан немесе ығып ауытқыған кез келген объект;
4) егер кемеге немесе басқа да мүлікке көмек көрсету жөнінде шаралар енді қолданылмайтын болса, суға батуға немесе қайраңға отыруға шақ қалған не суға бататын немесе қайраңға отыратын кеме.
2. Қазақстан Республикасының аумақтық суларында авариялық жағдайда суға батқан кеменің меншік иесі мен капитаны порттың теңіз әкімшілігіне суға батқан мүлік туралы мәліметтерді уәкілетті орган көздеген тәртіппен дереу хабарлауға міндетті.
3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз Күштерінің Гидрографиялық қамтамасыз ету қызметі суға батқан мүліктің жатқан жерін анықтау және оны навигациялық белгілермен белгілеу жөнінде шаралар қабылдауды қамтамасыз етеді.»;
8) 50-бапта:
тақырыптағы «шығарып алуы» деген сөздер «аластауы» деген сөзбен ауыстырылсын;
1-тармақтағы «өзінің сол мүлікті шығарып алу» деген сөздер «суға батқан мүлікті аластау қағидаларына сәйкес осындай мүлікті аластау» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
«шығарып алудың» деген сөздер «аластаудың» деген сөзбен ауыстырылсын;
«тәртібі мен» деген сөздер алып тасталсын;
«шығарып алуды» деген сөздер «аластауды» деген сөзбен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «суға батқан мүлікті», «шығарып алуға, ал қажет болған жағдайда оны аластауға немесе жоюға» деген сөздер тиісінше «оны», «аластауға» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы «шығарып алу» деген сөздер «аластау» деген сөзбен ауыстырылсын;
5-тармақтағы «осы бапта белгіленген ережелерге сәйкес шығарып алмаған» деген сөздер «белгіленген мерзімде аластамаған» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын:
«Ескерту. Осы тараудың мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының аумақтық суларында суға батқан кеменің иесі не кеменің меншік иесі суға батқан мүліктің меншік иесі болып табылады.»;
9) 51-бапта:
тақырыптағы «шығарып алуы, аластауы немесе жоюы» деген сөздер «аластауы» деген сөзбен ауыстырылсын;
1-тармақта:
бірінші абзацта орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
3) және 4) тармақшалардағы «шығарып алу, аластау, жою үшін Қазақстан Республикасының заңдарында», «шығарып алуға және қажет болған жағдайда оны аластауға немесе жоюға» деген сөздер тиісінше «аластау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында», «аластауға» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
«шығарып алу, аластау немесе жою» деген сөздер «аластау» деген сөзбен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
3-тармақта:
«шығарып алынған кезден» деген сөздер «аласталған кезден» деген сөздермен ауыстырылсын;
«өзінің суға батқан мүлкін шығарып алуға жұмсаған шығындарын және осыған байланысты басқа да келтірілген, оны сақтауға» деген сөздер «суға батқан мүлікті аластауға» деген сөздермен ауыстырылсын;
«шығарып алынған мүлікті» деген сөздер «аласталған мүлікті» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) мынадай мазмұндағы 51-1-баппен толықтырылсын:
«51-1-бап. Суға батқан мүліктің меншік иесінің жауапкершілігі
1. Суға батқан мүліктің меншік иесі, суға батқан мүлікке:
1) соғыс қимылдары, дұшпандық әрекеттер, азаматтық соғыс, көтеріліс немесе болмай қалмайтын және еңсерілмейтін дүлей құбылыс салдарынан;
2) залал келтіру ниеті бар үшінші тұлғалардың қасақана әрекетімен (әрекетсіздігімен);
3) оттарды немесе кемеден тысқары жерлердегі басқа да навигациялық құралдарды күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстардың орындалмауынан немесе тиісінше орындалмауынан туындаған, олардың тиісінше жұмыс істемеуі салдарынан залал келтірілген жағдайларды қоспағанда, суға батқан мүліктің жатқан жерін анықтау, белгілеу және оны аластау шығыстары үшін жауапты болады.
2. Сол бір авариялық жағдайдан туындаған, суға батқан мүліктің жатқан жерін анықтауға, белгілеуге және оны аластауға байланысты суға батқан мүліктің меншік иесі жауапкершілігінің мөлшері мынадай тәртіппен есептелетін жалпы сомамен шектеледі:
сыйымдылығы қоса алғанда 2000 тіркелімдік тоннадан аспайтын кеме үшін - 1,51 миллион есептік бірлік;
сыйымдылығы 2000 тіркелімдік тоннадан асатын кеме үшін осы тармақтың екінші абзацында көрсетілген сомаға мынадай сома қосылады:
2001-ден 30000 тоннаға дейін қоса алғанда әрбір тоннаға - 604 есептік бірлік;
30001-ден 70000 тоннаға дейін қоса алғанда әрбір тоннаға - 453 есептік бірлік;
және 70000 тоннадан астам әрбір тоннаға - 302 есептік бірлік.
3. Жалпы сыйымдылығы 300 тіркелімдік тонна және одан астам кеменің меншік иесі суға батқан мүлікті аластағаны үшін жауапкершілік тәуекелін сақтандыруға не осы баптың 2-тармағына сәйкес айқындалатын мөлшерде суға батқан мүлікті аластағаны үшін жауапкершілікті өзге де қаржылық қамтамасыз етуді беруге міндетті.
4. Қазақстан Республикасының аумақтық суларына кіретін кеменің бортында суға батқан кемелерді аластағаны үшін жауапкершілікті сақтандыру немесе өзге де қаржылық қамтамасыз ету туралы куәлігі болуы міндетті.
5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзетін кемелерге суға батқан кемелерді аластағаны үшін жауапкершілікті сақтандыру немесе өзге де қаржылық қамтамасыз ету туралы куәлікті порттың теңіз әкімшілігі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және нысан бойынша береді.»;
11) 52-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«52-бап. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз Күштері Гидрографиялық қамтамасыз ету қызметінің және порттың теңіз әкімшілігінің келтірілген шығыстарды толық өтеттіру құқығы
1. Мыналардың:
1) суға батқан мүліктің жатқан жерін анықтау және оны навигациялық белгілермен белгілеу кезінде келтірілген шығыстар бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз Күштері Гидрографиялық қамтамасыз ету қызметінің;
2) осы Заңның 51-бабының 1-тармағына сәйкес жүзеге асырылған суға батқан мүлікті аластауға байланысты келтірілген шығыстар бойынша порттың теңіз әкімшілігінің келтірілген шығыстарды толық өтеттіруге құқығы бар.
2. Келтірілген шығыстарды өтеу:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, аласталған суға батқан мүлікті өткізуден түскен сома есебінен жүзеге асырылады, қалған сома суға батқан мүліктің меншік иесіне беріледі;
2) егер суға батқан мүлікті өткізуден түскен сома суға батқан мүліктің жатқан жерін анықтауға, белгілеуге және оны аластауға жұмсалған шығыстарды жаппаса, суға батқан мүліктің меншік иесінің есебінен жүзеге асырылады.
Келтірілген шығыстарды өтеуден алынған қаражат мемлекет кірісіне есепке жатқызылады.»;
12) 53-баптың тақырыбындағы және мәтініндегі «шығарып алынған» деген сөздер «аласталған» деген сөзбен ауыстырылсын;
13) 197-баптың 1-тармағының 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) суға батқан мүлікті аластауға байланысты;»;
14) 220-баптың 3-тармағындағы «оның судан шығарылуын», «шығаруға» деген сөздер тиісінше «оны судан аластауды», «аластауға» деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 223-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) суға батқан мүлікті аластауға жұмсалған шығыстарға;»;
16) мынадай мазмұндағы 238-1-баппен толықтырылсын:
«238-1-бап. Суға батқан мүліктің жатқан жерін анықтауға және оны белгілеуге байланысты Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз Күштерінің Гидрографиялық қамтамасыз ету қызметі және суға батқан мүлікті аластауға байланысты келтірілген шығыстарды өтеу туралы талаптар бойынша порттың теңіз әкімшілігі үшін талап қоюдың ескіру мерзімі
Суға батқан мүліктің жатқан жерін анықтауға және белгілеуге байланысты келтірілген шығыстарды өтеу туралы талаптар бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз Күштерінің Гидрографиялық қамтамасыз ету қызметі және суға батқан мүлікті аластауға байланысты келтірілген шығыстарды өтеу туралы талаптар бойынша порттың теңіз әкімшілігі үшін талап қоюдың ескіру мерзімі суға батқан мүлікті аластау қағидаларында айқындалған тәртіппен суға батқан мүліктің қауіптілігі айқындалған күннен бастап үш жылды құрайды.
Авариялық жағдай болып, салдарынан мүлік суға батқан күннен бастап алты жыл өткеннен кейін талап қойылмайды.
Егер авариялық жағдай бірқатар оқиғалардан тұрса, онда алты жылдық мерзім осы оқиғалардың бірінші күнінен бастап есептеледі.».
17. «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
17-тармақтың 1) тармақшасының екінші - алтыншы абзацтары 2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 3-1), 6-1) және 6-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«3-1) автоматтандырылған өлшеу станциясы - метрологиялық салыстырып тексеруден өткен, фото- және бейнетүсірілімді жүзеге асыратын, автоматты режимде жұмыс істейтін, автомобиль көлігі құралдарының түрін, маркасын, мемлекеттік тіркеу белгісін, салмақтық және габариттік параметрлерін, осьтік жүктемелерін және жүру жылдамдығын тіркейтін сертификатталған арнаулы бақылау-өлшеу техникалық құралдарының, аспаптар мен жабдықтардың зияткерлік көлік жүйесімен интеграцияланған кешені;»;
«6-1) автомобиль көлігі құралдарының салмағын өлшеу станциясы - автомобиль көлігі құралдарының салмақтық және габариттік параметрлерін өлшеу жөніндегі жұмыстарды орындауға арналған, осы мақсаттар үшін зияткерлік көлік жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін өлшеу құралы, стационарлық типтегі салмақ өлшеу жабдығы немесе жылжымалы ұтқыр таразылар бар стационарлық немесе ауыспалы пункт;
6-2) автомобиль көлігі құралдарының салмағын өлшеу станциясының операторы - автомобиль көлігі құралдарының салмақтық және габариттік параметрлерін өлшеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;»;
9-2) тармақша алып тасталсын;
23-2), 23-3) және 23-4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
17-тармақтың 1) тармақшасының сегізінші және тоғызыншы абзацтары 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
«23-2) өзі аударғыш - жүкті түсіру үшін механикалық еңкейтілетін шанағы бар, өзі түсіретін жүк автомобилі, тіркеме немесе жартылай тіркеме;
23-3) рұқсат етілген ең жоғары масса - жасаушы кәсіпорын ең жоғары рұқсат етілетін ретінде белгілеген, жарақталған автокөлік құралының жүкпен, жүргізушімен және жолаушылармен бірге массасы. Автокөлік құралдары құрамының, яғни тіркелген және біртұтас ретінде қозғалатын құрамының рұқсат етілген ең жоғары массасы деп құрамына кіретін автокөлік құралдарының рұқсат етілген ең жоғары массаларының қосындысы түсініледі;
23-4) сервис орталығы (шеберхана) - тахографтарды орнату және оларға қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;»;