4) көмірсутектерді өндіру учаскесінің (учаскелерінің) кеңіс тіктік шекаралары (жоғарғы шекараны қоспағанда) жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және жер қойнауы мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысын алған геологиялық қорларды есептеу жөніндегі есепке сәйкес айқындалатын кен орны контурларының негізінде белгіленеді.
Егер барлау учаскесінің шегінде бірнеше жекелеген кен орны ашылса, жер қойнауы учаскесінің кеңістіктік шекаралары әрбір жекелеген кен орны үшін белгіленеді;
5) көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт бойынша бастапқы жер қойнауы учаскесін ұлғайту мақсаттары үшін сұралатын жер қойнауы учаскесінің кеңістіктік шекаралары жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған, табылған кенжатынның (кенжатындар жиынтығының) болжамды контурларын белгілейтін тиісті базалық жобалық құжатқа толықтыруға сәйкес жер қойнауын зерттеу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша (жер қойнауының сұратылған учаскесінің жер қойнауын пайдаланудан бос болуы тұрғысынан) айқындалады;
6) осы Кодекстің 114-бабына сәйкес мемлекетке қайтару арқылы жер қойнауы учаскесі азайғаннан кейін жер қойнауын пайдаланушыда қалатын, көмірсутектерді барлау немесе өндіру учаскесінің кеңістіктік шекараларын жер қойнауын пайдаланушы айқындайды;
7) көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша жер қойнауы учаскесі осы Кодекстің 115-бабына сәйкес бөліп шығарылған жағдайда, барлау немесе өндіру учаскелерінің кеңістіктік шекаралары (жер қойнауының негізгі және бөліп шығарылатын учаскелері):
барлау учаскесінің бір бөлігін бөліп шығару кезінде - жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған, барлау жұмыстарының жобасына жер қойнауының негізгі және бөліп шығарылатын учаскелерінде табылған тиісті кенжатынды (кенжатындар жиынтығын) бағалау бойынша жұмыстар жүргізуді көздейтін толықтыруларға сәйкес;
барлау немесе өндіру учаскесін бөліп шығару кезінде бөліп шығару жүргізілетін, көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшартта көрсетілген жер қойнауының тиісті учаскелері бойынша деректер негізінде айқындалады.
Құзыретті орган жер қойнауы учаскесінің (учаскелерінің) кеңістік шекаралары туралы осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) - 4), 6) және 7) тармақшаларында көзделген ақпаратты жер қойнауын зерттеу саласындағы уәкілетті органға хабарлама жасау тәртібімен жібереді.»;
16) 111-баптың 2-тармағы «бекітуді» деген сөзден кейін «, көмір сутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша өндіру кезеңіне өтуді» деген сөздермен толықтырылсын;
17) 115-бапта:
1-тармақ 4) тармақшасындағы «бекітілсе жүргізіледі.» деген сөздер «бекітілсе;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) өндіру учаскесін бөліп шығару осы Кодекстің 119-бабының 18-2 және 18-3-тармақтарында көзделген жағдайларда жүргізіледі.»;
2-тармақта:
бірінші бөліктің бірінші абзацы және 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Күрделі жобаларға жатпайтын жер қойнауы учаскесін бөліп шығару бір мезгілде мынадай шарттар сақталған:
1) жер қойнауы учаскесін бөліп шығару жүргізілетін барлауға және өндіруге арналған келісімшарт осы Кодекс қолданысқа енгізілгеннен кейін жасалған, оның ішінде келісімшарт осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған және барлау кезеңінде құзыретті орган бекіткен көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған үлгілік келісімшарттың талаптарына өткен;»;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың екінші бөлігінің талабы осы Кодекстің 119-бабының 18-2 және 18-3-тармақтарында көзделген жағдайларда жер қойнауы учаскелерін бөліп шығаруға қолданылмайды.»;
6-тармақта:
1) тармақшадағы «айқындайтын аумақты белгілейтін келісімшартқа қосымшаны қамтитын келісімшартқа толықтыру» деген сөздер «белгілейтін келісімшартқа қосымшаны қамтитын келісімшартқа толықтыру, сондай-ақ барлау учаскесінің бір бөлігі бөліп шығарылған жағдайда, бөліп шығарылатын жер қойнауы учаскесіне жататын жұмыстардың түрлері мен көлемдеріне азайтылған жұмыстар бағдарламасы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «осы баптың 4-тармағының талаптарына сәйкес келетін, құзыретті орган бекітетін көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа сәйкес әзірленген, өтініш иесі қол қойған көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт» деген сөздер «құзыретті орган бекітетін көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа сәйкес әзірленген және осы баптың 4-тармағының талаптарына сәйкес келетін, өтініш иесі қол қойған көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт, сондай-ақ барлау учаскесінің бір бөлігі бөліп шығарылған жағдайда, бөліп шығарылатын жер қойнауы учаскесіне жататын жұмыстардың түрлері мен көлемдері қамтылған жұмыстар бағдарламасы» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бұл ретте барлау учаскесінің бір бөлігі бөліп шығарылғанға дейін барлауға және өндіруге арналған келісімшарт жұмыстарының бағдарламасында көзделген жұмыс түрлері мен көлемдері жер қойнауының негізгі учаскесі бойынша барлауға және өндіруге арналған келісімшартқа толықтыруда және бөліп шығарылған жер қойнауы учаскесі бойынша жасалған барлауға және өндіруге арналған келісімшартта көзделген жұмыс түрлері мен көлемдерінен кем болмайды.»;
18) 116-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«116-бап. Көмірсутектерді барлау кезеңі
1. Күрделі жобаларға жатпайтын жер қойнауы учаскесі бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшартты жасасу кезінде барлау кезеңінің ең көп ұзақтығы қатарынан келетін алты жылдан аспайды. Көрсетілген кезеңде жер қойнауын пайдаланушы барлау учаскесінде кен орындарын сынап пайдалануды қоса алғанда, оларды іздестіру мен бағалау бойынша кез келген жұмысты жүргізуге құқылы.
Құзыретті орган осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мерзімдер шегінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлау кезеңін аукцион өткізу туралы хабархатта не көмірсутектер саласындағы ұлттық компаниямен тікелей келіссөздер нәтижелері бойынша белгілейді.
2. Күрделі жоба бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшартты жасасу кезінде барлау кезеңінің ұзақтығы он сегіз жылды құрайды және мыналарды:
1) барлаудың тоғыз жылға тең бастапқы кезеңін;
2) алты жылға тең бағалау кезеңін;
3) үш жылға тең сынап пайдалану кезеңін қамтиды.
Барлаудың бастапқы кезеңі ішінде жер қойнауын пайдаланушы барлау учаскесінде табылған кенжатынды (кен орнын) сынап пайдалануды қоса алғанда, іздестіру және бағалау бойынша кез келген жұмысты жүргізуге құқылы.
Бағалау кезеңі ішінде жер қойнауын пайдаланушы барлау учаскесінде сынап пайдалануды қоса алғанда, табылған кенжатынды (кен орнын) бағалау бойынша кез келген жұмысты жүргізуге құқылы.
Сынап пайдалану кезеңі ішінде жер қойнауын пайдаланушы барлау учаскесінде табылған кенжатынды (кен орнын) сынап пайдалану бойынша кез келген жұмысты жүргізуге құқылы.
Бағалау кезеңіне өту жер қойнауын пайдаланушының өтініші бойынша жүзеге асырылады, ол осы баптың 5-тармағына сәйкес күрделі жоба бойынша барлауға және өндіруге арналған келісімшартқа толықтыруға қол қою арқылы барлаудың бастапқы кезеңі аяқталғанға дейін берілуге тиіс.
Егер жер қойнауын пайдаланушы бағалау кезеңіне өтпесе, бұл жағдайда барлау кезеңі бағалау кезеңін және сынап пайдалану кезеңін қамтымайды және барлаудың бастапқы кезеңінен ғана тұрады.
Сынап пайдалану кезеңіне өту жер қойнауын пайдаланушының өтініші бойынша жүзеге асырылады, ол осы баптың 5-тармағына сәйкес күрделі жоба бойынша барлауға және өндіруге арналған келісімшартқа толықтыруға қол қою арқылы бағалау кезеңі аяқталғанға дейін берілуге тиіс.
Егер жер қойнауын пайдаланушы сынап пайдалану кезеңіне өтпесе, бұл жағдайда барлау кезеңі сынап пайдалану кезеңін қамтымайды және барлаудың бастапқы кезеңінен, сондай-ақ бағалау кезеңінен тұрады.
3. Күрделі жоба бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша бағалау кезеңіне өту туралы өтінішке мыналар қоса беріледі:
1) жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және жер қойнауын пайдаланушы бағалау кезеңінде тиісті жер қойнауы учаскесінде орындауға міндеттенетін жылдар бойынша қосымша жұмыстардың көлемін, сипаттамасын және орындалу мерзімдерін қамтитын қосымша жұмыстар бағдарламасы;
2) жер қойнауын пайдаланушы қол қойған, тереңдігі бойынша барлау учаскесінің (учаскелерінің) шекараларын белгілеуді қоса алғанда, оның (олардың) шегінде табылған кенжатынның (кенжатындар жиынтығының) болжамды контурлары орналасқан блоктардан тұратын барлау учаскесінің (учаскелерінің) шекараларын белгілеуді көздейтін келісімшартқа толықтыру;
3) жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның бағалау жүргізу жоспарланатын кенжатынның (кенжатындар жиынтығының) болжамды контурлары көрсетіле отырып, жер қойнауы учаскесі шегінде көмірсутектер кенжатынының (кенжатындар жиынтығының) табылғаны туралы осы Кодекстің 121-бабының 3-тармағына сәйкес берген қорытындысы.
4. Күрделі жоба бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша сынап пайдалану кезеңіне өту туралы өтінішке мыналар қоса беріледі:
1) жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және жер қойнауын пайдаланушы сынап пайдалану кезеңінде тиісті жер қойнауы учаскесінде орындауға міндеттенетін жылдар бойынша қосымша жұмыстардың көлемін, сипаттамасын және орындалу мерзімдерін қамтитын қосымша жұмыстар бағдарламасы;
2) жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және жер қойнауы мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысын алған геологиялық қорларды жедел есептеу жөніндегі есеп.
5. Бағалау кезеңіне немесе сынап пайдалану кезеңіне өту туралы өтініш жиырма жұмыс күні ішінде қаралады. Оны қарау нәтижелері бойынша бағалау кезеңіне немесе сынап пайдалану кезеңіне өту үшін бас тартуға негіздер болмаған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушының өтінішін қарау туралы шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде құзыретті орган жер қойнауын пайдаланушының бағалау кезеңінде немесе сынап пайдалану кезеңінде қосымша жұмыстар бағдарламасын орындау жөніндегі міндеттемелерін, сондай-ақ осы Кодекстің 110-бабының 2-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасына сәйкес барлау учаскесінің (учаскелерінің) шекараларын белгілеуді көздейтін келісімшартқа толықтыруға қол қояды.
Құзыретті орган жер қойнауын пайдаланушыға бағалау кезеңіне немесе сынап пайдалану кезеңіне өтуден мынадай жағдайларда:
1) осы баптың 3 (бағалау кезеңіне өту кезінде) немесе 4-тармағында (сынап пайдалану кезеңіне өту кезінде) көзделген құжаттар ұсынылмаса;
2) өтініш белгіленген мерзім өткеннен кейін берілсе, бас тартады.
6. Күрделі жоба бойынша жер қойнауы учаскесі бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша бағалау кезеңіне өту кезінде жер қойнауы учаскесінен барлау учаскесінің кеңістіктік шекараларына кірмейтін блоктар алып тасталады.
7. Егер күрделі жобаларға жатпайтын жер қойнауы учаскесі бойынша барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлау кезеңі ішінде ұңғыманы бұрғылау нәтижелері бойынша жер қойнауы учаскесінде осы Кодекстің 36-бабы 1-2-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген өлшемшарттардың кемінде біреуінің болуы расталатын болса, мұндай келісімшарт бойынша барлау кезеңінің ұзақтығы барлаудың іс жүзіндегі мерзімі шегеріле отырып, осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес, жер қойнауын пайдаланушының өтініші бойынша белгіленеді. Бұл ретте келісімшарт талаптары осы Кодекстің 36-бабы 1-1-тармағының 1) тармақшасында көзделген шарттарға сәйкес өзгертілуге жатады.
Жер қойнауы учаскесін күрделі жобаларға жатқызу және келісімшарт талаптарын өзгерту туралы өтініш құзыретті органға мынадай құжаттармен қоса беріледі:
1) күрделі жоба бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа сәйкес барлауға және өндіруге арналған келісімшартты жаңа редакцияда жазуды көздейтін келісімшартқа толықтыру жобасы;
2) жер қойнауы учаскесінде осы Кодекстің 36-бабының 1-2-тармағында көзделген өлшемшарттардың кемінде біреуінің болуын растайтын, осы Кодекстің 36-бабының 1-3-тармағында көрсетілген құжаттардың бірі.
8. Жер қойнауы учаскесін күрделі жобаларға жатқызу және келісімшарт талаптарын өзгерту туралы өтініш құзыретті органға келіп түскен күнінен бастап жиырма жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Өтінішті қарау нәтижелері бойынша құзыретті орган келісімшартқа толықтыруға қол қояды немесе өтініш осы Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, жер қойнауы учаскесін күрделі жобаларға жатқызудан және келісімшарт талаптарын өзгертуден бас тартады.
Құзыретті органның жер қойнауы учаскесін күрделі жобаларға жатқызу және келісімшарт талаптарын өзгерту туралы бас тартуы жер қойнауын пайдаланушыны барлау кезеңінің ішінде қайта өтініш беру құқығынан айырмайды.
9. Барлау кезеңі көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт тіркелген күннен бастап есептеледі.
10. Жер қойнауын пайдаланушы осы Кодексте белгіленген тәртіппен және шарттарда, барлаудың бүкіл учаскесін қайтару арқылы барлау кезеңін мерзімінен бұрын тоқтатуға құқылы.
11. Егер күрделі жоба бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлау кезеңі аяқталғанға дейін осы Кодекстің 119-бабы 8-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес өндіру кезеңіне өту туралы өтініш берілмесе және осы Кодекстің 119-бабының 18-4-тармағына сәйкес келісімшартқа толықтыру жасалмаса, келісімшарт мерзімінен бұрын тоқтатылады.»;
19) 117-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«117-бап. Күрделі жобаларға жатпайтын жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлау кезеңін ұзарту»;
1-тармақта:
бірінші бөлік «Егер» деген сөзден кейін «күрделі жобаларға жатпайтын жер қойнауы учаскесінде» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөлік алып тасталсын;
2-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Табылған кенжатынды (кенжатындар жиынтығын) сынап пайдалануды қоса алғанда, оны бағалау мақсатында күрделі жобаларға жатпайтын жер қойнауы учаскесі бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлау кезеңі әрбір табылған кенжатын (кенжатындар жиынтығы) бойынша жер қойнауын пайдаланушының өтінішімен үш жылға дейінгі мерзімге бір рет ұзартылуға жатады. Табылған кенжатынды (кенжатындар жиынтығын) бағалаудың нақты мерзімі барлау жұмыстарының жобасына толықтыру негізінде айқындалады.»;
үшінші бөліктегі «- тоғыз жылдан, ал теңіздегі жер қойнауы учаскесінде не көмірсутектерді барлаудың күрделі жобалары бойынша он бес жылдан» деген сөздер «тоғыз жылдан» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Табылған кенжатынды (кенжатындар жиынтығын) сынап пайдалануды жүргізу мақсатында күрделі жобаларға жатпайтын жер қойнауы учаскесі бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлау кезеңі осы Кодекстің 119-бабының 1-тармағында көрсетілген өндіру кезеңінің ең көп ұзақтығы тиісінше қысқартыла отырып, жер қойнауын пайдаланушының өтінішімен үш жылға дейінгі мерзімге бір рет ұзартылуға жатады. Сынап пайдаланудың нақты мерзімі сынап пайдалану жобасының негізінде айқындалады.
Бұл ретте мұндай ұзартуға жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған сынап пайдалану жобасында белгіленген табылған кенжатынның (кенжатындар жиынтығының) болжамды контурлары негізге алына отырып қалыптастырылған жер қойнауы учаскесі (учаскелері) бойынша ғана жол беріледі.
Осы тармаққа сәйкес барлау кезеңін (кезеңдерін) ұзарту нәтижелері бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлау кезеңінің (кезеңдерінің) ең көп ұзақтығы он екі жылдан аспауға тиіс.»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Барлау кезеңін ұзарту кезінде барлау учаскесінен осы Кодекстің 110-бабына сәйкес белгіленетін барлау учаскесінің кеңістіктік шекараларына кірмейтін блоктар алып тасталады.»;
5-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) күрделі жобаларға жатпайтын жер қойнауы учаскесі бойынша тиісті жобалау құжаттарының негізінде айқындалған, барлау кезеңін ұзартудың сұралатын мерзімі қамтылуға тиіс.»;
6-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Күрделі жобаларға жатпайтын келісімшарттар бойынша барлау кезеңін ұзарту туралы өтінішке:»;
11-тармақтағы «Көмірсутектерді» деген сөз «Күрделі жобаларға жатпайтын жер қойнауы учаскесі бойынша көмірсутектерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
20) 118-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі «Көмірсутектерді» деген сөз «Күрделі жобаларға жатпайтын жер қойнауы учаскесі бойынша көмірсутектерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
21) 119-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Күрделі жобаларға жатпайтын жер қойнауы учаскесі бойынша өндіру кезеңінің ең көп ұзақтығы - жиырма бес жылдан, ал ірі кен орындарында қырық бес жылдан аспайды.
Күрделі жобаларға жатпайтын жер қойнауы учаскесі бойынша өндіру кезеңінің ұзақтығы өндіруге арналған келісімшартты немесе барлауға және өндіруге арналған келісімшартқа өндіру кезеңін бекітуді көздейтін толықтыруды жасасу кезінде белгіленеді.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Күрделі жобаларға жататын жер қойнауы учаскесі бойынша өндіру кезеңі ірі кен орындары үшін қырық бес жылды және ірі кен орындарына жатпайтын кен орындары үшін жиырма бес жылды құрайды. Егер күрделі жоба бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған бір келісімшарт шеңберінде табылған кен орындарының бірде-біреуі осы Кодекстің 14-бабында көзделген ірі кен орнының өлшемшарттарына сәйкес келмесе, осындай келісімшартта белгіленген өндіру кезеңі күрделі жоба бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшартқа толықтыруға қол қою арқылы жиырма бес жыл деп белгіленеді.
Күрделі жоба бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша өндіру кезеңіне өту осы Кодекстің 110-бабының 2-тармағы бірінші бөлігінің 4) тармақшасына сәйкес жер қойнауы учаскесінің шекаралары белгіленетін келісімшартқа толықтыру жасасу арқылы жүзеге асырылады.»;
2-тармақтың бірінші бөлігіндегі «мерзімдер шегінде» деген сөздер «жағдайларда» деген сөзбен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «өндіру кезеңін бекітуді көздейтін» деген сөздер алып тасталсын;
5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Егер көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша осы Кодекстің 110-бабына сәйкес бірнеше өндіру учаскесі қалыптастырылса, өндіру кезеңі осындай әрбір учаске үшін жеке-жеке белгіленеді.»;
6-тармақтағы «Егер өндіру учаскесі (учаскелері) келісімшартта барлау кезеңі аяқталғанға дейін бекітілсе, онда» деген сөздер «Барлау кезеңі мен өндіру кезеңі бір мезгілде қолданылатын келісімшарттар бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Күрделі жобалар бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт бойынша осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген міндеттемелердің бірі жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшарт шеңберінде өндірілген көмірсутектерді экспорттау басталған күннен бастап күнтізбелік жиырма жыл өткеннен кейін қолданылады.»;
8-тармақта:
бірінші бөліктегі «өндіру учаскесін және өндіру» деген сөздер «күрделі жобаларға жатпайтын жер қойнауы учаскесі бойынша келісімшарт бойынша өндіру учаскесі мен» деген сөздермен ауыстырылып, екінші бөлік «органға» деген сөзден кейін «күрделі жобаларға жатпайтын жер қойнауы учаскесі бойынша келісімшарт бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Күрделі жобаларға жататын жер қойнауы учаскесі бойынша келісімшарт бойынша өндіру кезеңіне өту туралы өтініш барлау кезеңі өткенге дейін берілуге тиіс.»;
9-тармақтың бірінші абзацы «немесе» деген сөзден кейін «күрделі жобаларға жатпайтын жер қойнауы учаскесі бойынша келісімшарт бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
13-тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы «немесе» деген сөзден кейін «күрделі жобаларға жатпайтын жер қойнауы учаскесі бойынша келісімшарт бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
14-тармақ «өтініш иесімен» деген сөздерден кейін «күрделі жобаларға жатпайтын жер қойнауы учаскесі бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
16-тармақтың 1) тармақшасы «көздейтін» деген сөзден кейін «, күрделі жобаларға жатпайтын жер қойнауы учаскесі бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
18-тармақ «орган» деген сөзден кейін «күрделі жобаларға жатпайтын жер қойнауы учаскесі бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 18-1, 18-2, 18-3 және 18-4-тармақтармен толықтырылсын:
«18-1. Күрделі жобаларға жататын жер қойнауы учаскесі бойынша барлауға және өндіруге келісімшарт бойынша өндіру кезеңіне өту туралы өтініш құзыретті органға барлау кезеңі ішінде беріледі, онда мыналар қамтылуға тиіс:
1) жер қойнауын пайдаланушының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), атауы;
2) көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшартты тіркеу нөмірі мен күні;
3) өндіру учаскесіне (учаскелеріне) нұсқама.
Өтінішке жер қойнауын пайдаланушы қол қойған, өндіру учаскесінің (учаскелерінің) шекараларын белгілейтін келісімшартқа толықтыру жобасы және жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және жер қойнауы мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысын алған өндіру учаскесіндегі (учаскелеріндегі) геологиялық қорларды есептеу жөніндегі есептің көшірмесі қоса беріледі. Егер кен орны ірі кен орындары санатына жатпаса, толықтыру жобасында ұзақтығы жиырма бес жыл болатын өндіру кезеңінің белгіленуі де көзделуге тиіс.
18-2. Егер өтініш осы баптың 18-1-тармағына сәйкес, барлау нәтижелері бойынша оның күрделі жобаның қандай да бір өлшемшарттарына сәйкестігі туралы растау алынбаған жер қойнауы учаскесі (учаскелері) бойынша берілсе, өндіру кезеңіне жататын келісімшарт талаптары осы Кодекстің 36-бабы 1-1-тармағының 4) тармақшасына және 2-тармағына сәйкес белгіленетін өндіруге арналған үлгілік келісімшарт талаптарына сәйкес келтірілуге тиіс, ал күрделі жобаға жатпайтын өндіру учаскесі бөліп шығарылған жағдайда, мұндай учаскеге қатысты осы Кодекстің 36-бабы 1-1-тармағының 4) тармақшасына және 2-тармағына сәйкес айқындалған шарттарда өндіруге арналған келісімшарт жасалады.
18-3. Егер өндіру кезеңіне өту туралы өтініш барлау нәтижелері бойынша оның күрделі жобаның өлшемшарттарына сәйкестігі туралы растау алынған жер қойнауы учаскесіне қатысты, осы Кодекстің 36-бабы 1-1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген үлгілік келісімшарт нысаны бойынша жасалған барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша берілсе, өндіру кезеңіне жататын осындай келісімшарттың талаптары осы Кодекстің 36-бабы 1-1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес белгіленетін шарттарға сәйкес келтірілуге жатады, ал күрделі жоба болып табылатын өндіру учаскесі бөліп шығарылған жағдайларда, мұндай жер қойнауы учаскесіне қатысты осы Кодекстің 36-бабы 1-1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес айқындалған шарттарда өндіруге арналған келісімшарт жасалады.
18-4. Осы баптың 18-1, 18-2 және 18-3-тармақтарына сәйкес берілетін өндіру кезеңіне өту туралы өтініш құзыретті органға келіп түскен күнінен бастап жиырма жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Құзыретті орган өтінішті қарау нәтижелері бойынша осы баптың 18-2 және 18-3-тармақтарының ережелерін ескере отырып, тиісті жер қойнауы учаскесіне қатысты келісімшартқа толықтыруға қол қояды немесе өтініш осы Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, күрделі жобаларға жататын жер қойнауы учаскесі бойынша келісімшарт бойынша өндіру кезеңіне өтуден бас тартады.
Құзыретті органның өндіру кезеңіне өтуден бас тартуы жер қойнауын пайдаланушыны барлау кезеңі ішінде қайта өтініш беру құқығынан айырмайды.»;
22) 121-баптың 16-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың ережелері күрделі жобалар бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарттарға қолданылмайды.»;
23) 123-бапта:
6-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) ашық кенжатынның (кенжатындар жиынтығының) орналасқан жеріне және болжамды контурларына нұсқама қамтылуға тиіс.»;
мынадай мазмұндағы 15-тармақпен толықтырылсын:
«15. Күрделі жоба бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт жасалған күннен бастап үш жыл ішінде және жер қойнауын пайдаланушының осындай келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдаланушы орындаған сейсмикалық жұмыстардың және (немесе) бұрғылау жұмыстарының нәтижелері бойынша геологиялық ақпаратты алуы шартымен жер қойнауын пайдаланушы көрсетілген жұмыстардың кез келген түрі аяқталғаннан кейін жер қойнауының бүкіл учаскесін (учаскелерін) қайтаруға және кейінгі бұрғылау жұмыстарын және олармен байланысты өзге де жұмыстарды қоса алғанда, жұмыстар бағдарламасында көрсетілген жұмыстардың келесі түрін (түрлерін) орындаудан осындай қайтару кезінде жүргізілген барлау жұмыстарының нәтижелері бойынша жер қойнауын пайдаланушы алған геологиялық ақпарат негізінде бас тартуға құқылы. Осындай қайтару жағдайында жер қойнауын пайдаланушы осы Кодексте көзделген, көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттемелерді қоспағанда, осындай жұмыстар бағдарламасы бойынша жұмыстардың орындалуын тоқтатуға және (немесе) осындай келісімшартты мерзімінен бұрын тоқтатуға байланысты қандай да бір тұрақсыздық айыбын төлеуді қоса алғанда, қандай да бір міндеттемелерді алмайды.»;