Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкiмшiлiк қадағалау туралы
Қазақстан Республикасының 1996 ж. 15 шiлдедегi № 28-I Заңы
(2022.02.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2023 жылғы 19 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
I тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Әкiмшiлiк қадағалаудың мазмұны, ұғымы және мақсаттары
2-бап. Өздерiне әкiмшiлiк қадағалау орнатылатын адамдар
3-бап. Әкiмшiлiк қадағалау орнатудың негiздемелерi
II тарау. Әкiмшiлiк қадағалау орнату, оны жүзеге асыру және тоқтату тәртiбi
4-бап. Әкiмшiлiк қадағалау орнату мерзiмi мен орны
5-бап. Әкiмшiлiк қадағалау орнату тәртiбi
6-бап. Әкiмшiлiк қадағалаудың қолданылу мерзiмi
7-бап. Қадағалауға алынған адамдарға қатысты қолданылатын шектеулер
8-бап. Қадағалауға алынған адамға белгiленген шектеулердi өзгерту
9-бап. Еңбекпен қылмыстық-атқару жүйесі мекемесі әкiмшiлiгiнiң қадағалауға алынған адамның тұрғылықты жерi бойынша әкiмшiлiк қадағалау орнату туралы қаулыны жiберу тәртiбi
10-бап. Әкімшілік қадағалауды белгілеу, ұзарту немесе шектеулерді өзгерту туралы қаулыны қадағалауға алынған адамға хабарлау
11-бап. Әкiмшiлiк қадағалаудағы адамдарды есепке алу
12-бап. Әкiмшiлiк қадағалауды жүзеге асырушы лауазымды адамдардың мiндеттерi
13-бап. Әкiмшiлiк қадағалауды жүзеге асырушы iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң құқықтары
14-бап. Әкiмшiлiк қадағалауды тоқтату негiздемелерi
15-бап. Әкімшілік қадағалауды тоқтату тәртібі
III тарау. Әкiмшiлiк қадағалауда жүрген адамдардың мiндеттерi мен құқықтары және қадағалау ережелерiн бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
16-бап. Әкiмшiлiк қадағалауда жүрген адамдардың мiндеттерi
17-бап. Әкiмшiлiк қадағалауда жүрген адамдардың құқықтары
18-бап. Әкiмшiлiк қадағалауды бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
IV тарау. Заңдылықты қадағалау
19-бап. Әкiмшiлiк қадағалауды жүзеге асыру кезiнде заңдылықтың қамтамасыз етiлуiн қадағалау
20-бап. Әкiмшiлiк қадағалаудың күшiн жою немесе оны өзгерту
ҚР 30.10.02 ж. № 350-II Заңымен осы Заңның бүкіл мәтіні бойынша «еңбекпен түзеу мекемелерінің», «еңбекпен түзеу мекемесінен», «еңбекпен түзеу мекемесі», «еңбекпен түзеу мекемесінің» деген сөздер «түзеу мекемелерінің», «түзеу мекемесінен», «түзеу мекемесі», «түзеу мекемесінің» деген сөздермен ауыстырылды; 2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «түзеу мекемелерінің», «түзеу мекемесінен», «түзеу мекемесі», «түзеу мекемесінің» деген сөздер тиісінше «қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің», «қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінен», «қылмыстық-атқару жүйесі мекемесі», «қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің» деген сөздермен ауыстырылды, «а» және «б» тармақшаларында аталған», «в» тармақшасында аталған» деген сөздер тиісінше «а) және б) тармақшаларында аталған», «в) тармақшасында аталған» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Осы Заң бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын әкiмшiлiк қадағалаудың мазмұнын айқындайды және оны қолдану кезiндегi заңдылықтың құқықтық кепiлдiктерiнiң жүйесiн баянды етедi.
I тарау
Жалпы ережелер
1-бап. Әкiмшiлiк қадағалаудың мазмұны, ұғымы және мақсаттары
Әкiмшiлiк қадағалау кәнiгi қылмыстың алдын алу нысаны болып табылады, заңдылықты, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепiлдiктерiн сақтау негiзiнде iске асырылады және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдардың тарапынан құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында заңдармен белгiлi бiр шектеулер қойылған осындай адамдардың мiнез-құлқын байқау түрiндегi мәжбүр ету шарасы ретiнде судьяның қаулысы негiзiнде iшкi iстер органдары жүзеге асырады.
ҚР 30.10.02 ж. № 350-II ( бұр. ред. қара); 2005.08.07 № 67-III; 2007.26.03. № 240-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен; 2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2016.09.04. № 501-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 2-бап өзгертілді; 2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен 2-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.12.07. № 180-VІ Заңымен (бұр.ред.қара) 2-бап өзгертілді
2-бап. Әкімшілік қадағалау белгіленген адамдар
Әкімшілік қадағалау жазасын өтеген адамдарға:
а) қауіпті қайталануы кезінде жасалған қылмыстары, сол сияқты террористік немесе экстремистік қылмыстары, кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстары үшін;
б) ауыр және (немесе) аса ауыр қылмыстары үшін немесе қасақана қылмыстары үшін бас бостандығынан айыруға екі және одан да көп рет сотты болғандарға және жаза мерзімі аяқталған кезде дәрежесі үшінші теріс мінез-құлықты сотталғандарға;
в) егер жазаны өтегеннен кейін ішкі істер органдарының ескертулеріне қарамастан қоғамдық тәртіпті, адамның және азаматтың құқықтары мен заңды мүдделерін үнемі бұзса, өзге де құқық бұзушылықтар жасаса, ауыр және (немесе) аса ауыр қылмыстары үшін немесе қасақана қылмыстары үшін бас бостандығынан айыруға екі және одан да көп рет сотты болғандарға белгіленеді.
2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен 3-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
3-бап. Әкiмшiлiк қадағалау орнатудың негiздемелерi
Әкiмшiлiк қадағалау орнатуға:
а) осы Заңның 2-бабының а) тармақшасында аталған адамдарға қатысты заң күшiне енген сот үкімі;
б) осы Заңның 2-бабының б) тармақшасында аталған адамдарға қатысты қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің материалдары;
в) осы Заңның 2-бабының в) тармақшасында аталған адамдарға қатысты iшкi iстер органдарының материалдары негiздемелер болып табылады.
II тарау
Әкiмшiлiк қадағалау орнату, оны жүзеге асыру және тоқтату тәртібі
2018.12.07. № 180-VІ Заңымен 4-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
4-бап. Әкiмшiлiк қадағалау орнату мерзiмi мен орны
Әкiмшiлiк қадағалау:
а) осы Заңның 2-бабының а) және б) тармақшаларында аталған адамдарға - қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінен босатылған кезде;
б) осы Заңның 2-бабының в) тармақшасында аталған адамдарға - Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 79-бабына сәйкес соттылық мерзімі өтелгенге дейін тұрғылықты жері бойынша белгіленеді.
ҚР 30.10.02 ж. № 350-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.07.12. № 222-IV ҚР Заңымен (бұр. ред.қара); 2015.02.11. № 388-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.12.07. № 180-VІ Заңымен (бұр.ред.қара) 5-бап өзгертілді
5-бап. Әкiмшiлiк қадағалау орнату тәртібі
Әкiмшiлiк қадағалауды:
Заңның 2-бабының а) және б) тармақшаларында аталған адамдарға қылмыстық-атқару жүйесі мекемесі бастығының дәлелді ұсынуы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі мекемесі орналасқан жердегi аудандық (қалалық) соттың судьясы жеке өзi сот мәжілісiнде;
осы Заңның 2-бабының в) тармақшасында аталған адамдарға - ішкі істер органы бастығының уәжді ұсынуы бойынша, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамның тұрғылықты жеріндегі аудандық (қалалық) соттың судьясы жеке өзі сот отырысында белгілейді.
Ұсыныспен бiрге сотқа үкiмнiң көшiрмесi және тиiстi адамға әкiмшiлiк қадағалау орнату қажеттiгiн дәлелдейтiн материалдар жiберiледi.
Сот мәжілісiне өзiне қатысты әкiмшiлiк қадағалау орнату туралы ұсыныс енгiзiлген адам, ал өтiнiш бойынша - қорғаушы да, сондай-ақ бастығы ұсыныс енгiзген органның немесе мекеменің өкiлi шақырылады.
Мәселенi қарау ұсыныстың және сонымен бiрге келiп түскен материалдардың мазмұны туралы баяндамадан басталады, содан соң сот мәжілісiне келген адамдардың түсiнiктемелерi тыңдалады.
Iс қаралып болғаннан кейiн судья шешiм қабылдау үшiн кеңесу бөлмесiне шығады, содан соң мәжіліс залына қайта оралып, қаулыны жария етедi.
Cот қаулысы өзіне қатысты әкімшілік қадағалау белгіленген адамның тұрғылықты жеріндегі аудандық (қалалық) ішкі істер органының бастығына, ал осы Заңның 2-бабының а) және б) тармақшаларында көзделген жағдайларда, қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің бастығына орындау үшін жіберіледі.
2009.07.12. № 222-IV ҚР Заңымен (бұр. ред.қара); 2016.09.04. № 501-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2020.30.12. № 393-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 6-бап өзгертілді
6-бап. Әкiмшiлiк қадағалаудың қолданылу мерзiмi
Әкімшілік қадағалау алты айдан үш жылға дейінгі мерзімге, ал кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшiн жазасын өтеген адамдарға қатысты - Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 79-бабына сәйкес сотталғандық мерзімі өтелгенге дейін белгіленеді.
Қадағалауға алынған адам әкiмшiлiк қадағалау қағидаларын немесе өзiне жарияланған шектеулердi бұзған, сол сияқты құқық бұзушылықтар жасаған жағдайларда, белгіленген әкімшілік қадағалау мерзiмi iшкi iстер органдарының уәжді ұсынуы бойынша судьяның қаулысымен - әрбір кезде алты айға ұзартылады, бiрақ ол екi жылдан аспауға тиiс, ал кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарға қатысты әрбір кезде бір жылға ұзартылады.
2016.09.04. № 501-V ҚР Заңымен 7-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7-бап. Әкімшілік қадағалау белгіленген адамдарға қатысты қолданылатын шектеулер
Әкімшілік қадағалау белгіленген адамдарға қатысты өмір сүру салтына, отбасындағы және тұрғылықты жеріндегі мінез-құлқына, қадағалауға алынған адамның жеке басын сипаттайтын басқа да мән-жайларға қарай мынадай:
а) ішкі істер органдары айқындаған уақытта тұрғынжайдан кетуге;
б) ішкі істер органдары айқындаған аудан (қала) жерлерінде болуға;
в) қадағалауды жүзеге асыратын ішкі істер органдарының рұқсатынсыз аудан (қала) шегінен тыс жерлерге шығуға;
г) кәмелетке толмағандардың ата-аналарының не заңды өкілдерінің келісімінсіз оларды іздестіруге, оларға баруға, олармен телефон арқылы сөйлесуге және өзге де тәсілмен қарым-қатынас жасауға;
д) алкогольдік ішімдік ішуге, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды қолдануға тыйым салу түріндегі шектеулер толық көлемде немесе жеке-жеке қолданылуы мүмкін.
2009.07.12. № 222-IV ҚР Заңымен 8-бап өзгертілді (бұр. ред.қара)
8-бап. Қадағалауға алынған адамға белгiленген шектеулердi өзгерту
Шектеулер тiзбесiн судья iшкi iстер органының дәлелді ұсынысы бойынша қадағалауға алынған адамның тұрмыс салты мен мiнез-құлқын ескере отырып, бiрақ осы Заңның 7-бабында көзделген шектеулер шегiнде қысқартуы немесе толықтыруы мүмкiн.
ҚР 30.10.02 ж. № 350-II Заңымен 9-бап өзгертілді (бұрынғы ред. қара); 2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9-бап. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемесі әкімшілігінің әкімшілік қадағалау белгілеу туралы қаулыны жіберу тәртібі
Әкімшілік қадағалау белгіленген адамды қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінен босатар алдында мекеме әкімшілігі оның таңдаған тұрғылықты жеріндегі ішкі істер органына сот қаулысын, оған мінездеме беретін материалдар мен оның келетін уақыты туралы хабарлама жібереді.
2015.02.11. № 388-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 10-бап жаңа редакцияда; 2018.12.07. № 180-VІ Заңымен 10-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
10-бап. Әкімшілік қадағалауды белгілеу, мерзімін ұзарту немесе шектеулерді өзгерту туралы сот қаулысын қадағалауға алынған адамға жариялау
Әкімшілік қадағалауды белгілеу, оның мерзімін ұзарту немесе шектеулерін өзгерту туралы сот қаулысын қадағалауға алынған адамға - қолын қойғыза отырып, ішкі істер органының бастығы, ал қылмыстық-атқару жүйесі мекемесіндегі адамға мекеме бастығы жариялайды. Бұл ретте қадағалауға алынған адамға - оның міндеттері, әкімшілік қадағалау қағидаларын бұзғаны үшін жауаптылығы, ал әкімшілік қадағалау қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінен босатылар алдында белгіленген адамға таңдаған тұрғылықты жеріне белгілі бір мерзімде келмегені үшін жауаптылығы түсіндіріледі.
Әкімшілік қадағалау белгіленген адам таңдаған тұрғылықты жеріне келмеген жағдайда, ішкі істер органы оның орналасқан жерін және оның келмеу себептерін анықтау жөніндегі бастапқы іс-шараларды жүргізеді.
Әкімшілік қадағалау белгіленген адамның тұратын жері анықталмаған жағдайда, ішкі істер органы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастайды, оған бұлтартпау шарасын таңдай отырып, іздестіру жариялайды.
11-бап. Әкiмшiлiк қадағалаудағы адамдарды есепке алу
Әкiмшiлiк қадағалаудағы адамдарды есепке алу Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.
2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен 12-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 12-бап өзгертілді (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12-бап. Әкімшілік қадағалауды жүзеге асыратын ішкі істер органдары қызметкерлерінің міндеттері
Iшкі істер органдарының қызметкерлері әкімшілік қадағалауды жүзеге асыру кезінде:
а) әкімшілік қадағалау белгіленген адамды есепке алғаннан кейін оған әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету үшін оның жергілікті атқарушы органдарға келуін қамтамасыз етуге және әкімшілік қадағалау белгілеу туралы сот қаулысының көшірмесін олардың атына жіберуге;
б) әкімшілік қадағалау белгіленген адамның тұрғылықты жері мен жұмыс орны бойынша оның мінез-құлқын жүйелі түрде байқауға;
в) әкімшілік қадағалау белгіленген адамның қоғамдық тәртіпті, адам және азаматтың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзуының алдын алуға және жолын кесуге;
г) әкімшілік қадағалау қағидаларын бұзушылық туралы белгіленген тәртіппен хаттамалар жасауға және оларды қарау үшін сотқа жіберуге міндетті.
2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен 13-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
13-бап. Әкiмшiлiк қадағалауды жүзеге асырушы iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң құқықтары
Әкiмшiлiк қадағалауды жүзеге асыру кезiнде iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң:
а) қадағалауға алынған адамның жұмыс орны мен тұрғылықты жерi бойынша, меншiк нысандарына қарамастан, ұйымдардың әкiмшiлiгiнен, сондай-ақ азаматтардан оның мiнез-құлқы туралы мәлiметтер сұратуға және алуға;
б) қадағалауға алынған адамды iшкi iстер органына әңгiмелесуге шақыруға, әңгiмелесудi оның туған-туыстары келісім берген жағдайда солардың қатысуымен өткiзуге;
в) әкiмшiлiк қадағалау ережелерiн орындауға байланысты мәселелер бойынша қадағалауға алынған адамнан ауызша және жазбаша түсiнiктемелер талап етуге;
г) қадағалауға алынған адамның мiнез-құлқын және белгiленген шектеулердi сақтауын байқау мақсатында оның үй-жайына тәулiктiң кез келген уақытында баруға құқығы бар. Бұл ретте Заңмен белгiленген жағдайлар мен тәртiптен өзгеше тексеру, тiнту жүргiзуге жол берiлмейдi;
д) тиісті әкімшілік қадағалауды жүзеге асыру және әкімшілік қадағалау белгіленген адамның тұрған жері туралы ақпарат алу үшін, тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын электрондық бақылау құралдарын пайдалануға құқығы бар. Электрондық бақылау құралдарын қолдану тәртібін және ішкі істер органдарының әкімшілік қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі қызметін ұйымдастыруды Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі айқындайды.
2009.07.12. № 222-IV ҚР Заңымен (бұр. ред.қара); 2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен (бұр. ред.қара) 14-бап өзгертілді
14-бап. Әкiмшiлiк қадағалауды тоқтату негiздемелерi
Әкiмшiлiк қадағалау:
а) егер әкiмшiлiк қадағалау орнатылған мерзiмдi ұзарту үшiн негiздемелер болмаса, сол мерзiм өткен соң;
б) егер қадағалауға алынған адамның түзелу жолына бет бұрғаны анықталса, тұрғылықты жерi немесе еңбек қызметi бойынша жақсы мiнездеме берiлсе, мерзiмiнен бұрын;
в) қадағалауға алынған адамның соттылығы өтелген немесе алынып тасталған жағдайда;
г) қадағалауға алынған адамның психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жiберiлуiне байланысты;
д) қадағалауға алынған адамның бас бостандығынан айыруға сотталуына байланысты;
е) қадағалауға алынған адамның қайтыс болуына байланысты тоқтатылады.
2015.02.11. № 388-V ҚР Заңымен 15-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.12.07. № 180-VІ Заңымен (бұр.ред.қара) 15-бап өзгертілді
15-бап. Әкімшілік қадағалауды тоқтату тәртібі
Осы Заңның 14-бабының а), в), г), д) және е) тармақшаларында көзделген жағдайларда, ішкі істер органының әкімшілік қадағалауды жүзеге асыратын қызметкері әкімшілік қадағалауды тоқтату туралы қаулы шығарады, оны ішкі істер органының бастығы бекітеді.
Осы Заңның 14-бабының б) тармақшасында көзделген жағдайда, ішкі істер органының бастығы сотқа әкімшілік қадағалауды мерзімінен бұрын тоқтату туралы уәжді ұсыну жібереді, ол он күндік мерзімде қаралуға жатады.
Судьяның немесе iшкi iстер органының әкiмшiлiк қадағалауды тоқтату туралы қаулысы қадағалауға алынған адамға қолын қойғыза отырып хабарланады.
III тарау
Әкiмшiлiк қадағалауда жүрген адамдардың мiндеттерi мен құқықтары және қадағалау ережелерiн бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен 16-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
16-бап. Әкiмшiлiк қадағалауда жүрген адамдардың мiндеттерi
Әкiмшiлiк қадағалауда жүрген адамдар:
а) өзiне қатысты белгiленген, осы Заңның 7-бабында көзделген шектеулердi сақтауға;
б) шақыру бойынша iшкi iстер органдарына көрсетiлген мерзiмде келуге, әкiмшiлiк қадағалау ережелерiн орындауға байланысты мәселелер бойынша ауызша және жазбаша түсiнiктемелер беруге;
в) әкiмшiлiк қадағалауды жүзеге асырушы iшкi iстер органының қызметкерлерiн жұмыс орны мен тұрғылықты жерi өзгергенi туралы, сондай-ақ қызмет бабындағы және жеке iстерi бойынша аудан (қала) шегiнен тысқары кететiнi туралы бiр тәулiк iшiнде хабардар етуге;
г) iшкi iстер органының рұқсатымен басқа елдi мекенге барып, онда бiр тәулiктен астам уақыт болған кезде өзiнiң мiнез-құлқын бақылауды жүзеге асыру үшiн жергiлiктi iшкi iстер органына тіркелуге;
д) әкімшілік қадағалау мерзімі аяқталғанға дейін Қазақстан Республикасының аумағынан кетпеуге міндетті.
17-бап. Әкiмшiлiк қадағалауда жүрген адамдардың құқықтары
Әкiмшiлiк қадағалауда жүрген адамның:
а) сотта әкiмшiлiк қадағалау белгiленуi және шектеулер қолданылуы туралы iс материалдарымен танысуға;
б) түсiнiктемелер беруге дәлелдемелер табыс етуге;
в) әкiмшiлiк қадағалауды мерзiмiнен бұрын тоқтату, өзiне қатысты белгiленген шектеулердi алып тастау, тұрғылықты тұратын жерiнен қысқа мерзiмге кететiнi туралы өтiнiш беруге;
г) iшкi iстер органында әкiмшiлiк қадағалауды тоқтату туралы қаулымен танысуға құқығы бар.
ҚР 30.10.02 ж. № 350-II Заңымен (бұрынғы ред. қара) 18-бап өзгертілді
18-бап. Әкiмшiлiк қадағалауды бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
Әкімшілік қадағалаудағы адам қадағалау ережелерiн немесе өзiне қатысты белгiленген шектеулердi бұзған жағдайда Қазақстан Республикасы заңымен белгiленген тәртiп бойынша жауапқа тартылады.
IV тарау
Заңдылықты қадағалау
19-бап. Әкiмшiлiк қадағалауды жүзеге асыру кезiнде заңдылықтың қамтамасыз етiлуiн қадағалау
Заңдылықтың қамтамасыз етiлуiн қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас прокуроры және оған бағынышты прокурорлар жүзеге асырады.
ҚР 30.10.02 ж. № 350-II Заңымен (бұрынғы ред. қара) 20-бап өзгертілді
20-бап. Әкiмшiлiк қадағалаудың күшiн жою немесе оны өзгерту
Судьяның әкiмшiлiк қадағалау орнату туралы қаулысын Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен прокурордың наразылығы бойынша немесе тiкелей жоғары тұрған сот жоюы немесе өзгертуi мүмкiн.
Қазақстан Республикасының