63-3) қосалқы зат - фармацевтикалық субстанцияларды (активті фармацевтикалық субстанцияларды) қоспағанда, дәрілік препаратқа қажетті қасиеттер беру үшін оның құрамына кіретін зат;»;
«68-4) медициналық бұйымдардың айналысы - медициналық бұйымдардың тәжірибелік үлгілерін жобалау, әзірлеу, жасау, оларды техникалық жағынан сынау, олардың биологиялық әсерін бағалауға зерттеулер (сынаулар), медициналық бұйымдарға клиникалық зерттеулер жүргізу, олардың қауіпсіздігіне, сапасына және тиімділігіне сараптама жүргізу, медициналық бұйымдарды тіркеу, өндіру (дайындау), сақтау, тасымалдау, өткізу, монтаждау, баптау, қолдану (пайдалану), оларға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және кәдеге жарату;
68-5) медициналық бұйымдардың биологиялық әсерін бағалауды зерттеулер (сынаулар) - медициналық бұйымдардың қауіпсіздігі мен тиімділігінің жалпы талаптарына, олардың таңбалануына және оларға арналған пайдалану құжаттамасына қойылатын талаптарға медициналық бұйымдардың сәйкестігін айқындау мақсатында жүргізілетін зерттеулер (сынаулар);
68-6) медициналық бұйымдардың жаһандық номенклатурасы (GMDN) - медициналық бұйымдарды сәйкестендіру мақсатында қолданылатын, медициналық бұйымдар түрлерінің жүйеленген номенклатуралық сыныптауышы;
68-7) медициналық бұйымдардың қауіпсіздігін, сапасы мен тиімділігін мониторингтеу - қолайсыз оқиғалар (оқыс оқиғалар) туралы ақпаратты жинау, тіркеу, талдау;
68-8) медициналық бұйымдардың түрі - Қазақстан Республикасының медициналық бұйымдар номенклатурасында мақсаты ұқсас, қолдану технологиялары бірдей, конструкциялық белгілері және ортақ цифрлық белгілемесі бар медициналық бұйымдар тобы;
68-9) медициналық бұйымды өндіруші - медициналық бұйымды әзірлеуге және дайындауға жауапты, оны осы тұлға немесе оның атынан басқа тұлға (тұлғалар) әзірлегеніне және (немесе) дайындағанына қарамастан, оны өз атынан пайдалану үшін қолжетімді ететін және оның қауіпсіздігі, сапасы мен тиімділігі үшін жауаптылықта болатын, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъект;
68-10) медициналық бұйымның қауіпсіздігі - медициналық бұйымды пайдалану кезінде адамның өміріне, денсаулығына, сондай-ақ қоршаған ортаға зиян келтірумен байланысты жол берілмейтін қатердің болмауы;
68-11) медициналық бұйымның сапасы - медициналық бұйымның қасиеттері мен сипаттамалары жиынтығының оны пайдалануға арналған мақсаттарға сәйкестік дәрежесі;
68-12) медициналық бұйымның саудалық атауы - медициналық бұйымның тіркелетін аты;
68-13) медициналық бұйымның тиімділігі - медициналық бұйымды өндіруші белгілеген мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін және оны пайдалану практикасымен расталған, медициналық бұйымның қасиеттері мен сипаттамаларының жиынтығы;»;
75) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«75) медициналық бұйымдар - медициналық мақсаттарда жеке немесе өзара ұштастырылып, сондай-ақ арнайы бағдарламалық қамтылымды қоса алғанда, көрсетілген бұйымдарды мақсаты бойынша қолдану үшін қажетті керек-жарақтармен бірге қолданылатын, аурулардың профилактикасы, диагностикасы, оларды емдеу, медициналық оңалту және адам организмінің жай-күйін мониторингтеу, медициналық зерттеулер жүргізу, организмнің анатомиялық құрылымын немесе физиологиялық функцияларын қалпына келтіру, алмастыру, өзгерту, жүктілікті болғызбау немесе үзу үшін медициналық бұйымды өндіруші арнап шығарған және функционалдық мақсаты адам организміне фармакологиялық, иммунологиялық, генетикалық немесе метаболизмдік әсер ету жолымен іске асырылмайтын және дәрілік заттарды қолдану арқылы сүйемелденуі мүмкін кез келген құралдар, аппараттар, аспаптар, жабдық, материалдар және басқа да бұйымдар;»;
78) және 78-1) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 80-2) тармақшамен толықтырылсын:
«80-2) мемлекеттік фармацевтикалық инспектор - уәкілетті органның Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алуға, оларды анықтауға, жолын кесуге бағытталған, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамы;»;
83) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«83) орфандық (сирек кездесетін) дәрілік препарат - жиілігі Қазақстан Республикасында ресми айқындалған деңгейден аспайтын, орфандық (сирек кездесетін) ауруларды диагностикалауға, этиопатогенетикалық немесе патогенетикалық емдеуге арналған дәрілік препарат;»;
мынадай мазмұндағы 84-4), 84-5), 90-3), 90-4) және 95-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«84-4) өндірушінің уәкілетті тұлғасы - Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес өндіруші өндірген дәрілік заттардың сапасын қамтамасыз етуге және бақылауға жауап беретін және дәрілік заттарды өндірушілердің уәкілетті тұлғаларының тізіліміне енген тұлға;
84-5) өндірістік алаң - дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды өндірушінің дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды өндірудің бүкіл процесін немесе оның белгілі бір сатыларын орындауға арналған, аумақтық жағынан оқшауланған кешені;»;
«90-3) радиофармацевтикалық дәрілік препарат - әсер етуші зат ретінде немесе әсер етуші заттың құрамында, қолдануға дайын күйінде бір немесе бірнеше радионуклидті (радиоактивті изотоптарды) қамтитын дәрілік препарат;
90-4) референттік дәрілік препарат - салыстыру препараты ретінде пайдаланылатын және дәрілік препараттың қасиеттері сол бойынша айқындалатын (нормаланатын) эталон болып табылатын дәрілік препарат;»;
«95-3) стандартты үлгі - өзінің қасиеттері зерттелетін дәрілік заттың қасиеттерімен салыстырылатын химиялық, физикалық және биологиялық зерттеулерде пайдалануға арналған және тиісінше қолдану үшін жеткілікті тазалық дәрежесіне ие сәйкестендірілген біртекті зат немесе заттардың қоспасы;»;
99-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«99-2) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттың немесе медициналық бұйымның саудалық атауына арналған шекті баға - тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде одан жоғары бағамен сатып алуды жүргізуге болмайтын, дәрілік заттың немесе медициналық бұйымның саудалық атауына арналған баға;»;
мынадай мазмұндағы 99-4) және 104-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«99-4) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттың халықаралық патенттелмеген атауына немесе медициналық бұйымның техникалық сипаттамасына арналған шекті баға - тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде одан жоғары бағамен сатып алуды жүргізуге болмайтын, дәрілік заттың халықаралық патенттелмеген атауына немесе медициналық бұйымның техникалық сипаттамасына арналған баға;»;
«104-2) тиісті фармацевтикалық практикалар жөніндегі фармацевтикалық инспектор - тиісті фармацевтикалық практикалар жөніндегі фармацевтикалық инспекцияны жүргізу жөніндегі функцияларды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген және уәкілетті орган айқындайтын тәртіпке сәйкес Қазақстан Республикасы фармацевтикалық инспекторларының тізіліміне енгізілген адам;»;
105-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«105-1) тиісті фармацевтикалық практикалар жөніндегі фармацевтикалық инспекция (бұдан әрі - фармацевтикалық инспекция) - дәрілік заттардың айналысы саласындағы объектіні Қазақстан Республикасының және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың тиісті фармацевтикалық практикалары талаптарына оның сәйкестігін айқындау мақсатында бағалау;»;
109-2) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 110-1), 110-2), 110-3) және 110-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«110-1) фармакологиялық қадағалау - дәрілік препараттарды қолданудың жағымсыз салдарын анықтауға, талдауға, бағалауға және болғызбауға бағытталған қызмет түрі;
110-2) фармакологиялық қадағалау жүйесі - фармакологиялық қадағалау жөніндегі тапсырмалар мен міндеттерді орындау үшін дәрілік препараттардың тіркеу куәліктерін ұстаушылар мен уәкілетті орган ұйымдастыратын, дәрілік препараттардың қауіпсіздігін бақылауға, дәрілік препараттардың «пайда-қатер» арақатынасын бағалауда барлық өзгерістерді уақтылы анықтауға, пайдасы қатерінен асып кеткен кезде дәрілік препараттардың қолданылуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзірлеуге және ендіруге арналған жүйе;
110-3) фармацевтикалық субстанция (активті фармацевтикалық субстанция) - дәрілік препараттарды өндіруге және дайындауға арналған дәрілік зат;
110-4) формулярлық жүйе - дәрілік заттарды ұтымды пайдалануға бағытталған, дәрілік формулярлар үшін дәрілік заттарды кезең-кезеңмен бағалау және іріктеу, дәрілік формулярларды қолдау және тиісті нұсқау мен тізбе түрінде ақпарат беру жүйесі;»;
111-2) және 112) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«111-2) фармацевтикалық көрсетілетін қызмет - тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алуды, тасымалдауды, сақтауды, есепке алу мен өткізуді қоса алғанда, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілердің халықты амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етумен байланысты қызметі;
112) фармацевтикалық қызмет - дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндіру, дайындау, көтерме және бөлшек саудада өткізу бойынша денсаулық сақтау саласында жүзеге асырылатын, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алумен (иеленумен), сақтаумен, әкелумен, әкетумен, тасымалдаумен, сапасын бақылаумен, ресімдеумен, бөлумен, пайдаланумен және жоюмен, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін, сапасы мен тиімділігін қамтамасыз етумен байланысты қызмет;»;
мынадай мазмұндағы 123) тармақшамен толықтырылсын:
«123) in vitro диагностикасына арналған медициналық бұйымдар - медициналық мақсаттарда жеке немесе өзара ұштастырылып, сондай-ақ арнайы бағдарламалық қамтылымды қоса алғанда, көрсетілген бұйымдарды мақсаты бойынша қолдану үшін қажетті керек-жарақтармен бірге қолданылатын және физиологиялық немесе патологиялық жай-күйге, туа біткен патологияға, белгілі бір клиникалық жай-күйге немесе ауруға деген бейімділікке, тіндердің ықтимал реципиентпен үйлесімділігіне, терапиялық әсерлерге реакцияларды болжауға, терапиялық заттарды таңдауға және (немесе) емді бақылауға қатысты ақпарат алу үшін адамның биологиялық материалдарының үлгілерін in vitro зерттеулері кезінде қолдану үшін медициналық бұйымды өндіруші арнап шығарған кез келген құралдар, аппараттар, аспаптар, жабдық, материалдар, реагенттер, калибраторлар, бақылау материалдары және басқа да бұйымдар.»;
3) 2-баптың 2-тармағында:
2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемi шеңберiнде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу;
3) тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемi шеңберiнде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу;»;
4) тармақша алып тасталсын;
5) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«5) дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және олардың тіркеу дерекнамасына өзгерістер енгізу және олардың қауіпсіздігі мен сапасын бағалау кезінде сараптаманы жүзеге асыру үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу;»;
«7) тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемi шеңберiнде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды есепке алу және өткізу бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу бөлігінде қолданылмайды.»;
4) 4-баптың 18) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«18) қауіпсіз, сапалы және тиімді дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың қолжетімділігін және олардың ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз ету қағидаттары негізінде жүргізіледі.»;
5) 5-баптың 2-тармағында:
2-1), 5), 6) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1) адамның ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) және (немесе) тіндерін, қан мен оның компоненттерін Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкетуді лицензиялау;»;
«5) дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және олардың тіркеу дерекнамасына өзгерістер енгізу;
6) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) техникалық регламенттерде, стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарда және шарттардың талаптарында белгіленген талаптарға сәйкестігін растау;
7) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарға, медициналық бұйымдар мен медициналық көрсетілетін қызметтерге бағаларды мемлекеттік реттеу;»;
1-тармақтың 5) тармақшасының жетінші және сегізінші абзацтары 2019 ж. 9 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілер өткізетін дәрілік заттардың бағаларын мемлекеттік реттеу;»;
мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) фармацевтикалық инспекция жүргізу жолымен жүзеге асырылады.»;
6) 6-баптың 12), 12-2) және 23) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«12) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу тәртібін айқындайды;»;
«12-2) бірыңғай дистрибьютордың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды есепке алу және өткізу бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібін айқындайды;»;
«23) Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өтпеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды гуманитарлық көмек ретінде Қазақстан Республикасының аумағына әкелу жағдайларын айқындайды;»;
7) 7-баптың 1-тармағында:
1-тармақтың 7) тармақшасының екінші, үшінші абзацтары 2019 ж. 9 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 20-1) тармақшамен толықтырылсын:
«20-1) дәрілік заттардың бағаларын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;»;
мынадай мазмұндағы 20-2) және 20-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«20-2) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық бұйымдардың бағаларын мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыру;
20-3) медициналық бұйымдарға белгіленген шекті бағалар бойынша медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шарттары шеңберінде бірыңғай дистрибьютор сатып алатын медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту;»;
29-1), 29-2), 29-4) және 29-6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«29-1) Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қауіпсіздігі мен сапасын бағалауды жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
29-2) медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткiзуді хабардар ету тәртібімен жүзеге асыратын денсаулық сақтау субьектілерінің тізілімін қалыптастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
«29-4) адамның ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) және (немесе) тіндерін, қан мен оның компоненттерін Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкетуді лицензиялау;»;
«29-6) дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдарды, оның ішінде тіркелмегендерін гуманитарлық көмек немесе төтенше жағдайлар кезіндегі көмек ретінде Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беруді жүзеге асыру;»;
мынадай мазмұндағы 29-8) тармақшамен толықтырылсын:
«29-8) осы Кодекстің 66-бабы 2-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген фармацевтикалық қызмет түрлерін, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет түрлерін лицензиялауды жүзеге асыру;»;
30), 31) және 32) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«30) әлемнің жетекші фармакопеяларының талаптарын, сондай-ақ дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға арналған халықаралық және мемлекетаралық стандарттарды Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады деп тану;
31) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және олардың тіркеу дерекнамасына өзгерістер енгізу, мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алу, Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізілімін жүргізу;
32) Қазақстан Республикасында тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әкелуді (әкетуді) келісу;»;
50) тармақшадағы «заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың» деген сөздер «заттар мен медициналық бұйымдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
65) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«65) Қазақстан Республикасының мемлекеттік фармакопеясын, оның жекелеген томдарын немесе жекелеген фармакопеялық құжаттарды (монографияларды) әзірлеу және бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 67-1) тармақшамен толықтырылсын:
«67-1) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды этикалық тұрғыдан ілгерілету қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
68) және 70) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«68) бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізімін айқындау;»;
«70) Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярды, белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікпен амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін қалыптастыру, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларын әзірлеу тәртібін айқындау;»;
70-1) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 70-2) тармақшамен толықтырылсын:
«70-2) дәрілік заттардың ұтымды пайдаланылуын бағалауды жүргізу тәртібін айқындау;»;
71) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«71) фармацевтикалық инспекторатты қалыптастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту, Қазақстан Республикасы фармацевтикалық инспекторларының тізілімін жүргізу;»;
71-1) тармақша алып тасталсын;
83-1) тармақшадағы «медициналық мақсаттағы бұйымдарды» деген сөздер «медициналық бұйымдарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
84) және 105) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«84) Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қауіпсіздігі мен сапасын бағалауды жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
«105) медициналық бұйымның оңтайлы техникалық сипаттамалары мен клиникалық-техникалық негіздемесіне сараптамалық бағалауды жүзеге асыру әдістемесін әзірлеу және бекіту;»;
108) тармақша алып тасталсын;
1-тармақтың 7) тармақшасының отыз жетінші және отыз сегізінші абзацтары 2019 ж. 9 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді
112) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«112) дәрілік заттардың бағаларын реттеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
113) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«113) Қазақстан Республикасында медициналық бұйымдарға сервистік қызмет көрсетуді жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 113-1) тармақшамен толықтырылсын:
«113-1) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен осы Кодекстің 13-1-бабы бірінші бөлігінің 2), 3) және 7) тармақшаларында айқындалған қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдау, сондай-ақ рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу;»;
122) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«122) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды мемлекеттік тіркеу және олардың қауіпсіздігі мен сапасын бағалау кезінде сараптаманы жүзеге асыру үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібін айқындау;»;
8) 7-1-баптың 1-тармағының 36) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«36) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртiппен осы Кодекстің 13-1-бабы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында айқындалған қызметтi жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар қабылдауды жүзеге асыру, сондай-ақ рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттiк электрондық тiзiлiмiн жүргiзу;»;
9) 9-бапта:
1-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін және (немесе) жеңілдікті шарттармен дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы шешім қабылдайды;»;
2-тармақта:
9) және 11) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«9) төтенше жағдайлар, төтенше жағдай режимін енгізу кезінде тегін медициналық көмек көрсетуді, дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етеді;»;
«11) сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық сараптамаларды қоспағанда, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес медициналық қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;»;
18-1) тармақша алып тасталсын;
18-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«18-2) медициналық қызметпен айналысу бойынша Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;»;
18-3) тармақша алып тасталсын;
18-5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«18-5) фармацевтикалық білімі бар маман болмаған жағдайда, аудан орталығынан шалғайдағы елді мекендерде алғашқы медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пункттері және жылжымалы дәріхана пункттері арқылы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өткізуді жүзеге асыру үшін медициналық білімі бар мамандарды оқытуды жүргізеді;»;
18-8) тармақша алып тасталсын;
10) 10-бапта:
3), 6), 7), 8) және 13) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«3) уақытша бейімдеу мен детоксикациялау бойынша медициналық көрсетілетін қызметтерді қоса алғанда, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарын, оралмандарды, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды осы Кодекстің 9-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көзделген жағдайларда дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен және медициналық көмекпен қамтамасыз етеді;»;
«6) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша медициналық көрсетілетін қызметтер берушілерді таңдауды және олардың шығындарын өтеуді жүзеге асырады;
7) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен дәрілік заттарды сатып алу мен сақтауды, осы Кодекстің 9-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көзделген жағдайларда фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асырады;
8) медициналық бұйымдарды, медициналық емес жабдықты, санитариялық көлікті, сондай-ақ мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына күрделі жөндеу жүргізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастырады;»;
«13) төтенше жағдайлар кезінде тегін медициналық көмек көрсетуді, дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;»;
мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:
«16-1) денсаулық сақтау субъектілерінің фармакологиялық қадағалау және медициналық бұйымдардың қауіпсіздігін, сапасы мен тиімділігін мониторингтеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруын қамтамасыз етеді;»;
11) 11-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға клиникаға дейінгі (клиникалық емес) және клиникалық зерттеулер жүргізуге қатысу;»;
12) 13-баптың бірінші бөлігіндегі «лицензиялау» деген сөз «рұқсаттар және хабарламалар» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 13-1-баптың бірінші бөлігінде:
2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) медициналық бұйымдарды көтерме саудада өткiзу;
3) медициналық бұйымдарды бөлшек саудада өткiзу қызметі хабарлама жасау бойынша жүзеге асырылады.»;
4), 5) және 6) тармақшалар алып тасталсын;
14) 14-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
3-тармақта:
екінші және үшінші бөліктер алып тасталсын;
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қауіпсіздігі мен сапасын сараптау және бағалау жөніндегі монополиялық қызметті жүзеге асыратын сынақ зертханаларын аккредиттеу уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүргізіледі.»;
15) 16-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы стандарттар;»;
16) 17-баптағы «заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы» деген сөздер «заттар мен медициналық бұйымдарды» деген сөздермен ауыстырылсын;