белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікпен амбулаториялық қамтамасыз ету үшін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың уәкілетті орган бекітетін тізбесіне сәйкес - амбулаториялық-емханалық көмек;
денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларына сәйкес - стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсету кезінде жүзеге асырылады.»;
3) 34-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы баптың 1, 2 және 3-тармақтарының талаптары дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуға қолданылмайды, оның тәртібі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде айқындалады.».
14-тармақ 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
14. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 13, 45-құжат; № 22-III, 109-құжат):
1-баптың 4-тармағы 15) тармақшасының үшінші абзацындағы «медициналық мақсаттағы бұйымдармен» деген сөздер «медициналық бұйымдармен» деген сөздермен ауыстырылсын.
15. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлшем бірлігін қамтамасыз ету және стандарттау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2018 ж., № 19, 62-құжат):
1-баптың 5-тармағының 2) және 3) тармақшалары алып тасталсын.
2-бап.
1. Осы Заң:
1) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының елу бірінші және елу екінші абзацтарын, 2) тармақшасының оныншы, он бірінші, жиырма бірінші, жиырма екінші, алпыс жетінші, алпыс сегізінші абзацтарын, 5) тармақшасының жетінші және сегізінші абзацтарын, 7) тармақшасының екінші, үшінші, отыз жетінші және отыз сегізінші абзацтарын, 43) тармақшасының қырық алтыншы - елу бірінші абзацтарын, 3-тармағы 2) тармақшасының үшінші абзацын, 4-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларын;
2) 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 14-тармағын;
3) дәрілік заттарды өндіретін ұйымдар, дәріхана қоймалары үшін 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағы 32) тармақшасының он сегізінші абзацын және 33) тармақшасының сегізінші абзацын;
4) дәріханалар үшін 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағы 33) тармақшасының жетінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заңның 1-бабы 3-тармағы 2) тармақшасының үшінші абзацы қолданысқа енгізілгенге дейін осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«1. Дәрiлiк заттарды, медициналық бұйымдарды тіркеу және қайта тіркеу, өндiру, дайындау және олардың сапасын бақылау, сынау (зерттеу), әкелу, сатып алу, тасымалдау, сақтау, таңбалау, өткiзу, сондай-ақ қолдану (пайдалану), қамтамасыз ету, жою, жарнамалау қағидаларын бұзу, егер бұл адамның денсаулығына зиян келтiруге алып келмесе, -».
3. Осы Заңның 1-бабы 1-тармағы 33) тармақшасының он бесінші және он жетінші абзацтарының қолданысы 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзацтар мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«5) осы баптың 6-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, денсаулық сақтау ұйымдарында медицина қызметкерлері өткізетін;»;
«6. Аудан орталығынан шалғайдағы, дәріханалар жоқ елді мекендерде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өткізуді жеке және заңды тұлғалар алғашқы медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пункттері және жылжымалы дәріхана пункттері арқылы жүзеге асыра алады. Дәріхана пункттері болмаған кезде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды бөлшек саудада өткізу алғашқы медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Фармацевтикалық білімі бар мамандар болмаған жағдайда, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өткізу үшін оқытылған медициналық білімі бар мамандарға оларды бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыруға рұқсат етіледі.».
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2018 жылғы желтоқсанның 28-і.
№ 211-VІ