2. Ұлттық архив қорының ведомстволық және жеке архивтерде сақталатын құжаттарын пайдалану тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
ҚР 11.10.01 ж. № 256-II Заңымен 15-бап өзгертілді
15-бап. Ұлттық архив қоры құжаттарын пайдаланудағы жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделеріне кепілдіктер
1. Мемлекеттік меншік болып табылатын архив құжаттарындағы ақпараттар мемлекеттік интеллектуалдық меншігі ретінде Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалады.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік архивтері мен олардың филиалдарындағы құжаттар, сондай-ақ оларға арналған ақпарат жүйесі олар мемлекеттік архивтер мен филиалдарға келіп түскен соң бір жыл өткеннен кейін жұртшылықтың пайдалануы үшін ашылады.
3. Ұлттық архив қорының жеке меншіктегі құжаттарын пайдалану меншік иесінің келісімімен ғана жүзеге асырылады.
2015.28.10. № 368-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының мемлекеттік және ведомстволық архивтер мен олардың филиалдарында сақталатын, Ұлттық архив қорының пайдалану үшін ашық құжаттарын тегін пайдалануға құқығы бар. Жеке және заңды тұлғалардың жекелеген санаттарына құжаттарды пайдалануды шектеу осы Заңның 16-бабында белгіленеді.
5. Мемлекеттік, ведомстволық және жеке архивтер жеке және заңды тұлғаларға өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құжаттар негізінде тиісті архивтік анықтамалар беріп отыруға міндетті. Заңды және жеке тұлғалардың архивтік құжаттан куәландырылған архивтік көшірмелер мен үзінділер алуға құқығы бар. Мемлекеттік архивтер мен олардың филиалдары, ведомстволық және жеке меншік архивтер берген көшірмелер мен үзінділер түпнұсқалық заңды күші бар ресми құжаттар болып табылады.
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 15-баппен толықтырылды (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
15-1-бап. Архивтік құжаттарды электрондық нысанға аудару
1. Мемлекеттік органдар мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін қажетті архивтік құжаттарды электрондық нысанға аударуды тұрақты негізде қамтамасыз етуге міндетті.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген архивтік құжаттарды электрондық нысанға аударуды «электрондық үкiметтiң» сервистік интеграторы жүзеге асырады.
3. Электрондық нысанға аударылған архивтік құжаттарға қол жеткізу мемлекеттік, коммерциялық және өзге де заңмен қорғалатын құпияларды қорғау жөніндегі талаптар сақтала отырып, барлық мүдделі мемлекеттік органдар үшін ашық болып табылады.
4. Мемлекеттік архивтің немесе ведомстволық архивтің уәкілетті қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған архивтік құжаттың электрондық көшірмесі архивтік құжаттың бастапқы түпнұсқасына тең болып табылады.
16-бап. Ұлттық архив қорының құжаттарын пайдаланудағы шектеулер
1. Ұлттық архив қорының мемлекеттік және мемлекеттік емес құпиялары бар құжаттарын пайдаланудағы шектеулер, оларды құпиясыздандыру және жалпы пайдалануға беру тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленеді.
2. Құжаттарды кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған адамдардың пайдалануына тыйым салынады.
3. Пайдалануға шектеу қоюға құқығы бар меншік иелерінің архив құжаттарын олардың өздері немесе құқық мұрагерлері (мұрагерлері) келісім бергенде ғана пайдалануға болады.
ҚР 11.10.01 ж. № 256-II Заңымен 16-1-баппен толықтырылды
16-1-бап. Ұлттық архив қорының құжаттарын пайдаланушылардың мiндеттерi
Ұлттық архив қорының құжаттарын пайдаланушылар:
1) пайдаланылатын құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге;
2) пайдаланылған құжаттар мәтiнiнiң өңiн айналдыруға және оны бұрмалауға жол бермеуге;
3) құжаттарды жариялаған кезде олардың сақталу орнын және оның иесін көрсетуге міндетті.
ҚР 11.10.01 ж. № 256-II ; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) ; 2007.05.05 № 247-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 17-бап өзгертілді
17-бап. Ұлттық архив қорының құжаттарын коммерциялық мақсатта пайдалану
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
1. Бюджет қаражаты есебінен қамтылатын мемлекеттік және ведомстволық архивтер өздерінің негізгі қызметіне жатпайтын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуге құқылы, оларға төленетін ақы міндетті сипатта болмайды, жеке және заңды тұлғалармен келісім бойынша айқындалады.
2. Құжаттарды коммерциялық жолмен пайдалану кезінде оларға меншік құқығы олардың меншік иесінде сақталады.
5-тарау. Архив ісін мемлекеттік реттеу мен басқару
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.04.06 № 162-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 18-бап өзгертілді; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 18-бап жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 18-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
18-бап. Архив ісін мемлекеттік реттеу
1. 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2. Уәкілетті орган жүзеге асыратын архив ісін мемлекеттік реттеу мәселелеріне:
1) архив ісі мен құжат жасауда бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) Ұлттық архив қорының құжаттарын басып шығару қағидаларын бекіту;
2-1) Ұлттық архив қорының құжаттарын, басқа да архив құжаттарын мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік архивтердің толықтыруы, сақтауы, есепке алуы және пайдалануы қағидаларын бекіту;
2-2) мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларын бекіту;
2-3) мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесін, олардың сақталу мерзімдерін көрсете отырып, бекіту;
2-4) Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архив құжаттарын ведомстволық және жеке меншік архивтердің қабылдауы, сақтауы, есепке алуы және пайдалануы қағидаларын бекіту;
3) Орталық сараптау-тексеру комиссиясы және орталық мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік архивтердің сараптау-тексеру комиссиялары туралы ережелерді бекіту;
4) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік архивтерінен шығатын архив анықтамаларына және архив құжаттарының көшiрмелерiне апостиль қою;
7) Ұлттық архив қорының құжаттары бойынша ақпараттық желі және деректер қорын құру;
8) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
9) автоматтандырылған архивтік технологиялар әзiрлеу мен енгізуді ұйымдастыру;
2015.28.10. № 368-V ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10) Ұлттық архив қорының құжаттарын мемлекеттің, қоғамның және азаматтардың сұрау салулары мен қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін басып шығаруды және пайдалануды ұйымдастыру;
11) Ұлттық архив қорын және Құжаттар көшірмелерінің мемлекеттік сақтандыру қорын қалыптастыру мен олардың жұмыс істеуі, Ұлттық архив қорының құжаттарын орталықтандырылған мемлекеттік есепке алуды қамтамасыз ету;
12) республикалық меншіктегі тарихи және мәдени құжаттық ескерткіштерді қорғау, оларды сақтау және пайдалану;
13) Қазақстан Республикасының тарихы жөніндегі шет елдердегi архив құжаттарын жинау мен оларды елге қайтару;
14) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
15) архив ісін басқару және жүргізу органдарының қызметіне әдістемелік басшылық жасау және оны үйлестіру;
16) іс жүргізу мәселелеріне салааралық ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылық жасау және іс жүргізудің жай-күйі мен құжаттардың сақталуын бақылау;
2015.28.10. № 368-V ҚР Заңымен 17) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
17) Ұлттық архив қоры құрамына жатқызылған және жеке архивтерде сақталатын құжаттардың сақталуын мемлекеттік бақылау;
18) архив iсi жөніндегі халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының өкiлдiгін қамтамасыз ету;
19) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi атқарушы органы жүзеге асыратын қатынастарды мемлекеттік реттеу және архив iсiн басқару мәселелерiне:
1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумағында архив iсiнде және құжат жасауда бiрыңғай мемлекеттік саясатты iске асыру;
2) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мемлекеттік архивтерінің сақтауына қабылданған Ұлттық архив қорының құжаттарын сақтауды, толықтыруды және пайдалануды ұйымдастыру;
3) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мемлекеттік архивтерінде сақталатын Ұлттық архив қоры құжаттарын мемлекеттік есепке алуды жүргiзу және олардың сақталуын қамтамасыз ету;
4) коммуналдық меншiктегi тарихи және мәдени құжаттық ескерткіштерді қорғау, оларды сақтау мен пайдалану;
5) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6) құжаттардың ғылыми және практикалық құндылығына сараптама жүргiзудi ұйымдастыру;
7) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мемлекеттік архивтерінде сақталатын Ұлттық архив қорының құжаттары бойынша деректер қорын қалыптастыру;
8) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумағында орналасқан, Ұлттық архив қорын толықтыру көздері болып табылатын ұйымдарда iс жүргiзудiң жай-күйiне, құжаттардың сақталуына ұйымдастырушылық-әдiстемелiк басшылық жасау және бақылау жасау;
9) жеке және заңды тұлғалардың сұрауларын орындауды ұйымдастыру;
10) сараптау-тексеру комиссиясы туралы ереженi бекіту;
11) Ұлттық архив қорының құжаттарын мемлекеттiң, жеке және заңды тұлғалардың сұрауларын қанағаттандыру үшiн пайдалану;
12) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың тарихы бойынша архив құжаттарын жинау және қайтару;
13) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 18-1-баппен толықтырылды; 2009.04.06 № 162-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 18-1 бап өзгертілді; 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 18-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 18-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
18-1-бап. Ұлттық архив қорының құрамына жатқызылған және жеке меншік архивтерде сақталатын құжаттардың сақталуын мемлекеттік бақылау
1. Ұлттық архив қорының құрамына жатқызылған және жеке меншік архивтерде сақталатын құжаттардың сақталуын мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 19-бап өзгертілді
19-бап. Архив ісін мемлекеттік басқару
1. Архив iсiн мемлекеттік басқаруды уәкiлеттi орган мен облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілiктi атқарушы органдары жүзеге асырады.
2. Уәкілетті органның нұсқаулары жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
3. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды
2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 20-бап өзгертілді
20-бап. Қазақстан Республикасындағы архив ісін басқару мен жүргізу органдарының жүйесі
Архив ісін басқару мен жүргізу органдарының жүйесіне:
1) уәкiлеттi орган, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары;
2) архив мекемелері: Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік архивтері, республикалық маңызы бар қалалар мен Қазақстан Республикасы астанасының орталық мемлекеттік архивтері, облыстардың, қалалардың, аудандардың мемлекеттік архивтері мен олардың филиалдары кіреді.
2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 21-бап өзгертілді
21-бап. Архив ісін басқару мен жүргізу органдарын қаржыландыру және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету
Қазақстан Республикасы уәкілетті органын, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары, олардың жүйесіндегі архив мекемелерін қаржыландыру және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
ҚР 08.05.03 ж. № 413-II (бұр. ред. қара); 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2010.27.05. № 279-IV (бұр. ред. қара); 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.04.07. № 233-V (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен; 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 22-бап өзгертілді
22-бап. Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік архивтері
2016.06.04. № 484-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінде, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінде, сыртқы барлау саласындағы уәкілетті органда, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінде, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінде, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросында, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс комитетінде арнаулы мемлекеттік архивтер құрылуы мүмкін.
2. Арнайы мемлекеттік архивтер құру Қазақстан Республикасы Президентінің актісімен жүзеге асырылады.
3. Қазақстан Республикасының осы Заңда белгіленген тәртіппен арнаулы мемлекеттік архивтер құрылған мемлекеттік органдарына өздерінің қызметіне қатысты архив құжаттарын жинақтау (сатып алу), тұрақты сақтау және пайдалану құқығы беріледі.
4. Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік архивтері қызметінің тәртібі нормативтік құқықтық актілермен белгіленеді.
6-тарау. Халықаралық ынтымақтастық
23-бап. Халықаралық байланыстар мен қарым-қатынастар
1. Ұлттық архив қоры құжаттарының меншік иелері - жеке және заңды тұлғалар халықаралық байланыстар мен тікелей қарым-қатынастар орнатып, жасап отыруға құқылы.
2. Қазақстан Республикасының мүдделеріне нұқсан келтірмесе, мемлекет архив құжаттарын бірлесіп пайдалану жөнінде Қазақстан Республикасы мен басқа мемлекеттердің архив мекемелері арасындағы қарым-қатынастардың кеңейтілуіне жәрдемдеседі.
24-бап. Халықаралық шарттар
Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта Қазақстан Республикасының архив ісі жөніндегі заңдарындағыдан өзгеше нормалар белгіленсе, халықаралық шарттың нормалары қолданылады.
25-бап. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың архивті пайдалану құқығы
1. Архив құжаттарын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының азаматтары пайдаланатын негіздерде пайдаланады.
2. Өз архивтеріне Қазақстан азаматтарына кіруге шектеу көзделген мемлекеттердің азаматтарына қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында сондай шектеу белгіленуі мүмкін.
26-бап. Ұлттық архив қорының құжаттарын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкету
1. Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге тыйым салынады.
2. Қазақстан Республикасының уәкілетті органы Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тәртіпке сәйкес рұқсат беруге құқылы.
7-тарау. Қорытынды ережелер
27-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры және архивтер туралы заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік
1. Архив ісі жөніндегі заңдарды бұзуға кінәлі болған жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
2. Ұлттық архив қорына келтірілген зиян Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өтелуге тиіс.
Қазақстан Республикасының