Қазақстан Республикасының Президентi Іс басқармасының кейбір мәселелерi туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 қарашадағы № 1212 Қаулысы
(2019.15.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2020 жылғы 30 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің Iс Басқармасы оған ведомстволық бағынысты республикалық мемлекеттік кәсiпорындарға қатысты республикалық мемлекеттік меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыратын орган болып белгiленсiн.
2. ҚР Үкіметінің 2008.24.04. № 387 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi | Д. Ахметов |
ҚР Үкіметінің 16.02.04 ж. № 178 Қаулысымен; 2011.18.02. № 154 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.11.03. № 311 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.15.05. № 286 Қаулысымен (бұр.ред.қара) қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2003 жылғы 29 қарашадағы
№ 1212 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Президентінің Iс басқармасына оларға қатысты республикалық мемлекеттік меншiк құқығы
субъектiсiнiң функциялары берiлетiн республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың
тiзбесi
1. «Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы» республикалық мемлекеттік кәсiпорны.
2. «Бүркiт» мемлекеттік авиакомпаниясы» республикалық мемлекеттік кәсiпорны.
3. «Қазақстан Республикасының Президентi Iс басқармасының автошаруашылығы» республикалық мемлекеттік кәсiпорны.
4. ҚР Үкіметінің 2019.15.05. № 286 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5. «Күйгенжар» республикалық мемлекеттік кәсiпорны.
6. «Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
7. «Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының Алматы қаласындағы әкімшілік ғимараттары дирекциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.