Қазақстан Республикасының Президентi Іс басқармасының кейбір мәселелерi
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 қарашадағы № 1212 қаулысы
(2011.18.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2012 жылғы 11 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің Iс Басқармасы оған ведомстволық бағынысты республикалық мемлекеттік кәсiпорындарға қатысты республикалық мемлекеттік меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыратын орган болып белгiленсiн.
2. ҚР Үкіметінің 2008.24.04. № 387 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi | Д. Ахметов |
ҚР Үкіметінің 16.02.04 ж. № 178 қаулысымен; 2011.18.02. № 154 қаулысымен (бұр.ред.қара) қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2003 жылғы 29 қарашадағы № 1212 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Президентінің Iс басқармасына оларға қатысты республикалық мемлекеттік меншiк құқығы
субъектiсiнiң функциялары берiлетiн республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың
тiзбесi
1. «Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы» республикалық мемлекеттік кәсiпорны.
2. «Бүркiт» мемлекеттік авиакомпаниясы» республикалық мемлекеттік кәсiпорны.
3. «Қазақстан Республикасының Президентi Iс басқармасының автошаруашылығы» республикалық мемлекеттік кәсiпорны.
4. «Қараөткел» республикалық мемлекеттік кәсiпорны.
5. «Күйгенжар» республикалық мемлекеттік кәсiпорны.
6. «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшiлiгi мен Үкіметінiң әкiмшiлiк ғимараттарының дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны.
7. Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Президенті Іс баскармасының әкімшілік ғимараттары дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.