Қазақстан Республикасының Президентi Іс басқармасының кейбір мәселелерi
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 қарашадағы № 1212 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 16.02.04 ж. № 178 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2008 жылғы 24 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің Iс Басқармасы оған ведомстволық бағынысты республикалық мемлекеттік кәсiпорындарға қатысты республикалық мемлекеттік меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыратын орган болып белгiленсiн.
2. "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 5 шiлдедегi № 930 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 32-33, 295-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi туралы ережеде:
12-тармақтың 3-1) тармақшасы "республикалық мемлекеттік кәсіпорындарға" деген сөздердiң алдында "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасына оларға қатысты республикалық мемлекеттік меншiк құқығы субъектiсiнiң функциялары берiлетiн жекелеген республикалық мемлекеттік кәсiпорындарды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2003 жылғы 29 қарашадағы № 1212 қаулысына
қосымша
ҚР Үкіметінің 16.02.04 ж. № 178 қаулысымен қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасы Президентінің Iс басқармасына
оларға қатысты республикалық мемлекеттік меншiк құқығы
субъектiсiнiң функциялары берiлетiн республикалық
мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi
1. "Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы" республикалық мемлекеттік кәсiпорны.
2. "Бүркiт" мемлекеттік авиакомпаниясы" республикалық мемлекеттік кәсiпорны.
3. "Қазақстан Республикасының Президентi Iс басқармасының автошаруашылығы" республикалық мемлекеттік кәсiпорны.
4. "Қараөткел" республикалық мемлекеттік кәсiпорны.
5. "Күйгенжар" республикалық мемлекеттік кәсiпорны.
6. "Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшiлiгi мен Үкіметінiң әкiмшiлiк ғимараттарының дирекциясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны.