2. Осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген талап қанағаттандырылмаған кезде банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым), Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіп пен қарыз алушының талабы бойынша ашылған банктік шоттардағы мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер, Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 112-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес берілетін материалдық көмек түрінде қарыз алушы алатын ақшаны (электрондық ақшаны), Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен қарыз алушының талабы бойынша ашылған банктік шоттардағы алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаны), сондай-ақ «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тұрғын үй төлемдерін, жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үйге ақы төлеу мақсатында төлемдер мен субсидияларды есепке жатқызуға арналған тұрғын үй құрылысы жинақ банкіндегі банктік шоттардағы ақшаны, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақтарды және (немесе) нысаналы жинақ төлемдерін, Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында көзделген тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін, тұрғын үй төлемдерін пайдалану есебінен жинақталған тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдері түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаны, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу мақсатында жасалатын шарттар бойынша міндеттемелердің орындалмауы туралы істер бойынша сот шешімдері негізінде өндіріп алуларды қоспағанда, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған жинақтар түріндегі екінші деңгейдегі банктердегі банктік шоттардағы ақшаны, Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы және концессиялар туралы заңнамасына сәйкес инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаны, нотариус депозиті шарттарында енгізілген ақшаны, инвестициялық портфельді басқарушының орындалмаған міндеттемелері бойынша, осы инвестициялық портфельді басқарушы клиенттерінің ақшасын есепке алуға арналған банктік шоттардағы ақшаны, номиналды ұстаушы функцияларын жүзеге асыратын тұлғаның орындалмаған міндеттемелері бойынша, осы номиналды ұстаушы функцияларын жүзеге асыратын тұлға клиенттерінің ақшасын есепке алуға арналған банктік шоттардағы ақшаны, қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыру үшін банктік шоттардағы ақшаны, «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша банктік шоттардағы ақшаны, жеке сот орындаушыларының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шоттарындағы ақшаны, өзіне қатысты «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, соттан тыс немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы іс қозғалған қарыз алушы - Қазақстан Республикасы азаматының банктік шоттарындағы ақшаны қоспағанда, қарыз алушының банктік шоттарындағы ақшаны даусыз тәртіппен, оның ішінде төлем талабын қою арқылы өндіріп алуды қолдануға (егер мұндай өндіріп алу банктік қарыз шартында ескертілген болса) құқылы.
Банктік қарыз шарты бойынша берешекті банктік жинақ шоттарындағы, берілген банктік қарыздар бойынша кепіл нысанасы болып табылатын ақша есебінен осындай банктік қарыздар бойынша өтелмеген негізгі борыштың сомасы мөлшерінде төлем талабымен өндіріп алуға жол берілмейді.
Инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаны алып қою бөлігіндегі шектеулер Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 742-бабының 2-тармағында көзделген кезектілікке сәйкес бірінші, екінші және үшінші кезектерге жататын талаптарға қолданылмайды.
Төлем талабын қою арқылы банктік қарыз шарты бойынша қарыз алушы - жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу оның банктік шотындағы ақша сомасының және (немесе) кейіннен қарыз алушының банктік шотына түсетін әрбір ақша сомасының елу пайызы шегінде шектеледі және төлем талабын толық орындау үшін қажетті барлық соманың банктік шотқа түсуі күтілместен жүзеге асырылады. Бұл ретте жеке тұлғаның ағымдағы шотында сақталатын ақша сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінен аз болмауға тиіс. Көрсетілген шектеу қарыз алушы - жеке тұлғаның жинақ шотындағы ақшаға қолданылмайды.
2017.06.05. № 63-VІ ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды; 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 2-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2021.24.05. № 43-VІІ ҚР Заңымен 2-1-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-1. Осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген талап қанағаттандырылмаған, сондай-ақ банктік қарыз шарты бойынша қарыз алушы - жеке тұлға осы баптың 1-1-тармағында көзделген құқықтарды іске асырмаған не қарыз алушы жеке тұлға мен банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым) арасында банктік қарыз шартының талаптарын өзгерту бойынша келісім болмаған жағдайларда, банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым) осы баптың 2-тармағында көзделген шаралардан басқа:
1) қарыз алушыға қатысты шаралар қолдану туралы мәселені қарауға құқылы.
Шаралар қолдану туралы шешім қабылдау Банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның ішкі кредиттік саясаты туралы қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады;
2) берешекті сотқа дейін өндіріп алу және реттеу үшін коллекторлық агенттікке беруге құқылы.
Банктік қарыз шартында қарыз алушы банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындау мерзімін өткізіп алуға жол берген жағдайда банктің (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның) коллекторлық агенттікті тартуға құқығы болған кезде берешекті сотқа дейін өндіріп алу және реттеу үшін коллекторлық агенттікке беруге жол беріледі.
Берешек коллекторлық агенттікте сотқа дейін өндіріп алуда және реттеуде болған кезеңде банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым):
сотқа берешекті өндіріп алу туралы талап қоюмен жүгінуге;
берешек коллекторлық агенттікте жұмыста болған кезең үшін сыйақыны, қарыз беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдерді төлеуді талап етуге, сондай-ақ негізгі борышты және сыйақыны уақтылы өтемегені үшін көрсетілген кезеңде тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) есепке жазуға құқылы емес;
2022.04.07. № 133-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 179-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 3) тармақша өзгертілді
3) қарыз алушыда жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес банктік қарыз шарты бойынша - қатарынан күнтізбелік тоқсан күннен асатын, жеке тұлғаға берілген ипотекалық қарыз бойынша қатарынан күнтізбелік бір жүз сексен күннен асатын міндеттемені орындау мерзімін өткізіп алу болған кезде банктік қарыз шарты бойынша құқықты (талап етуді) осы Заңның 36-1-бабының 4-тармағында аталған тұлғаға беруге құқылы.
Осы тармақшаның талабы қарыз алушы - Қазақстан Республикасының азаматына қатысты «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, соттан тыс немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану жағдайына қолданылмайды;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) банктік қарыз шартында көзделген шараларды қолдануға, оның ішінде сотқа банктік қарыз шарты бойынша борыш сомасын өндіріп алу туралы талап қоюмен жүгінуге, сондай-ақ кепілге қойылған мүлікке соттан тыс тәртіппен («Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда) не сот тәртібімен өндіріп алуды қолдануға;
5) сотқа Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қарыз алушы - дара кәсіпкерді, заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы талап қоюмен жүгінуге құқылы.
2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылды; 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 2-2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2-2. Мүлкі жеке тұлғаның тұрғын үйімен қамтамасыз етілген, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес ипотекалық қарыз шарты бойынша қарыз алушының міндеттемесін қамтамасыз ететін кепіл берушінің «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен берілген жылжымайтын мүлікті дербес өткізу туралы өтінішхатын алған банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым) қарыз алушыға және кепіл берушіге қатысты осы баптың 2 және 2-1-тармақтарында көзделген шараларды тоқтата тұрады.
3. 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4. 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2017.06.05. № 63-VІ ҚР Заңымен 36-1-баппен толықтырылды
36-1-бап. Берешекті сотқа дейін өндіріп алуға және реттеуге беру немесе құқықты (талап етуді) басқаға беру тәртібі
1. Банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның коллекторлық агенттікпен осындай шарт жасасу жағдайларын қоспағанда, оның үшінші тұлғалармен нысанасы берешекті сотқа дейін өндіріп алу және реттеу, сондай-ақ берешекке байланысты ақпарат жинау жөнінде қызметтер көрсету болып табылатын шарт (бұдан әрі - берешекті өндіріп алу туралы шарт) жасасуына тыйым салынады.
2. 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 4-тармақ өзгертілді; 2022.04.07. № 133-VII ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2024.23.01. № 54-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2024 ж. 25 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
4. Банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның құқықтарды (талаптарды) мынадай тұлғаларға:
коллекторлық агенттікке;
банкке;
банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға;
бас банктің күмәнді және үмітсіз активтеріне ие болатын банктің еншілес ұйымына;
екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымға;
секьюритилендіру мәмілесі кезінде Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниясына;
акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі, жеке тұлғалардың кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес ипотекалық қарыздарын сатып алуды жүзеге асыратын тұлғаға;
қаражатты банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда шартты түрде орналастыру арқылы жеке кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру жөніндегі мәміле шеңберінде жасалған банктік қарыз шарты бойынша - жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорына;
жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты банктік қарыз шарты бойынша немесе заңды тұлғаның халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес құнсыздану белгілері, оның ішінде банктік қарыз шарты бойынша құқыққа (талапқа) ие болған немесе ол туындаған (жасалған) кезде анықталған банктік қарыз шарты бойынша құқыққа (талапқа) қатысты өзге тұлғаға беруін қоспағанда, банктік қарыз шарты бойынша құқықтарды (талаптарды) үшінші тұлғаға беруді жүргізуіне тыйым салынады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің оныншы абзацында аталған тұлға банктік қарыз шарты бойынша алынған құқықтарды (талаптарды) мынадай жағдайлардың бірінде:
құқықтар (талаптар) жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты банктік қарыз шарты бойынша алынғанда;
құқықтар (талаптар) берешегінің мөлшері басқаға беру күніне республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 16 500 еселенген мөлшерінен аспайтын заңды тұлғаның банктік қарыз шарты бойынша алынғанда;
егер өзіне банктік қарыз шарты бойынша құқықтар (талаптар) берілген тұлға Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылса, сервистік компанияның сенімгерлік басқаруына береді.
Банктік қарыз шарттары бойынша құқықтар (талаптар) мынадай шарттар бір мезгілде орындалған кезде:
1) коллекторлық агенттік жарғылық капиталының, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтеріне ие болатын банктің еншілес ұйымы бас ұйымның меншікті капиталының мөлшері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген ең аз мәннен төмен емес мәнді құрағанда;
2) қызметті:
банкке немесе банк холдингіне банктің бас банктің күмәнді және үмітсіз активтеріне ие болатын еншілес ұйым құруына рұқсат берілген;
коллекторлық агенттік коллекторлық агенттіктер тізіліміне енгізілген кезден бастап үш жыл бойы жүзеге асырғанда;
3) сервистік компаниялар тізіліміне енгізу күніне уәкілетті орган қолданған орындалмаған және (немесе) қолданыстағы қадағалап ден қою шаралары немесе шектеулі әсер ету шаралары және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 211-1-бабында және 227-бабының бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазалар болмағанда;
4) сервистік компанияның бірінші басшысында алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығы болмағанда;
5) сервистік компания уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес келгенде, сервистік компанияға берілуі мүмкін.
Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтеріне ие болатын банктің еншілес ұйымдарына және банктік қарыз шарттары бойынша құқықтар (талаптар) сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін сервистік компаниялар ретінде әрекет ететін коллекторлық агенттіктерге қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін сервистік компаниялардың тізілімін жүргізеді және оны өзінің интернет-ресурсында орналастырады.
Сервистік компанияны сервистік компаниялар тізілімінен шығару құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шартын бұзу үшін негіз болып табылады.
Банктік қарыз шарты бойынша құқықтар (талаптар) сервистік компанияның сенімгерлік басқаруына берілген жағдайда, осы тармақтың бірінші бөлігінің оныншы абзацында аталған тұлға банктік қарыз шарты бойынша өзіне берілген құқыққа (талапқа) қатысты кредитордың құқықтарын сервистік компаниямен жасалған құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарты шеңберінде не оны осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған тұлғаларға қайта беру арқылы іске асырады.
Сервистік компаниямен құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарты бұзылған жағдайда, осы тармақтың бірінші бөлігінің оныншы абзацында аталған тұлға басқа сервистік компаниямен құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шартын жасасуға не құқықтарды (талаптарды) осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған тұлғаларға қайта беруге міндетті.
Осы тармақтың талаптары:
1) соңғы сатыдағы қарыз бойынша міндеттемелерді орындау мақсатында банктің құқықты (талапты) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне беруі;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ерікті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемін жүзеге асыруға байланысты құқықтардың (талаптардың) суброгация тәртібімен Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігіне өтуі жағдайларына қолданылмайды.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 5-тармақ өзгертілді
5. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе банктік қарыз шартында өзгеше көзделмесе, банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым банктік қарыз шарты бойынша құқықты (талап етуді) қарыз алушының келісімінсіз басқаға беруге құқылы емес.
2022.04.07. № 133-VII ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды
5-1. Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым мүлік кепілімен қамтамасыз етілген банктік қарыз шарты бойынша құқықты (талапты) осы баптың 4-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғаларға құқық (талап) берілгенге дейін соңғы алты ай ішінде «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бағалаушы жүргізген мүлік құнын бағалаусыз беруге құқылы емес.
2022.04.07. № 133-VII ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Бір қарыз алушыға қатысты банктік қарыз шарты бойынша құқықтарды (талаптарды), бұл құқықтар (талаптар) секъюритилендіру мәмілесінің нысанасы болып табылатын жағдайларды қоспағанда, бірнеше тұлғаға беруге жол берілмейді.
2022.04.07. № 133-VII ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Банктік қарыз шарты бойынша құқықтарды (талаптарды) басқаға беру шарты (бұдан әрі - басқаға беру шарты) жасалған кезде, банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым:
1) басқаға беру шарты жасалғанға дейін қарыз алушыны (немесе оның уәкілетті өкілін) банктік қарыз шартында көзделген не Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін тәсілмен, банктік қарыз шарты бойынша құқықтардың (талаптардың) үшінші тұлғаға өту мүмкіндігі туралы, сондай-ақ осындай басқаға берумен байланысты қарыз алушының дербес деректерінің өңделетіні туралы хабардар етуге;
2) қарыз алушыны (немесе оның уәкілетті өкілін) банктік қарыз шартында көзделген не Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін тәсілмен, үшінші тұлғаға банктік қарыз шарты бойынша құқықтардың (талаптардың) өтіп кеткені туралы, басқаға беру шарты жасалған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, банктік қарыз шарты бойынша одан әрі төлемдерді үшінші тұлғаға (өзіне банктік қарыз шарты бойынша құқықтар (талаптар) берілген тұлғаның не банктік қарыз шарты бойынша құқықтар (талаптар) сенімгерлік басқаруға берілген жағдайда - сервистік компанияның атауын, орналасқан жерін және банктік деректемелерін) жүзеге асыру қажеттілігін, банктік қарыз шарты бойынша берілген құқықтардың (талаптардың) көлемін, банктік қарыз шарты бойынша берешектің мөлшері мен құрылымын (негізгі борышты, сыйақыны, комиссияларды, тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) және төленуге жататын басқа да сомаларды көрсете отырып, хабардар етуге;
SUB360107033) өзіне банктік қарыз шарты бойынша құқықтар (талаптар) берілген тұлғаға не сервистік компанияға (банктік қарыз шарты бойынша құқықтар (талаптар) сервистік компанияның сенімгерлік басқаруына берілген жағдайда) мынадай құжаттарды:
банктік қарыз шартын;
кепіл шартын және кепіл затына құқық белгілейтін құжаттарды (банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындау кепілмен қамтамасыз етілген жағдайда);
кепілгерлік немесе кепілдік шартын (банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындау кепілгерлікпен немесе кепілдікпен қамтамасыз етілген жағдайда);
құқықтарды (талаптарды) басқаға беру күніне қарыз алушы берешегінің есеп-қисабын;
қарыз алушымен наразылық хат алмасуды (бар болса);
қарыз алушы - заңды тұлғаның құрылтай құжаттарын, қарыз алушы - жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатты;
қарыз алушының берешекті өтегенін растайтын құжаттарды;
кепілге салынған мүлікті өткізу жөніндегі құжаттарды (бар болса);
басқаға беру шартына сәйкес өзге де құжаттарды беруге міндетті.
Барлық құқықтар (талаптар) қарыз алушыға берілген жағдайда, банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым өзіне банктік қарыз шарты бойынша құқық (талап) берілген тұлғаға өздерінде бар барлық құжаттардың түпнұсқаларын береді, ал банктік қарыз шарты бойынша құқықтар (талаптар) сервистік компанияның сенімгерлік басқаруына берілген жағдайда, көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары сервистік компанияға беріледі.
Банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым), өзіне банктік қарыз шарты бойынша құқықтар (талаптар) берілген тұлға, сервистік компания банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету болып табылатын мүлікке құқық белгілейтін құжаттардың түпнұсқаларын жоғалтқаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
Құқықтардың (талаптардың) бір бөлігі қарыз алушыға берілген жағдайда, банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым осындай құқықтарды (талаптарды) куәландыратын құжаттардың түпнұсқаларын сақтауға және көрсетілген құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін өзіне банктік қарыз шарты бойынша құқық (талап) ішінара берілген тұлғаға беруге құқылы, ал банктік қарыз шарты бойынша құқықтардың (талаптардың) бір бөлігі сервистік компанияның сенімгерлік басқаруына берілген жағдайда, көрсетілген құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелері сервистік компанияға беріледі;
4) басқаға беру шарты жасалғаннан кейін банктік қарыз шарты бойынша берешекті өтеу есебіне алынған ақшаны өзіне банктік қарыз шарты бойынша құқықтар (талаптар) берілген тұлғаның банктік шотына әрбір қарыз алушы бойынша төлемдердің таратып жазылуын бере отырып, аударуға міндетті.
2022.04.07. № 133-VII ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8. Өзіне банктік қарыз шарты бойынша банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның құқығы (талабы) берілген тұлғаның осындай құқықты (талапты) осы бапта көзделген шарттарды сақтамай, қайта беруіне тыйым салынады.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен; 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 37-бап жаңа редакцияда; 2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 37-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2017.06.05. № 63-VІ ҚР Заңымен 37-бап жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
37-бап. Талап қоюдың ескіру мерзімі
Банктердің, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын банктердің еншілес ұйымдарының, осы Заңның 61-4-бабының 8-тармағында көрсетілген ұйымның, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымның қарыз алушыларға банктік қарыз шарттарын орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны жөнінде қоятын талабы бойынша талап қоюдың ескіру мерзімі бес жылды құрайды.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 16.07.99 ж. № 436-1 Заңдарымен 38-бап өзгертiлдi
38-бап. Төлемдер және ақшалай қаражаттар аударуды жүзеге асыру
1. Банктер Қазақстан Республикасының аумағында төлемдер мен ақша аударымдарын заңдарда белгiлеген тәртiппен жүзеге асырады.
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
1-1. Екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы электрондық нысанда қызметтер көрсеткені үшін төлемақыны қабылдауға және жүргізуге байланысты халыққа көрсетілетін қызметтерді ұсыну үшін өздерінің ақпараттық жүйелерін «электрондық үкіметтің» төлем шлюзімен тікелей немесе банкаралық ақша аудару жүйесі операторының ақпараттық жүйесі арқылы интеграциялауды жүзеге асырады.