Мемлекеттік құпиялар туралы
1999 ж. 15 наурыздағы № 349-I Қазақстан Республикасының Заңы
(2015.16.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2015 жылғы 24 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік құпияларды қорғау мәселелерін реттейтін заңнаманың кейбір нормаларын қылмыстық сот ісін жүргізуде қолдану туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2013 жылғы 13 желтоқсандағы № 3 нормативтік қаулысын қараңыз
1-тарау. Жалпы ережелер (1- 4 баптар)
2-тарау. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Үкіметінің, мемлекеттік органдары мен ұйымдарының мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы өкілеттігі (5-10 баптар)
3-тарау. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызылатын мәліметтер (11-15 баптар)
4-тарау. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялары болып табылатын мәліметтер мен олардың көздерін құпияландыру (16-21 баптар)
5-тарау. Мәліметтер мен олардың көздерін құпиясыздандыру (22-24 баптар)
6-тарау. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялары болып табылатын мәліметтерге билік ету (25-27 баптар)
7-тарау. Мемлекеттік құпияларды қорғау (28-38 баптар)
Түпнұсқада мазмұны жоқ
Осы Заң Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде мемлекеттік құпияларды қорғаудың құқықтық негіздері мен бірыңғай жүйесін айқындайды, мәліметтерді мемлекеттік құпияларға жатқызуға, оларды құпияландыруға, оларға билік етуге, оларды қорғау мен құпиясыздандыруға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
мемлекеттік құпиялар - таратылуын мемлекет жалпы қабылданған халықаралық құқық нормаларына қайшы келмейтін әскери, экономикалық, ғылыми-техникалық, сыртқы экономикалық, сыртқы саяси, барлаушылық, қарсы барлаушылық, жедел-іздестірушілік және өзге де қызметті тиімді жүзеге асыру мақсатымен шектейтін, мемлекет қорғайтын мемлекеттік және қызметтік құпияларды құрайтын мәліметтер;
мемлекеттік құпия - жарияланған немесе жоғалған жағдайда Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін немесе нұқсан келтіруі мүмкін әскери, экономикалық, саяси және өзге де сипаттағы мәліметтер;
қызметтік құпия - мемлекеттік құпияның құрамына кіруі мүмкін, жарияланған немесе жоғалған жағдайда мемлекеттің ұлттық мүдделеріне, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдары мен ұйымдарының мүдделеріне нұқсан келтіруі мүмкін жекелеген деректер сипаты бар мәліметтер;
құпиялылық белгісі - беру көзінің өзінде және (немесе) оған ілеспе құжаттамада көрсетілетін, беру көздерінде қамтылған мәліметтердің құпиялылық дәрежесін куәландыратын деректемелер;
мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерге рұқсат ету - өкілетті лауазымды адамның рұқсатымен нақты адамды мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтермен таныстыру;
мемлекеттік құпияларға рұқсат ету - азаматтарға мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерге рұқсат етілу, ал ұйымдарға осындай мәліметтерді пайдалану арқылы жұмыс жүргізу құқығын ресімдеу рәсімі;
мәліметтер мен олардың көздерін құпияландыру - мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүдделерін көздеп, мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтер таратуды және олардың көздеріне рұқсат етуді шектеу жөніндегі шаралардың жиынтығы;
мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтер көздері мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәлімет нышандар, үлгілер, белгілер, техникалық шешімдер және процестер түрінде өз көрінісін табатын материалдық объектілер, оның ішінде физикалық өрістер;
мәліметтерді құпиясыздандыру - мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігі мүдделерін көздеп, мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерді таратуға және олардың көздеріне рұқсат етуге белгіленген шектеулерді алып тастау жөніндегі шаралардың жиынтығы;
мемлекеттік құпияларды қорғау жүйесі - мемлекеттік құпияларды қорғау органдарының, олардың мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерді және солардың көздерін қорғауда пайдаланатын құралдары мен әдістерінің, сондай-ақ осы мақсатта жүргізілетін шаралардың жиынтығы;
мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерді қорғау құралдары - мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерді қорғауға арналған техникалық, криптографиялық, бағдарламалық және басқа да құралдар, олар іске асырылған құралдар, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды қорғаудың тиімділігіне бақылау жасау құралдары;
мемлекеттік құпияларды жария ету - мемлекеттік құпияларды олармен танысуға құқық берілмеген заңды және жеке тұлғаларға хабарлау, беру, табыс ету, жіберу, жариялау немесе кез-келген басқа әдістермен жеткізу;
мемлекеттік құпияларды жоғалту - мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтердің жоғалтылуы не ұрлануы салдарынан заңды иеленуден немесе пайдаланудан шығып қалуы, соның ішінде уақытша да шығып қалуы.
2-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңдары
Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға негізделеді және осы Заңнан және Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы қатынастарды реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
3-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялары мен олардың көздеріне меншік құқығы
Мемлекеттік құпиялар мен мемлекеттік құпия болып табылатын мәліметтердің көздері Қазақстан Республикасының меншігі болып табылады.
4-бап. Мемлекеттік құпияларды қорғау органдары
1. Мемлекеттік құпияларды қорғау органдарына:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органы;
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен оның органдары;
мемлекеттік органдар мен ұйымдар, олардың мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі құрылымдық бөлімшелері жатады.
2. Мемлекеттік құпияларды қорғау органдары өздеріне жүктелген міндеттерге сәйкес және өз құзыреттері шегінде мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтердің қорғалуын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік органдар мен ұйымдарда мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтердің қорғалуын ұйымдастыру үшін жауапкершілік олардың басшыларына жүктеледі. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшылары мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтер пайдаланылатын жұмыстардың көлеміне қарай міндеттері Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін нормативтік құқықтық актілерге сәйкес және олар жүргізетін жұмыстардың ерекшеліктерін ескере отырып, аталған басшылар белгілейтін мемлекеттік құпияларды қорғау жөнінде құрылымдық бөлімшелер құрады.
3. Мемлекеттік құпияларды қорғау мемлекеттік орган мен ұйымның негізгі қызметінің бір түрі болып табылады.
2-тарау. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Үкіметінің, мемлекеттік
органдары мен ұйымдарының мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы өкілеттігі
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 5-бап өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігі
Қазақстан Республикасының Президенті:
2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы бірыңғай саясатты айқындайды;
2) мемлекеттік құпияларды қорғау жүйесінің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
3) мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органды құрады, таратады және қайта ұйымдастырады;
4) Мемлекеттік органдардың мәліметтерді мемлекеттік құпияларға жатқызу жөнінде өкілеттік берілген лауазымды адамдарының тізбесін бекітеді;
5) Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына сәйкес басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстанның бүкіл аумағында немесе оның жекелеген жерлерінде төтенше немесе әскери жағдай енгізген жағдайларда лауазымды адамдар мен азаматтарға мемлекеттік құпияларға рұқсат ету тәртібі осы кезеңге өзгертілуі мүмкін.
6-бап. Қазақстан Республикасы Парламентінің өкілеттігі
Қазақстан Республикасының Парламенті өз өкілеттігі шегінде:
1) мемлекеттік құпиялар саласындағы заңдарды қабылдайды, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
2) мемлекеттік құпияларды қамтамасыз ету мәселелері бойынша парламенттік тыңдаулар өткізеді;
3) Үкімет мүшесінің мемлекеттік құпияларды қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі есебін тыңдау нәтижелері бойынша оны қызметінен босату туралы Қазақстан Республикасының Президентіне өтініш қабылдайды.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 7-бап өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңдарының орындалуын қамтамасыз етеді;
2) Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның құрамы, құрылымы туралы ұсыныстарды табыс етеді;
3) Қазақстан Республикасында құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
4) құпияландырылуға тиісті мәліметтердің ведомостволық тізбелерін әзірлеу тәртібін белгілейді;
5) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі жұмыстарды материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету тәртібін айқындайды;
7) мемлекеттік органдар мен ұйымдарды Қазақстан Республикасының айрықша режимді, режимді және ерекше қорғалатын объектілері санатына жатқызу тәртібін бекітеді, сондай-ақ шетелдіктердің болуы үшін уақытша жабық аумақтардың тізбесін бекітеді;
8) мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі бөлімшелерді ұйымдастыру, олардың жұмыс істеу және таратылу тәртібін белгілейді;
9) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерді бірлесіп пайдалану мен қорғау туралы үкіметаралық келісімдерін жасайды, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етеді, шет мемлекеттерге мемлекеттік құпиялар мен олардың көздерін беру туралы шешім қабылдайды және оларды беру тәртібін белгілейді;
10) мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерді жария ету немесе жоғалту салдарынан Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне немесе мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мүдделеріне келтірілген немесе келтірілуі мүмкін зиянның, сондай-ақ мәліметтердің құпияландырылуы салдарынан олардың көздері иесіне келтірілген зиянның мөлшерін айқындау тәртібін белгілейді;
11) Қазақстан Республикасының азаматтарына оларға мемлекеттік құпияларға рұқсат етуге байланысты арнаулы тексеру жүргізу тәртібін бекітеді.
12) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 8-бап өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның құзыреті
Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы бірыңғай саясатты жүзеге асырады және мынадай негізгі міндеттерді атқарады:
1) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі құқықтық, әкімшілік, экономикалық, техникалық, бағдарламалық және криптографиялық шаралар жүйесін әзірлейді;
2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) Мемлекеттік органдардың мәліметтерді мемлекеттік құпияларға жатқызу жөнінде өкілеттік берілген лауазымды адамдарының тізбесін әзірлеп, оны бекітуге береді;
5) Қазақстан Республикасында құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөнінде нұсқаулық әзірлейді;
6) мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерді қорғаудың техникалық құралдарын сертификаттау тәртібін әзірлейді;
7) мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерді жария етудің немесе жоғалтудың салдарынан Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне немесе мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мүдделеріне келтірілген немесе келтірілуі мүмкін зиянның, сондай-ақ мәліметтердің құпияландырылуы салдарынан олардың көздері иесіне келтірілген зиянның мөлшерін айқындау тәртібін әзірлейді;
8) мемлекеттік органдар мен ұйымдарды Қазақстан Республикасының айрықша режимді, режимді және ерекше қорғалатын объектілерінің санатына жатқызу тәртібін әзірлейді;
2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9) мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі жұмыстарды материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету тәртібін әзірлейді;
10) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
11) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
12) Қазақстан Республикасының азаматтарына оларға мемлекеттік құпияларға рұқсат етуге байланысты арнаулы тексеру жүргізу тәртібін әзірлеп, оны бекітуге табыс етеді;
13) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 9-бап өзгертілді
9-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен оның органдарының құзыреті
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен оның органдары:
1) мемлекеттік органдар мен ұйымдарда мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерді қарсы барлаудан қорғау жөніндегі шараларды әзірлеп, жүзеге асырады, сондай-ақ олардың аталған саладағы қызметін бақылап отырады;
1-1) мемлекеттiк органдар мен ұйымдарда құпиялылық режимiн қамтамасыз ету жөнiндегi жұмысты үйлестiредi және бақылайды;
1-2) мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi нормативтiк және әдiстемелiк актiлердi әзiрлеу мен орындау мүддесінде мемлекеттiк құпияларды қорғау органдарының қызметiн үйлестiреді және бақылайды;
1-3) мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi құқықтық, әкiмшiлiк, экономикалық, техникалық, бағдарламалық және криптографиялық шаралар жүйесiнің Қазақстан Республикасының аумағында орындалуын бақылайды;
2) мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерге рұқсат етуге ресімделетін (қайта ресімделетін) Қазақстан Республикасының азаматтарына арнайы тексеру жүргізеді;
3) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес қызмет түрлерін лицензиялауды жүзеге асырады;
4) мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерді қорғаудың техникалық, оның ішінде криптографиялық құралдарын сертификаттауды ұйымдастырады;
5) мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерді пайдаланып жұмыс жүргізуге белгіленген тәртіппен рұқсат береді;
6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңдарын бұзуға байланысты қылмыстарды анықтайды, оларды тыяды, ашады және тергеу жүргізеді;
7) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
10-бап. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілеттігі
Мемлекеттік органдар мен ұйымдар мемлекеттік құпияларды қорғау органдарымен өзара іс-қимылда:
1) құпияландырылуға тиісті мәліметтердің ведомостволық тізбесін әзірлейді;
2) олар әзірлеген мемлекеттік құпиялардың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, оның ішінде ведомостволық бағынысты ұйымдарда да қорғалуын қамтамасыз етеді;
3) мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерді жария етудің немесе жоғалтудың салдарынан Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне немесе мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мүдделеріне келтірілген немесе келтірілуі мүмкін зиянның мөлшерін анықтау тәртібін әзірлеуге қатысады;
4) өздеріне басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдар берген мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтердің, сондай-ақ өздері құпияландырған мәліметтердің қорғалуын қамтамасыз етеді;
5) мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерді пайдалану арқылы жұмыс жүргізуге белгіленген тәртіппен рұқсат алады;
6) мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерді қорғау құралдарына сертификаттар алады;
7) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8) мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі жұмыстарды материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуге қатысады;
9) айрықша режимді, режимді және ерекше қорғалатын объектілердің санаттарын және оларды уақтылы қайта қарауды белгілейді;
10) мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтер алуға рұқсат етілетін азаматтарға қатысты тексеру шараларын жүргізуді өз құзыреті шегінде қамтамасыз етеді;
11) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
12) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғау саласындағы басқа да мәселелерді шешеді.
3-тарау. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына
жатқызылатын мәліметтер
ҚР 10.07.02 ж. № 338-II Заңымен 11-бап өзгертілді
11-бап. Қазақстан Республикасының әскери саладағы мемлекеттік құпияларына жатқызылатын мәліметтер
Әскери салада мемлекеттік құпияларға мына мәліметтер жатқызылады:
1) әскерлерді қолданудың жоспарларын, жедел жоспарларды, жауынгерлік басқару құжаттарын, әскерлерді жауынгерлік даярлықтың әртүрлі дәрежесіне келтіру жөніндегі құжаттарды ашатын мәліметтер;
2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің стратегиялық өрістетілуі туралы мәліметтер;
3) әскерлердің дамуы, саны, жауынгерлік құрамы немесе мөлшері, олардың жауынгерлік даярлығы, сондай-ақ әскери-саяси және (немесе) жедел жағдайлары туралы мәліметтер;
4) әскерлердің жедел (жауынгерлік) даярлығының, қызметінің қамтамасыз етілуінің жай-күйін, әскерлерді басқару жүйесінің құрамын және (немесе) жай-күйін ашатын мәліметтер;
5) әскерлердің жұмылдырушылық өрістетілуі, адам және көлік ресурстарын жұмылдыруды жүргізу, жұмылдырушылық өрістетілуді басқару жүйесі туралы және (немесе) әскерлерді жеке құраммен жасақтаудың, қару-жарақпен, әскери техникамен және басқа да материалдық, қаржы қаражатымен, сондай-ақ әскери тасымалдаумен қамтамасыз етудің мүмкіндіктері туралы мәліметтер;
6) қару-жарақ пен әскери техниканы дамытудың бағыттарын, ұзақ мерзімді болжамдарын немесе жоспарларын, қару-жарақ пен әскери техниканың үлгілерін жасау немесе жаңғырту жөніндегі мақсатты бағдарламаларды зерттеу, тәжірибе-конструкторлық жұмыстарды орындаудың мазмұнын немесе нәтижелерін, олардың тактикалық-техникалық сипаттамаларын ашып көрсететін мәліметтер;
7) қару-жарақ пен әскери техниканы әзірлеудің бағыттарын, оларды даярлаудың конструкциясын, технологиясын, изотоптық құрамын, жауынгерлік, физикалық, химиялық, немесе ядролық қасиеттерін қолдану немесе пайдалану тәртібін ашып көрсететін мәліметтер;
8) бактериялық немесе медициналық қорғау құралдарын (заттай түрде) шығару және (немесе) жеткізу жөніндегі өндірістік қуаттарды, жоспарлы немесе іс жүзіндегі деректерді ашатын мәліметтер;
9) қорғаныстық және экономикалық маңызы зор атом ғылымы мен техникасының немесе қару-жарақ пен әскери техниканың және (немесе) принципінде жаңа бұйымдар мен технологиялар жасау мүмкіндіктерінің сапасы жөнінен жаңа деңгейін анықтайтын жетістіктерін ашатын мәліметтер;
10) ракеталық отын, баллистикалық оқ-дәрі, әскери мақсаттағы жарылғыш заттар немесе жару құралдары, сондай-ақ қару-жарақ пен әскери техникаға арналған жаңа құймалар, арнайы сұйықтар, отын өндірудің қасиеттерін, рецептурасын немесе технологиясын ашатын мәліметтер;
11) Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелеріне сәйкес ашық жариялауға жататын объектілердің тізбесіне кіргізілмеген әскерлердің орналасқан жерін, шынайы атауын, ұйымдық құрылымын, қару-жарағын, санын ашатын мәліметтер;
12) Қазақстан Республикасының инфрақұрылымын оның қорғаныс қабілеті мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде пайдалану туралы мәліметтер;
13) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттар бойынша міндеттемелеріне кірмейтін режимді объектілердің орналасқан жері, мақсаты, даярлық дәрежесі немесе қорғалуы туралы, аталған объектілерді салу үшін жер учаскелерін, жер қойнауларын немесе айдындарды таңдау, бөлу туралы, сондай-ақ бұл объектілерді жасау жөнінде жоспарланып немесе жүргізіліп отырған іздестіру, жобалау және өзге де жұмыстар туралы мәліметтер. Мемлекеттік өкімет органдарының арнаулы объектілеріне қатысты нақ сондай мәліметтер;
14) мемлекеттің қорғаныс қабілеті мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде Қазақстан Республикасының өзара ұштастырылған байланыс желілерін пайдалану немесе оларды дамытудың болашағы туралы мәліметтер;
15) магистралды қалааралық байланыс желілерінің, оның ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қорғаныс Министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Ішкі істер министрлігі жалға алатын запастағы байланыс тораптарының географиялық координаттарын қамтитын схемалары мен сипаттаулары бар олардың қуаттары туралы деректер көрсетілген жиынтық мәліметтер;
16) әскери немесе арнаулы мақсаттағы радиоэлектронды құралдармен радиожиіліктері белдеулерінің бөлінуін немесе пайдаланылуын ашатын мәліметтер;
17) байланыстың барлық түрлерінің, әскерлерді радиолокациялық, радиотехникалық қамтамасыз етудің ұйымдастырылуын немесе олардың жұмыс істеуін ашатын мәліметтер;
18) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң негiзгi қызмет түрлерiн ұстауды, ұйымдастыруды немесе олардың нәтижелерін ашатын мәліметтер;
19) қос мақсаттағы құралдарды, технологияларды дамытудың бағыттарын, бұл құралдарды, технологияларды жасау немесе жаңғырту жөніндегі нысаналы бағдарламаларды, ғылыми-зерттеу және (немесе) тәжірибе-конструкторлық жұмыстарды орындаудың мазмұнын, нәтижелерін ашатын мәліметтер;
20) қос мақсаттағы құралдарды, технологияларды әскери мақсаттарда қолдану туралы мәліметтер;
21) Қазақстан Республикасының ғарыштық инфрақұрылымдарын оның қорғаныс қабілеті мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде дамытудың перспективалары туралы және (немесе) оларды пайдалану туралы мәліметтер;
22) мемлекеттің қорғанысы мен оның қауіпсіздігі мүдделерінде гидронавтиканы дамытудың жай-күйін және (немесе) бағыттарын ашып көрсететін мәліметтер.
ҚР 02.04.04 ж. № 541-II (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 320-III (бұр.ред.қара); 2010.03.02. № 248-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 12-бап өзгертілді
12-бап. Экономика, білім, ғылым және техника саласында Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызылатын мәліметтер
Экономика, білім, ғылым және техника саласында мыналар мемлекеттік құпияларға жатқызылады:
1) Қазақстан Республикасының экономикасын соғыс уақытында орнықты жұмыс істеуге дайындауды айқындайтын көрсеткіштер туралы мәліметтер;
2) ғылым мен техника саласында принципті жаңа бұйымдарды жасауға пайдаланылуы мүмкін ең жаңа жетістіктердің, экономиканың түрлі салаларындағы технологиялық процестердің мәнін ашатын, сондай-ақ жария болуы мемлекет мүддесіне залал келтіруі мүмкін қару-жарақтар мен әскери техника мүмкіндіктерінің, олардың жауынгерлік тиімділігін арттырудың сапалық жаңа деңгейін анықтайтын мәліметтер;