2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 4-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4-1. Фитосанитариялық тәуекелі жоғары карантинге жатқызылған өнімді облысаралық тасымалдау уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы беретін карантиндік сертификаттар болған кезде жүзеге асырылады.
Облысаралық тасымалдау кезінде карантинге жатқызылған өнімнің карантиндік жай-күйін өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар - бастапқы тиеп-жөнелту орындарында және екінші рет карантинге жатқызылған өнімнің межелі орындарында куәландырады.
Үшінші бөлік 2019 ж. 27 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді
Мыналарға:
1) есепке алу нөмірін алған жеке және заңды тұлғаларға қайта өңдеуге жіберілген жағдайда, карантиндік арамшөптер (Strіga spp. текті карантиндік арамшөптерді қоспағанда) басқан астық пен оны қайта өңдеу өнімдеріне карантиндік сертификат беруге жол беріледі. Карантиндік арамшөптер (Strіga spp. текті карантиндік арамшөптерді қоспағанда) басқан астық пен оны қайта өңдеу өнімдері қайта өңделгеннен кейін карантинге жатқызылған өнімнің карантиндік жай-күйін өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар карантинге жатқызылған өнімді жете тексеру мен карантиндік фитосанитариялық сараптаманың және (немесе) зертханалық сараптаманың нәтижелері бойынша айқындайды;
2) қараөрік шаркасының (шешегінің) (Plum Pox Potyvіrus) вирусы, жалған қалқаншалы шымыр мен қалқаншалы шымырлардың карантиндік түрлері бар жемістер мен жидектерге карантиндік сертификат беруге жол беріледі.
Карантинге жатқызылған өнімді жүру жолында немесе межелі пунктінде басқа мекенжайға жіберу осы операция жүзеге асырылатын аумақтағы уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің рұқсатымен жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының карантиндік аймағынан әкетілген карантинге жатқызылған өнімді жүру жолында басқа мекенжайға жіберуге тыйым салынады.
Орны ауыстырылатын карантинге жатқызылған өнім межелі пунктінде екінші рет карантиндік жете тексеруге жатады.
Фитосанитариялық тәуекелі жоғары карантинге жатқызылған өнімнің межелі орындарында карантиндік сертификаттың түпнұсқасын өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асырған кезде алып қоюға тиіс.
2015.16.07. № 330-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді
5. Карантинге жататын өнiмдi және көлiк құралдарын тексеру мен залалсыздандыру, карантиндік фитосанитариялық сараптама және (немесе) зертханалық сараптама, карантин құжаттарын беру олардың иелерi қаражатының есебiнен, Қазақстан Республикасының өсiмдiктер карантинi саласындағы заңнамасына сәйкес және онда белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін карантинге жатқызылған өнім, карантинге жатқызылған өнім тасымалданатын көлік өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік қадағалауға және қажет болғанда фитосанитариялық қадағалау бекеттерінде карантиндік тексеруге, сондай-ақ тиісті актілер ресімделе отырып, карантинге жатқызылған өнім баратын жерде карантиндік тексеруге жатады.
Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор карантинге жатқызылған өнім иелерiне Қазақстан Республикасының өсiмдiктер карантинi саласындағы заңнамасын түсiндiредi, фитосанитариялық тәуекелі жоғары карантинге жатқызылған өнімге фитосанитариялық сертификаттың, карантиндік сертификаттың бар-жоғын анықтайды, көлiкті, карантинге жатқызылған өнiмді сыртқы қарап тексеруді жүргiзедi, өсiмдiктер зиянкестерiн, ауруларын және арамшөптердi анықтау мақсатында карантинге жатқызылған өнiмнен үлгiлердi iрiктеп алып, оларға сол жерде зерттеу жүргiзедi. Қажет болған кезде үлгiлер мен объектiлер уәкілетті ұйымға объектiлердiң қандай карантиндiк түрге жататынын растауға берiледi.
Егер тасымалдаушы карантинге жатқызылған өнiмдi мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау жүргізу үшін көрсетуден бас тартқан жағдайда, бұл өнім оның иесiнiң қаражаты есебiнен экспорттаушы елге немесе карантинге жатқызылған өнімді облысаралық тасымалдау жүзеге асырылған кезде жөнелтушіге қайтарылуға жатады, өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспектор карантинге жатқызылған өнімді экспорттаушы елге қайтару жүзеге асырылған кезде уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесін немесе Қазақстан Республикасының шекара органдарын және мемлекеттік кіріс органдарын бұл жөнінде хабардар етедi.
Карантинді объектілер табылған карантинге жатқызылған өнім қайтаруға, карантиндік арамшөптерден залалсыздандыруға, тазартуға немесе техникалық қайта өңдеуге, жоюға жатады. Карантинге жатқызылған өнімді залалсыздандыруға, тазартуға немесе қайта өңдеуге, оны жоюға байланысты шығыстарды оның иелері төлейді.
Карантиндi объектiлермен залалданған, ғылыми немесе өзге де құндылығы бар себу материалдары мен отырғызылатын материалдар олардың иелерi өтiнiш жасаған кезде уәкілетті ұйымға зерттеу үшiн берiледі. Карантиндi объектiлермен залалдану жойылған кезде себу материалдары мен отырғызылатын материалдар олардың иелерiне қайтарылады.
Карантинге жатқызылған өнімді алып қоюды (оның ішінде, почталық жөнелтілімдерден, қол жүгінен және багаждан) өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор жүзеге асырады, ол туралы алып қою актісі жасалады.
Карантинге жатқызылған өнім карантиндік жете тексеруден өткізілгеннен және өсімдіктер карантині жөніндегі қажетті іс-шаралар жүргізілгеннен кейін өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор ілеспе тауар-көлік құжаттарына мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылаудан және қадағалаудан өткені туралы белгіленген үлгідегі тиісті мөртабан басады және оның иесіне карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау актісін береді.
Фитосанитариялық бақылау бекеттерінде карантинге жатқызылған өніммен жүк операцияларын (басқа көлік құралдарына қайта тиеуді) оның иесі мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау және міндетті карантиндік жете тексеру жүргізілгеннен кейін өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектордың рұқсаты бойынша жүргізеді.
Фитосанитариялық бақылау бекеттерінде карантиндік жете тексеруден өткен әкелінетін карантинге жатқызылған өнім, сондай-ақ көлік құралдары карантинге жатқызылған өнімнің түпкілікті межелі пунктінде екінші рет карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалау жүргізу үшін өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторға беріледі.
Карантинге жатқызылған өнімнің межелі пунктінде карантинге жатқызылған өнімді және көлік құралдарын жете тексеруді, талдау мен сараптама жасауға үлгілерді іріктеп алуды уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары жүзеге асырады, морфологиялық белгілері бойынша карантинді объектілерге, бөтен текті түрлерге ұқсас организмдер, өсімдіктер ауруларының нышандары, карантинге жатқызылған өнімнің карантинді объектілермен және бөтен текті түрлермен зақымдану белгілері мәлім болған жағдайда, үлгілер өсімдіктер зиянкестерінің, ауруларының және арамшөптердің түрлік құрамын анықтау үшін зертханалық сараптамаға жіберіледі. Карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша осы өнімді пайдалану жағдайлары туралы жазбасы бар акт толтырылады.
2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді
6. Карантиндiк объектiлермен залалданған көлiк құралдары мен карантинге жатқызылған өнiмдер, залалсыздандыру көзделген өнiмдер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өсiмдiктер карантинi жөнiндегi Бас мемлекеттiк инспекторының ұйғарымы бойынша карантиндiк тұрғыдан ықтимал қаупi бар көлiк құралдары мен карантинге жатқызылған өнiмдер залалсыздандыруға жатады.
Карантиндік жете тексерудің нәтижелерi бойынша өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың ұйғарымдарымен көзделген карантинге жатқызылған өнiмдердi зарарсыздандыру карантинге жатқызылған өнім иеленушілерінің қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыруға рұқсат берілген жеке және заңды тұлғалармен шарттық негізде жүргізіледі.
Үшінші бөлік 2019 ж. 27 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді
Есепке алу нөмірін алмаған жеке және заңды тұлғалардың карантиндік арамшөптер (Strіga spp. текті карантиндік арамшөптерді қоспағанда) басқан астық пен оны қайта өңдеу өнімдерін карантиндік арамшөп өсімдіктерінің тұқымдары мен жемістерін өміршеңдіктен айыруды қамтамасыз ететін технологиялар бойынша қайта өңдеуіне, ағаш қаптама материалын зарарсыздандыруына және таңбалауына тыйым салынады.
Фитосанитариялық бақылау бекеттерінде карантинге жатқызылған өнiмде карантиндiк объектiлер анықталған кезде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде, фумигациялық камераларда, штабельдерде, кемелер мен баржалардың трюмдерінде, вагондарда, контейнерлерде және басқа да көлiк түрлерiнде залалсыздандыру бойынша жұмыстар жүргiзiледi.
Карантинге жатқызылған импорттық өнімді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының карантиндi аймақтарынан өнiмдi тасымалдаудан кейiн көлiк құралдарының барлық түрлерi өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспектор белгiлеген жерлерде өнiм қалдықтары жойыла отырып, мiндеттi тазартуға, ал қажет болған жағдайда - фумигациялануға жатады.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 13-1-баппен толықтырылды; 2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (2015 ж. 12 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 13-1-бап өзгертілді
13-1-бап. Карантинді объектілерді анықтау тәртібi
1. Карантинді объектілерді уақтылы анықтау, олардың таралу ошақтарының шекараларын айқындау мақсатында жер және орман алқаптары, ауыл шаруашылығы, әсемдік, дәрілік және басқа да дақылдардың егістіктері мен көшеттері, үйлер, ғимараттар, контейнерлер, қоймалар, өзге де объектілер және карантинге жатқызылған өнімді шығарумен, өңдеумен, сақтаумен, тасымалдаумен және өткізумен байланысты ұйымдардың аумақтары және карантинді объектілерді жұқтыру мен тарату көзі болуы мүмкін өзге де объектілер жүйелі түрде тексеруге жатады.
Бұл жұмыстарды орындауды өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың нұсқамалары бойынша жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы қамтамасыз етеді.
2015.16.07. № 330-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Зерттеп-қарау нәтижелерi, сондай-ақ бұл ретте анықталған өсiмдiктер зиянкестері, өсiмдiк ауруларын қоздырғыштар және арамшөптер осы объектiлердiң карантиндiк түрлерге жататынын айқындау және растау үшiн өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекторларға жiберiледi. Объектiлерді айқындау мүмкін болмаған жағдайда, өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар карантиндiк түрлерге жататынын растау үшiн оларды уәкілетті ұйымға жiбередi.
Уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшелерінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары аталған объектілерге бақылау зерттеп-қарауын жүргізеді. Зерттеп-қарау нәтижелері карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау жүргізілгені туралы актімен ресімделеді.
2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) Заңымен 14-бап өзгертілді
14-бап. Карантин белгiлеу мен оны алып тастау тәртібі
1. 2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Карантиндi аймақтарда карантиндi объектiлер залалдаған карантинге жатқызылған өнiмдi әкетуге тыйым салынады немесе шектеу енгiзiледi, өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар әзірленіп, жүзеге асырылады.
Карантиндi аймақтан әкетiлген залалданған өнiм қайтарылуға, тазартуға, залалсыздандырылуға немесе өңдеушi ұйымдарға берiлуге тиiс.
Залалданған өнiмдi залалсыздандыру немесе өңдеу мүмкiн болмаған жағдайда, ол нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген тәртiппен алынуға және жойылуға тиiс.
Карантиндiк шектеулер және өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар тiзбесi карантиндi аймақтың жеке, заңды тұлғалары мен халқына хабарланады.
2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен 4-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
4-тарау. Дауларды шешу және Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін
жауапкершілік
15-бап. Өсiмдiктер карантинi саласындағы дауларды шешу
Өсiмдiктер карантинi саласындағы даулар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шешiледi.
ҚР 18.02.02 ж. № 293-II Заңымен 16-бап өзгертілді; 2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен 16-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
16-бап. Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
ҚР 18.02.02 ж. № 293-II; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) Заңдарымен 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда
5-тарау. Өсiмдiктер карантинi жөніндегі iс-шараларды қаржыландыру
17-бап. 2004.20.12 № 13-III Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
ҚР 18.02.02 ж. № 293-II; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2009.17.07. № 189-IV (бұр.ред.қара) Заңдарымен 18-бап өзгертілді; 2015.16.07. № 330-V ҚР Заңымен 18-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
18-бап. Өсiмдiктер карантині жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Бюджет қаражаты есебінен:
1) уәкілетті орган осы Заңның 7-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес айқындаған карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі іс-шараларды, сондай-ақ шұғыл шаралар жүргізуді;
2) мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалау жүйесіне аудит жүргізу үшін импорттаушы ел өкілдерінің қолжетімділігін ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
3) импорттаушы ел өкілдерінің карантинді объектілер және (немесе) бөтен текті түрлер таралмаған немесе шектеулі таралған карантинге жатқызылған объектілерді, аймақтарды, орындарды, өндіріс учаскелерін инспекциялауын ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру жүзеге асырылады.
2. Жеке және (немесе) заңды тұлғалардың қаражаты есебiнен:
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың меншігіндегі және (немесе) жер пайдалануындағы жер учаскелерінде карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі іс-шаралар;
2) залалданған карантинге жатқызылған өнімді зарарсыздандыру, техникалық қайта өңдеу, тазарту және жою, карантинге жатқызылған өнiмді қайтару;
3) үй-жайлар мен көлік құралдарын зарарсыздандыру және тазарту орындалады.
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген іс-шараларды тиісті қаржы жылына арналған бюджет қаражаты есебінен оларды қаржыландыру көлемінен асыра қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздерден жүзеге асырылады.
6-тарау. Өсімдіктер карантині саласындағы халықаралық ынтымақтастық
19-бап. Өсiмдiктер карантинi саласындағы халықаралық ынтымақтастық принциптерi
Қазақстан Республикасы өсiмдiктер карантинi саласындағы халықаралық ынтымақтастықты карантиндi объектiлердi әкелу мен тарату жөніндегі өзара қауiпсiздiктi сақтау принциптерiн басшылыққа ала отырып, жүзеге асырады.
2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен 20-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
20-бап. Шетелдіктер мен шетелдік заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы аумағындағы өсiмдiктер карантинi саласындағы қызметi
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмесе немесе халықаралық шарттармен регламенттелсе, Қазақстан Республикасының аумағында шетелдіктер мен шетелдік заңды тұлғалардың өсiмдiктер карантинi саласындағы қызметiне жол берiледi.
21-бап. 2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының