1-баптың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«12) машиналар мен жабдықтардың сәйкестігін растау - нәтижесі машиналардың және (немесе) жабдықтардың техникалық регламенттерде, стандарттау жөніндегі құжаттарда немесе шарттардың талаптарында белгіленген талаптарға сәйкестігін (сәйкестік туралы декларация немесе сәйкестік сертификаты түрінде) құжатпен куәландыру болып табылатын рәсім;».
40. «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 15-16, 59-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат):
1) 1-баптың 15-2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«15-2) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы техникалық сарапшы - уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен аттестатталған жеке тұлға;»;
2) 14-баптың екінші бөлігіндегі «стандарттау жөніндегі және өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құжаттар» деген сөздер «стандарттау жөніндегі құжаттар» деген сөздермен ауыстырылсын.
41. «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 5, 22-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; 2015 ж., № 11, 52-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; 2017 ж., № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат):
1) 16-баптың 3-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті орган әзірлеген ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын қолдануға;»;
2) 23-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Статистикалық қызметті жүзеге асыру кезінде уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен әзірленген және бекітілген статистикалық сыныптауыштардың қолданылуы міндетті.».
42. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» 2010 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 9, 43-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; № 22-VІІ, 161-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; № 8-ІІ, 70-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 36-құжат):
1) 1-баптың 4) тармақшасындағы «нормативтік» деген сөз алып тасталсын;
2) 25-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы «стандарттарда» деген сөз «стандарттау жөніндегі құжаттарда» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 30-баптың 1-1-тармағындағы «өнімдер жөніндегі нормативтік құжаттарда» деген сөздер «стандарттау жөніндегі құжаттарда» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 41-баптың 1-тармағының 10) тармақшасындағы «стандарттар» деген сөз «стандарттау жөніндегі құжаттар» деген сөздермен ауыстырылсын.
43. «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 17-18, 113-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-І, 100-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 23-ІІ, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 8-І, 65-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 9, 22-құжат; № 11, 29-құжат; № 14, 51-құжат; № 16, 56-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат):
7-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдардың авиациялық стандарттары Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы заңнамасына сәйкес реттелуі жүзеге асырылатын стандарттау жөніндегі құжаттарға жатпайды.».
44. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 19-І, 99-құжат; № 19-ІІ, 103, 105-құжаттар; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат; № 21-І, 124-құжат; № 21-ІІ, 130-құжат; № 21-ІІІ, 135-құжат; № 22-ІІ, 145, 148-құжаттар; № 22-VІ, 159-құжат; № 23-ІІ, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 7-І, 47-құжат; № 7-ІІ, 56-құжат; № 8-І, 62-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 22-құжат; № 11, 29-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 51, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 20, 96-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 15, 47-құжат):
44-тармақтың 1) тармақшасы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
1) мынадай мазмұндағы 119-3-баппен толықтырылсын:
«119-3-бап. Байланыс жолдарын (желілерін), құрылысжайларын өтеусіз беру
Құрылыс салу аймағынан шығарылған байланыс жолдарын (желілерін), құрылысжайларын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылысқа тапсырыс беруші реконструкциялау учаскесінде шығару (көшіру) жүзеге асырылған байланыс жолдарының (желілерінің), құрылысжайларының меншік иесі болып табылатын ұйымның меншігіне өтеусіз беруге тиіс.»;
44-тармақтың 2) тармақшасының бірінші, екінші және үшінші абзацтары ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
2) 134-баптың 2-тармағында:
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жасау, сондай-ақ жол активтерін басқару;»;
15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«15) техникалық реттеу, өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында және стандарттау саласында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру;».
45. «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 13, 113-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 11, 80-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 23-І, 169-құжат; 2016 ж., № 8-ІІ, 66-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат):
1) 1-баптың 7), 16) және 23) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«7) қанықпаған мұнай өнімі - нормативтік техникалық құжаттардың және стандарттау жөніндегі құжаттардың талаптарына сәйкес келмейтін мұнай өнімі;»;
«16) мұнай өнімдерін өндіру - мұнай өнімдерін алуды қамтамасыз ететін, шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) оларды қайта өңдеу өнімдерін қайта өңдеу, сондай-ақ компаундтеу жөніндегі жұмыстар кешені;»;
«23) мұнай өнімдерінің базасы - мұнай өнімдерін қабылдауға, сақтауға, тиеп-жөнелтуге және өткізуге арналған технологиялық жабдықты, резервуар паркін, техникалық құрылғылар мен коммуникацияларды қамтитын ғимараттар мен құрылысжайлар кешені;»;
2) 4-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы саласындағы техникалық реттеу және стандарттау;»;
3) 7-бап мынадай мазмұндағы 21-6) тармақшамен толықтырылсын:
«21-6) құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарауды, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады;»;
4) 13-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мұнай өнімдері, сондай-ақ оларды өндіру, сақтау, тасымалдау, өткізу, жою және кәдеге жарату процестері мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы саласындағы техникалық реттеу мен стандарттау объектілері болып табылады.».
46. «Ғарыш қызметі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 1, 4-құжат; № 14, 92-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 56-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат):
1) 9-баптың 1-тармағының 18) тармақшасы «техникалық реттеу саласындағы» деген сөздерден кейін «және стандарттау саласындағы» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 10-баптың 2-тармағындағы «мен стандарттарға» деген сөздер «, халықаралық және ұлттық стандарттарға» деген сөздермен ауыстырылсын.
47. «Газ және газбен жабдықтау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 2, 8-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; 2016 ж., № 8-ІІ, 72-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 15, 49-құжат):
6-бап мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:
«16-1) құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарауды, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады;».
48. «Магистральдық құбыр туралы» 2012 жылғы 22 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 11, 79-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; 2016 ж., № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 23-ІІІ, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат):
6-бап мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарауды, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады;».
49-тармақ ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
49. «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 15, 80-құжат; 2014 ж., № 12, 82-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; № 21-І, 128-құжат; № 22-V, 152-құжат; 2016 ж., № 7-І, 47-құжат; № 7-ІІ, 55-құжат; 2017 ж., № 23-ІІІ, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 36-құжат):
1) 1-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) индустриялық сертификат - өтініш берушінің тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілердің тізілімінде бар екенін растайтын құжат;»;
мынадай мазмұндағы 1-1) және 4-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-1) кәсіпкерлік субъектілері - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген және Қазақстан Республикасының аумағында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын коммерциялық заңды тұлғалар, дара кәсіпкерлер, шаруа (фермер) қожалықтары;»;
«4-1) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілердің тізілімі - Ұлттық палата төралқасы бекітетін тәртіппен ерікті негізде қалыптастырылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілердің тізбесі;»;
2) 12-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілердің тізілімін қалыптастырады және жүргізеді, сондай-ақ өтініш берушілерді тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілердің тізіліміне ерікті түрде енгізу үшін өлшемшарттар әзірлейді;»;
3) 21-баптың 4-тармағының 11) тармақшасындағы «бекіту жатады.» деген сөздер «бекіту;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
«13) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ индустриялық сертификатты беру қағидаларын бекіту жатады.».
50. «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 7, 36-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-ІІ, 103, 104-құжаттар; № 20-І, 111-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 23-І, 169-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 53, 56-құжаттар; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат):
1) 12-баптың 1-тармағында:
34) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«34) өз құзыреті шегінде азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің, нормативтік актілердің және нормативтік техникалық құжаттардың жобаларын әзірлейді, бекітеді және келіседі;»;
мынадай мазмұндағы 34-1) тармақшамен толықтырылсын:
«34-1) құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарауды, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады;»;
2) 12-2-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) өз құзыреті шегінде азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің, нормативтік актілердің және нормативтік техникалық құжаттардың жобаларын әзірлейді, бекітеді және келіседі;»;
3) 13-бапта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) азаматтық қорғау саласында нормативтерді, нормативтік техникалық құжаттар мен қағидаларды әзірлейді, бекітеді және (немесе) келіседі, мемлекеттік салалық есепке алуды жүргізеді және осы деректерді уәкілетті органға ұсынады;»;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарауды, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады;»;
4) 65-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«65-бап. Өрт қауіпсіздігі саласындағы техникалық реттеу және стандарттау объектілерін жобалау, салу, реконструкциялау және шығару кезіндегі өрт қауіпсіздігі талаптары
Өрт қауіпсіздігі саласындағы техникалық реттеу және стандарттау объектілерін жобалау, салу, реконструкциялау және шығару кезінде:
1) өрт қауіпсіздігі саласындағы техникалық реттеу және стандарттау объектілерін орналастыру;
2) өрт қауіпсіздігі саласындағы техникалық реттеу және стандарттау объектілерін қолдану;
3) өрт қауіпсіздігі саласындағы техникалық реттеу және стандарттау объектілерін өрт сөндіру-техникалық тұрғыдан сыныптау;
4) өрт қауіпсіздігі саласындағы техникалық реттеу және стандарттау объектілерін өрт сөндіру деполары ғимараттарымен және құрылысжайлармен қамтамасыз ету;
5) адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
6) өрттің таралуын болғызбау;
7) өрт сөндіру мүмкіндігін қамтамасыз ету;
8) өрт сөндіру кезінде құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі талаптар сақталуға тиіс.»;
5) 66-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«66-бап. Өрт қауіпсіздігі саласындағы техникалық реттеу және стандарттау объектілерін пайдалану, сақтау, тасымалдау, қолдану және іске асыру кезіндегі өрт қауіпсіздігі талаптары»;
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Өрт қауіпсіздігі саласындағы техникалық реттеу және стандарттау объектілерін пайдалану, сақтау, тасымалдау, қолдану және іске асыру кезінде:».
51. «Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 8, 43-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-І, 101-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 22-ІІ, 144-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 14, 49-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат):
51-тармақтың 1) тармақшасының бірінші абзацы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
1) 1-бапта:
19) тармақша алып тасталсын;
51-тармақтың 1) тармақшасының үшінші абзацы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 20-1), 27-1), 27-2), 27-3), 29-1), 29-2), 44-1) және 44-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«20-1) жол жүрісін ұйымдастырудың техникалық құралдары - жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жолдың өткізу қабілетін арттыру үшін жолдарда қолданылатын құрылғылар, құрылысжайлар және бейнелер кешені;»;
51-тармақтың 1) тармақшасының бесінші - он бірінші абзацтары ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
«27-1) көлік құралдарының электрондық паспорттары (көлік құралдары шассилерінің паспорттары) және өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің электрондық паспорттары жүйелерінің әкімшісі (бұдан әрі - электрондық паспорттар жүйелерінің әкімшісі) - көлік құралдары электрондық паспорттарының (көлік құралдарының шассилері паспорттарының) және өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің электрондық паспорттарының жүйелерін пайдалануға беруді, пайдалануды, өнімділігін оңтайландыруды, қол жеткізуді қамтамасыз ету мен бақылауды, қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, техникалық қамтамасыз ету мәселелерін қадағалауды, жүйелерге қатысушылармен және билік органдарымен өзара іс-қимыл жасауды, осы жүйелерге жаңа қатысушыларды қосуды, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің осы жүйелердің функциялары саласындағы заңнамасын үндестіру үшін қажет шараларға бастамашылық жасауды қоса алғанда, осы жүйелерді жобалау жөніндегі іс-қимылдарды үйлестіру функциясы жүктелген, Еуразиялық экономикалық комиссия айқындайтын ұйым;
27-2) көлік құралдарының электрондық паспорттары (көлік құралдары шассилерінің паспорттары) және өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің электрондық паспорттары жүйесі (бұдан әрі - электрондық паспорттар жүйесі) - есептеуіш және коммуникациялық жабдықты, бағдарламалық қамтылымды, лингвистикалық құралдарды, ақпараттық ресурстарды, жүйелік персоналды және осы жүйеде белгіленген қағидалар бойынша өзара іс-қимыл жасайтын қатысушылар мен пайдаланушыларды қамтитын, сондай-ақ осы жүйенің белгіленген функцияларын орындаудың ақпараттық технологиясын іске асыратын құрылымдалған кешен;
27-3) көлік құралдарының электрондық паспорттары (көлік құралдары шассилерінің паспорттары) және өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің электрондық паспорттары жүйесінің ұлттық операторы (ұлттық әкімшісі) (бұдан әрі - электрондық паспорттар жүйесінің ұлттық операторы (ұлттық әкімшісі) - қауіпсіздікті және электрондық паспорттар жүйесіне қатысушылармен және билік органдарымен өзара іс-қимылды қамтамасыз ете отырып, электрондық паспорттар жүйелерінің әкімшісімен жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асыратын заңды тұлға;»;
«29-1) көлік құралының паспорты (көлік құралы шассиінің паспорты) - жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарымен жол жүруге арналған, жұмыс көлемі елу текше сантиметрден жоғары іштен жану қозғалтқышы немесе ең жоғары (жиынтық) қуаты төрт киловаттан асатын және (немесе) ең жоғары конструктивтік жылдамдығы сағатына елу километрден асатын электрлі қозғалтқышы (электрлі қозғалтқыштары) бар автомотокөлік құралдарына және олардың тіркемелеріне берілетін паспорт (шасси тұтынушыларға жеткізіп берілетін жағдайда көлік құралының шассиіне берілетін паспорт);
29-2) көлік құралының электрондық паспорты (көлік құралы шассиінің паспорты) - көлік құралдарының электрондық паспорттары (көлік құралдары шассилерінің паспорттары) жүйесінде ресімделген көлік құралының паспорты (көлік құралы шассиінің паспорты);»;
«44-1) өздігінен жүретін машина мен басқа да техника түрлерінің паспорты - жұмыс көлемі елу текше сантиметрден жоғары іштен жану қозғалтқышы немесе ең жоғары (жиынтық) қуаты төрт киловаттан асатын электрлі қозғалтқышы (электрлі қозғалтқыштары) бар тракторларға, өздігінен жүретін жол-құрылыс, коммуналдық, ауыл шаруашылығы машиналары мен жер үстінде рельссіз жүретін басқа да механикалық көлік құралдарына (жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарымен жол жүруге арналған, ең жоғары конструктивтік жылдамдығы сағатына елу километрден асатын автомотокөлік құралдарын қоспағанда) және олардың тіркемелеріне берілетін паспорт;
44-2) өздігінен жүретін машина мен басқа да техника түрлерінің электрондық паспорты - өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің электрондық паспорттары жүйесінде ресімделген өздігінен жүретін машина мен басқа да техника түрлерінің паспорты;»;
51-тармақтың 2) тармақшасы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
2) 9-бап мынадай мазмұндағы 12-1) және 12-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«12-1) электрондық паспорттар жүйесінің ұлттық операторын (ұлттық әкімшісін) айқындайды;
12-2) көлік құралдарының электрондық паспорттарын (көлік құралдары шассилерінің паспорттарын) және өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің электрондық паспорттарын жүргізу қағидаларын бекітеді;»;
3) 10-бап мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:
«14-1) құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарауды, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады;»;
51-тармақтың 4) тармақшасы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
4) мынадай мазмұндағы 15-1-баппен толықтырылсын:
«15-1-бап. Индустрия және индустриялық-инновациялық даму салаларындағы уәкілетті органның құзыреті
Индустрия және индустриялық-инновациялық даму салаларындағы уәкілетті орган:
1) электрондық паспорттар жүйелерін ұйымдастыру бөлігінде Көлік құралы паспортының (көлік құралының шассиі паспортының) және өздігінен жүретін машина мен басқа да техника түрлері паспортының бірыңғай нысандарын енгізу және электрондық паспорттар жүйелерін ұйымдастыру туралы келісімді іске асырады;
2) көлік құралдарының паспорттарын (көлік құралдары шассилерінің паспорттарын) және өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің паспорттарын ресімдеуді, оның ішінде көлік құралдарының электрондық паспорттарын (көлік құралдары шассилерінің паспорттарын) және өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің электрондық паспорттарын ресімдеуді жүзеге асыратын уәкілетті органдардың (ұйымдардың) және көлік құралдарын (көлік құралдарының шассилерін), өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерін жасаушы ұйымдардың бірыңғай тізілімінің ұлттық бөлігін қалыптастырады және жүргізеді;