3) электрондық паспорттар жүйесінің ұлттық операторын (ұлттық әкімшісін) айқындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыну береді;
4) көлік құралдарының паспорттарын (көлік құралдары шассилерінің паспорттарын) және өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің паспорттарын ресімдеу, оның ішінде көлік құралдарының электрондық паспорттарын (көлік құралдары шассилерінің паспорттарын) және өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің электрондық паспорттарын ресімдеу жөніндегі өкілеттіктерді ұйымдарға беру туралы немесе өкілеттіктерді беруден бас тарту туралы қорытынды беру тәртібі мен шарттарын айқындайды;
5) көлік құралының паспортын (көлік құралы шассиінің паспортын) және өздігінен жүретін машина мен басқа да техника түрлерінің паспортын қорғау элементтеріне қойылатын талаптарды бекітеді;
6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
5) 24-баптың 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жеке және заңды тұлғалар жол жүрісі саласындағы нормалардың, қағидалардың, техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттардың сақталуы тұрғысынан бақылауға жатады.
4. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы орындалуы міндетті нұсқамалар береді, ал осы нұсқамалар бойынша қажетті шаралар қолданылмаған жағдайда, кінәлі адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тартады.»;
6) 25-баптың 3-тармағының 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) қолданылуы стандарттау жөніндегі құжаттарда регламенттелген және жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі құжаттамада көзделген техникалық құралдарды, құрылғылар мен конструкцияларды пайдаланады;»;
7) 35-баптың 1-тармағының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«уәкілетті органдарға стандарттау жөніндегі құжаттарды жетілдіру жөнінде ұсыныстар, сондай-ақ ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды, жол жүрісі және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы техникалық нормалар мен басқа да нормативтік құжаттарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар енгізуге;»;
8) 37-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жолдарды, теміржол өтпелерін және басқа да жол құрылысжайларын ұлттық стандарттардың, нормалар мен қағидалардың талаптарына сәйкес жол жүрісіне қауіпсіз күйде күтіп-ұстауға;»;
9) 42-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) адам факторлары мен көлік құралдарының конструкциясын ескеріп және интеграциялай отырып, қауіпсіз жолдарды жобалау мен пайдалануға қатысты ұлттық стандарттарды әзірлеу және пайдалануға жәрдемдесу;»;
51-тармақтың 10) тармақшасы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
10) мынадай мазмұндағы 71-1-баппен толықтырылсын:
«71-1-бап. Электрондық паспорттар жүйесі ұлттық операторының (ұлттық әкімшісінің) құзыреті
Электрондық паспорттар жүйесі ұлттық операторының (ұлттық әкімшісінің) құзыретіне мыналар жатады:
1) электрондық паспорттар жүйесін пайдалану;
2) электрондық паспорттар жүйесінің жұмыс істеуін ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
3) электрондық паспорттар жүйесінің аппараттық-бағдарламалық кешеніне жүйелік-техникалық қызмет көрсету;
4) электрондық паспорттар жүйесіндегі ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету;
5) электрондық паспорттар жүйесінің мемлекеттік ақпараттық жүйелермен, сондай-ақ шет мемлекеттердің осыған ұқсас мақсаттағы ақпараттық жүйелерімен интеграциялануын қамтамасыз ету;
6) электрондық паспорттар жүйесінің әкімшісімен және оның қатысушыларымен өзара іс-қимыл жасау;
7) көлік құралының электрондық паспортын (көлік құралы шассиінің паспортын) және өздігінен жүретін машина мен басқа да техника түрлерінің электрондық паспортын ресімдеу кезінде көрсетілетін қызметтердің тарифтері мен оларды төлеу тәртібін айқындау және оларға өзгерістер енгізу;
8) көлік құралының электрондық паспортын (көлік құралы шассиінің паспортын) және өздігінен жүретін машина мен басқа да техника түрлерінің электрондық паспортын ресімдеу үшін қажет және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі, кеден ісі саласындағы, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы уәкілетті органдар мен жергілікті атқарушы органдар беретін мәліметтерді жинауды ұйымдастыру;
9) индустрия және индустриялық-инновациялық даму салаларындағы, жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі, кеден ісі саласындағы, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы уәкілетті органдар мен жергілікті атқарушы органдардың сұрау салуы бойынша көлік құралдарының электрондық паспорттарындағы (көлік құралдары шассилерінің паспорттарындағы) және өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің электрондық паспорттарындағы кез келген мәртебесі бар мәліметтерді толық көлемде және тек қана мемлекеттік міндеттер мен функцияларды іске асыру мақсатында пайдалану үшін төлемақы алмай беру;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.»;
11) 73-баптың ескертулерінің 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы бапта санамаланған көлік құралдарының және олардың өздігінен жүретін шассилерінің сыныптамасы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес айқындалады.»;
12) 91-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) техникалық қарап тексеру орталықтарының өндірістік үй-жайы мен аумағының ұлттық стандарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етуге;».
52. «Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» 2015 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 10, 49-құжат; № 15, 78-құжат; № 22-І, 143-құжат; № 22-V, 152-құжат; 2016 ж., № 8-ІІ, 67-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; № 14, 53-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 15, 48-құжат; № 16, 53-құжат):
2-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Заңның күші Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы заңнамасында айқындалған стандарттау жөніндегі құжаттарға, сондай-ақ қаржылық есептілік стандарттарына қолданылмайды.».
53. «Өзін-өзі реттеу туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 21-І, 127-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат):
1) 20-баптың 3-тармағындағы «техникалық реттеу саласындағы» деген сөздер «техникалық реттеу саласындағы және стандарттау саласындағы»деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 29-1-баптың 1-тармағындағы «бюджет қаражаты және өзге де көздер есебінен әзірленуі мүмкін» деген сөздер «әзірленеді» деген сөзбен ауыстырылсын.
54. «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-V, 155-құжат; 2016 ж., № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 20, 96-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 15, 50-құжат):
11-баптың 2-тармағының 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«11) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы стандарттау жөніндегі құжаттарды әзірлейді;».
55. «Бағалы металдар мен асыл тастар туралы» 2016 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 1, 3-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 44-құжат):
12-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сараптама жүргізу қағидаларына, сондай-ақ стандарттау жөніндегі құжаттарға сәйкес сараптама өтеулі негізде жүргізіледі.».
56. «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 7-І, 46-құжат; 2017 ж., № 14, 51-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 44-құжат; № 16, 53, 55-құжаттар):
1) 2-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы «тәртібін реттемейді.» деген сөздер «тәртібін;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы заңнамасында белгіленген стандарттау жөніндегі құжаттарды жоспарлау, әзірлеу, бекіту, тіркеу, есепке алу, жариялау, мониторингілеу және жаңартып отыру тәртібін реттемейді.»;
2) 25-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:
«Стандарттау жөніндегі құжаттың түрі ғана көрсетілетін заңнамалық актілерді қоспағанда, нормативтік құқықтық актілерде стандарттау жөніндегі құжаттарға сілтеме жасалған кезде олардың атауы не түрі көрсетіледі.
Нормативтік құқықтық актілерде ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды және ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын қолдану тәртібін стандарттау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.».
57. «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентің Жаршысы, 2018 ж., № 1, 3-құжат; № 10, 32-құжат):
13-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Бағалау стандарттары Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы заңнамасына сәйкес қабылдануы жүзеге асырылатын стандарттау жөніндегі құжаттарға жатпайды.».
2-бап. Осы Заң:
1) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағын, 3-тармағы 11) тармақшасының бірінші, үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы абзацтарын, 13) тармақшасының бірінші, екінші, үшінші, төртінші, жетінші және сегізінші абзацтарын, 7-тармағының 1) тармақшасын, 8, 9 және 17-тармақтарын, 21-тармағының 1) және 3) тармақшаларын, 4) тармақшасының бірінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы және жиырма бірінші абзацтарын және 5) тармақшасын, 29-тармағын, 32-тармағының 6) тармақшасын, 34) тармағының 2), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларын, 44-тармағының 1) тармақшасын, 2) тармақшасының бірінші, екінші және үшінші абзацтарын, 49-тармағын, 51-тармағы 1) тармақшасының бірінші, үшінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші абзацтарын, 2), 4) және 10) тармақшаларын;
2) 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағы 2) тармақшасының бірінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы абзацтарын, 11) тармақшасының екінші, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші және он үшінші абзацтарын, 12) тармақшасын, 13) тармақшасының бесінші және алтыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Осы Заң күшіне енгізілгенге дейін жүргізілген шама бірліктері эталондарын салыстырып тексеру өзінің қолданылуын салыстырып тексеру туралы сертификаттың мерзімі аяқталғанға дейін сақтайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2018 жылғы қазанның 5-і.
№ 184-VІ