10. Тиісті тұлғалар тобының Тізіліміне енгізілген тұтынушылар уәкілетті органның Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде немесе оның аймақтарының қандай да бірінде электр қуатының болжамды жабылмайтын тапшылығының туындауы туралы хабарламасын алған күннен бастап күнтізбелік қырық бес күн ішінде осы баптың 6-тармағында көзделген әрекеттер туралы шешім қабылдайды, бұларға сәйкес олар тапшылықты жабу үшін электр қуатын құруға қатысатын болады және оны уәкілетті органға жібереді.
11. Осы баптың 6-тармағының 1) - 3) тармақшаларында көрсетілген әрекеттерді орындау арқылы электр қуатын құруға қатысу туралы шешім қабылданған кезде тиісті тұлғалар тобының Тізіліміне енгізілген көтерме сауда нарығының субъектілері шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік бір жүз сексен бес күн ішінде уәкілетті органмен электр қуатын құруға шарт жасаса, онда генерациялайтын қондырғыларды пайдалануға беру мерзімі айқындалады.
12. Электр қуатын құруға шарт жасасқан күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде бірыңғай сатып алушы қосылған құн салығы ескерілмей бір айға 1 мегаватт үшін 1 теңге мөлшерінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке тариф бойынша уәкілетті орган белгілеген көлемде және мерзімдерге тиісті тұлғалар тобының Тізіліміне енгізілген көтерме сауда нарығының субъектісімен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарт жасасады.
Бірыңғай сатып алушы сатып алатын электр қуатының көлемі болжамды тапшылықтың тиісті тұлғалар тобы өзінің тұтынуы үшін талап ететін электр қуатын шегере отырып, болжамды тапшылық туындаған кезге есептелген, тиісті тұлғалар тобының Тізіліміне енгізілген тұтынушылардың жоғары жүктеме үлесіне, Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде немесе оның аймақтарының қандай да бірінде жалпы жоғары жүктемеге арақатынасы ретінде айқындалады.
Тиісті тұлғалар тобының Тізіліміне енгізілген көтерме сауда нарығының субъектісімен жасалған электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттың қолданылу мерзімі жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер жеңімпаздарымен жасалған дәл сол кезеңге белгіленеді.
13. Осы баптың 6-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген әрекетті орындау жолымен электр қуатын құруға қатысу туралы шешім қабылданған кезде тиісті тұлғалар тобының Тізіліміне енгізілген тұтынушылар бірыңғай сатып алушыдан Тізілімге енгізілген тұтынушылардың болжамды тапшылықты жабу үшін электр қуатын құруға қатысу қағидаларына сәйкес электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алады.
14. Осы баптың 11 және 12-тармақтарында көзделген шарттар қабылданған міндеттемелерді орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін жауаптылықты көздейді және үлгілік шарттар негізінде жасалады.
15. Осы Заңның 9-бабы 1-1-тармағының екінші және үшінші бөліктеріне сәйкес айқындалған бақылау болған кезде бір тұлғалар тобына кіретін, бірақ Тізілімге енгізілмеген энергия өндіруші ұйымдар мен тұтынушыларға осы бап пен осы Заңның 15-3, 15-4 және 15-6-баптарының тұлғалар тобы үшін белгіленген ережелері қолданылмайды.
15-6-бап. Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу тәртібі
1. Осы Заңның 15-1-бабының 8-тармағында көрсетілген жағдайда, уәкілетті орган осы Заңның 15-5-бабының 11-тармағында көзделген уәкілетті органмен жасалған шартқа сәйкес Тізілімге енгізілген көтерме сауда нарығының субъектілері құратын электр қуатының шамасын шегере отырып, болжамды тапшылықты жабу үшін электр қуатының көлеміне жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізеді.
2. Тендер негізінде жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылар үшін орналастыру орны (алаңы), отынның типі және түрі уәкілетті органның тапсырысы бойынша жүргізілген техникалық-экономикалық негіздеменің нәтижелері бойынша айқындалады.
3. Уәкілетті орган тендерлік құжаттама бекітілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, бірақ әлеуетті инвесторлар тендерге қатысу үшін құжаттар мен материалдарды ұсынатын соңғы күнге дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу туралы хабарландыруды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.
4. Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендерлік құжаттама топтамасы:
1) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың сипатын және талап етілетін техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын;
2) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу шартының жобасын қамтиды.
5. Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендерге:
1) құрылтай құжаттарының көшірмелерін;
2) генерациялайтын қондырғылар құнының жалпы көлемінің кемінде отыз пайызын өз қаражаты есебінен қаржыландыру есебімен алғанда, жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу үшін жеткілікті қаржы және материалдық ресурстарының бар екенін растайтын құжаттарды ұсынған әлеуетті инвесторлар қатысады.
6. Тендерлік комиссия жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер қорытындысын тендерлік өтінімдері бар конверттерді ашқан күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде шығарады.
Уәкілетті орган жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер қорытындысы шығарылған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу шартының жобасын жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер жеңімпазы деп танылған әлеуетті инвесторға жібереді.
Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер жеңімпазы жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу шартының жобасын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде көрсетілген шартқа қол қояды.
7. Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер:
1) әлеуетті инвесторлар екеуден аз болған;
2) барлық әлеуетті инвесторлар ұсынған құжаттар осы баптың 5-тармағына сәйкес келмеген жағдайларда өтпеді деп танылады.
Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өтпеді деп танылған жағдайда, уәкілетті орган қайта тендер өткізеді.
8. Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер қорытындысы шығарылған күннен бастап күнтізбелік қырық бес күн ішінде уәкілетті орган тендер жеңімпазымен жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға шарт жасасады, онда генерациялайтын қондырғыларды пайдалануға беру мерзімі және тендер жеңімпазының қабылдаған міндеттемелерді орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін жауаптылық айқындалады.
9. Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға шарт жасасқан күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде бірыңғай сатып алушы электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тариф бойынша уәкілетті орган белгілеген көлемде және мерзімдерге тендер жеңімпазымен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарт жасасады.
Тендер негізінде жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуаты пайдалануға берілген күнінен бастап жүйелік оператордың жыл сайынғы аттестаттауына жатады.
Электр қуатын кезекті аттестаттауды өткізу нәтижесінде тендер негізінде жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың аттестатталған электр қуатының мәні электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартта белгіленген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемінен аз болған жағдайда, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартта белгіленген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемі кезекті аттестаттау өткізілгенге дейінгі аттестатталған мәнге дейін төмендетіледі.
10. Осы баптың 8 және 9-тармақтарында көзделген шарттар үлгілік шарттар негізінде жасалады.
11. Уәкілетті орган Тізілімге енгізген энергия өндіруші ұйымдар мен тұтынушылар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға уәкілетті орган өткізетін тендерге қатысуға құқылы емес.».
35. «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 21, 124-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 92-құжат; № 24, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 60-құжат; 2009 ж., № 17, 80-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 53-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат):
1) кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Заң техникалық реттеу саласында өнімдерге, көрсетілетін қызметке, өмірлік цикл процестеріне қойылатын міндетті талаптарды айқындау, белгілеу, қолдану және орындау, сәйкестікті растау, аккредиттеу және мемлекеттік бақылау жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейді, сондай-ақ Қазақстан Республикасында өнімдердің, көрсетілетін қызметтердің және процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құқықтық негіздерін белгілейді.»;
2) 1-бапта:
4-1), 5-1) және 9-1) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 9-2) және 9-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«9-2) көлік құралдарын жасаушыларға халықаралық сәйкестендіру кодтарын беру - Қазақстан Республикасының аумағында шаруашылық қызметін жүзеге асыратын тұлға ретінде тіркелген көлік құралын жасаушыға жекелеген таным белгілерін бекітіп беру;
9-3) көлік құралын жасаушыға халықаралық сәйкестендіру кодын беру туралы куәлік - Қазақстан Республикасының аумағында шаруашылық қызметін жүзеге асыратын тұлға ретінде тіркелген көлік құралын жасаушыға халықаралық сәйкестендіру кодының берілгенін растайтын құжат;»;
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10) көрсетілетін қызмет - жеке және (немесе) заңды тұлғалардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған, нәтижелерінің материалдық мәні болмайтын қызмет;»;
11-1) тармақша алып тасталсын;
13), 14) және 15) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«13) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі - техникалық реттеу саласындағы жұмыстарды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттік органдар;
14) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тізілімі - техникалық регламенттерді және нормативтік техникалық құжаттарды, сәйкестікті растау жөніндегі органдарды, сынақ зертханаларын, сәйкестікті растау, аккредиттеу, тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды және сәйкестікті растау саласында берілген құжаттарды есепке алу құжаты;
15) мүдделі тараптар - қызметі техникалық регламенттерді әзірлеумен тікелей байланысты жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ қатысуы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген өзге де тұлғалар;»;
17) және 17-2) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 17-3) тармақшамен толықтырылсын:
«17-3) өзара байланысты стандарт - техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың орындалуын қамтамасыз ететін ұлттық стандарт;»;
18-2), 22), 38), 39), 40), 40-1), 41) және 42) тармақшалар алып тасталсын;
48-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«48-1) техникалық хатшылық - көлік құралы типін мақұлдауды, шасси типін мақұлдауды ресімдеудің дұрыстығын және негізділігін тексеру жөніндегі, көлік құралдарын жасаушыларға халықаралық сәйкестендіру кодтарын беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға уәкілетті орган айқындайтын ұйым;»;
49), 51), 52), 53), 53-1), 54) және 55) тармақшалар алып тасталсын;
3) 3-баптың 1-тармағы алып тасталсын;
4) 4-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасының бесінші абзацындағы «жою;» деген сөз «жою болып табылады.» деген сөздермен ауыстырылып, 2) тармақша алып тасталсын;
2-тармақта:
7) тармақшадағы «, стандарттардың» деген сөз алып тасталсын;
8) тармақша алып тасталсын;
5) 5-бапта:
мынадай мазмұндағы 3-2) тармақшамен толықтырылсын:
«3-2) Стандарттау жөніндегі ұлттық орган;»;
6) тармақша және 8) тармақшадағы «сарапшы-аудиторлар;» деген сөздер «сарапшы-аудиторлар құрайды.» деген сөздермен ауыстырылып, 9) тармақша алып тасталсын;
6) 6-бап мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) техникалық регламенттер талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органды айқындау;»;
7) 7-бапта:
бірінші бөлікте:
мынадай мазмұндағы 3-2) және 3-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«3-2) көлік құралдарын жасаушыларға халықаралық сәйкестендіру кодтарын беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
3-3) көлік құралын жасаушыға халықаралық сәйкестендіру кодын беру туралы куәліктің нысанын әзірлейді және бекітеді;»;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі халықаралық және өңірлік ұйымдарда Қазақстан Республикасын білдіреді, сәйкестікті растау нәтижелерін өзара тану жөніндегі жұмыстарға қатысады;»;
8-1) және 9) тармақшалар алып тасталсын;
11) тармақша «растау,» деген сөзден кейін «аккредиттеу,» деген сөзбен толықтырылсын;
15), 20) және 25) тармақшалар алып тасталсын;
екінші бөлік алып тасталсын;
8) 8-бапта:
бірінші бөлікте:
1) тармақша алып тасталсын;
2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) техникалық регламенттерді немесе техникалық регламенттерге өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды әзірлеу туралы ұсыныстарды дайындауды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті органға енгізуді;
3) техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды;»;
5), 6) және 7) тармақшалар алып тасталсын;
8) тармақшадағы «стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді,» деген сөздер алып тасталсын;
9) және 10) тармақшалар алып тасталсын;
екінші бөлік алып тасталсын;
9) мынадай мазмұндағы 8-2-баппен толықтырылсын:
«8-2-бап. Стандарттау жөніндегі ұлттық органның техникалық реттеу саласындағы өкілеттіктері
Стандарттау жөніндегі ұлттық орган:
1) техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;
2) техникалық регламенттерді әзірлеуге қатысады;
3) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
10) 11-бап алып тасталсын;
11) 14-баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) техникалық реттеу саласындағы техникалық регламенттерді, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, өзгерту, олардың күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындайды;
2) қажет болған жағдайда, осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарда тиісті бөлімшелер мен қызметтерді құрады.»;
12) 15-бап алып тасталсын;
13) 16-1-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
«Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау жөніндегі комиссияның құрамына тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторлар, уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Стандарттау жөніндегі ұлттық органның және өзге де ұйымдардың өкілдері енгізіледі.»;
14) 17-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Егер өнім өндіру кезінде өзара байланысты стандарттар пайдаланылса, техникалық регламенттердің талаптары орындалды деп есептеледі.
Өзара байланысты стандарттарды талдауды және жүйеге келтіруді Стандарттау жөніндегі ұлттық орган Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
Өнім өндіру кезінде техникалық регламенттерде белгіленген талаптар мен нормалардың орындалуы қамтамасыз етілетін жағдайда өзге де стандарттарды пайдалануға болады.»;
15) 18-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Техникалық регламенттерде өнімдердің, процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін талаптар белгіленеді.»;
16) 19-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Техникалық регламентті әзірлеу, өзгерту, толықтыру немесе оның күшін жою жөніндегі ұсыныстарды құзыретіне міндетті қағидалар мен нормаларды белгілеу кіретін мемлекеттік органдар стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Стандарттау жөніндегі ұлттық органның, мүдделі тараптардың ұсыныстарын ескере отырып дайындайды және уәкілетті органға береді.»;
17) 20, 21, 21-1, 21-2, 22, 23, 24, 25 және 25-1-баптар алып тасталсын;
18) 26-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғау құралдарын сертификаттау Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.»;
19) 27-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Өнімнің сәйкестігін міндетті растау техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестікке жүзеге асырылады.»;
20) мынадай мазмұндағы 27-3-баппен толықтырылсын:
«27-3-бап. Көлік құралдарын жасаушыларға халықаралық сәйкестендіру кодтарын беру
1. Көлік құралдарын жасаушыларға халықаралық сәйкестендіру кодтарын беруді техникалық хатшылық көлік құралдарын жасаушыларға халықаралық сәйкестендіру кодтарын беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.
2. Көлік құралын жасаушы көлік құралын жасаушыға халықаралық сәйкестендіру кодын беру туралы куәлікті алу үшін көлік құралдарын жасаушыларға халықаралық сәйкестендіру кодтарын беру қағидаларына сәйкес құжаттар тізбесін техникалық хатшылыққа жібереді.
3. Көлік құралдарын жасаушыларға халықаралық сәйкестендіру кодтарын беру бойынша құжаттарды қарау олар техникалық хатшылыққа келіп түскен күннен бастап есептелетін күнтізбелік отыз күн ішінде жүзеге асырылады.
4. Құжаттарды қарау нәтижелері бойынша көлік құралын жасаушыға көлік құралын жасаушының халықаралық сәйкестендіру кодын беру туралы куәлік беріледі.».
36. «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 7-8, 18-құжат; 2006 ж., № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; № 22-І, 140-құжат; № 22-V, 152, 158-құжаттар; № 23-ІІ, 170-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 42-құжат):
25-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) ұлттық стандарттарға сәйкес елді мекендерді жобалау, салу және оларда құрылыс жүргізу, тұрғын аудандарды қалыптастыру, жаңадан игерілетін және реконструкцияланатын аумақтар мен басқа да елді мекендерді абаттандыру кезінде мүгедектердің тұрғын, қоғамдық және өндірістік ғимараттарға, құрылысжайларға және үй-жайларға кіріп-шығуын;»;
3-тармақтың бірінші бөлігіндегі «мемлекеттік» деген сөз «ұлттық» деген сөзбен ауыстырылсын.
37. «Мақта саласын дамыту туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 16, 130-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 20-І, 110-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат):
1) 1-баптың 13), 18) және 20) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«13) мақтаның сапасы - стандарттау жөніндегі құжаттардың талаптарына сәйкестігін анықтайтын мақтаның тұтыну қасиеттерінің жиынтығы;»;
«18) мақта талшығы бумасы - техникалық регламенттердің және стандарттау жөніндегі құжаттардың талаптары сақтала отырып, шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы қайта өңдеу нәтижесінде алынған мақта талшығының ерекше тәсілмен нығыздалған белгілі бір көлемі;»;
«20) мақта талшығы сапасының паспорты - мақта талшығы сапасының нақты көрсеткіштерін және олардың стандарттау жөніндегі құжаттардың және (немесе) келісім шарттардың талаптарына сәйкестігін куәландыратын құжат;»;
2) 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«3-бап. Мақта саласын мемлекеттік реттеудің мақсаты
Мақта саласын мемлекеттік реттеудің мақсаттары ғылыми негізделген инновациялық технологияларды енгізу, мақта шаруашылығын техникалық реттеу, стандарттау және индустрияландыру, оны тоқыма және тамақ өнеркәсібімен интеграциялау негізінде отандық мақта саласын дамыту, бәсекеге қабілеттілігін арттыру, мақта нарығына қатысушылар арасындағы қатынастарды реттеу болып табылады.»;
3) 7-баптың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«14) техникалық регламенттерді әзірлеу туралы ұсыныстарды дайындау және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға енгізу, сондай-ақ құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарау және стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындау;»;
4) 8-баптың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) уәкілетті органға мақта саласын дамыту саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу, сондай-ақ құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарау және стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау, күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындау;»;
5) 12-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мақта дайындау ұйымы нормативтік құқықтық актілерде, техникалық регламенттерде және стандарттау жөніндегі құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес шитті мақта сатып алуды және дайындауды жүзеге асырады.»;
6) 13-баптың 4-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мақтаны қабылдау мен сақтау шарттарын сақтауға және нормативтік құқықтық актілерде, техникалық регламенттерде және стандарттау жөніндегі құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті қамтамасыз етуге;».
38. «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 133-құжат; 2009 ж., № 18, 86-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; № 22-VІІ, 161-құжат; 2016 ж., № 8-ІІ, 70-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат):
1) 14-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Байыту (фортификациялау) әдістері және тамақ өнімдерін байыту (фортификациялау) процесінде пайдаланылатын материалдар мен бұйымдар нормативтік-техникалық құжаттаманың талаптарына, санитариялық-эпидемиологиялық қағидалар мен нормаларға және стандарттау жөніндегі өзге де құжаттарға сәйкес келуге тиіс.»;
2) 26-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Экологиялық таза тамақ өнімін өндіру (дайындау), таңбалау экологиялық таза тамақ өнімін өндіруге (дайындауға) арналған стандарттау жөніндегі құжаттардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.».
39. «Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 137-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат):