2007.09.01. № 213-III ҚР Заңымен 6 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде белгіленген арнайы экологиялық талаптарды ескере отырып, балық шаруашылығын, су көлігін дамыту, мемлекеттік геологиялық зерттеу, көмірсутекті шикізатты барлау және өндіру үшін мүмкіндіктер қамтамасыз етіледі.
2023.02.01. № 184-VІІ ҚР Заңымен 73-1-баппен толықтырылды (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
73-1-бап. Мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің түрлері
Мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілеріне мыналар жатқызылады:
1) мемлекеттік орман қорының ерекше құнды екпелері;
2) сулы-батпақты алқаптар;
3) негізгі орнитологиялық аумақтар;
4) бірегей табиғи су объектілері немесе олардың учаскелері;
5) ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар жер қойнауы учаскелері;
6) өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлері;
7) өсімдіктер дүниесінің ерекше ғылыми және (немесе) тарихи-мәдени маңызы бар бірегей дара объектілері.
16-тарау. Мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерi
74-бап. Мемлекеттік орман қорының ерекше құнды екпелерi
1. Мемлекеттік орман қорының ерекше құнды екпелеріне ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құрамына енгізілуі не ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мына санаттарына енуі мүмкін ерекше құнды орман алқаптары, орман жемісі екпелері, тоғайлы және субальпілік орман алқаптары жатады:
1) генетикалық орман резерваттарын қоса алғанда, ғылыми маңызы бар орман учаскелері;
2) жаңғақ кәсіпшілігі аймақтары;
3) субальпілік ормандар.
2. Мемлекеттік орман қорының ерекше құнды екпелер учаскелерінде осы Заңға және Қазақстан Республикасының орман заңнамасына сәйкес оларды күзету мен пайдаланудың қорықтық немесе қаумалдық режимі белгіленеді.
2023.02.01. № 184-VІІ ҚР Заңымен 75-бап жаңа редакцияда (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
75-бап. Сулы-батпақты алқаптар
1. Өсімдіктер мен жануарлардың халықаралық және республикалық ресурс болып табылатын, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін қоса алғанда, өсімдік түрлерінің (кіші түрлерінің) немесе су маңындағы жануарлардың, ең алдымен қоныс аударатын суда жүзетін құстардың едәуір жиынтығының резерваттары қызметін атқаратын теңіз акваторияларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының аумағындағы табиғи және жасанды су айдындары сулы-батпақты алқаптар болып табылады.
2. Сулы-батпақты алқаптар өз мәні бойынша халықаралық маңызы бар және республикалық маңызы бар болып бөлінеді. Олар қолданыстағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құрамына енгізілуі мүмкін не олардың негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жаңа ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрылуы мүмкін.
Халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптардың тізімі Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес қалыптастырылады.
Халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптар мен республикалық маңызы бар сулы-батпақты алқаптардың тізімдерін жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді.
3. Сулы-батпақты алқаптарда суда жүзетін құстар мекендейтін жерлерді күзетуді және қалпына келтіруді қамтамасыз ететін қорықтық және (немесе) тапсырыстық режимдер не шаруашылық қызметтің реттеліп отыратын режимі белгіленеді.
4. Сулы-батпақты алқаптарда сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін қоса алғанда, жануарлар дүниесінің түрлерін қорғау және өсімін молайту жөніндегі шаралар көзделеді. Сулы-батпақты алқаптарды сақтауды қамтамасыз ету мақсатында жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган оларды дамыту жоспарларын бекітеді.
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 75-1-баппен толықтырылды; 2023.02.01. № 184-VІІ ҚР Заңымен 75-1-бап жаңа редакцияда (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
75-1-бап. Негізгі орнитологиялық аумақтар
1. Негізгі орнитологиялық аумақ деп қыстау немесе қоныс аудару кезінде дамылдау орындарында ұя салу, түлеу кезеңінде құстардың бір немесе бірнеше түрлерінің шоғырлану орны болып табылатын аумақ түсініледі.
Негізгі орнитологиялық аумақтарға маңызды ғылыми және танымдық мәні бар учаскелер жатқызылуы мүмкін. Негізгі орнитологиялық аумақтар ретінде табиғи мекендейтін жерлер мен жасанды жасалған объектілер: су қоймалары, тоғандар, ормансыз аудандардағы жасанды орман екпелері және құстардың түрлерінің үлкен саналуандығымен және санымен сипатталатын өзге де объектілер бола алады.
2. Қазақстанның негізгі орнитологиялық аумақтары республикалық және халықаралық негізгі орнитологиялық аумақтар желісінің бір бөлігі болып табылады. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның жәрдем көрсетуімен республикада елдің негізгі орнитологиялық аумақтарының каталогы басып шығарылады және ол кезең-кезеңмен нақтыланып тұрады, онда олардың кеңістікте орналасуы туралы деректер мен осы аумақтардың сипаттамасы қамтылады.
76-бап. Бірегей табиғи су объектілері немесе олардың учаскелерi
1. Бірегей табиғи су объектілеріне немесе олардың учаскелеріне теңіздер, өзендер, көлдер, мұздақтар және басқа да жер бетіндегі су объектілері немесе олардың ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық маңызы бар бөліктері жатады.
2. Бірегей табиғи су объектілері немесе олардың учаскелері олардың маңыздылығына байланысты республикалық немесе жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерінің құрамына енгізіледі, сондай-ақ олардың шекарасында ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жекелеген түрлері құрылуы мүмкін.
3. Бірегей табиғи су объектілерінде немесе олардың учаскелерінде осы Заңға және Қазақстан Республикасының су заңнамасына сәйкес олардың қорғалуын қамтамасыз ететін су пайдаланудың қорықтық, қаумалдық немесе реттелмелі режимдері белгіленеді.
77-бап. Ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар жер қойнауы учаскелерi
1. Ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар жер қойнауы учаскелеріне мыналар жатады:
1) геологиялық объектілер - тіреуіш немесе айрықша тіліктер, айрықша тектоникалық құрылымдар, сирек кездесетін тау жыныстары мен минералдары, метеориттер, фауна мен флораның сақталып қалған қазба қалдықтары кездесетін табиғи және жасанды жалаңаштанған жерлер;
2) геоморфологиялық объектілер - рельефтің пайда болу процестерін айқын көрсететін және туризм мен рекреация үшін ерекше құндылық сипаты бар сатылы жерлер, су жайылмалары, үңгірлер, сай-салалар, шатқалдар, сарқырамалар және рельефтің басқа да нысандары;
3) гидрогеологиялық объектілер - бірегей және сирек қасиеттерімен ерекшеленетін жер астындағы сулар және олардың жер бетіне шығатын жолдары;
4) жартастағы суреттері, ертеде кен өндірілген жерлері және тарихи, археологиялық және этнографиялық маңызы бар жер қойнауын пайдалану жөніндегі басқа да объектілері бар жер қойнауы учаскелері.
2. Ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар жер қойнауы учаскелерінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік табиғи-қорық қорының геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық объектілерінің сақталуына қатер төндіретін кез келген қызметке тыйым салынады.
78-бап. Өсiмдiктер мен жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар түрлерi
2023.02.01. № 184-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Өсiмдiктер мен жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді және олар туыстас топтар бойынша қалыптастырылады.
1-1. 2023.02.01. № 184-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Мемлекет өсiмдiктер мен жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар түрлерін қорғауды жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғалар оларды қорғау жөнінде шаралар қолдануға міндетті.
2023.02.01. № 184-VІІ ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1. Саны және тұрақты тіршілік ету жағдайлары табиғи еркіндік жағдайында олардың өсімдерін молайтуға және гендік қорын сақтауға төнетін қатерді болғызбайтын шекке дейін қалпына келтірілген өсімдіктер мен жануарлар түрлері өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерінің тізбесінен алып тасталуға жатады.
3. 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2023.02.01. № 184-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын алып қою «Өсімдіктер дүниесі туралы» және «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде жүзеге асырылады.
79-бап. Ерекше ғылыми және (немесе) тарихи-мәдени маңызы бар өсімдіктер дүниесінің бірегей дара объектілерi
1. Ерекше ғылыми және (немесе) тарихи-мәдени маңызы бар өсімдіктер дүниесінің бірегей дара объектілеріне ғылыми ынта туғызатын және (немесе) тарихи-мәдени маңызы бар бірегей қасиеттерімен (шығу тегінің тарихымен, тіршілік ұзақтығымен, діңінің, ұшарбасының пішімімен және көлемімен, гүлдерінің, жемістерінің және тұқымдарының мөлшерімен, басқа қасиеттерімен) сипатталатын ағаштардың, бұталардың және шөп тектес өсімдіктердің табиғи ортада немесе жасанды жағдайларда кездесетін дара даналары және (немесе) жекелеген топтары жатады.
2. Ерекше ғылыми және (немесе) тарихи-мәдени маңызы бар өсімдіктер дүниесінің бірегей дара объектілерін мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілері ретінде бөлу, жерге орналастыру, орман орналастыру, қала құрылысы жұмыстары кезінде жүргізіледі.
3. Мемлекет ерекше ғылыми және (немесе) тарихи-мәдени маңызы бар өсімдіктер дүниесінің бірегей дара объектілерін қорғауды жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілері болып жарияланған ерекше ғылыми және (немесе) тарихи-мәдени маңызы бар өсімдіктер дүниесінің бірегей дара объектілерін қорғау жөнінде шаралар қолдануға міндетті.
17-тарау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесімен байланысты
экологиялық желінің элементтерi
80-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесімен байланысты экологиялық желінің элементтері ұғымы
1. Өздерінің экологиялық жүйелерінің жай-күйі және өздерінің орналасуы бойынша ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесімен байланысты және ел аумағының табиғи және мәдени ландшафтардың орнықтылығын, биологиялық саналуандығын сақтауды қамтамасыз ететін кеңістік тұрғысынан алғанда өзара байланысып тұратын жер, су беті және олардың үстіндегі әуе кеңістігі учаскелерінің жиынтығын білдіретін табиғи кешендер экологиялық желінің элементтері болып табылады.
2. Экологиялық желінің элементтеріне сауықтыру және рекреациялық мақсаттағы жер учаскелері, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың күзетілетін аймақтары, экологиялық дәліздер, мемлекеттік орман қоры, су қорғау аймақтары, су объектілерінің алаптары және басқа да табиғи объектілердің қорғалатын учаскелері, соның ішінде аң аулау алқаптары жатады.
3. Сауықтыру және рекреациялық мақсаттағы мемлекеттік орман қорының жер учаскелерін, су қорғау аймақтары мен су объектілерінің алаптарын, аң аулау алқаптарын, балық шаруашылығының су айдындарын белгілеу мен пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасының арнайы заңнамасымен реттеледі.
81-бап. Экологиялық дәліздер
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Экологиялық дәлiздер барлық санаттағы жер учаскелерінде оларды жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай, мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiн, биологиялық әртүрлілікті сақтау, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда мекендейтiн жануарлардың табиғи қоныс аудару және өсетiн өсiмдiктердiң таралу жолдарын қорғау мен жайластыру мақсатында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен экологиялық желiнiң басқа да элементтерi арасындағы кеңiстiкті байланысты қамтамасыз ету үшiн құрылады.
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Экологиялық дәліздер учаскелерінде жабайы жануарлардың уақытша мекендейтін жерлерінде олардың сақталуын, қоныс аудару кезеңдерінде олардың жүріп өтетін жолдарының сақталуын, жабайы өсімдіктер өсетін жерлердің сақталуын қамтамасыз ететін осы жерлерді пайдаланудың реттелмелі режимі белгіленеді.
Экологиялық дәліздер режимінің ерекшеліктері ерекше қорғалатын табиғи аумақтың паспортында айқындалады.
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Экологиялық дәліз құру туралы шешімді жаратылыстану-ғылыми негіздеме негізінде уәкілетті органның ұсынысы бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қабылдайды.
Экологиялық дәліздердің шекаралары табиғи географиялық шептер бойынша белгіленеді және жергілікті жерлерде арнайы белгілермен белгіленеді.
Экологиялық дәліздерді қорғау мен басқаруды табиғат қорғау мекемелері және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымдар жүзеге асырады. Экологиялық дәліздерді табиғат қорғау мекемелеріне және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымдарға бекітіп беру уәкілетті органның шешімімен жүргізіледі.
4. Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасы, аумақтық дамудың өңіраралық схемалары, қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемалары мен экологиялық дәліздер аумағын қозғайтын өзге де қала құрылысы құжаттамасы уәкілетті органмен келісілуге тиіс.
18-тарау. Қорытынды ережелер
82-бап. Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамасын бұзушылықтан келтірілген залалды өтеу
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілеріне залал келтірген жеке және заңды тұлғалар келтірілген шығындарды ескере отырып, оны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін қалпына келтіруге жұмсалған шығындар мөлшерінде табиғат қорғау ұйымдарына толық көлемде өтеуге міндетті.
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 83-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
83-бап. Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
84-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы халықаралық ынтымақтастық
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы халықаралық ынтымақтастық Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 84-1-баппен толықтырылды
84-1-бап. Табиғат қорғау мекемелерінің лауазымды адамдары мен мамандарын құқықтық және әлеуметтік қорғау
1. Табиғат қорғау мекемелерінің лауазымды адамдары мен мамандары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық және әлеуметтiк қорғалуға жатады.
2-тармақ 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2. Ауылдық жерлерде табиғат қорғау функцияларын жүзеге асыратын табиғат қорғау мекемелерінің лауазымды адамдары мен мамандарына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар белгіленеді.
3. Табиғат қорғау мекемелерінің лауазымды адамдары мен мамандарына жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша мал жаю және шөп шабу үшін жер учаскелері беріледі.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 84-2-баппен толықтырылды
84-2-бап. Өтпелі ережелер
1. Осы Заңның 23-бабы 2-тармағының екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінің ережелері осы бап қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған не берілген пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған келісімшарт немесе пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензия бойынша барлау не геологиялық бөлу учаскесі шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде табылған кен орнында ғана пайдалы қатты қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда) өндіру мақсаттары үшін қолданылады.
2. Осы Заңның 48-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында белгіленген тыйым салу пайдалы қатты қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда) барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін осы бап қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған және берілген келісімшарттар мен лицензияларға қолданылмайды.
85-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібi
1. Осы Заң, 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 32-бабын қоспағанда, ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
2. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 1997 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 жыл, № 17-18, 215-құжат; 1999 ж., № 11, 357-құжат; 2001 ж., № 3, 20-құжат; № 24, 338-құжат; 2004 ж., № 10, 57-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Н. Назарбаев
Астана, Ақорда, 2006 жылғы шілденің 7-сі.
№ 175-III ҚРЗ