2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Өзге де ғылыми ұйымдар мен жекелеген ғалымдар мемлекеттік табиғи қорықтардың аумақтарында уәкілетті органмен келісім бойынша мемлекеттік табиғи қорықпен шарттық негізде ғылыми зерттеулер жүргізе алады.
5. Ғылыми зерттеулердің жоспарларын, ғылыми қызметкерлердің есептерін қарау және бекіту үшін мемлекеттік табиғи қорықтарда ғылыми-техникалық кеңестер құрылады, олардың құрамына басқа ұйымдардың ғылыми қызметкерлері мен мамандары кіре алады.
6. Мемлекеттік табиғи қорықтардың ғылыми қорлары мерзімсіз сақталуға жатады.
7. Мемлекеттік табиғи қорықтардың өздерінің ғылыми еңбектерін басып шығаруға құқығы бар.
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
8. Мемлекеттік табиғи қорықтардың аумағында ғылыми жұмыстарды жоспарлау мен жүргізу жануарларды мазасыздануға, зардапқа, өлім-жітімге ұшырататын және өсімдіктерді, соның ішінде сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнгендерін жойып жіберетін зерттеулердің қатыгез әдістері қолданылмай жүзеге асырылуға тиіс.
42-бап. Мемлекеттік табиғи қорықтардың экологиялық-ағартушылық қызметi
1. Мемлекеттік табиғи қорықтардың экологиялық-ағартушылық қызметі:
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) мемлекеттік табиғи қорықтардың биологиялық саналуандықты сақтау функцияларын орындауының қажетті шарты ретінде қорық ісі идеяларын халықтың қалың топтарының қолдауын қамтамасыз ету;
2) экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен дамыту мақсаттарында жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік табиғи қорықтарда экологиялық-ағартушылық шараларын жүргізу үшін мұражайлар, экспозициялар, көрсетілім жасау учаскелері және басқа да объектілер құрылуы мүмкін.
3. Мемлекеттік табиғи қорықтарда ерекше құнды экологиялық жүйелер мен объектілерді қамтымайтын арнайы бөлінген учаскелерде уәкілетті орган белгілеген тәртіппен реттелмелі экологиялық туризм өткізу үшін экскурсиялық соқпақтар мен маршруттар құруға жол беріледі.
4. Мемлекеттік табиғи қорықтар экологиялық-ағартушылық қызметті жүзеге асыру кезінде мамандарды және қоғамдық ұйымдарды тарта алады.
43-бап. Мемлекеттік табиғи қорықтардың күзет аймақтарының режимi
1. Мемлекеттік табиғи қорықтардың күзет аймақтарында:
1) жаңа елді мекендер құруға және бар елді мекендерді кеңейтуге;
2) мемлекеттік табиғи қорықтың экологиялық жүйелеріне зиянды әсер ететін объектілерді орналастыруға, жобалауға, салуға және пайдалануға, жаңа технологиялар енгізуге;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) өсiмдiктер мен жануарлар дүниесі үшін зәрлі пестицидтер, улы химикаттар мен тыңайтқыштар қолданылатын ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығының интенсивті нысандарын енгізуге;
4) атмосфераға және ашық су көздері мен рельефке ластаушы заттар шығаруға және сарқынды суларды төгуге, қалдықтарды орналастыруға;
5) пайдалы қазбалар өндіруге;
6) әуесқойлық (спорттық) және кәсіпшілік аң аулауға;
7) радиоактивті материалдар мен өнеркәсіп қалдықтарын көмуге;
8) мемлекеттік табиғи қорықтың экологиялық жүйелерінің гидрологиялық режимін өзгертетін қызметке (бөгеттер, дамбалар, гидротехникалық құрылыстар және табиғи су ағынын тоқтатуға немесе азайтуға әкеп соғатын басқа да объектілер салуға);
9) жабайы жануарлар мен жабайы өсімдіктердің бөтен түрлерін жерсіндіруге;
10) мемлекеттік табиғи қорықтың экологиялық жүйелеріне зиянды әсер ететін басқа да қызметке тыйым салынады.
2. Мемлекеттік табиғи қорықтардың күзет аймақтарының аумағында қорықтың экологиялық жүйелерінің жай-күйіне теріс әсер етпейтін шаруашылық қызметтің мынадай әртүрлі нысандары жүзеге асырылуы мүмкін:
1) орман шаруашылығы қызметі;
2) мал жайылымы және шөп шабуды қоса алғанда, дәстүрлі жер пайдалану, сондай-ақ биологиялық саналуандықты ұзақ мерзімді сақтау мен оның беріктігін қамтамасыз ету шеңберіндегі өзге де қызмет;
3) туристік және рекреациялық қызмет;
4) минералды суларды, жер астының жылы суларын және климаттық ресурстарды пайдалану;
5) кәсіпшілік және әуесқойлық (спорттық) балық аулау;
6) орман және дала өрттерін сөндіру жөнінде жердегі және авиациялық жұмыстарды жүргізу;
7) бүлінген жерлерді рекультивациялау;
8) орман және өзге де өсімдік қауымдастықтарын қалпына келтіру;
9) жабайы жануарлардың мекендеу ортасы мен санын қалпына келтіру;
2023.02.01. № 184-VІІ ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10) жер учаскелерін туристер болатын жерлерді жайластыру, өсімдіктер мен жануарлардың эндемиялық, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін жасанды жолмен көбейту, өсіру, өндіру үшін питомниктер салу, мемлекеттік табиғи қорық қызметкерлерінің тұруы үшін қызметтік үй-жайлар (кордондар) салу, оларға қызмет бабындағы жер үлестерін беру үшін пайдалану.
3. Мемлекеттік табиғи қорықтардың күзет аймақтарында осы баптың 2-тармағында аталған қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде өсiмдiктер мен жануарлар дүниесі объектілерінің мекендеу ортасын және көбею жағдайларын, жануарлардың қоныс аудару жолдары мен шоғырлану орындарын сақтау жөніндегі іс-шаралар көзделуге және жүзеге асырылуға, жабайы жануарлардың мекендеу ортасы ретінде ерекше құнды учаскелерге, сондай-ақ мемлекеттік табиғи қорық қорының өзге объектілеріне қол сұғылмауы қамтамасыз етілуге тиіс.
4. Мемлекеттік табиғи қорықтардың күзет аймақтарында жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметін шектеу облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының шешімдерімен белгіленеді.
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 43-1-баппен толықтырылды
43-1-бап. Жекелеген мемлекеттік табиғи қорықтардың күзет режимінің ерекшеліктері
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының аумағында:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде биологиялық негіздеменің негізінде арнайы бөлінген учаскелерде, осы қорықтың күзету аймағында тұратын жергілікті халықтың мұқтажы үшін әуесқойлық (спорттық) балық аулауға;
2) мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде биологиялық негіздеменің негізінде жануарлар санын реттеуге жол беріледі.
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Қорғалжын мемлекеттiк табиғи қорығының су айдындарында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ғылыми ұсынымдар негізінде мелиорациялық аулауды жүргізуге жол беріледі.
8-тарау. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктер және мемлекеттік өмірлік табиғи парктер
44-бап. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктер ұғымы және олардың негізгі қызметi
1. Мемлекеттік ұлттық табиғи парк - ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар мемлекеттік табиғи-қорық қорының бірегей табиғи кешендері мен объектілерінің биологиялық және ландшафтық саналуандығын сақтауға, оларды табиғат қорғау, экологиялық-ағартушылық, ғылыми, туристік және рекреациялық мақсаттарда пайдалануға арналған табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.
2. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің негізгі қызметіне:
1) мемлекеттік табиғи-қорық қорының табиғи кешендерін, бірегей және эталондық табиғи учаскелерін, объектілерін, табиғи және тарихи-мәдени мұраны сақтау;
2) мемлекеттік ұлттық табиғи парк пен оның күзет аймағының күзет режимін қамтамасыз ету;
3) экологиялық ағартушылық;
4) биологиялық саналуандықты сақтаудың ғылыми әдістерін әзірлеу;
2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) Табиғат жылнамасы бойынша экологиялық жүйелер мен жекелеген табиғи объектiлердiң мониторингiн жүргiзу;
6) мемлекеттік табиғи-қорық қорының бүлінген табиғи кешендерін, объектілерін, табиғи және тарихи-мәдени мұра объектілерін қалпына келтіру;
7) мемлекеттік ұлттық табиғи парк пен оның күзет аймағының аумағын экологиялық-ағартушылық, ғылыми, рекреациялық, туристік және шектеулі шаруашылық мақсаттарда пайдалануды реттеу жатады.
45-бап. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктер аумағын аймақтарға бөлу, оны күзету және пайдалану режимi
1. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктер аумағы:
1) қорық режимі;
2) экологиялық тұрақтандыру;
3) туристік және рекреациялық қызмет;
4) шектеулі шаруашылық қызмет аймақтарына бөлінеді.
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Реттелмелі экологиялық туризмді қоспағанда, қорық режимi аймағында кез келген шаруашылық қызметке және мемлекеттiк ұлттық табиғи парк аумағын рекреациялық пайдалануға тыйым салынады және осы Заңның 40-бабының 1-тармағында көрсетілген мемлекеттiк табиғи қорық режимiнiң түрiне сәйкес келетiн қорықтық қорғау режимi белгiленедi.
Қорық режимі аймағы мемлекеттік ұлттық табиғи парк аумағының он пайызынан қырық пайызына дейінгі жерін құрайды.
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Реттелмелi экологиялық туризмдi, мемлекеттiк табиғи-қорық қорының бүлiнген табиғи кешендерi мен объектiлерiн қалпына келтiру бойынша iс-шаралар жүргiзудi, бал ара шаруашылығымен айналысу үшін қажетті уақытша құрылыстар салып, стационарлық омарталар орналастыруды қоспағанда, экологиялық тұрақтандыру аймағында шаруашылық және рекреациялық қызметке тыйым салына отырып, қорықтық қорғау режимi белгiленедi.
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Туристiк және рекреациялық қызмет аймағы мемлекеттiк ұлттық табиғи паркке келушiлердiң реттелмелi қысқа мерзiмдi демалысы мен ұзақ мерзiмдi демалысы учаскелерiне бөлiнедi.
Туристiк және рекреациялық қызмет аймағында мемлекеттiк табиғи-қорық қорының табиғи кешендерi мен объектiлерiнің сақталуын қамтамасыз ететiн қаумалдық қорғау режимi белгiленедi, оның аумағында реттелмелi туристiк және рекреациялық пайдалануға (аң аулаудан басқа), оның iшiнде рекреациялық жүктемелердің нормалары ескеріле отырып, туристiк маршруттар, соқпақтар ұйымдастыруға, демалу алаңқайлары мен тамашалау алаңдарын, жағажайларды, қайық станцияларын, суда жүзетін көлік түрлері мен жағажай құрал-жабдығын прокатқа алу пункттерін орнатуға, бал ара шаруашылығымен айналысу үшін қажетті уақытша құрылыстар салып, стационарлық омарталар орналастыруға жол беріледі.
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Шектеулi шаруашылық қызмет аймағында әкiмшiлiк-шаруашылық мақсаттағы объектiлер орналастырылады, әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, жануарлар дүниесін ортақ пайдалануды ұйымдастыруды қоса алғанда, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктi қорғау және оның жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету, оған келушiлерге қызмет көрсету үшiн қажетті шаруашылық қызмет жүргiзiледi, рекреациялық орталықтарды, жабайы жануарларды өсіру мен ұстауға арналған вольерлерді, қонақүйлерді, кемпингтерді, музейлерді және туристерге қызмет көрсетудiң басқа да объектiлерiн салу және пайдалану жүзеге асырылады.
6. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктің барлық аймақтарында оны басқару жоспарында көзделген күзету, қорғау және қалпына келтіру іс-шаралары жүргізіледі.
7. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде ғылыми және экологиялық-ағартушылық қызмет осы Заңның 41 және 42-баптарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 46-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
46-бап. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктердегі туристік және рекреациялық қызметті өзінде туристік операторлық қызметке арналған лицензия болған кезде тікелей мемлекеттік ұлттық табиғи парк, сондай-ақ туристік қызметтер көрсететін жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің учаскелері туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін бес жылға дейінгі мерзімге қысқа мерзімді пайдалануға және жиырма бес жылға дейінгі мерзімге ұзақ мерзімді пайдалануға беріледі. Осы учаскелерді беру мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің учаскелері туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасқан жекеше әріптеске де қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді пайдалануға беріледі.
2023.02.01. № 184-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін учаскелер мемлекеттік ұлттық табиғи парктің инфрақұрылымын дамытудың бас жоспарына сәйкес және қазіргі инфрақұрылымымен де, жаңа инфрақұрылым құру үшін де туристік, рекреациялық (уақытша құрылыстар ғана салу үшін) және шектеулі шаруашылық қызмет аймақтарында ғана беріледі.
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 46-1-баппен толықтырылды
46-1-бап. Туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін пайдалануға берілген мемлекеттік ұлттық табиғи парктер учаскелеріндегі объектілер құрылысы
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін пайдалануға берілген мемлекеттік ұлттық табиғи парктер учаскелерінде объектілерді салу жеке, заңды тұлғалар немесе жекеше әріптестер мемлекеттік ұлттық табиғи паркпен жасасқан ұзақ мерзімді пайдалану шартына сәйкес және эскизге (эскиз жобасына) орай әзірленген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы бойынша жүргізіледі.
2. 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Жеке, заңды тұлғаның немесе жекеше әріптестің өзіне туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін пайдалануға берілген учаскені пайдалану шартының қолданылу мерзімі өткен соң шарттың қолданыу мерзімін ұзартуға артықшылықты құқығы бар.
4. Туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін пайдалануға берілген учаскені және ондағы құрылыс объектілерін пайдалану құқығының ауысу мәселелері туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру шартында айқындалады.
2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Уәкілетті органның жазбаша хабардар етуіне сәйкес құрылыс объектілері басқа тұлғаға берілген не шартта өзгеше белгіленген жағдайларды қоспағанда, туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін ұзақ мерзімді пайдалануға берілген жер учаскесін пайдалану құқығының ауысуына қарамастан, жеке, заңды тұлғаларға немесе жекеше әріптестерге жүктелетін учаскені мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің сақталуы мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз ететін жай-күйге келтіру міндеті сақталады.
6. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалар адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін қауіпсіз тәсілмен учаскелердегі объектілерді бөлшектеп, сыртқа шығаруға міндетті.
47-бап. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің шектеулi шаруашылық қызметінің ерекшеліктерi
1. Шектеулі шаруашылық қызметі аймағында мемлекеттік ұлттық табиғи парктер мынадай қызмет түрлеріне рұқсат етеді:
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) жанама орман пайдалану (шектеулі мал жаю, марал өсіру, шөп шабу, саңырауқұлақтарды, жемістер мен жидектерді әуесқойлық мақсатта жинау, бақ шаруашылығы);
2) шектеулі дәстүрлі пайдалану алаңдарында ағаш және бұта тұқымдарының екпе материалдарын, дәрі-дәрмектік шөптер және басқа да өсімдіктер өсіру;
3) өтпелі ағаш кесуді қоспағанда, санитарлық мақсатта ағаш кесуді, күтім жасау мақсатында ағаш кесуді жүргізу және бұл ретте алынған сүректі өңдеу;
4) кәдесыйлар, шағын және халықтық кәсіпшіліктер өнімдерін өндіру;
5) балық шабақтарын және тауарлы балықтың байырғы түрлерін өсіру;
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) көшпелі және стационарлық омарталар пайдаланыла отырып, бал ара шаруашылығы;
7) 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды
7-1) жануарлар дүниесін ортақ пайдалану;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 8), 9), 10) және 11) тармақшалармен толықтырылды
8) әуесқойлық (спорттық) балық аулау;
9) мелиорациялық аулау;
10) ғылыми-зерттеу мақсатында аулау;
11) өсімін молайту мақсатында аулау.
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің шектеулі шаруашылық қызметі мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін сақтау мен қалпына келтіруді ескере отырып және өздерінің қарауындағы мемлекеттік органдардың тиісті рұқсаттары бойынша жүзеге асырылады.
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 48-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
48-бап. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің қорғау аймақтарының режимi
1. Мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердің қорғау аймақтарында:
1) мемлекеттік ұлттық табиғи парктің экологиялық жүйелеріне зиянды әсер ететін объектілер орналастыруға, жобалауға, салуға және пайдалануға, жаңа технологияларды енгізуге;
2) ластаушы заттар мен сарқынды суларды атмосфераға шығару және ашық су көздері мен рельефке төгуге;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) осы Заңның 84-2-бабының 2-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, пайдалы қазбаларды барлау мен өндіруге;
4) аң аулауға;
5) радиоактивті материалдар мен өнеркәсіптік қалдықтарды көмуге;
6) мемлекеттік ұлттық табиғи парктің экологиялық жүйелерінің гидрологиялық режимін өзгертуі мүмкін қызметке (бөгеттер, дамбалар, гидротехникалық құрылыстар және табиғи су ағынын тоқтатуға немесе азайтуға душар ететін басқа да объектілер салуға);
7) жабайы жануарлар мен жабайы өсетін өсімдіктердің бөтен түрлерін интродукциялауға;
8) мемлекеттік ұлттық табиғи парктің экологиялық жүйелеріне зиянды әсер етуі мүмкін басқа да қызметке тыйым салынады.
2. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің қорғау аймақтарының аумағында ұлттық парктің экологиялық жүйелерінің жай-күйіне теріс әсер етпейтін шаруашылық қызметтің мынадай әртүрлі нысандары жүзеге асырылуы мүмкін:
1) орман шаруашылығы қызметі;
2) мал жаю мен шөп шабуды қоса алғанда, дәстүрлі жер пайдалану, сондай-ақ биологиялық әртүрлілікті ұзақ мерзімді сақтау мен оның беріктігін қамтамасыз ету шеңберіндегі өзге де қызмет;
3) туристік және рекреациялық қызмет;
4) минералды суларды, бальнеологиялық және климаттық ресурстарды пайдалану;
5) кәсіпшілік және әуесқойлық (спорттық) балық аулау;
6) орман және дала өрттерін сөндіру бойынша жердегі және авиациялық жұмыстарды жүргізу;
7) бүлінген жерді қалпына келтіру;
8) орман және өзге де өсімдіктер қауымдастықтарын қалпына келтіру;
9) жабайы жануарлардың мекендеу ортасы мен санын қалпына келтіру;
2023.02.01. № 184-VІІ ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10) жер учаскелерін туристер болатын жерлерді жайластыру, өсімдіктер мен жануарлардың эндемиялық, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін қолдан көбейтуге, өсіруге, өндіруге арналған питомниктер орналастыру, сондай-ақ мемлекеттік ұлттық табиғи парк жұмыскерлерінің тұруына арналған қызметтік үй-жайлар (кордондар) салу, оларға қызметтік жер телімдерін беру үшін пайдалану.
3. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің қорғау аймақтарында осы баптың 2-тармағында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде өсімдіктер мен жануарлар дүниесі объектілерінің мекендеу ортасын және көбею жағдайларын, жануарлардың өріс аудару жолдары мен шоғырлану орындарын сақтау жөніндегі іс-шаралар көзделуге және жүзеге асырылуға, жабайы жануарлардың мекендеу ортасы ретінде ерекше құнды болып есептелетін учаскелердің, сондай-ақ мемлекеттік табиғи-қорық қорының өзге де объектілердің дербестігі қамтамасыз етілуге тиіс.
4. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктің қорғау аймағында жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметін шектеулер осы Заңға сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының шешімдерімен белгіленеді.
49-бап. Мемлекеттік өңірлік табиғи парктер
Мемлекеттік өңірлік табиғи парк мемлекеттік ұлттық табиғи парк үшін белгіленген режимі бар, сондай мақсаттарды алға қоятын және сондай міндеттерді орындайтын, бірақ табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесіне ие жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумаққа жататын мемлекеттік ұлттық табиғи парктің нұсқасы болып табылады.
9-тарау. Мемлекеттік табиғи резерваттар
50-бап. Мемлекеттік табиғи резерваттар ұғымы, негізгі қызметі және оларды аймақтарға бөлу
1. Мемлекеттік табиғи резерват - табиғи кешендердің биологиялық саналуандығын және олармен байланысты табиғи және тарихи-мәдени объектілерді күзетуге, қорғауға, қалпына келтіруге және сақтауға арналған жердегі және судағы экологиялық жүйелерді қамтитын табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.
2. Мемлекеттік табиғи резерваттардың негізгі қызметіне:
1) биологиялық және ландшафтық саналуандықты, табиғи экологиялық жүйелерді сақтау және қалпына келтіру;
2) мемлекеттік табиғи резерваттың күзет режимін қамтамасыз ету;
3) табиғи ресурстарды пайдаланудың экологиялық-экономикалық принципі негізінде аумақтың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қолдау;
4) аумақты қорғау және тұрақты дамыту, сондай-ақ экологиялық ағартушылық және тәрбие беру мақсаттарында зерттеулер мен мониторинг жүргізу;
5) мемлекеттік табиғи резерват аумағын және оның күзет аймағын экологиялық-ағарту, ғылыми, рекреациялық, туристік және шектеулі шаруашылық мақсаттарда пайдалануды реттеу жатады.
3. Мемлекеттік табиғи резерваттың аумағы мынадай пайдалану мен күзет режимінің түрлері әртүрлі аймақтарға бөлінеді:
1) қорық режимі аймағы (бұдан әрі - ұйытқы аймақ) - генетикалық ресурстарды, биологиялық саналуандықты, экологиялық жүйелер мен ландшафтарды ұзақ мерзім сақтауға арналған осы мақсаттарға қол жеткізу үшін жеткілікті көлемі бар ұйытқы аймақ;
2) аралық аймақ - экологиялық бағдар ұстанған шаруашылық қызметті жүргізу және биологиялық ресурстарды тұрақты молықтыру үшін пайдаланылатын аумақ учаскесі.
51-бап. Мемлекеттік табиғи резерваттың қорық режимi аймағының режимi
1. Мемлекеттік табиғи резерваттың қорық режимі аймағында, Табиғат жылнамасын жүргізуді қоса алғанда, табиғи ортаның жай-күйіне ғылыми зерттеулер мен мониторинг жүргізіледі, экологиялық-ағартушылық мақсатында іс-шаралар жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік табиғи резерваттың қорық режимі аймағында кез келген шаруашылық қызметке және аумақты рекреациялық мақсатта пайдалануға тыйым салынады және осы Заңның 40-бабының 1-тармағында белгіленген мемлекеттік табиғи қорық режимінің түріне сәйкес келетін қорықтық күзет режимі белгіленеді.
52-бап. Мемлекеттік табиғи резерваттың аралық аймақ режимi
1. Мемлекеттік табиғи резерваттың аралық аймағында шектелетін, реттелетін және ұйытқы аймағының экологиялық жүйелеріне теріс әсер етпейтін мынадай әртүрлі қызмет нысандары жүзеге асырылуы мүмкін: