2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Кредиторлар жиналысының құзыретіне:
1) хабарламалары әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар тұлғалар хабарламаларының тізіліміне енгізілген тұлғалар арасынан банкроттықты басқарушының кандидатурасын таңдау;
2) кредиторлар комитетінің құрамына өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
3) банкрот мүлкін тікелей сату туралы шешім қабылдау;
4) лизинг нысанасын мерзімінен бұрын сатып алу туралы шешім қабылдау;
5) банкроттықты басқарушыға уәкілетті орган белгілеген шекте негізгі сыйақы мөлшерін айқындау;
6) банкроттық рәсімін жүргізу мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдау;
7) қорытынды есепті келісу;
8) банкроттық рәсімін жүргізу үшін банкроттықты басқарушының қарыз алуы туралы шешім қабылдау;
9) бітімгершілік келісім жасасу туралы шешім қабылдау;
10) банкроттық рәсімі барысында оңалту рәсіміне өту туралы шешім қабылдау;
11) осы Заңның 95-1-бабында көзделген жағдайда оңалту жоспарын келісу;
12) кредитордың кредиторлар жиналысына келмеу себебін дәлелді себеп ретінде тану туралы шешім қабылдау;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтар жатады.
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Банкроттықты басқарушының кандидатурасын таңдаған кезде кредиторлар жиналысы әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар тұлғалар хабарламаларының тізілімінде тұрған тұлғаларға қатысты ұсынымдарды әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар тұлғалардың кәсіптік бірлестіктерінен алуы мүмкін.
Кредиторлар жиналысы сайланған кандидатты оның кандидатурасын уәкілетті органға ұсынғанға дейін оның банкроттықты басқарушы ретінде таңдалғаны туралы хабардар етуге міндетті.
Уәкілетті орган кредиторлар жиналысы ұсынған кандидатураны кредиторлар жиналысы оны ұсынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде банкроттықты басқарушы етіп тағайындауға міндетті.
Уәкілетті орган осы Заңның 12-бабы 5-тармағының бірінші бөлігі негізінде кандидатураны банкроттықты басқарушы етіп тағайындауға кедергі болатын мән-жайларды анықтаған жағдайда, анықталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде банкроттықты басқарушының кандидатурасын тағайындаудан уәжді бас тартуды не осы Заңның 12-бабы 8-тармағының 3) тармақшасы негізінде әкімші қызметін жүзеге асыруға құқылы адамдардың хабарламалары тізілімінен банкроттықты басқарушының хабарламасын алып тастау туралы хабарды кредиторлар жиналысына жіберуге міндетті.
Кредиторлар жиналысы ұсынылған кандидатураны тағайындаудан уәкілетті орган бас тартқан жағдайда, банкроттықты басқарушы етіп тағайындау үшін басқа кандидатура ұсынуға міндетті.
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды
5. Кредитор оңалту рәсімін жүргізу барысында оңалтуды басқарушыдан борышкердің қаржылық жағдайы туралы ақпаратты сұратуға құқылы.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 94-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
94-бап. Банкроттық рәсімінде кредиторлар комитетінің өкілеттігі
Кредиторлар комитеті:
1) банкроттық рәсімінің жүргізілуіне және банкроттықты басқарушының қызметіне жедел бақылауды жүзеге асырады;
2) банкроттықты басқарушымен шарт жасасады және оны бұзады;
3) шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын банкроттық рәсімін жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітеді;
4) банкроттың жаңадан анықталған не мүліктік массаға қайтарылған мүлкіне бағалау жүргізу туралы шешім қабылдайды;
5) банкроттықты басқарушы сатып алатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесін айқындайды;
6) борышкер мен кредитор арасындағы талаптарды өзара есепке жатқызу туралы шешім қабылдайды;
7) банкроттықты басқарушыны шеттету және бір мезгілде жаңа банкроттықты басқарушыны таңдау мәселесі бойынша кредиторлар жиналысын ұйымдастырады;
8) мүлікті сату жоспарын бекітеді;
9) мүлікті баланстық құны бойынша электрондық аукционға қою туралы шешім қабылдайды;
10) борышкердің өндіріп алу мүмкін емес дебиторлық берешегінің сомасын бекітеді;
11) баланста есепте бар, бірақ түгендеу актісі бойынша жоқ жылжымалы мүлікті есептен шығару туралы шешім қабылдайды;
12) борышкер мүлкін мүліктік жалға беру (жалдау) шартын жасасу талаптарын айқындайды;
13) осы Заңда көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
95-бап. Кредиторлардың еңбекақы төлеу жөніндегі мүдделерін білдіру
1. Борышкерге еңбекақы төлеу жөнінде талаптары бар адамдар жиналыста (конференцияда) жасырын дауыс беру арқылы борышкердің, оның кредиторларының алдында өздерінің мүдделерін қорғауға уәкілетті өкілді сайлайды.
Кредитордың еңбекақы төлеу жөніндегі өкілі кредиторлар комитетінің құрамына кіреді.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген тәртіппен сайланған өкіл банкроттық рәсімінің жүргізілу кезеңінде өзіне осы Заңмен берілетін барлық кредитордың құқықтарын пайдаланады. Өкіл еңбекке ақы төлеу жөніндегі талаптарды кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізу нәтижелері бойынша өзін сайлаған жиналыс (конференция) алдында есеп береді.
2015.13.11. № 399-V ҚР Заңымен 95-1-баппен толықтырылды; 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 95-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
95-1-бап. Банкроттық рәсімінен оңалту рәсіміне өту
1. Борышкерге қатысты оңалту рәсiмi қолданылмаған, ал банкроттық рәсімі барысында борышкер - дара кәсіпкер, борышкер - заңды тұлға мүлкінің меншік иесі (ол уәкілеттік берген орган), құрылтайшысы (қатысушысы) осы Заңның 73-бабы 1, 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін оңалту жоспарын әзірлеген жағдайда, борышкер - дара кәсіпкер, борышкер - заңды тұлға мүлкінің меншік иесі (ол уәкілеттік берген орган), құрылтайшысы (қатысушысы) банкроттықты басқарушыға әзірленген оңалту жоспарын және банкроттық рәсімінен оңалту рәсіміне өту мүмкіндігін қарау үшін кредиторлар жиналысын өткізу туралы өтiнiшхатпен жүгінуге құқылы.
Банкроттықты басқарушы борышкер - дара кәсіпкердің, борышкер - заңды тұлға мүлкі меншік иесінің (ол уәкілеттік берген органның), құрылтайшысының (қатысушысының) өтiнiшхаты келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде кредиторларды кредиторлар жиналысын өткізу туралы осы Заңның 25-бабында көзделген тәртіппен хабардар етуге міндетті.
2. Кредиторлар жиналысы ұсынылған оңалту жоспарымен және банкроттық рәсімінен оңалту рәсіміне өтумен келіскен жағдайда жиналыс бір мезгілде борышкерді басқару жөніндегі өкілеттікті борышкер - дара кәсіпкерге, борышкер - заңды тұлға мүлкінің меншік иесі, құрылтайшысы (қатысушысы) уәкілеттік берген органға немесе тұлғаға жүктеу туралы мәселені шешуге не әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар тұлғалар хабарламаларының тізілімінде тұрған тұлғалар арасынан оңалтуды басқарушының кандидатурасын таңдауға міндетті.
3. Банкроттықты басқарушы оңалту жоспарын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде оңалту жоспарында көзделген іс-шаралардың іске асырылуын ескере отырып, борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы қорытындыны уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша жасауға және оны борышкер - заңды тұлға мүлкінің меншік иесіне (ол уәкілеттік берген органға), құрылтайшыларына (қатысушыларына), дара кәсіпкерге жіберуге міндетті.
Осы тармақта көзделген борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы қорытындыны осы Заңның 49-1-бабын ескере отырып, банкроттықты басқарушы жасайды.
4. Борышкер - заңды тұлға мүлкінің меншік иесі (ол уәкілеттік берген орган), құрылтайшысы (қатысушысы), дара кәсіпкер кредиторлар жиналысының келісімі және оңалту жоспарында көзделген іс-шаралардың іске асырылу қорытындысы бойынша борышкер қаржылық орнықтылықтың І сыныбына жатқызылатын, борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы банкроттықты басқарушының қорытындысы болған кезде банкроттық рәсiмін тоқтату, оңалту рәсiмiн қолдану және оңалту жоспарын бекіту туралы өтінішпен сотқа жүгінуге құқылы.
5. Сот борышкер - дара кәсіпкердің, борышкер - заңды тұлға мүлкі меншік иесінің (ол уәкілеттік берген органның), құрылтайшысының (қатысушысының) банкроттық рәсiмін тоқтату, оңалту рәсiмiн қолдану және оңалту жоспарын бекіту туралы өтінішін осы Заңда көзделген ерекшеліктермен азаматтық сот ісін жүргізудің жалпы қағидалары бойынша қарайды.
6. Істі қарау нәтижелері бойынша сот банкроттық рәсімін тоқтату, оңалту рәсімін қолдану және оңалту жоспарын бекіту туралы не бас тарту туралы шешім шығарады.
7. Сот оңалту рәсімін қолдану және оңалту жоспарын бекіту туралы шешім шығарған жағдайда, борышкердi банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып, оны тарату туралы шешiмнің күші шешім шығарған соттың жоюына жатады.
96-бап. Мүліктік масса
1. Мүліктік массаның құрамына:
1) банкроттың, оның ішінде оның қаржылық құжаттарында көрсетілмеген, бірақ талап құқықтарын (дебиторлық берешек) қоса алғанда, борышкердің меншік құқығын растайтын құжаттары бар мүлкі;
2) Қазақстан Республикасының жер заңнамасында көзделген жағдайларда банкроттың тұрақты және ұзақ мерзімді уақытша жер пайдалану құқықтары кіреді.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Мүліктік массаға банкрот - дара кәсіпкердің жеке мүлкі, толық серіктестік, коммандиттік серіктес, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік қатысушыларының, сондай-ақ өндірістік кооператив мүшелерінің мүлкі бөлек енгізіледі және ескеріледі, оларға банкроттың мүлкі жеткіліксіз болған кезде Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасына сәйкес өндіріп алу қолданылуы мүмкін.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Тұлғаны субсидиарлық жауаптылыққа тарту кезінде мәлімделетін талаптардың мөлшері мұндай тұлғаны әкімшілік немесе қылмыстық сот ісін жүргізу тәртібімен әдейі банкроттыққа кінәлі деп тануға негіз болған сот актісінде белгіленген залалдың мөлшеріне тең болады.
4. Мүліктік массаға:
1) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтары;
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес жобалық қаржыландыру кезінде арнайы қаржы компаниясының міндеттемелері бойынша қамтамасыз ету және секьюритилендіру кезінде арнайы қаржы компаниясының облигациялары бойынша қамтамасыз ету болып табылатын бөлінген активтер мен ипотекалық облигациялар бойынша мынадай қамтамасыз ету болып табылатын кепілге салынған мүлік: ипотекалық тұрғын үй қарызы шарттары бойынша (ипотекалық куәліктерді қоса алғанда) талап ету құқығы, сондай-ақ көрсетілген облигацияларға олардың ұстаушыларында мәмілелер не Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негіздер бойынша меншік құқығы туындаған немесе оларға ауысқан жағдайларда Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары енгізілмейді.
Банкроттықты басқарушы бөлінген активтерді қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен арнайы қаржы компаниясының облигацияларын ұстаушылардың өкіліне басқаруға (бөлінген активтерді өткізу және кепілге салынған мүлікке өндіріп алуды қолдану құқығымен және бөлінген активтердің құрамына кіретін өзге де қамтамасыз ету) береді.
Банкроттықты басқарушы осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген ипотекалық облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын кепілге салынған мүлікті ипотекалық облигациялар эмитенті кредиторларының талаптарын қанағаттандыру үшін ипотекалық облигацияларды ұстаушылардың өкіліне береді;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
2-1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясына сатылған мүлік;
3) Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңамасына сәйкес құрылған тарату қорларының қаражаты;
2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессия объектiсiнiң құрамына кiретiн мүлiк;
2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде көзделген, қызметті жүзеге асыру салдарын жоюға байланысты міндеттемелер бойынша талаптарды қаржылық қамтамасыз ету болып табылатын І санаттағы объект операторының банктік салымы, сондай-ақ шығарындыларды, сертификатталған шығарындыларды қысқарту, шығарындыларды ішкі қысқарту, парниктік газдарды сіңіру квоталарының бірліктері;
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) осы Заңның 104-1-бабында көзделген тәртіппен және шарттармен кепілді кредиторға берген жағдайда кепілге салынған мүлік;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
7) уақытша өтеусіз және уақытша қысқа мерзімді өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi); 2016.07.04. № 487-V ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (ресми жарияланған күнiнен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізiлдi) (бұр.ред.қара)
8) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында көзделген, мәмілелер бойынша міндеттемелерді толық немесе ішінара қамтамасыз ету, маржалық жарналар, клиринг (кепілді және резервтік) қорларына жарналар болып табылатын клиринг ұйымы клиентінің (клиринг қатысушысының) қаржы құралдары;
2016.07.04. № 487-V ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланған күнiнен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізiлдi); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
9) тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) үлестік құрылысын қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның дауыс беретін акциялары (жарғылық капиталға қатысу үлестері);
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды; 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10) кредиторлар жиналысының лизинг нысанасын мерзімінен бұрын сатып алу туралы шешім қабылдау жағдайын қоспағанда, лизинг нысанасы;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
11) банкроттық және (немесе) оңалту туралы іс қозғалған күнге немесе борышкерден қаржы саласындағы қызметпен және (немесе) қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметпен айналысуға лицензия кері қайтарып алынған күнге дейін, осы күндердің қайсысы бұрын болғанына қарай, бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәміледе (мәмілелерде) айқындалған тәртіппен және шарттарда кредиторға берілген қамтамасыз ету төлемақысы енгізілмейді.
97-бап. Банкроттың мүліктік массасын түгендеу
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Уақытша басқарушы, кепілге салынған мүлікті қоспағанда, банкроттың мүліктік массасына түгендеу жүргізеді және түгендеу туралы есепті кредиторлардың алғашқы жиналысына ұсынады.
2. Түгендеу туралы есеп негізінде кредиторлар жиналысы:
1) түгендеу туралы есепті мақұлдау және банкроттықты басқарушыға мүліктік массаны бағалау мен өткізуге кірісуді тапсыру туралы;
2) түгендеу туралы есепті нақтылау және банкроттықты басқарушыға он жұмыс күнінен аспауға тиіс мерзімде қайталап түгендеу туралы есеп беру мерзімін белгілеу туралы шешім қабылдайды.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 179-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Банкроттықты басқарушы:
жаңадан анықталған не борышкерге қайтарылған мүлікке қатысты - осындай мүлікті өз қорғауына және бақылауына қабылдаған күннен бастап;
кепілге салынған мүлікке қатысты - кепілді кредитор немесе Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес кредиторлар синдикатына қатысушылардың атынан және мүдделерінде әрекет етуді жүзеге асыратын банк-агент кепілге салынған мүлікті заттай қабылдаудан бас тартқан не кепілді кредитор немесе Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес кредиторлар синдикатына қатысушылардың атынан және мүдделерінде әрекет етуді жүзеге асыратын банк-агент осы Заңның 104-1-бабының 3-тармағында белгіленген мерзімде банкроттықты басқарушының ұсынысына жауап ұсынбаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде түгендеу жүргізуге және түгендеу туралы есепті кредиторлар комитетіне ұсынуға міндетті.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 98-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
98-бап. Банкрот мүлкінің құнын бағалау
2022.30.12. № 179-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Кредиторлардың бірінші жиналысы:
уақытша басқарушының түгендеу туралы есебінде көрсетілген мүлікке бағалау жүргізу;
кепілге салынған мүлікті бағалаушыны осындай мүлікке бағалау жүргізуге баға ұсыныстарын берген тұлғалар қатарынан таңдау туралы шешім қабылдайды.
Жаңадан анықталған не мүліктік массаға қайтарылған мүлікке бағалау жүргізу туралы шешімді банкроттықты басқарушының түгендеу туралы есебін қарау кезінде кредиторлар комитеті қабылдайды.
2. Кредиторлардың алғашқы жиналысының немесе комитетінің бағалау туралы шешімінде банкрот мүлкіне бағалау жүргізу мерзімдері және бағалаушыны таңдау тәртібі қамтылуға тиіс.
3. Кредиторлардың алғашқы жиналысының немесе комитетінің шешіміне сәйкес банкроттықты басқарушы тиісті мамандарды тарта отырып, дебиторлық берешекті қоса алғанда, борышкер мүлкіне бағалау жүргізеді.
4. Банкроттықты басқарушы кредиторлар комитетінің шешімі негізінде мүлікті баланстық құны бойынша электрондық аукционға қоюға құқылы.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 99-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
99-бап. Банкрот мүлкін сату
1. Талап ету құқығын қоса алғанда, банкрот мүлкiн сатуды банкроттықты басқарушы сату жоспарына сәйкес электрондық аукцион өткiзу арқылы не тікелей сату әдісімен жүзеге асырады.
Банкрот мүлкiн сату бойынша электрондық аукцион өткiзу тәртiбiн және оны ұйымдастырушыны уәкілетті орган айқындайды.
2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Сату жоспарын банкроттықты басқарушы банкроттың мүліктік массасын түгендеу және бағалау деректері, сондай-ақ кредиторлар комитетінің мүлікті баланстық құны бойынша электрондық аукционға қою туралы шешімі негізінде жасайды.
Банкроттықты басқарушы кредиторлар комитеті белгілеген мерзімде сату жоспарын жасауға және оны кредиторлар комитетіне ұсынуға міндетті.
3. Банкроттың айналымда шектеулі мүлкін өткізу жабық электрондық аукционда жүзеге асырылады. Осы мүлікті сатып алуға құқығы бар тұлғалар жабық электрондық аукционның қатысушылары бола алады.
4. Мүлікті сату жоспарына сәйкес банкроттың сатуға ұсынылған, бірақ өткізілмей қалған мүлкі өздерінің талаптары толық көлемде қанағаттандырылмаған, тиісті кезек кредиторларына олардың келісімімен сату жоспарында көрсетілген бастапқы баға бойынша ортақ үлестік меншікке беруге жатады.
5. Стратегиялық объектіні сату кезінде Қазақстан Республикасының осындай мүлікті сатып алуға басым құқығы болады.
Банкроттықты басқарушы стратегиялық объектіні сатуды «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес оны иеліктен шығаруға рұқсат беру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімін алғаннан кейін жүзеге асырады.
6. Банкрот мүлкін, сондай-ақ банкрот кәсіпорнын тікелей сату кезінде сату бағасы мен басқа да шарттары, сондай-ақ сатып алушы және онымен сатып алу-сату шартын жасасу мерзімі кредиторлар жиналысының бірауызды шешімімен айқындалады.
7. Банкроттың мүліктік массасында банкроттықты басқарушы тағайындалғанға дейінгі мерзім ішінде құны едәуір төмендейтін мүлік (тез бұзылатын тауарлар, мал және жедел өткізуді талап ететін өзге де тауарлар) болған жағдайларда, уақытша басқарушы осындай мүлік анықталған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде мүлікті сату жоспарын жасауға және оны уәкілетті органға келісу үшін ұсынуға міндетті.
Уәкілетті орган екі жұмыс күні ішінде уақытша басқарушының өтінішін қарауға және қабылданған шешім туралы уақытша басқарушыны дереу хабардар ете отырып, сату жоспарын келісу туралы не келісуден бас тарту туралы шешім қабылдауға міндетті.
Уақытша басқарушы мүлікті бекітілген сату жоспарына сәйкес өткізуге міндетті.
2015.13.11. № 399-V ҚР Заңымен 99-1-баппен толықтырылды
99-1-бап. Банкроттың кәсіпорнын сату
1. Осы баптың мақсаттары үшін банкроттың кәсіпорны деп кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру үшiн пайдаланылатын ғимараттарды, құрылыстарды, жабдықтарды, құрал-саймандарды, шикiзатты, өнiмдерді, жер учаскесiне құқықты, талап ету құқықтарын, борыштарды, сондай-ақ оның қызметiн дараландыратын белгiлерге құқықтарды (фирмалық атау, тауар белгiлерi) және басқа да айрықша құқықтарды қоса алғанда, мүліктің барлық түрлерін қамтитын мүліктік кешен ұғынылады.
2. Кәсіпорынды сату тікелей сату жолымен жүзеге асырылады.
3. Кәсіпорынды сату банкроттықты басқарушы сатып алушымен жасасатын кәсіпорынды сатып алу-сату шартымен ресімделеді.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Кәсіпорынды сату кезінде сатып алушы кәсіпорынды сатып алу-сату шартына сәйкес шартқа қол қойылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде төлемді жүзеге асыруға тиіс.
Төлем жүргізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде банкроттықты басқарушы банкроттық рәсімін жүргізу барысында жұмсалған әкімшілік шығыстар сомасын шегеріп, сатудан түскен ақшаны мүліктің меншік иесіне немесе құрылтайшыға (қатысушыға) табыс етуге міндетті.
Банкроттықты басқарушының кәсiпорынды беруi және оны сатып алушының қабылдауы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тараптар қол қоятын және ресімделетін өткізу актiсi бойынша жүзеге асырылады.
5. Кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейiн банкроттықты басқарушы сотқа өз қызметi туралы кредиторлар жиналысымен келісілген қорытынды есептi ұсынады.
6. Банкроттың кәсіпорнын сату кезінде сот қорытынды есепті бекітеді.
Борышкердi банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қолдана отырып оны тарату туралы шешiмнің күшін шешімді шығарған сот жоюға тиіс.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 100-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
100-бап. Мүліктік массаны бөлудің кезектілігі
1. Әкiмшiлiк және сот шығыстары банкрот мүлкiнің есебiнен кезектен тыс жабылады.
Банкроттық рәсімін жүргізуге байланысты әкiмшiлiк шығыстар әкімшілердің негізгі сыйақысын, төлеу міндеті банкроттық туралы іс қозғалған күннен бастап және одан кейінгі кезең ішінде туындаған, тартылатын мамандардың көрсететін қызметтеріне ақы төлеу, еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдардың еңбегіне ақы төлеу жөніндегі шығындарды қамтиды.
Әкімшілік шығыстарға соттың банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып, оны тарату туралы шешімі заңды күшіне енген салықтық кезеңнен кейінгі салықтық кезеңдер үшін салықтық есептілікке сәйкес борышкер есептеген, мемлекеттік кіріс органы салықтық тексерулердің нәтижелері бойынша есепке жазған салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер де жатады.
Құрылтайшыны (қатысушыны) және (немесе) лауазымды адамды субсидиарлық жауаптылыққа тарту туралы сот актісінің орындалуы нәтижесінде банкорттың мүліктік массасына келіп түскен ақша кредиторлардың талаптарын қанағаттандыруға жіберуге жатады. Мұндай ақшаның есебінен әкімшілік шығыстарды өтеуге жол берілмейді.
2. Бiрiншi кезекте өмiріне немесе денсаулығына келтiрiлген зиянның орнын толтыру бойынша; алименттердi өндiрiп алу бойынша; Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар бойынша, мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары бойынша, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешектердi төлей отырып, еңбек шарты бойынша жұмыс iстеген адамдардың еңбегіне ақы төлеу және оларға өтемақылар төлеу бойынша; қызметтік өнертабыс, пайдалы модель, өнеркәсіптік үлгі үшін авторларға сыйақылар төлеу бойынша талаптар қанағаттандырылады.