Техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейтін бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 2225 Қаулысы
(2020.29.04. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2020 жылғы 3 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2014.05.08. № 879 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 153-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейтін жобалардың тізбесі бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейтін бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 1254 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 47, 572-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 1254 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 қарашадағы № 1104 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 44, 505-құжат).
3. Осы қаулы үкіметтік сыртқы қарыздар қаражатынан қаржыландыру болжанып отырған жобаларға қолданылмайды.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2014.05.08. № 879 Қаулысымен тізбе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 2225 қаулысымен
бекітілген
Техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейтін жобалардың
тізбесі
1. Үлгі жобалар, қайта қолданылатын жобалар бойынша объектілерді және техникалық жағынан күрделі емес объектілерді салуды көздейтін жобалар.
2. Әлеуметтік-мәдени, қоғамдық және әкімшілік мақсаттағы объектілерді салуды, сондай-ақ инфрақұрылымды қамтамасыз етуді көздейтін жобалар, оның ішінде:
1) қоса алғанда 1200 оқушыға дейінгі жалпы білім беру мектептері мен интернаттық мекемелерді салу;
2) қоса алғанда 500 орынға дейінгі мектепке дейінгі балалар мекемелерін салу;
3) қоса алғанда 600 орынға дейінгі кәсіптік лицейлер салу;
4) қоса алғанда жұмыс істеп тұрған мектептерге 900 оқушыға дейінгі интернаттар салу;
5) мүмкіндіктері шектеулі (нашар көретін, естімейтін және нашар еститін, сөйлеу қабілеті бұзылған және т.с.с.) балалар үшін қоса алғанда 500 орынға дейінгі мектеп-интернаттар салу;
6) тәулік бойы жұмыс істейтін мамандандырылған санаторийлік балалар мекемелерін салу;
7) жоғары оқу орындарының жанынан 1000 төсек-орынға дейінгі студенттік жатақханалар салу;
8) жалпы білім беретін мектептердің спорт залдарын және шеберханаларын салу;
9) жетім балаларға арналған мекемелер салу;
10) қоса алғанда 300 төсекке дейінгі психоневрологиялық ауруханалар салу;
11) дәрігерлік амбулаториялар салу;
12) медициналық пункттер салу;
13) фельдшерлік-акушерлік пункттер салу;
14) перзентхана бөлімшесі бар 180 төсекке дейінгі көп бейінді ауруханалар салу;
15) қоса алғанда 300 төсекке дейінгі көп бейінді ауруханалар және перинаталдық орталықтар салу;
16) қоса алғанда 200 төсекке дейінгі көп бейінді балалар ауруханаларын салу;
17) қоса алғанда 100 төсекке дейінгі ауылдық ауруханалар салу;
18) 60 төсекке дейінгі перзентханалар салу;
19) қоса алғанда бір ауысымда 250 адамға дейін қабылдайтын аудандық және ауылдық емханалар салу;
20) бір ауысымда 500 адамға дейін қабылдайтын қалалық емханалар салу;
21) қоса алғанда 100 төсекке және бір ауысымда 150 адамға дейінгі туберкулезге қарсы диспансерлер салу;
22) дайындау көлемі жылына қоса алғанда 20000 литрге дейін қан орталықтарын салу;
23) онкологиялық қызмет объектілерін салу және қайта жаңарту;
24) қоса алғанда бір ауысымда 100 адамға дейін қабылдайтын емханалары бар 60 төсек-орынға дейінгі госпитальдар салу;
25) жобалық қуатты 50 орынға дейінгі мүгедек балаларға және (немесе) мүгедектерге арналған оңалту орталығын салу;
26) тұрғын үйлер және жатақханалар, оның ішінде әскери қалашықтардың аумағында салу;
27) қоса алғанда 400 орынға дейінгі мәдени мақсаттағы объектілер (кітапханалар, мұрағаттар, мәдениет үйлері, клубтар) салу және қайта жаңарту;
28) сақтау бірлігі 1000000 бірлікке дейінгі (облыстық мұрағаттар), сақтау бірлігі 100000 бірлікке дейінгі (аудандық) сақтау көлемі бар мұрағат мекемелерінің ғимараттарын салу және қайта құру;
29) геологиялық жағдайлары қалыпты аудандар үшін биіктігі - қоса алғанда 3 қабатқа дейінгі көп функционалды қоғамдық, сондай-ақ жеке тұрған әкімшілік, қызметтік-басқару және мәдени-ағарту ғимараттарын (бір мезгілде 300-ден аспайтын адам болатын) салу;
30) сейсмикалық белсенділігі жоғары (7 және одан жоғары балл) немесе құрылыс кезінде арнайы жобалау шешімдері мен іс-шараларды талап ететін өзге де айрықша геологиялық (гидрогеологиялық) және геотехникалық жағдайдағы аудандар үшін - биіктігі қоса алғанда 2 қабатқа дейінгі көп функционалдық қоғамдық, сондай-ақ жеке тұрған әкімшілік, қызметтік-басқару және мәдени-ағарту ғимараттарын салу;
31) салық органдарының аумақтық бөлімшелерін орналастыру үшін ғимараттарды, салық органдарының ақпаратын қабылдау және өңдеу орталықтарын салу;
32) аумақтық қазынашылық бөлімшелерін орналастыру үшін ғимараттар салу;
33) әкімшілік-тұрмыстық ғимараттарға жапсарлас құрылыстар салу;
34) соттар (жалпы, соның ішінде әскери) ғимараттарын салу және қайта құру;
35) биіктігі 5 қабатқа дейін қоса алғанда, халыққа қызмет көрсету орталықтарын (бір мезгілде 300-ден аспайтын адам болатын) салу;
36) биіктігі 5 қабатқа дейін қоса алғанда, инфрақұрылым объектілері бар автокөлікті тіркеу және жүргізуші куәлігін беру үшін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарын (бір мезгілде 300-ден аспайтын адам болатын) салу;
37) геологиялық жағдайлары қалыпты аудандар үшін сыйымдылығы 300 көрермен орнына дейінгі залдары бар спорттық-ойын-сауық ғимараттары мен жабық құрылыстар салу;
38) республикалық және облыстық маңызы бар аудандарда, қалаларда өткізу қабілеті қоса алғанда 320 адамға дейінгі дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің объектілерін салу;
39) қоса алғанда 75 адамға дейінгі күту залдары бар теңіз және өзен вокзалдарын (жүзетін айлақтарды және дебаркадерлерді қоспағанда) салу;
40) сыйымдылығы қоса алғанда 100 автомобильден аспайтын жеке тұрған бір қабатты (жер үстіндегі немесе жер астындағы) гараж-тұрақтарын салу;
41) су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарын қайта жаңарту және қалпына келтіру;
42) гидромелиоративтік жүйелер объектілерін қайта жаңарту және қалпына келтіру;
43) су объектілеріндегі жағалауды бекіту, түбін тереңдету және арнаны түзеу жұмыстары;
44) жобалық қуаты қоса алғанда 50 Гкал/сағатқа дейінгі, оның ішінде әскери қалашықтар аумағында қазандықтар салу және қайта жаңарту;
45) елді мекендердегі көшелер мен жолдарға электр жарығын салу және қайта жаңарту;
46) ауылдық елді мекендер мен облыстық және республикалық маңызы бар қаларда жаппай тұрғын үй құрылысы салынып жатқан массивтерде электр желілерін салу және қайта жаңарту;
47) қалалардың шағын аудандары мен тұрғын үй массивтерінде, сондай-ақ халқының саны 25000 тұрғынға дейінгі жекелеген елді мекендерде тарату (сумен жабдықтау және су тарту, 220 кВт дейін электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау және жылумен жабдықтау) желілерін салу және қайта жаңарту;
48) газдандырудың бекітілген өңірлік схемаларында көзделген кентішілік газ құбырларын, бұрғыш газ құбырларын және автоматтандырылған газ тарататын станциялар салу және қайта жаңарту;
49) суармалы сумен жабдықтау объектілерін салу және қайта жаңарту;
50) жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарында қоса алғанда 100 қума метрге дейінгі көпірлер салу;
51) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің тізбесіне енгізілген мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерін қайта құру және қалпына келтіру;
52) су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясы, өзеннің құйылатын жерін, арнасын, тармақтарын тазалау, бағалы балық түрлерінің уылдырық шашатын жерлерін қалпына келтіру.
ҚР Үкіметінің 2020.29.04. № 259 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Прокуратура, Азаматтық қорғаныс органдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, құқық қорғау және қылмыстық-атқару жүйелерінің объектілерінің, сондай-ақ тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша және санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылықты, сот-медицина сараптамасын, өрт, фитосанитариялық, ветеринариялық және өзге де қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі объектілерді салуды көздейтін жобалар, оның ішінде:
1) желілік, аудандық, саптық бөлімшелерді, қалалық бөлімдер мен департаменттерді орналастыру үшін ғимараттар (кешендер), құрылыстар салу және қайта жаңарту;
2) прокуратура органдарының ғимараттарын салу және қайта жаңарту;
3) көшеттіктер және ағаш тұқымы шаруашылығының объектілерін салу;
4) мемлекеттік орман күзеті және табиғат қорғау мекемелерінің мемлекеттік инспекторлары үшін қызметтік кордондар салу;
5) орман шаруашылығын жүргізетін ұйымдардың және табиғат қорғау мекемелерінің бақылау-өткізу пункттерін салу;
6) орман шаруашылығын жүргізетін ұйымдардың және табиғат қорғау мекемелерінің өртті қадағалау мұнараларын салу;
7) табиғат қорғау мекемелерінің өрт-химия станцияларын салу;
8) орман шаруашылығын жүргізетін ұйымдар мен табиғат қорғау мекемелері үшін өртке қарсы жабдықтарды сақтауға арналған қалқалар салу;
9) түзеу мекемелерін қорғау жөніндегі ішкі әскерлердің әскери қызметшілерін орналастыру үшін объектілер салу;
10) генетикалық түрлендірілген организмдерді зерттейтін ветеринариялық зертхана салу;
11) заңсыз мигранттарды ұстау орталықтарын салу;
12) кинология орталығын, кинологиялық қызмет орталығын салу;
13) мамандандырылған түзеу мекемелерін салу;
14) әкімшілік қамауға алынған адамдарды ұстауға арналған арнайы қабылдау орындарын салу;
15) тергеу изоляторларын салу;
16) мал ауруларының диагностикасы және азық-түлік пен жануарлардан алынатын шикізаттың азықтық қауіпсіздігін анықтау жөніндегі ветеринариялық зертхана салу;
17) мал соятын орындар, ет өңдейтін кәсіпорындар салу;
18) ветеринариялық станциялар мен ветеринариялық пункттер салу;
19) ветеринариялық дәрі-дәрмектерді өндіру және/немесе сақтау жөніндегі ветеринариялық объектілер салу;
20) ветеринариялық емханалар, дәріханалар және клиникалар салу;
21) биологиялық қалдықтарды жою жөніндегі объектілер салу (Беккери шұңқыры);
22) дезинфекциялық барьерлері бар ветеринариялық-санитариялық өткізгіштер салу;
23) жасанды ұрықтандыру пунктін салу;
24) ветеринариялық лазареттер салу;
25) карантин зертханаларын салу;
26) тұқымның сапасын сараптау жөніндегі зертханалар салу;
27) 2, 4, 6 және 8 қақпалы өрт депосын салу;
28) әскери, оның ішінде құтқару орталықтары және Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімшелері үшін қалашықтар салу;
29) Шекара қызметі үшін шекара бөлімдерін (бөлімшелерін) салу;
30) комендатуралар салу;
31) бақылау-өткізу пункттерін салу;
32) көп бейінді қоймалар және материалдық-техникалық және жауынгерлік мүлікке, Азаматтық қорғаныс мүлкіне, мемлекеттік материалдық резервке арналған қоймалар салу;
33) әскери мекемелер үшін қызметтік-техникалық ғимараттар салу;
34) шекара қызметінің медициналық көмек көрсету пункттерін салу;
35) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Авиация қызметінің авиация техникасы үшін тұрақтар салу;
36) шекара қызметі үшін тікұшақ алаңдарын салу;
37) 16, 24, 32 бірлік доңғалақты (шынжыр табанды) техникаға арналған сақтау қоймаларын салу;
38) сыйымдылығы 16 және 20 вагонға арналған қоймалар салу;
39) 2 және 4 бекетке арналған техникалық қызмет көрсету және техника жөндеу пункттерін салу;
40) аккумуляторлық зарядтау станциясын салу;
41) бақылау-техника пунктін салу;
42) автомобильге май құю станциясын салу;
43) әскери қалашығының аумағында қоса алғанда бір ауысымда 40 адамға дейінгі монша-кір жуу комбинатын салу;
44) қоса алғанда 250 төсек/орынға дейінгі госпитальдар салу;
45) штаб салу;
46) қоса алғанда 600 тесек/орынға дейінгі казармалар салу;
47) оқу корпустарын салу;
48) қоса алғанда 150 отыратын орынға дейінгі асханалар салу;
49) трибунасы бар плацтар салу;
50) кедергілер жолақтарын салу;
51) қарауыл үй-жайларын және қарауыл қалашықтарын салу;
52) әскери қалашықтардың аумағында күніне 240 адамға дейін қызмет көрсететін спорттық кешендер салу;
53) әскери қалашықтардың аумағында спорттық алаңқайлар салу;
54) май таратушы орны бар жанар-жағармай материалдарын құю пункттерін салу;
55) жекелеген радиолокациялық роталар кешендерін салу;
56) авиацияны бағыттау пункттерін салу;
57) авиатехника-пайдалану бөлімінің, оның ішінде құтқару авиациясының ғимараттарын салу;
58) ангарлар, оның ішінде құтқару авиациясының ангарларын салу;
59) автомобиль парктерін салу;
60) әуе-десанттық кешен салу;
61) өрт-техникалық зертханалар салу;
62) медициналық және апаттық, медициналық-психологиялық сауықтыру орталықтарының ғимараттарын салу;
63) өрт сөндіру және кәсіптік авариялық құтқару қызметтері мен құралымдарының техникалары үшін қалқалар және гараж бокстерін салу;
64) сел көшкіні, су тасқыны және қар көшкіні жағдайын бақылауға арналған автоматтандырылған пункттер (бекеттер, станциялар) салу;
65) жер сілкінісін болжамдаудың бақылау желілерін салу;
66) әуе техникасы және тікұшақ алаңы, оның ішінде құтқару авиациясы үшін тұрақтар салу;
67) қорғау құрылыстарын салу (паналайын орын, радиацияға қарсы жасырын орын);
68) Азаматтық қорғаныстың қалалық және қала сыртындағы қосалқы басқару пункттерін салу;
69) қосалқы командалық басқару пункттерін салу;
70) өрт сөндірушілерді, кәсіптік авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының құтқарушыларын даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру үшін жабық спорт манеждерін, оқу-жаттығу орталықтарын, полигондар, кешендер салу;
71) суда құтқару қызметтерінің, кәсіптік авариялық құтқару қызметтері мен құралымдарының құтқару станцияларын, айлақтарын, бекеттерін орналастыру үшін жеке тұрған ғимараттар (кешендер) салу;
72) авиация, оның ішінде құтқару авиациясы үшін рульдеу жолдарын салу;
73) тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың аумақтық органдарын, ғылыми орталықтарды, санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталықтарын, дезинфекциялық және обаға қарсы станцияларды орналастыру үшін ғимараттар мен құрылыстар салу;
74) сот медицинасы орталықтарын және мәйітханалар салу;
75) әскери лазареттер салу;
76) гауптвахталар салу;
77) командалық-диспетчерлік пункт салу;
78) авиациялық, танктік және жаяу әскердің ұрыс машиналарына арналған оқу-жаттығу орталықтары ғимараттарын салу;
79) ғимараттар мен құрылыстардың периметрі бойынша қоршаулар салу;
80) экологиялық мониторингтің химиялық зертханаларын салу;
81) гидрометеорологиялық мақсаттағы бақылайтын желілер объектілерін салу;
82) табиғат қорғау мекемелерінің әкімшілік ғимаратын (офис) салу және қайта жаңарту;
83) табиғат қорғау мекемесінің Сапар орталығын салу;
84) сот сараптамасы орталықтарын салу;
85) корабльдер мен катерлердің орналасуына арналған пункт салу;
86) су алу және су ірку ұңғымаларын бұрғылау және қайта жаңарту;
87) далалық оқу орталықтарын салу;
88) байланыс жүйелерін, желілері мен құрылыстарын (беру желілері - кабельдік, радиорелелік, спутниктік және т.б.), физикалық тізбектерді және желілік-кабельдік байланыс құрылыстарын, оның ішінде магистральдық) ақпараттық-коммуникациялық желілерді салу, кеңейту және жаңғырту;
89) мемлекеттік шекара учаскесінде автомобиль өткізу пункттерін салу;
90) шекара қызметінің радиотехникалық тораптары мен жедел пункттерін орналастыру үшін ғимараттар мен құрылыстар кешендерін салу;
91) шекара бөлімдерінің (бөлімдерінің) созылыңқы учаскелерін және Шекара қызметінің және басқа да объектілерін күзетудің бейнебақылау жүйелері мен сигнализация кешендерін салу (жабдықтау);
92) Шекара қызметінің шекара бөлімдері (бөлімшелері) үшін техникалық бақылау бекеттерін салу;
93) бөлімшелер салу.
4. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының қолданыстағы учаскелерін, ұшу-қону жолақтарын, қолданыстағы әуеайлақтардың, аэровокзалдар мен аэронавигация объектілерінің кірме автомобиль жолдарын салу мен қайта жаңартуды көздейтін жобалар, оның ішінде:
1) жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының қолданыстағы учаскелерін қайта жаңарту;
2) қолданыстағы әуеайлақтар мен әуежайлардың ұшу-қону жолақтарын қайта жаңарту;
3) қолданыстағы әуеайлақтардың, әуежайлардың және аэронавигация объектілерінің кірме автомобиль жолдарын қайта жаңарту;
4) тәулігіне қоса алғанда 100 жолаушыға дейінгі өткізу қабілеті бар темір жол вокзалдарын салу;
5) қоса алғанда 75 адамға дейінгі күту залдары бар сапаржайлар салу;
6) авиажолаушыларға қызмет көрсетуге арналған, сағатына қоса алғанда 75 жолаушыға дейінгі өткізу қабілеті бар аэровокзалдары мен әуежай терминалдарын салу;
7) мемлекеттік шекара учаскесінде автомобиль жолдарын салу;
8) халықаралық, республикалық және жергілікті маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштердің мемлекеттік тізіміне енген тарихи-мәдени мұра объектілерінің, мемлекеттік маңызы бар объектілердің, туристік объектілердің кірме жолдарын салу;
9) ерекше қорғалатын табиғи аумаққа кірме жолдарды салу және қайта жаңарту.
5. Ғимараттар мен құрылыстардың сейсмикалылығын күшейту көзделетін жобалар.
6. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы объектілерді салу көзделетін жобалар, оның ішінде:
1) диспетчерлік пункттерді салу;
2) селден қорғау құрылыстарын салу;
3) таулы жерлерде уақытша тікұшақ алаңдарын салу;
4) сел полигондарын салу;
5) қар көшкіні қаупі бар учаскелерде қар көшкінінен қорғау құрылыстарын салу;
6) көшкін учаскелерінде көшкінге қарсы құрылыстарды салу;
7) қауіпті табиғат құбылыстары мониторингінің кешенді станцияларын салу және тау өзендері арналарында хабарландыру жүйелерін орнату;
8) сел тасқынының, қар көшкіндерінің, көшкін процестерінің алдын алу мақсатындағы фитомелиоративтік жұмыстар;
9) трансформаторлық қосалқы станциялар салу;
10) байланыс бекеттері мен тораптарын салу;
11) радиожабдық антенналары үшін антенна діңгектерін салу;
12) уақытша инженерлік су тасқынынан қорғау құрылыстарын салу;
13) су тасқындарынан қорғау бөгеттерін салу және қайта жаңарту;
14) өзен арналарының өткізу қабілеттілігін қамтамасыз ету бойынша инженерлік жұмыстарды көздейтін объектілерді салу.