Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 1254 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 қарашадағы № 1104 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 2225 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейтін бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 1254 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 47, 572-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейтін бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесінде:
3-тармақ мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) генетикалық түрлендірілген организмдерді зерттейтін ветеринариялық зертхана салу.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |