Техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейтін бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 2225 Қаулысы
Осы редакция 2014 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 154-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейтін жобалардың тізбесі бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейтін бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 1254 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 47, 572-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 1254 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 қарашадағы № 1104 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 44, 505-құжат).
3. Осы қаулы үкіметтік сыртқы қарыздар қаражатынан қаржыландыру болжанып отырған жобаларға қолданылмайды.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 2225 қаулысымен
бекітілген
Техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейтін бюджеттік инвестициялық
жобалардың тізбесі
1. Әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілерді салу көзделетін жобалар, оның ішінде:
1) қоса алғанда 1200 оқушыға дейінгі жалпы білім беру мектептері мен интернаттық мекемелерді салу;
2) қоса алғанда 360 орынға дейінгі мектепке дейінгі балалар мекемелерін салу;
3) қоса алғанда 600 орынға дейінгі кәсіптік лицейлер салу;
4) қоса алғанда жұмыс істеп тұрған мектептерге 900 оқушыға дейінгі интернаттар салу;
5) мүмкіндіктері шектелулі (нашар көретін, естімейтін және нашар еститін, сөйлеу қабілеті бұзылған және т.с.с.) балалар үшін қоса алғанда 500 орынға дейінгі мектеп-интернаттар салу;
6) тәулік бойы жұмыс істейтін мамандандырылған санаторийлік балалар мекемелерін салу;
7) жоғары оқу орындарының жанынан 1000 төсек-орынға дейінгі студенттік жатақханалар салу;
8) жалпы білім беретін мектептердің спорт залдарын және шеберханаларын салу;
9) жетім балаларға арналған мекемелер салу;
10) қоса алғанда 300 төсекке дейінгі психоневрологиялық ауруханалар салу;
11) дәрігерлік амбулаториялар салу;
12) медициналық пункттер салу;
13) перзентхана бөлімшесі бар 180 төсекке дейінгі көп бейінді ауруханалар салу;
14) қоса алғанда 300 төсекке дейінгі көп бейінді ауруханалар салу;
15) қоса алғанда 200 төсекке дейінгі көп бейінді балалар ауруханаларын салу;
16) қоса алғанда 100 төсекке дейінгі ауылдық ауруханалар салу;
17) 60 төсекке дейінгі перзентханалар салу;
18) қоса алғанда бір ауысымда 250 адамға дейін қабылдайтын аудандық емханалар салу;
19) бір ауысымда 500 адамға дейін қабылдайтын қалалық емханалар салу;
20) қоса алғанда 100 төсекке және ауысымында 150 адамға дейінгі туберкулезге қарсы диспансерлер салу;
21) дайындау көлемі жылына 20000 литрге дейін қан орталықтарын салу;
22) қоса алғанда бір ауысымда 100 адамға дейін қабылдайтын емханалары бар 60 төсек-орынға дейінгі госпитальдар салу;
23) облыстық, аудандық және ауылдық елді мекендерде қоса алғанда 800 орынға дейінгі мәдени мақсаттағы объектілер (кітапханалар, мұрағаттар, мәдениет үйлері, клубтар) салу және қайта жаңарту;
24) 120 пәтерлік тұрғын үйлер және пәтер үлгісіндегі, оның ішінде әскери қалашықтар аумағында 100 бөлмеге арналған жатақханалар салу;
25) қалыпты геологиялық жағдайдағы аудандар үшін биіктігі - қоса алғанда 5 қабатқа дейінгі көп функционалдық қоғамдық, сондай-ақ жеке тұрған әкімшілік, қызметтік-басқару және мәдени-ағарту ғимараттарын (бір мезгілде 300-ден аспайтын адам болатын) салу;
26) сейсмикалық белсенділігі жоғары (7 және одан жоғары балл) немесе құрылыс кезінде арнайы жобалау шешімдері мен іс-шараларды талап ететін өзге де айрықша геологиялық (гидрогеологиялық) және геотехникалық жағдайдағы аудандар үшін - биіктігі қоса алғанда 3 қабатқа дейінгі көп функционалдық қоғамдық, сондай-ақ жеке тұрған әкімшілік, қызметтік-басқару және мәдени-ағарту ғимараттарын салу;
27) қалыпты геологиялық жағдайдағы аудандар үшін - сыйымдылығы 300 көрермен орындығынан аспайтын спорттық-ойын-сауық ғимараттары және залы бар жабық құрылыстар салу;
28) сейсмикалық белсенділігі жоғары (7 және одан жоғары балл) немесе құрылыс кезінде арнайы жобалау шешімдері мен іс-шараларды талап ететін өзге де айрықша геологиялық (гидрогеологиялық) және геотехникалық жағдайдағы аудандар үшін - сыйымдылығы 100-ден аспайтын көрерменге арналған спорттық-ойын-сауық ғимараттары және залы бар жабық құрылыстар салу;
29) республикалық және облыстық маңызы бар аудандарда, қалаларда 320 адамға дейін өткізу қабілеті бар дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің объектілерін салу;
30) тәулігіне қоса алғанда 100 жолаушыға дейінгі өткізу қабілеті бар темір жол вокзалдарын салу;
31) қоса алғанда 75 адамға дейінгі күту залдары бар сапаржайлар салу;
32) авиажолаушыларға қызмет көрсетуге арналған, сағатына қоса алғанда 75 жолаушыға дейінгі өткізу қабілеті бар аэровокзалдары мен әуежай терминалдарын салу;
33) қоса алғанда 75 адамға дейінгі күту залдары бар теңіз және өзен вокзалдарын (жүзетін айлақтарды және дебаркадерлерді қоспағанда) салу;
34) сыйымдылығы 25 автомобильден аспайтын жеке тұрған бір қабатты (жер үстіндегі немесе жер астындағы) гараж-тұрақтарын салу;
35) су шаруашылығы жүйелерін қайта жаңарту және қалпына келтіру;
36) жобалық қуаты 50 Гкал/сағатқа дейінгі, оның ішінде әскери қалашықтар аумағында қазандықтар салу және қайта жаңарту;
37) елді мекендердегі көшелер мен жолдарға электр жарығын салу және қайта жаңарту;
38) ауылдық елді мекендер мен облыстық және республикалық маңызы бар қаларда жаппай тұрғын үй құрылысы салынып жатқан массивтерде электр желілерін салу және қайта жаңарту;
39) қалалардың шағын аудандары мен тұрғын үй массивтерінде, сондай-ақ жекелеген елді мекендерде тарату (сумен жабдықтау және су тарту, 220 кВт дейін электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау және жылумен жабдықтау) желілерін салу және қайта жаңарту;
40) суармалы сумен жабдықтау объектілерін қайта жаңарту;
41) жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарында 100 қума метрге дейінгі көпірлер салу.
2. Қоғамдық және әкімшілік мақсаттағы объектілерді салу көзделетін жобалар, оның ішінде:
1) салық органдарының ақпаратын қабылдау және өңдеу орталықтарын салу;
2) аумақтық қазынашылық бөлімшелерін орналастыру үшін ғимараттар салу;
3) әкімшілік-тұрмыстық ғимараттарға жапсарлас құрылыстар салу;
4) соттар (жалпы, оның ішінде әскери) ғимараттарын салу.
3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, құқық қорғау және қылмыстық-атқару жүйелерінің, сондай-ақ өрт, фито-санитариялық, ветеринариялық және өзге де қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі объектілерді салу көзделетін жобалар, оның ішінде:
1) желілік және аудандық ішкі істер бөлімдерін орналастыру үшін қоса алғанда 470 орынға дейінгі ғимараттар (кешендер) салу;
2) көшеттіктер және орман тұқымы шаруашылығының объектілерін салу;
3) мемлекеттік орман күзеті және табиғат қорғау мекемелерінің мемлекеттік инспекторлары үшін қызметтік кордондар салу;
4) орман шаруашылығын жүргізетін ұйымдардың және табиғат қорғау мекемелерінің бақылау-өткізу пункттерін салу;
5) орман шаруашылығын жүргізетін ұйымдардың және табиғат қорғау мекемелерінің өртті қадағалау мұнараларын салу;
6) табиғат қорғау мекемелерінің өрт-химия станцияларын салу;
7) орман шаруашылығын жүргізетін ұйымдар және табиғат қорғау мекемелері үшін өртке қарсы жабдықтарды сақтауға арналған қалқалар салу;
8) түзеу мекемелерін қорғау жөніндегі ішкі әскерлердің әскери қызметшілерін орналастыру үшін объектілер салу;
9) генетикалық түрлендірілген организмдерді зерттейтін ветеринариялық зертхана салу;
10) ветеринариялық лазареттер салу;
11) тұқымның сапасын сараптау жөніндегі зертханалар салу;
12) 2, 4, 6 және 8 қақпалы өрт депосын салу;
13) әскери, оның ішінде құтқару орталықтары және Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімшелері үшін қалашықтар салу;
14) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі үшін заставалар салу (бұдан әрі - ҚР ҰҚК ШК);
15) бөлімшелер салу;
16) комендатуралар салу;
17) бақылау-өткізу пункттерін салу;
18) көп бейінді қоймалар және материалдық-техникалық және жауынгерлік мүлікке, Азаматтық қорғаныс мүлкіне, мемлекеттік материалдық резервке арналған қоймалар салу;
19) әскери мекемелер үшін қызметтік-техникалық ғимараттар салу;
20) ҚР ҰҚК ШК-ның медициналық көмек көрсету пункттерін салу;
21) ҚР ҰҚК ШК-ның авиациялық техникасы үшін тұрақтар салу;
22) ҚР ҰҚК ШК үшін тік ұшақ алаңдарын салу;
23) 16, 24, 32 бірлік доңғалақты (шынжыр табанды) техникаға арналған сақтау қоймаларын салу;
24) сыйымдылығы 16 және 20 вагондарға арналған қоймалар салу;
25) 2 және 4 бекетке арналған техникалық қызмет көрсету және жөндеу пункттерін салу;
26) аккумуляторлық зарядтау станциясын салу;
27) бақылау-техникалық пункт салу;
28) автомобильге май құю станцияларын салу;
29) әскери қалашықтардың аумағында қоса алғанда бір ауысымда 40 адамға дейінгі монша-кір жуу комбинатын сапу;
30) 250 төсек/орынға дейінгі госпитальдар салу;
31)штаб салу;
32) 600 тесек/орынға дейінгі казармалар салу;
33) оқу корпустарын салу;
34) 150 отыратын орынға дейін асханалар салу;
35) трибуналары бар орындар салу;
36) кедергілер жолақтарын салу;
37) қарауыл үй-жайларын салу;
38) әскери қалашықтардың аумағында күніне 240 адамға дейін қызмет көрсететін спорттық кешендер салу;
39) әскери қалашықтардың аумағында спорттық алаңшалар салу;
40) май таратушы орны бар жанар-жағармай материалдарын құю пункттерін салу;
41) жекелеген радиолокациялық роталар кешендерін салу;
42) авиацияны бағыттау пункттерін салу;
43) авиатехника-пайдалану бөлімінің, оның ішінде құтқару авиациясының ғимараттарын салу;
44) ангарлар, оның ішінде құтқару авиациясының ангарларын салу;
45) автомобиль парктерін салу;
46) әуе-десанттық кешен салу;
47) өрт-техникалық зертханалар салу;
48) медициналық және апаттық, медициналық-психологиялық сауықтыру орталықтарының ғимараттарын салу;
49) өрт сөндіру және кәсіби авариялық құтқару қызметтері мен құрылымдарының техникалары үшін қалқалар салу;
50) автоматтандырылған пункттер (посттар, сел көшкіні, су тасқыны және кар көшкіні жағдайын бақылау станцияларын) салу;
51) жер сілкінісін болжамдау бақылау желілерін салу;
52) әуе техникасы және тік ұшақ алаңы, оның ішінде құтқару авиациясы үшін тұрақтар салу;
53) Азаматтық қорғаныстың қорғау құрылыстарын салу;
54) Азаматтық қорғаныстың қалалық және қала сыртындағы қосалқы басқару пункттерін салу;
55) өрт сөндірушілерді, кәсіби авариялық құтқару қызметтері мен құралымдарының құтқарушыларын даярлау және қайта даярлау, біліктілігін арттыру үшін оқу-жаттығу орталықтарын, полигондар, кешендер салу;
56) суда құтқару қызметінің, кәсіби авариялық құтқару қызметтері мен құралымдарының құтқару станцияларын, айлақтарын, бекеттерін орналастыру үшін жеке тұрған ғимараттар (кешендер) салу;
57) авиация, оның ішінде құтқару авиациясы үшін рульдеу жолдарын салу.
4. Автомобиль жолдарының қолданыстағы учаскелерін қайта жаңарту көзделетін жобалар.
5. Ғимараттар мен құрылыстардың сейсмикалылығын күшейту көзделетін жобалар.