2) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады, салааралық үйлестіруді жүзеге асырады, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және ғылым саласындағы халықаралық бағдарламаларды әзірлейді және іске асырады;
3) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы білім беруді дамытудың жай-күйі туралы жыл сайынғы ұлттық баяндама дайындау және жариялау арқылы қоғам мен мемлекетті білім беру жүйесінің жай-күйі және оның қызметінің тиімділігі туралы объективті ақпаратпен қамтамасыз етеді;
4) білім беруді басқару жүйесіне білім беру мониторингін және ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекітеді;
5) білім беру бағдарламалары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына білім алушыларды қабылдау қорытындылары бойынша мониторинг жүргізу қағидаларын бекітеді;
6) заңды тұлғаларға мыналарды;
кадрларды даярлау бағыттары және оқыту нысандары бойынша жоғары білім беру;
кадрларды даярлау бағыттары және оқыту нысандары бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру;
рухани білім беру үшін білім беру қызметімен айналысуға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша береді;
7) білім беру мониторингін жүзеге асыру тәртібін белгілейді;
8) Сот төрелігі академиясын қоспағанда, меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, әскери, арнаулы оқу орындарында жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды жүргізеді;
9) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекітеді;
10) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекітеді;
11) мүдделі орталық атқарушы органдармен, жұмыс берушілермен және басқа да әлеуметтік әріптестермен өзара іс-қимыл жасай отырып, кадрлар даярлау бағыттарының сыныптауышын бекітеді;
12) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою рәсімін жүзеге асырады;
13) оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысқа басшылықты жүзеге асырады және оны жүргізуді үйлестіреді, мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын, оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын, сондай-ақ қашықтан оқытуды ұсыну бойынша білім беру ұйымдарына қойылатын талаптарды және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша қашықтан оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша онлайн-оқыту нысанында оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;
14) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының жарғыларын бекітеді;
15) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасының және нормативтік құқықтық актілерінің, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының, сондай-ақ ведомстволық бағыныстағы ұйымдардағы бюджеттік және қаржылық тәртіптің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
16) еңбек жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекітеді;
17) шетелдік әріптестермен келіссөздер жүргізеді және өз құзыреті шегінде жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, сондай-ақ ғылыми қызмет саласындағы халықаралық шарттарға (келісімдерге) және бағдарламаларға қол қояды;
18) студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларын бекітеді;
19) Қазақстан Республикасының жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын нұсқамада белгіленген мерзімдерде жою туралы орындалуы міндетті жазбаша нұсқамаларды береді;
20) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын бекітеді;
21) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінде қамтылған мәліметтерді алады;
22) мүдделі мемлекеттік органдармен келісу бойынша дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;
23) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын дамыту бағдарламасының құрылымын және оны әзірлеу қағидаларын бекітеді;
24) стипендиялық бағдарламаларға қатысу үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын бекітеді;
25) жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру іске асырылатын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының типтері мен түрлерінің тізбесін бекітеді;
26) «бакалавр» немесе «магистр» дәрежесін бере отырып, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімге ақы төлеу үшін білім беру грантын беру қағидаларын бекітеді;
27) мемлекеттік атаулы стипендиялар тағайындайды;
28) маманды жұмысқа жіберу, бюджет қаражаты есебінен жұмсалған шығыстарды өтеу, өз бетінше жұмысқа орналасу құқығын беру, осы Заңның 47-бабының 17-тармағында көрсетілген мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған Қазақстан Республикасының азаматтарын жұмыспен өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату тәртібін айқындайды;
29) шетелде кадрларды даярлаудың, қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың халықаралық бағдарламалары бойынша, оның ішінде «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асыратын ұйымды (әкімшіні) айқындайды;
2023.04.07. № 15-VІІІ ҚР Заңымен 30) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 3 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
30) білім беру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп формалды емес білім беру арқылы алынған оқыту нәтижелерін, сондай-ақ кәсіптік біліктілігін тану нәтижелерін тану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2023.04.07. № 15-VІІІ ҚР Заңымен 31) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 3 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
31) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне (профессор-оқытушылар құрамына) арналған кәсіптік стандартты әзірлейді және бекітеді.
Ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның осы баптың бірінші бөлігінің 4), 5), 7), 9), 10), 11), 13), 16), 18), 20), 22), 23), 24) және 25) тармақшаларында көзделген өкілеттіктері әскери, арнаулы оқу орындарына және Сот төрелігі академиясына қолданылмайды.
2013.04.07. № 130-V ҚР Заңымен 6-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
6-бап. Білім беру саласындағы жергілікті өкілді және атқарушы органдардың құзыреті
1. Жергілікті өкілді органдар:
1) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2017.05.05. № 59-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) білім алушылардың қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы шешім қабылдайды;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Облыстың жергілікті атқарушы органы:
1) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-2) кешкі (ауысымды) оқу нысанын қоса алғанда, мемлекеттік білім беру ұйымдарында бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруді және интернат үлгісіндегі ұйымдар арқылы ұсынылатын жалпы орта білім беруді қамтамасыз етеді;
2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен 1-3) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-3) тірек мектептердің (ресурс орталықтарының) жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
2) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді қамтамасыз етеді;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2021.26.06. № 56-VII ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) ерекше білім беруді қажет ететін адамдарды (балаларды) оқытуды, олардың білім беру ұйымдарында білім алуы үшін арнаулы жағдайлар жасауды, әмбебап дизайн және (немесе) ақылға қонымды ыңғайлылық қағидаттарын ескере отырып, мемлекеттік құрылыс нормалары мен стандарттарына сәйкес білім беру ұйымдарының ғимараттарына, құрылысжайлары мен үй-жайларына қолжетімділікті қамтамасыз етеді;
4) мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балаларды оқытуды қамтамасыз етеді;
2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4-1) мектепке дейінгі жастағы және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, орта білім алғанға дейін оларды оқытуды ұйымдастырады;
2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен 4-2) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4-2) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды қамтамасыз етеді;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруді және негізгі орта, жалпы білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын солармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады және олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;
5-1) 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6) тармақша өзгертілді; 2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын қоспағанда, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын, сондай-ақ білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын, мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын, балалар-жасөспірімдер спорт мектептерін құрады, қайта ұйымдастырады және таратады;
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
6-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражаты есебінен орта білім беру объектілерін салуды, реконструкциялауды қамтамасыз етеді;
7) - 7-2) 2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен 7-3) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
7-3) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекітеді;
2017.05.05. № 60-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 172-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 8) тармақша өзгертілді
8) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді;
2017.05.05. № 60-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 172-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 8-1) тармақша өзгертілді
8-1) өңірлік кәсіпкерлер палаталарының және мүдделі ұйымдардың ұсыныстарын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырады;
2017.05.07. № 88-VI ҚР Заңымен 8-2) тармақшамен толықтырылды; 2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен 8-2) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8-2) мемлекеттік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді;
2018.04.07. № 172-VI ҚР Заңымен 8-3) тармақшамен толықтырылды
8-3) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді;
2021.08.01. № 410-VI ҚР Заңымен 8-4) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
8-4) тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттерде бекітілген бюджет қаражатының көлемдері шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді;
2021.26.06. № 56-VII ҚР Заңымен 8-5) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
8-5) тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттерде бекітілген бюджет қаражатының көлемдері шегінде мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді және орналастырады;
9) білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастырады;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
10) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
10-1) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) материалдық-техникалық қамтамасыз етуге қолдау көрсетеді және жәрдемдеседі;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.26.12. № 287-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 11) тармақша өзгертілді
11) облыстық және аудандық (облыстық маңызы бар қала) ауқымдардағы мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы күтіп-ұстауға және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға бөлінетін бюджет қаражатының кемінде екі пайызы мөлшерінде қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат жұмсайды;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 12) тармақша жаңа редакцияда
12) мемлекеттік тапсырыс негізінде техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін жыл сайын 1 тамызға дейін қағаз және электрондық жеткізгіштерде оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін сатып алуды және жеткізуді қамтамасыз етеді;
2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен 12-1) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
12-1) жыл сайын 1 тамызға дейін аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда) орналасқан, мектепалды даярлықтың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына, орта білім беру ұйымдарына оқу жылына білім беру органдары болжайтын көлемде оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуды және жеткізуді ұйымдастырады;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 13) тармақша жаңа редакцияда
13) облыстық және аудандық (облыстық маңызы бар қала) ауқымдарда жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп олимпиадаларын және ғылыми жобалар конкурстарын, облыстық ауқымда орындаушылар конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарын, аудандық (қалалық) ауқымдағы конкурстар ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді;
2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен 13-1) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
13-1) мектепке дейінгі ұйымдарды және интернаттық ұйымдарға жатпайтын орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім беру ұйымдарының, оның ішінде аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда) орналасқан білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен 13-2) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
13-2) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қамтамасыз етеді, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, қалалардағы аудандарда, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
14) облыстық және аудандық (облыстық маңызы бар қала) деңгейлерде жүзеге асырылатын балаларға қосымша білім беруді қамтамасыз етеді;
15) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрларын қайта даярлауды және қызметкерлердің біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;
16) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 16-1) тармақшамен толықтырылды
16-1) балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын зерттеп-қарауды және психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
17) дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалтуды және әлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз етеді;
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 18) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
18) жетім балаларды, ата-анаcының қамқорлығынсыз қалған балаларды белгіленген тәртіппен мемлекеттік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен 18-1) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
18-1) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарына, оның ішінде аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда) орналасқан мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарына және отбасыларға қажетті әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;
2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен 19) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
19) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастырады;
2017.05.05. № 60-VІ ҚР Заңымен 20) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 172-VI ҚР Заңымен 20) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
20) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде бітірген адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 20-1) тармақшамен толықтырылды
20-1) берілген өтінімдерге сәйкес кейіннен жұмысқа орналастыра отырып, ауылдық жердің кадрлар қажетсінуі туралы өтінімді білім беру және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдарға жыл сайын 15-ші сәуірге дейін ұсынады;
2017.05.05. № 59-VI ҚР Заңымен 21) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
21) мәслихатқа білім алушылардың қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы ұсыныстар енгізеді;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 22) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2019.26.11. № 273-VІ ҚР Заңымен 22) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
22) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша облыстық білім беруді басқару органының бірінші басшысын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 22-1) тармақшамен толықтырылды
22-1) білім беру мониторингін жүзеге асырады;
2016.09.04. № 501-V ҚР Заңымен 22-2) тармақшамен толықтырылды; 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 22-2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
22-2) жыл сайын белгіленген мерзімдерде білім саласындағы уәкілетті органның ақпараттандыру объектілерінде статистикалық байқаулар деректерін жинауды қамтамасыз етеді;
2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен 23) тармақшамен толықтырылды; 2019.01.04. № 240-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 23) тармақша өзгертілді
23) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының және арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен 24) тармақшамен толықтырылды; 2019.01.04. № 240-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 24) тармақша өзгертілді
24) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында және арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталықтарында ұсталатын адамдарға жағдай жасайды;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 24-1), 24-2), 24-3), 24-4) және 24-5) тармақшалармен толықтырылды
24-1) қамқоршылық кеңестерге жәрдем көрсетеді;
2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен 24-2) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
24-2) мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрмен қамтамасыз етілуін ұйымдастырады және жүзеге асырады;
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 24-3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
24-3) конкурс жеңімпаздарына - мемлекеттік орта білім беру ұйымдарына «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын төлейді;
2019.01.04. № 240-VІ ҚР Заңымен 24-4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен 24-4) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
24-4) негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында, мамандырылған және арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ мәдениет және өнер, дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат береді;
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 24-5) тармақша жаңа редакцияда
24-5) әдістемелік кабинеттердің материалдық-техникалық базасын қамтамасыз етеді;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 24-6) және 24-7) тармақшалармен толықтырылды
24-6) 2022.03.05. № 118-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
24-7) білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 24-8) тармақшамен толықтырылды
24-8) дуальды оқыту бойынша білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарын даярлауды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
2018.04.07. № 172-VI ҚР Заңымен 24-9) тармақшамен толықтырылды
24-9) конкурс жеңімпаздарына - мемлекеттік техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына «Техникалық және кәсіптік, орта бiлiмнен кейінгі білім беретін үздiк ұйым» грантын төлейді;
2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен 24-10), 24-11) және 24-12) тармақшалармен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
24-10) білім беру ұйымдарында, оның ішінде аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда) орналасқан білім беру ұйымдарында психологиялық қызметке әдістемелік басшылықты қамтамасыз етеді;