«11-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өткізілетін сатып алуға қол жеткізудің бірыңғай нүктесін қалыптастыру мақсатында мемлекеттік сатып алу ақпараттық жүйесінің Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ақпараттық жүйесімен интеграциясын қамтамасыз етеді;
11-2) мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша, оның ішінде тиісті саланың уәкілетті органдарымен келісу бойынша әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді және бекітеді;»;
12) 17-бапта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану (оған қол жеткізу) бойынша ақылы негізде қызметтер көрсетеді. Әлеуетті өнім берушілердің мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалануы (оған қол жеткізуі) бойынша көрсетілетін қызметтердің бағасын мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор уәкілетті органмен келісу бойынша белгілейді.
Бұл ретте мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану (оған қол жеткізу) бойынша көрсетілетін қызметтердің бағасы мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың өкілеттіктерін жүзеге асыруға мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор шеккен шығындардың толық өтелуін қамтамасыз етуге тиіс;»;
14-тармақтың 12) тармақшасының бесінші және алтыншы абзацтары 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) мемлекеттік сатып алу веб-порталының құралдарын пайдалана отырып, осы Заңда және мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған тәртіппен конкурсқа (аукционға) және баға ұсыныстарын сұратуға қатысуға арналған өтінімдерді қамтамасыз етуді енгізу және қайтару процесін операциялық қолдап отыруды қамтамасыз етеді.»;
13) 18-бапта:
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы, конкурстық комиссия (аукциондық комиссия), сараптама комиссиясы, сарапшы;»;
3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) әлеуетті өнім беруші, конкурсқа не аукционға қатысушы, өнім беруші не олардың уәкілетті өкілі тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының не конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның), сараптама комиссиясының, сарапшының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым жасап жазбаша жолданым не жалпыға бірдей қолжетімді ақпараттық жүйелер арқылы келіп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жолданым бергенде жүзеге асырады. Мұндай шағымды қарау осы Заңның 47 және 48-баптарында көзделген шарттар сақталған кезде жүзеге асырылады;»;
4-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;
14) 20-баптың 1, 2, 3-тармақтары және 5-тармағының екінші бөлігі алып тасталсын;
15) 21-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге ұлттық стандарттар, ал олар болмаған жағдайда мемлекетаралық стандарттар көрсетіле отырып, техникалық өзіндік ерекшелік қамтылуға тиіс. Ұлттық және мемлекетаралық стандарттар болмаған кезде мемлекеттік сатып алуды нормалау ескеріле отырып, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдаланушылық сипаттамалары көрсетіледі.
Бұл ретте техникалық өзіндік ерекшелікте өнім берушілерге қойылатын, берілетін тауарлардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық регламенттерде, стандарттар ережелерінде немесе өзге де құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес келетінін растайтын құжаттарды беру туралы талап қамтылуға тиіс.
Жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететін жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде конкурстық құжаттамада техникалық өзіндік ерекшеліктің орнына белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттама қамтылуға тиіс. Бұл ретте мұндай мемлекеттік сатып алу бойынша жұмыстарды орындау мерзімдері белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттамада көрсетілген жұмыстарды орындау мерзімдеріне сәйкес келуге тиіс;»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемшарттар және олардың есеп-қисабы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалады.»;
16) 22-бапта:
1-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Конкурстық құжаттаманың жобасына ескертулер, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрау салулар болмаған кезде, конкурстық құжаттаманы бекіту туралы шешім қабылданады.»;
2-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ескертулер, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрау салулар болған жағдайда, конкурстық құжаттаманы алдын ала талқылау мерзімі өткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:»;
3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімі өткенге дейін конкурстық құжаттамаға өз бастамасы бойынша өзгерістер енгізуге құқылы. Мұндай жағдайларда конкурстық құжаттама осы бапта айқындалған тәртіппен алдын ала талқылауға жатады.»;
5-тармақтың 1) тармақшасындағы «сатып алуға;» деген сөздер «сатып алуға қолданылмайды.» деген сөздермен ауыстырылып, 2) тармақшасы алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Осы баптың талаптары конкурстық құжаттамада техникалық өзіндік ерекшеліктің орнына осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасы бөлігінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттама қамтылған, жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететін жұмыстарды мемлекеттік сатып алуға қолданылады.»;
17) 23-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қайта мемлекеттік сатып алу өткізуге байланысты мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау мерзімін ұлғайтуды қоспағанда, конкурс тәсілімен қайта мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылған жағдайда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді ұсынудың соңғы күніне дейін кемінде бес жұмыс күні бұрын мемлекеттік сатып алу веб-порталында өткізілмеген конкурстың конкурстық құжаттамасының өзгермеуі шартымен, конкурс тәсілімен қайта мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтінін орналастыруға міндетті.»;
18) 24-бапта:
4-тармақта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) осы Заңның 6-бабы 1-тармағының 1), 3), 4), 5), 6) және 8) тармақшаларында көзделген;»;
14-тармақтың 18) тармақшасының бесінші және алтыншы абзацтары 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын;
«5) әлеуетті өнім берушінің электрондық әмиянындағы конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз ету сомасы болмаған не жеткіліксіз болған жағдайларда, мемлекеттік сатып алу веб-порталы оны автоматты түрде қабылдамауға тиіс.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Конкурсқа қатысуға арналған өтінімді берген әлеуетті өнім берушілерге алдын ала жіберу хаттамасы орналастырылған күннен бастап үш жұмыс күні өткеннен кейін басқа әлеуетті өнім берушілердің осы конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерін көруге қолжетімділік қамтамасыз етіледі.
Конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етуді енгізбеген не оны мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған мөлшерде енгізбеген әлеуетті өнім берушілерге басқа әлеуетті өнім берушілердің осы конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерін көруге қолжетімділік берілмейді.»;
19) 25 және 26-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының 25-бабының қолданысы 2020 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бап 4-баптың редакциясында қолданылды
«25-бап. Конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз ету
1. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етуді өзі конкурс жеңімпазы болып айқындалған жағдайда мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасатынына және мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ осы Заңның 26-бабына сәйкес соманы (ол болған кезде) енгізетініне кепіл ретінде енгізеді.
2. Конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз ету тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде енгізіледі.
3. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің біреуін:
1) әлеуетті өнім берушінің электрондық әмиянындағы ақшаны;
2) электрондық құжат нысанында берілетін банк кепілдігін таңдауға құқылы. Осы Заңның 50-бабында көзделген жағдайларда банк кепілдігін қағаз жеткізгіште беруге жол беріледі.
Әлеуетті өнім берушінің электрондық әмияндағы ақшаны тұтастай не оның бір бөлігін талап ету құқығы үшінші тұлғаларда туындауына алып келетін әрекеттер жасауына жол берілмейді.
Осы баптың 4 және 5-тармақтарында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың электрондық әмияндағы ақшаны пайдалануына жол берілмейді.
4. Конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз ету мынадай жағдайлардың бірі басталған кезде:
1) конкурс жеңімпазы деп айқындалған әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарғанда;
2) конкурс жеңімпазы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасаса отырып, конкурстық құжаттамада белгіленген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімдері туралы талаптарды орындамағанда не тиісті түрде орындамағанда, оның ішінде уақтылы орындамағанда бұғатталады және әлеуетті өнім берушіге қайтарылмайды.
5. Осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайлардың бірі басталған кезде конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз ету сомасы тиісті бюджеттің, мемлекеттік кәсіпорынның, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаның немесе онымен үлестес заңды тұлғалардың кірісіне есепке жатқызылады.
6. Мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор әлеуетті өнім берушіге өзі бұғаттап қойған конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етуді мынадай:
1) осы әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін өзінің конкурсқа қатысуға арналған өтінімін кері қайтарып алған;
2) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған жағдайларда, автоматты түрде бұғаттан шығарып береді. Көрсетілген жағдай конкурс жеңімпазы болып айқындалған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;
3) әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қойған және ол мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ осы Заңның 26-бабына сәйкес соманы (ол болған кезде) енгізген жағдайларда, автоматты түрде бұғаттан шығарып береді.
7. Мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор әлеуетті өнім берушінің өзінің электрондық әмиянына орналастырылған ақшаны қайтару туралы талабы бойынша осындай талап келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген, өзіне қатысты бұғаттау жүзеге асырылмаған немесе бұғаттау тоқтатылған ақшаны қайтарады.
26-бап. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезіндегі демпингке қарсы шаралар
1. Конкурсқа қатысушы ұсынған, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалатын шекті мәннен төмен болып табылатын баға демпингтік баға деп танылады.
2. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында көзделген, әлеуетті өнім берушінің шарттың орындалуын қамтамасыз етуге қосымша, демпингттік деп танылмайтын, жол берілетін ең төмен бағадан төмендетілген сомаға тең мөлшерде сома енгізу шарты бар жағдайларды қоспағанда, демпингтік бағалар ұсынуға жол берілмейді.»;
20) 27-бапта:
2-тармақта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Заңның 8-бабының 3-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда, орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу кезінде тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық өзіндік ерекшелікке сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытынды дайындау үшін сараптама комиссиясын құрады не сарапшыны айқындайды.»;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы Заңның 8-бабының 3-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген жағдайда, орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу кезінде мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық өзіндік ерекшелікке сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытынды дайындау үшін сараптама комиссиясын құрады не сарапшыны айқындайды.»;
3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Конкурстық комиссияның әлеуетті өнім берушілерді конкурсқа қатысуға алдын ала жіберу туралы шешімі конкурсқа қатысуға арналған өтінімдер ашылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қабылданады.»;
4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіру құқығы мынадай:
1) осы Заңның 6-бабының талаптарын бұзған;
2) біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптары бойынша анық емес ақпарат берген;
3) конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етуді енгізбеген не оны мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған мөлшерде енгізбеген әлеуетті өнім берушілерге берілмейді.»;
5-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді әлеуетті өнім берушілердің біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарау кезінде конкурстық комиссия:»;
8-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қайтадан қарау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтірілген конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді әлеуетті өнім берушілердің қайтадан ұсыну мерзімі өткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде:»;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемшарттарды қолданады және есептейді.»;
10-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Шартты бағалар тең болған кезде жеңімпазды (конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру қорытындылары бойынша екінші орын алған конкурсқа қатысушыны) тану шарттары мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалады.»;
21) 29-бапта:
2-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Конкурс тәсілімен қайта мемлекеттік сатып алу өткізілмеді деп танылған жағдайда, тапсырыс беруші бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды мынадай:
1) конкурсқа қатысуға ұсынылған өтінімдер болмаған жағдайда, жүзеге асыруға құқылы. Бұл ретте бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға шақырту жіберілетін әлеуетті өнім берушіні тапсырыс беруші айқындайды;
2) конкурсқа қатысуға екеуден аз өтінім ұсынылған жағдайда, жүзеге асыруға құқылы. Бұл ретте бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға шақырту конкурсқа қатысуға арналған өтінімді ұсынған әлеуетті өнім берушіге жіберіледі. Мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарттың бағасы әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға арналған өтінімде көрсетілген конкурстық баға ұсынысынан аспауға тиіс.»;
22) 30-бапта:
1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу уәкілетті орган бекіткен тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бойынша мынадай:»;
2-тармақ алып тасталсын;
14-тармақтың 23) тармақшасы 2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
23) 31-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«31-бап. Алдын ала біліктілікті іріктеу арқылы жүргізілетін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ерекшеліктері
1. Алдын ала біліктілікті іріктеу арқылы жүргізілетін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу уәкілетті орган бекіткен тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер тізбесі бойынша жүзеге асырылады.
2. Алдын ала біліктілікті іріктеу арқылы жүргізілетін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу мынадай реттілікпен жүзеге асырылады:
1) бірінші кезеңде біліктілік органы білікті әлеуетті өнім берушілердің тізбесін қалыптастырады;
2) екінші кезеңде тапсырыс беруші білікті әлеуетті өнім берушілер тізбесіне енгізілген әлеуетті өнім берушілер арасында конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады.
3. Алдын ала біліктілікті іріктеу қолданыла отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға, конкурстық құжаттамаға, алдын ала талқылауға, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарлауға, конкурсқа қатысуға арналған өтінімге, оны қарауға, демпингтік бағаны ұсынуға, мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қойылатын талаптар осы бапта белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Заңның 20, 21, 22, 23, 24, 26, 27 және 28-баптарында айқындалады.
4. Алдын ала біліктілікті іріктеу арқылы жүргізілетін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібі мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалады.»;
24) 32-баптың 2-тармағының екінші бөлігі алып тасталсын;
25) 33-баптың 4-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Аукционға қатысуға арналған өтінімдерді біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіру құқығы мынадай:
1) осы Заңның 6-бабының талаптарын бұзған;
2) біліктілік талаптары мен аукциондық құжаттаманың талаптары бойынша анық емес ақпарат берген;
3) аукционға қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етуді енгізбеген не оны мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған мөлшерде енгізбеген әлеуетті өнім берушілерге берілмейді.»;
26) 36-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Егер аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу өткізілмеді деп танылса, тапсырыс беруші мынадай:
1) аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қайтадан өткізу туралы;
2) аукциондық құжаттаманы өзгерту және аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қайтадан өткізу туралы шешімдердің бірін қабылдайды.
3. Аукцион тәсілімен қайтадан болған мемлекеттік сатып алу өткізілмеді деп танылған жағдайда, тапсырыс беруші бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды мынадай:
1) аукционға қатысуға ұсынылған өтінімдер болмаған жағдайда, жүзеге асыруға құқылы. Бұл ретте бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға шақырту жіберілетін әлеуетті өнім берушіні тапсырыс беруші айқындайды;
2) аукционға қатысуға екеуден аз өтінім ұсынылған жағдайда, жүзеге асыруға құқылы. Бұл ретте бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға шақырту аукционға қатысуға арналған өтінімді ұсынған әлеуетті өнім берушіге жіберіледі. Мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарттың бағасы әлеуетті өнім берушінің аукционға қатысуға арналған өтінімде көрсетілген бастапқы бағасынан аспауға тиіс.»;
27) 37-бапта:
2 және 4-тармақтар алып тасталсын;
14-тармақтың 27) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтары 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етуге қойылатын талаптар осы бапта белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Заңның 25-бабының қағидалары бойынша айқындалады.»;
28) 38-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге ұлттық стандарттар, ал олар болмаған жағдайда, мемлекетаралық стандарттар көрсетіле отырып, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипатталымын орналастыруға міндетті. Ұлттық және мемлекетаралық стандарттар болмаған кезде мемлекеттік сатып алуды нормалау ескеріле отырып, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдаланушылық сипаттамалары көрсетіледі.
Бұл ретте сатып алынатын тауарлардың қысқаша сипатталымында өнім берушілерге қойылатын, берілетін тауарлардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық регламенттерде, стандарттар ережелерінде немесе өзге де құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес келетінін растайтын құжаттарды беру туралы талап қамтылуға тиіс;»;
2-тармақ 3) тармақшасындағы «жүзеге асыру жағдайлары қосылмайды.» деген сөздер «жүзеге асыру;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) нарықта ұсынылған және қолжетімді, құны тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бір мың еселенген мөлшерінен аспайтын тауарларды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру жағдайлары қосылмайды.»;
9-тармақтың бірінші бөлігінде:
бірінші абзацтағы «ұсынысы» деген сөз «ұсынысын» деген сөзбен ауыстырылып, 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы Заңның 6-бабы 1-тармағының 1), 3), 4), 5), 6) және 8) тармақшаларында көзделген;»;
14-тармақтың 28) тармақшасының оныншы және он бірінші абзацтары 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) әлеуетті өнім берушінің электрондық әмиянындағы, баға ұсыныстарын сұратуға қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз ету сомасы болмаған не жеткіліксіз болған жағдайларда, мемлекеттік сатып алу веб-порталы автоматты түрде қабылдамайды.»;
29) 39-баптың 3-тармағында:
1), 3) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) табиғи монополия салаларына жататын көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ энергиямен жабдықтаудың көрсетілетін қызметтерін сатып алу немесе электр энергиясын кепілдендірген берушімен қоса электр энергиясын сатып алу-сату;»;
«3) сатып алынатын тауарларға, көрсетілетін қызметтерге қатысты айрықша құқықтарға ие тұлғадан зияткерлік меншік объектілері болып табылатын тауарларды, көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ жоба алдындағы немесе жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеген тұлғадан осы жоба алдындағы немесе жобалау-сметалық құжаттаманы түзету жөніндегі жұмыстарды сатып алу;»;
«8) мемлекеттік материалдық резервтің жаңарту тәртібімен шығарылатын материалдық құндылықтарын сатып алу;»;
9) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметін, тергеу әрекеттерін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген органдардың, сондай-ақ өздеріне қатысты ұлттық қауіпсіздік органдары Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардың және дауыс беретін акцияларының жүз пайызы мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың;»;
10) тармақша алып тасталсын;
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«11) халықаралық рейтингтік агенттіктердің көрсетілетін қызметтерін, қаржылық көрсетілетін қызметтерді сатып алу;»;
13) және 14) тармақшалар алып тасталсын;
17) тармақшадағы «, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдар қаржыландыратын инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде» деген сөздер алып тасталсын;
26) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«26) халықаралық және (немесе) шетелдік ақпараттық ұйымдардың ақпарат беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерін сатып алу;»;
29) тармақша мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындарының өткізілетін мемлекеттік сатып алу нысанасы болып табылатын тауарларды өндіру, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету бойынша қосалқы мердігерлерді (бірлесіп орындаушыларды) тартуына жол берілмейді;»;
42) және 43) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының 39-бабының 3-тармағы 42) тармақшасының қолданысы 2021 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша 5-баптың редакциясында қолданылды
«42) егер біртекті тауарлардың құндық мәндегі жылдық көлемі тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бір жүз еселенген мөлшерінен аспаса, осындай біртекті тауарларды, егер біртекті жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің құндық мәндегі жылдық көлемі айлық есептік көрсеткіштің бес жүз еселенген мөлшерінен аспаса, осындай жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу;