2) құқық қорғау органдарының келіп түскен қаулылары негіз болып табылады.
4. Сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызмет бақылау нәтижелері бойынша сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бұзушылықтар анықталған кезде мынадай шараларды қолданады:
1) бұзушылықтар анықталған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей бақылау объектісіне бұзушылықтарды жою туралы, орындалуы міндетті хабарлама жібереді;
2) міндеттемелері тиісті түрде орындалған сатып алу туралы шарттарды қоспағанда, сатып алуды жүзеге асыру қағидалары бұзыла отырып жасалған, күшіне енген сатып алу туралы шарттарды жарамсыз деп тану туралы талап қойып сотқа жүгінеді.
5. Бақылау нәтижелері бойынша бақылау объектісінің қылмыстық құқық бұзушылық құрамының белгілері бар әрекет (әрекетсіздік) жасау фактісі анықталған кезде, сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызмет осындай факт анықталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде құқық қорғау органдарына көрсетілген әрекеттің (әрекетсіздіктің) жасалғаны туралы ақпаратты және осындай фактіні растайтын құжаттарды беруге міндетті.
6. Лауазымды адам бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама бақылау объектісіне табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өзі дербес жойған жағдайда, әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.
7. Бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама осы баптың 6-тармағында көрсетілген мерзімде орындалмаған жағдайда, сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызмет материалдарды сатып алу саласындағы уәкілетті органға береді.
186-4-бап. Тапсырыс берушінің, сатып алуды ұйымдастырушының, тендерлік комиссияның (аукциондық комиссияның), сатып алу жөніндегі сарапшының, электрондық сатып алу ақпараттық жүйесі операторының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым жасау
1. Егер тапсырыс берушінің, сатып алуды ұйымдастырушының, тендерлік комиссияның (аукциондық комиссияның), сатып алу жөніндегі сарапшының, электрондық сатып алу ақпараттық жүйесі операторының әрекеттері (әрекетсіздігі), шешімдері әлеуетті өнім берушінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзса, әлеуетті өнім беруші олардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым жасауға құқылы.
2. Тендер (аукцион) тәсілімен сатып алу қорытындылары туралы хаттама орналастырылған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызметке тапсырыс берушінің, сатып алуды ұйымдастырушының, тендерлік комиссияның (аукциондық комиссияның), сатып алу жөніндегі сарапшының, электрондық сатып алу ақпараттық жүйесі операторының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым жасалған жағдайда, сатып алу туралы шарт жасасу мерзімі шағымды қарау мерзімі аяқталғанға дейін тоқтатыла тұрады.
3. Осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзім өткеннен кейін сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызметке тапсырыс берушінің, сатып алуды ұйымдастырушының, тендерлік комиссияның (аукциондық комиссияның), сатып алу жөніндегі сарапшының, электрондық сатып алу ақпараттық жүйесі операторының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым жасау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Әлеуетті өнім берушінің шағымы Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес электрондық сатып алудың ақпараттық жүйесі арқылы берілуі мүмкін.
5. Осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзімдерде сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызметке тапсырыс берушінің, сатып алуды ұйымдастырушының, тендерлік комиссияның (аукциондық комиссияның), сатып алу жөніндегі сарапшының, электрондық сатып алу ақпараттық жүйесі операторының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым жасалған жағдайда, шағым келіп түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қаралады.
Сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызмет шағым келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, тапсырыс берушіге сатып алу туралы шарт жасасуды тоқтата тұру туралы хабарлама жібереді.
6. Сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызмет осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзімдерде келіп түскен шағымды қарау нәтижелері бойынша сатып алу қорытындыларының күшін жою не күшін жоюдан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
7. Әлеуетті өнім беруші сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызметтің осы баптың 6-тармағына сәйкес қабылданған шешімімен келіспеген жағдайда, оған сот тәртібімен шағым жасауға құқылы.
186-5-бап. Сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызмет
Сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызмет тікелей директорлар кеңесіне бағынады және оның алдында өзінің жұмысы туралы есеп береді.
186-6-бап. Электрондық сатып алу ақпараттық жүйесі операторының өкілеттіктері
Электрондық сатып алу ақпараттық жүйесінің операторы:
1) электрондық сатып алу веб-порталын дамытуды, қолдап отыруды және оған жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады;
2) электрондық сатып алу веб-порталын дамыту жөніндегі жобаларды басқаруды жүзеге асырады;
3) электрондық сатып алу жүйесінің субъектілеріне электрондық сатып алу веб-порталының жұмыс істеуі мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетеді;
4) электрондық сатып алу жүйесі субъектілерінің электрондық сатып алу веб-порталында орналастырылған электрондық ақпараттық ресурстарының сақталуының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;
5) сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес электрондық сатып алу веб-порталын ақпараттық толтыруды жүзеге асырады;
6) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің, мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың интеграциясы және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша уәкілетті субъектілермен өзара іс-қимыл жасасады;
7) электрондық сатып алу веб-порталын техникалық қолдауға және оның жұмыс істеуіне бағытталған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.».
11-тармақ 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
11. «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» 2012 жылғы 1 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 4, 29-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 12, 82-құжат; 2015 ж., № 19-ІІ, 102-құжат; № 22-І, 140-құжат; № 23-ІІ, 172-құжат; 2017 ж., № 14, 54-құжат; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 15, 50-құжат):
1) 10-баптың 2-тармағы 18) тармақшасындағы «беру мәселелері;» деген сөздер «беру;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын:
«18-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өткізілетін сатып алуға қол жеткізудің бірыңғай нүктесін қалыптастыру мақсатында сатып алу ақпараттық жүйесінің Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ақпараттық жүйесімен интеграциясын қамтамасыз ету мәселелері;»;
2) 19-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«19-бап. Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу
1. Қор және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызын тікелей немесе жанама түрде Қор иеленетін ұйымдар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға Қазақстан Республикасының өзге заңдарында көзделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың арнайы тәртібі қолданылмайды.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуы Қордың директорлар кеңесі сатып алу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекітетін тәртіп (бұдан әрі осы баптың мақсаттарында - сатып алуды жүзеге асыру тәртібі) негізінде жүргізіледі.
3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген заңды тұлғалар тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асырған кезде:
1) сатып алуды жүзеге асыру тәртібінде көзделген жағдайларды қоспағанда, тендерлік құжаттамада (аукциондық құжаттамада) әлеуетті өнім берушілерге сатып алуды жүзеге асыру тәртібінде көзделмеген біліктілік талаптарын белгілеуге не тендерлік құжаттамада (аукциондық құжаттамада) не баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру кезінде орналастырылатын ақпаратта сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген әлеуетті өнім берушілерге тиесілілігін айқындайтын сипаттамаларына нұсқау жасауға;
2) сатып алуды жүзеге асыру тәртібінде көзделмеген жағдайларда сатып алуды жүзеге асырудан бас тартуға;
3) әлеуетті өнім берушіні және (немесе) ол тартатын, жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігерлерін (бірлесіп орындаушыларды) сатып алуды жүзеге асыру тәртібінде көзделмеген негіздер бойынша біліктілік талаптарына және (немесе) тендерлік құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) талаптарына сәйкес келмейді деп тануға;
4) сатып алуды жүзеге асыру тәртібінде көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру кезінде олардың біртекті түрлері бойынша және оларды беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлмеуге;
5) негізінде тендерлік комиссияның (аукциондық комиссияның) заңсыз шешімі қабылданған сатып алу жөніндегі сараптама комиссиясының не сатып алу жөніндегі сарапшының көрінеу жалған сараптамалық қорытынды дайындауына;
6) сатып алуды жүзеге асыру тәртібінде көзделмеген жағдайларда сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыруға жол берілмейді.
4. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген заңды тұлғалардың сатып алуды жүзеге асыру тәртібіне сәйкес сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу рәсімдерін орындауға жауапты құрылымдық бөлімшесі болуға тиіс.
5. Қор осы баптың 1-тармағында көрсетілген заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуы мәселелері бойынша бақылауды, әдіснамалық басшылықты, мониторинг пен талдауды жүзеге асырады.
Бақылау Қордың осы баптың 1-тармағында көрсетілген заңды тұлғалардың осы бапта және сатып алуды жүзеге асыру тәртібінде белгіленген талаптарды сақтауын тексеру және байқау жөніндегі қызметін білдіреді. Қордың осы баптың 1-тармағында көрсетілген заңды тұлғаларға қатысты бақылауы Қордың директорлар кеңесі белгілейтін тәртіппен олардың корпоративтік басқару деңгейі ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Қор бақылауды жүзеге асыру шеңберінде осы баптың 1-тармағында көрсетілген заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті, бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жібереді.
Қор бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны бұзушылықтар анықталған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей жібереді.
Осы баптың 1-тармағында көрсетілген заңды тұлғалар бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны табыс етілген (алынған) күнінен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындауға тиіс.
Бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда, Қор оны орындау мерзімі өткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде материалдарды Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен қарау үшін сатып алу саласындағы уәкілетті органға береді.
Осы баптың 1-тармағында көрсетілген заңды тұлғалар Қор жүргізген бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды осы тармақта белгіленген мерзім ішінде өздері дербес жойған жағдайда, бұзушылықтарды жою туралы хабарлама сатып алу саласындағы уәкілетті органға жіберілмейді.
Бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны жіберу тәртібі және оның мазмұны осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген тәртіпке сәйкес айқындалады.
Бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.
6. Жергілікті қамту тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұйымдардың жергілікті қамтуды бірыңғай есептеу әдістемесі бойынша айқындалады.
7. Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамту жөніндегі ақпарат индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға ол белгілеген нысан бойынша және мерзімдерде Қор атынан шоғырландырылып беріледі.
8. Қор немесе осы баптың 1-тармағында көрсетілгендер қатарынан, ол уәкілеттік берген заңды тұлға Қордың және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызын тікелей немесе жанама түрде Қор иеленетін заңды тұлғалардың сенімсіз әлеуетті өнім берушілерінің (өнім берушілердің) тізбесін қалыптастыруды, жүргізуді және бекітуді жүзеге асырады.
Қордың және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызын тікелей немесе жанама түрде Қор иеленетін заңды тұлғалардың сенімсіз әлеуетті өнім берушілерінің (өнім берушілерінің) тізбесіне енгізілген, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне және (немесе) Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасында көзделген, сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім берушілер (өнім берушілер) осы баптың 1-тармағында көрсетілген заңды тұлғалар өткізетін сатып алуға қатысуға жіберілмейді.
Тіркелген жері салық және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекітетін жеңілдікті салық салынатын мемлекеттердің (офшорлық аймақтардың) тізбесіне енгізілген мемлекет немесе аумақ болатын заңды тұлғалар болып табылатын әлеуетті өнім берушілер тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жіберілмейді.
9. 1-тармақты қоспағанда, осы баптың ережелері екінші деңгейдегі банктерге (Қазақстанның Даму Банкі мен Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен басқа) және олардың еншілес ұйымдарына қолданылмайды.».
12. «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 15, 80-құжат; 2014 ж., № 12, 82-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; № 21-І, 128-құжат; № 22-V, 152-құжат; 2016 ж., № 7-І, 47-құжат; № 7-ІІ, 55-құжат; 2017 ж., № 23-ІІІ, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 36-құжат; № 19, 62-құжат):
1) 1-бапта:
4-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4-1) сатып алуға қол жеткізудің бірыңғай нүктесі - сатып алудың ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған ақпараттық жүйе;»;
мынадай мазмұндағы 4-2) тармақшамен толықтырылсын:
«4-2) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілердің тізілімі - Ұлттық палата төралқасы бекітетін тәртіппен ерікті негізде қалыптастырылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілердің тізбесі;»;
2) 12-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) сатып алуға қол жеткізудің бірыңғай нүктесін құруды, дамытуды, қолдап отыруды және оған жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады және оны қалыптастыру мен жүргізу қағидаларын бекітеді.».
13. «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 21-ІІ, 129-құжат; 2018 ж., № 2, 5-құжат):
1) 18-баптың 5-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары бойынша жүргізіледі.»;
2) 31-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларға қарсылықтарды жіберу мен қарау тәртібі осы Заңда және камералдық бақылау жүргізу қағидаларында айқындалады.»;
3) 37-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға;»;
4) мынадай мазмұндағы 11-1-тараумен толықтырылсын:
«11-1-тарау. Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның аудиторлық есебіне немесе қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есебіне, камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламасына қарсылықтарды қарау тәртібі
58-1-бап. Апелляциялық комиссия
Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның аудиторлық есебіне немесе қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есебіне, камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламасына қарсылықтарды ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның жанындағы апелляциялық комиссия қарайды.
Апелляциялық комиссияның құрамын және ол туралы ережені ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.
58-2-бап. Қарсылық беру тәртібі мен мерзімдері
1. Мемлекеттік аудит объектісінің қарсылығы:
1) қол қойылған аудиторлық есеп және (немесе) қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есеп ұсынылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде;
2) камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама табыс етілген (алынған) күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде апелляциялық комиссияға беріледі.
2. Беру тәсіліне қарай:
1) келу тәртібімен - ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган қарсылықты алған күн;
2) пошта арқылы - пошта немесе өзге байланыс ұйымы қабылдау туралы белгі қойған күн;
3) ақпараттық технологияларды қолдану арқылы - ол электрондық құжат нысанында алынған күн, ал камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға қарсылықтар бойынша - ол мемлекеттік сатып алудың электрондық көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай нүктесін ұсынатын, мемлекеттік органның ақпараттық жүйесі арқылы алынған күн қарсылықты апелляциялық комиссияға берген күн болып табылады.
3. Қарсылықтың нысаны мен мазмұны:
1) аудиторлық есепке және (немесе) қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есепке қарсылықтар бойынша ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларында;
2) камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға қарсылықтар бойынша камералдық бақылау қағидаларында айқындалады.
58-3-бап. Қарсылықты қараудан бас тарту
1. Қарсылық осы Заңның 58-2-бабында белгіленген мерзім өткен соң берілген жағдайда, апелляциялық комиссия қарсылықты қараудан бас тартады.
2. Қарсылықты қараудан бас тартқан жағдайда, апелляциялық комиссия қарсылық келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік аудит объектісіне жазбаша нысанда хабарлайды.
58-4-бап. Қарсылықты қарау тәртібі мен мерзімдері
1. Апелляциялық комиссия қарсылықты:
1) аудиторлық есепке немесе қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есепке қарсылықты қарау мерзімдерін тоқтата тұру және (немесе) ұзарту жағдайларын қоспағанда, мұндай қарсылық алынған күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде;
2) камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға қарсылық алынған күннен кейінгі күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарайды.
Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындау мерзімі қарсылықты қарау кезеңінде тоқтатыла тұрады.
2. Қарсылық мемлекеттік аудит объектісі дау айтатын мәселелер шегінде қаралады.
3. Апелляциялық комиссия қарсылықты қарау кезінде мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан және өзге де жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ шет мемлекеттердің құзыретті органдарынан қарсылықта жазылған мәселелер бойынша ақпарат немесе құжаттар сұратуға құқылы.
4. Мемлекеттік органдарға, лауазымды адамдарға және өзге де жеке және заңды тұлғаларға, сондай-ақ шет мемлекеттердің құзыретті органдарына сұрау салу жіберілген жағдайда, қарсылықты қараудың осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзімі жауап алынған кезге дейін тоқтатыла тұрады, бұл туралы қарау мерзімі тоқтатыла тұрған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік аудит объектісіне хабарланады. Мемлекеттік аудит объектісі қарсылыққа толықтырулар ұсынған жағдайда, қарсылықты қараудың осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзімі он бес жұмыс күніне ұзартылады, бұл туралы қарау мерзімі ұзартылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік аудит объектісіне хабарланады.
58-5-бап. Қарсылықты қарау нәтижелері бойынша қабылданатын шешімдер
1. Апелляциялық комиссия қарсылықты қарау нәтижелері бойынша мынадай:
1) қарсылықты толық немесе ішінара қанағаттандыру туралы;
2) мұндай шешім қабылдауды негіздей отырып, қарсылықты қанағаттандырудан бас тарту туралы ұсынымдардың біреуін шығарады.
Апелляциялық комиссияның ұсынымы жазбаша нысанда шығарылады.
2. Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган апелляциялық комиссияның ұсынымын ескере отырып, жазбаша нысанда шешім шығарады.
3. Қарсылықты қарау нәтижелері бойынша шешім осы Заңның 58-4-бабының 1-тармағына сәйкес шешім қабылданған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде шығарылады.
58-6-бап. Дауларды апелляциялық реттеу
1. Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік аудиті және камералдық бақылауы нәтижелері бойынша қабылданатын құжаттарға шағым жасау кезінде туындайтын дауларды апелляциялық реттеу осы Заңда көзделген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.
2. Осы Заңда көзделген жағдайларда дауларды апелляциялық реттеу міндетті болып табылады.»;
5) 60-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының және (немесе) олардың лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.»;
3-тармақ алып тасталсын;
6) 60-1, 60-2, 60-3, 60-4, 60-5 және 60-6-баптар алып тасталсын.
14. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 23-ІІ, 171-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; № 8-ІІ, 72-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 18-құжат; № 14, 51-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 13, 41-құжат):
1) 1-бапта:
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабының 2-тармағында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер;»;
мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдар қаржыландыратын инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер қосылмайды. Жиынтығында мынадай шарттар сақталған кезде:
шетелдік банктің шетел валютасында Standard & Poor’s агенттігінің «А»-дан төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің ұқсас деңгейдегі рейтингі болса;
қаржыландырудың елу пайыздан астамын шетелдік банктер жүзеге асырса;
инвестициялық жобаны іске асыруды мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар жүзеге асырса;
инвестициялық жобаны іске асыру мемлекеттік кепілдікті талап етпесе және қарыз алушының мүлкіне ауыртпалық салуға әкеп соқпаса, басқа шетелдік банктер толықтай немесе ішінара қаржыландыратын инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу осы банктердің қағидалары бойынша жүзеге асырылады.»;
2) 2-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) анық емес ақпарат - әлеуетті өнім берушінің конкурсқа (аукционға) қатысуға арналған өтінімінде қамтылған, сол сияқты әлеуетті өнім берушінің берілген өтінімінің шынайы мазмұнын бұрмалайтын және шындығына сәйкес келмейтін түзетулер арқылы енгізілген жалған мәліметтер;»;
мынадай мазмұндағы 1-1) және 4-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-1) аукцион адымы - аукцион нысанасының бағасы төмендетілетін ақшалай аралық;»;
14-тармақтың 2) тармақшасының алтыншы абзацы 2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
«4-1) біліктілік органы - әлеуетті өнім берушілерді алдын ала біліктілікті іріктеуді жүзеге асыратын және білікті өнім берушілер тізбесін қалыптастыратын, уәкілетті орган айқындаған заңды тұлға;»;