4-бап. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрып, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бап:
1) 2019 жылғы 1 қаңтардан 2019 жылғы 1 шілдеге дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«25-бап. Конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз ету
1. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етуді өзі конкурс жеңімпазы болып айқындалған жағдайда мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасатынына және мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ осы Заңның 26-бабына сәйкес соманы (ол болған кезде) енгізетініне кепіл ретінде енгізеді.
2. Конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз ету тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде енгізіледі.
3. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің біреуін:
1) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының банктік шотына не мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер болып табылатын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілдікті ақшалай жарнаны;
2) электрондық құжат нысанында берілетін банк кепілдігін таңдауға құқылы. Осы Заңның 50-бабында көзделген жағдайларда банк кепілдігін қағаз жеткізгіште беруге жол беріледі.
Әлеуетті өнім берушінің өзінің конкурсқа қатысуға арналған өтінімінің қолданылу мерзімі өткенге дейін, енгізілген кепілдікті ақшалай жарнаны тұтастай не оның бір бөлігін талап ету құқығы үшінші тұлғаларда туындауына алып келетін әрекеттер жасауына жол берілмейді.
Осы баптың 4 және 5-тармақтарында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының әлеуетті өнім беруші енгізген кепілдікті ақшалай жарнаны пайдалануына жол берілмейді.
4. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мынадай жағдайлардың бірі басталған кезде:
1) конкурс жеңімпазы деп айқындалған әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарғанда;
2) конкурс жеңімпазы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасаса отырып, конкурстық құжаттамада белгіленген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімдері туралы талаптарды орындамағанда не тиісті түрде орындамағанда, оның ішінде уақтылы орындамағанда, конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етуді әлеуетті өнім берушіге қайтармайды.
5. Осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайлардың бірі басталған кезде конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз ету сомасы тиісті бюджеттің, мемлекеттік кәсіпорынның, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаның немесе онымен үлестес заңды тұлғалардың кірісіне есепке жатқызылады.
6. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мынадай жағдайлардың бірі басталған күннен бастап:
1) осы әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін өзінің конкурсқа қатысуға арналған өтінімін кері қайтарып алған жағдайларда ашу хаттамасы орналастырылған;
2) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған жағдайда, үш жұмыс күні ішінде әлеуетті өнім берушіге ол енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді қайтарады. Көрсетілген жағдай конкурс жеңімпазы деп айқындалған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;
3) әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қойған және ол мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ осы Заңның 26-бабына сәйкес соманы (ол болған кезде) енгізген жағдайда, үш жұмыс күні ішінде әлеуетті өнім берушіге ол енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді қайтарады.
7. Білікті әлеуетті өнім берушілер тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім беруші алдын ала біліктілікті іріктеу арқылы жүргізілетін конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етуді енгізбейді.»;
2) 2019 жылғы 1 шілдеден 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«25-бап. Конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз ету
1. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етуді өзі конкурс жеңімпазы болып айқындалған жағдайда мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасатынына және мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ осы Заңның 26-бабына сәйкес соманы (ол болған кезде) енгізетініне кепіл ретінде енгізеді.
2. Конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз ету тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде енгізіледі.
3. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің біреуін:
1) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының банктік шотына не мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер болып табылатын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілдікті ақшалай жарнаны;
2) электрондық құжат нысанында берілетін банк кепілдігін таңдауға құқылы. Осы Заңның 50-бабында көзделген жағдайларда банк кепілдігін қағаз жеткізгіште беруге жол беріледі.
Әлеуетті өнім берушінің өзінің конкурсқа қатысуға өтінімінің қолданылу мерзімі өткенге дейін, енгізілген кепілдікті ақшалай жарнаны тұтастай не оның бір бөлігін талап ету құқығы үшінші тұлғаларда туындауына алып келетін әрекеттер жасауына жол берілмейді.
Осы баптың 4 және 5-тармақтарында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының әлеуетті өнім беруші енгізген кепілдікті ақшалай жарнаны пайдалануына жол берілмейді.
4. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мынадай жағдайлардың бірі басталған кезде:
1) конкурс жеңімпазы деп айқындалған әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарғанда;
2) конкурс жеңімпазы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасаса отырып, конкурстық құжаттамада белгіленген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімдері туралы талаптарды орындамағанда не тиісті түрде орындамағанда, оның ішінде уақтылы орындамағанда, конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етуді әлеуетті өнім берушіге қайтармайды.
5. Осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайлардың бірі басталған кезде конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз ету сомасы тиісті бюджеттің, мемлекеттік кәсіпорынның, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаның немесе онымен үлестес заңды тұлғалардың кірісіне есепке жатқызылады.
6. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мынадай жағдайлардың бірі басталған күннен бастап:
1) осы әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін өзінің конкурсқа қатысуға арналған өтінімін кері қайтарып алған жағдайларда ашу хаттамасы орналастырылған;
2) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған жағдайда, үш жұмыс күні ішінде әлеуетті өнім берушіге ол енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді қайтарады. Көрсетілген жағдай конкурс жеңімпазы деп айқындалған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;
3) әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қойған және ол мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ осы Заңның 26-бабына сәйкес соманы (ол болған кезде) енгізген жағдайда, үш жұмыс күні ішінде әлеуетті өнім берушіге ол енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді қайтарады.».
5-бап. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 3-тармағы 42) тармақшасының қолданысы 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрып, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«42) егер біртекті тауарлардың құндық мәндегі жылдық көлемі тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бір жүз еселенген мөлшерінен аспаса, осындай біртекті тауарларды, егер біртекті жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің құндық мәндегі жылдық көлемі айлық есептік көрсеткіштің бес жүз еселенген мөлшерінен аспаса, ал аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары үшін айлық есептік көрсеткіштің үш мың еселенген мөлшерінен аспаса, осындай жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу;».
6-бап. Осы Заң:
1) 2019 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 14-тармағы 2) тармақшасының алтыншы абзацын, 8) тармақшасының үшінші және он алтыншы абзацтарын, 23) тармақшасын;
2) 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағының 1), 3) және 4) тармақшаларын, 3-тармағының 2) тармақшасын, 6, 9, 10 және 11-тармақтарын, 14-тармағы 2) тармақшасының жиырмасыншы және жиырма бірінші абзацтарын, 4) тармақшасының оныншы және он бірінші абзацтарын, 12) тармақшасының бесінші және алтыншы абзацтарын, 18) тармақшасының бесінші және алтыншы абзацтарын, 27) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарын, 28) тармақшасының оныншы және он бірінші абзацтарын қоспағанда, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2018 жылғы желтоқсанның 26-ы.
№ 202-VІ