43) оқушыларды, студенттерді, аспиранттарды шығармашылық сайыстарға (конкурстарға, олимпиадаларға, фестивальдарға, ойындарға), көрмелерге, конференцияларға, форумдарға, шеберлік сыныптарына, тағылымдамаларға қатысу, оқу-практикалық тапсырмаларды орындау үшін жіберуге байланысты көрсетілетін қызметтерді көрсетілген іс-шаралар өтетін жерге бару және кері қайту жолын, тұрғын үй-жай жалдауды, көліктік қызмет көрсетуді, тамақпен қамтамасыз етуді қоса алғанда, сатып алу;»;
49) тармақша алып тасталсын;
50) және 54) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«50) егер мемлекеттік сатып алу тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алуды өткізу мерзімі, бірақ екі айдан аспайтын мерзім ішіндегі қажеттілігін қамтамасыз етуге қажетті осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу көлемінен аспайтын көлемде, уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша жүзеге асырылатын жағдайда, мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге күн сайынғы және (немесе) апта сайынғы қажеттілікті осындай мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға қажеттілік болса, жүзеге асырылады.
Осы тармақша өнім беруші өткен жылы жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттың қолданысын ұзартудан бас тартқан жағдайда, егер мұндай мемлекеттік сатып алу жылдың бірінші айы ішінде жүзеге асырылатын болса немесе тапсырыс беруші ағымдағы қаржы жылы ішінде құрылған (қайта ұйымдастырылған) жағдайда, бірақ екі айдан асырылмай қолданылады;»;
«54) техникалық көмекші (орын толтырушы) құралдар (протездік-ортопедиялық құралдардан басқа) мен арнаулы жүріп-тұру құралдарын, мүгедектерге берілетін жеке көмекші мен ымдау тілі маманы көрсететін әлеуметтік қызметтерді, мүгедектерге арналған такси көрсететін қызметтерді, мүгедектерге берілетін санаторийлік-курорттық жолдамаларды сатып алу бөлігінде Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен және (немесе) Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құратын ұйымдардан тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу.
Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасы мемлекеттік сатып алудың электрондық көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай нүктесін ұсынатын мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінде:
1) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 394-бабы бірінші бөлігінің 11) тармақшасында көзделген барлық шартқа;
2) Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктеріне немесе құрылтайшысы Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері болып табылатын ұйымдарға тиесілігіне сәйкестігі тұрғысынан тексеруден өткен, Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктеріне және (немесе) Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдарға жіберіледі;»;
мынадай мазмұндағы 55) тармақшамен толықтырылсын:
«55) құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды табуға және зиян келтірмейтін етуге, терроризмге қарсы операцияларды, сондай-ақ кепілге алынған адамдарды босату, қарулы қылмыскерлерді, экстремистерді, террористерді, ұйымдасқан қылмыстық топтардың мүшелерін, ауыр және аса ауыр қылмыстар жасаған адамдарды ұстап алу және зиян келтірмейтін ету жөніндегі арнайы операцияларды жүргізуге байланысты қызметін қамтамасыз етуге қажетті тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу.»;
30) 40-баптың 1-тармағының 2) тармақшасында:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«2) сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге ұлттық стандарттар, ал олар болмаған жағдайда, мемлекетаралық стандарттар көрсетіле отырып, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сипатталымы қамтылуға тиіс. Ұлттық және мемлекетаралық стандарттар болмаған кезде, мемлекеттік сатып алуды нормалау ескеріле отырып, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдаланушылық сипаттамалары көрсетіледі.»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бұл ретте сатып алынатын тауарлардың сипатталымында өнім берушілерге қойылатын, берілетін тауарлардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық регламенттерде, стандарттар ережелерінде немесе өзге де құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес келетінін растайтын құжаттарды беру туралы талап қамтылуға тиіс.»;
31) 41-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Осы баптың 2-тармағының талабы өздері туралы мәліметтер Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға, сондай-ақ осы Заңның 39-бабы 3-тармағының 4), 9), 18), 23), 31), 32) және 35) тармақшалары негізінде жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.»;
32) 43-бапта:
1-тармақта:
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлері бойынша уәкілетті орган мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шарттарды бекітуі мүмкін.»;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Заңның 39-бабының 3-тармағына сәйкес жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары ескеріле отырып, өзге де нысанда жасалуы мүмкін.»;
6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Қазақстан Республикасының бейрезидентімен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу жағдайларында, мемлекеттік сатып алу туралы шартты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, ол ұсынатын нысанда, қағаз жеткізгіште ресімдеуге жол беріледі.
7. Егер жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті өнім беруші осы баптың 3-тармағында белгіленген мерзімдерде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына қол қоймаса не мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасып, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) осы Заңның 26-бабына сәйкес соманы (ол болған кезде) енгізбесе, тапсырыс беруші жеңімпаздың мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде екінші орын алған әлеуетті өнім берушіге электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жібереді.
Екінші орын алған әлеуетті өнім беруші өзіне мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасы ұсынылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландыруға тиіс.»;
9-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бұл ретте тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу мерзімі өткен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өнім берушіге мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы осы шартты бұзу ниеті туралы хабарлама жібереді. Егер өнім беруші мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы хабарлама алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізбесе, тапсырыс беруші осы шартты бұзу туралы хабарлама жібереді.»;
10-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы Заңның 39-бабының 2-тармағы 2) тармақшасының және 3-тармағының негізінде жүзеге асырылған, баға ұсыныстарын сұрату қорытындылары бойынша, тауар биржалары арқылы, бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалған жағдайда, тапсырыс беруші авансты қамтамасыз етуді енгізу туралы талап белгілеуге құқылы.»;
11-тармақта:
екінші бөлікте:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) электрондық құжат нысанында берілетін банк кепілдігін таңдауға құқылы. Осы Заңның 39-бабы 3-тармағының 4), 9), 17), 18), 20), 21), 23), 26), 31), 32), 35), 40) және 41) тармақшаларында және 50-бабында көзделген жағдайларда банк кепілдігін қағаз жеткізгіште беруге жол беріледі;»;
мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша бекітетін, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету мақсаттары үшін үлгілік сақтандыру шартына сәйкес жасалатын өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартын таңдауға құқылы.
Өнім берушінің мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамауы немесе тиісінше орындамауы салдарынан тапсырыс берушіге келтірілген мүліктік зиянды өтеу міндетіне байланысты мүліктік мүддесі мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету мақсаттары үшін сақтандыру шартының объектісі болып табылады.
Өнім берушіге тәуелді емес кездейсоқ оқиғалардың салдарынан тапсырыс берушінің мүліктік мүдделеріне келтірілген зиянды өтеу бойынша өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басталу фактісі мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету мақсаттары үшін сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы болып танылады.
Сақтандыру сомасы мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету мақсаттары үшін сақтандыру шартында айқындалады және мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жалпы сомасының үш пайызынан аз болмайды.»;
бесінші бөліктегі «баға ұсыныстарын сұрату,» деген сөздер алып тасталсын;
12-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тапсырыс беруші енгізілген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ демпингке қарсы шаралар қабылданған жағдайда қамтамасыз ету сомасын (ол болған кезде) өнім берушіге қайтарады.»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Өнім берушінің шарттық міндеттемелерді орындамауына байланысты мемлекеттік сатып алу туралы шарт бұзылған жағдайда, тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ осы Заңның 26-бабына сәйкес өнім беруші енгізген қамтамасыз ету сомасын (ол болған кезде) өнім берушіге қайтармайды.»;
17-тармақ алып тасталсын;
19-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 23-1-тармақпен толықтырылсын:
«23-1. Жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету үшін қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) берілуі мүмкін жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің шекті көлемдері жиынтығында орындалатын жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтер көлемінің екіден бірінен аспауға тиіс.
Осы тармақтың ережесі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес операторлар болып айқындалған заңды тұлғалармен осы Заңның 39-бабы 3-тармағының 36) тармақшасында көзделген мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасасу жағдайларына қолданылмайды.
Бұл ретте қосалқы мердігерлердің (бірлесіп орындаушылардың) өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету көлемдерін өзге қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) беруіне тыйым салынады.»;
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«25. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт осы Заңның 16-бабының 6) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган шешім шығарған кезде, оның ішінде уәкілетті органның осындай шешіміне тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы шағым жасаған кезеңде жасала алмайды.»;
26-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалғаны туралы құжаттарды мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы электрондық нысанда ресімдеу туралы талаптар Қазақстан Республикасының салық заңнамасына қайшы келмейтін бөлікте осы Заңның 39-бабы 3-тармағының 4), 9), 17), 18), 20), 21), 23), 26), 31), 32), 35), 40) және 41) тармақшаларында және 50-бабында көзделген жағдайларға қолданылмайды.»;
33) 44-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«44-бап. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтару
1. Егер жеңімпаз деп танылған әлеуетті өнім беруші осы Заңда белгіленген мерзімдерде тапсырыс берушіге мемлекеттік сатып алу туралы қол қойылған шартты ұсынбаса немесе мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) осы Заңның 26-бабына сәйкес соманы (ол болған кезде) енгізбесе, онда мұндай әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарды деп танылады.
2. Мемлекеттік сатып алудың жеңімпазы деп айқындалған әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарды деп таныған жағдайда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ол енгізген конкурсқа (аукционға) қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етуді ұстап қалады.»;
34) 45-баптың 2-тармағының 3) және 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартта көрсетілген тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бірлігі үшін бағаның өзгермеуі талабымен осы сатып алынатын тауарлардың, осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген жұмыстарды қоспағанда, жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің көлеміне қажеттіліктің азаюына не ұлғаюына байланысты мемлекеттік сатып алу туралы шарттың сомасын азайту не ұлғайту бөлігінде жол беріледі. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартты осындай өзгертуге осы мемлекеттік сатып алу бойынша қалыптасқан үнемдеу шегінде жол беріледі;»;
«7) мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарт сомасының өзгермеуі талабымен мемлекеттік бюджет есебінен жылдар бойынша қаржыландыру өзгертілген немесе жұмыстарды орындаудың немесе қызметтерді көрсетудің сметалық құны азайтылған және кейіннен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамаға тиісті өзгерістер енгізілген жағдайда, жұмыстарды мемлекеттік сатып алу немесе көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалу мерзімдерін өзгерту бөлігінде;»;
35) 47-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«47-бап. Тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым жасау
1. Егер тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың әрекеттері (әрекетсіздігі), шешімдері әлеуетті өнім берушінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзса, әлеуетті өнім беруші олардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым жасауға құқылы.
Әлеуетті өнім берушілердің конкурстық құжаттама (аукциондық құжаттама) жобасына осы Заңның 22-бабында айқындалған тәртіппен ескертулер берілмеген конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) талаптарына, оның ішінде оларда көрсетілген біліктілік талаптарына жасаған шағымдары қаралуға жатпайды.
2. Конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттама орналастырылған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, уәкілетті органға тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым жасалған жағдайда, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу мерзімі шағымды қарау мерзімі аяқталғанға дейін тоқтатыла тұрады.
Конкурсқа (аукционға) және (немесе) осы Заңның 22-бабына сәйкес конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) жобасын алдын ала талқылауға қатыспаған адамдардың шағым жасауы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасау мерзімін тоқтата тұрмайды.
3. Осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзім өткеннен кейін тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым жасалған жағдайда, шағым Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасына сәйкес электрондық мемлекеттік аудит шеңберінде қаралады.
4. Әлеуетті өнім берушінің шағымы Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жалпыға бірдей қолжетімді ақпараттық жүйелер арқылы берілуі мүмкін.
5. Мемлекеттік сатып алудың қорытындылары шығарылғанға дейін және (немесе) осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзімдерде уәкілетті органға тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым жасалған жағдайда, шағым мәлімделген талаптар (дәлелдер) шегінде осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзім өткен күннен бастап он жұмыс күні ішінде, Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес камералдық бақылау шеңберінде қаралады.
Уәкілетті орган шағым келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, тапсырыс берушіге мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды тоқтата тұру туралы хабарлама жібереді.
6. Уәкілетті орган осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзімдерде келіп түскен шағымды қарау нәтижелері бойынша осы Заңның 16-бабының 6) тармақшасына сәйкес не шағымды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
7. Әлеуетті өнім беруші уәкілетті органның осы баптың 6-тармағына сәйкес қабылданған шешімімен келіспеген жағдайда, оған жоғары тұрған органға шағым жасауға құқылы.
8. Уәкілетті органның шағымды қарау нәтижелері бойынша қабылдаған шешімдеріне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.
9. Осы бапта көзделген, дауларды сотқа дейін реттеу тәртібі міндетті болып табылады.»;
36) 48-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Шағымға шағым берген тұлғаның дәлелдерін растайтын құжаттар қоса берілуі мүмкін.»;
3-тармақтың 1) тармақшасындағы «осы бапта» деген сөздер «осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
37) 51-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«51-бап. Әлеуетті өнім берушілердің жекелеген санаттарының мемлекеттік сатып алуға қатысуы
1. Әлеуетті өнім берушілердің жекелеген санаттарының мемлекеттік сатып алуға қатысуы осы Заңда көзделген жағдайларда айқындалады.
2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерін мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде:
1) мүгедектердің мұқтаждығына арналған тауарларды (тифлотехникалық құралдар, арнаулы жүріп-тұру құралдары, міндетті гигиеналық құралдар) өндіретін және (немесе) беретін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен және (немесе) Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан осындай тауарларды ағымдағы жылы осы тауарларды сатып алу үшін бөлінген жалпы қаражат көлемінің кемінде елу пайызы көлемінде;
2) тауарлар өндіретін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен және (немесе) Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілмеген өзге де тауарларды ағымдағы жылы осы тауарларды сатып алу үшін бөлінген жалпы қаражат көлемінің кемінде елу пайызы көлемінде;
3) жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен және (немесе) Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ағымдағы жылы осы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген жалпы қаражат көлемінің жүз пайызы көлемінде сатып алуды жүзеге асырады.
3. Тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен және (немесе) Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алынатын жекелеген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер түрлерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Тауарларды өндіретін және (немесе) тауарларды беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері және (немесе) Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдар мемлекеттік сатып алудың электрондық көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай нүктесін ұсынатын мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінде:
1) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 394-бабы бірінші бөлігінің 11) тармақшасында көзделген барлық шартқа;
2) Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктеріне немесе құрылтайшысы Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері болып табылатын ұйымдарға тиесілігіне сәйкестігі тұрғысынан тексеруден өткеннен кейін, осы баптың 2-тармағында көрсетілген мемлекеттік сатып алуға қатысуға жіберіледі.
Осы тармақтың екінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларына сәйкессіздігі анықталған жағдайда, тауарларды өндіретін және (немесе) тауарларды беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері және (немесе) Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлес тіктері құрған ұйымдар осы бапта көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысуға жіберілмейді.
4. Осы баптың 2-тармағында белгіленген ережелерді іске асыру үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы осы Заңда көзделген тәсілдермен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады, оған тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері және (немесе) Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдар жіберіледі.
Жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектері қоғамдық бірлестіктерінің және (немесе) Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардың өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын жұмыстарды орындау бойынша қосалқы мердігерлерді және қызметтер көрсету бойынша бірлесіп орындаушыларды тартуына жол берілмейді.
Осы баптың 2-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы хабарландыру мәтінінде мемлекеттік сатып алудың тек қана тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері және (немесе) Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдар арасында жүзеге асырылатынын көрсетеді.
Тауарларды өндіретін және (немесе) тауарларды беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері және (немесе) Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдар осы бапқа сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алуға қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етуді енгізбейді.
5. Мемлекеттік сатып алу осы Заңның 29-бабының 1-тармағында, 36-бабының 1-тармағында, 38-бабының 7, 8 және 10-тармақтарында көзделген негіздер бойынша өткізілмеді деп танылған жағдайда, тапсырыс беруші осы Заңда белгіленген тәртіппен өзге әлеуетті өнім берушілер арасында мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім қабылдайды.
6. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген көрсетілетін қызметтерді, кәсіпкерлік қызмет субъектісі болып табылмайтын жеке тұлғаға жеке меншік құқығымен тиесілі тұрғынжайды мемлекеттік сатып алу мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.».
2-бап. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 14-тармағының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрып, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«14. Тапсырыс беруші не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы осы баптың 13-тармағында көрсетілген шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде:
1) өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысатын тұлғаларды қабылданған шешім туралы хабардар етуге;
2) енгізілген конкурсқа (аукционға) қатысуға арналған өтінімдерді қамтамасыз етуді қайтаруға міндетті.».
3-бап. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының бірінші бөлігі 2) тармақшасының қолданысы 2019 жылғы 1 шілдеге дейін тоқтатыла тұрып, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«2) төлем қабілеттілігінің болуы, тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салықтық берешегінің болмауы;».