Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілгеннен кейін үш және одан да көп жыл ішінде жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленбеген және бекітілмеген жобалау алдындағы құжаттама ескірген болып есептеледі және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен түзетілгеннен, қайтадан сараптама жүргізілгеннен және қайта бекітілгеннен кейін іске асыру үшін пайдаланылады.»;
мынадай мазмұндағы 7-1 және 7-2-тармақтармен толықтырылсын:
«7-1. Жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын түзетуді жүзеге асыру үшін оны әзірлеген жобалау ұйымы тартылады.
Жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының авторын тарту мүмкін болмаған жағдайда, жобалау ұйымы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген рәсімдер бойынша айқындалады.
7-2. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітілген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын түзетуге тапсырыс берушінің шешімі бойынша негізді қажеттілік туындаған жағдайда, жобалау алдындағы құжаттаманы (ол болған кезде) түзету талап етілмейді.»;
2) 64-1-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Азаматтық істер, қылмыстық істер, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізу кезінде объектілер құрылысы саласындағы жобалардың ведомстводан тыс кешенді сараптамасының қорытындысына қатысты тиісінше Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде не Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен сот сараптамасы жүргізілуі мүмкін.»;
3) 64-4-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Азаматтық істер, қылмыстық істер, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізу кезінде мемлекеттік монополияға жатқызылатын ведомстводан тыс кешенді сараптаманың қорытындысына қатысты тиісінше Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде не Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен сот сараптамасы жүргізілуі мүмкін.»;
4) 64-5-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 2-1) тармақшасы алып тасталсын;
5) 66-баптың 11-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Мемлекеттік сатып алу шеңберінде орындалатын (көрсетілетін), жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету үшін қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) берілуі мүмкін жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) шекті көлемдері Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес айқындалады.».
6-тармақ 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
6. «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 10, 55-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 4, 28, 33-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 2, 21-құжат; № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 24, 196 құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 4, 30-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 63-құжат; № 16, 90-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42, 45-құжаттар; № 19-І, 101-құжат; № 19-ІІ, 102-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат):
34-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы, Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуы, оның ішінде кепілдік берілген тапсырысты орналастыруы Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.».
7. «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 14, 81-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146, 150-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат; № 8, 63, 64-құжаттар; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 12, 57-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 14, 87-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; № 22-І, 141-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 8-І, 65-құжат; № 8-ІІ, 67-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126-құжаттар; 2017 ж., № 23-ІІІ, 111-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат):
20-баптың 4-тармағы «авариялық» деген сөзден кейін «және басқа да» деген сөздермен толықтырылсын.
8. «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 17, 102-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 7, 38-құжат; № 13, 87-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 21-құжат; № 12, 85-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 79-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 57-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат; № 21-ІІ, 131-құжат; № 23-І, 169-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-ІІ, 70-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 14, 54-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат):
13-бап мынадай мазмұндағы 3-4-тармақпен толықтырылсын:
«3-4. Энергиямен жабдықтау ұйымдарының электр энергиясын және қуатын сатып алуына байланысты құқықтық қатынастарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы қолданылмайды.».
9-тармақ 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
9. «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 17-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 14, 117-құжат; 2013 ж., № 5-6, 30-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; № 22-І, 141-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 23-ІІ, 172-құжат; 2016 ж., № 22, 116-құжат; 2018 ж., № 9, 31-құжат):
3-бап мынадай мазмұндағы 2-5-тармақпен толықтырылсын:
«2-5. Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы, Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы саласындағы шағымдарды қарау Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.».
10-тармақ 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
10. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 19-І, 99-құжат; № 19-ІІ, 103, 105-құжаттар; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат; № 21-І, 124-құжат; № 21-ІІ, 130-құжат; № 21-ІІІ, 135-құжат; № 22-ІІ, 145, 148-құжаттар; № 22-VІ, 159-құжат; № 23-ІІ, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 7-І, 47-құжат; № 7-ІІ, 56-құжат; № 8-І, 62-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 22-құжат; № 11, 29-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 51, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 20, 96-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 15, 47-құжат; № 19, 62-құжат):
1) 1-бапта:
2-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2-2) әлеуетті өнім беруші - сатып алу туралы шарт жасасуға үміткер, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында олар үшін өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда), заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум);»;
мынадай мазмұндағы 2-3), 30-1), 30-2), 30-3), 30-4), 30-5), 30-6), 31-1), 31-2), 31-3), 32-1) және 38) тармақшалармен толықтырылсын:
«2-3) әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация - облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының шешімімен құрылған, акцияларының бақылау топтамасы мемлекетке тиесілі, өңірдің экономикасын дамытуға жәрдемдесуді жүзеге асыратын, акционерлік қоғам нысанындағы өңірлік даму институты;»;
«30-1) сатып алу - тапсырыс берушілердің осы Заңда белгіленген тәртіппен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ақылы негізде сатып алуы;
30-2) сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызмет - акционері ұлттық басқарушы холдинг немесе ұлттық холдинг болып табылатын ұлттық компанияны қоспағанда, ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің, ұлттық компанияның Директорлар кеңесі құратын, ұлттық басқарушы холдингтерде, ұлттық холдингтерде, ұлттық компанияларда және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдарда сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының сақталуына осы Заңда айқындалған тәртіппен ішкі бақылауды жүзеге асыратын қызмет;
30-3) сатып алуды жүзеге асыру қағидалары - ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру тәртібі;
30-4) сатып алу жөніндегі сараптама комиссиясы - сатып алуды ұйымдастырушы не тапсырыс беруші сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық тапсырмасын және (немесе) техникалық өзіндік ерекшелігін әзірлеуге және (немесе) әлеуетті өнім берушілер ұсыныстарының сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық өзіндік ерекшелігіне сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытындыны дайындауға қатысу үшін сарапшыларды тарта отырып құратын алқалы орган;
30-5) сатып алу жөніндегі сарапшы - өткізілетін сатып алу саласында тиісті құжаттармен (дипломдармен, сертификаттармен, куәліктермен және басқа да құжаттармен) расталатын арнайы және (немесе) техникалық білімі, тәжірибесі мен біліктілігі бар, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық тапсырмасын және (немесе) техникалық өзіндік ерекшелігін әзірлеуге және (немесе) әлеуетті өнім берушілер ұсыныстарының сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық өзіндік ерекшелігіне сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытындыны дайындауға қатысу үшін сатып алуды ұйымдастырушы не тапсырыс беруші тартатын жеке тұлға;
30-6) сатып алу саласындағы уәкілетті орган - ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы саласында басшылықты, сондай-ақ салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;
«31-1) тапсырыс берушілер - ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдар;
31-2) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің анықтамалығы (бұдан әрі - анықтамалық) - сатып алу саласындағы уәкілетті орган айқындаған, сатып алуды жүзеге асыру үшін пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер кодтарының жүйеленген тізбесі;
31-3) тендерлік комиссия (аукциондық комиссия) - сатып алуды ұйымдастырушы тендер (аукцион) тәсілімен сатып алуды өткізу рәсімін орындау үшін құратын алқалы орган;»;
«32-1) ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуын ұйымдастырушы (бұдан әрі - сатып алуды ұйымдастырушы) - сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу рәсімдерін орындауға жауапты болып айқындалған тапсырыс берушінің лауазымды адамы не құрылымдық бөлімшесі немесе заңды тұлға;»;
«38) электрондық сатып алу ақпараттық жүйесінің операторы - сатып алу саласындағы уәкілетті орган айқындаған заңды тұлға.»;
2) мынадай мазмұндағы 15-1-баппен толықтырылсын:
«15-1-бап. Сатып алу саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Сатып алу саласындағы уәкілетті орган:
1) сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекітеді;
2) ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қозғайды және қарайды және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік жазалар қолданады;
3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
3) 166-баптың 4-тармағы алып тасталсын;
4) 181-баптың 5-тармағының бірінші бөлігі 9) тармақшасындағы «бекіту жатады.» деген сөздер «бекіту;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызметтің сандық құрамын, өкілеттіктер мерзімін, жұмыс істеу тәртібін айқындау, оның басшысын тағайындау және өкілеттіктерін тоқтату, оның жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеудің мөлшері мен өзге де шарттарын айқындау жатады.»;
5) 5-бөлім мынадай мазмұндағы 12-1-тараумен толықтырылсын:
«12-1-тарау. Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу ерекшеліктері
186-1-бап. Тапсырыс берушілердің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуының қағидаттары мен негізгі ережелері
1. Тапсырыс берушілердің тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуы:
1) сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау;
2) сатып алу процесінің ашықтығы мен бүкпесіздігі;
3) әлеуетті өнім берушілерге сатып алу процесіне қатысу үшін тең мүмкіндіктер беру;
4) әлеуетті өнім берушілер арасындағы адал бәсекелестік;
5) сатып алуға қатысушылардың жауапкершілігі;
6) сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу қағидаттарына негізделеді.
2. Сатып алу сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Тапсырыс берушілер сатып алуды электрондық сатып алудың ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматта жүзеге асырады.
4. Тапсырыс берушілер сатып алуды жүзеге асырған кезде:
1) сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, тендерлік құжаттамада (аукциондық құжаттамада) әлеуетті өнім берушілерге сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында көзделмеген біліктілік талаптарын белгілеуге не тендерлік құжаттамада (аукциондық құжаттамада) не баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру кезінде орналастырылатын ақпаратта сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген әлеуетті өнім берушілерге тиесілілігін айқындайтын сипаттамаларына нұсқау жасауға;
2) сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында көзделмеген жағдайларда сатып алуды жүзеге асырудан бас тартуға;
3) әлеуетті өнім берушіні және (немесе) ол тартатын, жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігерлерін (бірлесіп орындаушыларды) сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында көзделмеген негіздер бойынша біліктілік талаптарына және (немесе) тендерлік құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) талаптарына сәйкес келмейді деп тануға;
4) сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру кезінде олардың біртекті түрлері және оларды беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлмеуге;
5) негізінде тендерлік комиссияның (аукциондық комиссияның) заңсыз шешімі қабылданған сатып алу жөніндегі сараптама комиссиясының не сатып алу жөніндегі сарапшының көрінеу жалған сараптамалық қорытынды дайындауына;
6) сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында көзделмеген жағдайларда, сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыруға жол берілмейді.
5. Сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа алып келеді.
186-2-бап. Сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі
1. Сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі электрондық сатып алудың ақпараттық жүйесінде қалыптастырылады.
2. Сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі:
1) жеңімпаздар деп айқындалған, сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған әлеуетті өнім берушілердің;
2) біліктілік талаптары және (немесе) конкурстық баға ұсынысына әсер ететін құжаттар бойынша анық емес ақпарат берген әлеуетті өнім берушілердің немесе өнім берушілердің;
3) өздерімен жасалған сатып алу туралы шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісті түрде орындамаған өнім берушілердің тізбесін білдіреді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген жағдайда, әлеуетті өнім беруші шарт жасасудан жалтарған күннен бастап он жұмыс күні ішінде тапсырыс беруші сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызметке осындай әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтер жіберуге міндетті.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген жағдайда, тапсырыс беруші, сатып алуды ұйымдастырушы бұзушылық фактісі туралы өздеріне мәлім болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, сотқа осындай әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап қойып жүгінуге міндетті.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көрсетілген жағдайда, өнім берушінің тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) төлеу және шарттық міндеттемелерді толық орындауы жағдайларын қоспағанда, тапсырыс беруші өнім берушінің сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бұзу фактісі туралы өзіне мәлім болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, сотқа осындай өнім берушіні сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап қойып жүгінуге міндетті.
3. Осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген, сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызметтің шешімі негізінде қалыптастырылады.
Осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларында көзделген Сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі заңды күшіне енген сот шешімі негізінде қалыптастырылады.
4. Осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген негіз бойынша сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім берушілер немесе өнім берушілер тапсырыс берушінің оларды сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы шешімі қабылданған күннен бастап жиырма төрт ай бойы сатып алуға қатысуға жіберілмейді.
Осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім берушілер немесе өнім берушілер соттың мұндай өнім берушілерді сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап жиырма төрт ай бойы сатып алуға қатысуға жіберілмейді.
5. Әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу туралы шешімге олар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағым жасай алады.
6. Әлеуетті өнім беруші, егер ол не оның қосалқы мердігері (бірлесіп орындаушы) сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде және (немесе) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде және (немесе) Ұлттық әл-ауқат қорының және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызын тікелей немесе жанама түрде Ұлттық әл-ауқат қоры иеленетін заңды тұлғалардың сенімсіз әлеуетті өнім берушілерінің (өнім берушілерінің) тізбесінде болса, өткізілетін сатып алуға қатысуға құқылы емес.
7. Тіркелген жері салық және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекітетін жеңілдікті салық салынатын мемлекеттердің (офшорлық аймақтардың) тізбесіне енгізілген мемлекет немесе аумақ болатын заңды тұлғалар болып табылатын әлеуетті өнім берушілер тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жіберілмейді.
186-3-бап. Сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының сақталуын бақылау
1. Сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының сақталуын бақылауды сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызмет жүзеге асырады.
2. Мыналар:
1) тапсырыс беруші, сатып алуды ұйымдастырушы, тендерлік комиссия (аукциондық комиссия), сатып алу жөніндегі сараптама комиссиясы, сатып алу жөніндегі сарапшы;
2) әлеуетті өнім беруші, өнім беруші, сондай-ақ олар өткізілетін сатып алу нысанасы шегінде жұмыстарды орындау бойынша қосалқы мердігерлер не қызметтер көрсету бойынша бірлесіп орындаушылар ретінде тартатын тұлғалар;
3) электрондық сатып алу ақпараттық жүйесінің операторы бақылау объектілері болып табылады.
3. Сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызметтің сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының сақталуына бақылау жүргізуі үшін:
1) тапсырыс берушінің, сатып алуды ұйымдастырушының не тендерлік комиссияның (аукциондық комиссияның), сатып алу жөніндегі сараптама комиссиясының, сатып алу жөніндегі сарапшының, электрондық сатып алу ақпараттық жүйесі операторының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым жасалған, тендерге не аукционға қатысатын (қатысқан) әлеуетті өнім берушінің немесе өнім берушінің не оның уәкілетті өкілінің жазбаша жолданымы не жалпыға бірдей қолжетімді ақпараттық жүйелер арқылы келіп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жолданымы. Мұндай шағымды қарау осы Заңның 186-4-бабында көзделген шарттар сақталған кезде жүзеге асырылады;