Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы
Қазақстан Республикасының 1999 ж. 13 шілдедегі № 414-I Заңы
(2014.29.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2015 жылғы 17 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен тақырыбы, кіріспе өзгертілді (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
Осы заң 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда осы Заңда белгіленген стажы бар азаматтарды әлеуметтік қорғауға бағытталған.
1-тарау. Жалпы ережелер
2004.20.12 № 13-III Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
1-бап. Негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
1) мемлекеттік арнайы жәрдемақы (бұдан әрі - жәрдемақы) - 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда осы Заңда белгіленген жұмыс стажы бар адамдарға ақшалай берілетін төлем;
1-1) уәкiлеттi ұйым (бұдан әрi - Орталық) - Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Заңның шарттарымен жәрдемақыларды төлеудi жүзеге асыруға уәкiлеттiк берген заңды тұлға;
1-2) жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкiлеттi орган - орталық атқарушы органның аумақтық бөлiмшелерi;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-3) тармақшамен толықтырылды
1-3) орталық атқарушы орган - халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
2) ҚР 2006.04.07. № 148-III Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
2004.20.12 № 13-III Заңымен 2-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
2-бап. Жәрдемақы төлеуге арналған қаражат
Осы Заңға сәйкес жәрдемақы төлеу бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
2-тарау. Жәрдемақы тағайындау және төлеу тәртібі
3-бап. Азаматтардың жәрдемақыға құқығы
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының осы Заңда көзделген тәртіппен жәрдемақы алуға құқығы бар.
2. Жәрдемақы ай сайын төленеді.
3. Жәрдемақы алатын жалақысына қарамастан төленеді.
ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен 4-бап жаңа редакцияда (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
4-бап. Жәрдемақыларға құқығы бар азаматтар
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің № 1 тізімі бойынша жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұмыс стажы бар азаматтардың:
еркектер - 53 жасқа толғанда және жұмыс стажы кемінде 20 жыл болып, оның кемінде 10 жылын аталған жұмыстарда істегенде;
әйелдер - 48 жасқа толғанда және жұмыс стажы кемінде 15 жыл болып, оның кемінде 7 жыл 6 айын аталған жұмыстарда істегенде, жәрдемақы тағайындалуға құқығы бар.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің № 2 тізімі бойынша еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұмыс стажы бар азаматтардың:
еркектер - 58 жасқа толғанда және жұмыс стажы кемінде 25 жыл болып, оның кемінде 12 жыл 6 айын аталған жұмыстарда істегенде;
әйелдер - 53 жасқа толғанда және жұмыс стажы кемінде 20 жыл болып, оның кемінде 10 жылын аталған жұмыстарда істегенде, жәрдемақы тағайындалуға құқығы бар.
3. Өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің № 2 тізімі бойынша еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда осы Заңға сәйкес талап етілетін жұмыс стажы жеткіліксіз болған жағдайда Өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің № 1 тізімі бойынша жерасты және ашық кен жұмыстарындағы, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстардағы жұмыс стажы есепке алынады.
4. Жәрдемақыға құқық зейнеткерлікке 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін жеңілдікті жағдайларда шыққан азаматтарға қолданылмайды.
ҚР 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.04.07. № 148-III (бұр.ред.қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) Заңдарымен 5-бап өзгертілді
5-бап. Жәрдемақы тағайындауға өтініш жасау
1. Жәрдемақы тағайындауға өтініш жасау жәрдемақыға құқығы пайда болғаннан кейін кез келген уақытта қандай болса да мерзімі шектелмей жүзеге асырылады.
Бұл орайда жәрдемақы тағайындауға өтініш жасалған уақытқа дейін жұмыстың тоқтатылғанына немесе жалғастырылып жатқанына қарамастан жәрдемақы тағайындалады.
2. Жәрдемақы тағайындау туралы арызды оны алуға құқығы бар адам тұрғылықты жері бойынша Орталыққа береді.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Жәрдемақы тағайындауға арналған құжаттарды қарауды жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган тiзбесiн орталық атқарушы орган айқындайтын құжаттар ұсынылған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырады.
4. Жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкiлеттi орган тиiстi шешiм шығарылғаннан кейiн бес жұмыс күнінен кешiктiрмей арыз берушiге ол туралы жазбаша түрде хабарлайды.
Жәрдемақы тағайындаудан бас тартқан жағдайда жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкiлеттi орган бас тарту себептерiн жазбаша түрде негiздеуге және арыз берушiге құжаттарды қайтаруға мiндеттi.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Жәрдемақы барлық қажетті құжаттар қоса беріліп, өтініш берілген күннен бастап орталық атқарушы орган белгілеген тәртiппен тағайындалады.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2005.15.12. № 101-III ҚР Заңымен (2006 ж. 1 қаңтардан бастап күшіне енді); ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) 6-бап өзгертілді; 2014.31.03. № 180-V ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (2014 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6-бап. Жәрдемақы мөлшері
1. Өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің № 1 тізімі бойынша жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұмыс өтілі бар азаматтарға жәрдемақы 9,42 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалады.
2. Өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің № 2 тізімі бойынша еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұмыс өтілі бар азаматтарға жәрдемақы 8,38 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалады.
3. Жәрдемақы алушыға зейнеткерлік жасқа толған кезде осы Заңға сәйкес жәрдемақы алу немесе Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындау арасында таңдау жасауға құқық беріледі.
ҚР 31.05.02 ж. № 326 ; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.04.07. № 148-III (бұр.ред.қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) Заңдарымен 7-бап өзгертілді; 2014.31.03. № 180-V ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда (2014 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 7-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
7-бап. Жәрдемақы төлеу
Жәрдемақы төлеуді Орталық ағымдағы ай үшін жүргізеді. Жәрдемақы алушы қайтыс болған жағдайда жәрдемақы қайтыс болған айына қоса төленеді.
Жәрдемақы алушы қайтыс болған жағдайда оның отбасы мүшелеріне не жерлеуді жүзеге асырған адамға 15,7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жерлеуге арналған біржолғы төлем төленеді.
Жәрдемақы төлеу орталық атқарушы орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
3-тарау. Қорытынды ереже
8-бап. Осы заңды күшіне енгізу тәртібі
Осы Заң 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енгізіледі.
Қазақстан Республикасының