"Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және
ерекше ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы
жәрдемақы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтыру енгізу
туралы Қазақстан Республикасының 2002 ж. 31 мамырдағы № 326-ІІ Заңы
1-бап. "Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы" 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 19, 647-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
7-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Мемлекеттік арнайы жәрдемақы алушы қайтыс болған жағдайда оның отбасы мүшелеріне не жерлеуді жүзеге асырған адамға он бес еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жерлеуге арналған біржолғы жәрдемақы төленеді.".
2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының