1) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес көрсетілген автомобиль жолдарын жарамды техникалық жай-күйде ұстауға және оларға жөндеу жүргізуге;
2) өз есебінен жалпы қауіпсіздік талаптарын сақтауға;
3) оның өн бойында көлік құралдары қозғалысының жол берілетін жылдамдық режимін қамтамасыз ете отырып, кедергісіз, қауіпсіз, тегін жол жүруді қамтамасыз етуге міндетті.
4. Жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын реконструкциялау және жөндеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге жол полициясы органдарының келісімімен облыстың немесе ауданның жергілікті атқарушы органы берген рұқсат болған кезде жол беріледі.
5. Жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз уақытша пайдалануға беру Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен үлгі шарттың негізінде ресімделеді.»;
6) 6-бапта:
2-тармақтың төртінші және бесінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының атаулары мен индекстерiн облыстардың жергілікті атқарушы органдары автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша бекiтедi.
Жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының атаулары мен индекстерiн аудандардың жергілікті атқарушы органдары облыстардың жергілікті атқарушы органдарымен келісім бойынша бекiтедi.»;
3-тармақтың үшінші бөлігіндегі «Қалалар мен өзге елді» деген сөздер «Елді» деген сөзбен ауыстырылсын;
7) 7-баптың 1-тармағының екінші сөйлеміндегі «жол органдарына тұрақты немесе уақытша пайдалануға» деген сөздер «жол органына - жерді тұрақты пайдалануға, жол салуды, реконструкциялау мен жөндеуді жүзеге асыратын қызмет көрсетушілерге - жерді уақытша пайдалануға» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 8-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Салынуы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын жол қызметi объектiлерi мен жол сервисi объектiлерiн қоспағанда, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бойындағы белдеуде ғимараттар мен құрылыстар салуға тыйым салынады.»;
4-тармақтағы «жол органдарымен» деген сөздер «автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 9 және 10-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«9-бап. Автомобиль жолдарына бөлiнген белдеудi пайдалану тәртібі
1. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлiнген белдеу жерлерi жол органдарының немесе концессионерлердiң иелiгiнде әрi пайдалануында болады және автомобиль жолдарын дамытуға, көркейтуге ғана арналады.
2. Жол қызметі, сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін, жол полициясы, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау, кеден қызметі, шекара, көліктік бақылау бекеттерін, ветеринариялық және фитосанитариялық бекеттерді қоспағанда, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бойынан бөлiнген белдеу шегінде ғимараттар мен құрылыстар салуға, сондай-ақ инженерлік коммуникациялар төсеуге тыйым салынады.
3. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлiнген белдеудiң жол органдары немесе концессионер пайдаланбайтын жер учаскелерiн:
1) жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына бөлiнген белдеуде - автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган;
2) жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына бөлiнген белдеуде - облыстың немесе ауданның жергілікті атқарушы органы жолдың көлiктiк-пайдаланылу сапасының төмендеуiне жол бермеуі, көлiк құралдары жүрiсiнiң қауiпсiздiгi мен қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтауы шартымен сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру үшiн жеке және заңды тұлғаларға уақытша қысқа мерзiмдi жер пайдалануға беруi мүмкiн.
10-бап. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бойында сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру
1. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға:
1) жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына бөлiнген белдеуде жарнама объектісін орналастыру кезінде - автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган;
2) жалпыға ортақ пайдаланылатын тиісінше облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына бөлiнген белдеуде жарнама объектiсiн орналастыру кезінде - облыстың немесе ауданның жергiлiктi атқарушы органы беретiн құжат болған жағдайда жол берiледi.
2. Бөлiнген белдеудiң шекарасына қойылатын сыртқы (көрнекi) жарнама, өзге де ақпараттық белгiлер мен көрсеткiштер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орындалуға және қойылуға тиiс.
3. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлiнген белдеуде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін ақы Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес алынады.»;
10) 11-бапта:
3) тармақшадағы «автомобиль жолдарын,», «ережелерін» деген сөздер тиісінше «Автомобиль жолдарын,» «қағидасын» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-1) тармақшадағы «жатады.» деген сөз алып тасталып, мынадай мазмұндағы 8) және 9) тармақшалармен толықтырылсын:
«8) жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз пайдалануға берудің үлгі шартын бекіту;
9) Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда, өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.»;
11) 12-бапта:
2-тармақтың 23) тармақшасындағы «әзірлеу жатады.» деген сөздер «әзірлеу;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 24) және 25) тармақшалармен толықтырылсын:
«24) автомобиль жолдары саласындағы нормативтік-техникалық құжаттарды бекіту;
25) автомобиль жолдарын күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыс түрлерінің жіктелімін бекіту жатады.»;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Автомобиль жолдары жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
12) 13-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасындағы «тыңдау жатады.» деген сөздер «тыңдау;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.»;
1-1-тармақтың 5) тармақшасындағы «жүзеге асыру жатады.» деген сөздер «жүзеге асыру;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
«6) жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз уақытша пайдалануға беру туралы шешім қабылдау;
7) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:
«7) аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз уақытша пайдалануға беру туралы шешім қабылдау;
8) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.»;
13) 14-бапта:
1-тармақтың екінші сөйлеміндегі «Қалалар мен өзге де елді» деген сөздер «Елді» деген сөзбен ауыстырылсын;
4-тармақта:
«мен реконструкциялау» деген сөздер «, реконструкциялау және күрделі жөндеу» деген сөздермен ауыстырылсын;
«күрделі және» деген сөздер алып тасталсын;
14) 18-баптың 1-тармағының мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын;
15) 19-4-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі «қалалар мен» деген сөздер алып тасталсын;
16) 25-баптың 1-тармағындағы «автомобиль жолдарын пайдалану ережелерін» деген сөздер «Автомобиль жолдарын пайдалану қағидасын» деген сөздермен ауыстырылсын.
13. «Темір жол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 23, 315-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 87-құжат; № 14, 89-құжат; № 16, 99-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):
1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) алушы - багажды, жүк-багажды немесе почта жөнелтiлiмдерiн алатын және тасымалдау құжаттарында көрсетiлген тұлға;
2) арнайы жылжымалы құрам - магистральдық темір жол желісін және кірме жолдарды күтіп ұстау, оларға қызмет көрсету, қалпына келтіру және жөндеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған өздігінен жүретін және өздігінен жүрмейтін темір жол көлігі құралдары;
3) арнаулы тасымалдаулар - мемлекет және қорғаныс қажеттерiне арналған арнаулы жүктердi тасымалдау;
4) әлеуметтiк мәнi бар жолаушы қатынастары - әлеуметтiк мәнiн:
облысаралық қатынастарда - Қазақстан Республикасының Үкіметі;
ауданаралық (облысішілік қаларалық) және қала маңындағы қатынастарда жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар айқындайтын қатынастар;
5) багаж - жолаушылар немесе почта-багаж поезында тасымалдауға қабылданған, салмағы екi жүз килограмнан аспайтын мүлiк;
6) бекіту-пломбалау құрылғылары - вагонмен, контейнермен тасымалданатын жүкке қол жеткізілуіне жол бермеу үшін қолданылатын блок қою құрылғыларымен біртұтас конструкцияда орналастырылған бақылау элементтері;
7) билет кассасы - оларда Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жол жүру құжаттарын (билеттер) сату жөнінде қызмет көрсетілетін, темір жол вокзалдарында және осы ғимараттардан тыс жерлерде орналасқан жол жүру құжаттарын (билеттерді) сату пункттері;
8) вагон - темір жолдармен тасымалдауға арналған өздiгiнен жүрмейтiн тiркемелi көлiк құралы;
9) вагондар (контейнерлер) операторы - вагондарды (контейнерлердi) меншiк құқығымен немесе өзге де заңды негiздерде иеленушi және (немесе) тасымалдаушымен жасалған шарт негiзiнде вагондар (контейнерлер) операторы қызметін көрсету жолымен тасымалдау процесiне қатысатын және тасымалдау құжаттарында көрсетiлген тұлға;
10) вагондар (контейнерлер) операторының қызметтері - уәкілетті орган белгілеген тәртіппен шарт негізінде вагондармен (контейнерлермен) қамтамасыз ету, бөлу және вагондар (контейнерлер) қозғалысын басқару жөніндегі қызметтер;
11) габариті ірі (габариттен тыс) жүк - темір жолдың тікелей көлбеу учаскесіндегі ашық жылжымалы құрамда орналастырған кезде габариті жүк тиеу габаритінің ернеуінен сыймай асып тұрған немесе оның геометриялық қиықтағы дөңесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген есептелген нормативтерден асып кеткен жүк;
12) жолаушы - жол жүру құжаты (билетi) бар және поезбен жол жүретiн жеке тұлға;
13) жолаушы агенттігі - тасымалдаушымен шарттың негізінде жол жүру құжаттарын (билеттерін) ресімдеуге қойылатын талаптардың орындалуын қамтамасыз ететін, өзінің сату пункттері арқылы жол жүру құжаттарын (билеттерін) сату жөнінде қызмет көрсететін тұлға;
14) жолаушылар тасымалын басқарудың автоматтандырылған жүйесі - жолаушылар тасымалын орталықтан басқару және орындарды электронды резервке сақтау жүйесі;
15) жол дамытылымы - магистральдық, станция жолдарының, оларды өзара біріктіретін бағыттамалы бұрмалардың, станция мен кірме жолдардың шегінде орналасқан техникалық құралдар мен құрылғылардың жиынтығы;
16) жөнелтушi - багажды, жүк-багажды немесе почта жөнелтiлiмдерiн жөнелтетiн және тасымалдау құжаттарында көрсетiлген тұлға;
17) жүк - жүк поезында тасымалдауға шарт бойынша қабылданған мүлiк;
18) жүк алушы - тасымалдау құжаттарында көрсетiлген және жүктi алушы тұлға;
19) жүк-багаж - жолаушылар мен почта-багаж поезында тасымалдауға қабылданған, салмағы екi жүз килограмнан артық мүлiк;
20) жүк жөнелтушi - тасымалдау құжаттарында көрсетiлген және жүктi жөнелтушi тұлға;
21) жүк жөнелтiлiмi - бiр темір жол көлiгi жүкқұжатымен тасымалдауға ұсынылатын жүк партиясы;
22) жүк терминалы - жүк жөнелтушілер мен жүк алушыларға қызметтер кешенін ұсынуға және аралас тасымалдауды жүзеге асыруға арналған кірме жолдағы құрылыстар мен техникалық құралдар кешені;
23) жылжымалы құрам - жолаушыларды, багажды, жүктi, жүк-багажды және почта жөнелтiлiмдерiн темір жолдар бойынша тасымалдауға арналған тартқыш көлiк құралдары (локомотивтер), вагондар, өздiгiнен жүретiн және өзге де көлiк құралдары;
24) контейнер - жүктердi тасымалдауға арналған көп мәрте қолданылатын әмбебап көлiк жабдығы;
25) контрагент - рельс бойындағы қоймаларға, жүк сақталатын алаңдарға, тиеу-түсiру механизмдерiне және (немесе) басқа тармақ иеленушiнiң кiрме жолдарына жалғасатын кiрме жолдарға меншiк құқығымен немесе өзге де заңды негiздерде иелiк ететiн немесе кірме жолдар қызметтерін пайдаланатын тұлға;
26) концессия шарттары бойынша темір жолдар - концессия шарты бойынша салынған және пайдаланылатын әрі магистральдық темір жол желісіне енгiзiлмеген темір жолдар;
27) концессия шарттары бойынша темір жол көлiгiнiң объектiлерi - концессия шарты бойынша салынған және пайдаланылатын әрі магистральдық темір жол желісіне енгiзiлмеген объектiлер;
28) концессия шарттары бойынша темір жол көлiгi объектiлерi бар темір жол қызметтерi - концессия шарты бойынша салынған және пайдаланылатын темір жол көлiгi объектiлерi бар темір жолдарды пайдалануға беру және олар бойынша жылжымалы құрамды өткізудi ұйымдастыру жөніндегі қызметтер;
29) кiрме жолдар - жүк жөнелтушiлерге, жүк алушыларға қызмет көрсетуге арналған және тiкелей немесе басқа да кiрме жолдар арқылы магистральдық және (немесе) станциялық жолдарға жалғасатын темір жолдар;
30) кiрме жолдар қызметтерi - тармақ иеленушiнiң кiрме жолдарды пайдалануға беру жөніндегі немесе оның жүк жөнелтушілер мен жүк алушыларға көрсететiн қызметтері;
31) қабылдау-тапсыру (беру-шығару) жолдары - қабылдау-тапсыру операцияларын орындау үшін станция немесе кірме жол шегінде вагондарды темір жолдарға шығару-жинау шартында белгіленген темір жолдар;
32) қабылдау-тапсыру операциялары - жүктерді, вагондарды, контейнерлерді қабылдау (тапсыру) кезінде орындалатын, белгіленген тәртіппен құжаттық ресімделген іс-әрекеттер;
33) қауiптi жүктер - өздерiне тән қасиеттерiне байланысты адамдардың, жануарлардың өлiмiне, жарақаттануына немесе ауруға шалдығуына, жарылысқа, өртке, мүлiктердiң бұзылуына немесе жойылуына себеп болуы, сондай-ақ қоршаған ортаға зиян келтiруi мүмкiн жүктер;
34) қол жүгi - жолаушының вагонда өзiмен бiрге ақысыз тасымалдайтын, салмағы мен габаритi бойынша белгiленген мөлшерден аспайтын жеке заттары;
35) локомотив инфрақұрылымының объектілері - тартқыш жылжымалы құрамды пайдалануды әрі жарақтандыруды қамтамасыз етуге және локомотив бригадаларына қызмет көрсетуге арналған объектілер;
36) локомотив инфрақұрылымының операторы - меншік құқығымен немесе өзге де заңды негіздерде локомотив инфрақұрылымының объектілеріне иелік ететін және локомотивтiк тартқыш операторларына қызмет көрсететін тұлға;
37) локомотивтiк тартқыш операторы - меншiк құқығымен немесе өзге де заңды негiздерде тартқыш көлiк құралына (локомотивке) иелік ететін, оны күтiп ұстауды, пайдалануды қамтамасыз ететiн және локомотивтiк тартқыш қызметтерін ұсынуға уәкілетті орган берген рұқсаты бар тұлға;
38) локомотивтiк тартқыш қызметтерi - темір жолдар бойынша тартқыш көлiк құралымен (локомотивпен) жылжымалы құрамның орнын ауыстыру жөнiнде көрсетiлетiн қызметтер;
39) магистральдық жолдар - Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында жалпыға ортақ пайдаланылатын темір жол көлiгiнiң жұмыс iстеуiне және басқа мемлекеттермен темір жол қатынасын қамтамасыз етуге арналған темір жол станцияларын қосатын темір жолдар;
40) магистральдық темір жол желісі - магистральдық және станциялық жолдарды, сондай-ақ электрмен жабдықтау, сигнализация, байланыс объектiлерiн, құрылғыларды, жабдықтарды, үйлерді, ғимараттарды, құрылыстарды және оның жұмыс iстеуi үшiн технологиялық жағынан қажеттi өзге де объектiлердi қамтитын магистральдық темір жол инфрақұрылымы;
41) магистральдық темір жол желісінiң қызметтерi - магистральдық темір жол желісін пайдалануға ұсыну және онымен жылжымалы құрамды өткізудi ұйымдастыру жөніндегі қызметтер;
42) магистральдық темір жол желісінiң операторы - магистральдық темір жол желісі қызметтерiн көрсету және тасымалдау процесiн басқару үшiн мемлекет құрған ұйым;
43) маневрлік жұмыс - вагондарды өңдеу, сұрыптау, тарқату, тиеуге, түсіруге, жөндеу жолына (жолынан), салмағын өлшеуге әкелу-әкету, поездарды құрастыру, тарқату кезінде олардың орнын ауыстыру, жылжымалы құрамды бір жолдан басқасына ауыстырып қою, локомотивтердің станция шегіндегі қозғалысы, арнайы жылжымалы құрамның, тартқыш көлік құралдарының (локомотивтер немесе моторвагондық жылжымалы құрамдардың) орнын ауыстыру;
44) пайдалану құжаттамасы - темір жол көлiгi мен жабдықтарын пайдалану тәртібін белгiлейтiн құжаттама;
45) поезд - белгіленген сигналдары, вагонсыз локомотивтері, моторлы вагондары мен арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамы бар, бір немесе бірнеше жұмыс істеп тұрған тартқыш көлік құралдары (локомотивтерімен немесе моторлы вагондарымен жылжымалы құрамдары) бар вагондардан құралған әрі түйістірілген, магистральдық темір жол желісі операторы белгілеген маршрут бойынша жүретін вагондар құрамы;
46) салмағы ауыр жүк - массасы мен ұзындығы немесе вагонның жақтауына (еденіне) жүктемесі жүктерді тиеу мен бекітудің техникалық шарттарында белгіленген, әмбебап жылжымалы құрамда тасымалдау кезінде рұқсат етілетін шамадан асатын жүк;
47) станциялық жолдар - кiрме жолдарды қоспағанда, темір жол станциясының шекарасындағы темір жолдар;
48) тармақ иеленушi - меншiк құқығымен немесе өзге де заңды негiздерде темір жолдың кiрме жолдарын иеленушi тұлға;
49) тасымалдау - тасымалдаушының, магистральдық темір жол желісі операторының, локомотивтiк тартқыш операторының, вагондар, контейнерлер операторының және тасымалдау процесiне басқа да қатысушылардың багажды, жүктердi, жүк-багажды, почта жөнелтілімдерін жөнелту пунктiнен жеткізу межеленген пунктке апару мақсатында орындайтын өзара байланысты iс-қимылдарының жиынтығы;
50) тасымалдауға болатын мерзiм - тез бүлiнетiн багаждың, жүктiң, жүк-багаждың сертификатта (сапалық куәлiкте) көрсетiлген деректер негiзге алынып, жолда болуының ықтимал шектi мерзiмi;
51) тасымалдау қағидалары - тасымалдау процесiнiң барлық қатысушыларының қызметiн және өзара қатынастарын реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлер;
52) тасымалдау құжаттары - ресiмделуi арқылы тасымалдау шарты жасалатын құжаттар (жол жүру құжаты (билет), багаж бен жүк-багаж түбіртегі, темір жол көлiгi жүкқұжаты);
53) тасымалдау процесi - тасымалдауларды жүзеге асыру кезiнде орындалатын ұйымдастырушылық және технологиялық тұрғыдан өзара байланысты iс-әрекеттер мен операциялар жиынтығы;
54) тасымалдау процесiнiң қатысушысы - темір жол көлiгi саласында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын тұлға;
55) тез бүлiнетiн багаж, жүк, жүк-багаж - жарамдылық мерзiмi шектеулi және тасымалдау мен сақтаудың ерекше жағдайын талап ететiн багаж, жүк, жүк-багаж;
56) темір жол вокзалы - халыққа темір жол көлігімен тасымалдау және багажды, жүк-багажды қабылдау-беру жөнінде қызмет көрсетуге арналған үйлер, ғимараттар (жолаушы платформаларын және вокзал өтпелерін қоса алғанда) және басқа да мүлік түрлерінің кешені;
57) темір жолдар - жылжымалы құрамның жүруi жүзеге асырылатын жылжымайтын мүлiк объектiлерi (магистральдық, станциялық, кiрме жолдар);
58) темір жол көлiгi - темір жолдармен тасымалдауды қамтамасыз ететiн көлiк түрi;
59) темір жол көлiгіндегі тасымалдаушы (бұдан әрi - тасымалдаушы) - жылжымалы құраммен тасымалдауды жүзеге асыратын және тасымалдау құжаттарында көрсетiлген тасымалдаушы;
60) темір жол көлiгiнiң қорғалатын аймақтары - тасымалдау қауiпсiздiгiн, темір жол көлiгi құрылыстарының, құрылғыларының және басқа объектiлерiнiң сақталуын, төзiмдiлiгi мен берiктiгiн қамтамасыз ету үшiн қажеттi жер учаскелерi;
61) темір жол қатынасы - жөнелту және межелі пункттер арасында темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін тасымалдау;
62) темір жол станциясы - поездар қозғалысын реттеудi, өткізу қабiлетiн қамтамасыз ететiн және оларды қабылдау, жөнелту және (немесе) тоғыстыру, басып озу жөніндегі, жолаушыларға қызмет көрсету, багажды, жүк-багажды, почта жөнелтiлiмдерiн және (немесе) жүктердi қабылдау, беру жөніндегі операцияларды, сондай-ақ маневрлік жұмысты жүргiзуге мүмкiндiк беретiн жол дамытылымы бар, магистральдық жолдарды учаскелерге бөлетiн пункт;
63) уәкiлеттi орган - темір жол көлігі саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
64) Ұлттық тасымалдаушы - мәртебесiн Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындайтын, жылжымалы құраммен арнаулы тасымалдауларды орындайтын және жолаушыларды, багажды, жүк-багажды, почта жөнелтiлiмдерiн және (немесе) жүктердi тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсететiн тасымалдаушы;
65) Ұлттық темір жол компаниясы - Қазақстан Республикасы Үкiметінің шешiмi бойынша құрылған, ұлттық басқарушы холдинг бірден бір акционерi болып табылатын, магистральдық темір жол желісін күтiп-ұстауды және пайдалануды жүзеге асыратын, сондай-ақ магистральдық темір жол желісі қызметтерiн көрсететiн акционерлік қоғам;
66) экспедитор - тасымалдау құжаттарында көлiк экспедициясы шартының негiзiнде тасымалдаудың төлеушiсi ретiнде көрсетiлуi мүмкiн, жүк тасымалдауларын ұйымдастыру жөнiнде қызметтер көрсететiн тұлға.»;
2) 2-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасындағы «қызметiне» деген сөз «қызметін ұсынуға және алуға» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
1) тармақшадағы «желісін» деген сөзден кейін «және жылжымалы құрамын» деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақшадағы «кәсіпкерлікке» деген сөздерден кейін «және жеке инвестицияларды тартуға» деген сөздермен толықтырылысын;
10) тармақшадағы «жәрдемдесу болып табылады.» деген сөздер «жәрдемдесу;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
«11) транзиттік және халықаралық тасымалдауларды кеңейту болып табылады.»;
3) 3-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Өзiнiң жылжымалы құрамы жоқ тасымалдау процесiне қатысушылар шарттың негізінде локомотивтiк тартқыш операторының және вагондар (контейнерлер) операторының қызметтерін пайдаланады.»;
4) 4-баптың тақырыбындағы және 1-тармағындағы «заңдар» деген сөз «Қазақстан Республикасының заңнамасы» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) мынадай мазмұндағы 5-1-баппен толықтырылсын:
«5-1-бап. Темір жолдарды сыныптау
Темір жолдарды сыныптау тәртібін уәкілетті орган жолаушы және жүк поездары қозғалысының жүк сыйымдылығы мен рұқсат етілетін ең жоғары жылдамдықтарының үйлесімділігіне қарай айқындайды.»;
6) 6-бапта:
1-тармақтағы «магистралдық темір жол желісін пайдалану ережелерінде» деген сөздер «Магистральдық темір жол желісін пайдалану қағидасында» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың екінші бөлігіндегі «тасымалдаушылардың магистралдық темір жол желісі көрсететiн қызметтерге кемсiтусiз қол жеткізу ережелерінде» деген сөздер «Магистральдық темір жол желісін пайдалану қағидасында» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 6-1-баптағы «магистралдық темір жол желісін пайдалану ережелерінде» деген сөздер «Магистральдық темір жол желісін пайдалану қағидасында» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) мынадай мазмұндағы 6-2-баппен толықтырылсын:
«6-2-бап. Темір жол қатынастарының түрлері
1. Темір жол қатынастары мынадай түрлерге:
1) жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін тасымалдау;
2) жүк тасымалдау болып бөлінеді.
2. Жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін тасымалдау:
1) халықаралық - Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттер арасында немесе Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен тасымалдау;
2) республикаішілік - Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жөнелту және межелі станциялар арасындағы тасымалдаулар болып бөлінеді.
3. Әкімшілік-аумақтық белгісі бойынша республикаішілік жолаушылар мен жүк тасымалдау:
1) облысаралық - әртүрлі облыстардағы жөнелту және межелі станциялар арасында жүзеге асырылатын немесе республикалық маңызы бар қалалармен, астанамен елді мекендерді жалғастыратын тасымалдау;
2) ауданаралық (облысішілік қаларалық) - бір облыс шегіндегі жөнелту және межелі станциялар арасындағы тасымалдау;
3) қала маңындағы - елді мекеннің белгіленген шекарасынан бастап есептелетін, ұзақтығы елу километрге дейінгі қала маңындағы аймақты қаламен жалғастыратын маршруттар бойынша тасымалдау болып бөлінеді.
4. Жүктерді тасымалдау:
1) халықаралық - Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттер арасында немесе Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен тасымалдау;
2) республикаішілік - Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жөнелту және межелі темір жол станциялары арасындағы тасымалдау болып бөлінеді.»;
9) 7-баптағы «Yкіметінiң шешiмi бойынша» деген сөздер «Yкіметі белгілеген тәртіппен» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 8-баптың 5-тармағында:
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: