тиісті салық органының анықтамасында бір теңге және одан көп мөлшерде салық берешегі және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі туралы (төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) мәліметтердің болуы;
конкурстық құжаттаманың электрондық нысанына 4, 5 және 6-қосымшаларға сәйкес біліктілігі туралы мәліметтерді бермеу;
әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттамада көрсетілген, мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті материалдық, қаржылық және еңбек ресурстарын иелену бөлігінде арнайы біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі. Сонымен қоса, тапсырыс берушіге мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті материалдық және еңбек ресурстары конкурстық құжаттаманың ажыратылмас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікте көрсетілуі мүмкін. Әлеуетті өнім берушінің қаржылық ресурстарды иеленуі банктің (банктердің), салық органының анықтамасымен расталады;
біліктілік талаптары бойынша дұрыс ақпараттың берілмеу фактісінің анықталуы;
банкроттық не тарату рәсіміне жатса;
2) оның конкурсқа қатысуға өтінімі мынадай:
техникалық ерекшелігін бермеу конкурстық құжаттама техникалық ерекшелік орнына орнатылған тәртіпте бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманы қамтыған жағдайларды есепке алмағанда;
конкурста сатып алу мәні болып табылатын жұмыстарды, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың электрондық нысанына 8-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) беретін жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің түрлерін орындау жөніндегі қосалқы мердігерлер (қызметтер көрсету кезіндегі бірлесіп орындаушылар) туралы мәліметтерді бермеу (әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігерлерді (бірлесіп орындаушыларды) тартқан жағдайда);
қосалқы мердігерлер туралы мәліметтерді берген жағдайда әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) жұмыстар көлемінің (құрылыс құнының) үштен екіден астам жиынтығын қосалқы мердігерлікке (бірлесіп орындауға) беруі;
конкурстық құжаттаманың және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді бермеу негіздемелері бойынша конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейді деп айқындалса;
3) Заңның 6-бабының талаптарын бұзса, конкурсқа қатысуға рұқсат берілмейді. Заңның 6-бабы 1-тармағының 3), 3-1), 3-2) және 4) тармақшаларында көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысумен байланысты шектеулер бойынша, әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімі веб-порталдың автоматты түрде қабылдауына жатады. Заңның 6-бабы 1-тармағының 5), 5-1), 6) және 7) тармақшаларында көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысумен байланысты шектеулер бойынша, конкурстық комиссия тиісті уәкілетті органдардың интернет-ресурстарындағы ақпаратты қарайды.
94. Сараптау комиссиясы не сарапшы конкурстық комиссияның төрағасы белгілеген мерзімде, бірақ конкурсқа қатысу өтінімдерді қарау мерзімінен кешіктірмей:
1) жұмыстарды мемлекеттік сатып алған кезде өз құзыретінің шегінде әлеуетті өнім берушілер ұсынатын жұмыстардың конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігін растау үшін олар берген құжаттардың толықтығы мен дұрыс ресімделуі тұрғысынан қарайды және зерделейді;
2) әлеуетті өнім берушілер ұсынатын жұмыстардың конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікке сәйкестігі немесе сәйкес келмеуі туралы сараптама қорытындысын ресімдейді, оған қол қояды және ұсынады;
3) тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алған кезде, өз құзыреті шегінде үздік техникалық ерекшелікті (үздік техникалық ерекшеліктерді) айқындау үшін әлеуетті өнім берушілер ұсынған құжаттардың толықтығы мәніне қарастырады және зерделейді;
4) үздік техникалық ерекшелікті (үздік техникалық ерекшеліктерді) айқындау туралы сараптамалық қорытынды ресімдейді, қол қояды және конкурстық комиссияның хатшысына ұсынады.
95. Сараптамалық қорытындыға сарапшы ерекше пікірін білдіретін жағдайларды қоспағанда, барлық сарапшылар қол қояды және әр бетіне бұрыштама соғады.
96. Сараптамалық қорытындыны алғаннан кейін конкурстық комиссияның хатшысы сараптамалық қорытындыны веб-порталда жариялайды және веб-портал арқылы хабарламаларды конкурстық комиссияның барлық мүшелеріне таратады. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдерді сараптамалық қорытындыны ескере отырып қарайды.
97. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға рұқсат беру хаттамасын ресімдеу кезінде, конкурсқа қатысуға бір өтінім берілген жағдайларды қоспағанда, Заңның 17-бабының 4-тармағына сәйкес конкурсқа қатысуға өтінім берген әрбір әлеуетті өнім берушіге қолданылатын, конкурстық құжаттамада көзделген өлшемдерге сәйкес шартты жеңілдіктерді анықтайды.
98. Жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүргізген кезде, конкурсқа қатысуға бір өтінім берілген жағдайларды қоспағанда, конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға берілген өтінімдердің барлығын бағалау және салыстыру кезінде Заңның 17-бабының 4-тармағына сәйкес конкурстық құжаттамада көзделген критерийлерді ескереді және оларды конкурсқа қатысуға өтінімдердің барлығына тең мөлшерде қолданады.
Конкурстық комиссия шартты бағаны есептеу үшін электрондық конкурсқа қатысуға ұсынылған өтінімдердің барлығын бағалайды және салыстырады және конкурстық құжаттамада мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы (мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы) айқындаған шартты бағаны есептеу әдістемесі бойынша Заңның 17-бабының 4-тармағында көзделген критерийлердің әрқайсысының салыстырмалы мәнін есептейді.
Әлеуетті өнім беруші осы өлшемдерді растайтын құжаттарды бермеген жағдайда конкурстық комиссия мұндай әлеуетті өнім берушіге тиісті шартты жеңілдікті қолданбайды. Шартты жеңілдіктерді қолдану үшін әлеуетті өнім беруші ұсынған талаптар мемлекеттік сатып алу туралы шартқа енгізіледі.
99. Егер неғұрлым үздік функционалдық және басқа сипаттамалары бар тауарлар ұсынылса, сондай-ақ неғұрлым үздік технологиялық шешімдер және (немесе) жұмыстар үздік материалдардан жасалса, әлеуетті өнім берушінің техникалық ерекшелігінің конкурстық құжаттамада көрсетілген техникалық ерекшелікке сәйкес келмеуіне жол беріледі.
100. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурсқа қатысатын әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесінің болуы мәселесін қараған кезде конкурстық комиссия осы конкурста сатып алынатын тауарларды беру, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету нарығында ғана жұмыс тәжірибесін қарайды.
101. Жұмыстарды орындау сапасының менеджментінің сертификатталған жүйесін әлеуетті өнім беруші ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес берілген құжатпен растайды.
102. Жұмыстарды орындау кезінде қоршаған орта басқармасының сапа менеджментінің сертификатталған жүйесін әлеуетті өнім беруші ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес ұлттық стандарттардың талаптарына және (немесе) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес экологиялық таза өнім стандартына сәйкес берілген құжатпен растайды.
103. Жергілікті мазмұнның болуы критерийі мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар жүзеге асыратын жұмыстарды мемлекеттік сатып алуда қатысатын әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға конкурстық өтініміне қолданылады.
104. Жұмыстардың отандық өнім берушісі мәртебесінің болуы критерийі мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар жүзеге асыратын жұмыстарды мемлекеттік сатып алуда қатысатын әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға конкурстық өтініміне қолданылады.
105. Жұмыстардың әлеуетті өнім берушісі - Келісім Тараптары мемлекеттерінің резиденті критерийі Келісім Тарапы мемлекетінің резиденті болып табылмайтын шетелдік әлеуетті өнім берушілер осындай конкурста қатысқан кезде мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер жүзеге асыратын жұмыстарды мемлекеттік сатып алуда қатысатын әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға конкурстық өтініміне қолданылады.
106. Түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорны болып табылатын жұмыстардың әлеуетті өнім берушісі критерийі - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген жұмыстарды мемлекеттік сатып алуда қатысатын әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға конкурстық өтініміне қолданылады.
107. Тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүргізген кезде конкурстық комиссия барлық ұсынылған конкурсқа қатысуға өтінімдерді бағалау және салыстыру кезінде Заңның 17-бабының 4-тармағына сәйкес конкурстық құжаттамада ұсынылған критерийлерді ескереді және оларды, конкурсқа қатысуға бір өтінім берілген жағдайларды қоспағанда, барлық конкурсқа қатысуға өтінімдерге тең мөлшерде қолданады.
Конкурстық комиссия шартты бағаны есептеу үшін электрондық конкурсқа қатысуға ұсынылған өтінімдердің барлығын бағалайды және салыстырады және конкурстық құжаттамада мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы (мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы) айқындаған шартты бағаны есептеу әдістемесі бойынша Заңның 17-бабының 4-тармағында көзделген критерийлердің әрқайсысының салыстырмалы мәнін есептейді.
Әлеуетті өнім беруші осы критерийлерді растайтын құжаттарды ұсынбаған жағдайда, конкурстық комиссия мұндай әлеуетті өнім берушіге тиісті шартты жеңілдікті қолданбайды. Шартты жеңілдіктер қолдану үшін әлеуетті өнім беруші ұсынған талаптар мемлекеттік сатып алу туралы шартқа енгізіледі.
108. Тауарларды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсқа қатысатын әлеуетті өнім берушінің тауарды жеткізу, қызметтерді көрсету бойынша тәжірибесінің болуы мәселесін қарау кезінде конкурстық комиссия осы конкурста сатып алынатын тауарды жеткізу, қызметтерді көрсету нарығындағы жұмыс тәжірибесін ғана қарайды.
109. Техникалық реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұсынылатын тауарларды еркін сертификаттау жүргізілгенін растайтын құжаттың болуы конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысына әсер етеді.
110. Тауарды жасаудың, қызметтерді орындаудың сертификатталған сапа менеджменті жүйесін әлеуетті өнім беруші ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес берілген құжатпен растайды.
111. Тауарды жасау, қызметтерді орындау кезінде қоршаған орта басқармасының сапа менеджментінің сертификатталған жүйесін әлеуетті өнім беруші ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес ұлттық стандарттардың талаптарына және (немесе) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес экологиялық таза өнім стандартына сәйкес берілген құжатпен растайды.
112. Жергілікті мазмұнның болуы критерийі мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар жүзеге асыратын жұмыстарды мемлекеттік сатып алуда қатысатын әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға конкурстық өтініміне қолданылады.
113. Жұмыстардың отандық өнім берушісі мәртебесінің болуы критерийі мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар жүзеге асыратын жұмыстарды мемлекеттік сатып алуда қатысатын әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға конкурстық өтініміне қолданылады.
114. Тауарлардың отандық өндірушісі мәртебесінің болуы критерийі мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар жүзеге асыратын жұмыстарды мемлекеттік сатып алуда қатысатын әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға конкурстық өтініміне қолданылады.
115. Жұмыстардың әлеуетті өнім берушісі - Келісім Тараптары мемлекеттерінің резиденті критерийі Келісім Тарапы мемлекетінің резиденті болып табылмайтын шетелдік әлеуетті өнім берушілер осындай конкурста қатысқан кезде мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер жүзеге асыратын жұмыстарды мемлекеттік сатып алуда қатысатын әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға конкурстық өтініміне қолданылады.
116. Түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорны болып табылатын жұмыстардың әлеуетті өнім берушісі критерийі - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген жұмыстарды мемлекеттік сатып алуда қатысатын әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға конкурстық өтініміне қолданылады.
117. Тауарларды мемлекеттік сатып алуды жүргізген кезде сараптау комиссиясы не сарапшы функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын бағалау негізінде үздік техникалық ерекшелікті (үздік техникалық ерекшеліктерді) айқындайды.
Көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүргізген кезде сараптау комиссиясы не сарапшы техникалық және сапалық сипаттамаларын бағалау негізінде үздік техникалық ерекшелікті (үздік техникалық ерекшеліктерді) айқындайды.
118. Сараптау комиссиясы не сарапшы үздік техникалық ерекшелікті (үздік техникалық ерекшеліктерді) анықтаған кезде тауарлардың функционалдық сипаттамаларын конкурстық құжаттаманың техникалық ерекшелігінде көрсетілген функционалдық сипаттамаларды сипаттай отырып арақатынаста әлеуетті өнім берушілер конкурсқа қатысуға өтінімде ұсынып отырған тауардың техникалық ерекшелікте көрсетілген мүмкіндіктерінің шегіне қол жеткізу не арттыру мәніне бағалайды. Әлеуетті өнім берушілер конкурсқа қатысуға өтінімде ұсынған техникалық ерекшеліктегі тауардың функционалдық сипаттамалары конкурстық құжаттаманың техникалық ерекшелігінде белгіленген тауарлардың мүмкіндіктер шегіне қол жеткізген не арттырған жағдайда, сараптау комиссиясы не сарапшы әр мүмкіндікке бір пайыз белгілейді. Бұл ретте жалпы жиынтық сома бес пайыздан аспауы тиіс.
119. Сараптау комиссиясы не сарапшы үздік техникалық ерекшелікті (үздік техникалық ерекшеліктерді) анықтаған кезде тауарлардың, қызметтердің техникалық ерекшелікларын конкурстық құжаттаманың техникалық ерекшелігінде көрсетілген параметрлерге арақатынаста әлеуетті өнім берушілер конкурсқа қатысуға өтінімде ұсынып отырған тауарлардың, қызметтердің параметрлерге қол жеткізу не арттыру мәніне бағалайды. Әлеуетті өнім берушілер конкурсқа қатысуға өтінімде ұсынған техникалық ерекшеліктегі тауарлардың, қызметтердің техникалық ерекшеліклары конкурстық құжаттаманың техникалық ерекшелігінде белгіленген тауарлардың, қызметтердің параметрлер шегіне қол жеткізген не параметрлерден асқан жағдайда, сараптау комиссиясы не сарапшы әрбір қол жеткізілген не артық параметр үшін бір пайыз белгілейді. Бұл ретте жалпы жиынтық сома бес пайыздан аспауы тиіс.
120. Сараптау комиссиясы не сарапшы үздік техникалық ерекшелікті (үздік техникалық ерекшеліктерді) анықтаған кезде тауарлардың, қызметтердің сапалық сипаттамаларын сипаттамалардың тауарлардың, қызметтердің талаптары мен мақсатына жиынтық сәйкестігі мәніне бағалайды. Егер әлеуетті өнім берушілер конкурсқа қатысуға өтінімде ұсынып отырған тауарлардың, қызметтердің сапалық сипаттамалары конкурстық құжаттаманың техникалық ерекшелігінде көрсетілген тауардың, қызметтің талабына және мақсатына сай келетін немесе асатын жағдайларда, сараптау комиссиясы не сарапшы осы сипаттамаға бес пайыз белгілейді.
121. Сараптау комиссиясы не сарапшы үздік техникалық ерекшелікті (үздік техникалық ерекшеліктерді) анықтаған кезде тауарлардың, пайдаланушылық сипаттамаларын конкурстық құжаттаманың техникалық ерекшелігінде көрсетілген шарттармен арақатынаста әлеуетті өнім берушілер конкурсқа қатысуға өтінімде ұсынып отырған техникалық ерекшелікда көрсетілген тауарды тасымалдау, сақтау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу шарттарына сай болу немесе асу мәніне бағалайды. Егер әлеуетті өнім берушілер конкурсқа қатысуға өтінімде ұсынып отырған тауарды тасымалдау, сақтау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу шарттары конкурстық құжаттаманың техникалық ерекшелігінде белгіленген шарттарға қол жеткізген немесе асқан жағдайда, сараптау комиссиясы не сарапшы әрбір қол жеткізілген не асқан шарт үшін бір пайыз белгілейді. Бұл ретте жалпы жиынтық сома бес пайыздан аспауы тиіс.
122. Егер конкурсқа қатысуға өтінімде ұсынылған конкурсқа қатысуға өтінімнің маңызын қозғамай түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателіктер болса, ол конкурстық құжаттама талаптарына сай деп танылады.
123. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші Заңның 25-бабының 7-тармағында және 25-1-бабының 7-тармағында көзделген негіздемелер бойынша конкурсқа қатысуға (конкурс қатысушысы деп танылмайды) жіберілмейді.
124. Әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімдерін олар ұсынып отырған жұмыстардың жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүргізген кезде және үздік техникалық ерекшелікті (үздік техникалық ерекшеліктерді) айқындау үшін тауарларды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу кезінде конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестігін қарауды, егер Заңның 7-1-бабына сәйкес бірыңғай ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырған және жүргізген жағдайларды қоспағанда, сараптау комиссиясы не сарапшы белгіленбеген болса, конкурстық комиссия жүзеге асырады.
Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру
125. Жұмыстар бойынша конкурсқа қатысуға рұқсат берілген әлеуетті өнім беруші (конкурсқа қатысушы) конкурстық құжаттаманың электрондық нысанына 10-қосымшаға сәйкес конкурстық баға ұсынысын веб-порталға конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттама жарияланған сәттен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей береді.
126. Тауарлар, қызметтер бойынша конкурсқа қатысуға рұқсат берілген әлеуетті өнім беруші (конкурсқа қатысушы) конкурстық құжаттаманың электрондық нысанына 10-қосымшаға сәйкес үздік техникалық ерекшелікке конкурстық баға ұсынысын веб-порталға конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттама жарияланған сәттен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей береді.
Егер бірнеше үздік техникалық ерекшеліктер анықталған жағдайда, тауарлар, қызметтер бойынша конкурсқа қатысуға рұқсат берілген әлеуетті өнім беруші (конкурсқа қатысушы) конкурстық құжаттаманың электрондық нысанына 10-қосымшаға сәйкес осындай техникалық ерекшеліктердің біреуіне конкурстық баға ұсынысын веб-порталға береді.
127. Егер тауарлардың, қызметтердің үздік техникалық ерекшелігі анықталмаған жағдайда, конкурсқа қатысуға рұқсат берілген әлеуетті өнім беруші (конкурсқа қатысушы) конкурстық құжаттаманың ажыратылмас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікке конкурстық баға ұсынысын береді.
128. Техникалық ерекшелігі үздік деп танылмаған, конкурсқа қатысуға рұқсат берілген әлеуетті өнім берушінің (конкурсқа қатысушының) Заңның 25-1-бабына сәйкес осы Қағидалардың 127-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, конкурстық баға ұсынысын беруге құқығы жоқ.
129. Веб-портал конкурстық баға ұсынысын берген әлеуетті өнім берушіге тиісті хабарлама жібергеннен кейін конкурстық баға ұсынысы қабылданған болып есептеледі.
130. Әлеуетті өнім берушілер берген конкурстық баға ұсыныстары туралы мәліметтер веб-порталда автоматты түрде тіркеледі.
131. Әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысы мынадай жағдайларда:
1) конкурстық баға ұсынысының бағасы демпингтік болса;
2) ол осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген сомадан асып түссе;
3) конкурс қатысушысы бұдан бұрын осы конкурс бойынша баға ұсынысын берсе;
4) конкурстық баға ұсынысы осы Қағидалардың 125 және 126-тармақтарында белгіленген мерзімнен кеш түссе, веб-портал әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысын автоматты түрде кері қайтарады.
132. Конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамада белгіленген күні және уақытта веб-портал конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын автоматты түрде бағалау мен салыстыруды жүргізеді:
осы Қағидаларға сәйкес анықталатын демпингтік баға есептеледі және конкурсқа қатысушының демпингтік болып табылатын баға ұсынысы қабылданбайды;
егер демпингтік бағасы бар конкурстық баға ұсыныстары қабылданбағаннан кейін конкурсқа қатысушылардың екі және одан асатын конкурстық баға ұсыныстары конкурсқа қатысқан жағдайда, оларға конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамада көрсетілген шартты жеңілдіктерді қолдану арқылы конкурсқа қатысушылардың шартты бағалары анықталады;
конкурсқа қатысушылардың шартты бағалары салыстырылады, неғұрлым аз шартты баға негізінде конкурс жеңімпазы анықталады;
конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағасы тең болған кезде конкурстың мәні болып табылатын сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында жұмыс тәжірибесі мол әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады. Шартты бағасы тең бірнеше әлеуетті өнім берушілердің жұмыс тәжірибесі тең болған кезде конкурстық бағалық ұсыныстары басқа әлеуетті өнім берушілерден ерте келіп түскен әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады.
133. Конкурс қорытындысы туралы хаттама веб-порталда автоматты түрде тіркелген конкурстық комиссияның барлық мүшелеріне және барлық әлеуетті өнім берушілерге электрондық пошта арқылы автоматты түрде хабардар ете отырып, веб-портал осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша автоматты түрде қалыптастырылады және жарияланады.
Конкурсқа қатысуға өтінімнің демпингтік бағасын айқындау тәртібі
134. Егер әлеуеттi өнiм берушiнiң жұмыстарға арналған конкурсқа қатысу өтiнiмiнiң бағасы техникалық-экономикалық негiздемеде (жобалау-сметалық құжаттаманы даярлау үшiн) және Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттiк сараптамадан немесе Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары туралы заңнамасына сәйкес ведомстволық сараптамадан өткен және белгiленген тәртiппен бекiтiлген жобалау-сметалық құжаттамада көрсетiлген бағадан бес пайыздан астам төмен болған жағдайда, ол демпингтiк болып танылады.
Егер әлеуеттi өнiм берушiнiң техникалық-экономикалық негiздемені және жобалау-сметалық (үлгілік жобалау-сметалық) құжаттаманы әзірлеу бойынша конкурсқа қатысу өтiнiмiнiң бағасы Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы заңнамасына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы уәкілетті орган бекіткен мемлекеттік нормативтерге сәйкес тапсырыс беруші есептеген бағадан бес пайыздан астам төмен болған жағдайда, ол демпингтiк болып танылады.
135. Егер әлеуеттi өнiм берушiнiң консультациялық қызметтерге арналған конкурсқа қатысу өтiнiмiнiң бағасы конкурсқа қатысушылардың қабылданған конкурстық баға ұсыныстарының орташа арифметикалық бағасынан жетпiс пайыздан астам төмен болған жағдайда, ол демпингтiк деп танылады.
Конкурсты өтпеді деп тануға негiздемелер
136. Конкурс мынадай жағдайларда:
1) конкурсқа қатысуға берiлген өтiнiмдер болмағанда;
2) конкурсқа қатысуға екеуден кем өтiнiм берiлгенде;
3) конкурсқа қатысуға бiрде-бiр әлеуеттi өнiм берушi жiберiлмесе;
4) конкурсқа қатысуға бiр әлеуеттi өнiм берушi жiберiлсе;
5) конкурсқа қатысушылардың ұсынған конкурстық баға ұсыныстары болмағанда;
6) конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстары екеуден аз ұсынылса;
7) Заңның 26-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларда конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстары кері қайтарылғаннан кейін бағалауға және салыстыруға жататын конкурстық баға ұсыныстары екеуден кем болса;
8) конкурстың жеңiмпазы мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарса конкурс өтпедi деп танылады.
3. Баға ұсыныстарына сұрау салу тәсiлiмен жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi
электрондық мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу
Баға ұсыныстарына сұрау салу тәсiлiмен жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi электрондық мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу туралы хабарлау
137. Ұйымдастырушы баға ұсыныстарын беру мерзiмi аяқталғанға дейiн бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей, веб-порталда баға ұсыныстарына сұрау салу тәсiлiмен өткiзiлетiн электрондық мемлекеттiк сатып алу туралы мәлiметтердi, сондай-ақ мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасын жариялайды.