16) әлеуетті өнім берушілер электрондық құжат нысанда беретін, аукциондық құжаттамада белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келтірілген аукционға қатысуға өтінімдерді веб-порталда автоматты түрде тіркеу;
17) аукциондық комиссияның аукцион жеңімпазын және мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға үміткерлерді айқындауы;
18) веб-порталда қорытындылар хаттамасын қалыптастыру және жариялау;
20) тапсырыс беруші мен аукцион жеңімпазы арасында мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу.
Аукцион бір лотқа өткізіледі, бұл ретте Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша құндық мәндегі жылдық көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген төрт мың еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен асатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер аукционның мәні болып табылады.
Егер тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) жеткізудің (орындау, көрсету) бірнеше орындары болса, лотта тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) жеткізудің (орындау, көрсету) бірнеше орындарын көрсетуге болады.
Бір тұлғаны білдіретін ұйымдастырушы мен тапсырыс беруші аукцион тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырған және жүргізген жағдайда веб-портал арқылы аукциондық құжаттаманы қалыптастыру және бекіту
172. Ұйымдастырушы аукцион өткiзу шарттары мен тәртiбiн айқындау үшiн осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес веб-порталда мемлекеттік және орыс тілдерінде конкурстық құжаттаманың электрондық нысанын қалыптастырады және тапсырыс берушi мен ұйымдастырушы бір тұлға болатын жағдайларды қоспағанда, оны тапсырыс берушiмен келiседi.
173. Ұйымдастырушы қалыптастырған аукциондық құжаттаманы тапсырыс берушiнiң бiрiншi басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын жауапты хатшының өкiлеттiгiн жүзеге асыратын өзге лауазымды адам не оның мiндетiн атқаратын адам бекiтедi.
174. Заңның 7-бабы 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы белгілеген ұйымдастырушы қалыптастырған аукциондық құжаттаманы тапсырыс берушiнiң бiрiншi басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын жауапты хатшының өкiлеттiгiн жүзеге асыратын өзге лауазымды адам не оның мiндетiн атқаратын адам бекiтедi.
175. Заңның 7-бабы 5-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларына сәйкес мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы белгілеген ұйымдастырушы қалыптастырған аукциондық құжаттаманы тапсырыс берушiнiң бiрiншi басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын жауапты хатшының өкiлеттiгiн жүзеге асыратын өзге лауазымды адам не оның мiндетiн атқаратын адам бекiтедi.
Бірыңғай ұйымдастырушы аукцион тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу жағдайында веб-портал арқылы аукционды құжаттаманы қалыптастыру және бекіту
176. Бірыңғай ұйымдастырушы аукционды өткiзу шарттары мен тәртiбiн айқындау үшiн осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес веб-порталда мемлекеттік және орыс тілдерінде конкурстық құжаттаманың электрондық нысанын қалыптастырады.
177. Бірыңғай ұйымдастырушы қалыптастырған аукциондық құжаттаманы бірінші басшы немесе бірыңғай ұйымдастырушының бірінші басшысының міндеттерін орындаушы тұлға бекітеді.
Заңның 7-бабы 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы қалыптастырған аукциондық құжаттама осы Қағидалардың 174-тармағына сәйкес бекітіледі.
178. Бірыңғай ұйымдастырушы қалыптастырған және бекіткен аукциондық құжаттама мыналарды:
1) тапсырыс беруші осы Қағидалардың 170-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бекіткен, ал Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда тиісті өкілетті органмен келісілген техникалық ерекшелікті;
2) тапсырыс беруші осы Қағидалардың 170-тармағының 3) тармақшасына сәйкес бекіткен, сараптау комиссиясын не сарапшыны;
3) тапсырыс беруші осы Қағидалардың 170-тармағының 4) тармақшасына сәйкес бекіткен, конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын, мемлекеттік сатып алулар туралы шарттың жобасын қамтуы тиіс.
Ұйымдастырушы немесе онымен бір тұлғаны білдіретін тапсырыс беруші аукцион тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырған және жүргізген жағдайда сараптау комиссиясын құрамын не сарапшыны аукциондық комиссияның бекітуі
179. Аукциондық конкурс өткiзу рәсiмдерiн орындау үшiн ұйымдастырушы әрбiр конкурсқа жеке аукциондық комиссия құрады және конкурстық комиссияның хатшысын айқындайды.
Аукциондық комиссия құру және аукциондық комиссия хатшысын айқындау туралы шешiмге ұйымдастырушының бiрiншi басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын жауапты хатшының өкiлеттiгiн жүзеге асыратын өзге лауазымды адам не оның мiндетiн атқаратын адам қол қояды.
Егер тапсырыс берушiнiң өзi тiкелей немесе мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және өткiзу рәсiмдерiн орындауға жауапты өзiнiң құрылымдық бөлiмшесi атынан ұйымдастырушы болып әрекет еткен жағдайда аукциондық комиссия құру және аукциондық комиссия хатшысын айқындау туралы шешiмге ұйымдастырушының бiрiншi басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын жауапты хатшының өкiлеттiгiн жүзеге асыратын өзге лауазымды адам не оның мiндетiн атқаратын адам қол қояды.
Жұмыстарды мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырған кезде ұйымдастырушы, ал егер тапсырыс беруші тікелей өзі не өзінің құрылымдық бөлімшесінің атынан ұйымдастырушыны білдірген жағдайда, тапсырыс беруші, қажет болған кезде тиiстi қызмет саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша оның веб-порталда тiркелген қызметкерлерiнiң қатарынан оның өкiлдерiн аукциондық комиссияның құрамына енгiзеді.
Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң техникалық тапсырмасын және (немесе) техникалық ерекшелiгiн әзiрлеу үшiн ұйымдасты рушы, ал егер тапсырыс беруші тікелей өзі не өзінің құрылымдық бөлімшесінің атынан ұйымдастырушыны білдірген жағдайда, тапсырыс беруші қажет болған кезде аукциондық құжаттаманы әзiрлеу кезеңiнде сараптау комиссиясын құрады не сарапшы тартады.
180. Аукциондық комиссияның мүшелері аукциондық комиссияның төрағасы, төрағаның орынбасары және аукциондық комиссияның басқа да мүшелерi болып табылады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын төрағаның орынбасары орындайды. Конкурстық комиссия мүшелерiнiң жалпы саны тақ санды құрауы және кемiнде үш адам болуы тиiс.
Егер тапсырыс берушінің тікелей өзі ұйымдастырушы болған жағдайда аукциондық комиссияның төрағасы болып бірінші басшының орынбасарынан төмен емес лауазымды адам айқындалады. Егер тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімін орындау үшін жауапты құрылымдық бөлімшесінің атынан ұйымдастырушыны білдірген жағдайда аукциондық комиссияның төрағасы болып тапсырыс берушінің осы құрылымдық бөлімшесінің бірінші басшысынан төмен емес лауазымды адам айқындалады.
Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын көздейтін бюджеттік даму бағдарламаларының шеңберінде аукцион өткізілген кезде, аукциондық комиссияның төрағасы болып тапсырыс берушінің бірінші басшысы айқындалады.
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы орган бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын көздейтін бюджеттік даму бағдарламаларының шеңберінде аукцион өткізген кезінде аукциондық комиссияның төрағасы болып Қазақстан Республикасының тиісті әкімшілік-аумақтық бірлігінің әкімі айқындалады.
181. Аукциондық комиссияның төрағасы:
1) аукциондық комиссияның қызметіне басшылық етеді;
2) осы Қағидаларда көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
182. Аукциондық комиссия оны құру туралы шешім күшіне енген күннен бастап жұмыс істейді және өз қызметін тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалған күннен бастап тоқтатады.
183. Аукциондық комиссияның шешімі веб-порталды пайдалана отырып дауыс берумен қабылданады және ол, егер аукциондық комиссия мүшелерінің жалпы санынан көпшілігі ол үшін дауыс берген болса қабылданған болып есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда аукциондық комиссияның төрағасы немесе ол болмаған жағдайда, төраға орынбасары дауыс берген шешім қабылданған болып есептеледі.
Аукциондық комиссия шешімімен келіспеген жағдайында, аталған аукциондық комиссияның кез келген мүшесі, құжаттың электрондық көшірмесі түрінде веб-порталда жарияланатын айрықша пікірге құқығы бар.
Аукциондық комиссияның қандай да бір мүшесінің қолы болмаған жағдайда, аукциондық комиссия хатшысы веб-порталдағы аукциондық комиссияның тиісті хаттамаларында қол қойылмау себебін қамтитын құжатты жариялайды.
184. Аукциондық комиссияның ұйымдастыру қызметiн аукциондық комиссияның хатшысы қамтамасыз етедi. Аукциондық комиссия хатшысы аукциондық комиссияның мүшесі болып табылмайды және аукциондық комиссия шешiмдер қабылдаған кезде дауыс беру құқығы болмайды.
Аукциондық комиссияның хатшысы ұйымдастырушының мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыруға және өткiзуге жауапты құрылымдық бөлiмшесiнiң лауазымды адамдарының арасынан анықталады.
Аукциондық комиссияның хатшысы:
1) веб-порталда аукциондық құжаттаманы қалыптастырады;
2) веб-порталда аукцион өткiзілетіні туралы хабарландыруды, аукционға қатысуға рұқсат берілгені туралы хаттаманы, аукционның өткiзілу хаттамасын, болған жағдайда аукционға қатысуға өтінімдердің екінші бөліктерін қарау хаттамасын, аукционның қорытындылары туралы хаттаманы, сондай-ақ болған жағдайда басқа да құжаттарды веб-порталда жариялайды;
3) веб-порталда сараптау комиссиясының не сарапшының қорытындысын жариялайды;
4) осы Қағидаларда көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
185. Ұйымдастырушыда әлеуеттi өнiм берушiлер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң аукциондық құжаттама талаптарына сәйкестiгiн анықтау үшiн тиiстi бейiндегi мамандар болмаған жағдайда ұйымдастырушы тараптардың уағдаластығы бойынша мемлекеттiк қызметшiлердi өтеусiз негiзде, ал басқа сарапшыларды ақылы негiзге де, өтеусiз негiзде де сарапшылар ретiнде тартады.
Қызметiнiң бейiнi мемлекеттiк сатып алу мәнiне сәйкес келуi қандай да бiр тұлғаны сарапшы ретiнде тарту үшiн мiндеттi шарт болып табылады.
Ақылы негiзде сарапшыны таңдауды ұйымдастырушы Заңға сәйкес жүзеге асырады.
Сарапшылардың аукциондық комиссия шешiмдер қабылдаған кезде дауыс беру құқығы болмайды.
186. Бiрнеше сарапшыны тартқан жағдайда ұйымдастырушы тартылған сарапшылардың арасынан сараптау комиссиясын құрады және олардың арасында сараптау комиссиясының төрағасын айқындайды.
Сараптау комиссиясының мүшелері, оның ішінде төраға, төраға орынбасары және басқа да мүшелері болып табылады. Төраға болмаған кезде оның функцияларын төрағаның орынбасары орындайды. Сараптау комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрауы және кемінде үш адам болуы тиіс.
187. Сараптау комиссия құру туралы шешімге ұйымдастырушының не онымен бір тұлға ретінде болатын тапсырыс берушінің бiрiншi басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын жауапты хатшының өкiлеттiгiн жүзеге асыратын өзге де лауазымды адам не ұйымдастырушының не онымен бір тұлға ретінде болатын тапсырыс берушінің бiрiншi басшысының мiндетiн атқаратын адам қол қояды.
188. Сараптау комиссиясы не сарапшы әлеуетті өнім берушілер ұсынған тауарлар аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан сараптамалық қорытынды береді.
Сараптау комиссия немесе сарапшының қорытындысы аукциондық комиссиясымен тек аукциондық құжаттамамен көзделген талаптар шектерінде құрылған жағдайында ғана есепке алынады. Сараптамалық қорытындыға сараптау комиссия мүшелерімен немесе сарапшымен қол қойылады және аукциондық комиссия хатшысының электрондық қол қоюымен расталған құжаттың электрондық көшірмесі түрінде аукционға қатысу рұқсаты туралы хаттамасына қоса беріледі.
Сараптау комиссия шешімімен келіспеген жағдайында берілген сараптау комиссиясының кез келген мүшесі сараптау комиссия қорытындысына қоса берілетін, ерекше пікірге құқылы болады және ол веб-порталда құжаттың электрондық көшірмесі түрінде жарияланады.
Сараптамалық қорытындыға сәйкес хаттамаларында сараптау комиссиясының қандай да бір мүшесінің қолы қойылмаған жағдайында конкурстық комиссия хатшысымен веб-порталда қол қойылмау себебі көрсетілген құжат жарияланады.
189. Аукционды өткізу басталмас бұрын аукциондық комиссия мүшелері, аукциондық комиссия хатшысы, сонымен қатар сараптау комиссия немесе сарапшы бекітілген аукциондық құжаттамасымен және оның қосымшаларымен танысып шығады.
Бірыңғай ұйымдастырушы электрондық мемлекеттік сатып алуды аукцион тәсілімен ұйымдастырған және жүргізген жағдайда аукциондық комиссияның, сараптау комиссияның құрамын не сарапшыны бекіту
190. Аукционды өткізу рәсімдерін орындау үшін бірыңғай ұйымдастырушысы әр аукционға бөлек аукциондық комиссияны құрайды және аукциондық комиссия айқындайды.
Аукциондық комиссияны құру және аукциондық комиссия хатшысын айқындау туралы шешімге бірыңғай ұйымдастырушының бірінші басшысы немесе бірінші басшысының міндеттерін атқарушы тұлға қол қояды.
191. Аукциондық комиссия мүшелері ретінде аукциондық комиссияның төрағасы, төрағасының орынбасары және басқа мүшелері болып табылады. Төраға жоқтығында оның міндеттерін төрағаның орынбасары атқарады. аукциондық комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрауы, бес адамнан кем болмауы тиіс.
Заңның 7-бабы 5-тармағының 1) тармақшасына сәйкес анықталған бірыңғай ұйымдастырушы аукционды ұйымдастырғанда және өткізгенде аукциондық комиссияның төрағасы тапсырыс берушінің бірінші басшысы анықталады.
Заңның 7-бабы 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес анықталған бірыңғай ұйымдастырушы аукционды ұйымдастырғанда және өткізгенде аукциондық комиссияның төрағасы тиісті облыстың, республикалық маңызды қаланың және астананың әкімі айқындалады.
Тапсырыс беруші аукциондық комиссияның құрамына өз қызметкерлерін ұсынуға құқылы.
192. Аукциондық комиссияның төрағасы:
1) аукциондық комиссия қызметіне басшылық етеді;
2) осы Қағидаларда көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
193. Аукциондық комиссия құрылуы туралы шешім күшіне енген күннен бастап әрекет етеді және тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасағаннан күннен бастап өз қызметін тоқтатады.
194. Аукциондық комиссия шешімі веб-порталды пайдалана отырып, дауыс берумен қабылданады және ол қабылданған болып табылады, егер аукциондық комиссия мүшелері жалпы санының көпшілігі оған дауыс беретін болса. Дауыстар тең болған жағдайда аукциондық комиссия төрағасы немесе ол болмағанда, төраға орынбасары дауыс берген шешім қабылданған деп есептеледі.
Аукциондық комиссия шешімімен келіспеген жағдайында, берілген аукциондық комиссиясының кез келген мүшесі ерекше пікірге құқылы болады және ол веб-порталда құжаттың электрондық көшірмесі түрінде жарияланады.
Аукциондық комиссияның сәйкес хаттамаларында аукциондық комиссиясының қандай да бір мүшесінің қолы қойылмаған жағдайында аукциондық комиссия хатшысымен веб-порталда қол қойылмау себебі көрсетілген құжат жарияланады.
195. Аукциондық комиссияның ұйымдастырушылық қызметі аукциондық комиссия хатшысымен қамтамасыз етіледі. Аукциондық комиссия хатшысы аукциондық комиссия мүшесі болып табылмайды және аукциондық комиссия шешім қабылдағанда дауыс құқығына ие болмайды.
Аукциондық комиссия хатшысы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуге жауапты ұйымдастырушының құрылымдық бөлімшесінің лауазымды тұлғалар санынан анықталынады.
Аукциондық комиссия хатшысы:
1) веб-порталда аукциондық құжаттаманы қалыптастырады;
2) веб-порталда аукционды өткізу туралы хабарландыруды, аукционға қатысуға рұқсат хаттамасын, аукционды өткізу хаттамасын, аукционға, бар болса, қатысуға өтінімдердің екінші бөліктерін қарау хаттамасын, аукцион қорытындылары туралы хаттамасын, сонымен қатар веб-порталына басқа, бар болса, құжаттарды жариялайды;
3) веб-порталда сараптама комиссиясының немесе сарапшының нәтижесін жариялайды;
4) осы Қағидаларда көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
196. Ұйымдастырушыда әлеуетті өнім берушілермен ұсынылатын тауарлардың аукциондық хаттама талаптарына сәйкестігін анықтау үшін сәйкес бейінді маман болмаған жағдайында, ұйымдастырушы қажеті болса, сарапшылар ретінде мемлекеттік қызметкерлерді ақысыз негізінде, ал басқа сарапшыларды ақылы, ақысыз негізінде де екі тараптың уағдаластығы бойынша тартады.
Сарапшы ретінде қандай да бір тұлғаны тарту үшін міндетті шарт оның қызмет бейінінің мемлекеттік сатып алу мәніне сәйкестігі болып табылады.
Сарапшыны ақылы негізінде таңдауды ұйымдастырушы Заңға сәйкес жүзеге асырады.
Сарапшылар аукциондық комиссия шешім қабылдағанда, дауыс беру құқығына ие болмайды.
197. Бірнеше сарапшы тартылған кезде ұйымдастырушы тартылған сарапшылардың арасынан сараптау комиссияны құрайды және олардың арасынан сараптау комиссия төрағасын айқындайды.
Сараптау комиссия мүшелері төраға, төраға орынбасары және сараптау комиссиясының басқа мүшелері болып табылады. Төраға болмаған кезде оның қызметтерін төраға орынбасары орындайды. Сараптау комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрауы және кемінде үш адам болуға тиіс.
198. Сараптау комиссия құру туралы шешіміне бірінші басшымен немесе жауапты хатшымен не болмаса, Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын тапсырыс берушінің жауапты хатшысының өкілеттіктерін жүзеге асыратын лауазымды басқа тұлға немесе тапсырыс берушінің бірінші басшысының міндетін атқарушы тұлға қол қояды.
199. Сараптау комиссия немесе сарапшы әлеуетті өнім беруші ұсынатын тауарлардың аукциондық құжаттама талаптарына сәйкестілігі бойынша сараптамалық қорытынды береді.
Сараптау комиссия немесе сарапшының қорытындысы аукциондық комиссиясымен тек аукциондық құжаттамамен көзделген талаптар шектерінде құрылған жағдайында ғана есепке алынады. Сараптамалық қорытындыға сараптау комиссия мүшелерімен немесе сарапшымен қол қойылады және аукциондық комиссия хатшысының электрондық қол қоюымен расталған құжаттың электрондық көшірмесі түрінде аукционға қатысу рұқсаты туралы хаттамасына қоса беріледі.
Сараптау комиссия шешімімен келіспеген жағдайында берілген сараптау комиссиясының кез келген мүшесі сараптау комиссия қорытындысына қоса берілетін, ерекше пікірге құқылы болады және ол веб-порталда құжаттың электрондық көшірмесі түрінде жарияланады.
Сараптамалық қорытындыға сәйкес хаттамаларында сараптау комиссиясының қандай да бір мүшесінің қолы қойылмаған жағдайында конкурстық комиссия хатшысымен веб-порталда қол қойылмау себебі көрсетілген құжат жарияланады.
200. Аукционды өткізу басталмас бұрын аукциондық комиссия мүшелері, аукциондық комиссия хатшысы, сонымен қатар сараптау комиссия немесе сарапшы бекітілген аукциондық құжаттамасымен және оның қосымшаларымен танысып шығады.
Аукционның өткізілуі туралы хабарлама
201. Ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы аукциондық құжаттама бекітілгеннен кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей, әлеуетті өнім берушілердің аукционға қатысуға өтінімдерін ұсынуының соңғы күніне дейін жиырма төрт күнтізбелік күннен кем емес уақыт қалған мерзімде веб-порталда өткізілетін аукцион туралы хабарландыруды, сонымен қатар бекітілген аукциондық құжаттаманы жариялайды.
Егер аукцион тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алу мәні болып табылатын тауарды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға бөлінген сома, тиісті қаржылық жылға республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселік мөлшерінен артық болмаса, ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы өткізілетін аукцион туралы хабарландыруды веб-порталда, әлеуетті өнім берушілердің аукционға қатысуға өтінімдерін ұсынуының соңғы күніне дейін жеті күнтізбелік күннен кем емес мерзім қалғанда жариялайды.
Әлеуетті өнім берушілерге аукциондық құжаттаманы ұсыну
202. Аукционды өткізу туралы хабарламаны жариялаған күннен бастап барлық талап білдірушілерге аукциондық құжаттаманы веб-порталдан тегін алу мүмкіндігі ұсынылады.
203. Аукциондық құжаттаманы әлеуетті өнім берушілерге - веб-портал қатысушыларына ұсыну веб-порталда автоматты түрде тіркеледі.
204. Аукциондық құжаттаманы веб-порталда аукционды өткізу туралы хабарлаған сәтке дейін ұсынуға жол берілмейді.
Ұйымдастырушының немесе онымен бір тұлғаны білдіретін тапсырыс берушінің аукциондық құжаттама ережелерін түсіндіруі
205. Әлеуетті өнім беруші - веб-портал қатысушысы қажет болған жағдайда ұйымдастырушыға аукционға қатысу туралы өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімінің аяқталуынан алты күнтізбелік күн бұрын, аукциондық құжаттама ережелерін түсіндіру туралы сауал жібере алады.
Ұйымдастырушы сауалды алған күннен бастап бір күнтізбелік күн ішінде аукциондық құжаттама ережелері түсіндірмесі мәтінін веб-порталда, аукциондық құжаттаманы алған әлеуетті өнім берушілерге - веб-портал қатысушыларына автоматты түрде хабардар ете отырып жариялайды.
206. Ұйымдастырушы қажет болған жағдайда, аукционға қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімінің аяқталуына дейін бес күнтізбелік күн қалған мерзімде өз бастамасымен немесе әлеуетті өнім берушілер - веб-портал қатысушылары сауалдарына жауап ретінде аукциондық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді. Бірақ, аукцион тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алулар мәніне өзгерістер енгізуге жол берілмейді. Аукциондық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу осы Қағидалардың 173, 174 және 175-тармақтарында белгіленген тәртіппен бекітіледі.
Ұйымдастырушы аукциондық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылдағаннан кейін бір жұмыс күні ішінде, енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтыруларды көрсете отырып нақтыланған аукциондық құжаттаманы, аукциондық құжаттаманы алған әлеуетті өнім берушілерге - веб-портал қатысушыларына автоматты түрде хабардар ете отырып, веб-порталда жариялайды.
Мұндай жағдайда, аукционға қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі кемінде жеті күнтізбелік күндік мерзімге ұзартылады.
Бірыңғай ұйымдастырушының аукциондық құжаттама ережелерін түсіндіруі
207. Әлеуетті өнім беруші - веб-портал қатысушысы қажет болған жағдайда ұйымдастырушыға аукционға қатысу туралы өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімінің аяқталуынан алты күнтізбелік күн бұрын, аукциондық құжаттама ережелерін түсіндіру туралы сауал жібере алады.
Ұйымдастырушы сауалды алған күннен бастап бір күнтізбелік күн ішінде аукциондық құжаттама ережелері түсіндірмесі мәтінін веб-порталда, аукциондық құжаттаманы алған әлеуетті өнім берушілерге - веб-портал қатысушыларына автоматты түрде хабардар ете отырып, жариялайды.
208. Әлеуетті өнім беруші - веб-портал қатысушысы аукциондық құжатнаманың ажырамас бөлігі болып табылатын мемлекеттік сатып алулар туралы шарт жобасы және техникалық ерекшелік ережелерін түсіндіру туралы сауал жіберген жағдайда, бірыңғай ұйымдастырушы мұндай сауал түскен күні оны веб-порталды пайдалана отырып тапсырыс берушіге жібереді.
Тапсырыс беруші әлеуетті өнім беруші - веб-портал қатысушысы сауалын бірыңғай ұйымдастырушыдан алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде, оған веб-порталды пайдалана отырып жауап беруге міндетті.
Бірыңғай ұйымдастырушы - әлеуетті өнім беруші - веб-портал қатысушысы сауалына жауап түскен күні аукциондық құжатнаманың ажырамас бөлігі болып табылатын мемлекеттік сатып алулар туралы шарт жобасы және техникалық ерекшелік ережелерін түсіндірмесі мәтінін, аукциондық құжаттаманы алған әлеуетті өнім берушілерге - веб-портал қатысушыларына автоматты түрде хабардар ете отырып жариялауға міндетті.
209. Бірыңғай ұйымдастырушы қажет болған жағдайда, аукционға қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімінің аяқталуына дейін бес күнтізбелік күн қалған мерзімде өз бастамасымен немесе әлеуетті өнім берушілер - веб-портал қатысушылары сауалдарына жауап ретінде, аукциондық құжатнаманың ажырамас бөлігі болып табылатын мемлекеттік сатып алулар туралы шарт жобасы және техникалық ерекшелік ережелеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулардан бөлек, аукциондық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді. Аукциондық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу, аукциондық құжатнаманың ажырамас бөлігі болып табылатын мемлекеттік сатып алулар туралы шарт жобасы және техникалық ерекшелік ережелеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулардан бөлек, осы Қағидалардың 177-тармағында белгіленген тәртіпте бекітіледі. Бұл ретте, аукцион тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алулар мәніне өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
Тапсырыс беруші аукционға қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімінің аяқталуына дейін алты күнтізбелік күн қалған мерзімде аукциондық құжатнаманың ажырамас бөлігі болып табылатын мемлекеттік сатып алулар туралы шарт жобасы және техникалық ерекшелік ережелеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы бекітілген шешімді жібереді